Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы


Ф 11. 01-2020
1-баспа 25. 06. 2020

Қазақстан Республикасының білім жӘне ғылым министрлігі
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ »
«Мектепке дейінгі және бaстaуыш білім беру» кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
«Математиканы оқыту әдістемесі » пәні бойынша
Тақырыбы: Әдеби сын және қоғамдық таным-түсінік арақатынасындағы ықпалдастық
Білімгер:Жумахан Айдана Ержанқызы Тобы: ПМНО 18-3
/қолы/
Жетекші :Сарыбекова Қ. Н. п. ғ. к., доцент
/аты-жөні/ /қызметі/
Қорғауға жіберілді «»2020ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды «»2020ж. бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы
Тараз 2020
Ф 11. 01-2020
1-баспа 25. 06. 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» кафедрасы
ПМНО 18-3 тобының білімгеріне Жумахан Айдана Ержанқызы. курстық жоба (жұмыс)
ТАПСЫРМА
«МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ » пәні бойынша
1. Тақырыбы:« Әдеби сын және қоғамдық таным-түсінік арақатынасындағы ықпалдастық »
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы - курстық жұмысты университеттің талаптарына сай рәсімдеу
Кафедра мәжілісінде бекітілген «24. 09»2020 ж. хаттама № 2
Жетекшісі: п. ғ. к., доцент Сарыбекова Қ. Н
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»___
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 Қазақ әдебиет ғылымындағы сынның қалыптасу, даму тарихы және зерттеу методолгиясы
1. 1 Әдеби сынның қалыптасу мен қоғамдық өмірде алатын орны . . .
1. 2 Қазақ әдеби сынының теориялық негіздері . . .
2 Әдеби сынның мен қоғамдық таным арақатынасындағы ықпалдастық
2. 1 Әдеби сынның ғылым салаларымен арақатынасы . . .
2. 2 Әдеби сынның қоғамдық таным арақатынасындағы ой-пікірде . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы сын жанры қайшылықты қалыптасу кезеңдерін, даму жолындағы ой пікірлер қақтығысын, жолсыз бұрмалаулар мен объктивті зерттеулердің ымырасыз тартысын, заман ағысы тудырған саяси қысымдарды бастан кешіре отырып өрістеді. Әдеби сын өнері айтыс-тартысқа құрылып, қателіктерге ұрынып, жіберілген сыңаржақ тұжырымдарды түзеу арқылы өркендеу- әр халық әдебиетінің сын тарихында кездесетін құбылыс. Бүгінгі таңда күрделі сыннан өткен қазақ әдеби сын ғылымы салмақты ғылым арнасына айналып, үздіксіз даму тарихы арқылы мол әдеби зерттеулер тәжірибесін жинақтады. Сын жанры әдеби ағым мен форма тудыруда айқындаушы рольге ие дәуір тұлғаларының шығармашылық мұрасын зерттеу қазақ әдебиеті сын ғылымының іргелі саласы ретінде қалыптасты.
Әдеби үрдістің кешегі тарихы мен бүгінгі беталысын, болашақ бағыт-бағдарын айқындайтын жеке қаламгерлердің тұлғалық болмыс-бітімін даралайтын тұлғатану саласы ұлттық сын жанрымен біте қайнасып, оның ажырамас күрделі құрамды бөлігіне айналып отыр. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым Д. Ысқақұлы: «Қазақ әдеби сын ғылымы ұзақ жолдан өтті, қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы болып қалыптасты. Оның қол жеткен табыстарын бекіте отырып, дәуірдің жаңа міндеттеріне сәйкес дамыта беру, бүгінгі заманның игілігіне айналдыру- қазақ сыншыларының абыройлы борышы» [1] - деп байыптайды. Міне, осындай бағдарламалық ой-тұжырым қазақ әдеби сын жанрының да ендігі беталысын айқындауға негіз болмақ.
Зерттеудің өзектілігі : Қазақ әдеби сын жарнының қалыптасу, даму, тарихы мен өркендеу перспективалары турасындағы зерттеу еңбектерінің теориялық негіздері мен практикалық құндылықтарын, тарихаты мен хақиқатын таразылап, толайым табыстары мен жарқын жетістіктерін әспеттеу, қоғам құндылығы ретінде дәріптеу ғылыми жұмысымыздың өзектілігін құрайды.
Курстық жұмыстың мақсаты : Әдеби сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін анықтау. Әдеби сынның қоғамдық таным мен түсінік арақатынасын анықтау. Басқандай ғылым салалармен байланысын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- әдеби сын-зерттек еңбектерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындау
- Қазақ әдеби сын жарнының қалыптасу, даму, тарихы мен өркендеу перспективалары турасындағы зерттеу еңбектерінің теориялық негіздері мен практикалық құндылықтарын ашу
- әдеби сын-зерттек еңбектерінің өзіндік ерекшеліктерін жүйелеу
- әдебм сын мен қоғам құндылығы ретінде дәріптеу
Курстық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, екі бөлім және бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ СЫННЫҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУМЕТОДОЛОГИЯСЫ
1. 1 Әдеби сынның қалыптасуы мен қоғамдық өмірде алатын орны
Қазақ әдебиеті сынының тарихи пәні - әдебиеттану ғылымының негізгі салаларының бірі. Сыншыл көзқарастар тарихи - әлеуметтік жағдайлар, ішкі қайшылықтар тұрмыс - тіршілікке байланысты туындайтыны белгілі. Соның мәні мен әлеуметтік қызметі халық өмірімен тікелей байланысты. Сынның ғылыми, идеялық-көркемдік дәрежесін, пәрмендігін, әдеби процесте атқаратын рөлін күшейту дегенде сынның өзін-өзі танып-білудің, оның теориясы мен методологиялық мәселелерін зерттеудің аса қажеттілігі қатар қойылуға тиіс. Әдеби сынды дамыту істері алдымен, оның өзін зерттеп білуден басталуға тиіс. Сынсыз әдеби даму процесін бағдарлау қиын. Сын әдебиет бар жерде бар да, онымен бірге дамиды. Сын әдебиетке көмекші сала ретінде, В. Г. Белинский айтқандай, әдебиетті әр кезеңде өзін-өзі танып отыру қажеттілігінен пайда болды. "Сын жанры - жалғыз қазақ әдебиетінде ғана емес, басқа әдебиеттерде де барынша аз зерттелген творчестволық сала. Сыншылық ой-пікірдің өрістеу жолдары тек әдеби құбылыстарға ғана емес, срнымен қатар қоғамдық-әлеуметтік толғаныстарға іш тартып жататындықтан сын тарихын кең көлемде қарастырып, ел жұрт түсінігінің, эстетикалық таным бірлігінің әрі даралану, әрі жалпылану жай-күйі ескеріледі. Студенттердің таным білігі осы өреден шықса, онда пәннің ықпалы мәндене түседі, яғни студенттердің сыни ойлау жүйесі белгілі бір арнаға түсіп, көркемдікті тану қабілеті арта түседі. Осымен қатар бұл курстың утилитарлық ой мақсатының бірі - сыншылық қабілеті бар студенттерді осы қиын да абырлы жолға түсіру. Пәнді оқыту барысында шәкірттерді қазақ әдеби сынының пайда болу, қалыптасу жолдарынан, өткен ұзақ тарихынан хабардар ету, әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту. Ол үшін курстық жұмыс жүйесі дұрыс пайдаланылады. өз бетінше орындаған жұмыстың аяқ алысы, қалам жебеуі ескеріліп, дұрыс та мәнді орындалған жұмыстарды газет-журналдарда жариялау қамы жасалады. Сын тарихының зерттелу жайы. Қазан революциясына дейінгі әдеби сын жайындағы көзқарастар мен ой-пікірлер. Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері. Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең - қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс - қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Бұл бір жағынан заңды да. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Ал қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды. Көркем әдебиеттің асылы мен жасығын таразылар, адал бағасын берер сыншылар пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын-жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге қосқан үлесі ерекше. Әрине мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер қатарында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Торайғыров, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Жолдыбаев, Е. Бекенов, Ғ. Тоғжанов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов және т. б. сап түзейтіндігі белгілі. Бұлардың әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына қосқан үлестері мол. Алайда сол кезеңдегі сынға, сын тарихына қатысты айтылған ой-пікірлердің көпшілігі кеңестік идеология талап-тілегімен жымдаса беріліп жатты. Солай бола тұрса да, олардың ішінде осы кезге дейін де өз маңызын жоймаған құнды ойлар бар. Бұл кезде сын және зерттеу мақалаларда маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай социалистік реализм көбірек сөз болды.
30-жылдары әдебиет сыны саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы Е. Ысмайыловтың, Қазақстан Жазушылар Одағының 1937 жылы мамыр айында сын туралы арнайы пленумы өтті. М. Қаратаевтың “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасы, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезінде жазушы Ғ. Мүсірепов сынның жай-күйі туралы баяндамасы және М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдары ерекше әдеби сын тарихында орын алады.
М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдарын ұсынады: “Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа. Бұл жас ғылым. Ол әдебиеттік сын. “Қазақ әдебиетінің теориясы”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құралғанда, ол өзінің алғаш туысымен, бүгінгі жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын жинағанда - түгелімен, толық мағынасында, социалистік Ұлы Октябрь революциясының жемісі болады. Октябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде, “өскен ғылым” дерлік мардымды мұралар алғанымыз жоқ.
Сынның тарихына және бүгінгі мәселелеріне қатысты ойлар “Қазақ әдебиеті” газеті жарық көргеннен кейін молайып, ақын-жазушылар, сыншылар арасындағы пікірталасты қыздырып жіберді. С. Мұқанов “қазақ сыны Шоқаннан басталады” деген пікір айтты. Ғ. Мүсірепов сынның үш түрін бөліп көрсетті.
Бұдан кейінгі кезеңдерде де бұл мәселе ұдайы көтеріліп, қазақ әдебиет сынының туу, қалыптасуы туралы ғалым-сыншыларымыз әртүрлі пікірлерді ортаға салған. М. Қаратаев “Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде. Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе” - десе, ғалым Е. Ысмайылов “Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған” - деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған. Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек. Алайда 60-жылдардағы “жылымықта” жаңаша толғаулар айтыла бастады. Соның нәтижесінде ғалым Т. Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан. “Оянған ойға кең өріс” еңбегінде әдебиет сынының қалыптасып, дамуы баспасөз арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп көрсетеді. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы, көкейтесті мәселелері, арман-тілегі, мұң-мұқтажы халық өмірінің айнасы болып табылатын - баспасөз арқылы көрініс беретінін дәлелдей бастады.
Ұлттық әдебиеттанудағы сын жанрының туу, қалыптасу, даму тарихына үңілсек, үздіксіз өрлеу, даму үстіндегі сын саласының мол мүмкіндіктері мен сындарлы сын жолына көз жеткіземіз. Әдебиет қоғамның тәрбиешісі десек, сыншы өз қаламынан туған мақалаларын да зерттеу нысанасына алған, әрбір тақырыбына көркемдік шеберлік, биік талап тұрғысынан қарайды. Көркем туындылардың жетістігі мен кемшіліктерін саралап көрсетіп, «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дегендей, турасын айтуға талаптанады. Қазақ сын өнеріндегі сыншылық, зерттеушілік ғалымдық ізденістердің үлгі тұтар тағылымды үрдіс көп.
Адам-қоғамның жемісі болса, әдебиет-қоғам тәрбиешісі. Көркем әдебиет- адам тәрбиелеудің ең басты құралы. Әдебиеттің негізгі обьектісі-өмір. Ал әдеби сынның негізгі мақсаты-бүгінгі күн әдебиетінде, күнделікті әдеби үрдісте болып жатқан көркемдік жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктер сырын уақтылы ашып көрсетіп отыру. Қазақ сыншылары бұл күрделі де жауапты міндеттерді орындау үшін аналитикалық талдау әдістерін қолданады. Егер: «Жазушы сұлу сөздер арқылы көркем образдар жасайды. Ал сыншы болса, жазушы шығармасын ғылыми ұғымдар тұрғысынан талдап баға береді, оның идеялық мәнін, көркемдік қуаты мен қоғамдық маңызын айқындайды» [7, 165-бет] -деген түйіндеуге жүгінсек, З. Серікқалиев талдаулары осы сын жанрының ауыр міндеттерін айқындағандай.
Халықтың эстетикалық қажеттілігіне қызмет етіп, танымал ақындардың сөз өнеріне деген жоғары талаптарынан, сынынан өткенде ғана ақын атына ие болып, ел құрметіне бөленген. Сөйтіп, ғасырлар бойы жасалынған ауыз әдебиеті небір аумалы- төкпелі заманалар бойында халқымыздың рухани қажеттілігін эстетикалық талғамына сай қанағаттандырып уақыттардың дауылынан, қаншама қатал сыннан өтіп бізге жетті; болашаққа да осылайша кете береді. Сонымен бірге ауыз әдебиетінде ерлік пен ездік, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, адамгершілік пен хайуандық сияқты адам өмірінде жиі кездесетін қасиеттер де сан мәрте сараланған. Осының барлығы да адамдардың бойындағы кемшіліктерді әйтеуір мінеу мақсатында ғана емес, оған қоса болащақ ұрпақтың адамгершілігі мол, білімді, парасатты, елін қорғап, халқына адал қызмет жасайтын абзал азамат болып өсуі үшін жасалынды. Өйткені алдыңғы ата, аға ұрпақтар рухы биік елдің болашағының да зор екенін біле біліп, сол мақсатқа қызмет еткен [1, 8] .
Сын қашан пайда болды? Сын әдебиет пайда болған кезден өмір сүріп келеді. Сондықтан ғалым Т. Кәкішев әдеби сынның алғашқы арнасы деп халықтық эстетиканы айтады. «Жалпы, не нәрсе, құбылыс болмасын оған сын көзімен қарап, баға берушілік - кез келген халықтың бойында бар тума қасиеттердің бірі». Ал, М. Қаратаевтың, Р. Бердібайдың, Б. Сахариветің жазушы романының олқылығынан гөрі, жетістігін ашудағы мақсаттарын осы тұрғыдан түсіндіруге болады.
Әрине, сын мақсаты - мақтау да, даттау да емес. Бұл әдеби сын эстетикасына жат. Бірақ та тоталитаризм қысымындағы қаламгердің субъективті әлемі сынның осы мәселедегі объективтілігін шығармашылық ізденіс жағынан қолдауды қажет ететін тұстары да барын көрсетеді. Әдеби сын әдебиет салансының бірі. Оны оқырманды және әдебиет дамуын таразылауда, алатын орны ерекше. Егерде әдеби сын объективті болса әдебиеттің дамуына және тиісті бағасын беруде салмағы арта түседі. Әдебиеттің дамуы тарихында әдеби сын әр алуан болады. Бір жақты асыра сынаған кезеңдерде аз болған жоқ. Әйтсе де, бұлардың барлығы сын тарихында өз ізін қалдырды, Әдеби сын, әдеби өмірдің бәрі соған қарап қай кезеңде әдеби сын қандай роль атқарғанын білуге болады. Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол - бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын - оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Құлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер - өнер үшін» немесе «өнер - саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды. [1]
ХХ ғасырдың 30 жылдарында әдеби сын бүгінгі арыстарға қарай күйе жағуда ешкімді алдына жан салмаған. Бүгін де бұл әдеби сын зерттеулерді ғана қызықтырады. Бәріне төреші уақыт мырза әдеби сын көптеген жазушылармен ақындардың шығармаларын насиқаттауда шешуші роль атқарады. Оқырмандар әдеби сынның алдаспандай кесіп айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдарын бағдарға алды. Әдеби шығарманы оқуға деген ынта ықаласы артты. Әдеби сын арқылы сонымен бірге нақты жазушының қаламгерлігі шығармашылығы кеңінен насихатталды. Әдеби сын арқылы қаламгер шын мәнінде сол сағатта-ақ белгілі жазушыға яғни ақынға айналғаны рас.
Әдеби сынның қоғамда алатын орны зор. Әдеби сынның көркемде ұмтылуды оқырмандар бойында тәрбиеледі және қалыптастырды. Мысалы: І. Есенберлиннің «Айқас», Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер», Ә. Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар». Бұл 3 романда да қоғам өмірі үшін белсене қатысқан типтері жасалды. Мысалы: І. Есенберлиннің «Айқас» романында басты кейіпкер Асқар өз ойын ашық айтатын түрлі көзқарастар қақтығысында өзінің бағыт-бағдарын қорғай алатын, өмірді күрес деп бағалайтын кейіпкер.
1. 2 Қазақ әдеби сынының теориялық негіздері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz