Орман өрттерінің түрлері
Атырау Бизнес және Құқық колледжі
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Шаруашылық объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі
Дайындаған:Жұмакелді Данияр
Топ :ПБ-17-1
Тексерген:Абирова Самал
Атырау 2021
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Өрт қауіпсіздігі негіздері
2.1. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері
3. Шаруашылық объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі
3.1. Ормандағы өрт: қауіпсіздікті сақтау жолдары
3.2. Орман шаруашылығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру
4. Өрттің адам ағзасына әсер ететін қауіпті факторлары
4.1. Өртке қарсы кедергілер
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер
1.КІРІСПЕ
Мен дипломдық жұмысымда өрт қауіпсіздігі негіздері, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері, шаруашылық объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі, ормандағы өрт: қауіпсіздікті сақтау жолдары, орман шаруашылығында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, өрттің адам ағзасына әсер ететін қауіпті факторлары, өртке қарсы кедергілер туралы қарастыратын боламын. Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі - өрт сөндіруші қызметі. Нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Лаулаған оттың көп аймақты шарпымағаны анықталса бір ғана көлік жетіп барады. Себебі, тонналап су тиеген бір көліктің күші жалынның бетін қайтаруға қауқарлы. Үй, қойма, зауыт т.с.с. үлкен ғимараттар мен орманды алқаптар өртене бастаса көптеген көліктер, сонымен қоса өзге де қауіпсіздік техникалары жөнелтіледі. Кей жағдайларда тікұшақтың да көмегіне жүгінетін кездер болады. Дабыл қоңырауы түскен жерге бірінші болып жеткен өрт сөндірушілер ең бірінші арнайы құбыршекті жақын маңдағы су ағатын құбырларға болмаса көліктің су сақтайтын бөлігіне қосады. Қызыл жалынның беті қашан қайтатынын ешкім білмейді. Кейбір лаулаған отпен арпалыс, бірталай күнге созылады. Осы уақытта шарпыған оттың арасында қалып қойған жандарды құтқару үшін өрт сөндірушілер лаулаған жалынның ортасына кіруге тура келеді. Өрт сөндіруші болу үшін ең бірінші сіз детектив секілді жұмыс жасай білуді үйренгеніңіз жөн. Бұл қайда бара жатқаныңызды, қандай құжаттарды алу керегін және қандай алғашқы көмектерді жасау керек екенін бес саусағыңыздай білгеніңіз дұрыс.
Орман шаруашылығы - экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады. Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды.
2. Өрт қауіпсіздігі негіздері
2.1.Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері
Дүние жүзінде 1 жылдың ішінде 5 миллионнан көп өрт болады. Он мың адам оттың салдарынан қаза болады. Өрт үлкен материалды шығындарды қажет етеді. Өрттің себептерін социалдық жағы нақты қадағалайды. Өндірістердің өрт қауіпсісзідігі өрт болдырмау системасымен қаматамасыз етілуі керрек. Өртті болдырмау системасы мен өрт қауіпсісіздігі өрттің қауіпті факторлары адамдарға әсерін тигізбейтіндігін қамтамасыз ету қажет. Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары мыналар, ашық от және от ұшқын, ауа температурасының көбеюі, газ қышқылының концентрациясының төмендеуі, қондырғылардың, ғимараттардың зақымдануы және қирауы, түтін.
Әр нақты объектілерде өртті болдырмау системасы жасалу керек (ғимарат және қондырғыларда, транспорттарда, материалдарды сақтайтын ашық жерлерде).
Өндірістерде өрт және жарылыстар технологиялық режимдердің бұзылуынан, электр қондырғылардың дұрыс қолданбаудан, найзағай разрядтарынан т.б. жағдайларға байланысты зерттеулер көрсетті.
Өрт - бұл арнайы жасалмаған, материалдық шығындарымен қатарласып жүретін, кейде адам өлімі болуы мүмкін, бақылана алмайтын ошақ көзі.
Жану бұл - жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы тотығу және қалпына келетін реакциялар барысында болатын процесс. Газдар, металлдар және әр түрлі көміртекті заттар жанғыш зат бола алады. Хлор, йод, фтор, бром,және ауадағы өттегі әдетте тотықтандырғыш болып табылыды.
Жанғыш зат және тотықтандырғыш қосылып жанғыш қоспа - біртекті (газ+ газ) немесе біртекті емес үстіндегі қабаты ( сұйықтық + газ, қатты зат+газ) болатын заттарды құрайды.
Жанудың екі түрі бар:
а)дифуздық - тотықтандырғыштың жанатын затпен дифузиялық уақыт жылдамдығы;
б) кинетикалық - тотықтандырғышпен жанғыш зат арасындағы жану жылдамдығы.
Жарылыс бұл тұйық кеңістікте болатын кинетикалық жану. Жану механизмі жылулық (жанғыш заттың қызуына байланысты) және тізбектік
(жанған заттың нәтижесінде жанғыш заттың пайда болуы) боады. Өрттің жану жылдамдығына байланысты:
а) дефлаграциондық жану - өрттің таратылу жылдамдығы 1мс;
б) детонациялық - 1-10 мс-тан астам;
в) жарылып жанатын - 10 мс.
Өздігінен жану - жану көзі болмаған жағдайда, жанғыш заттпен тотықтандырғыш арасындағы шек концентрациясы.
Барлық өрт қауіпсіздігінен орындалатын шаралар 4 түрге бөлінеді:
а) кәсіпорынды жобалаған кезде болатын техникалық шаралар, олар:
1) ғимараттың өртке төзімділігін анықтау; 2) ғимарат подъездерінің жобалануы;
3) ғимараттардың өртке қарсы ара қашықтығын ескеру; 4)ғимаратты найзағайдан қорғау.
б) Эксплуатациялық шаралар: 1) ұйымдастыру шаралары; 2) режімдік шаралар.
Техникалық шаралар. Барлық ғимараттар, егер ірі кешендер болса, жел туруына байланысты салынады. Өрт қауіпсіздігі бойынша барлық кәсіпорындарының орналасу арақашықтығы өндіріс категориясына байланысты есептелінеді.
Өндіріс категориясы: А - жарылу қауіпі бар; Б,В - өрт және жарылу қауіпі бар; Г,Д- өрт қауіпі бар. Барлық ғимараттар екіге бөлінеді: 1) өрт қауіпі бар, егер ғимарат ішінде біртексіз жанғыш қоспа болса; 2) жарылу кауіпі бар, егер біртекті жанғыш заттар болса.
Сонымен, өрт қауіпіне қарсы ара қашықтықтар (минималды ара қашықтық - 9 метр, егер А және Б өндіріс дәрежесі болса 60 м астам) таңдап алынады.
Өрт болғанда құрылыс материалдар мен конструкциялардың өз қалпында сақталу қасиеті - өртке төзімділік дәрежесі деп аталады. Ол өртке төзімділік шегімен және құрылыс материалдың жану тобы бойынша анықталады.
Өртке төзімділік шегі дегеніміз өрт болған жағдайда құрылыс материалдардың конструкциялардың еш өзгеріссіз тұру уақыты.
Максималды - 4 сағат, өртке қарсы қоршаулар, 2-сағат - жай қоршаулар өртке қарсы тура алады. Жану тобы: а) жанбайтын құрылыс материалдар ( өрт болған кезде жанбай түтіндейді, егер өрт көзін сөндірген жағдайда түтіндеу процессі аяқталады);
б) қиын жанатын - жануы мүмкін бірақ өрт көзін тоқтатқан жағдайда түтіндену процессі жалғаса береді; в)жанатын ( егер өрт көзін сөндірсе де жана беретін құрылыс материалдар).
Өрт төзімділігінің 5 дәрежесі бар: 1 - ең қымбат құрылыс материалдар, бұл құрылыс материалдар өрт болған кезде 2,5 сағат өртке төзе алады ( А өндіріс дәрежесі); Өндірістік кәсіпорындарда 3-4 дәрежелі өртке төзімділігі 1,5 сағат құрайды ( қиын жанатын және мүлдем жанбайтын құрылыс материалдар).
Өрттің алдын-алу бойынша жасалатын шаралар:
а) жұмысшыларға нұсқау беру;
б) өрт сөндіру әдістері мен заттары.
Өртті болдырмау шаралары:
Жану процесстері: Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығу және жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалық және химиялық процесс. Жану процессі пайда болып және даму үшін 3 фазадан тұрады:
- жаңғыш;
- тотықтырғыш;
- тұтану көзі.
Жаңғыш зат - оттегімен қосылатн заттарды айтады, кейбір кезде заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа да фазамен қосу арқылы болады. Мысалы: хлор, бром, күкірт. Жаңғыш зат қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі. Әдетте жану процессі заттың газ күйінде жүргізіледі. Қатты және сұйық заттар жану процессі кезінде физикалық және химиялық реакциялар арқылы жаңғыш затқа айналады. Жаңғыш зат ауада оттегі концентрациясын 12-14 пайыз жоғары болса ғана жанады. Жану процессі басталу үшін тұтану көзінің жылу энергиясы жаңғыш зат тұтану температурасына дейін қыздыра салатындай мөлшерде болуы керек. Тұтану көзіне жалын, ашық от, ұшқын, қызған дене, химиялық реакция жану сәуле энергиясы және найзағай жарқылдануында.
Жанғыш процессінің түрлері: от, алау, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану және жарылу.
От алау деп - жаңғыш зат үстінде пайда болған газдың немесе будың тез жанып кетуін айтады. Заттың үстінде жиналған газ немесе бу жанатын ең төменгі температураны сол заттыңаталу температурасы деп атаймыз. От алау тмпературасы жаңғыш заттардың өрт қәуіптілігі жөнінде негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Осыған сәйкес барлық жанатын заттар өрт қәуіптілігі бойынша екі топқа бөлінеді.
1. тез тұтанғыш сұйық
2. жаңғыш сұйықтар от алау температурасы
- жану дегеніміз - тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процессі.
- тұтану дегеніміз жалын пайда болған жану процессі.
- өздігінен жану деп - жаңғыш заттың сыртқы тұтандыру көзісіз пайда болған жану процессін айтады.
- өздігінен тұтану жалын пайда болатын өзінен өзі жану процессі.
Жарылу - жылу және газ заттарын шығарып қирату процессін туғызатын өте тез жану процессін айтады. Жарылғыш заттар газ, бу, шаң түрінде болады. Бұл заттар ауада олардың тек белгілі концентрациясы болғанда ғана жарылады. Жаңғыш сұйық заттардың өрт қәуіптілігін анықтайтын факторлардың бірі температуралық шегі болып есептеледі.
- төменгі температураның тұтану шегі деп - сұйық заттың қаныққан буынның қоспасы болып табылады. рттің шығу себептері
Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
Өртке қарсы шаралар:
1. Жану зонасымен жаңғыш затты салқындату;
2. Жаңған затты атмосфера ауасынан оқшаулату;
3. Жану реакциясы төмендететін химиялық заттарды қолдану
4. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу;
5. Жаңғыш затты жану зонасына оқшаулау.
Өрттің адам ағзасына әсер ететін қәуіпті факторлары:
Адамзатқа төнетін қауіп ретінде өрт өркениет дамуының ертерек сатыларында-ақ орын алған еді. Өрт қазіргі уақытта да негізгі қауіптіліктердің бірі болып табылады, ол жыл сайын ондаған мың адам өмірін алып келеді, миллиондаған адамдарды баспанасыз қалдырып, дүниежүзілік экономикаға орасан зор зиян келтіреді. Өрттің алдын алу мен сөндіруді ақпараттық қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жаңа инновациялық технологияларды жасауға қатысты қолданбалы ғылыми әзірлемелер ерекше өзектілікке ие. Өрт қауіпсіздігі мәселелері халықтың өртке қарсы білім деңгейін арттыру және қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін тәрбиелеу арқылы шешімін табады.
Өрт қауіпсіздігі мәдениеті адамда ғұмыр бойы қалыптасуы тиіс. Бұған отбасы, мектеп, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлеріндегі органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар белсене қатысуы тиіс. Қауіпсіздік шараларын қолдануды бүкіл халыққа үйрету маңызды.
Осы тұрғыдан халықты шартты түрде үш топқа бөлуге болады: біріншісі - оқушылар (мектеп оқушылары мен студенттер), екіншісі - жұмыс істейтін азаматтар, үшіншісі - жұмыссыздар.
Бірінші топ - бұл адамдардың үйретуге неғұрлым бейім санаты. Бұл адамдың өмір бойғы жүріс-тұрыс негіздері қалыптасатын кезең.
Жұмыс істейтін халық жататын екінші топ азаматтардың ең белсенді санаты болып табылады.
Үшінші топ - жұмыс істемейтін зейнеткерлер, уақытша жұмыссыздар, үй шаруасындағы адамдар. Олар қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарынан, отбасы мүшелері мен айналасындағылардан алады.
Өмір қарекетінің қауіпсіздігі туралы білім негіздері мектепке дейінгі жаста қалана бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - оларға өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту және оларды өрт шыққан жағдайда дұрыс іс-әрекеттерге дағдыландыру болып табылады.
Өрт шыққан кезде іс-әрекеттер жасауға халықтың дайындығы болмауының салдары ауыр болады, сондықтан оларды оқыту мен дайындау сапасын арттыру қажет.
Өрттің шыққанын кеш хабарлауға байланысты өрттің жиілеп кеткені өртке қарсы қызметті дереу шақыру сияқты қарапайым ереженің өзі көбінде орындалмай жататынын көрсетеді. Өрттер тәжірибесі және бұл салада жүргізілген зерттеулер халықтың қажетті шараларды орындауға дайындығының төмен екендігін көрсетеді. Жүріс-тұрыс моделі мен қабылдаудың әр түрлі жағымсыз ерекшеліктері айқындалды, оның ішінде: өз міндеттерін басқаларға аудара салу, стрестік жағдайда күрделі шешімдер қабылдауға қабілетсіздік, адамдарға жағымсыз әсер беру, тәуліктің қараңғы уақытында, жарықты өшіріп тастау, адамдардың қолданыстағы эвакуациялау жүйелерін (шағылысатын белгілерді) нашар қабылдауы және басқалар.
Осылайша, халықтың өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында өрт қауіпсіздігі саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының мынадай бағыттарын басымдыққа ие бағыттар деп санаймыз:
басшылардың, лауазымды тұлғалар мен мамандардың, педагогтардың, тәрбиешілердің, сондай-ақ білім еру мекемелерін бітірушілердің өрт қауіпсіздігі саласындағы білімі мен дағдыларының көлеміне қойылатын мемлекеттік талаптарды (стандарттарды) жетілдіру саласындағы ғылыми зерттеулер халықты өрт қауісіздігі шараларына оқытудың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеуге жол ашар еді;
өрт қауіпсіздігі негіздері мен дағдылары бойынша оқу құралдарын, сондай-ақ ересектер мен балаларды оқытуға арналған тестілеу элементтері енгізілген бағдарламалық аппараттық кешендерді әзірлеу.
Шаруашылық объектілеріндегі өрт қауіпсіздігі

Орман өрті - абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағадан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі - ауыл шаруашылығы қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрті ағаш қорын кемітумен қатар, ағаштың өсуін нашарлатады, жалын шарпыған ағаш қурайды, жел, дауылда сынғыш келеді. Орманда зиянды жәндіктердің, ағаш ауруларының таралуына қолайлы жағдай туады. Орман өрті жер бетін шарпыған кезде жапырақ, бұта, шөп-шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400 - 9000С-қа жетеді, жалын 0,5 - 1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25 - 5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ, химиялық заттар (диамоний фосфат, аммоний сульфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіреді. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 - 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өртте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп ор қазады. Қазақстанда Ертіс және Обь өзендерінің арасындағы далалы аймақта орналасқан қарағай жолағында өрт тіпті жауынды жылдары да көп болады. Бұл жерлерде ауа-райы құрғақ болғандықтан өрт қаупі кезеңінің орташа ұзақтығы 180 күннен асады. Орман өртін сөндіру үшін көбіне табиғи кедергілер - өзен, жыра, батпақ, жол, арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдаланылады (енін 1 - 2 м етіп жыртады). Қарсы от салып та тоқтатылады. Күшті өртке қарсы ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.
Орман өрттері үлкен жылдамдықпен тарайды және жердің орасан үлкен аумағын өртеп жіберуі мүмкін. Ол кез келген жерде тұтанады, әйтсе де орман өрттері АҚШ пен Канаданың ормандарында жиірек кздеседі.
Орман өрттерінің түрлері
Орман өрттерінің негізгі үш түрі бар: төселе өртейтін өрттер, шарпи өртейтін өрттер және дауылды өрттер.
Төселе өртейтін өрттер
Төселе өртейтін өрттер немесе топырақ өрті деп орман төсеңішін, топырақ үстіндегі тири организмдерді, орман маңындағы алаңдарды жалмайтын өртті айтамыз. Төселе өртейтін өрттер құнарлы заттарды жояды, өэкологиялық жүйеге залал келтіреді.
Шарпи өртейтін өрттер
Шарпи өртейтін өрттер ең қауіпті өрт болып саналады. Оған бұндай атау ағаштардың үстімен жүріп өтетіндіктен, яғни ағаш жапырақтарын жалмайтындықтан берілген. Шарпыған өрттердің сумаңдаған жалыны ұзын болады, сондықтан тосқауылдардан, мәселен жолдар мен өзендерден оңай аттап кете береді.
Дауылды өрттер
Дауылды өрттер күшті жел от ұшқындары мен жанған бұтақтарды алыс жерге алып кетіп, жаңа өрт ошақтарын туғызған кейде пайда болады. Кейде осындай өрт ошақтары тұтаса келіп, ірі әрі өте қауіпті қаулаған өрте айналады.
Себептері
Найзағай;
Ормандағы адамдардың жауапсыз , кейді жауапсыз қалдығы;
Әдейі от қою;
Жанартау атқылауы;
Ауаның ысты ағыны;
Қуаңшылық.
Көп жағдайда жарылыстар улы заттардың жиналуы немесе адамдардың өрт ережелерін сақтамағандықтарынан болуы мүмкін. Бұған тағы да орман өрттерінің шығу себебін қосуға болады.
Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі - бірінші кезектегі мәселе. Орман шаруашылықтарының барлығында орманды өрттен қорғау жоспары болады. Жоспарда орманның түрі, ортаның рельефі, су, теміржол, автомобиль жолдарының жақындығы ескеріледі. Орман шаруашылығын өрттен қорғаудың сызбасы жасалады.
Өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар жатады. Орман өрттерінің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Олар: төселе жанатын, шарпи жанатын және дауылды өрттер. Әр өрттің жану жолы әртүрлі деңгейде қарастырылады. Орман өрттерінің алдын алу шараларының ең маңыздысы - қолдан жасалған өртті азайту.
Ормандағы өрттердің бәрі сыртқы себептерден болады. Әйтпесе, орманның ішінде өрттің көзі жоқ. Рас, орманның жануы кейде найзағайдан да болады, бірақ өртті орманға негізінен адамдар әкеледі.
Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан, оған жол бермеудің алғы шарттарын қатаң сақтау қажет. Орман өрті жедел өтеді және тез таралады. Қалың ағаш ішіндегі өрт минутына 3-4 метр жылдамдықпен таралып, 10-14 сағатта үлкен аумақты шарпиды. Оның ішіне кіру де, өрт сөндіру техникаларын енгізу де - қиын шаруа.
Кез келген апатты жағдайда тұрғындарды қорғау шаралары қаралады. Өртпен күресуге балаларды және жеткіншектерді, екіқабат әйелдерді және бала емізетін аналарды қатыстыруға тыйым салынады. Апат аймағында әкімшілік басқармасының ерекше заңдары әрекет етеді. Осы заңдар барлық күштерді және техниканы өртті сөндіруге қолдануға рұқсат етеді. Елді мекенге тақалған өртті тоқтата алмаған жағдайда мемлекеттік қызмет адамды, мүлікті және малды қалай қорғау керектігін, не істеу қажеттігін, ал қажетті жағдайда эвакуациялау туралы алдын ала хабарлайды.

Ормандарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган), оның аумақтық органдары, Кодексте айқындалған өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік орман иеленушілер болып табылады.
Уәкілетті орган, оның аумақтық органдары орман өрттері шығуының алдын алу және олармен күресу мақсатында:
1) ормандарды өрттерден күзету мәселелері жөнінде бағдарламалар әзірлеп, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) өзінің функционалдық қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды өрттерден күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар:
1) уәкілетті органмен келісе отырып ормандарды өрттен қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
2) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының аумағында орманды өрттен күзетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және іске асырады;
4) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникасын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктерінің жұмыс істеуіне жәрдем көрсетеді;
6) орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағармай материалдарының резервін жасайды;
7) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбін өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз етеді;
8) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, осы Қағидаларды орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастырады;
9) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмысты үйлестіреді, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрады;
10) орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.
Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi және аумақтық органдардың лауазымды адамдары ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарының, ормандағы өрттердiң алдын алу жөнiндегi, оларды уақтылы байқау мен жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ өртеңдер алаңының есебiн жүргiзудiң дәлдiгiн және мемлекеттiк орман қорына өрттен келген шығынды анықтау, орман өрттерiнiң зардаптарын жою жөнiндегi шаралардың уақтылы қабылдануын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік орман күзеті мемлекеттік орман қоры жерлерінде, сондай-ақ орман өрті тікелей қауіп төндірген жағдайда оған іргелес аумақтарда ормандағы өрттердің алдын алу, оларды уақтылы анықтау және сөндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.
Ормандарда орналасқан елді мекендерді өрттерден қорғауды қамтамасыз ету үшін атқарушы органдар мен орман иеленушілер орман өрттері кезінде оттың ғимараттар мен құрылыстарға таралу мүмкіндігін болдырмайтын іс-шаралар (ені кемінде төрт метр болатын минералдандырылған жолақтар тарту, жазғы маусымда құрғақ өсімдіктерден тазарту) әзірлейді және орындайды.
Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өртке қарсы қызметтер құрылып, олардың құрамында өрт сөндіру-химиялық станциялар жасақталады.
Орман пайдалануға берілген орман қоры учаскелерінде, сондай-ақ жекеше ормандар учаскелерінде өрт сөндіру пункттері құрылады.
Мемлекеттік орман мекемелерінің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және орман пайдаланушылардың қызметкерлері (жұмысшылары, қызметшілері) орман өрттерімен күресуге арналған резервтік күштер болып табылады.
Ормандардың жету қиын және өртке неғұрлым ұрымтал құнды учаскелерін қарауылдау үшін, сондай-ақ өрт сөндіру үшін маманданған кәсіпорындардың немесе ормандарды күзету және орман қорын қорғау жөнінде авиациялық жұмыстарды орындайтын мекемелердің күштері мен құралдары тартылады.
Ірі орман өрттерін сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар жыл сайын бекітіп отыратын іс-шаралар жоспарларына сәйкес өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелері, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың өртке қарсы техникасы, көлік және басқа құралдары тартылады.
Орман қорын өрттерден қорғауға, олардың алдын алуға және сөндіруге қоғамдық өрт сөндіру бірлестіктері қатысады.
Мемлекеттік орман иеленушілеріне орман қорын өрттерден қорғау жөнінде және орман пайдалануды жүзеге асыруы кезінде қойылатын талаптар:
Мемлекеттік орман иеленушілер ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын орындайды және орман өрттерінің алдын алу (профилактикасы) жөнінде мына іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) орман қоры аумағының өртке қарсы және санитарлық орналастырылуын қамтамасыз етеді, осы Қағидалардың бұзылуының алдын алады, оны уақтылы табады және жолын кеседі, ормандағы өрттерді сөндіру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
2) орман пайдаланушылар өртке қарсы іс-шаралардың жоспарларын әзірлеген кезде оларға жәрдем көрсетеді;
3) ормандағы өрттерді және олардың зардаптарын тіркеуді жүргізеді.
Өрт қаупі бар маусымда орман қоры аумағында:
1) жас қылқан жапырақты ағаштарда, ескі өртеңдерде, бүлінген орман учаскелерінде (жел, дауыл құлатқан), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz