Үшінші блок көрсеткіштері


HALYQARALYQ GUMANITARLYQ TEHNIKALYQ UNIVERSITETI
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Оқушылардың тәрбиелілігін диагностикалаудың әдістері мен әдіснемелері.
Орындаған: Әмірхан. А
Тобы: Бг-91
Тексерген: Нишанова. К
ЖОСПАР
1) Педагогикалық-психологиялық статус туралы түсінік.
2) Педагогикалық психология.
3) Психодиагностика және оның әдістері.
4) Психодиагностикалық методикаларды класификациялау ұғымы.
4) Психодиагностикалық методикалар мен жағдаяттарға қойылатын талаптар.
Психологиялық-педагогикалық статус туралы түсінік. Оқушының статусын анықтау үшін психодиагностикалық минимум жүргізу. Статус көрсеткіштерін анықтау.
Психолог өз жұмысын сол ортада қалыптасқан әлеуметтік психологиялық жағдайда жүргізеді. Психологиялық қызметті ұйымдастыру формалары және қолданылатын әдіс-тәсілдер осы ортаның ерекшеліктеріне және талаптарына сай жүргізілуі мүмкін. Оқушылар мектепте білім алып, сонымен қатар өздерінің жекелік қасиеттерін жетілдіру проблемаларын шешу барысында әлеуметтік ортада омір сүруге икемделеді. Мектеп оқу-тәрбие жұмысы арқылы оқушының осы қажеттілігін қанағаттандыруға барлық жағдайларды жасайды. Мектеп психологы оқушылардың және оқу-тәрбие процесінің осалдық көрсеткен жерлерін түзетуге өз үлесін қосып, балалардың жан-жақты дамуына психологиялық тұрғыдан жағдай жасайды.
Оқушыларға психологиялық қызмет көрсетуді тиімді ұйымдастырылуына кепіл болатын бір жәйт- оны жүйелі түрде жүргізу. Оқушылардың барлығын психологиялық зерттеуден өткізіп, олардың жекелік қасиеттерін, таным процестерін бағалап шығу өте қиын. Бұл жұмыс психологиялық зерттеулерді жүйеге келтіріп жүргізгенде ғана өз функциясын толық орындайды.
Осы жүйелілікті қамтамасыз етуге негіз болатын ұйымдастыру формасын психодиагностикалық минимум деп атауды Н. Р. Битянова ұсынған. Оның ұсынысы бойынша психодиагностикалық зерттеуді жаппай, горизанталдық кескін бойынша өткізу арқылы қысқа мерзім ішінде бір параллельде оқитын қасиеттерін балаларды толық қамтып, олардың барлық психологиялық қасиеттерін бағалап шығуға мүмкіндік туады. Біздің ойымызша, осы форманы мектеп ерекшеліктеріне икемделіп қолдану арқылы қысқа мерзімде барлық оқушылардың статусын анықтап шығу қажет.
Оқушының психологиялық- педагогикалық статусы дегеніміз баланың барлық психологиялық қасиеттерін, күй-жағдайын, таным процестерін, қарым-қатынасын мәдениетін, мінез-құлқын, оқуға деген ынтасын бағалау арқылы жасалған мінездемесі. Бұл мінездемені жасау үшін барлық оқушылар жан-жақты психодиагностикалық зерттеуден өткізіледі.
Оқушы статусына қойылатын талаптарды бес блокқа бөліп зерттеу арқылы жиналған материалдарды әр балаға арнайы жасалған карточкаларды түсіруге ыңғайлы етіп жинақтауға мүмкіндік береді. Барлық зерттелінетін көрсеткіштерді блоктарға келесі бөлуге болады :
1-блок- бала өмір сүретін әлеуметтік орта ерекшеліктері;
2-блок- оқушы таным прцестерінің және жалпы интеллектуалдық дамуының ерекшеліктері;
3-блок- мотивациялық- жекелік сферасын бағалау;
4-блок- баланың өзіне және қоршаған дүниеге қатынасы;
5-блок- мектепішілік қарым-қатынас барысындағы оқушының мінез-құлқы.
Осы блоктар бойынша оқушылар қасиеттерін зерттеу және бағалау әдіс-тәсілдері жинақталады. Әр блок бойынша қолданылатын әдістемелерді жеке-жеке папкаларға топтастырылса, оны қажетті кезінде қолдану керек.
Бірінші блок көрсеткіштері :
- отбасы құрамы, ата-анасының мамандықтары, жұмыс орны, лауазымы, отбасы типі, адамдар саны, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы;
- отбасының материалдық жағдайы, тұрғын ұй, жұмыс орны;
- оқушының отбасындағы статусы;
- отбасының бос уақытын өткізуі, спорт, дене шынықтыру, мәдениет көздерін қолдануы;
- оқушының күн тәртібі және оны оны үлкен және кіші балалармен қарым-қатынасы.
Бұл блоктағы көрсеткіштерді бағалап шығу үшін көптнген объективтік әдііс-тәсілдер қолданылады; баламен және онын ата-анасы, әжесі т. б. отбасы мүшелерімен, сынып жетекшісі, оқытушылармен әңгіменлесу, пиктограмма, ”Мен не білемін?” әдістемесі, Йирасек-Керн әдістемелерінің жеке тапсырмалары. Осы аталған және басқа әдістемелерді қолданып мағлұмат жинау нәтижесінде баланың отбасындағы өмірінің ерекшеліктері анықталады.
Екінші блок көрсеткіштері:
- баланың хронологиялық жасы мен ақыл-ой дамуының бір-біріне сәйкестігі;
-когнитивтік процесстердінің дамуы: ойлау түрлерінің қалыптасқадығы, ой қызметінің көрнісі, тіл байлығы, майда қимыл әректтердің қалыптасуы;
- Таным процестерінің жекелік ерекшеліктері; интеллектуалдық белсенділігінің жоғары болуы, вербалдығы, шизойдтығы, интеллектуалдық пассивтілігі;
-Баланың жек тұлғасында кездесетін қабілеттігінің түрі(психомоторлық, музыкалық, ленгвистикалық, физика-математикалық, бейнелеу өнері, педогогикалық, ұйымдастырушылық) ;
- Ақыл-ой жұмысын ұзақ уақыт орындауға қабілеттілігі, жұмыс темпі;
Екінші блок бойынша жүргізілген зерттеулер нәтежесінде балалардың таным процестерінің нормаға сай немесе дамуында одан ауытқуы байқалатындығы анықталып, олар баланың озық дамуына немесе киін қалуына негіз болып отырғаны нақты бағаланады. Даму денгейі төмен балалармен түзету- дамыту жымсын жүргізуге арқылы оларды оқу мазмұнын меңгеруге шамасы келетін жағдайда жеткізу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Екінші блок матиралдары оқу-тәрбие жұмысын тиімді жүргізуге және ата-аналарға писихологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға негіз болады.
Үшінші блок көрсеткіштері :
Оқушылардың оқуға деген ынтасын және танымдық әрекетінің себептерін, баланың ішкі қайшылықтарының денгейін анықтауға бағытталған. Бұл блок көрсеткіштері:
- оқу себептерінің қалыптасқандығы және оның мазмұны (танымдық, әлеуметтік бағыттылық т. б) ;
- танымдық әрекет барысында табысты болу себебі немесе сәтсіздіктен бас трту себептерінің қайсысы жетекші екеннін анықтау;
- себептік сферада қайшылықтың болуы, мазасызданудың көрініс беруі;
- акцентуацияның орын алуы;
Бұл блок көрсеткіштері бойынша баланың психикалық дамуында мазасызданудың, өз-өзіне сенбеушілігі және басқа ішкі проблемалардың орын алуын анықтау арқылы, оларға уқытылы психологиялық көмек көрсетуге мұмкіндік туады.
Төртінші блок көрсеткіштері:
- баланың қатынас жүйелерін эмоционалды бағалау бойынша талданады:
- баланың өз қатарларымен қарым-қатынасының қалыптасқандығы;
- отбасында қарым-қатынас ерекшеліктері;
- оқытушылармен қарым-қатынасының эмоционалдық оң мағынада болуы;
- мектепшілік іс-шараларға көзқарасы;
- оқушының өз-өзіне көзқарасы;
Бұл көрсеткіштер баланың оқу-тәрбие процесінде табысты болуына үлкен әсерін тигізеді.
Бесінші блок көрсеткіштері :
- оқушының мектепшілік қарым-қатынастағы орнын анықтауға арналған және келесі көрсеткіштермен бағаланады:
- оқушының жекелік психологиялық қасиеттерімен байланысты мінез-құлық және қарым-қатынас ерекшеліктеріне сипаттама(жылдамдығы, жәй қимылдағандығы, импульсивтігі) ;
- жауапкершілікті сезінуі, шешім қабылдауы, адамдарға ықылас қою, қайырымдылығы, ашықтығы, іскерлігі, шыншылдығы;
- әлеуметтік-психологиялық адаптациясының төмендігі, эгоистігі, дөрекі, өтірікші, принципсіздігі;
- мінез-құлық нормативтеріне бағынуы, әлеуметтік орта талаптарына икемделуі, ашықтығы, шыншылдығы;
- тәртіп сақтауы, қыймыл әрекеттерінің үйлесімділігі.
Блоктар бойынша психодиагностикалық зерттеу нәтежесінде
оқушының психологиялық- педагогикалық статусын көрсетіп,
психологиялық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру ретін
анықтауға негіз болады.
Оқушылар статусының көрсеткіштеріне сүйене отырып педагогтардың білімін жетілдіру және ата-аналарға психологиялық білім беру тақырыптарын анықтап алу ға мүмкіндік туады.
Оқушылар статусының көрсеткіштері олардың психологиялық-педагогикалық карточкаларына түсіріледі. Бұл құжат психодиагностикалық минимум өткізілген соң толықтырылып, нәтижесі талдапып, балалармен жеке-дара және топтық түзету - дамыту іс-шараларының мазмұнын анықтауға негіз болады.
Психодиагностикалық минимум жүргізумен қатар психолог оқушыларды жеке-дара зерттеп отырады. Біріншіден, бұл жұмыс интеллектуалдық қабілеті өте жоғары дамыған балалармен олардың дарындылығын қолдауға және бұл қасиетті жан-жақты дамытуға ықпал жасау үшін жүргізілсе, екіншіден, мінез-құлқы туралы шағым түскендермен т. с. с арнайы зерттеуді, көмек көрсетуді талап ететін, дамуында ауытқуы бар оқушылармен жүргізіледі.
Психологиялық зерттеу барысында үлгерімі төмен, сабаққа қатыспайтын, отбасында баланың үй тапсырмасын орындауға ешқандай жағдайы жоқ, ата-аналары нашақор, ішкіш т. б жағдайы нашарлар кездеседі. Бұл котегориядағы балалар психологиялық сүймелдеу көрсетуге қажеттілігі өте жоғары топқа жатады. Сондықтан оларға көмек көрсетуді психолог өзінің күнделікті міндеті деп түсінуге тиіс.
Оқушылардың психологиялық- педагогикалық статусын зерттеу барысында көптеген психодиагностикалық әдістемелер қолданылады. Олрды зерттелінетін балалардың жас кездеріне байланысты ретке келтіріп жинақтау қажет. Комплекстік зерттеу барысында кіші мектеп балаларын психолог өзіне үйретіп алу үшін әңгімелесу, суреттер, ойыншықтар қолданылатын әдістемелер бірінші ретте қолданылады. Ал орта және жоғары сынып оқушыларды зерттеуді таным процестеін бағалаудан бастаған дұрыс сияқты.
Сондықтан психодиагностикалық әдістемелерді осы ретпен беріп отырмыз. Педагогикалық психология - психологияның тәрбиелеу және оқыту жағдайындағы баланың психикалық іс-әрекетін зерделейтін сала. [1]
Педагогикалық психология - білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық негіздерін зерттейді және жастың даму (жас ерекшелігі) психологиясымен тығыз байланысты, өйткені, білім беру мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын оқитындардың жас шамасын және даралық ерекшеліктерін ескермейінше дамыту мүмкін емес. Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер білім беру мен тәрбиелеудің мәнін дұрыс түсінуге, оқулықтар мен оқу құралдарына қойылатын әр түрлі талаптарды анықтауға, оқушылардың ақыл-ой әрекеті мен мінез-құлығын басқара отырып, олардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру және тәрбиелеудің тиімді тәсілдерін тауып негіздеуге мүмкіндік береді. Педагогикалық психология педагогтар мен оқушылардың арасындағы өзара қатынас мәселелерін, педагогтың жеке басына қойылатын талаптарды зерттейді, педагогикалық қабілеттер мазмұны мен қалыптасу үрдісін ашады. Сонымен қатар оқушылар ұжымындағы өзара қатынастармен, олардың психологиялық даралық ерекшеліктерімен санасып отырудың мүмкіндіктерін іздестіреді. Оқу-тәрбие жұмыстарын және балалардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырып, бірқалыпты даму зандылықтарынан ауытқыған балалармен тәлім-тәрбие жұмысын жүргізу әдіс- тәсілдерінің психологиясын зерттейді. Сондай-ақ, ересек адамдармен жұмыс істеудің ерекшеліктерімен және оларды қалай оқыту мәселелерімен де шұғылданады.
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:
- 1) Оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
- 2) Тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Педагогикалық психология - балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П. Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына XIX ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы , оқыту психологиясы , мұғалім психологиясы . Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі - педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.
Психодиагностика және оның әдістері (жан және diagnosticos) - адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. Зерттеу міндеттеріне байланысты диагностикалық белгілер адамның жасы, жынысы, білімі, мәдениеттік деңгейі, психикалық қалпы, психо-физиологиялық ерекшеліктері сияқты психологиялық айырмашылықтар кіреді.
Диагностика - зерттелетін объект немесе үрдіс туралы алдын ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы аура сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.
Дұрыс қойылмаған диагноз аурудың жазылуына деген үміттің үзілуіне әкеп соқтырады. Осы аталғандардың барлығы тән денсаулығы саласы психикасына қатысы бар, сондықтан да диагностика даму саласында ерекше мәні бар іс, жоғары біліктілікті және жауапкершілікті қажет етеді. Күнделікті педагогикалық тәжірибеде мектеп психологтары және мұғалімдер жеке тұлғаның жекелеген сапаларын зерттейді, бірақ осы зерттеулердің нәтижесіне қарап, дамудың салаларына жалпы баға беруге болмайды. Мектеп мұғалімдері мен тәрбиешілер үшін ең бастысы - оқушылардың ақыл-ой әрекетінің диагностикасы, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік сипаттарының мінез-құлық дамуы және тағы басқа да осы секілді мәселелер болып табылады.
Психодиагностикалық методикаларды класификациялау ұғымы.
Бүгінгі уақытта-психологиялық процесстерді, қасиеттерді және тұлғаның жағдайын қамтитын психодиагностикалық методикалар практикада кеңінен қолданылуда. Писходиагностика методикаларын класификациялау ұғымы операционализм (жедел-анализ) және верификация (тексеру) ұғымдарымен байланысты.
Операционализм
ұғымына қойылатын талаптар: жаңа ғылыми түсінікке кіріспес бұрын, міндетті түрде нақты процедураны көрсетуі керек, практика барысында қанағаттандыратын әдістер мен методикалар болуы керек. Операционализм сыналушы практика жүзінде орындай алатын әрекет немесе операция.
Верификация
ұғымына қойылатын талап: ғылымға енетін түсінік міндетті түрде толық тексеруден өту керек. Тексеру мағынасын білдіреді, практикалық қадам жасамас бұрын қайталап, шолып шығу. Яғни операционализм теорияны, верификация практика мәселесіндегі қадамдар.
Қолданылатын практикалық психодиагностикалық методикалардың көпшілігі құжаттық методикаларға жатады - олар, сыналушыға берілген сұрақтар мен пікірлерге ауызша немесе жазбаша формада жауап беру ұсынылыады. Құжаттық методикаға практикалық қызығу және оның кең түрде қолданылуы, алған нәтижелер бойынша нақты әрі шынайы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Келесі бір кең тараған методиканың бірі- сауалнама , адам психологиясын зерттеу процессі барысында сыналушыға ауызша түрде сұрақтар қатары ұсынылады және экспериментатор жауаптарды өзі тіркеп, талдайды. Бұл методиканың тиімділігі арнайы құжаттар дайындауды қажет етпейді және психодиагност пен сыналушының қатынасын оңтайландырады. Сауалнамалық методиканы стандарттілеу қиын, соның нәтижесінде жоғары әрі сенімді нәтиже алуға болады.
Келесі бір қолданыстағы методика суретті- псаиходиагностикалық методикалар. Сыналушының психологиясы мен міне-құлқын зерделеуде олардың бейнелеген суреттері арқылы талдау жасау. Арнайы тақырыпта немесе кез-келген ойға түскен нәрселерді бейнелеу ұсынылады. Кей жағдайлары интерпретациялау әдісі үшін сыналушыға арнайы, стандартты бейнелер мен схемалар ұсынылады.
Психодиагностикалық методикалар арасында жобалау методикалары маңызды орын алады. Олар қолдану ерекшелігіне қарай құжатты, сауалнамалық, суретті болуы да мүмкін. Бұл методиканың практикада қолданылуы жылдан-жылға артуда, өйткені осы методика тобының талдауы сәйкесті және кең көлемдегі ақпаратты.
Келесі бір методика тобы- обьективті-манипуляциялық (айқын-айлалы) . Сыналушының міндеті белгілі бір заттардан бір нәрсе құрастыру, жасау тағы басқа . . . Кәсіптік шеберлікті талап етеді және орындалу уақыты ұзақ.
Психодиагностикалық методикаларда қолданылатын тестік тапсырмалар типі
сауалнамалық
(сыналушыға қойылатын сұрақтар пайдалынады),
бекіту
(сыналушы өзінің келісетінін немесе келіспейтінін білдіретін пікірлер мен бекітулер қолданылады),
өнімді
(сыналушының ойлаған шығармашылық өнімі пайдаланылады:сөздік, бейнелік, материалдық),
әрекеттік
(сыналушы практикалық әрекеттер комплексі жүйесінде тапсырма алады),
физиологиялық
(мұндай жағдайдағы психодиагностика адам ағзасының ырықсыз негіздегі физикалық және физиологиялық талдауына байланысты ) .
Сыналушығ арналған психодиагностикалық методикалардың тестік тапсырмасы мынандай формаларда ұсынылады:
құжаттық
(берілетін материал жазбаша немесе басқадай формада болады:сурет, схема және т. б) .,
техникалық
(сыналушыға арналған тестік метериал аудио-видео немесе техникалық құрал-жабдықтар және т. б ) .,
сенсорлы
(физикалық стимулдар түріндегі материалдар ұсынылады) .
Психодиагностиканың тестік материалы саналы , сыналушы саналы түрде қатысады, және санасыз , адам реакциясының санасыздыққа бағытталуы. Мысалы, бірінші типке сауалнама жатса, ал екіншісіне жобалау методикалары жатады.
Психодиагностикалық методикалардың қолдану ерекшелігіне қарай обьективті (экспериментатор немесе сыналушының санасына тәуелді болмай шынайы көрсеткіш қолданылады) және субьективті (сыналушы мен экспериментатордың санасы мен тілегіне орай мәліметтер қолданылады) .
Ең соңында психодиагностикалық методиканың ішкі құрылымын мономерлі және многомерлі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда бір қасиетін немесе жағдайын бағалау және диагностикалау болса, екінші жағдайда адамның түрлі типті немесе біртипті бірнеше қасиеттерін бағалау және диагностикалауға арналады.
Барлық психодиагностикалық методикалар ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Көптеген психодиагностикалық методикалар практикалық психодиагностикада және ғылыми-зерттеу эксперименттерінде де қолданылады. Бірақ олардың арасында айырмашылық бар, ғылыми-зерттеу методикалары психологиялық қасиеттерді ғылыми тұрғыдан тереңірек зерделеуге бағытталған болса, ал практикалық оның даму дәрежесін практкалық мақсатта қолданады. Психолог-педагогикалық методикалар сенімді болу үшін зерттеуде қолданылатын психодиагностикалық методикалар ғылыми негізделген болуы керек. Мұндай методикалар төмендегідей талаптарға сай болуы қажет:валидті (сәйкес), сенімді, бір ізді және дәлді.
«Валидті» термині евро тілді. Оның мағынасы «толығымен», «жарамды», «сәйкес» деген мағынаны білдіреді. Психодиагностикалық методикаларға тән сәйкестілік психологиялық қасиеттің жарамдылығын білдіреді.
Психодиагностикалық методикадағы валидтілікті түсіну үшін, олардың түрлерімен танысу керек:теориялық, практикалық, ішкі, сыртқы.
Теориялық валидтілік-
зерттеу барысындағы алған мәліметтерді ғылыми жүйеге сүйене отырып, сәйкестендіре талдау.
Практикалық валидтілік-
эксперименттік жағдайда алған мәліметтерді және бақыланған сыналушының реакциясы мен әрекеттерін диагностикалау шынайы көрсеткіштерге сәйкес болуы керек.
Ішкі валидтілік-
субтест, пікір тағы басқа тестердің тапсырмалары методика мазмұнына сай болуы керек.
Сыртқы валидтілік-
методика көрсеткіші мен сыналушының маңызды көрсеткіштерімен өзара байланыста болуы.
Валидтіліктің түрлеріне басқа оның өлшемдері де болуы керек. Мұндай өлшемдер төмендегідей:
1. Мінез-құлық көрсеткіші- сыналушының түрлі өмірлік жағдаяттардағы қимылдары мен әрекеттері.
2. Сыналушының түрлі әрекеттегі метістіктері: еңбек, оқу, шығармашылық және тағы басқа.
3. Түрлі бақылау сынақтары мен тапсырмалардың орындалуы жөніндегі мәліметтер.
4. Жүргізілген методиканың басқа методикалар мен байланысы, сәйкестілігі жөнінде мәлімет.
Методиканың сенімділігі оның көмегімен алынған тұрақты көрсеткіштерді білдіреді. (бұл жерде методиканың тұрақтылығы жайында сөз болады) . Психодиагностикалық методиканың сенімділігін екі амал арқылы көз жеткізуге болады: түрлі адамдармен жүргізілген методика көмегімен алған қорытындыларды салыстыру, және бір методиканы түрлі жағдайларда қолданған нәтижелер арқылы салыстыру.
Методиканың дәлділігі -психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттегі кішкене өзгеріске көңіл бөле алуын білдіреді. Психологиялық методикадағы дәлділікті техникалық құралдарды өлшейтін дәлділікпен салыстыру керек.
Бір ізділік методикасы -зерттеу жүргізуші адамның мінез-құлық себептерін анықтағысы келсе, сыналушы адамға оның иінез-құлқына байланысты тура сұрақтар қойылады.
Практикалық психодиагностикпда методиканы қолданбас бұрын экспериментатор ол валидтілік, сенімділік, бір ізділік, дәлділік талаптарға сай ма соны анықтап алу қажет.
Психодиагностикалық методикаларды жүргізетін экспериментатаорға негізгі нұсқау: шыдамды, салмақты, мінез-құлқы мейірімді, шынайы, сыйласымды болуы керек.
Психологиядағы тест деп-зерделейтін қасиеттің даму дәрежесінің сапалы және сандық көрсеткішін алуға мүмкіндік беретін стандартті психодиагностикалық методикаларды атайды. Стандартты
методикалар- үнемі және барлық жерде ситуациялары мен нұсқауларынан бастап, сыналушыдан қандай амал мен нәтиже алғанынан бастап, көрсеткіштерді интерпрететациялауы да бір образда болуы қажет.
Алынған көрсеткіштерге-
тест дұрыс қолданылған жағдайда алынған бағалаулар қашан, қалай, қандай жолмен алынғаны бір-бірімен салыстырылады. Психодиагностикалық методикаларға валидтілік, сенімділік, бір ізділік және дәлдік жағдайларға байланысты қатаң талаптар қойылады.
Тестің бірнеше түрлері болады, олар негізгі топтарға бөлінеді: пән бойынша тестілеу, тестегі міндеттерді шешу ерекшелігіне байланысты; материал бойынша, бағалау обьектісі бойынша. Тапсырмалаарды қолдану ерекшелігіне қарай практикалық, бейнелік және сөздік тестер болады. Тестік материалдың ерекшелігіне қарай құжаттық, аппараттық болып бөлінеді. Бағалау обьектісіне қарай- процессуальды, жетістікке жету, қасиет және күй болып бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz