Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы


БАРЛЫҚ ТОПТАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫ ІСКЕ АСЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3-7
МҮГЕДЕКТЕРДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1. Мүгедектердің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын анықтау мәселелері . . . 8-12
1. 2. Мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтары ұғымының теориялық негіздері . . . 13-27
1. 3. Мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарының мазмұндық жүйесі және оны зерттеу мәселелері . . . 27-45
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАР ЖҮЙЕСІ . . . 46
2. 1. Қазақстандағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарының заңнамасы . . . 46-56
2. 2. Қазақстандағы саяси-әлеуметтік бағыт және жүйе аясындағы мүгедектер құқықтарының орны: теориясы және практикасы . . . 56-63
2. 3. Мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерін әлеуметтік жұмыс тұрғысында шешу және жетілдіру жолдары . . . 63-82
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 83-86
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 87-91 ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР . . . 92-94.
мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелері
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Барлық топтағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелері бүгінгі қоғам үшін ең маңызды және қиын міндеттердің бірі.
Мүмкіндіктер санының үзіліссіз өсуі бір жағынан: денелік, психикалық және интеллектуалдық қабілеттеріне тәуелсіз, олардың әрқайсысына көңіл бөлу, екінші жағынан: демократиялық, азаматтық қоғамға тән тұлғаның құндылығын көтеру туралы түсінік және оның құқықтарын қорғау қажеттігі, үшінші жағынан: осылардың барлығы барлық топтағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерінің маңыздылығын көрсетеді.
Мүгедектер құқығы туралы Декларацияға сәйкес (БҰҰ, 1975 ж. ) мүгедек - туғаннан болсын немесе оған қатыссыз, денелік және ақыл-ой мүмкіндіктеріндегі кемшіліктеріне қарай өз бетінше толығымен немесе жартылай қалыпты жеке және әлеуметтік өмірдегі қажеттіліктерді өздігінше қамтамасыз ете алмайтын әрбір адам [12] .
1992 ж. 5 мамырдағы Европа кеңесі Ассамблеясының 44 сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүгедектік - денелік, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа кедергілерге сәйкес мүгедектігі бар адамға қоғамға араласып, қоғамның басқа мүшелері сияқты қоғамның өмірінде, отбасының өмірінде солар сияқты болуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады.
Кез-келген қоғамда адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер туғызылғанда ғана, сол қоғамның дамуы орнықты сипатқа ие болмақ.
Бұдан шығар қорытынды, өз елінің тұрақты дамуы мен өркениетті елдер қатарына қосылуын қалайтын мемлекет басшысының халықтың әлеуметтік жағдайын ең алдыңғы кезектегі іс ретінде қарауы заңдылық. Халықтың әлеуметтік жағдайы қазіргі таңдағы кезек күттірмес өзекті мәселе ретінде танылуда. Кез-келген елде, қай уақытта болмасын бұл мәселе ең алдымен шешілуді талап етеді. Біздің қоғамымыздың алдында тұрған бірінші міндет - мүгедектердің құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау. Қазақстанда олардың саны жарты миллионға жуықтап отыр. Бұл сандардың тасасында тәлкекке түскен тағдырлар тұр. Елімізде 2018 жылға дейін мүгедек азаматтардың құқығын қорғау конвенциясын ратификациялау мәселесі қолға алынып отыр. Ол үшін біз тиісті талаптарға сәйкес болуымыз керек. Осы бағытта жұмыс жүргізілуі тиіс. Ол тек қана мемлекеттік органдардың көзқарасына байланысты болмауы керек. Бұл жұмыс ең бастысы мұқтаж азаматтардың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қол қойып, Қазақстанның адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды имплементациялауға және мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру үшін құқықтық алаң құруға дайындығын растаған еді. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға жағдай жасау мақсатында Министрлік мүгедектер қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірледі, ал 2012 жылғы қаңтарда оның 3 негізгі міндеттері бар бірінші кезеңі қабылданған болатын. Осы бағытта атқарылуы тиіс бірінші міндет - мүгедектердің құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін қорғау саласындағы заңнаманы біріздендіру, екінші міндет - әлеуметтік объектілерге, транспорттық инфрақұрылымға паспорттау (инвентаризациялау) жүргізу, үшінші міндет - халықтың ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев биылғы «Қазақстан-2050» стратегиялық жолдауында осы әлеуметтік мәселелерге баса тоқталып: «Мен сіздерді жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастап келемін, онда жұмыссыздар жай ғана жәрдемақы алушылар емес, олар жаңа кәсіптерді меңгеретін болады, мүгедектер жасампаздық қызметпен белсенді түрде айналыса алады, ал корпорациялар мен компаниялар олардың еңбегі үшін лайықты жағдай жасай алады. Біз қайда бара жатырмыз? Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:
- Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
- Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
- Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
- Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
- Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
- Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.
- Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.
Біздің басты мақсатымыз - әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтарымыздың бақуаттығы. Бұл - қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Біздің қоғамда уақыт сынына төтеп бере алатын жаңартылған және әлдеқайда тиімді әлеуметтік саясатқа деген сұраныс өсіп келеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік саясаттың мінсіз және әмбебап үлгісі жоқ. Бұл барлық азаматтары сол әлеуметтік жүйеге қанағаттанатындай бірде-бір қоғамның жоқтығы сияқты. Әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттығы мәселелерін шешу - бұл әрбір қазақстандыққа әсер ететін қиын және өте маңызды міндет. Сондықтан бұл тұста әр қадам мұқият ойластырылған болуы тиіс. Басты міндет - кедейшіліктің өсуіне жол бермеу. Кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек. Біз өз азаматтарымыз үшін экономика мен бюджеттің өсіміне тікелей тәуелді болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер белгілеуіміз керек.
Олар мынаны қамтуға тиіс:
- Ең алдымен, тұлғаның қажеттіліктері тізімін кеңейту және оған білім беру мен денсаулық сақтау баптарын енгізу (соның ішінде, жұмыссыздар мен еңбекке қабілетсіздер үшін оларды барынша әлеуметтендіру мақсатында), саламатты тамақтану және саламатты өмір салты, зияткерлік және ақпараттық сұраныстарын өтеу, т. б.
- Нақты бағалар бойынша тұлғаның қажеттіліктерінің құнының есебі (тиісінше, елдегі статистиканы жетілдіру қажет) .
- Экономиканың өсіміне байлаулы өмір сапасының стандарттарын кезең-кезеңмен сапалы арттыру.
Осы стандарттарды сақтау бүкіл әлеуметтік саланы бюджеттік қаржыландыру көлемін айқындауы тиіс. Бұл бюджеттік процестердің ашықтығын арттырады және біздер бөлетін қаражаттың атаулылығын күшейтеді. Үкіметке тиісті заң әзірлеуді тапсырамын.
Екіншіден, мемлекет әлеуметтік қолдауды тек бұған мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс.
Ол үшін не істеу керек?
- Мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына - зейнеткерлерге, мүгедектерге, еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға және т. б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік алатын болады.
- Ұдайы әлеуметтік және зейнетақылық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіріп отыру, ананы және баланы жан-жақты қорғау қажет.
- Бізде жұмыссыздарды оқыту мен қайта даярлаудың еңбек нарығына бейімделген айқын бағдарламалары болуы керек. Мемлекет жұмыссыздарға әлеуметтік қолдауды бұл санатқа жататын адам жаңа мамандық игеруіп, қайта даярлықтан өтуге бет бұрған жағдайда көрсетуі керек.
Жұмыс берушілер халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететіндей жағдай туғызу қажеттігі маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты. Әлемнің дамыған елдерінде осылай жасайды. Біз олардың толыққанды еңбек етуіне жағдай туғызуға тиіспіз. Мемлекеттік жәрдемақыны тек шынымен нақты жұмыс істей алмайтындар ғана алуы тиіс. Жұмысқа мүгедектерді алып, оларға жағдай жасайтын компаниялар мен корпорацияларды көтермелеу керек» - деп қорытты. Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы әрбір адамның өміріне әсер етуімен ерекшеленеді. Мемлекет басшысы болашаққа үлкен талпыныспен, ұмтылыспен қарап, халыққа деген үлкен сенімін білдіреді. Бұл - жеке меншіктің және мемлекеттің барлық құрылымдарының басшылары үшін, қоғамың әр мүшесінің өз қызметтерінде терең ойланатындай бағдарламалық құжат [1] .
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде қоғамда қалыптасып отырған мәселе ретіндегі негізгі міндет ол халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру және барлық топтағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыру болып табылады. Зерттеудің мақсаты осы мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешудің жолдарын ұсынып, нақты кәзіргі жаңдайға талдау жасау.
Зерттеудің нысаны: Қазақстан Республикасындағы барлық топтағы мүгедектер зерттеу жұмысының нысаны болып табылады.
Зерттеудің пәні: Барлық топтағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асыру мәселелері және Қазақстан Республикасындағы ерекшеліктері.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- мүгедектер туралы толық ақпарат жинау, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын, ҚР заңдары мен заңды актiлерiн, мүгедектер мәселелерiн зерттеп жүрген Қазақстан ғалымдарының еңбектерiн, Қазақстандағы мүгедектерге қатысты үкімет саясатын қарастыру;
- осы жиналған ақпарат нәтижесiнде мүгедектердің қазiргi жағдайына баға беру, мәселелерiн анықтау;
- мүгедектермен әлеуметтiк жұмыс iстеу технологиялары мен әдiстерiн айқындау;
- қазiргi кездегi мемлекеттiк саясаттың мүгедектерге қатысты жүргiзiлiп жатқан iс-шараларын бағалау, кемшiлiктерiн анықтау;
- Қазақстандағы мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарының болашақтағы перспективаларын көрсету.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы заңдары, халықаралық заңдық күші бар құжаттар, шетел және отандық ғалымдардың еңбектері мен мерзімдік басылымдарда жарық көрген мақалалары.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Әлеуметтік жұмыс саласы бойынша енді ғана дамып келе жатқан біздің еліміз үшін бұл мәселе бойынша шет елдердің қажетті тұстары мен тәжірибелік көрсеткіштері бар екендігін айтуымыз керек. Шетел социологтарының ішінде осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген ғалымдарды атап өтсек: Паула Пиетила, Топиас Кенккеля және т. б. көптеген ғалымдар. Сонымен бірге, осы тақырып бойынша ресейлік ғалымдардың ғылыми зерттеулері де үлкен қызығушылық тудыртады. Олар: Дементьева Н. Ф., Шаталова Е. Ю., Соболь А. Я., Повленко П. Д. және т. б. көптеген ғалымдар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың проблемасына қатысты қазақстандық қоғамдық ұйымдардың үлесі де өте зор. Ал осы мәселе төңірегінде ой-пікірлер айтып жүрген Межибовская И. В., Аманбаев А. А., Калтаева Л. М., Медиев К., Иманалиев К. И., Думбаев А., және т. б. ғалымдардың еңбектері маңызды.
Жұмысты жүйелі түрде баяндау мақсатында тақырыптың зерттеу деңгейін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың саяси-әлеуметтік құқықтарына қатысты еңбектер жазған ғалымдарының зерттеулері, негізгі нормативтік құқықтық актілер, халықаралық стандарттар мен нормалар, мерізімді басылымдарда жарық көрген мақалалар қарастырылды.
Жалпы жұмысты жазу барысында, мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерінің маңызды тұстары баяндалып, кейбір өзекті жағдайлар көрсетілді:
- мүмкіндіктері шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы;
- мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қатысты мемлекеттің әлеуметтік саясатын қамту;
- мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерін толық қамту.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселелерін әлеуметттік категория ретінде мәнін ашу.
Зерттеудің жаңашылдығы: Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжаттар, қабылданған заңдарды "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің" стандартты ережесінің аясында анықтау.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Үкіметтің әлеуметтік мәселелерін шешуде, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың саяси-әлеуметтік құқықтары жағдайын жақсартуда үлес қосу.
Зерттеу әдістемесі: Себеп-салдарын анықтау, талдау, тарихи, логикалық және т. б. әдістемелер.
Күтілетін нәтижелер: Зерттеу жұмысында берілген теориялық тұжырымдамалардың мүгедектердің саяси-әлеуметтік құқықтарын қорғауды іске асырудың факторы ретінде дәлелденуі.
Зерттеудің құрылымы: Диссертация құрылымы оның тақырыбының, мақсаты мен міндеттерінің негізгі бағыттарына сәйкес құрылды. Қорғауға ұсынылып отырған диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 87 бет.
І МҮГЕДЕКТЕРДІҢ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мүгедектердің қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орнын анықтау мәселелері
Қазақстан Республикасының Ата заңында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген. Осы қағиданы орындау мақсатында мемлекет өзінің қолындағы барлық ұлттық құралдарын қолдануға талпынып отыр. Сонымен қатар, адам құқықтары аясындағы проблемалар тек ұлттық деңгейде ғана емес, сонымен бірге халықаралық деңгейде де шешудің нәтижесі - адам құқықтарының орындалуы мен сақталуына әсер ететіні сөзсіз. Қазіргі кезде адам құқықтарын қорғау, сақтау және қамтамасыз ету демократиялық, құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің қатарына жатады [6] .
Адам құқықтарын қалыптастыру және оларды қорғау - демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму процесінен көрініс табады. Еліміз тәуелсіз даму жылдарында бірқатар халықаралық құжаттарға қосылып үлгерді. Бірақ Қазақстанның қосылмай келе жатқан халықаралық келісімдері де жеткілікті. Конституциямен және өзге де нормативтік актілерде белгіленген негізгі құқықтардың тәжірибеде нақты іске асырылуы Республикадағы адам құқықтарын қорғаудың процедуралары мен механизмдерінің оңтайлы жетілдірілуін, әрі нығайтылуын қажет етеді. Адам мен азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, олардың алдын алу және болдырмау шараларын қабылдау, заңды бұзған тұлғаларды дер кезінде жауапкершілікке тарту, құқықтың бұзылғандығы туралы арыз-шағымдарды уақытында, әділетті қарау, заңсыздықтар мен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу - әр мемлекет пен азаматтық қоғамның ең басты міндеті болып саналады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғау құралдары еліміздің заңнамасында нақты түрде бекітілген. Осы құралдарды белгілеп отырған заңанама актілерінің негізін құрайтын құжат, әрине, Конституция.
Қазақстан Конституциясының бірінші бабынан бастап адам құқықтарына деген мемлекеттің ерекше көзқарасы белгіленген. 1-ші баптың 1-ші тармағында мемлекеттік ең жоғары құндылығы болып адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері табылады делінген [6] . Белгілі қазақстандық заңгер-ғалым Г. Сапарғалиев бұл жөнінде былай дейді: «Саяси ілімде демократияны өзіндік құндылық ретінде, мемлекеттік құрылыста бекітілетін жалпы адами құндылықтардың нақты көрінісі ретінде қарастырады. Олардың қатарына адам, оның өмірі, құқықтары мен міндеттері жатады. Осыларды ең жоғары құндылық деп тану мемлекет үшін адам және адамның материалдық игілігінен артық нәрсе жоқ деген сөз. Адам қалыпты өмір сүру үшін мемлекет барлық қолынан келетін жағдайды жасауы керек. Мемлекет адамның өмірін қолсұғушылықтан қорғауға міндетті. Конституцияда бекітілген және күнделікті заңнамада нақтыланған адамның құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асырылуына мемлекет ең алдымен көмектесуі керек деген сөз» [71] .
Қоғам өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмірімен тұруына мүмкіндік беру мақсатында бейімдеуі қажет.
1989 ж. БҰҰ заң күшіне ие болып табылатын баланың құқығы туралы конвенция мәтінін қабылдады. Мұнда дамуында кемістіктері бар балалар өздеріне толық сенімдерін сақтап, қоғамның өміріне белсенді араласып, толық және салауатты өмір сүруі үшін олардың құқықтары бекітілген. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалардың жақсы демалуы, білім алуы, еңбек етуі, медициналық көмек алуы т. б. үшін ақысыз көмек алуы (ата- анасының, жақын, қамқор адамдардың финанстық ресурстарын есепке алу арқылы) жүзеге асырылады.
1971 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ойлау мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтары туралы Декларация қабылдады. Бұл құжатта мүгедек балалардың мүмкіндігінше оқуға, білім алуға, емделуге, жұмыс істеуге деген қажеттіліктерін максималды қамтамасыз ету, қабілеттерін дамытуға жағдай жасау туралы айтылады. Оның ішінде нәтижелі еңбек ету, пайдалы іс-әрекетпен айналысу, мүмкіндіктерін толық пайдалану, материалдық қамтамасыз етілуге және қанағаттанарлық өмірлік дәрежеге қол жеткізу туралы айтылады.
Мүгедек-балалар үшін үлкен маңызға ие тағы бір жайт, талап бойынша, мүмкіндігі шектеулі бала өзінің отбасында, немесе қабылдап алған ата-анасының отбасында тұруы қажет деп айтылады. Мұндай отбасы мемлекет тарапынан көмек алуы тиіс делінген. Ал қажет болған жағдайда олар арнаулы мекемелерде уақытша бола алады және жаңа орта оның әдеттегі өмірінен өзгеше болмауы тиіс.
БҰҰ экономикалық, әлеуметтік және мәдени ережелер туралы халықаралық құжатында әрбір мүгедектің (ересек немесе бала) өзінің денелік және психикалық денсаулықтың мүмкін болатын дәрежесіне жетуге құқығы атап көрсетілген [12] .
Мүгедектер өмірінің барлық жақтарын қамтитын тұтас құжат БҰҰ қабылдаған "Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандартты ережесі" болып табылады.
1993 жылы әлемдік даму туралы есеп беруде Әлемдік банктің тапсырысы бойынша дүниежүзі халықтарының денсаулықтарына арналған халықтың денсаулығын бағалаудың жаңа өлшемдері, ұлттық денсаулық сақтау салаларының тиімді жақтарына құралдар бөлу туралы айтылады.
Ана мен баланы қорғау және отбасыны жоспарлау мекемелері, балалар мен жеткіншектерге тән ауруларды емдеуді т. б. қаржылық инвестициялар бөлу статистикасын төмендетіп қана қоймай, көп жылдар бойы денсаулығынан айрылып, аяқ астынан уақытынан бұрын өлуді қысқартады.
Өмір ғана құндылық ретінде қарастырылып қоймай, аурусыз, қиналусыз өмір сүру, әлеуметтік қалыптасып, даму да өмірдің сапасы ретінде қарастырылуы тиіс.
Мүгедектік балалардың өмір сүру қабілеттерін төмендетіп, даму мен өсудің тоқтауына байланысты әлеуметтік бейімдей алмауға, болашақта өз мінезін бақылай алмауға, бағдарын, басқалармен араласуын, оқуын, еңбек етуін тежеуге алып келеді.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынсыз (отбасы, үй-интернат) түсіндіру мүмкін емес. Мүгедектік, яғни адамның мүмкіндігінің шектеулілігі таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т. б. факторлар көмектеседі. Сондықтан да мүгедектерге көмектесу технологиясы ─ үлкендер мен балаларға қатысты әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық моделіне негізделеді. Бұл модельге сәйкес, мүмкіндігі шектеулі адамдар қиыншылықтарды ауруына сәйкес немесе дамымауына сәйкес емес, сонымен бірге оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, қоғамдағы кері түсініктерден, адамдардың жақтырмай қарауларынан да болады [30] .
Мамандар көп жылдар бойы «мүгедектікті» шартты мойындамай, оны дұрыс емдемеудің салдары деп қарастырып келді. Сол себептен де бұл проблеманың әлеуметтік жағы еңбекке жарамсыз дегенге дейін оның басты көрсеткіші ретінде алынған. Осыған орай, дәрігерлік еңбектік сараптамалық комиссияның басты міндеті, кәуаландырып отырған адам қандай кәсіби қызметті атқара алатындығын субъективтілік, дәлірек айтқанда, биологиялық негізде анықтау болған, әлеуметтік-биологиялық критерий қарастырылмаған. Мүгедек түсінігі жазылмайтын ауру түсінігіне теңдестірілген. Сонымен, құқықтың аясында және нақты экономикалық жағдайлардағы адамның әлеуметтік рөлі екінші орынға ығыстырылған және де мүгедек түсінігі, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық білім беру және басқа да қажетті технологияларды қолданатын көп профильді реабилитация тұрғысынан мүлде қарастырылмаған [34] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz