Қалалар атмосферасының экологиялық мәселелері


ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АТМОСФЕРАНЫҢ АВТОКӨЛІКТЕРМЕН ЛАСТАНУЫ
Жоспар
КІРІСПЕ . . . 3-6
І Ірі қалалардағы атмосфераның автокөліктермен ластануы . . . 6
1. 1. Қалалар атмосферасының экологиялық мәселелері . . . 7-39
1. 2. Көліктік-пайдалану жағдайларының қоршаған орта күйіне тигізетін әсері . . . 39-49
II Автокөлік ағындарының қоршаған табиғи ортаға әсері . . . 50
2. 1. Автомобиль көлігінің, атмосфераны ластау көзі ретіндегі сипаттамасы . . . 50-56
2. 2. Автомобильдер шығарылымдарының табиғи қоршаған
ортадағы таралуы мен өзгерістері . . . 57-60
ІІІ Ірі қалалардың экологиялық жай күйі . . . 61
3. 1. Автомобиль көлігінің қоршаған ортаға әсері . . . 61-72
3. 2. Алматы қаласының физикалық-географиялық орналасуының
микроклиматтық жағдайларының ерекшеліктері . . . 72-77
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 78-80
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81-88
Кіріспе
Шешілетін ғылыми-техникалық мәселенің қазіргі күйі. Қала экологиялық тұрғыдан қарағанда, құрамына табиғи және антропогендік жүйелер кіретін және қаланың экологиялығы солардың ара қатынастарына тәуелді болатын адамдар өмір сүретін күрделі орта болып табылады. Қалалар экологиясы мәселелері Қазақстан үшін өте өзекті мәселе болып табылады.
Автомобиль көлігі ірі қалалардағы сыртқы қоршаған ортаны ластаушы негізгі көз болып есептеледі (80-85%) .
Сыртқы қоршаған ортаның, автокөлік құралдары тарапынан ластану мәселелерін шешудің заманауи жолдары үлкен қалалар мен елдімекендер үшін жекелеген автомобильдің емес, жалпы жол-көше жүйесіндегі автокөлік ағындарының динамикалық және энергетикалық-экологиялық сипаттамалары талданатын макродеңгейге қарай ығысумен сипатталады.
Өкінішке қарай, ірі қалалар мен елді мекендердегі экологиялық мәселелерді шешудің мұндай алдыңғы қатарлы тәсілі қазіргі кезде көлік ағындарының ерекшеліктерін, сонымен қатар сыртқы қоршаған ортаны ластаушы заттардың құралу механизмдерінің нашар зерттелуі салдарынан, толық іске асырыла алмай отыр.
Қазақстанда, жол-көше жүйелерінің, соның ішінде инженерлік құрылғы-лардың жиынтығының, сыртқы қоршаның ластану деңгейіне тигізетін әсері толық дәрежеде зерттелмеген.
Жұмыстың өзектілігі. Қалалардың, қала ортасының жеткілікті дәрежедегі экологиялық тұрақтылығынсыз, тұрақты түрде дамуы мүмкін емес. Қалалар тұрақсыз экологиялық жүйелерге жатады және олардың іс әрекеттері табиғаттың заңдылықтарымен емес, адамдардың қажеттіліктерімен анықталады. Осы заманғы қала тұрғындары үшін өмірге қажетті ең басты табиғи және техногендік ресурстар қатарының арасынан экологиялық тұрғыдан ең қауіптісі бұл автокөлік құралдары болып есептеледі.
Қазіргі кезде экологиялық қолайсыз жағдайлар Қазақстанның көптеген қалаларында байқалады. Бұл өз кезегінде, автокөлік құралдарының сыртқы қоршаған ораға тигізетін кері әсерлерінің артуымен байланысты болып келеді.
Көлік құралы сыртқы қоршаған орта мен адамдар үшін, табиғи ортаны зиянды шығарылымдармен ластауы, табиғи ресурстарды пайдалану мен көліктік қолайсыздықтар салдарынан, аса жоғары қауіптілік көзі болып табылады.
Автомобильдер биосфераның барлық құрамдас бөліктері үшін: атмосфера, су және жер ресурстары және адамзат үшін кері әсер етеді. Автокөлік құралдары ауа құрамындағы оттегіні пайдаланады, оған пайдаланылған газдарды, картерлік газдарды және көмірсутегілерді шығарады. Олардан шыққан зиянды заттар қала көшелерінің бойына таралады да, жаяу жүргіншілерге, жақын маңда орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарына, көше бойларындағы өсімдіктер әлеміне кері әсер етеді. Мұндай жағдайларда автокөлік құралдарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін төмендету мәселесі бірінші кезекке қойылады. Бұл мәселе, жалпы алғанда, кешенді мәселе болып табылады және оны шешу үшін бірқатар ғылыми-зерттеу мәселелері мен міндеттері, соның ішінде ең әуелі, автокөлік құралдары тарапынан шығарылатын зиянды заттардың қалыптастырылу мен құралу механизмдерін анықтаумен, олардың қозғалыс жағдайларымен және мұндай шығарылымдардың деңгейін бағалау әдістерін жасаумен байланысты мәселелер шешілуі тиіс.
Осыларға байланысты автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға шығырылатын зиянды заттарды геоэкологиялық тұрғыдан бағалау мәселесі, табиғатты қорғау және қаланың дамуын жоспарлау мәселелерін шешу кезінде, өзекті мәселе болып есептеледі
Осы ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу қажеттілігін негіздеу. Соңғы жылдары Қазақстанда ғимараттар мен имараттарды салу барысы күрт дамуда және де автокөлік құралдарының саны күрт арту үстінде. Өкінішке орай, бұл процесстер барысында экологиялық нормалар мен талаптар толығымен сақталмай отырғандығын атап өту керек. Белгіленген аумақтардың экология-лық сапасын бағалаудың ғылыми тұрғыдан негізделген әдістемесі, автомагис-тральдар мен жол айырықтарын салу, жол-көше жүйесін қайта салу барысын-да автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған орта мен адамдарға түсетін экологиялық жүктемелерді азайту бойынша ұсыныстар жоқ. Сондықтан да бұл ғылыми-зерттеу жұмысы қажетті болып табылады.
Жұмысты жасау барысында Қазақстан Республикасының заңдары, үкімет қаулылары мен өкімдері, мемлекеттераралық стандарттар, Қазақстан Республикасының нормативтік-техникалық құжаттары басшылыққа алынды.
Жаңалықтардың жоспарланып отырған ғылыми-техникалық деңгейі туралы мәліметтер. Қазіргі кезде ғалымдар мен зерттеушілер тарапынан көлік нысандарының сыртқы қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерінің жекелеген көздерінің жіктемесі жасалынған, көлік кешенінің экологиялық қауіпсіздігінің деңгейін басқарудың себептік-салдарлық байланыстары белгі-ленген. Әртүрлі кө
лік құралдарынан шығарылатын зиянды заттардың меншік-ті көлемін бағалаудың әдістемесі жасалынған. Әртүрлі көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздіктерінің шамасы және оларға қойылатын экологиялық талаптар белгіленген. Бірақ та, олар әлі де болса, автокөлік құралдарының және жол-көше жүйелерінің қалалардың қоршаған ортасының ауасын ластауға тигізетін әсерлерін сандық және сапалық тұрғыдан бағалауға жеткіліксіз болып отыр. Автокөлік құралдарының қалалардың жол-көше жүйелерінің инфрақұрылымдарымен бірге қалалардың сыртқы қоршаған ортасының ауасының ластануына тигізетін әсерлерінің өзара байланыстары мен өзара әсерлері мәселелері толығымен зерттелмеген. Аталған жұмыс осы мәселелерді шешуге бағытталған.
Метрологиялық қамтамасыз ету туралы мәліметтер. Барлық жүргізіл-ген зерттеулер қала көшелерінде белгіленген талаптар мен МемСт талапта-рына сәйкес жүргізілген нақты сынақтарға негізделген.
Автокөлік құралдарының жұмысы кезінде қала көшелеріне шығарылатын зиянды заттар аталған зерттеудің нақты нысаны болып табылады, ал зерттеу қала көшелеріндегі автокөлік құралдарының динамикалық, энергетикалық және экологиялық сипаттамалары жүйесі жатады. Бұлардың барлығы өз кезегінде, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының мақсаты болып қала көшелеріндегі автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттарды геоэкологиялық тұрғыдан бағалау, жол-көше жүйелерін экологиялық аудандастыру және қала ішіндегі автокөлік құралдарының экологиялық қауіп-сіздігі мен қозғалыс тиімділігін артыру болып табылады. Бұл кешендік мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей зерттеу міндеттері анықталған болатын:
- автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың қоршаған орта мен адамдарға тигізетін әсерін талдау;
- автокөлік құралдарынан шығарылатын зиянды заттардың деңгейінің қалыптасуының физикалық-географиялық, климаттық және метеорологиялық жағдайларын талдау;
- реттелетін автомобиль жолдарының өткізу мүмкіндіктерін және көше қиылысында өту кезегінде тұрған автокөлік құралдарының санын теориялық тұрғыдан бағалау;
- қала көшелеріндегі автокөлік құралдарынан шығарылатын зиянды заттардың меншікті мөлшерін есептеу әдістемесін нақтылау;
- жол-көше жүйелерін, қаланың көліктік жүктемесіне сәйкес, геоэкология-лық бағалау және экологиялық категориялау;
- автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған орта мен адамдарға түсетін экологиялық жүктемелердің мөлшерін азайтуға бағытталған нақты практика-лық ұсыныстарды дайындау.
Зерттеудің әдістемелік базасы. Жұмыстың әдістемелік негізі ретінде қолданылып жүрген мемлекеттік және ғылыми әдістемелер кешені және қаланың әртүрлі жол-көше жүйелерінде қолданылған авторлық әдістемелер алынған. Теориялық дайындамалар математикалық модельдеу тәсілдерін пайдалану жолымен алынған. Автокөлік құралдарының, жол-көше жүйелері-нің тораптық бөліктеріндегі, қозғалыс жағдайларын және олардың улылық сипаттамаларын анықтау бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеулер салыстырмалы жол сынақтары көмегімен жүргізілген.
Жұмыстың ғылыми жаңалықтары:
- автокөлік ағындарының режимдік-техникалық параметрлерін, өткізу мүмкіндігін, орташа жылдамдық пен көше қиылысында өту кезегін күтіп тұрған автокөлік құралдарының санын есептеуге арналған және қаланың жол-көше жүйесінде жүргізілген тәжірибелік зерттеулер нәтижелерімен үйлесетін, теңдеулер ұсынылған;
- автокөлік құралдарынан қаланың жол-көше жүйесіндегі ауа атмосфера-сына шығарылатын ластаушы заттардың меншікті шығарылымдарын есептеу әдістемесі жасалынған;
- жекелеген қоспалардың концентрацияларының ауа бассейніндегі кеңіс-тіктік-уақыттық таралу ерекшеліктері анықталған;
- қаланың жол-көше жүйесін, көліктік жүктемеге байланысты, геоэколо-гиялық тұрғыдан категориялау жүргізілген;
- автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға және адамдарға түсетін экологиялық жүктеменің шамасын азайту бойынша практикалық ұсыныстар жасалынған.
Қорғауға шығарылатын ғылыми тұжырымдамалар:
- автокөлік ағындарының режимдік-техникалық параметрлерін, өткізу мүмкіндігін, орташа жылдамдық пен көше қиылысында өту кезегін күтіп тұрған автокөлік құралдарының санын есептеуге арналған теңдеулер;
- автокөлік құралдарынан ауа атмосферасына шығарылатын ластаушы заттардың меншікті шығарылымдарын есептеу және де жол-көше жүйесін экологиялық тұрғыдан категориялау әдістемесі;
- автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға түсетін экологиялық жүктеменің шамасын азайту бойынша ұсыныстар.
Жұмыстың практикалық маңызы. Зерттеулер нәтижелері территория-лардың экологиялық жағдайын бағалау сапасын, ұсынылған әдістемелер негізінде арттыруға бағытталған.
Ұсынылып отырған тәуелділіктер мен ұсыныстар автомагистральдар мен әртүрлі жол айырықтарын салу, жол-көше жүйесін қайта салу, бағдаршамдық реттеуді енгізу кезінде қолданылуы мүмкін және олар сыртқы қоршаған орта мен адамдарға түсетін экологиялық жүктеменің шамасын төмендете алады.
Автокөлік құралдары тарапынан сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың деңгейін анықтаудың дайындалған әдістемелері мен қала территориясының жол-көше жүйелерін экологиялық категориялау қалалардың атмосфералық ауасының жағдайын талдау мен тиісті есептеулерді жүргізу кезінде қалалық әкімшіліктер мен мәслихаттар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі қарамағындағы басқармалар тарапынан пайдаланылуы мүмкін.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс 88 беттен құралған: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан тұрады.
І ІРІ ҚАЛАЛАРДАҒЫ АТМОСФЕРАНЫҢ АВТОКӨЛІКТЕРМЕН ЛАСТАНУЫ
1. 1. Қалалар атмосферасының экологиялық мәселелері
XX ғасырдың соңына қарай, ғылыми-техникалық прогресстің өсу ырғағының жоғарылауы барысында, қоршаған ортаның компоненттеріне техногендік әсер ету сипаты біршама жоғарылады. Табиғатта, оның еркінен тыс, қайтарымсыз процесстердің орын алуы мен заттар мен энергияның орын алмасуы мен айналуының жаңа жолдарының пайда болуы қажетсіз экологиялық зардаптарға алып келуі мүмкін. Бұл, өз кезегінде, білім берудің барлық салаларының қарқынды түрде экологиялық сипат алуын айқындады [8] .
Экологиялық өзгерістердің қазіргі заманғы масштабы тұрғындардың өмірі мен денсаулықтарына шын мәнінде үлкен қауіп қатер келтіреді. Бұл ретте елімізде бүгінгі күні қалыптасып отырған, қолайсыз экологиялық ақуалды айтпағанның өзінде, жағдайдың жақсаруының, немесе тіпті тұрақталуының орнына, төмендеп бара жатқанын атап өту керек. Сыртқы факторлардың зиянды әсерлерінің қарқындылығының өсу жылдамдығы тірі жүйелердің өмір сүру ортасына биологиялық бейімделу жылдамдығының деңгейінен артып кеткен [9, 10, 11] . Бұл автокөлік құралдарының атмосфералық ауаға зиянды заттар шығару көзі ретіндегі, тұрақты өндірістік шығару көздерімен салыстырғандағы, ерекшеліктерімен байланысты [12-18] .
Адам баласы өзі пайда болған алғашқы кезде табиғатқа тәуелді болды. Табиғатқа табыну алғашқы қауымдық қоғамда басты орын алды. Бірте-бірте халық санының артуы, шаруашылық салаларының дамуы, өнеркәсіптің өркендеуі адамның табиғатқа ықпалын арттыра түсті. Орманды жерлердің өртелуі, кәсіптік мәні бар жануарлар санының азаюы (тіпті жойылуы) адамның ойланбай жасалған іс-әрекетінің нәтижесі. Бір кезде "табиғатты таусылмайтын қазына" деп есептеп, "табиғаттың бермесін тартып алу" деген теріс көзқарастардың әсерінен табиғат талан-таражға түсті. Табиғат заңдылықтарын ескермей жүргізген іс-әрекетімізден, табиғат тепе-теңдігі бұзылды. Бұл казіргі кезде адамның өз тіршілігіне де зор қауіп төндіріп отыр.
Әрбір халықтың табиғатқа деген қарым-қатынасы, жанашырлық сезімі тарихи дәуірлерде қалыптасады. Қазақ халқы ұлан байтақ даланы ғасырлар бойы мал шаруашылығына дұрыс пайдалана білді. Әрбір түліктің өзіне тән өрісін де тандай біліп, жазда жайлауға, қыста қыстауға, т. б. орын ауыстырып тұруы табиғатқа деген қамқорлығының құнды көрінісі. Халқымыз кең байтақ жайылымдарды жыл мезгілдеріне сай дұрыс әрі тиімді пайдалана білген. Халқымыздың асыл азаматы Міржақып Дулатұлы 1910 жылы жазған мақаласында төрт түлік малдың халық өміріндегі алатын орнын ерекше атап көрсеткен.
"Мал оның күнкөріс көзі. Оның барлық мүддесі мал төңірегінде, игілікті өмірге қолын жеткізетін иен дәулеті де осы мал байлығы . . . Табиғаттың кейбір заңдылығын бақыламай, білмей отыра алмайды", - деген ойлары өте орынды айтылған. Бір кезде халқымыздың көзінің карашығындай корғап келген жайылымдарының казіргі тағдыры мүлде сын көтермейді.
1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игеру деген жаңсақ ұранмен миллиондаған гектар жайылымдар босқа жыртылды. Ондай жерлерде алдын ала ғылыми зерттеулер жүргізілмеді және әрбір аймақтың жергілікті табиғи жағдайлары ескерілмеді.
Ғалымдардың деректері бойынша Қазакстанда 180 млн га мал жайылымының 30 млн га алқабы мал тұяғынан тозаңы шықты, 50 млн га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырады. Бірнеше жылдың ішінде еліміздің солтүстік аймақтарындағы шұрайлы жерлер эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалды. Мұндай мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да келтіруге болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналған. Бұл көрсеткіш жыл сайын 6 млн г-ға өсіп отырғаны да белгілі.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасауға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналады.
Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылған. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін құстардың 162, сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі біржола жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен.
Кейде өсімдіктер мен жануарларды бір жерден екінші жерге алдын ала ойланбай жерсіндіру де пайдалы бола бермейді. Мысалы, Аустралия жерінде жабайы қояндардың көбейіп кетуі, кактустың қаптап өсуі ауыл шаруашылығына орасан зор зиян келтіруде.
Қоршаған ортаның өнеркәсіп орындарынан, көліктерден, тұрмыстық өажетінен бөлінген улы газдардан ірі қалалардың ауасы ластануы кең өріс алуда.
Соңғы кезде ауаның радиоактивті заттармен көптеп ластануы адамзатты көбірек толғандырып отыр. 1986 жылы сәуір айында болған Чернобыль экологиялық апатынан табиғатқа орны толмас орасан зор нұқсан келді.
Арал теңізінің көлемі соңғы 40 жыл ішінде 60%-ға азайды. Балқаш көлінің көлемінің кемуі де жылдан-жылға айқын байқалуда.
Қазіргі кезде Қазақстанның көптеген өңірі экологиялық апатты аймақ деп аталады. Соның мысалына Семей полигонын атауға болады. Оның аумағы шамамен 18 мың км 2 алқапты қамтиды. Семей полигонында 1949-1989 жыл аралығында 500-ге жуық жарылыс болып, сынақтар өткізілген. Осындай жойқын жарылыстардан Семей өңірінің табиғаты да, халқы да өте ауыр зардап шегуде. Мұндай әртүрлі деңгейде жүргізілген сынақтар мен арнайы жарылыстар Қазақстанның 34 жерінде жүргізілгені белгілі болып отыр.
Қазақстанда атом энергиясын халық игілігі үшін пайдалану мақсатында 1963 жылдан бастап Ақтау қаласында Каспий теңізінің суын тұщыландыру қондырғысы жұмыс істейді. Ол қондырғы "БН-350" деп аталады. Онда тәулігіне 120-150 мың м 3 теңіз суы тұщыландырылады.
Көрнекті ғалым В. И. Вернадскийдің айтуы бойынша, адам қуатты геологиялық күшке айналып отыр. Ноосферадағы табиғат пен қоғам арасындағы өзара үйлесімділікті сақтау, биосфераны жасампаздықпен көркейту жер бетіндегі барлық адамдардың бірлесе отырып, жұмыла жұмыс атқаруын қажет етеді.
Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді де. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі - мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына тоқталып өтсек [3] :
Миссия. Қоршаған ортаны сақтау, қалыпына келтіру және жақсарту Қазақстан Республикасының қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған тұрақты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі жағдайларды жасау.
Пайымдау. Қолайлы қоршаған орта, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және экономика, адамның өмірі мен денсаулығы үшін экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары
1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту.
Атмосфера ауасының ластануы қоршаған ортаға әсер ететін, халықтың денсаулығына теріс ықпал жасайтын жетекші алғы шарттардың бірі болып қалып отыр. Атмосфера ауасына жылу энергиясы және мұнай-газ секторы, тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу салалары, қара және түсті металлургия кәсіпорындары барыша теріс ықпал етуде.
Автомобиль көлігінің ауаны ластауы көлемі соғырлым қауіпті бола түсуде, бұл республика аумағында автокөлік құралдары санының мейлінше өсуіне негіздеуде. Осы проблема жалпы қалалық барлық шығарындыға қарағанда ауа бассейінінің ластануына автокөлік үлесі 60% және одан артыққа жететін ірі қалалар үшін аса өзекті.
Негізгі себебі тазартылмаған айдындарға немесе жеткіліксіз тазартылған ағын суды жіберу болып табылатын жер үсті суларының ластануы, қоқыстану және сарқылу процесі жалғасуда. Халықтың сапалы ауыз суға қол жеткізу проблемасы бұрынғысынша өзекті болуда.
Экологиялық басым бағыттардың бірі өндіріс пен тұтыну қалдықтарын өңдеу болып қалып отыр. Елде 100 млн. тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі -ҚТҚ), 22, 3 млрд. тоннадан аса өндірістік қалдықтар жиналған, оның 12 млрд. астамы техногендік минералдық түзілімдер.
Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің негізгі векторы мемлекеттік экологиялық сараптама рәсімін орындау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнаманы қатаң сақтаумен қорытылатын түпкілікті нәтижеге, қоршаған ортаға теріс ықпал етуін төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталады.
2007 жылғы 9 қаңтардағы № 112-III Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 76-бабына сәйкес 1 санатты объектілерге арналған қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру табиғат пайдаланудың қолданылатын технологиялары мен шарттары өлшемдері өзгергенге дейін 3 жыл мерзімге беріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz