Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті
Ветсансараптау және гигиена кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы заң

Орындаған:Жайнақова Сабина ВС-413
Теексерген:Абжалиева А.Б.

Жоспар:
І.Кіріспе-------------------------- ----------------------------------- -------------------3-4
ІІ.Негізгі бөлім
А)Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау-------------------------- ----------------------------------- -----------------5-6
Ә)ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР--------------------------- ----------------------------------- ---------------7-16
ІІІ.Қорытынды---------------------- ----------------------------------- --------------17
І.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І.Кіріспе
Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Осы Заңның қолданылатын саласы
1. Осы Заң Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (импортталатын) тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қолданылады.
2. Осы Заңның күші жеке тұтынуға арналған, үйде дайындалатын тамақ өнімдеріне қолданылмайды.
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен принциптері
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары:
1) мыналарды:
адам өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін;
тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғауды;
экологиялық қауіпсіздікті;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
3) адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын халықаралық
3
нормалармен және ережелермен үйлестіру;
4) отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
5) халықаралық сауданың дамуы үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу:
1) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;
2) адам денсаулығына және қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;
3) мемлекет жүзеге асыратын шаралардың ашықтығы;
4) ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;
5) қатерлерді бағалаудың ғылыми негізділігі;
6) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;
7) тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі субъектілердің жауапкершілігі принциптері негізінде жүзеге асырылады.

4
ІІ.Негізгі бөлім
А)Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өздерінің құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Мемлекет тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында, генетикалық түрлендірілген объектілердің сапалық және сандық құрамдарын және радиациялық сәуле алу деңгейін айқындауға арналған зертханаларды қоса алғанда, олардың материалдық-техникалық базасы мен персоналына қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама зертханаларының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
9-бап. Тамақ өнімдерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу
1. Тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді өндіру (дайындау), әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасында азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін өндіруге (дайындауға), әкелуге (импорттауға) және өткізуге олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.
Алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасы аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азық қоспалар, балалар тағамы азық-түлігі, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалар, генетикалық түрлендірілген объектілер, бояғыштар, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдар, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттар, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Мемлекеттік тіркеу:
1) субъект ұсынатын және тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға, берудің шарттарына сәйкестігін растайтын құжаттардың сараптамасын;
5
2) жүргізілетін ғылыми және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің сараптамасын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өндіруге (дайындауға), оған әкелуге (импорттауға), қолдануға және өткізуге рұқсат етілген азық қоспаларын, балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тізілімдерге енгізуді қамтиды.
3. Бір өндіруші дайындаған бір түрдегі, бір атаудағы тамақ өнімдерін бірнеше рет мемлекеттік тіркеуге жол берілмейді.
4. Мемлекеттік тіркелуге тиісті азық қоспаларының, балалар тағамы азық-түлігінің, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттардың, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің мемлекеттік тізілімдеріне енгізілген тамақ өнімдері уәкілетті органдар белгілеген мерзімдерде қолдануға рұқсат етіледі.
5. Балалар тағамы азық-түлігін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, сумен және тамақ өнімдерімен араласатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

6
Ә)ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
12-бап. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар және оны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
1. Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне және оларды әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріне (сатыларына) қойылатын талаптар субъектілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі:
1) субъектілердің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасының талаптарын сақтауы;
2) субъектінің тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігіне өндірістік бақылау жүргізуі;
3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға тамақ өнімдерінің сәйкестігін растау;
4) санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу;
5) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
3. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестері (сатылары) уәкілетті органдармен келісім бойынша жүзеге асырылады .
4. Мынадай көрсеткіштердің бірі бойынша:
1) сапасыздығының айқын белгілері бар (бүлінген, бұзылған, ластанған);
2) радиологиялық, уыттылық, химиялық және (немесе) микробиологиялық нормативтерден асқан;
7
3) қауіпсіздігі куәландырылған және шыққан тегі расталған құжаттары жоқ;
4) мемлекеттік материалдық резервте сақтауда тұрған және броньнан шығару тәртібімен кәдеге жаратуға жататын тамақ өнімдерін қоспағанда, белгіленген жарамдылық мерзімдері жоқ немесе жарамдылық мерзімдері өткен;
5) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында көзделген мәліметтермен таңбаланбаған;
6) ұсынылған ақпаратқа сәйкес емес;
7) жалған тамақ өнімдері болып табылатын, Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тамақ өнімдері оларды өндіру (дайындау), айналымы және кәдеге жарату процестеріне (сатыларына) жіберілмейді.
5. Генетикалық түрлендірілген объектілердің және тамаққа биологиялық активті қоспалардың айналымына олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылған қауіпсіздігі ғылыми негізделген растаудан және олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана жол беріледі.
13-бап. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне:
1) балалар тағамы азық-түлігі;
2) диеталық тағам азық-түлігі;
3) емдік-профилактикалық тағамдық азық-түлігі жатады.
2. Арнайы мақсаттағы тамақ өнімдері:
1) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген арнайы мақсаттағы тамақ өнімдеріне қойылатын талаптарға сай болуға;
2) сатып алушылардың (тұтынушылардың) тиісті топтарының
8
физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;
3) тамақтық, биологиялық және энергетикалық құндылығы бойынша ыдыста (орамада) көрсетілген ақпаратқа сәйкес болуға тиіс.
3. Арнайы мақсаттағы өнімдерді өндіру (дайындау) кезінде азықтар және азық қоспалары, жануарлардың өсуін тездеткіштер (соның ішінде гормонды препараттар), дәрілік заттардың жекелеген түрлері, пестицидтер, тыңайтқыштар, генетикалық түрлендірілген объектілер, тамаққа биологиялық активті қоспалар пайдаланылып дайындалған жасанды тамақ қоспаларын және азық-түлік шикізатын қолдануға тыйым салынады.
14-бап. Байытылуға (фортификациялануға) тиісті тамақ өнімдеріне қойылатын талаптар
1. Тамақ өнімдері байытылуы (фортификациялануы) мүмкін. Тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) үшін санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өткен витаминді-минералды кешендер пайдаланылуы мүмкін.
2. Байыту (фортификациялау) әдістері және тамақ өнімдерін байыту (фортификациялау) процесінде пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына, санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларға және стандарттау жөніндегі өзге де құжаттарға сәйкес келуге тиіс.
15-бап. Тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау) кезінде олардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
1. Субъект әзірлейтін нормативтік-техникалық құжаттамаға:
1) тамақ өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткіштері;
2) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдері;
3) тамақ өнімдерін буып-түюге, таңбалауға, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы процестерінің (сатыларының) шарттарына қойылатын талаптар
4) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өндірістік бақылау бағдарламалары;
5) зерттеу әдістері, қатерді бағалау, оларды азайту тәсілдері;
9
6) қауіпті тамақ өнімдерін кәдеге жарату және жою тәсілдері енгізіледі.
2. Тамақ өнімдерінің нормативтік-техникалық құжаттамасының жобалары және тәжірибелік үлгілері уәкілетті органдар белгілейтін тәртіппен санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық-санитарлық сараптамалардан өтуге тиіс.
Аталған жобалар уәкілетті органдармен келісіледі, оларды субъектілер бекітеді және олар үшін міндетті болып табылады.
3. Әзірлеу (жасау) кезінде тамақ өнімдерін өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестеріндегі (сатыларындағы), соның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, субъектілер персоналының ықтимал қателіктері кезінде барлық мүмкін болатын қатерлер сәйкестендірілуге тиіс.
Барлық сәйкестендірілген қауіптер үшін қатерлерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ өнімдерін қадағалауға қойылатын талаптар
Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіру
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі
Алмаға арналған Кодекс Алиментариус стандарттары
Қазақстан Республикасының сауда ұйымына кірудегі маңызы
Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын реттеу
Томат шырынын өндіру технологиясы
ХАЛЫҚТЫҢ САНИТАРЛЫҚ - ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САЛАУАТТЫЛЫҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
«Райымбек Агро» ЖШС-те СМЖ және қаупсіздік жүйесін дайындау
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Пәндер