Өнеркәсіптік қауіпсіздік


СӨЖ
Заңды және жеке тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар
3. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi заңды тұлғалардың мiндеттерi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Өнеркәсіптік қауіпсіздік. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің басты мақсаты - зауыттың өндірістік нысандарында қауіпті оқиғаларды болдырмау мен апатты жағдайлардың алдын алуды көздейді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік- өндірістік бақылауды қамтамасыз етумен атқарылады. Өндірістік қауіпсіздікті бақылау - өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесінің бір бөлігі. Ол зауыттың қауіпті өндірістік нысандарының қызметін қауіпсіздендіру, олардағы апаттық жағдайлардың алдын алу, апатты жағдайлар бола қалған жағдайда, келген зардабын жоюдың кешенді шараларын жүзеге асырады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті сақтауды бақылау шараларының міндеті - зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын қадағалау, сонымен қатар өндірістік жұмыстың ахуалына ықпал ететін, қауіпсіздік талаптарының бұзылу себебтерін анықтау болып табылады.
Өндірістік бақылауды жүзеге асыруда мынадай міндеттер шешіледі:
Қазақстан Республикасы құқықтық-нормативтік актілеріндегі және басқа да заңдармен бекітілген өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының тұрақты орындалуын қамтамасыз ету; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуына әкелетін себептерді анықтау; -зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына сараптау жүргізу; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының бұзылуы мен үшінші тұлғалардың жасаған залалын жою, --қоршаған ортаны ластаудың алдын алу шараларын жасау; -зауыттағы қауіпті өндірістік нысандардағы технологиялық тоқтап қалуды, апаттық жағдайдың алдын алу, хабарлау, жұмысын үйлестіру сонымен қатар болған апатты жағдайлардың залалын жою; -қауіпті өндірістік нысандардағы қолданылатын энергетикалық және техникалық құрылғылардың сынағын өткізу, бақылау және өлшем құрылғыларының жөнделі мен уақытында тексерілуін қамтамасыз ету; технологиялық тәртіптердің тұрақты бақылауын орнату; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тұрақты бақылау орнату және өндірістік қауіпті факторларды анықтау; -зауыт еңбеккерлерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі бойынша дайындығын ұйымдастыру, тексеру, аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыруі; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзылулардың себебі мен салдарларын табу; -зауыттың өндірістік қауіпті нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайының анализі; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін зияндарды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу; --зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында авариялар, қақтығыстар, технологиялық іркілістерді алдын ала ескертуге және оларды оқшаулау мен жоюға бағытталған жұмыстардың координациясы; -зауыттың өндірістік қауіпті нысандарында қолданылатын тәжірибелер өткізуге, техникалық қондырғылар, энергетикалық жабдықтар, жөндеу және өлшеу бақылау заттарына уақытылы бақылау; -технологиялық тәртіпті сақтауды үнемі бақылауду ұстау; -өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексерулер өткізу және өндірістік зиянды факторларды анықтау; -өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында зауыт жұмысшыларын аттаестациялау және оны ұйымдастыру және бақылау.
Өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік.
Қауіпсіздік техникасы - еңбекті қорғаудың бір түрі; жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар мен құралдардың жүйесі; еңбекті қорғау қағидаларының кұрамдас бөлігі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алудың ұйымдастырушылық-техникалық шаралары мен құралдарының жүйесі. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы техникалық құрамдарының жасалуы мен қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың - стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.
Қазақстан республикасының еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау
-құқықтық
-медициналық
-экономикалық
-техникалық құрамдас элементтерден тұрады.
Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады. Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар.
Осы Заң қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, қауiпті өнеркәсiптiк объектiлерде авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын оқшаулау мен жоюға ұйымдардың дайындығын, авариялардың жеке адамдар мен заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтiрген залалдарын кепiлдендiрiлген өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған. Еңбек қатынастары мен еңбектi қорғау, экологиялық және өрт қауiпсiздiгi, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрiлердi пайдалану мен кәдеге жарату салаларындағы құқықтық реттеу арнаулы заңдармен жүзеге асырылады.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
қауiптi өнеркәсiптiк объектiдегi авария - адамдардың қаза табуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян тигiзген, едәуiр материалдық нұқсан келтiрген және халықтың тiршiлiк жағдайларын бұзған технологиялық процестiң бұзылуы, тетiктердiң, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк (бұдан әрi - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк) - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялар мен аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету - авариялардың алдын алу, қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде олар туындаған кезде оларға дайын болу мен жоюға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және құқықтық сипаттағы бара-бар шаралардың жүйесiн әзiрлеу мен жүзеге асыру;
өнеркәсiптiк қауіпсiздiктiң ережелерi - қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары - орындалуы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкестiк мiндеттемелерi.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi талаптар. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлермен байланысты қызметтi лицензиялаумен;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде қолданылатын өнімдер, процестер, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сертификаттаумен;
қызметi өндiрiстiң жоғары қауiптілігiмен және өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясының сараптамасымен байланысты өнеркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiне декларация берумен;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалаумен, сондай-ақ өндiрiстiк бақылаумен, қамтамасыз етiледi.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құқықтық реттеу
1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. .
Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы:
Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы қызметiн үйлестiредi;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияны басқарады;
мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң ережелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады, көрсетiлген ережелердi бекiтедi немесе келiседi;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды тексерудi ұйымдастырады;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды басқарады;
өнеркәсiптiк қауіпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарының жұмысын үйлестiредi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
өз құзыретi шегiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаларға қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметiне басшылық жасайды;
белгiленген тәртiппен Өнеркәсiптiк объектiлердің қауiпсiздiгi декларациясының сараптамасын жүргiзуді ұйымдастырады;
қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi бiрдейлендiру - ұйымның құрамындағы объектiнi қауiптi өнеркәсiптiк объектi санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өздерiнiң құзыретi шегiнде:
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясат пен мемлекеттiк бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыруға қатысады;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеудi ұйымдастыруға қатысады, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен бiрлесiп, көрсетiлген ережелердi бекiтедi немесе келiседi;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат ұсынудың тәртiбiн айқындайды;
қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды оқшаулау мен жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi талаптарын белгiлеу және орындау;
2) қауiптi өндiрiстiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгiн растау рәсiмдерiнен өткен технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға жiберу;
3) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қауiпсiздiгiн декларациялау;
4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау, сондай-ақ өндiрiстiк қадағалау;
5) өнеркәсiптiк қауіпсіздікке сараптама жасау;
6) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыстар жүргiзуге ұйымды аттестаттау;
7) өнеркәсiптiк қауiпсiздiкке мониторинг жүргiзу арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптары өнеркәсiптiк қызметкердi, халық пен аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған табиғи ортаны қорғау, экологиялық қауiпсiздiк, өрт қауiпсiздiгi, еңбек қауiпсiздiгi мен оны қорғау, құрылыс саласындағы нормаларға, сондай-ақ өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы техникалық регламенттер талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi заңды тұлғалардың мiндеттерi. Өндiрiстiк объектiлердегi жұмыскерлер:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын сақтауға;
2) ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
4) авариялар, инциденттер себептерiн тексеру кезiнде көмек көрсетуге мiндеттi.
Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:
1) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
3) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
4) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
5) әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;
6) белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;
7) қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;
8) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;
9) авариялардың, инциденттердiң туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерiнiң және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
10) уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;
11) авариялардың, инциденттердiң есебiн жүргiзуге;
12) мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;
13) қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
14) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауiптi өндiрiстiк факторлардың зиянды әсерi, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
15) қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
16) мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
16-1) мемлекеттiк инспектор қауiптi өндiрiстiк объектiде өз мiндеттерiн атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауiпсiздiк приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
17) алынып тасталды - ҚР 2009. 07. 17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен;
18) өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
19) осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;
20) жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
21) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
22) өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;
23) кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;
24) - 26) Алынып тасталды - ҚР 2010. 05. 04 № 275-IV Заңымен.
27) уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне қауiптi заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулiк бұрын хабарлауға;
28) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
29) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергiлiктi жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттiк инспекторымен келiсуге;
30) қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттiк инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz