Басқарма қызметінің ұйымдастырылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

1. 1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

1. 2. Басқарма қызметінің ұйымдастырылуы

2. Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау жағдайын талдау

2. 1. Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдай көрсеткіштерін талдау

2. 2. Жамбыл облысы бюджетінің кіріс және шығыстарын талдау

3. Жергілікті бюджетті жетілдіру үшін ұсыныстар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мен диплом алдындағы практиканы «Жамбыл облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының» әкімшілігінде өткіздім.

Жергілікті өзін-өзі басқару-демократиялық қоғамның маңызды институттарының бірі. Әрбір азамат және, әрине, экономика және басқару саласындағы әрбір маман жергілікті билік органдарының қызметіне тап болады. Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасу процесінде, оның заңнамалық базасы әлі де жеткіліксіз және жетілмеген, экономикалық және қаржылық ресурстар өте шектеулі. Бірақ жергілікті билік әсіресе нарықтық ортада муниципалды меншікті, оның ішінде жер мен басқа да табиғи ресурстарды, муниципалды қаржыны, муниципалды кәсіпорындар мен мекемелерді, қалалық инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандарды тиімді басқаруға, муниципалды даму бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті білікті кадрларға мұқтаж., сондай-ақ осы жұмысқа халықтың барлық топтарын, азаматтардың қоғамдық бірлестіктерін тарту керек.

Дипломалдындағы тәжірибеде мен «Жамбыл облысы экономика және бюджетті жоспарлау» басқармасының менеджменттік басқару деңгейіне сәйкес басқарманың қалыптасқан менеджменттік жүйесін, тәжірибесін және кәсіптік қызметті жүзеге асырудың нақты жағдайымен танысып, бақылап, оқып үйреніп және іс жүзінде орындап көрдім.

«Жамбыл облысы экономика және бюджетті жоспарлау» басқармысының миссиясы мен менеджмент тәжірибесінің жүйесі заманауи менеджменттік теория мен техналогияларға ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтадым.

Басқарма жетекшілері дипломдық жұмысыма керекті мәліметтермен қамтамасыздандырып, менеджменттік қабілеттеррімді жетілдіріп, алдағы кәсіби біліктілігіме кеңестер беріп, саяси белсенділігімді кемелдендірді.

Басқарманың өкілетті өкілдері менеджерлік тапсырмаларды сеніп тапсырып, бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуыма српін берді.

Алдағы уақытта уақытта өз мамандығыммен мемлекеттік қызметке және де жұмысқа орналасуға мүмкіндігім, даярлығым жетілді.

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы сипаттамасы

1. 1. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Басқарманың Миссиясы:

Бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-эканомикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері бойынша өкілетті атқару.

Міндеттері:

- Жамыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу және бағалау;

- жоспарлы кезеңге облыс бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;

- өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.

Функциялары:

- жыл сайын жылжымалы негізде 5 жылға арналған әлеуметтік-эканомикалық даму болжамын және 3 жылға арналған бюджет өлшемдерін әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- Жамбыл облысын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- Жамбыл облысын дамытудың 5 жылға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралыр жоспарын әзірлеу және бекітуге ұсыну;

- орта мерзімді кезеңге облыстың және аудандық (қалалық) бюджеттер арасында жылпы сипаттағы трансферттердің болжам көлемін анықтау;

- мемлекеттік-жекешілік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жұмыстарды өз құзіреті шегінде үйлестіреді;

- Жамбыл облысының даму бағдарламасы және және оны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының жыл сайынғы мониторингі;

- әлеуметтік-эканомикалық көрсеткіштердің мониорингі;

- ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-эканомикалық дамуына моноторинг және талдау жүргізу;

- ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-эканомикалық даму әлеуетін анықтау;

- облыстың шекаралас ауылдарын дамыту бойынша іс-шаралыр жоспарын жүзеге асыру туралы жиынтық есебін әзірлеу;

- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өнімдерін қарау, бағалау және олар бойынша қорытындылар дайындау;

- бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстары бойынша бюджеттік инвестициялық жлбаны іске асырудың эканомикалық тұрғыдан орындылығын, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігін анықтау бойынша қорытынды әзірлеу;

- облыстық бюджет жобасын әзірлеу және оны мәслихатқа бекітуге ұсыну;

- Жамбыл облысын дамыту бағдарламасына сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) және бюджеттік инвестицияларды жоспарлау;

- жоғарғы органдарға мемлекеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын даму бюджеті және жергілікті бюджет қаражаттарының бағыттары туралы мәліметтер әзірлеу және ұсыну;

- инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңде бюджеттік инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу;

- жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;

- коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі құрған жағдайда, оның ішінде оған өзгерістер ментолықтырулар енгізу кезінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтімдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар әзірлеу;

- егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі құрған жағдайда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша келісім беру;

- өзге де концессия мәселелері жөніндегі жұмыстарды өз құзіреті шегінде ұйымдастыру;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу;

- өз құзіреті шегінде, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және ьұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру;

- заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Құқықтары:

- өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқа да мекемелерге, бқралық ақпарат құралдарына ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауға және ұсынуға;

- өз құзыры шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге;

- өз құзыры шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқа да мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;

- жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды мониторинг объектілерін және ақпаратқа жасалған талдауды тікелей тексеру, сараптаманы өткізу және кеңес берулері үшін тартуға;

- басқарманың қарауындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік басқару органы ретінде шығуға;

- ғылыми тексеруді жүргізу үшін басқармаға бөлінген қаржы шегінде басты ғылыми қаржылық-экономикалық жұмыстардың тізбесін анықтауға, басқарманың құзыррына кіретін мәселелерді әзірлеу үшін белгіленген тәртіп бойынша ғылыми-тексеру мекемелерін, сондай-ақ мамандарды тартуға;

- өз құзыры шегінде крнкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатып алу жоспарына және т. б. ) ресми сұрау салуға;

- бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың мақсатқа лайықтылығы мен басымдық мәселесін анықтау мақсатында аймақтық экспресс-сараптаманы ұйымдастыруға құқылы.

Міндеттері:

- Жамбыл облысы әкімдігіне (әкіміне) Жамбыл облысын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізуге;

- жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына келісім беруге;

- басқарма осы ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәніне сәйкес келмейтін қызметпен өкілетті органның рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады;

- басқарма функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

1. 2. Басқарма қызметінің ұйымдастырылуы

Басқармаға басшылықты басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысын уәкілетті орган қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:

- басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

- барлық органдарда басқарманың мүддесін қорғайды;

- басқарма атынан келісім жасайды, сенімхаттар береді;

- банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;

- барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

- басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;

- қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;

- басқарманың құылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

- азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеледі. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

Кесте 1

«Жамбыл облысы әкімдігінің эканомика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің штаттық саны мен құрылымы:

р/с
Лауазымның атауы
Штаттық бірлік саны
р/с: 1
Лауазымның атауы: Басқарма басшысы
Штаттық бірлік саны: 1
р/с: 2
Лауазымның атауы: Басқарма басшысының орынбасары
Штаттық бірлік саны: 2
р/с: Персоналды басқару қызметі
р/с: 3
Лауазымның атауы: Бас маман
Штаттық бірлік саны: 1
р/с: Құқықтық қамтамасыз ету, ұйымдастыру және кеңсе бөлімі
р/с: 4
Лауазымның атауы: Бөлім басшысы
Штаттық бірлік саны: 1
р/с: 5
Лауазымның атауы: Бас маман
Штаттық бірлік саны: 1

Кесте 1-дің жалғасы

Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 6
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 7
Бас маман
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Жинақтау-талдау бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 8
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 9
Бас маман
4
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Экономика нақты секторының дамуы бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 10
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 11
Бас маман
2
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Инвестициялық саясат бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 12
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 13
Бас маман
2
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Бюджеттік саясат және жоспарлау бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 14
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 15
Бас маман
3
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдарының шығындарын жоспарлау бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 16
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 17
Бас маман
2
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Білім беру және спорт шығындарын жоспарлау бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 18
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 19
Бас маман
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 20
Жетекші маман
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі:
Әлеуметтік сала шығындарын жоспарлау бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 21
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 22
Бас маман
2
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Әлеуметтік саланың дамуы және ауылдық елді-мекендерді дамыту бөлімі
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 23
Бөлім басшысы
1
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: 24
Бас маман
2
Бухгалтерлік есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімі: Жиынтығы
35

2. Жамбыл облысының экономика және бюджеттік жоспарлау жағдайын талдау

2. 1. Жамбыл облысы бойынша әлеуметтік-экономикалық жағдай көрсеткіштерін талдау

Кесте 2

Жамбыл облысы бойынша 2017-2018 жылдардың әлеуметтік экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау

Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2017
2018
Өзгеру қарқыны 2017/2018
+, -
%
Көрсеткіштер: Халық
Өлшем бірлігі: адам
2017: 1 115 307
2018: 1 117 220
Өзгеру қарқыны 2017/2018: 1 913
0, 2
Көрсеткіштер: Инфляция
Өлшем бірлігі: %
2017: 4, 2
2018: 1, 5
Өзгеру қарқыны 2017/2018: -2, 7
-64, 3
Көрсеткіштер: Жұмыссыздық деңгейі
Өлшем бірлігі: %
2017: 4
2018: 2, 1
Өзгеру қарқыны 2017/2018: -1, 9
-47, 5
Көрсеткіштер: ЖӨӨ
Өлшем бірлігі: %
2017: 99, 4
2018: 102, 4
Өзгеру қарқыны 2017/2018: 3
3
Көрсеткіштер: Орташа айлық жалақы бағалау бойынша
Өлшем бірлігі: теңге
2017: 116 621
2018: 126 000
Өзгеру қарқыны 2017/2018: 9 379
13, 7

Жамбыл облысы 2018 жылғы рейтингте соңғы орынға 2017 жылғы 15-ші орыннан түсіп отыр (өткен рейтингте 16 өңір болған) . ЖӨӨ үлес салмағы 2018 жылы ЖІӨ-нің 2, 4% - ын құрады, бұл Ақмола облысынан төмен (2, 7%) және СҚО-дан жоғары (1, 9%) .

Жамбыл облысында ең төменгі орташа жалақы-126 мың теңгеден сәл артық. Оның үстіне, оның өсуі бар болғаны 13, 7% - ды құрады, бұл ел бойынша орташа өсімнен 14, 6% төмен.

Өңір азық - түлікке жұмсалатын шығындар үлесі бойынша аутсайдер үштігіне кіреді - 55, 9%, одан төмен Атырау облысы - 56, 3% және Түркістан облысы-57, 3%.

Жамбыл облысы рейтингте бір орынға көтерілді. Өңірдің ЖӨӨ 3% - ға өсті, бұл жалпы елге қарағанда 1% - ға аз. Есесіне тауар айналымы химия өнеркәсібі өнімдері экспортының ұлғаюы есебінен $406, 7 млн - нан $1 007, 9 млн-ға дейін 147, 8% - ға ұлғайды. Жергілікті бюджетке салық түсімдері 20, 1% - ға өсті. Алматы облысы мен ОҚО-дан кейінгі үшінші орынды иемденді. 2017 жылы жастар жұмыссыздығының үлесі (15-тен 24 жасқа дейін) 40, 4% - ға төмендеді.

2018 жылдың қаңтарында облысқа жаңа әкім - ОҚО бұрынғы әкімі және ауыл шаруашылығының бұрынғы министрі Асқар Мырзахметов тағайындалды. Бұл қызметті 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарған Жамбыл облысының бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев Қырғызстанға елші болып тағайындалды.

"Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне Мониторинг жүргізу" зерттеу шеңберінде алынған Transparency Kazakhstan деректері бойынша Жамбыл облысында халықтың да, бизнестің де сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі ең жоғары.

Дүниежүзілік банк Doing Business зерттеуінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Жамбыл облысын да соңғы орынға қойды.

Кесте 3

Жамбыл облысы бойынша 2018-2019 жылдардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау

Көрсеткіштері
Өлшем бірлігі
2018
2019
Өзгеру қарқыны 2018/2019
+, -
%
Көрсеткіштері: Халық саны
Өлшем бірлігі: адам
2018: 1 117 220
2019: 1 125 442
Өзгеру қарқыны 2018/2019: 8 222
0, 7
Көрсеткіштері: Жұмыссыз адамдар саны
Өлшем бірлігі: адам
2018: 23 461
2019: 26 035
Өзгеру қарқыны 2018/2019: 2 574
11
Көрсеткіштері: Орташа айлық жалақы көлемі
Өлшем бірлігі: теңге
2018: 126 000
2019: 109 720
Өзгеру қарқыны 2018/2019: -16 280
-12, 9
Көрсеткіштері: Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
Өлшем бірлігі: адам
2018: 226 795
2019: 180 410
Өзгеру қарқыны 2018/2019: -46 385
-20, 5
Көрсеткіштері: Кедейшілік деңгейі
Өлшем бірлігі: %
2018: 7, 6
2019: 4, 6
Өзгеру қарқыны 2018/2019: -3
-39, 5
Көрсеткіштері: Орташа жан басына шаққанда халықтың номиналды кірістері
Өлшем бірлігі: теңге
2018: 103 200
2019: 61 301
Өзгеру қарқыны 2018/2019: -41 899
-16, 3
Көрсеткіштері: Барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі
Өлшем бірлігі: млн. теңге
2018: 193 700
2019: 464 808
Өзгеру қарқыны 2018/2019: 271 108
140
Көрсеткіштері: Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім
Өлшем бірлігі: теңге
2018: 603 300
2019: 950 700
Өзгеру қарқыны 2018/2019: 347 400
57, 6

2019 жылғы Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен Республика бойынша:

-халық санымен - 1 125 442 адам - 6-орын;

-жұмыссыз адамдар санымен - 26 035 адам - 6-орын;

-орташа айлық жалақы көлемі - 109 720 теңге - 16-орын;

-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 180 410 адам - 4-орын;

-кедейшілік деңгейімен (күнкөріс минумымынан төменгі кірісі бар халықтың үлесі) - 4, 6% - 6-орын;

-орташа жан басына шаққанда халықтың номиналды кірістерімен - 61 301 теңге - 15-орын;

-барлық экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемімен - 464 808 млн теңге - 16-орын;

-жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімімен (2019 ж., 9 ай) - 950 700 теңге - 16-орынға жайғасты.

Жамбыл облысындағы жұмыссыз адамдар саны - 26 035, ал өзін-өзі жұмыспен қамтушылар - 180 410 адам. Шындығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген азамттар бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін, сонымен қатар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың ішінде де бәрінің бірдей тұрақты табысы бар деп айту қиын.

Аймақтағы орташа айлық жалақы көлемі 109 720 теңге. Ел бойынша 16-орында, одан кейін тек Түркістан облысы тұр. Кедейшілік деңгейі, яғни, күнкөріс минумымынан төменгі кірісі бар халықтың үлесі 4, 6 пайыз. Бұл көрсеткіш те шынайы жағдайды көрсетпейді. Себебі, күнкөріс минумымының өзі аз. Сондықтан, орташа жан басына шаққандағы халықтың номиналды кірістерін қарау керек: бұл көрсеткіш Жамбыл облысында - 61 301 теңге, еліміз бойынша ең соңғы орындардың бірі - 15-орын.

Кесте 4

Жамбыл облысы бойынша 2019-2020 жылдардың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау

Көрсеткіштері
Өлшем бірлігі
2019
2020
Өзгеру қарқыны
+, -
%
Көрсеткіштері: Халық
Өлшем бірлігі: адам
2019: 1 125 442
2020: 1 139 100
Өзгеру қарқыны: 13 658
1, 2
Көрсеткіштері: Инфляция
Өлшем бірлігі: %
2019: 5, 3
2020: 7, 2
Өзгеру қарқыны: 1, 9
35, 8
Көрсеткіштері: Жұмыссыздық деңгейі
Өлшем бірлігі: %
2019: 2, 3
2020: 4, 9
Өзгеру қарқыны: 2, 6
113
Көрсеткіштері: ЖӨӨ
Өлшем бірлігі: %
2019: 84, 5
2020: 103, 4
Өзгеру қарқыны: 18, 9
22, 4
Көрсеткіштері: Орташа айлық жалақы бағалау бойынша
Өлшем бірлігі: теңге
2019: 109 720
2020: 168 838
Өзгеру қарқыны: 59 118
53, 9

Салада кен өндіру өнеркәсібінің 3, 1% - ға, электрмен жабдықтаудың 8, 6% - ға, сумен жабдықтаудың 11, 6% - ға ұлғаюы есебінен өсуге қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өткен жылдың тиісті кезеңінде 100% деңгейінде қалыптасты. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің 2, 7% - ға өсуі (71, 5 млрд. тг. ) өсімдік шаруашылығы (6, 3%) және мал шаруашылығы (2, 6%) өнімдерін өндіру есебінен қамтамасыз етілді. Мал шаруашылығында ет өндірісі 2, 2% - ға, сүт өндірісі 1, 9% - ға, жұмыртқа өндірісі 3, 6% - ға ұлғайды. Ірі қара мал басы 8, 2% - ға, қой басы 3, 2% - ға, жылқы басы 11, 5% - ға, түйе басы 4, 9% - ға, құс басы 4, 8% - ға ұлғайды. Инвестициялар 139, 2 млрд. - қа тартылды немесе 6, 4% - ға ұлғайды. Медициналық бұйымдарды өндіру бойынша "Super pharm" ЖШС медициналық бұйымдар үшін шикізат өндіру бойынша цех іске қосылады (құны - 4 млн, АҚШ доллары) және 2021 жылдан бастап бір реттік медициналық шприцтер шығару жоспарлануда (құны - 1, 8 млрд. тг. ) . "Амир и Д" ЖШС а. ж. қыркүйек айында экспресс тестілер шығаруды бастайды (құны -2, 2 млрд. тг. ) . "Қарапайым заттар экономикасы" шеңберінде 68, 8 млрд. теңге сомасына 123 жоба кредиттелді ("Қазфосфат" ЖШС - 40 млрд. теңге; "TALAS INVESTMENT COMPANY"ЖШС - 18, 7 млрд. теңге; "АЛЕЛЬ АГРО" - 4, 3 млрд. теңге) . 60 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізілуде, өсім 21, 2%. Өсуге дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мемлекеттік бағдарламалар бөлген қосымша қаражат нәтижесінде қол жеткізілді. Облыста 1335 жобаның құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 250, 7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 10, 9% - ға артық.

2. 2. Жамбыл облысы бюджетінің кіріс және шығыстарын талдау

Диаграмма 1

Обылс бюджетінің кірістері млн. теңге

Ұсынылған диаграмма Жамбыл облысының бюджет кірістерінің құрылымын объективті сипаттайды. Диаграмма 1-де табыстың негізгі бөлігін субвенциялар түріндегі өтеусіз түсімдер құрайтындығы суреттелген. Бюджеттің жарты бөлігін нысаналы трансферттер мен өзіндік кірістер алады. Олардың ең көп үлесін «Тараз металлургия зауыты ЖШС», «Казфосфат ЖШС» «Жамбылгипс АҚ» бар, олар жеке тұлғалардың кірістеріне салық, жер салығы және қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем бойынша негізгі салық төлеушілері болып табылады.

Диаграмма 2

Облыс бюджеті кірісінің республикадан тәуелділігі

облыс

республика

Өзіндік кірістің облыс бюджетінің аз үлесін алуының себебі - ірі кәсәпорындар мен өндірістердің аз болуы болып табылады және Жамбыл облысында өз-өзін жұмыспен қамтығандар республика бойынша алдыңғы орында тұр.

Ең үлкен көлем, жыл сайын шамамен 80, 2%, Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінің басқа бюджеттерінен өтеусіз түсімдер болып табылады. Оның ішінде өтеусіз түсімдердің жалпы көлемінде бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіруге арналған дотациялар, қалғаны субсидиялар мен субвенцияларды құрайды. Өтеусіз түсімдердегі басым үлесті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының берілген мемлекеттік өкілеттіктерді орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттер бөлетін субвенциялар алады. Сондай-ақ, қарастырылып отырған кезеңде бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіруге арналған дотациялардың бір бөлігі жеке тұлғалардың кірістеріне салынатын салықтан аударымдардың қосымша нормативімен алмастырылғанын атап өткен жөн, бұл оюлыс бюджетіне осы салық бойынша қосымша түсімдерді тартуға және осылайша жергілікті бюджеттің өтеусіз түсімдерге, атап айтқанда, бюджеттік қамтамасыз етуді теңестіруге арналған дотацияларға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк саласындағы мемлекеттік басқару, оны жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы
«Қазпочта» Акционерлік Қоғамының Батыс Қазақстан Облыстық филиалына жалпы сипаттама
Банктік несие
Маңғыстаумұнайгаз АҚ- ның ішкі шаруашылық жоспарлау басқармасы
Диплом алды тәжірибеден өту жөніндегі есептеме МанғыстауМұнайгаз АҚ
Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы
Құнды қағаздарды техникалық талдау
Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі
Коммерциялық банктердің қызметін ұйымдастыру және банк ресурстарының қалыптасуы
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz