Сатып алушының құқықтары мен міндеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 544 бет
Таңдаулыға:   

«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»

(Ерекше бөлім)

Оқу-әдістемелік кешен

Семей

2013

МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий
  2. Дәріс тезистері
  3. СОӨЖ жоспары.
  4. СӨЖ үшін берілген тапсырмалар
  5. Емтихан сұрақтары

Глоссарий

Сатушы - сату-сатып алу шарты бойынша мүлікті екінші тұлғаның меншігіне беруге міндеттенетін тұлға.

Сатып алушы - сату-сатып алу шарты бойынша сатушының иелігіндегі мүлікті өз меншігіне қабылдап алуға және мүлікке ақша сомасын төлеуге міндеттенетін тұлға.

Сатып алу пәні - сату-сатып алу шарты бойынша азаматтық айналымнан алынбаған кез келген мүлік

Үшінші тұлға - шарт бойынша тарап болып табылмайтын, бірақ оның пайдасына және / немесе оның мүддесіне шарт жасалған жағдайда пайда алушы тұлға.

Мердігер - мердігерлік шарты бойынша екінші бір тұлғаның тапсырысы бойынша белгілі бір қызмет нәтижесін тапсыруға міндеттенетін тұлға.

Тапсырыс беруші - мердігерлік шарты бойынша мердігерден белгілі бір жұмыс нәтижесін қабылдап алып, мердігерге атқарған жұмысы үшін ақы төлеуге міндеттенетін тұлға.

Мердігерлік шарт - бұл шарт бойынша бір тарап (мердігер) екінші тұлғаның (тапсырыс берушінің) тапсырысы бойынша белгілі бір жұмыс (қызмет) нәтижесін беруге міндеттенеді, ал екніші тұлға мердігредің жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін ақы төлеуге міндеттенетін келісім.

Кепілдік мерзімі - ұзақ уақыт бойы сатып алуашы қолдануға немесе сақтауға бағытталған өнімнің (тауардың) кемшіліктерін анықтау үшін берілетін мерзім. Кепілдік мерзімін сатушы немесе өнімді дайындаушы белгілеуі мүмкін.

Жарамдылық мерзімі - осы мерзімінің ішінде тұтынылатын өнімді қолдануға мүмкіндік беріледі. Жарамдылық мерзімін өнімді дайындаушы тұлға стандарттау және сертификаттау нәтижесінде белгіленеді. Жармдалық мерзімі сатушымен белгіленбейді.

Талап қою мерзімі - тұлғаның бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берілетін мерзім.

Жалға алушы - жалға алу шарты бойынша жалға берушіден иеленуге, пайдалануға мүлікті уақытша алып, ол үшін ақы төлеуге міндеттенетін тұлға.

Жалға беруші - жалға алу шарты бойынша жалға алушыға пайдалануға, иеленуге өз меншігіндегі мүлікті беруге және ол үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы тұлға.

Рента шарты - бір тараптың екінші тарапқа меншігіне мүлікті беруге міндеттенеді, ал екінші тұлға бірінші тұлғаға ақы төлеуге немесе оны ұстау үшін өзге де нысанда қаражат беру түрінде мезгіл-мезгіл ақы төлеп тұруға міндеттенеу туралы келісім

Рента алушы - рента шарты бойынша рента төлеушінің меншігіне өз мүлкін беруге міндеттенеді және одан рента төлеуді талап ететін тұлға.

Рента төлеуші - рента шарты бойынша рента алушының мүлкін өз меншігіне алуға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын мезгі-мезгіл төлеп тұруға міндеттенетін тұлға.

Аренда шарты - бір тараптың екінші тараптың иелігіне және пайдалануына өз меншігін беруге және ол үшін ақы төленуін талап етуге, ал екінші тұлға бірінші тараптың меншігіндегі мүлікті уақытша иеленуге және пайдалануға алуға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын төлеп тұоһруға міндеттенетін тараптардың арасындағы келісім.

Франчайзинг шарты - бір тарап екінші тарапқа сыйақыға айрықша құқықтар кешенін, сонфың ішінде өзінің фирмалық атауын және қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығын, сондай-ақ тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, патент беруге міндеттенетін тараптардың арасындағы келісім.

Факторинг шарты - бұл шарт бойынша бір тарап

(қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің)

билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал

клиент қаржы агентіне клиенттің үшінші тұлғамен

(борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің

ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе

беруге міндеттенетін келісім.

Зиян - бұл белгілі бір көлемде және заңмен көзделген тәсілдермен оның салдарын жоюды немесе өтеуді талап ету құқығын белгілі бір тұлғаға беретін, материалдық немесе моральдық құқық бұзушылықтың салдары.

Мұра - мұра қаолдырушының мұрагерге берілетін мүлкі.

Мұрагер - мұра қалдырушының талабы бойынша оның меншігіндегі мүліктің толығыменн немесе бір бөлігі ауысатын тұлға.

Прокат шарты - тұрақты кәсіпкерлік қызмет

ретінде жылжитын мүлікті жалға беруді жүзеге асыратын жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақы төлетіп пайдалануға және иеленуге беруге міндеттенетін тараптардың арасындағы келісімі.

Лизинг шарты - лизинг беруші лизинг алушы

көрсеткен мүлікті сатушының меншігінен сатып

алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп

уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта

пайдалануға міндеттенетін тараптардың арасындағы

келісім.

Дәріс тезистері

1. ТАҚЫРЫП. Сату сатып алу шарты

Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге мін-деттенеді, ал сатып алушы бұл мулікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Сатып алу-сату шарты мүлікті беру бойынша барлық қатынастарды қамтиды. Ертеректе бөлек болған тауар жеткізілімі, келісімшарт, энергиямен жабдықтау шарттары қазір сатып алу-сату шартының түр түрлері болып бағаланады. Бұдан басқа, бөлшектеп сатып алу-сату шарты, кәсіпорынды сату шарты қарастырылған. Біздің заңнамада Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің екінші бөлімінде бекітілген қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату туралы жалпы нормалар жоқ

Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.

Сатып алу-сату шарты - ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кірптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек - ол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетгі нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезін (тепе-тең, айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын корғау негізінде болуы тиіс.

Сатып алу-сату мүлік иесінің (басқа құқық иеленушінің) өзгеруіне (ауысуына) әкеледі. Көрсетілгсн белгілер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлік жалдау (аренда), мердігерлік, сыйға тарту және басқа да шарт-тардан елеулі түрде ерекшеленетіні туралы қорытынды жасауға мүмкіншілік береді. Дегенмен, сатып алу-сату шарты туралы нормалар жалпы мәнді де иемденеді. Мысалы, олар мердігерлік қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материал-дарымен жұмысты орындайтын мердігер оның сатушы рөлінде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберінде сатып алу-сату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар

болуы мүмкін.

Басқа да құқықтық қатынастардағы сияқты, сатып алу-сату шартының элементтері болып біздің көзқарасымыз бойынша да субъект, объект және мазмұн болып табылады.

Сатып алу-сату қатынасын 3 мәнде белгілеуге болады. Біріншіден, бұл сатып алу-сатудың экономикалық қатынасы. Екіншіден, бұл - адамдардың ой елегінен еткен және құқық нормаларымен бекітілген субъективтік идеологиялық қатынас. Үшіншіден, сатып алу-сату шарты бұл - азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тәуелсіз тұрмыс етіп айырбастық материалдық қатынас ретінде аталған құқықтық реттеудің (көмегімен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан -құқықтық қатынас нысаны.

Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгілі бір әрекетін азаматтық-құқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен міндеттерін бекітуге мүмкіндік беретін заң техникасының тәсілдері болып келеді. Сатып алу-сату шартының нысаны оның бағасына, субъек-тілеріне және зандық, шарттық талаптарға сәйкес анықталады.

Жүз айлық есептік керсеткіштен жоғары сомаға, сонымен бірге кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру барысында жасалатын мәмілелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет.

Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарап кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесс мемлекеттік кәсіпоырндар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелегсн түрлері бойынша төменде қарастырылатын болады.

Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамкоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, І-тармақ) .

Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі), Құқықтық қатынастың объектісін материалды (заттық заңды, идеологиялық етіп бөлу толық мөлшерде азаматты құқықтық шарттар үшін де жарамды болып табылады.

Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей- дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюі, сатып алынатыны тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің сапасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша күшейтуге әрекет етеді.

Заттар сатып алу-сату шарты нысанасының барынша кең тараған түрі болып табылады. Кез келген зат тектік немесе жеке -сипаттар арқылы анықталған, жылжитын және жылжымайтын тауар болуы мүмкін.

Тектік заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан же-келенуі қажет екенін айта аламыз, сөйтіп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестіріледі және осындай тү-рінде сатып алу-сату шартының нысанасы бола алады. Егер әңгіме жекеленбеген тектік тауарды сату жөнінде болса, онда сатып алу-сату шартының нысанасы болып зат емес, мүліктік құқық келеді. Осындай жағдай сатып алу-сату шартының нысанасы болашақ заттар болып келгенде де орын алады.

Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері

Сатушының міндеттері . Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі) . Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттын елеулі жағдайларда жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.

Тауардың саны . Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тшсті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашкы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау тәртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылығымен бекітілсе.

Тауардың сапасы . Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып салу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған баланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады.

Келтірілген талапты тауарлардың сапасына азаматтық заңнама нормаларынын тікелей әсер етуі ретінде бағалауға болады. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайларда объективтік құқық нормалары субъективтік шарттық қатынастардың ерекшелігіне бейімделіп субъективтік жағдай сипатына ие болады. Егер тараптардьщ арасында тауардың сапасы келісілмесе де, бірақ сатып алушы сатып алудың нақты мақсаттарын көрсетсе, сатушының тиісті сапалы затты беру міндеті өзгеше болып келеді. Осындай жағдайда сатушы сатып алушыға белгілі болып келетін мақсатта пайдалануға жарамды тауарды беруге міндетті.

Тауарды үлгісі бойынша және (немесе) сипаттамасы бойынша сатқан жағдайда, сатушы сатып алушыға үлгі немесе сипаттамасына сәйкес келетін тауарды беруге міндетті. Тауардың кейбір қасиеттері (көрсеткіштері) бейнелеумен қамтылмаса, онда сатушының міндеті жоғары көрсетілген тәртіптерге сәйкес анықталуы қажет. Біздің көзқарасымыз бойынша, бейнелеудің өзі белгілі бір талаптарға сәйкес болуы керек. Тым жалпы бейнелеуді қарастырып, сатушы іс жүзінде өзіне тиісті сапалы тауар беру бойынша міндетінен босата алады.

Егер сатылатын тауардың сапасына заң актілерінде белгіленген тәртіпке сәйкес, міндетті талаптар көзделсе, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын сатушы сатып алушыға осы міндетті талаптарға сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Тауардың сапасына қойылатын міндетті талаптар Қазақстан Республикасынын сертификациялау туралы "Заңымен және Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы "Заңымен және заңға тәуелді нормативтік актілермен анықталады.

Егер шарт пен тауардың сапасына көтеріңкі талаптар қойылса, сатушы сатып алушыға соларға сәйкес тауарды беруге міндетті. Алдын-ала соларды айтып, сатушы тауарды кемшіліктерімен бере алады. Сатушы сатып алушыға беруге міндетті тауарлар берген кезде айтылып кеткен талаптардың бірінс сәйкес болуы керек.

Ақылға сиымды мерзім шеңберінде ол, әдетте пайдаланатын мақсаттарда пайдалануға жарамды болуы керек.

Сатушы тауарды жарамдылық мерзімдері шегінде пайдалануға мүмкін болатындай етіп беруі керек. Жарамдылық мерзімдері заңдармен, мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарымен немесе өзге міндетті тәртіптермен, өндірушінің өзімен орнатылады. Жарамдылық мерзімдері өтіп кеткен соң тауар мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз деп саналады. Осымен бірге қызмет ету мерзімі деген түсінік қолданылады, оның тұтынылмайтын тауарларды максаты бойынша пайдалану шектеріне қатысы бар, ал жарамдылық мерзімі деген ұғым тағамдарға, дәрілік заттарға және с. с. қолданылады.

Шартпен кепілідік мерзімдер орындалуы мүмкін. Бұл мерзімдер тауарды әдеттегі нсмесе өзге мақсаты бойынша қолданымды мүмкін уақыт кезеңдерін белгілейді. Өзінің табиғаты бойынша олардың жоғарыда көрсетілген мерзімдермен ортақтығы бар, бірақ кепілдік мерзімдер оларға толығынан тепе-тең болып келмейді.

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кепілдік мерзімдерге бұрынғы заңцдардағы сияқты мән берілмейді. Азаматтық кодекстің 425-бабына сәйкес, қазір кепілдік мерзім шарттың өзімен анықталуы керек. Ал, егер де ол шартпен карастырылмаса, онда Азаматтық кодекстің 430-бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер өзгеше заң актілерімен немесе шартпен көзделмесе, тауар сатып алушыға ұсынылған күннен бастап екі жыл көлемінде ұсынылуы мүмкін.

Сатушы тауарды қай кезде сатып алса немесе ол тауар қай кезде шығарылса, соған қарамастан кепілдік мерзімі тауар сатып алушыға берілген кезден есептеле бастайды. Егер сатушыға байланысты болып келетін себептер бойынша сатып алушы тауарды пайдалану мүмкіншілігінен айырылса, онда мерзімі сатушы аталған себептерді жойғағанға дейін өз ағымын бастамайды. Мысалы, сатушы шартқа сәйкес тауарды жинақтаған жоқ (айта кететін болсақ, сатып алу-сату қатынастарына бұл жағдайда мердігерлік туралы нормалар да қолданымды болып келеді) . Тауар (жинақтаушы бұйым) ауыстырылғанда кепілдік мерзімі өз ағымын жаңадан бастайды.

Сондай-ақ, тауарды берген жағдайда, тауарды түр-түрімен, жинақтылығымен және жиынтығымен, үшінші тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру, тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю сатушының міндеті болып табылады.

Тауарлардың түр-түрі . Тауарлардың түр-түрі бөлшектеп сатып алу-сату, тауар жеткізілімі, келісімшарт жасасу шартта-рында көзделген (энергиямен жабдықтау шартында да теоретикалық көзқарастан оның қарастырылуы мүмкіншілігі туралы айтуға болады) .

Тауардың түр-түрі дегеніміз (ассортимент) - бір түрлі тауардың жиынтығының ішіндегі белгілеріне және бір түрлі тауардың үлгісіне, мөлшеріне, сортына, түсіне, электр куатының тиісті өлшемдеріне байланысты бөлінуі. Егер тұлға бір сатушыдан тұрмыстық химия затын және тағы бір электр құралын сатып алса, онда тауардың түр-түрі деген сөйлем қолданылмайды.

Тауардың түр-түріне қойылатын талаптарды күрделі затты беруге қатысты міндеттемеге қойылатын талаптардан ажырата білу керек.

Жиынтылықтық және жиынтық. Са тушы сатып алушыға жинақтылық немесе жиынтығы туралы талаптарына сәйкес тауар беруге міндетті. Жиынтылықтық дегеніміз -шартта көзделген немесе заттың функционалдық тағайындалуымен анықталатын барлық құрама бөліктердің затта болуы. Шартпен бұйымдардың стандарттық және қосымша жиынтықтылығы көзделеді немесе жиынтылықтықтан кейбір жиынтықтаушы бөліктер алынып тасталады.

Шартта тауардың жиынтықтылығы белгіленбесе, сатушы сатып алушыға жиынтықтылығы іскерлік айналым әдет ғұрыптарымен немесе әдетте қойылатын өзге де талаптармен анықталатын тауар беруге міндетті.

Жиынтықтылықтың тауарлардың жиынтығынан айыру қажет. Азаматтық кодексі 432-бабына сәйкес жиынтық дегеніміз бірнеше сатып алу-сату шартының пәні кейбір кездерде күрделі болып келетінін анықтай аламыз. Осымен қатар біздің көзқарасымыз бойынша жиынтық АҚ 121-бабымен анықталатын күрделі зат ұғымына тең болып келмейді. Заттардың жиынтығына қатысты біртұтас құқықтық қатынас пайда болады, одан сатушының тиісті міндеті өз көрінісін табады.

Заттардың жиынтығы болуы үшін (оған қатысты) талап қойылуы үшін анық айқындалған себептердің қажеті жоқ, тараптардың ішінен ниеттенуі жеткілікті болып келеді. Мысалы, альпинист тобы Эверестқа шығуға кажетті, оны қамтамасыз етстін заттар сатып адады. Жиынтық талабы, ассортимент және сапа талаптарымен тығыз байланысты. Мысалы, экспедиция сатып алатын жиынтыққа кіретін кейбір заттарға тау биігінде пайдалану жарамдығына, жоғары төзімділігіне, төмен температура тұрақтылығына талап қойылады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатушы сатып алушыға жиынтыққа енетін барлық тауарды бір мезгілде беруге міндетті.

Сатып алушы үшінші тұлғалардьщ кұқықтары жүктелген тауарды қабылдауға келіскен жағдайды қоспағанда, сатушы үшінші тұлғалардың кез-келген құықтарынан тыс тауарды сатып алушыға беруге міндетті (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 413 бабының, 1-тармағы) .

Сатушының тағы да бір міндеті тауарды үшінші тұлгалардың талаптануынан да босатып беру. Осы міндетті сатушы олар туралы білген жағдайларда ғана қолданылады. Болашақта талаптану заңды деп танылу керек, егер осы болмаса сатушы тауарды басқа тұлғалар талаптануынан босатып беру міндетін бұзбаған деп саналады.

Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю . Тауарды салатын ыдыс және оны буып-түю талаптарын сатып алу-сату шарттарынын жалпы ережелеріне кірістіру біздің азаматтық заңдарда жаңа болып табылады. Өзінің сыртқы көзге түспейтініне қарамастан, олар сатып алу-сатудың өркениеттілік катынасының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Егер сатып алу-сату шарты қандай түріне қатысты екендігі белгіленбесе, олар тауарды салатын ыдыс және буып-түюмен байланысты даулы жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.

Егер шартта өзгеше көзделмесе және міндеттеменің мәнінен немесе тауарлардың сипатынан туындамаса, сатушы сатып алушыға тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйіп беруге міндетті.

Егер шартта ыдыс пен буып-түюге талаптар белгіленбесе, тауар ол үшін арналған әдетті әдіспен, ыдысқа салынуы, буып-түйілуі керек. Бұлай болмағанда сақтау мен тасымалдаудың әдеттегі жағдайларында осы типтес тауарлардың сақталуын қамтамасыз ететін әдіспен ыдысқа салынып және (немесе) буып-түйілуге тиіс. Ал егер тауар сақтаудың немесе тасымалдаудың қандай да ерекше жағдайларын талап етсе, онда ыдыс жөне буып-түю оларға сәйкес келуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Энергиямен жабдықтау шарты, кәсіпорынды сатып алу - сату шарты
Сатып алушы мен сатушының құқықтары мен міндеттері
Мүлік жалдау шарты
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатып алу - сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері. Сатып алу-сату шартының пәні
Сатушының және сатып алушының құқықтары мен міндеттері
САТЫП АЛУ САТУ ШАРТЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Сатып алу-сату шарттары туралы түсінік, және олардың мәні мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz