Кеуде омыртқалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
"Анатомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс ерекшеліктерін оқу"

Орындаған:Кемелғожа Айсұлу
Курс:1 курс
Мамандығы:Жалпы медицина
Группа:103 А
Тексерген:Спанова Жадыра

Алматы,2021

Жоспары:
I.Кіріспе
1.Омыртқа жотасы
II.Негізгі бөлім
1.Мойын омыртқалары
2.Кеуде омыртқалары
3.Бел омыртқалары
4.Сегізкөз
5.Құйымшақ
III.Қорытынды
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Омыртқа бағанасы (лат. Columna vertebralіs) -- адам мен омыртқалы жануарлардың тұлға тірек қаңқасы.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Адамда Омыртқа бағанасы бір-бірімен өзара омыртқааралық шеміршектер (дисктер), байламдар және бұлшық еттер арқылы байланысқан 32 - 34 омыртқалардан түзілген. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының пішіні адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Омыртқа бағанасының атқаратын қызметіне байланысты әрбір омыртқаның өзіне тән құрамдық бөлімдері болады. Омыртқа қуыстарының жиынтығынан Омыртқа бағанасының өзегі пайда болады (жұлынды қорғайды); доғада омыртқаның қозғалысы үшін қажетті - өсінділер орналасқан. Буындық өсінділер омыртқааралық буындарды түзеді, көлденең және қанатты өсінділерге бұлшық еттер мен байламдар бекиді, олар омырқаларды қозғалысқа келтіреді. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 - 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 - 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке - сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мойын омыртқалары -- vertebrae cervicalis. Жалпы саны жеті (С1-C7,).
Мойын омыртқаларының жалпы көлемі бірінші, екінші омыртқалардан
басқалары, кеуде омыртқаларына қарай төмен бағыт алған сайын, мойын
омыртқаларына түсетін салмақтың өсуіне байланысты көлемі ұлғая
бастайды.
Мойын омыртқалары сыртқы пішіні мен түр өзгешеліктеріне және
атқаратын қызметіне қарай: негізгі (типтік) омыртқаларға (С3 -- С7)
жәнежалған (атипатикалық) омыртқаларға (С1 -- С2) бөлінеді.
Негізгі мойын омыртқалардың (С3-С7) денесінің жоғарғы беті, оңнан
солға қарай, төменгі беті керісінше, алдынан артына қарай ойыстау
келумен қатар, 3-4 мойын омыртқалардың жоғарғы бетінің бүйір жиектері
ілмектәрізді өсінділерді arcus corporis құрайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae. Жалпы саны
12 (Тһ1-Тһ12). Мойын омыртқаларына қарағанда
үлкендеу, бел омыртқаларына қарағанда кішілеу келген.
Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне
байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері
бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып
келген.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның
басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық
шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа бағанасы
Омыртқа бағанасының физиологиялық және потологиялық иілімдері
Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Омыртқа жотасы
Спорттық жүзудің маңызы
Тірек қимыл жүйесі
Жүзу спортының тарихы
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Қанқа сүйектерінің жастық ерекшеліктері
Пәндер