Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Агробиология факультеті
«Топырақтану және агрохимия» кафедрасы РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Малазықтық ауыспалы егістік дақылдарының тыңайту жүйесі.
Орындаған: Кеншімбаева Н.
Тобы: АГ-302Қ
Қабылдаған: Қараева Қ.
Алматы 2021 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Өсімдіктерді талдау және тыңайтқыштарды қолдану
2. Тыңайтқыш қолдану жүйесi туралы түсiнiк және оның мiндеттерi
3. . Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ауыспалы егiс
деп - ауыл шаруашылығы дақылдарының, керек жағдайда сүрi жердiң, танаптарда және уақыт кезеңiндегi немесе тек уақыт кезеңiндегi ғылыми негiзделiп алмасуын атайды. Дақылдарды алмастыру туралы жазбаша деректер римдiк жазушы - аграрилердiң еңбектерi арқылы бiзге жеттi. Осыдан екi мың жыл бұрын ертедегi агрономдар өсiрiлетiн дақылдарды алмастырудың тиiмдi екенiн атап көрсеткен. Мысалы, Варрон (б. э. д. 116-27 ж. ) ”кейбiр дақылдарды тек жоғары өнімділігі үшiн ғана емес, келесi жылғы алынатын өнім үшiн де өсіруге болады” - деген екен. Римдiк басқа бiр агроном Катон (б. э. д. 234-149 ж. ) егiншiлерге “жердi жыл өткен соң . . . оның сөлiн аз алатын, жеңiл егiске қалдыру керек” - деп кеңес берген. Дақылдарды кезектестiрудiң пайдасы туралы Вергилий (б. э. д. 70-19 ж. ) бұдан да нақты жазды: “Жемiс алмастыру арқылы танаптар дем алады”.
Ауыспалы егiстiң бiр жақсы алғы егiсiнен басталып, екiншi жақсы алғы егiстiң алдында бiтетiн бөлігін буыны деп атайды. Буынның атын ол басталатын негiзгi алғы дақылға байланысты бередi: сүрi танапты, отамалы, шөптi. Бiр буын 2-4 танаптан тұруы мүмкiн.
Ауыспалы егiстердi жiктеу. Егiншiлiк аймақтарының топырақ-климат ерекшелiктерiнiң және өсiрiлетiн дақылдардың түрлерiнiң көптiгi ауыспалы егiстiң сұлбасының алуан түрiн бередi. Сондықтан оларды жiктеудiң өзіндiк қиындықтары бар. Сонымен қатар арнайы, танаптық, шөптанаптық деген түсiнiктер де көңілге қона қоймайды. Арнайы (мамандандырылған) ауыспалы егiстер дәндi, мақталы, күрiштi, көкөністi, мал азықтық т. б. болуы мүмкiн. Барлық ауыспалы егiстер танаптарға орналасатын болғандықтан танаптық деген атаудың да берерi шамалы. Профессор Роктанэн Л. С. және Томилов В. П. (62) ауыспалы егiстердiң төмендегi белгiлерi бойынша бұрыннан белгiлi жiктеулердiң (13, 71) жаңа редакциясын ұсынды:
-дақылдардың кұрамы немесе негiзгi дақылы бойынша;
-буындарының аталуы бойынша;
-танаптарының санына қарай;
қосымша(арнайы) белгiсi бойынша дақылдарының құрамы бойынша ауыспалы егiстер дәндi, мал азықтық, көкөністiк, күрiштiк, мақталық т. б. немесе дәндi мал азықтық т. б. болуы мүмкiн. Танаптарының саны бойынша - үш, төрт, бес, алты т. с. танапты болып бұлiнедi. Төртiншi белгiсi бойынша ауыспалы егiстiң аталуы толықтандырылуы мүмкiн. Мысалы, топырақ қорғайтын, мал фермаларының маңайына орналасқан, көп жылдық шөптерден тұратын шықпа танапты. Ал енді ауыспалы егіс дегеніміз не деген сұраққа жауап бере кетсек:Ауыспалы егiс деп - ауыл шаруашылығы дақылдарының, керек жағдайда сүрi жердiң, танаптарда және уақыт кезеңiндегi, немесе тек уақыт кезеңiндегi ғылыми негiзделiп алмасуын атайды. Дақылдарды алмастыру туралы жазбаша деректер римдiк жазушы - аграрилердiң еңбектерi арқылы бiзге жеттi. Осыдан екi мың жыл бұрын ертедегi агрономдар өсiрiлетiн дақылдарды алмастырудың тиiмдi екенiн атап көрсеткен. Мысалы, Варрон (б. э. д. 116-27 ж. ) ”кейбiр дақылдарды тек жоғары өнімділігі үшiн ғана емес, келесi жылғы алынатын өнім үшiн де өсіруге болады” - деген екен. Римдiк басқа бiр агроном Катон (б. э. д. 234-149 ж. ) егiншiлерге “жердi жыл өткен соң . . . оның сөлiн аз алатын, жеңiл егiске қалдыру керек” - деп кеңес берген. Дақылдарды кезектестiрудiң пайдасы туралы Вергилий (б. э. д. 70-19 ж. ) бұдан да нақты жазды: “Жемiс алмастыру арқылы танаптар дем алады” (Ауыспалы егiстiң бiр жақсы алғы егiсiнен басталып, екiншi жақсы алғы егiстiң алдында бiтетiн бөлігін буыны деп атайды. Буынның атын ол басталатын негiзгi алғы дақылға байланысты бередi: сүрi танапты, отамалы, шөптi. Бiр буын 2-4 танаптан тұруы мүмкiн. Бiр буынды ауыспалы егiстiң сұлбасының мысалдары:
1. Жаздық жұмсақ бидай
2. Тары
3. Арпа
4. Қарақұмық
5. Түйежоңышқа
Негізгі бөлім
1. Өсімдіктерді талдау және тыңайтқыштарды қолдану
Соңғы кезде өсімдіктердің қоректену жағдайларын олардың химиялық құрамы бойынша диагностикалау қажеттігі айтылып жүр. Өсімдіктік диагностикалау болашағы бар жаңа әдіс болып табылады. Бұл әдіс ауылшаруашылық дақылдардың тыңайтқыштарға нақты мұқтаждығын дәлдейді және вегетациялық кезеңде өсімдіктердің қоректенуін жақсарту жөніндегі шараларды қолдануға мүмкіндік береді.
Диагностика әдістері:
1. Визуалды - қоректену заттың жетіспеушілігі туралы оның сыртқы түрі және өсімдіктің түсі бойынша білу.
2. Қоректену элементінің әлсіз ерітіндісін жеке жапыраққа, жапырақ сағағына, немесе өсімдік сабағына инемен еңгізіп, өсімдік органдарының сыртқы түріндегі (өсімі, тургоры, түсі) өзгерістерді өлшеу.
3. Өсімдіктерді химиялық талдау:
• жалпы (өсімдіктерді күлдендірген соң ) ;
• өсімдіктерден алынған сүзіндіні талдау;
• өсімдіктердің кесіктерінде немесе шырындысының тамшысында жедел-талдау.
Жапырақтық (ұлпалық) талдау қоректену заттардың жетіспеуін ертерек анықтауға мүмкіндік береді (өсімдіктердің жапырақтарында «ашығу» белгілерімен байқалу мерзімдерімен салыстырғанда) . Өсімдіктердің қолайлы қоректену деңгейі өнімділік шамасымен, жапырақтардың, толық өсімдіктердің химиялық құрамымен және өнім сапасымен себептеледі. Ауылшаруашылық дақылдарын тыңайтудың ұтымды тәсілдерін табу мақсатында өсімдіктердің қоректену физиологиясының маңызды мәселелерінің бірі олардың өсу кезеңдері бойынша қоректену элементтерін қажет етуін зерттеу болып табылады. Өсімдіктердің дұрыс дамып өсуі үшін онтогенездің әр сатысында минералдық қоректену жағдайлары өсімдік ағзасының талабына сәйкес болу керек. Өсімдіктердің минералдық заттарға мұқтаждығын толық өсімдіктің немесе жапырақ-индикаторының химиялық құрамы арқылы білуге болады. Атап айтқанда, өнімнің органикалық заттары жапырақтарда құралады. Сондықтан, жапырақтарды талдау өсімдіктердің қоректену заттарымен қамтамасыз етілу туралы ең дәл ақпарат береді. Жапырақтың талдау нысаны ретінде келесі артықшылықтары бар:
• физиологиялық тұрғыда ол ең белсенді орган;
• онтогенез үрдісінде оның химиялық құрамы толық өсімдіктің құрамындай өзгереді;
• өсімдіктің нақты физилогиялық жасын сипаттайды;
• үлгі алу өсімдікке айтарлықтай зиян келтірмейді. Сондықтан, жапырақтың немесе жапырақ сағағы шырындысының құрамы бойынша толық өсімдіктердің өсу және даму кезеңінде қоректену элементтерімен қамтамасыз етілу туралы білуге болады.
И. В. Мосолов (1969) айтуынша өсімдік ағзасының барлық тіршілік циклын (себуден бастап дәндер піскенше дейін) шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Әр кезең өзіне тән, анық бағытталған физиологиялық процесстерімен, сондай-ақ өсімдіктердегі синтез-гидролиз үрдістерінің әр түрлі ара қатынасымен сипатталады.
Бірінші кезеңде (тұқымдардың көктеуінен өскіндеген тұқымдарда немесе түйнектерде ассимиляция бетінің пайда болуына дейін) ыдырау үрдісі құрастыру үрдісінен басым болып келеді. Бұл кезеңде алғашқы тамыр жүйесі қалыптасады. Осы кезде тұқымдардың пластикалық заттары толық пайдаланған сайын өсімдіктердің өсіп, дамуы тезірек жүреді. Картоптың аналық түйнектерінде азот, фосфор және калий аз болады. Тамырлар пайда болысымен, бірақ өскіндеуге дейін картоп топырақтан қоректену заттарын пайдаланады.
Екінші кезеңде (ассимиляциялық беттің пайда болуынан және тамыр жүйесінің қарқынды дамуынан бастап гүлденуге дейін) дәнді және көкөніс дақылдарының, картоптың вегетативтік массасы қарқынды өседі. Бұл кезеңде құрастыру үрдісі басым болып, қоршаған ортадан қоректену заттары мол пайдаланады.
Үшінші кезеңде (гүлдену басынан өсімдіктің толық пісуіне дейін) өсімдіктер кәртайған сайын олардың вегетативті органдарында және тамырларында ыдырау үрдісі күшейеді, содан кейін бұл үрдіс құрастыру үрдісінен басымдайды. Бірақ тұқымдарда, түйнектерде, тамыр, сабақтарда құрастыру үрдісі басым болып қала береді. И. Г. Дикусар (1967) зерттеулері бойынша вегетация кезеңінің бірінші жартысында жапырақтардың ассимиляциялық бетінің күшті дамуы өсімдіктердің қарқынды азоттық қоректену талабымен сәйкес келеді. Кейін, біркелкі азоттық қоректенуде фосфордың және калийдің маңызы зор. Қоректену жағдайларын өзгерте отырып, бұл үрдістерді бәсеңдетуге немесе үдетуге болады. Осыған байланысты өсімдіктердің өсіп-дамуы әр түрлі болып, өнімнің шамасы мен сапасы өзгереді (Д. Н. Прянишников, 1952; Д. А. Сабинин, 1971; А. В. Петербургский, 1973) . Қоршаған ортаның жағдайлары өсімдік ағзасының ішіндегі процестердің бағытын өзгертеді, ал қоршаған ортадан қоректену заттарын пайдалануда өсімдік ағзасының ішкі күй-жайының маңызы өте зор. Өсімдік тіршілігінің әр түрлі кезеңдерінде қоректену элементтерінің қажеттігін қанағаттандыру үшін және қоршаған ортаның факторларының (температура, топырақ тың және ауаның ылғалдығы) қоректену үрдісіне тигізетін теріс әсерлерін азайту мақсатында дақылдардың физиологиялық ерекшеліктерін және топырақтың агрохимиялық қасиеттерін ескере отыра, тыңайтқыштарды қолдану керек. Мұнда тыңайтқыштарды түйістіріп, сурытпақтап, қатарлап және тамырдан тыс беру тәсілдерін қолдануға болады. Топырақтағы қоректену элементтерінің қорын анықтау және минералдық қоректенуді өсімдіктік диагностикалау - егіншіліктегі бірыңғай өндірістік бақылаудың екі жақтары. Осы келтірілген жайлар қоректенудің, сондай-ақ өсу фазаларына қатысты қоректену жайларын және тыңайтқыштардың нормаларын есептеудің теориялық негіздеуі болып табылады.
2. Тыңайтқыш қолдану жүйесi туралы түсiнiк және оның мiндеттерi
Ауыл шаруашылығын одан әрi дамытудың кәзіргі кезеңiнде тыңайтқыштардың барлық түрлерiн тиiмдi‚ әрi дұрыс пайдаланып және жалпы егiншiлiк мәдениетiн көтеру арқылы дақылдардың шығымдылығын арттырудың маңызы зор. Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының көп жылдар бойы жұргiзген жұмыстары, Республиканың оңтүстiк аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса суармалы боз және қоңыр топырақтың құнарлылығы жақсаратынын‚ қант қызылшасының‚ күздiк бидайың‚ жоңышқаның түсiмдiлiгi күрт артатынын‚ ауыспалы егiсте өсiрiлген мақтадан өнiм бiр жарым еседей көп алынатынын көрсеттi. Қызылорда облысында тыңайтқыш қолдану арқылы шалғынды-батпақ топырақта өсiрiлетiн күрiштiң өнiмi едәуiр артты. Республика жағдайында ғылыми негiзде қолданылған минералдық тыңайтқыштың қант қызылшасының түсiмiн 150-250 ц‚ мақтаның 10-12 ц‚ күрiштiң 20-25 ц‚ жүгерi дәнiнiң түсiмiн 25-30 ц арттырады. Жалпы тыңайтқыш қолдануда дақылдардың өсу‚ даму‚ қоректену ерекшелiктерiн бiлу жеткiлiксiз. Сонымен қатар қолданылатын тыңайтқыштың физикалық‚ химиялық қасиеттерiн‚ құрамындағы қоректiк заттардың өсiмдiкке сiңiмдiлiгiн‚ топыраққа еңгізгенде қандай қосылыстар тұзiлетiнiн және топырақ құрамындағы қоректiк заттардың түрлерi мен мөлшерiн бiлу керек. Бұл мәселелердiң барлығы тыңайту жүйесiнде толық баяндалады.
Сөйтiп тыңайту жүйесi дегенiмiз дақылдардың өнiмi мен оның сапасын‚ топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиiмдi‚ әрi жоспарлы түрде қолдану үшiн дайындалған ұйымдастырушылық‚ шаруашылық және агрономиялық шаралардың жиынтығы. Тыңайту жүйесi шаруашылықта‚ ауыспалы егiсте және ауыспалы егiстiң жеке дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесi болып ажыратылады. Тыңайтқыш қолданудың осы үш түрi бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн жоғарылатуға‚ оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды тиiмдi пайдаланудың агрономиялық‚ ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жиынтығы. Бұл шараларға минералдық тыңайтқышты дұрыс сақтау‚ оны топыраққа еңгізудi ұйымдастыру‚ тасымалдау‚ органикалық тыңайтқышты жинау‚ сақтау‚ тыңайтқыштардың өсiмдiкке тигiзетiн әсерiн бақылау‚ олардың агрономиялық және экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау жатады. Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi екi бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiмге тыңайтқыш өндiру‚ дайындау‚ тасымалдау‚ сақтау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн дайындалған шаруашылық‚ ұйымдастырушылық‚ экономикалық шаралар кiредi. Екiншi бөлiмi ауыспалы егiстерге тыңайтқыштарды бөлу жатады. Мұнда ауыспалы егiс дақылдарының биологиялық ерекшелiктерi мен топырақ-климат жағдайларын ескеру керек.
Ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз топырақ құнарлылығын‚ дақылдардың биологиялық ерекшелiктерiн және пайдаланылатын тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттерiн ескере отырып ауыспалы егiстiң жеке танаптарына тыңайтқыштарды бөлу. Ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану жүйесi шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң бiр бөлiмi болып саналады. Мұнда тыңайтқыш тиiмдiлiгi ауыспалы егiсте дақылдарды дұрыс алмастырса жоғары болады. Жеке дақылдарды тыңайту жүйесiне оларға қажеттi тыңайтқыш мөлшерiн‚ беру мерзiмiн‚ әдiсiн белгiлеу шаралары жатады. Ол үшiн жоспарланған өнiм деңгейiн‚ өсiмдiктердiң қоректенуiнiң биологиялық ерекшелiктерiн‚ топырақ-климат жағдайларын, қолданылатын тыңайтқыш қасиетiн‚ шаруашылықтың экономикалық жағдайын ескеру керек.
Өсiмдiктiң қоректiк элементтердi барынша көп пайдалану кезеңiнде оның өсуi мен денесiнде құрғақ заттың қорлануы және қоректiк заттарды қабылдау қарқыны шұғыл жоғарлайды. Бұл кезеңде тыңайтқыш тиiмдiлiгi жоғары дәрежеде байқалады.
Тыңайту жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:
• ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттыру және оның сапасын жақсарту;
• топырақтың нәтижелi (тиiмдi) құнарлылығын ұдайы жоғарылату;
• органикалық және минералдық тыңайтқыштардың тиiмдiлiгiн арттыру;
• тыңайтқыштардың сыртқы ортаға тигiзетiн зиянды әсерiн мейлiнше азайту. Республиканың ғылыми мекемелерi мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың тәжiрибелерi Қазақстанның барлық аймағында тыңайтқыш қолдану тиiмдi екенiн дәлелдеп отыр. Қазақ астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мәлiметтерi бойынша тыңайтқыштың бiр кг әсерлi заты кәдiмгi қара топырақта 14‚8 кг‚ оңтүстiк қара топырақта 8‚5 кг‚ қара топырақта 8‚8 кг қосымша астық дәнiн жинауды қамтамасыз етедi. Тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң тиiмдiлiгi бiрнеше фактордың әсерiне байланысты. Ауыспалы егiс дақылдарының өнiмiн молайту үшiн олардың қоректiк заттарды пайдалануын‚ топырақ жағдайын және дақылдардың биологиялық ерекшелiктерiн ескерген жөн. Әрбiр жергiлiктi аймақта егiлетiн дақылдардан мол және сапалы өнiм алу үшiн тыңайтқыш қолдану жүйесiн жете игерiп‚ агротехникалық шараларды дұрыс жүргiзудiң орасан зор маңызы бар.
3. Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Мал азықтық екпе шөптер мен табиғи жайылымдықтардың өнiмiн көтеру үшiн түрлi агротехникалық шаралар қолданылады. Солардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi-тыңайтқыштарды тиiмдi пайдалану. Бiржылдық астық тұқымдас шөптердiң iшiнде судан шөбi - ең бағалы малазықтық өсiмдiк. Оның 100 кг шөбiнде орта есеппен 55 малазықтық бiрлiк және 56 кг қорытылатын протеин болады. Судан шөбiнiң бiр тонна құрғақ массасының құрамында 15 кг азот, 5 кг фосфор және 34 кг калий бар. Бұл шөптiң өнiмiне азот және фосфор едәуiр әсер етедi.
103-кесте. Азот тыңайтқышының судан шөбiнiң балаусасы өнiмiне әсерi (Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агрохимия және топырақтану кафедрасының мәлiметi), ц/га.
Жүргiзiлген зерттеулерге қарағанда бұл дақылдың өнiмiн және сапасын көтеру үшiн алғы дақылға 100-120 кг фосфор мен калий қолданып, судан шөбiне 120-180 кг азот берген дұрыс. Мұндай тыңайту жүйесi гектарынан 55-650 ц көк балауса жинауды қамтамасыз етедi. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер бiр орында үш-төрт жыл бойы өсiрiлгенде топырақта гектарына 150-300 кг азот жиналады. Жоңышқаның бiр тонна шөбiнiң құрамында 25 кг азот, 4, 9 кг фосфор, 35 кг калий болады. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер топырақта фосфор мен калийдiң мол болуын қалайды. Ал азот оларға өте аз мөлшерде қажет болады. Республиканың әртүрлi аймағында өсiрiлетiн көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден мол өнiм алу үшiн бiр кг топырақта жылжымалы фосфор мөлшерi 30-32 мг болуы керек.
104-кесте. Тыңайтқыштың жоңышқа шөбiнiң өнiмiне әсерi (Қазақ ұлттық аграрлық университетінің агрохимия және топырақтану кафедрасының мәлiметi) .
Тыңайтқышсыз Р 270 К 180
N 180 P 270 K 180
360
545
555
-
185
195
415
535
560
540
-
120
145
125
Тыңайтқышсыз P 90 K 180 N 180 P 180 K 270
K 180
450
540
570
511
-
90
120
61
Жоңышқа калий элементiн жақсы көретiн өсiмдiк. Гектарына 60 кг есебiнде калий қолдану өнiмдi 8-11%-ке арттырады. Калийдiң жылдық мөлшерi 100-270 кг/га аралығында болуы керек. Фосфор мен калийдiң жылдық мөлшерiн сүдiгер жыртар алдында бередi. Екiншi және үшiншi жылы өсiп тұрған көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерге фосфор мен калий тыңайтқыштарын қолданудың қажетi жоқ. Тұқымды себу кезiнде гектарына 20-30 кг фосфор тыңайтқышын пайдаланудың маңызы зор, өйткенi ол өсiмдiктiң тамырының тез өсуiне, тереңдеуiне көмектеседi.
105-кесте. Шалғынды-қара қоңыр топырақта орналасқан малазықтық ауыспалы егiс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң үлгi схемасы.
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
P 30
-
-
-
-
-
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
120
125
130
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
120
125
130
-
P 60
-
-
-
-
-
-
-
-
P 60
-
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
895
1012
1012
N 270 P 150 K 90 N 270 P 50 K 90
N 270 K 90
N 180 P 120 K 90 N 180 P 50 K 90
N 180 K 90
P 30
-
-
N 90
N 90
N 90
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
N 60
N 60
N 60
Төмен
Көтерiңкi Жоғары
N 120
N 120
N 120
P 20
P 20
N 60
N 60
N 60
106-кесте. Гранулометриялық құрамы жеңiл боз топырақта орналасқан малазық ауыспалы егiс дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң үлгi схемасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz