Иманжүсіп
Қазақ халқында “Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей, жаугершілік заманды бастан кешірді. Қос бүйірден аждаһадай ысқырынған қытай мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп, бодан болды. Қала берді кешегі кеңестік дәуірде қитұрқы қызыл идеологияның құрсауына түсіп, жетпіс жыл бойы ұлттық құндылықтарын, тілін, ділін, қасиетті дінін сақтап қалу жолында жанкештілікпен арпалысты. Жылжып жылдар өтті. Қайта оралудың ұлы кезеңі туды. Барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтай бастадық. Нәтижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанында ояну дәуірі атанған кезеңде өз халқына барын арнаған, сол жолда жандарын пида еткен асыл тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жарқырай көрінді. Солардың бірі де бірегейі, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай өткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас батырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы.
Елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр өңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Иманжүсіп Құтпанұлы Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың көсемі ретінде танылған Тұрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып, Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих.
Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғанындай, 1821 жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын Сіргебай әулетіне бірі қалмай құрып кету қаупі төнгені белгілі. Осы қауіпті сезген Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Өгізмүйіс деген жерін паналайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет алады. Айдалада жасырылған, мойнында аманат белгісі бар шиттей жас баланы

ИМАНЖҮСІП
Қазақ халқында “Алмас қылыш қап түбінде жатпайды” деген тамаша бір сөз
бар. Ен даланы еркін жайлаған халқымыз бес ғасыр бойы ат үстінен түспей,
жаугершілік заманды бастан кешірді. Қос бүйірден аждаһадай ысқырынған қытай
мен аюдай ақырған орыс қысқанда, лажсыздан соңғысының қолтығына кіріп,
бодан болды. Қала берді кешегі кеңестік дәуірде қитұрқы қызыл идеологияның
құрсауына түсіп, жетпіс жыл бойы ұлттық құндылықтарын, тілін, ділін,
қасиетті дінін сақтап қалу жолында жанкештілікпен арпалысты. Жылжып жылдар
өтті. Қайта оралудың ұлы кезеңі туды. Барымызды түгендеп, жоғымызды жоқтай
бастадық. Нәтижесінде, тәуелсіз еліміздің аспанында ояну дәуірі атанған
кезеңде өз халқына барын арнаған, сол жолда жандарын пида еткен асыл
тұлғаларымыздың үлкен бір шоқ жұлдыздары қайтадан жарқырай көрінді.
Солардың бірі де бірегейі, қатал да қатыгез тағдырдың ноқтасына басы сыймай
өткен, заманында қазақ даласына атағы кең жайылған атақты да қас
батырлардың бірі – Иманжүсіп Құтпанұлы.
Елінің азаттығы үшін арпалысып өткен Иманжүсіп бабамызды Арқа мен Сыр
өңірінің телқоңыр перзенті десек, артық айтқандық емес. Иманжүсіп Құтпанұлы
Қоқан хандығына қарсы азаттық күресте қазақтардың көсемі ретінде танылған
Тұрғанбай датқаның немересі болғанымен, пешенесіне ерекше тағдыр бұйырып,
Арқа топырағына кіндігімен байлануының өзі жатқан бір үлкен тарих.
Иманжүсіптің атасы Тұрғанбай датқа жайлы әңгімеде айтылғанындай, 1821
жылғы қанды оқиғадан кейін, Шашты қыпшақтың Құтым тармағынан тарайтын
Сіргебай әулетіне бірі қалмай құрып кету қаупі төнгені белгілі. Осы қауіпті
сезген Тұрғанбай датқаның әйелі Мәлике бір жасар ұлы Баймырза мен
Тұрғанбайдың бес жасар інісі Басықараны алып қашып, Қаратаудың Өгізмүйіс
деген жерін паналайды. Екі баламен алысқа ұзай алмасын сезген соң өз ұлы
Баймырзаны тасалау жерге жасырып, қайнысы Басықараны ертіп, Арқаға бет
алады. Айдалада жасырылған, мойнында аманат белгісі бар шиттей жас баланы
Қыр мен Сырдың арасына жиі қатынап жүрген керуеншілер ішіндегі Дайрабай
есімді саудагер тауып алады.
– Қапыда тауып алған бала еді, әулетімнің құты болсын деп атын Құтпан
қояды. Кейін Ыбырай Жайықбайұлы Қараөткелдің (Ақмоланың) аға сұлтаны болып
сайланған тұста Құтпан Есіл бойына қоныс аударып, Күйгенжар деген жерді
мекендеп тұрып қалады. Сөз орайы келгенде айта кетуіміз керек, осы
Күйгенжар маңында (Астана қаласынан 40-50 шақырымдай жерде) оның баласы
Иманжүсіптің өз қолымен еккен емен ағашы әлі бар. Көлеңкесіне жиырма шақты
адам алқақотан отырса сыйып кететін бәйтеректің саясында бертінге дейін ел
ағалары мен ауыл ақсақалдары жиналып, талай маңызды мәселелерді шешіпті
деседі. Баймырзаны асырап алған Дайрабай Кенесары ханға қосылып, қанды
шайқастардың бірінде қаза табады. Уақыт өте келе Тұрғанбайдың ағайындары өз
кіндіктерінен тараған ұрпақтарын сұрастыра жүріп, Торғай маңындағы
Дайрабайдың Ерәлі Шоқай деген құрдасынан мойнында аманат белгісі бар бала
табылғанын естіп, Баймырзаны іздеп келіп тауып алады. (Кезінде кей
аймақтарда ел басына қысылтаяң кезең туғанда белгілі бір әулеттің ұрпағын
аман сақтап қалу үшін шыққан тегін білдіретін хат немесе ерекше таңбасы бар
аманат белгісін жас сәбидің мойнына тағып немесе іліп кететін дәстүр болған
деседі). Алайда, бұл кезде ержетіп, азаматтық жасқа келіп қалған Баймырза –
Құтпан Есіл бойына тұрақтап, Арқада қалып қояды.
Жалпы Құтпан (Баймырза) Тұрғанбайұлы туралы мұрағаттарда сақталған
тарихи деректер жоқтың қасы. Оның аты баласы Иманжүсіпке қатысты құжаттарда
ғана кездеседі. Ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда, ат жалын тартып мінген
тұста өкіл әкесі Дайрабаймен бірге Кенесары ханның бірнеше жорықтарына
қатысады. Осы жорықтарда ол мергендігімен, көзсіз батырлығымен атағы
шығады. Талай ерлік істері, әсіресе, Жеке батыр, Ерқұлан есімді батырлармен
бірге Ақмола бекінісінің қорған-қоршауынан атпен секіріп кіріп,
солдаттармен ұрыс салуы ел ішінде аңызға айналады. Ел ішінде сақталған
кейбір дерек көздерінде Ерқұлан – Мөңке әулетінен тарайтын Жиенбайдың
Опанынан тарайды деген пікір айтылады. Опанның Ерқұланы мен Кенесары
замандас болғанымен, нақтылы сол кісі ме әлде басқа адам ба, ол жағы
белгісіз, дәл анықталмады. Ал Жеке батырдың шын есімі аталмағандықтан,
мүлде ұмытылған. Сөйтіп, сол кездегі жас пері, жойқын күштің иесі Кенесары
ханның сүйікті жауынгеріне айналып, Құтпан батыр атанады. Осындай көзсіз
ерліктерімен аты шыққан, есімі Арқа өңірінде аңызға айналған Құтпан
Жетісуда, Лепсі уезінде (Қапалда) айдауда жүріп, 1914 жылы қайтыс болады.
Сүйегі Қарасу маңындағы Сыйқымбай қажы қорымында жатыр деседі.
Елінің азаттығы үшін алысып өткен әулеттің аты аңызға айналған үшінші
ұрпағы, Тұрғанбай батырдың немересі, Құтпаннан тараған үш ұлдың ең кенжесі
– Иманжүсіп. Тарихи құжаттарда қазіргі Павлодар облысының Ақсу ауданындағы
Алтыбай деген жерде дүниеге келгендігі көрсетілген. Иманжүсіптің ағалары –
Ақшабай мен Шонай төңірегіндегі елге белгілі, беделді де дәулетті кісілер
болған. Содан да болар, Иманжүсіп бала жасынан ерке, шолжың, айтқанынан
қайтпайтын бірбеткей, телі-тентектеу болып өседі. Ат жалын тартып мінгеннен-
ақ басынан сөз асырмайтын жас жігіттің атағы Сарыарқаға тез тарайды. Тәңірі
жұрттан асқан қайрат берген алмастай өткір жігіт Арқаның кең даласына
сыймай, Есіл, Нұра бойын жайлаған арғын, қыпшақтың сері серкесіне айналады.
Батырлық, балуандығына қоса әншілік қабілеті бар сегіз қырлы, бір сырлы
жігіт Ақтау мен Ортауды, Бұғылы мен Тағылыны еркін шарлап, жастық дәуренін
армансыз өткізеді.
Бірақ ер көңілді жігіттің бейбіт өмірдегі бұл дәурені ұзаққа
созылмайды.
...Мен елімде жүргенде жұрттан астым,
Менменсіген талайдың көңілін бастым,
Жаныма ерген жігітке олжа салып,
Бір түнде сегіз қызды алып қаштым.
Менде дұшпан көп еді қамалаған,
Иттей болып, барлығы абалаған.
Кіргенде Қараөткелдің базарына,
Қызық көріп қазақ, орыс жағалаған.
Мен қалайша жалғанда тұрақтайын,
Өрт тиіп лаулап жанған құрақтайын?
Аузы түкті кәпірдің талайларын,
Бақыртып бауыздаушы ем лақтайын,
– деп өз өлеңінде айтқандай, шенді-шекпенді шенеуніктерге, би-
болыстарға шекесінен қарауы, ең алдымен, билік басындағы орыстарға
ұнамайды. Иманжүсіп осы жайды жақсы білсе де, ел басқарған қазақтың би-
болыстарын мазақ етіп, сөзін құлаққа ілмей: “Сендер біздің қол астымыздағы
бодан халықсыңдар, не істесек те өзіміз білеміз” деген ойларын емеурінмен
емес, ашық білдіріп, қазақтарға ойына келгенін жасап жүрген орыс
шенеуніктеріне ашықтан-ашық қарсы шығады. Ресей империясының сол кездегі
шешімдеріне, сот үкімдеріне құлақ аспай, бар даулы мәселені дала заңымен
шешіп, оған көнбегендерді ақ білектің күшімен, дойыр қамшының ұшымен
бағындыруға тырысады. Маған не қыласыңдар дегендей, қорланғандар мен
қорсынғандарды қасына жинап, олардың күштілерде кеткен есесін берсе
қолынан, бермесе жолынан деп талай мәрте қайтарып әпереді. Кеудесіне нан
пісіп, қара қазақты менсінбеген кейбір әумесерлердің жағасын жыртып, жұрт
көзінше сабаған кездері де болыпты.
Кейбір мәселелерді білек күшіне салып шешкенімен, соншалықты қиянатқа
бармайды екен. Оған ақмолалық ақсақал Теміртас Әубәкіровтің қазіргі
Александровка ауылының тұрғындары Павло Пересыпкин мен Иван Ткаченконың
аузынан естіген мына бір әңгімесі толық дәлел.
Иманжүсіптің Күйгенжарда отырған ауыл-әулеті бай-қуатты болыпты.
Дәулетті ауылмен қоңсы қонған орыс мұжықтары қазақтардан егін салып, жер
жырту үшін ат алып, ақысына бидай беріп отырады екен. Уақыт өте келе
мұжықтар қазақтардың қыстаулық жерлеріне егін салып, уақытша жалға алған
жылқыларын қайтарып бермей, әлімжеттік жасайды. Алған малдарды қайтарып
беруді сұраған қазақ жігіттерін соққыға жығады.
Иманжүсіп қазақтарға әлімжеттік жасап жүрген орыстардың екі жігітін
село тұрғындарының көзінше аттарынан аударып түсіріп, байлап-матап, өңгеріп
алып кетеді. Екі жігітін қайтарып алу үшін келген орыстарға: “Жігіттерің
дін аман, қылшығы да қисайған жоқ. Қыстаулық жерімізді босатып, жалға алған
жылқыларымызды қайтарып берсеңдер ғана жігіттеріңді кейін қайтарамын”, –
деп шарт қояды. Жасалған жүгенсіздіктің өздерінің тарапынан болғанын
түсінген село басшылары сөзге келместен басып алған жерлерін босатып,
жылқыларын түгелдей қайтарып береді. Кейін аттан аударып түсірген екі жігіт
те өз қателіктерін түсініп, Иманжүсіппен араларынан қыл өтпейтіндей дос
болып кетеді. (Дәл осы оқиға жөніндегі Теміртас ақсақалдың естелігі
батырдың немересі Раушан Көшенованың “Иманжүсіп” атты кітабында жан-жақты
әрі толық баяндалған. Алматы. Қайнар, 2001 ж.).
Шынында да Иманжүсіп – сол кездегі патша өкіметінің заңдылық
тәртіптерін белден басып, өзінше есеп айырысып кек алғаны болмаса, жөнсіз
іске ешқашан да бармаған адам. Оған Ақмола қаласының байырғы тұрғыны, ұзақ
жылдар басшылық қызмет атқарып, 90 жастан асып дүниеден өткен Зәки
Ғайнутдиновтің мына бір әңгімесі тағы да толық дәлел болады.
...Атақты Қараөткел жәрмеңкесі қызу жүріп жатқан тұста, қандықол
казактар сыныққа сылтау іздеп, қазақ ауылдарын қан қақсатады. Тіпті,
бірнеше рет кісі өлімі болса керек. Құтырынған әумесерлерге жергілікті
билік ешқандай тыйым салмайды. Тіпті ояздың өзі арыз-шағыммен келген ауыл
қазақтарының сөзін құлағына ілмей, елдің көзінше мазақ қылады. Мына оқиғаға
Иманжүсіп қатты ашуланып, қаһарына мінеді. Жәбірленген қазақтардың кегін
алмақшы болып атына ер салып жатқанында, әлдебіреулер: “Қараөткел базарына
қазақ сал-серілерінің өнерін тамашалау үшін ояз келеді екен” деген хабарды
жеткізеді. Мына хабар құлағына тиісімен салып-ұрып Иманжүсіп те келеді.
Атақты Уәлидің Майрасының тамылжыта салған бұлбұл дауысына (басқа бір әнші
болуы мүмкін, ел ішінде ояздың көзінше ән салған Майра деп айтылады) тәнті
болған ояз биік сахнаға көтеріліп, Майраның қолын сүйіп, құрмет көрсетеді.
Оңтайлы сәтті күтіп тұрған Иманжүсіп ояздың жанына қалың топты бұзып-
жарып жетіп келеді.
– Әй, ояз! Сұлуымыздың қолын сүйдің, енді менің арызымды тыңда, – деп
болған оқиғаны тайсалмай айтып береді.
– Бұл кім өзі? – дейді ояз қасындағыларға бұрылып.
– Белгілі барымташы, ұры – Иманжүсіп осы, – дейді қазақ
байшікештерінің бірі.
– А, вот в чем дело! Тебя дорогой, слушать не обязательно, надо
судить, – деп биік сахна мінберінен түсуге бет алады.
Қаны басына шауып, ашуға булыққан Иманжүсіп оязды жағадан ала түсіп,
жақтан тартып-тартып жібереді. Оққағар міндетін атқарып жүрген солдаттар
зорға айырып алады. Жиырма-шақты солдатты маса құрлы көрмей жан-жаққа
лақтырған Иманжүсіп оқиға болған жерден кетіп қалады.
Сол секілді мына бір оқиға да Иманжүсіптің қазақ сахарасының Робин
Гуді болғанын айғақтай түскендей.
Ақмолада Ресейдің шалғай түкпірінен алғашқылардың бірі болып келген
Андрей атты көпес болыпты. Жұмыртқадан жүн қырқатын әлгі сараң, Ресейге
кіре айдау үшін қаланың қара табан қазақтары мен татарларын жалдайды екен.
Бірақ, жалшылардың табан ақы, маңдай терімен тапқан табысын әлдебір сылтау
тауып, толық бермей мазақ қылады. Андрейдің үйі бұрынғы “Ақжапа” деп
аталған дүкен-базардың қасында болыпты. Ақмолаға әлдеқалай келе қалған
Иманжүсіп көпес үйінің тұсынан өтіп бара жатып, оның адал еңбегімен тапқан
табысын сұрай келген бір татар жігітін қамшының астына алып ұрып жатқанын
байқап қалады. Мына сұмдықты көре сала батыр дереу араша түседі. Жалшысына
араша түскен жанның даланың жас перісі Иманжүсіп екенін білмеген Андрей
қамшысын батырға тура сілтесе керек. Алдына жан келіп көрмеген Имекең бұған
шыдасын ба, қолындағы қамшысын тартып алып, көпестің өзін күдірейген
желкесін орай екі-үш рет тартып-тартып жібереді. Қамшының ұшы көпестің
көзіне тиіп, оң көзі ағып түседі.
Міне, осы оқиғаның соңы үлкен дауға айналады. Андрей Иманжүсіпті сотқа
беріп, көзінің құнын даулайды. Алайда, даланың жас болса да қас батыры
Иманжүсіпке Ақмоланың аға сұлтаны болған әйгілі Ыбырай Жайықбаевтың баласы
Рахымжан болыс ара түсіп, батыр бұл жолғы пәледен тез құтылып кетеді.
Елдегі көнекөз қарттардың айтуынша, сол жолы көпестің көзінің құнын
Рахымжан өзі төлепті деседі.
– Қалың қазақтың намысын жыртып өткен Тұрғанбайдай датқа мен
Баймырзадай асыл қазақтың тұяғын бір жолғы пәледен құтқара алмасам, менің
болыстығымның құны қанша? – деген сөзді де Рахымжан алқалы бір жиында ел
ақсақалдарына ашық айтыпты.
Міне, осы оқиғадан кейін қазақтың қос асыл азаматы бір-бірімен ұзақ
уақыт айырылмастай дос болады. Тіпті қазақтың тағы бір жас перісі
Қажымұқанмен тізе қосып, талай жорықтарға қатысқаны да қоспасыз шындық
екен. Үшеуінің осы қылықтары мен жүріс-тұрыстары сол кездегі қазақ даласына
билік жүргізіп тұрған орыс ұлықтары мен қазақ байшікештеріне ұнамайды. Аға
сұлтан әулетінен шыққан Рахымжан болысты жөнге салу орыстарға соншалықты
қиын шаруа емес еді. Өйткені, билік басындағы адам жоғары жақтың құзырында,
заңнан аттап ешқайда кете алмайды. Ал Қажымұқан алып күш-қуаттың иесі,
жүректі болғанымен, иіні жұмсақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz