Топырақ туралы түсінік
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
Агробиология факультеті
Агрономия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Топырақтың беткі қабатының желге төзімділігіне баға беру.
Орындаған:Кеншімбаева Н.
Тобы:АГ-302Қ
Қабылдаған:Жұматаев М.
Алматы 2021 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе.
Топырақ туралы түсінік.
II.Негізгі бөлім.
1.Топырақтың механикалық құрамы.
2.Топырақ эрозиясының түрлері және күресу шаралары.
3.Топырақтың беткі қабатының желге төзімділігіне баға беру.
III.Қорытынды.
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Топырақ - негізі және алмастыруға болмайтын ауылшаруашылығы өндірісінің құралы. Ол өсімдіктерді сумен, минералдық қорек элементтерімен қамтамасыз етеді және оған өсімдіктердің өсуі, дамуы және өнімі тәуелді.Топырақ деп - құрлықтың жоғарғы құнарлы қабатын атайды. Топырақ судың, ауаның және тірі жәндіктердің литосфераның жоғарғы қабаттарына әсер етуінен пайда болады және бір-бірімен байланысты қабаттардан тұрады.Құнарсыз жыныстарға негізгі тау жыныстарының үгінділері мен қиыршық құмдар жатады. Сор, сортаң топырақтарды құраушы тұзды жыныстарға, құрамында ерітінді тұздар мол болғандықтан, шаруашылыққа тиімсіз, өндірістік маңызы жоқ жыныстар жатады. Топырақтың ең негізгі пайдалы қасиеті-оның құнарлылығы болып табылады, тек құнарлы топырақтарда егілген дақылдардан ғана мол да сапалы өнім алуға болады.
Топырақ түзілу процесінің негізі- жердің үстінгі қабатында минералдық қосындылардан органикалық заттарды құрау және бұған керісінше оларды қайтадан минералдандыру болып табылады. Сондықтан топырақ жаралуында биологиялық фактор басты факторға жатады. Топырақ жәндіктер (жауын құрты, төменгі сатыдағы жәндіктер, құрт-құмырсқалар) үнемі жылжып отырғандықтан, топырақ қыртысын қопсытады да, оның қуысын көбейтеді, ауа, су, жылу сіңіру қабілетін реттейді. Олардың кейбіреулері топырақты өз денесінен өткізіп, оның химиялық құрамын өзгертеді де, топырақтағы микробиологиялық жұмыс бағытын анықтайды. Жылу температурасы көтерілген сайын топырақ қабатындағы химиялық және биологиялық жұмыстары күшейе түседі, химиялық реакциялар тез жүреді, топырақтағы микроорганизмдер белсенді қимылдайтын болады.
Топырақтың құралуына желдің де әсері зор. Жел жер бетіндегі ұсақ түйіршікті бөлшектерді үрлеп, топырақтың үстімен жылжытады (дефляция желмен, эрозия сумен). Ұшырылған тозаң, шаң биіктен төменге, тегістік беткейден жыра-сайларға жиналады.
Климат-жер бетіндегі белгілі бір өңірге тән және сол өңірдің географиялық сипаттамаларының бірі саналатын ауа райының ондаған жылдар бойына қалыптасқан тәртібін білдіреді. Атмосфераның төселме бетпен өзара күрделі әрекеттерінің нәтижесінде климат қалыптасады. Әр түрлі ендікте климат бірдей емес. Жылулық белдеулердің пайда болуы осы арқылы түсіндіріледі. Жер бетіндегі климат жағдайлары географиялық ендіктерге тікелей байланысты. Топырақ құралу процесіне климаттың тигізетін әсері биологиялық факторларға тікелей байланысты. Климаттың жергілікті ерекшеліктері сол өңірдегі өсімдік дүниесінің ықпалымен пайда болады. Өсімдіктер жерге таяу қабатта жылу алмасу процесін күрделендіре түседі. Шөп, күн радиациясына тосқауыл болады. Мәселен, биіктігі 50 см қарабас шалғыны жапқан жерге 20 проценттей ғана радиация өтеді, ал қара бидай өскен егіске небәрі 10 проценттей ғана радиация жетеді екен. Бірақ өсімдік мұнымен қатар жер бетіне түскен жылу сәулесін де кідіртеді. Сондықтан шөп жамылған жер бетінің температурасы төмен, ал оның, ауытқу көлемі бір қалырты болады.
Жер бедері-құрлықтың беті мен мұхиттың түбінің бедерлерінің жиынтығы. Жер бедері топырақ құраушы басты факторлардың бірі болып саналады. Себебі күн сәулесі мен ылғалдың таралуы соған байланысты. Өлшемдеріне қарай жер бедері мегарельефке (континенттік жондар мен мұхиттық шұнғыма), микрорельефке (таулы өлкелер мен жазықтар), мезорельефке (аңғарлар, қарлы белестер) бөлінеді. Жалпы жер бедерінің ойлы-қырлы немесе тегіс жерінің көлемі үлкен (бірнеше жүз шақырымға жетеді) болатын бөлігін (макро) үлкен жер бедері дейді. Топырақ құралу процесіне жер бедерінің жанамалы түрде ғана қатысы болады. Өйткені, оның ықпалы климат элементтерінің әсерінен топыраққа жеткенше өзгеріп отырады. Тегіс жерлерге жауын-шашын, жылылық және жарық біркелкі, ал дөңесті, таулы өлкелерде ала-құла түседі. Сондықтан да, әдетте, жер бедерін климат жағдайларын қайта бөлуші фактор дейді. Тегіс жазық жерлерде топырақ түрлері біркелкі, ал ойлы-қырлы жерлерде топырақ әр түрлі болады.
Əдетте, топырақтың:
А - қарашірінді жиналған қабат;
В - иллювиальді немесе аралық қабат;
G - глей;
C - аналық тау жынысы;
Д - астыңғы тау жынысы;
E - элювиальды қабат;
AЕ - қарашірінді элювиальды қабаты;
О - орман төсеніші;
T - шымтезек сияқты генетикалық қабаттары ажыратылады.
O - (ескіше Ао немесе Ад) - органогенді қабат, орман ішінде түскен, құраған жапырақтардан, ал далалық аймақта шөптесін өсімдіктерінің қалдықтарынан құралған, тың жерде болатын топырактың ең үстіңгі қабаты.
A - қарашірінді жəне қоректік заттар жиналатын топырақтың жоғарғы жағында қалыптасқан қабат. Минералды заттардың бұзылуы мен сілтісізденуі байқалмайды. Түсі басқа қабаттарға қарағанда, күңгірт келеді.
АЕ - қарашірінді элювиальды қабатта қарашірінді жиналуымен қатар, минералдардың бұзылуы жəне ыдыраған заттардың төменгі қабаттарға шайылып жылжуы байқалады.
Е - (ескіше Аг) - элювиальды қабатта топырақ түзілу процесі кезінде бірқатар заттар төменгі қабатқа немесе топырақ кескіні астына шашылады. Сондықтан қабатта балшықты минералдар азайып кремний негізді заттар көбейеді.
В - иллювиальды немесе аралық қабатта жоғарғы қабаттан шайылған заттар, кей жағдайда жерасты сулары арқылы келген заттар жиналады. Топырақ кескінімен жылжушы заттарға байланысты иллювиальды қабат əртүрлі қосындылармен, мысалы: қарашіріндімен (Вһ), карбонаттармен (Вк), темір қосындыларымен (Вте) батырылуы мүмкін. Егер топырақта мұндай заттардың жылжуы байқалмаса, онда В қабатын аралық қабат, яғни қаршірінді қабаттан аналық тау жынысы қабатына алмасу қабаты деп атайды.
С - аналық тау жынысы, топырақ түзілу процесінің əсері тимеген немесе оның сəл əсері болған тау жынысы қабаты.
Топырақтың жасы оның жаратылуы мен эволюциялық даму кезеңін көрсетеді. Топырақ жасы абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді. Уақыт факторына көп көңіл бөлген В.В. Докучаев топырақтың жасы деген түсінікті ілімге енгізеді. Ол мұны жер бетінің мұз тараған немесе су астынан шыққан кезінен бастап есептейді. Оңтүстік пен Солтүстік топырақтарының жас айырмашылықтары ондаған мың жылға тең. Ал салыстырмалы жасқа келетін болсақ, бұл белгілі бір абсолюттік жасы бар аймақтың ішіндегі, бедері мен аналық жыныстардың айырмашылығынан пайда болған топырақ түрлерінің жасына сәйкес. Бедер элементтері мен түрлері салыстырмалы жаста немесе одан егде келеді де, ал топырақтарының құрылуы қалайда соған сәйкес болады. Мәселен, өзен жағалауындағы су табанының топырағы мен жайылмадан жоғары жерлердің топырағын салыстырсақ, біріншісің топырағы жаңа құрылган жастау келсе, екіншісінікі егде болады.
Топырақ құралу бағытын және оның сапасын өзгертуде адамның өндірістік қызметінің маңызы зор. Егіншілік бірнеше мың жылдар бұрын пайда болған яғни адам баласы өсімдікті жинаудан бастап оны өндіргенге дейін топырақ еңбек обьектісі және өндіріс құралы болды. Адамның топыраққа тигізген әсері көп. Топырақты өңдеу, шөп егу, орман алқаптарын отырғызу, тыңайту, ауыспалы егіс енгізу, суару-осылардың бәрі топырақ құралу ісінің бағытын өзгертуді тездетеді.
Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақ қабатында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың жиналуы, оның сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады. Топырақтың сіңіру қабілеті деп оның бойында ерітінді және газ күйіндегі заттарды сақтап қалуын айтады. Топырақтың осы қабілеті өз бойында өсімдіктерге қажет заттар мен топырақ ауасын жинауға көмектеседі. Сіңіру қабілеті-әр топырақта әр қилы болады, ол әдетте ондағы ұсақ түйіршіктердің мөлшеріне байланысты. Топырақтың сіңіру қабілетін күшейтетін мұндай ұсақ түйіршіктерді коллоидты түйіршіктер деп атайды. Сіңіру қабілеті бес түрге бөлінеді: биологиялық, механикалық, химиялық, физикалық-химиялық алмастыра сіңіруі, физикалық сіңіру.
Биологиялық сіңіру-мұның топырақтағы қоректік заттардың жуылып кетпей сақталып тұруында үлкен мәні бар. Бұл сіңіру өсімдіктердің тамырлары мен микроорганизмдер тіршілігіне тікелей байланысты.
Механикалық сіңіру қабілеті деп топырақтың басқа түйіршіктер аралықтарында қуыстардың диаметрінен үлкен заттарды сүзіп алып қалуын айтады. Механикалық құрамы сазды және саздақ топырақтың сіңіру күшті болады.
Химиялық сіңіру дегеніміз, оған енген түрлі тұздар мен топырақ ерітіндісіндегі тұздардың өзара химиялық алмасуы. Химиялық сіңіру арқылы түрлі қоспалар құралады.
Физикалық-химиялық алмастыра сіңіруі. Топырақтың иондар сіңіруін, негізінен катиондар сіңіру қабілетін физикалық-химиялық алмастыра сіңіруі деп атайды. Бұл жол бойынша топырақ коллоидтары топыраққа енгізілген тұздар катиондарымен алмасады.
Физикалық сіңіруі қабілеті деп оның түйіршіктерінің сыртқы молекулалық күш әсерімен газды және ерітінді заттарды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабілетін айтады.
Топырақтар округтерге және аудандарға бөлінеді. Арктикалық және субарктикалық зоналар топырағы, тайгалық-ормандық зона топырағы, орманды дала зонасының сұр топырағы, орманды дала және дала зонасының қаратопырағы, құрғақ және шөлді далалардың қызыл және қоңыр топырақтары, құрғақ субтропиктердің тау етегі - шөлдік далалардың сұр топырақтары.
Күлгін топырақ - орманды-шабындық аймақта кездесетін топырақтың бір түрі.
Қара топырақ - орманды дала және аймағында көп жылдық шөптесін өсімдіктер өскен жерде түзетін қарашірігі көп құнарлы топырақ.
Қоңыр топырақ- қуан және шөлейт дала аймақтарда көп таралған топырақтың бір түрі. Қоңыр топырақтың құнары онша емес, бірақ ылғал жеткілікті болған жағдайда егін мен шөп мұнда жақсы өседі.
Сұр қоңыр топырақ шөлді аймақтағы жусанды-баялышты өсімдіктер өскен жер қыртысының үлгісіне жатады. Қоңыр топырақтар оның айырмашылығы - мұнда ең жоғарғы қабатта карбонаттардың көп мөлшерде болуы. Шіріндісі 1-1,2 проценттен артпайды. Сұр қоңыр топырақ аймағы ылғалға тапшы келеді.
Топырақтың ластануы тек қана адамның индустриялық қызметтерінен емес, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің нəтижесінде де жүреді. Топырақты (сол сияқты ауа мен суды) едеуір ластаушы көздер мал шаруашылығының комплекстері. Көбінесе сұйық көң дұрыс сақталмаған жағдайда суларды ластайды. Мысалы, 100 мың бас өсіретін шошқа кешендері немесе 35 мың бас ірі қара өсіретін кешендердің қоршаған ортаны ластау дəрежесі 400, 500 мың халқы бар үлкен өндірістік орталықпен бірдей дəрежеде болады. Сондықтан фермаларда тазартқыш қондырғыларды салу өте қажетті шаралардың бірі. Сонымен қатар, көп жағдайда жанар-жағар майларды сақтау мен тасымалдау дұрыс, талапқа сай орындалмайды. Олар топыраққа түскенде, топырақтың биологиялық белсенділігін нашарлатады. Сол сияқты минералдық тыңайтқыштарды жолдардың, не 4 - 1427 50 егістіктердің жиегінде ашық тастауға болмайды. Мұнай өндіру жəне барлау жұмыстары топырақтың түрлі, жуғыш заттармен ластануына себеп болады. Нəтижесінде мұнай төгіліп, топырақтың бетінде битумды заттардың түзілуіне əкеліп соғады. Бұрғылау жұмыстары кезіндегі қолданылатын жуғыш заттар (каустикалық сода, натрий хлориді, дизель майы, битум) топырақтың тұздануына себеп болады. Əдетте, бұндай жерлерде өсімдіктер өспейді. Көптеген жерлер тұрмыстық жəне өндірістік қалдықтары жинақталған қалдық үйінділермен ластанады. Бұл үйінділерде тұрғын үйлер, мекемелерден шыққан қалдықтар, əртүрлі синтетикалық материалдардан жасалған тұрмысқа қажетті заттардың қалдықтары, моншалар мен кір жуатын орындардан шыққан ағызынды сулар, жаңбыр мен қар сулары, т.б толып жатқан қалдықтардың барлығы топырақты қатты ластайды. Топырақ бұлардан басқа пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда да біршама ластанады. Олардың химиялық тұрақты түрлері топырақта жинақталып, топырақ биотасының қырылып қалуына себеп болады. Ал пестицидтердің топырақта жинақталуы жəне ондағы организмдердің жойылуы топырақ түзілу процестерінде əсер етіп, оның құнарлылығын төмендетеді. Сондықтан шаруашылықтарда пестицидтерді пайдаланудың ережелерін қатаң сақтаулары қажет.
Негізгі бөлім
1. Топырақтың механикалық құрамы.
Топырақтың механикалық құрамы негізінен құм, құмдақ және балшықты бөлшектерден тұрады. Міне, осы түйіршіктер топырақ құрылымы болып есептеледі. Әрбір топыраққа тән мөлшері, түрі, қуыстылығы, механикалық беріктігі және суға шайылмайтын қасиеттер жиынтығын топырақтың құрылымы деп атайды. Ал топыраққа өскен өсімдіктердің шіріндісі органикалық қалдықтар немесе топырақтың құнарлы бөлігін құрайды. Топырақтың механикалық элементтері бір-бірімен жабысып әртүрлі шамадағы түйірлер (комки) құрауы мүмкін. Осы, топырақты қопсытқан кезде пайда болатын түйірлер, агрегаттар, оның құрылымы (структурасы) деп аталады. Топырақ қарашірігі негізінен өсімдіктердің және топырақты мекендейтін микроорганизмдер мен жәндіктердің қалдықтарының қоспасынан тұрады. Қарашіріктің түзілуіне жергілікті жерлердің климат ерекшеліктері, топырақ микроорганизмдері, адамзат әрекеті де үлкен әсер етеді. Түрлі топырақта қарашірік мөлшері де түрліше болады. Кейбір топырақта оның мөлшері топырақ салмағының жүзден бір бөлігіндей (1 процент шамасында) болса, екінші біреулерінде оннан бір бөлігіндей (10 процент шамасында), кейде одан да көбірек болады. Мысалы, еліміздің европалық бөлігінің аса құнарлы қара топырағының құрамындағы қарашірік мөлшері 12-13 процентке дейін жетеді, ал Орта Азия және Қазақстан жерінің сұр топырағында оның мөлшері 0,6-0,8 проценттен аспайды. Органикалық заттардың шіруінде микроорганизмдер - бактериялар, саңырауқұлақтар, актиномицеттер, балдырлар үлкен міндет атқарады. Топырақ қарашірігінің қоректік маңызы зор. Өсімдіктер өніп-өсу барысында топырақтан сумен бірге қоректік заттарды алады, ал бұл қоректік заттардың негізгі қоры осы қарашірік болып табылады.Топырақ түйіршіктерінің мөлшеріне қарай оның құрылымы микро, макро және мега құрылымы болып үш топқа бөлінеді. Егер топырақ түйіршіктерінің мөлшері 0,25 мм ден кем болса, онда оны микроқұрылым, ал 0,25-10 мм аралығында болса макроқұрылым дейді. Түйіршіктер мөлшері 10 мм - ден үлкен болғанда мегақұрылым деп аталады. Өсімдіктің өсіп-өнуіне бір қолайлы топырақ құрамының түйірлерінің мөлшері 10 мм-ден 0,25 мм ге дейін деп есептеледі, мұндай топырақ құрылымы суға тез шайылып кетпейді. Егер топырақ құрылымы ұсақ түйірден тұрса, оның сапасы да төмен болады, суға тисе олар бірімен-бірі жабысып қалады. Түйіршіктердің беріктік қасиеті барлық топырақтарда бола бермейді. Бұл тек тыңдағы қара топырақтарға ғана тән. Күлгін, қоңыр, қара қоңыр, боз топырақтардың түйіршіктері берік емес. Түйіршік болмайтын топырақтар-құм, кебір сортаң топырақтар. Олар кепкенде тастай болып қатып қалады, суланғанда былжырап батпаққа айналады.Топырақтың түйiртпектiлiгi - топырақтың жеке бөлшектерге (агрегаттарға) бөлiну қабiлетiн айтамыз. Түйiртпек бөлшектерiнiң мүсiнi мен мөлшерi əртүрлi топырақтарда жəне бiр топырақтың жекелеген тектік қабаттарында бiрдей болмайды. С.А.Захаров бойынша түйiртпектiк үш негiзгi типке бөлiнедi:
1) Куб тəрiздестүйiртпек бөлшектер - үш бағытында бiрдей дамыған;
2) Призма тəрiздес-бөлшектер тiк бағытта жақсы дамыған;
3) Плита тəрiздес - екi көлденең бағытта жақсы дамыған.
Келтiрiлген əрбiр типтердiң өзi түйіртпектердiң қырларына, жақтарына жəне мөлшерлерiне байланысты кiшi бөлшектерге бөлiнедi.Топырақ судың, ауаның және тірі жәндіктердің литосфераның жоғарғы қабаттарына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz