Еңбегіңе қарай өнбегі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Орындаған: Альжанова А.Қ

Жоспар:
I) Еңбек тәрбиесінің мәні, мазмұны, міндеті
а) Көрнекті педагогтардың ой-пікірлері, Ұлағатты сөздер,Еңбек туралы
мақал-мәтелдер.
II) Еңбек тәрбиесінің түрлері және қалыптастыру жолдары
а) Өзін-өзі қызмет ету
б) Қоғамдық пайдалы еңбек
в) Өнімді еңбек
Еңбек тәрбиесін беру жолдары:
а) Оқу барысындағы еңбек
б) Сыныптан тыс жұмыс
в) Отбасында
г) Мектепте
III) Практикалық сабақ жоспары сыныптан тыс жұмысқа
IV) Зерттеу бөлімі
а) Сауалнама Өзіне-өзі қызмет ету
б) Тест Адамға еңбектің пайдасы
в) Сауалнама Сынып жетекшінің еңбегі
V) Қорытынды бөлім
а) Әдістемелік нұсқау
Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбиенің қайнар көзі
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекет түрінде байқалады. Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Еңбек тәрбиесі-оқушыларға қазіргі заманғы өндірістік ғылыми негіздері тұралы білім беруі. Еңбек етуге әзір тұру рухын тәрбиелеу.
Мақсаты- еңбекке даярлау жас жеткіншектерді біліммен іскерлікпен дағдыландыру қабілетін дамыту. Мамандық таңдауға көмек береді.
Еңбек бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп те қарастырылады. Еңбек арқылы адамның денесі, көзқарасы эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып жетіледі, еңбектің мәні құндылығы арта түседі. Еңбек барысында адам өз күшінің шамасын және қабілетін анықтайды. Адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі болады.
Еңбек- өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара бөлісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу сияқты отбасының ішкі жұмыстарына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттеріне қалдырған.
Адамның жан- жақты үйлесімді дамуында еңбек факторының маңызы зор. Оның күші бала бір нәрсемен айналыса бастаған бойдан көріне бермейді. Себебі, еңбек идеялық, эстетикалық тәрбиемен, шығармашылықпен және тәрбиеленушілер арасындағы сан қырлы қатынастармен байланысты жүргізілмесе, тек орындалуы тиіс міндетке ғана айналады.

Бұдан еңбек адамның рухани қажеттілік дәрежесіне көтеріле алмайды. Керісінше, ол адамның рухани кедейленуіне әкеп соғады. Осыдан жалқаулыққа жол ашылады. әрбір адам еңбек арқылы өмірдегі өз орнын тауып, өзінің не нәрсеге қабілетті екенін сезіп, түсініп білуі тиіс. Бала өз қолымен жасаған бұйымдарының нәтижесін көріп, мақтаныш сезімі пайда болғанда жан-жақты дамуына жол ашылады.
Жалпы білім беретін мектептер оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында еңбек негізін мектеп жасында қалыптастырмай, болашақ ұрпақтан күткендей іскер маман шықпайтынын айта келіп, оқушыларды еңбекке дайындау ісінде бір өзекті мәселенің бірі қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы- көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасы, мал шаруашылығы, шикізаттарды өңдеу кеңінен дамымай отыр делінген.
Еліміздегі нарықтық экономикаға көшірумен байланысты болып жатқан үлкен өзгерістер болашақ жастардың еңбекке дайындығын теңдесі жоқ биіктікке көтерілуін өздерін әр түрлі шығармашылық әрекетке сынау, белсенділік пен жауапкершілік, еңбекке жарамдылық сияқты талаптар қойып отыр. Осы талаптарды жүзеге асыру міндеті бірінші болып жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сатысында жүктеледі. Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі үздіксіз білім беру жүйесінде басқа буындар мен тек сабақтастық ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасының қалыптасуымен, дамуымен ерекшеленеді. Еді жетіліп келе жатқан жаңа тұлғаны еңбекке дайындауда, оның өзіндік табиғатын, психологиялық ерекшеліктерін, еңбекке икемділігін, білімін, ішкі қажетілігін білу қажет.
Жас ұрпақ бойында өнерге деген қызығушылықты қалыптастыруда көркемдік білім беру жүйесінің заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік бағыттарын жасау, оқу-тәрбие мазмұнын жаңарту қазіргі кездегі бастауыш мектептің аясында атқарылатын өзекті істердің бірі.

Міндеттері:
Оқушыларды әрекетке даярлау өзі үшін және қоғамға орналасуы
Еңбекке саналы түрде қарауды қалыптастыру
Адамдарды өмірдегі еңбек әрекетінің қоғамдық маңызын ұғыну
Еңбек тапсырмаларын адал орындау қандай да болсын интенцивасын көрсету
Ұжымдық жұмыс дағдыларын орындау
Қоғамдық еңбектен қатысудан бас тарту әрекетіне қатыгез көрсетуге теріс көрсету
Біздің елде әрбір еңбек етуге жарамды адамның еңбек етуге міндетілігін оның сенімі мен санасына орнықтыру
Еңбек, етуге деген қажеттілік пен талпынысқа тәрбиелеу
Еңбек етуге қатысты білім, білік, дағды сапалармен қаруландыру тиімді еңбек ете білуге дағдыландыру
Маңызы:
а) Адам игілігінің әр адам еңбек етуге сүюге тиіс екенін мойындау, сезімін қалыптастырады. Еңбек етудің керек екенін сезіну санасының қалыптасуы еңбекке деген әділетті толтырып отыру.
б) Балаларды еңбек ету іскерлігі дағдысы болғанда еңбекте қандай болса да олардың қолдарынан келеді.
-біздің қоғамымызда еңбек әрқайсысымызда терең білімді және оны ұйымдастырудың жоғарғы мәдениетін талап етеді
-біздің қоғамда қажетті мамандар компьютерді жақсы меңгерген оқушылардың еңбекке шығармашылық көзқарасының маңызы зор. Еңбек тәрбие үлгісіндегі ұжымдық дағдыларын қалыптастыру қажет. Жас ұрпаққа кәсіби бағдар берудегі еңбек тәрбиесіндегі маңызы зор.

Еңбек туралы көрнекті педагогтар пікірлері:
Янь Амос Коменский
Ұлы дидактикасында толық еңбектің мағынасын ашып береді
Еңбек-ақыл-ой. Сондықтан адамгершілік тәрбие мен байланыстыру керек.
Ж. Ж. Руссо
Сословиядан шыққан Ж. Ж. Руссо қарапайым еңбектерді жана
сүйіп, басқалар еңбегі арқылы өмір сүруші арамтамақтардан жаны түршігеді.Адам өзі еңбекке негізделген меншіктерін қорғап сақтау үшін ғана уақытша еңбектерін сақтаған. Адамды адам қанау болмайды, барлық адамдар өз еңбектерімен өмір сүретін бостандық теңдік және бауырмалдық қоғам арманы. Адам еңбек арқылы өмір сүреді, еңбексіз өмір жоқ. Адам- өз еңбегімен өмір сүреді.
К. Д. Ушинский
Адам өзінің жеке басын еңбексіз бір адым да алға баса алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес, ол адам қайта кері кетеді,-деді
Еңбек- адам өміріндегі негізгі өмір құралы
Еңбек- адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесінің адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек- тәрбиенің күшті құралы. Талаптардың басты күші- еңбек сүйгіштікке еңбек етуге білуге, еңбекке ынталы айналысса сол адам қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Баланың сәби кезінен бастап еңбекке тәрбиелеу керек.
Макаренко
Кімде-кім еңбек етпесе және ақылдылық принцип іске асып жатқанда, еңбек тәрбиесі жалпы тәрбие процесінің ең қажетті факторларына айналуға тиіс деп есептеген. Адам еңбек үстінде тек жұмысқа даярланып қана қоймай басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынаста үйренеді, бірлесе күш жұмсап еңбек ету керек.

Әл-Фараби Әл-Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту-оқу мен тәрбие туралы еңбек мәдениет туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер- еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды. әрбір адамды еңбекке баулиды еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады- деген болатын Фараби. Ойшыл еңбектің өзін қоғамның өмір сүруінің негізгі адамзат тіршілігінің мәңгілік табиғи шарты деп қарастырады. Фараби еңбек процестерінің бағыттарын белгіледі. Ол мақсатқа сай қызмет яғни еңбектің өзі еңбек заттары мен еңбек құралдары. Адам еңбегі бақылаған нәрсенің бәрі еңбек заттары деп атады. Еңбек тәрбиесінің теориясын Фараби- өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалы байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды деп тұжырымдады. Педагогикалық тұрғыда қарасаң бұл тұжырым оқушыларға саналы тәртіп, сапалы білім беріп пайдалы қоғамдық еңбекке баулу-деген сөз. Фараби еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда еркін еңбектің адамның жан-жақты дамуы үшін маңызы зор екенін көрсетті. Жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп еңбек тәрбиесін беретін, ұзтаздық жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Еңбек пен еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдауда ХІІ ғ жазылған Фарабидің энцоклопедиясы атты еңбектің маңызы ерекше. Әсіресе, мұның парасат Ғылымдар энциклопедиясы, Ғылымдар реті, Ғылымдар классификациясы т.б аттармен Шығыс және Батыс елдерінде өте ерте-ақ мәлім болған. Еңбектің құндылығы оның басқа халықтарының өз қажетіне жаратуы-оның еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап өндірісті дамыту еңбек өнімін жеке адамның еңбекке құштарлығын ынта-жігерін артыру мақсатында негізделген.
Фараби еңбектерінің өз дәуіріндегі мұраларды зерттеп кейінгі ұрпаққа қалдырған оқу ағарту, білім мен білімнің тәрбиелік маңызы өте зор.

еңбек әрбір адамның қоғамдық құбылыс ретінде өзгеріп отырады, еңбек-еңбек тәрбиесінің мазмұны мен мәнін өзгертеді.
Әл-Фараби ілім тәрбиенің әрбір қоғам кезіндегі әлеуметтік мәнін ашты. Фараби ілім-еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалыптастырды.
ғылымдар тізбегін жасау, оны әрбір топқа бөлу арқылы- болашақ жасөспірімдерді жан-жақты жетілдірудің қажетілігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Ғылымның еңбек пен еңбек тәрбиесіндегі негізін және оның теориясын жасады.
еңбектің, еңбек ғылыми негізін сала отырып оны практикада, өмірде қолданудың тәжірибесін көрсетті.
Абай Құнанбаев
Абай ақын- ұлы тұлға маңдай алды ақын Абай даналығы еңбек ет- мол тап деген ақылға келеді. Тек еңбек, еңбек құштарлық халықты өнерге үйретеді білімге меңзейді ғасырлар бойы қайыршылық жайлаған халықты- еңбек қана биікке шығарады, психологиясын өзгертеді- деген Абай даналығы бұл күнде де күшін жойған жоқ.
Еңбек тәрбиесін, оқу мен білім алудың негізі-деп түсінген. Жас ұрпақтың барлық тәрбиесінің көзін- бұлағын еңбектен іздеді.
Ол еңбек пен қоғамның еңбектің тұтастығын, бірлігін- парасатылық пен инабатылықтың, білімділіктің, тұлғалылықтың ісіне талғамын, үлгілері- өмірдің, тіршіліктің жеке тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ететін аса көргенділікпен дәлелдеді, оған өлең жолдарын хикаяларын арнады.
Ең бастысы: еңбек пен адамгершілік сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тәрбиелеу, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игілікке жол ашады. Ақын пікірінше еңбек адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтереді, баулиды жетелейді. Абай арманы еңбекке, адамгершілікке, ақыл-ойға, парасатылық пен инабатылыққа негізделген үлкен мәдениетіліктің қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы- даналықтың кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дәрия көлі мұхиты.

Абайдың 33 қара сөзінен
Егер мал керек болса, өнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі- қазақтың әулиесі сол. Бір құдайтағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.
Әуелі- бұл ісімді ол ісімен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп біраз істес болып, өнер артырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолымдағы аз- мұзына мақтанамын, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады.
Екінші- ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісілісіп, маған мол жоқ па? дегендей қылып, еріншек, жалқау, салғырттық кербездікке салынады.
Үшінші- дарқалсын ғой, өнерлісің ғой, шырағым, немесе ағаке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер! дегенде маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып өзінің уақытын өткізеді және алған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді.
Төртінші- тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр балалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін- бүйтемін. Қарық қыламын дегенде мәз болып, тамырым, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасына іс істеп үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенің бәрін қылып беріп, күні өтіп еңбек қылар уақытынан айырылып, жоғарғы шыңға қарық болып, тамақ, киім, борыш есіне шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, сонымен табысы құралмай, борыш асып дауға айналып, адамшылдықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен? Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатындығы қалай?

Еңбек туралы нақыл сөздер:
Адамды ештеңе де еңбектей ізгілендіре алмайды. Адам өзінің қадір- қасиетін еңбексіз сақтай алмайды.
Л. Н. Толстой.
Еңбек- адамның бүкіл өмірінің негізгі шарты, адамды адам еткен- еңбек
Ф. Энгельс
Еңбек- қуаныш жалқаулық- айрылмас азап.
Абай
Еңбек адамның жан дүниесін жаңғыртып, жігерін жандырып, ой- қиялына қанат бітіретін бірден- бір құдірет күш, еңбек адамдар үшін рақат болып табылады
Абай
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Абай
Еңбек етпесең, не қорлықа қаласың
не ұрлыққа барасың
Л. Н. Толстой
Еңбек қылмай тапқан мол дәулеті болмас қардың суы секілді тез суалар.
Абай
Адал еңбек еткенің көңілі шат
Ә. Науаи
Беркені көптен тілеме,
Еткен еңбектен тіле
Абай
Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер,тікен гүлге айналып шыға келер
Сағди
Еңбек- қуаныш, жалқаулық- айрылмас азап
Абай
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен
М. Әуезов
Еңбек сүгіштік- адамның адамдық қасиетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі
Ш. Айтматов
Еңбек туралы мақал-мәтел
Еңбек түбі-береке
***
Бейнет, бейнет түбі- зейнет
***
Еңбек етсең емерсің
***
Еңбек ширатады
Өмір үйретеді
***
Еңбек пен бейнет егіз
***
Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдап қирап тұрады
***
Ырысты еңбек етіп, жерден сұра
Жерге аққан ыстық, терден сұра
***
Еңбек түбі қуаныш
***
Еңбек етсең емерсің
***
Еріншектің ертеңі бітпес
***
Жалқаудың жаны тәтті
Еңбектің наны тәтті
***
Еңбек өмірді ұзартады
Ұят бетті қызартады
***
Еңбексіз- өмір жоқ
Ауырсыз- жеңіл жоқ
***
Еңбек- ырыстың бұлағы,
Еңбек еткеннің жаны сауығады
***
Ер тынысы- еңбек,
Ез тынысы- ерлік
***
Ерте тұрған еркектің- ырысы артық
Ерте тұрған әйелдің- бір ісі артық
***
Жауынмен жер көгерер
Еңбекпен ел көгерер
***
Еңбек- азық
Ауыл- қазық
***
Жалқаулық- айықпас кесел,
Еңбексіз- дертсіз кесел.
***
Еңбек түбі- береке
Көптің түбі- мереке
***
Еңбек етсең емерсің
***
Ер дәулеті-еңбек
***
Еңбегіңе қарай- құрмет,
Жасыңа қарай- ізет
***
Келген дәулет,
Кеткен бейнет
***
Ер еңбегіңе бір түйсін
Еңбегі ештің- күні кеш
***
Еңбексіз тапқан мал,
Есепсіз кетер
***
Еңбегі ештің, тұзы зор
***
Кім еңбек етсе-сол тоқ
***
Еңбексіз іс бітпейді
Еріншектің қолы жетпейді.
***

Шыдамды еңбек, алғыр ой
Анық досың біліп қой
***
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер
***
Еңбек ет те, міндет ет.
***
Көп еңбегі көңілді
Еңбегіңе қарай өнбегі
***
Еңбегі аздың өнбегі аз.
***
Адыра қалдыбау, дәулет
Еңбек елді шын дәулет
***
Жалқаулық аздырады,
Еңбек оздырады
***
Еңбегі қаттының ембегі тәтті.
***
Өз үйінде оймақ ойған,
Кісі үйінде тон пішер
***
Рақаттың түбі кеңіс,
Еңбектің түбі жеміс
***
Кыстап жинап,
Шөміштеп төкпе
***
Қазанға не салсаң,
Шөмішіңе сол ілінер
***
Жердің сәні-егін,
Ердің сәні білім
***

Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте кәсіптік техникалық училищиде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: өзіне- өзі қызмет ету, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек.
1) Өзіне-өзі қызмет ету- еңбек тәрбиесінің қажетті элементерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекетері орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету- оқу құралдарын кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, коридорлады, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау.
Үйелменде өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек-орынды, пәтерді жинау, тазалау, кір жуу, өтіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б жатады.
Мектеп және үйелмен алдындағы басты міндет- бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. әсіресе мұндай әр түрлі тұрмыстық еңбекті орындаудың барысында оқушылар арасында байқалатын ақ саусақтыққа, нәуетектікке, жас шонжарларға жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және әрбір үйелмен мүшесінің адамгершілік борышы.
2)Қоғамдық пайдалы еңбек- қоғамдық қажетілікті қанағаттандыру, жеке адамның құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүниетанымы дамиды. Мамандықты тануда, көзқарасы кеңейеді, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени- адамгершілік ұғымы артады.

Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.
Мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, орындағыштыққа, қоғамшылдыққа тәрбиелейді, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын тәрбиелейді. әсіресе ауыл мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары жұртшылық арасында үкіметтің қаулы-қарарларын насихаттайды, әр түрлі әдеби, этикалық эстетикалық тақырыптарға әңгімелер өткізіп, лекциялар оқиды,
концерт береді.
Шефтік жұмыс- адамгершілікті адам тәрбиесінің ең жоғарғы формасы. Ол балалы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өмірінде пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне кәрі адамдарға, көп балалы аналарға, балалар бақшасына қамқорлық мәдени мұралары қорғауы жатады. Осындай дәстүрге айналған шефтік жұмыстардың нәтижесін үнемі қорытындылап, балалардың еңібегін бағалап отырудың үлкен тәрбиелік мәні бар.
3) Өнімді еңбек- арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Жалпы білім беретін орта мектеп оқу өндірістік кооперативтер, жалға алу, кіші кәсіпорны, мектепаралық оқу-өндірістік комбинаттар, оқушылардың өндірістік бригадалары т.б арқылы оқушыларды өнімді еңбекке қатыстыруды іске асырады. Бұлардың кейбіреулерінің іс-әрекеті 4-бөлмеде баяндалған.
Өнімді еңбек барысында оқушылар өз мүмкіншіліктеріне сәйкес жалпы халықтың іске үлес қосады. Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастырудың бірнеше объектілері аталды. Сол объектілердің бірі оқушылардың өндірістік бригадасы.
Бұл еңбек тәрбиесін, политехникалық білім беруді, өнімді еңбекті ұйымдастырудың негізгі формасы.
Оқушылардың өндірістік бригадасы іс әрекетінің байырғы мәселелері:
а) материалдық базасын жасау, оған өндірістік және тәжірибелік жер учаскелері техника және ауылшаруашылық құралдары мал шаруашылық фермасы, далалық қос т.б жатады.
ә) оқушылардың өндірістік бригадасы VII-Х сынып оқушылармен ұйымдастырылады;
б) бір жылдық оқу-өндірістік жоспар жасалады. Жоспарға машиналарды, агротехниканы, зоотехниканы оқып үйрену, тұқымды, топырақты дайындау, техналогиялық карта, агротехникалық жоспар жасау, тәжірибені қою, оқу-практикалық тапсырмаларды орындау егінді ору және жинау мәселелері кіреді.
Оқушылардың өндірістік бригадасының жұмысы екі бағытта жүргізіледі:өнімді еңбек процессін ұйымдастыру және ауылшаруашылық тәжірибелік жұмысын істеу.
Оқушылардың өндірістік бригадасы ауылшаруашылық дақылдарын өсіреді, өнім алады, оны мемлекетке тапсырады. өнімді еңбек процесінде оқушылар мектептен алған теориялық білімдерін практикада қолданады.
Оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың тиімді формасы ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыс. Оның педагогикалық негізі: ғылымилық, оқумен байланыстылығы, шығармашылық даму, оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білуі. Ғылыми- зерттеу мәліметтеріне қарағанда ауылшаруашылық тәжірибесіне қатынасқан оқушылардың химия, биология т.б пәндер бойынша үлгерімі, ауылшаруашылық тәжірибесіне қатыспаған оқушылардан анағұрлым жоғары болатындығы байқалады.
Оқушылардың өндірістік бригадасы жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен байланыстырудан басқа да формаларын атауға болады. Олар оқушылардың өндірістік экскурсиясы, мектептердегі агрохимия үйірмелері, колхоздар мен совхоздардағы агрохимия лабораториялары т.б

Сонымен, оқуды еңбекпен ұштастыруда, оқушылардың кәсіби ынтасын, қызығушылығын, ауылшаруашылық еңбегін дамытуда, еңбек және адамгершілік тәрбиесіне кешенді тұрғыдан іске асыруда оқушылардың өндірістік бригадасының рөлі өте зор.
Еңбекке тәрбиелеу бірқатар педагогикалық шарттарға байланысты:
-еңбекке тәрбиелеудің нәтижелі жүруі баланың еңбекке неғұрлым ертерек қатыстырылуына байланысты;
-балардың еңбек әрекетінің қоғамдық мағынасы және идеялық-өнегелік негізі болу керек;
-еңбек тапсырмасын орындағанан кейін оның болымды нәтижесі баланың өз күшіне сенімділігін қуаттайды, қуаныш сезімі артады. Неғұрлым еңбек нәтижелі болса, соғұрлым оның тәрбиелік ықпалы күшті болады.
-еңбек балалардың психикалық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай ұйымдастыруы қажет. Еңбектің негізгі түрі ойын болып табылатын кіші мектеп жасындағы баланың еңбегі ойынмен ұйымдастырылуы керек. Еңбектегі сияқты ойында да ойға күш салу және жауапкершілікті сезіну бар.
-еңбек іс-әрекеті барысында оқушылар тек тапсырманы орындап қоймай, өз еңбегін өз бетімен ұйымдастыруды үйренуі керек.
Еңбек тәрбиесін беру жолдары:
А.С Макаренко мен В. А. Сухомлинскийдің көпжылдық практикалық жұмыстары оқушылардың еңбегін коммунистік тәрбиенің негізгі факторына айналдырады.
Макаренко еңбекке баулымайтын тәрбиені дұрыс тәрбиесі деп түсіну мүмкін емес. Сондықтан тәрбие жұмысында еңбек ең негізгі элементерінің бірі болуы тиіс.
А. С. Макаренко балалар ұжымын құруда еңбекті қолданудың негізгі жолдарын белгілеп, еңбек тәрбиесінің ғылыми жүйесін жасады. Ол өзінің практикалық әрекетіне балаларды және ауылшаруашылығы еңбегінің қарапайым түрінен сол дәуірдегі жаңа техникамен жабдықталған өндірістік еңбекке араластырады.

Еңбек тәрбиесі мектепте, отбасында, оқу барысында, сыныптан тыс кезінде беріледі.
а) Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру оқушылардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылардың өндірістік бригада базасында, оқушылардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Оқушылар мектепте алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандардың түрлерін меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндірістік негізгі пәндері бойынша оқушылардың білімі байымды, тереңдейді және өнеркәсіп дағдыларына ие болады.
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беруі мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелденуін талап ететін ең ауыр еңбек екенін
К. Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға әрдайым көріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилинне бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.

Ортаңғы сыныптарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындағы еңбек, жоғарғы сыныптардағы өнеркәсіп және аул шаруашылық практикумдағы оқушыларды жалпы еңбектің білік дағдылармен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.
Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы күнен-күнге өсіп келе жатыр. Сыныптан тыс жұмыстар қала және ауыл мектептерінде жүргізіледі. Кейбір мұғалімдер сыныптан тыс жұмыстарды кейде өз дәрежесінде өткізбейді. Олар жұмыстың бұл түрін қосымша деп есептейді, уақыт болған жағдайда ғана өткізеді. Бұл дұрыс емес.
Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, оқыту ісіне үлкен пайда әкеледі. Сыныптан тыс жұмыстардың тілді үйрету үлкен рөлін соңғы кезде тәжірибе жүзінде көруге болады. Сыныптан тыс жұмыстардың оқу процесіндегі алатын орнын үнемі есте сақтау қажет.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырғанда мұғалім оны сабақ процесінен формасы мен мазмұны жағынан үлкен айырмашылығы бар екенін есте сақтау қажет, бірақ сабақ процесінде осы жұмыстарды жүргізудің негізі қаланды.
Сыныптан тыс жұмыстар кезінде ойын ойлау сабақтарында сөйлем үлгілері қолданады. Сыныптан тыс жұмыстар міндетті емес, оқушы бұл жұмысқа өз еркімен қатысады. Ұйымдастыру кезінде тек оқушыларды таңдап алу дұрыс емес. Бұл жұмыс түрінде баға қойылмайды, бір оқушының қандай жұмыс жасағаны жазылады.
Нәтижелі жұмыс мектеп бойынша айлықтар, жарыстар, концерттер, ертеңгілік өткізгенде көрінеді. Ол оқушылардың белсенділігіне, шығармашылығына негізделеді. Сонымен қатар әр оқушының икемі, қызығушылығы ескеріледі. әр жаңа жұмыстың материалы түсінікті жеңіл түрде берілі, әр түрлі формалар мен тәсілдер және аудио-видео құралдары қолдануы керек, оқушы өз жұмысының нәтижесін көріп, қанағаттануы керек, өзінің жетістігін көре білуі қажет.

Сыныптан тыс жұмыстардың мынадай түрлері бар:
жеке
топтық
бұқаралық
Жеке түрі. мұнда бір оқушымен жұмыс жасалады. Жұмыстың бұл түрінде оңай және көп жетістікке қол жеткізуге болады.
Топтық түрде. Бұл түр көбінесе оқушылардың қызығушылықтарына, я әуестіктеріне байланысты ұйымдастырылады. Ол ойын үйірмелері, хор, ауызша үйірме, әдебиет және өнер үйірмесі.
Бұқаралық жұмыстарға кештер, ойындар өткізу, энциклопедиялар әзірлеу, газет шығару, стенд әзірлеу жатады.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
Жас натуралистер, Жас техниктер, Жас тәжірбиешілер, және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. әрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына төселеді.
Мектепті өндірістіке жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде Жас механизаторлар, Жас малшылар, Жас өсімдік өсірушілер т.б құралған. Бұл үйірмелер келешек мамандық таңдап алуда ерекше ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтармен танысады, зерттейді сөйтіп өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдер мен ата-аналар оқушыларға үнемі, бір ізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім негіздерін үйренудің өзі - оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің негізгі құралы
Мақалдар жарысы
Қазіргі таңдағы қоғамдағы мәдени ахуалдың алар орны
Тест Адамға еңбектің пайдасы
Еңбек - байлықтың атасы, жер – оның анасы
Қазақ мақал - мәтелдері
Қазақ және түрік тілдеріндегі кәсіпке байланысты мақал - мәтелдер
ЭЛОУ – АТ (мұнайды алғашқы) айдау қондырғысы
Лексиканы аудару ерекшеліктері
Эквиваленсіз лексикалық аудармасы
Пәндер