Баланың нормадағы қан көрсеткіштері


І. БӨЛІМ.
1 - тарау. Пәнге кіріспе. Педиатрия ғылымының тарихы.
Ғылымның даму кезеңдері, негізін қалаушылар
Педиатрия - болашақ мейірбикелер және фельдшерлерді даярлаудағы бағдарламалардың негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.
Ғылымның бір орнында тұрмауы, яғни денсаулық сақтаудағы ғылыми жетістіктер балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіре түсуді
талап етеді, бұл мақсатқа қол жеткізуде медицина қызметкерлерінен терең
білімділік, жоғары кәсіби мамандылық қажет.
Күнделікті жұмыс барысында медицина қызметкелеріне неше түрлі сипаттағы, ағымдағы ауру-сырқаулары бар науқастармен кездесуге тура келеді. Кейде өткір басталған аурулық жағдай бала өміріне қауіп тудырып жатады. Осындай сәттерде жедел көмек қажет. Өмірі қыл үстінде тұрған балаға жедел көмек көрсету-медицина қызметкерінен асқан жауапкершілікті,
кәсіби шеберлікті қажет етеді.
Әрине, ауырған баланы дұрыс емдеп жазу аса маңызды болса, оны аурыт-
пау мақсатында физикалық - жүйкелік-психикалық, әлеуметтік тұрғыдан дұрыс дамып қалыптасуына қолайлы жағдай жасау одан да маңызды. Бұл
үшін балаларға сүйіспеншілікке тола тәрбиемен көңіл бөлу, сапалы тамақ тандыру, жеткілікті ұйқы, таза ауада көп болдыру және шынықтырып отыру қажет. Өйткені, ДДСҰ -ның пайымдауынша: Денсаулық - дегеніміз тек ауру - сырқаудың жоқтығы ғана болып қоймай, сонымен қатар бұл баланың жан-жақты- физикалық, жүйкелік-психикалық, әлеуметтік дұрыс жетілуі болып табылады.
«Педиатрия» деген сөздің мағынасы емдеу дегенді білдіреді, гректің paid-бала, iatrea - емдеу деген сөздерінен тұрады . Балаларды емдеуші дәрігерді «педиатр» дейміз. Педиатрия ғылымы медицинаның өзге салаларына қарағанда салыстырмалы түрде кеш дамыса да, қазіргі таңда даму жолында бірнеше кезеңдерден өтті.
І- ші ерте кезең- ұзаққа созылып, медициналық ғылыми тәжірибенің жинақталуымен көрініс тапқанымен, әлі қатаң жүйелілік болмады.
Гиппократ, Гален және араб дәрігерлері еңбектерінде балалар арасында кездесетін кейбір аурулық жағдайлардың сипаттары және нәрестелерге қажетті күтім, тамақтандыру жайлы айтылды. ХІХ - ғасырға дейін
созылған бұл кезеңде, балалар арасындағы аурушаңдық және өлім- жітім
өте жоғары болды.
ІІ- кезең - балалар ауруханаларының ұйымдастырылып ашылу және алғашқы
педиатриялық еңбектердің жазылуымен көрініс тапты.
Осы кезеңде, «педиатрия» өз алдына ғылым ретінде негізінен 19-шы ғасырдың 30-40-шы жылдары дами бастады. Бірінші орыс педиатры деп С. Ф. Хотовицикийді атауға болады. Ол мамандығы акушер бола тұрып,
алғаш рет бала ағзаларының, ауруларының ерекшеліктеріне көңіл аударып, оларды емдеу әдістерін енгізе бастады. «Бала организмі ересектердің кішірейтілген көшірмесі емес» деген ұғымды алғашқы енгізген де осы ғалым. Ол сонымен қатар «Педиятрика» деп аталатын бірінші оқулық шығарды.
Педиатрияның «әкесі» деп Н. Ф. Филатовты санаймыз, өйткені бұл ғалымның педиатрияға сіңірген еңбегі зор. 1834 жылы Петерборда,
1842 жылы Мәскеуде алғашқы балалар ауруханаларын ашты.
Ол ауруханалар осы күнге дейін бар және Филатовтың атымен аталады.
Бұл ғалым балалардың жұқпалы ауруларын зерттеуге үлкен еңбек сіңірді.
1898 жылы Петерборда Н. П. Гундобин бала организмінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері жайында көптеген зерттеулер жүргізіп, еңбектер жазды, бірінші болып «Бала өлімімен күрес» одағын ұйымдастырды.
ІІІ -кезең. 1917 жылы революциядан кейін балалар мен аналарға медициналық көмек көрсету туралы алғашқы күндері-ақ декретке сол қойылып, арнайы ауруханалар, балалар үйлері, сүт кухнялары ашылған.
1932 жылы педиатриялық факультеттер ашылып, арнайы балалар дәрігерлерін дайындау жұмысты басталды.
Қазақстанда 20-шы ғасырдың басына дейін ғылыми тұрғында дәріс беретін бір де-бір арнаулы жоғарғы оқу орны болмаған. 1919 жылы РКФСР Халық комиссарлары Кеңесінің Қырғыз (Қазақ) аймағын басқару жөніндегі ұйымдастырылған Революциялық комитет арнаулы қаулымен денсаулық сақтау бөлімін құрады. 1920 алғашқы болып Орынборда шешек институты ашылды. 1922 жылдан бастап Республикада ауыл халқына медициналық жәрдем көрсету үшін дәрігерлік учаскілер, ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер құрыла бастады.
Сол кездерде халқымызға медициналық көмек көрсеткен ұлттық дәрігерлеріміз бен фельдшерлеріміз Қазан, Томск, Саратов, Петербор, Мәскеу университетінің медициналық факультеттерінде, академияларда оқып білім алды. Алғашқы қазақ дәрігерлері, фельдшерлері қатарында Хамза Қаржасов, Мәжит Шомбалов, Гүлсім Асфендиярова, Санжар Асфендияров, Халел Досмұхаммедов, Мүбина Ниязова т. б. көптеген тарихи тұлғаларды атауға болады. Халел Досмұхаммедұлы 1920-1926 жылдары Орта Азия университетінің медицина факультетінде істей жүріп, «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Денеміздің құрылысы мен жұмысы туралы» т. б. көптеген еңбектер жазып, жастарға білім берген ұстаз-дәрігер.
Қазақ қыздарының ішінен шыққан ең алғашқы дәрігерлердің бірі, Гүлсім Асфендиярова 1908 жылы Шымкент уезінде дәрігер, 1913 жылы Ташкент қаласында перзентхананың бас дәрігері жұмысын атқарған. Осы қалада алғашқы рет акушер мамандарын дайындайтын курс ұйымдастырып, дәріс берген. Орал қаласының түлегі Ниязова Мүбина 1917 жылы Саратов медучилищесін бітіріп, алғашқыда тіс дәрігері болып жұмыс істейді. 1934-1936 жылдары Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариатының аналарды қорғау басқармасының бастығы болады, ал 1936 жылы Алматыда алғашқы фельдшерлік-акушерлік мектеп ұйымдастырады және оның алғашқы директоры қызметін атқарады.
Кейінгі жылдарда балалардың денсаулығын қорғау жұмысына үлкен үлестерін қосқан профессорлар, Қазақстандық ғалымдар: А. И. Авенирова, Т. Н. Никонова, Н. А. Барлыбаева, К. С. Ормантаев т. б. көптеген ғалымдарды мақтанышпен атай аламыз. Нина Ахмедқызы Барлыбаева балалардың жүрек ауруларын, ревматизм ауруын зерттеп, ұлттық медицина ғылымына үлкен үлесін қосқан ғалым-дәрігер. Камал Саруарұлы Ормантаев - балалар хирургы, профессор, ғалым, осы күнге дейін Алматы Мемлекеттік Медицина Академиясында ғылыми-оқытушылық еңбегін жалғастыруда. Никонова Татьяна Николаевна балалардың жұқпалы ауруларын зерттеумен айналысқан ғалым, көп жылдар бойы медицина институтында оқытушылық қызмет атқарған, көптеген шәкірттер баулыған ұстаз.
Осындай атақты ғалымдармен қатар, жер-жерлерде балалардың денсаулығын қорғау жұмысында қарапайым, қатардағы педиатр дәрігерлеріміз де еңбек етуде. Дәрігер мамандары жоқ, ауылдық елді мекендерде ересектерге болсын, балаларға болсын, алғашқы болып қабылдап, алғашқы, дәрігерге дейінгі көмек көрсететін болашақ фельдшерлер - сіздер боласыздар. Сондықтан, «Педиатрия» пәнін жақсы оқып, меңгерудің маңызы үлкен. Сіздерге кәсіби табыс тілейміз.
2 - тарау
Балаларды емдеу және профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
Біздің елімізде балаларға профилактикалық - емдеу жұмыстарын ұйымдастыру -- № - бұйрық негізінде жүргізіледі.
Балаларды емдеу және профилактикалық көмекті көрсетуші мекемелердің
бірнеше типі бар. Бұлар өзара тығыз функционалды байланыста болып, балаларға қажетті медициналық көмек көрсетеді: емхана - аурухана - санаторий / қалыпқа келтіру орталықтары /. Балаларды жалпы бақылау біздің елімізде өзге елдердегідей аймақтық принципке сүйенеді. Осы принципке сәйкес елді мекен территориясы емханаларға бөлініп, емханаға бөлінген террритория өз кезегінде аймақтарға бөліп беріледі. Әр аймақтың жеке аймақтық педиатры және мейірбикесі болады. Аймақтарға бөлуде әр аймақтағы жалпы бала санын 800 баладан арттырмай бөлу шарт болып табылады.
Аймақтық принцип дені сау, ауру балаларды және жасөспірімдерді үздіксіз бақылап, олармен жүргізілетін арнайы емес, арнайы аурудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Балалар емханасы. Балалар емханасы құрлымында педиатриялық бөлімшелер, мамандандырылған кабинеттер, лабораториялық- диагностикалық, физиотерапия және емдік- физкультура кабинеттері, сүт тарату пункті бар. Сонымен қатар, әр емханада емдік іс- шараларды жүргізу мақсатында ег у бөлмелері қарастырылады. Бұндай бөлмелерде негізінен
емдік иньекциялар және екпелер/ вакцинация/ жасалады.
Дене қызуы көтерілген, жұқпалы ауруға күдікті, алғаш рет ауырып тұрған науқасқа медициналық көмек үй жағдайында көрсетіледі де баланың жағдайы жақсарғаннан кейін оны ата-анасы белгіленген уақытқа/ кестеге сәйкес/ аймақтық дәрігердің қабылдауына әкеледі. Емханада аймақтық педиатрдің балаға қажетті тексерістер жүргізіп/ лабораториялық, рентгендік/, мамандармен кеңесу мүмкіндігі /отоларинголог, офтальмолог, дерматолог, психоневролог/ болады.
Дені сау балалар балалар емханасының үздіксіз бақылауында болуы шарт.
Аймақтық педиатр дені сау баланы 1-жасына дейін ай сайын, жастан соң квартал сайын, 3-жастан кейін жылына бір рет тексерістен өткізіп көреді. Бұл
тексеріп, бақылаудың негізгі мақсаты - аурудың алдын алу. Емхана дәрігерлері үнемі ата-аналармен тығыз байланыста болып, оларға бала тәрбиесі, тамақтандыру, күтім тұрғысында ақыл- кеңестер береді.
Емханаға қарасты барлық балалар жалпы диспансерлік бақылауда болып,
тек педиатрмен ғана бақыланып қоймай өзге мамандармен де бақыланып отырады.
Бала денсаулығын қорғауда педиатр ең негізгі тұлға болғанмен оның жұмысының тиімділігі көп жағдайда аймақтық мейірбике жұмысына, оның кәсіби шеберлігіне тәуелді.
Аймақтық мейірбикенің лауазымдық міндеттеріне жатады:
- Баланың жанұясында гармониялы физикалық- психикалық дамуына бағытталған профилактикалық жұмыстар.
- Дәрігер тағайындаған емдік-іс шараларды үй жағдайында жүргізу.
- Жүкті әйелдерге босанғанға дейінгі патронажға бару.
- Жас нәрестелерге патронаж жүргізу.
- Аймақтағы дені сау және ауру балаларға үздіксіз бақылау жүргізіп отыру. Сонымен қатар, бала күтілетін ортаны қадағалап, ата-анасының
профилактикалық, емдік іс-шараларды орындап отыруларына бақылау жүргізу.
- Балалар мекемелеріне ұйымдастырылмаған балаларды есепке алып,
Оларға егу күнтізбегіне сәйкес вакцинациялар жасау.
- Емханадағы қабылдау сәтінде дәрігерге көмек көрсету: антропометрия,
анықтамаларды, жолдамаларды, еңбекке жарамсыздық парақтарын,
статистикалық талондарды, сақтандыру полюстары нөмірлерін
тіркеп, толтырып отыру.
- Диспансерлік бақылауда тұратын балалардың дәрігермен жүйелі бақы-
ланып отыруын ұйымдастыру.
- Ұдайы ата - аналармен санитарлық -ағарту жұмыстарын жүргізіп,
Балаларды шынықтыру, сауықтыру, рационалды тамақтандыру жайлы
санбюллетендер шығарып, брошюралар тарату.
Емханада балаларға толтырылатын медициналық құжаттардың негізгісі -
№ 112-ші форма- «Баланың даму тарихы». Бұл форма емхананың тіркеу бөлімінде сақталады. Тіркеу бөлімі жұмысының дұрыс жүргізілуі жалпы емхана жұмысына оң ықпалын тигізеді. Тіркеу бөлімінде орта- кіші буын медицина қызметкерлері жұмыс жүргізеді.
Соңғы жылдары «Балаланың даму тарихы» баланың ата-анасының қолына беріліп, балаға тиісті деректер компьтерлік банкте жинақталады. Бұлай жасаған жағдайда, балаларда болуы мүмкін кездейсоқ, медициналық көмекті қажет ететін кездерде жедел жәрдем, кезекші дәрігерлер көп жағдайда
«баланың даму тарихынан» мәлімет алып, бағыт-бағдар жасай алады.
Балалар ауруханасы
Жасы 14 - ке толғанға дейінгі ұдайы стационарлық бақылауды қажет етуші: интенсивті ем, арнайы мамандандырылған ем алуы тиіс балаларды балалар ауруханасына жатқызады. Ауруханада болу уақыты бірнеше сағаттан /күндізгі стационар/бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Балалар аурханасы көрсететін көмегіне қарай - көп профильді немесе арнайы мамандандырылған, ұйымдастыру жүйесіне қарай - емханамен біріктірілген немесе біріктірілмеген, жатын орын санына қарай да түрлі катергорияларға бөлінеді. Сонымен қатар, әкімшілік басқарылуына байланысты ауруханалар
аудандық, қалалық, облыстық, республикалық, өлкелік болып та аталады. Егер, аурухананың базасында медицина академиясы кафедрасы болса аурухана клиникалық аурухана болып аталады.
Балалар ауруханасының құрлымына қабылдау бөлімі, емдеу бөлімшелері,
емдік-диагностикалық бөлімше және басқа қосалқы құрлымдар кіреді
/дәріхана, тамақ даярлау орын, архив, медициналық есеп-қисап кабинеті, әкімшілік- шаруашылық бөлім, библиотека т. б/
Балалар аурханасы төмендегідей медициналық көмек
көрсетуге бағытталады:
- ауруды анықтау, шұғыл көмек көрсету, ауру балаларды емдеп, қалыпқа келтіру
- мамандандырылған емдік көмек көрсету
- әдістемелік кеңес жүргізіп, қазіргі таңдағы диагностиканың соңғы тәсілдері, жетістіктерін тәжірибеге енгізіп емдеу және аурудың алдын
алу.
Балаларды емдеп - аурудың алдын алушы мекемелер арасында балалар ауруханасының алатын орны ерекше. Ауруханада ауыр науқастарға диагноз қойып, емдеу мақсатында ғылымның соңғы жетістіктері - жаңа диагностикалық аппаратура жинақталып, жоғары кәсіби мамандандырылған
дәрігерлер және мейірбикелер жұмыс жүргізеді.
Балалар ауруханасы мейірбикесінің міндеттері сан - алуан және биік кәсіби шеберлікті, дағдыларды талап етеді. Мейірбике емдеуші дәрігердің тағайындауларын мүлтіксіз, ұқыпты орындап отыруы шарт болса, кешкі және түнгі уақытта кезекші дәрігердің тағайындауларын міндетті түрде орындап отыруы тиіс. Сонымен қатар, науқастарға күтім жүргізіп, қажетті манипуляцияларды қоса орындайды.
Педиатриялық бөлімше мейірбикесі келесі медициналық манипуляциялардың техникалық дұрыс орындалуын қамтамасыз етуі тиіс:
- баланың асқазанын жуып, зондтап, зонд арқылы тамақтандыра білу;
- клизманың барлық түрін жүргізе білу / тазалау, сифонды/;
- желшығарғыш түтікшені қолдану;
- жұмсақ катетермен қуықты катетерлеу/ жастан асқан балаларға/
- жылытқыш процедураларды жүргізе білу- қыша қағазын қолдану;
- дәрілік затты теріге жағып, сіңірте білу;
- дәрілерді тарату;
- дәрілік заттарды баланың көзіне, құлағына, мұрнына тамызу;
- компресстер қою;
- дәрігердің тағайындауларына сәйкес дәрілік заттарды тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көктамырға енгізу, құю;
- қан қысымын өлшеу;
- жұтқыншақтан, мұрыннан жағындаы алу;
- зерттеулерге биологиялық материал жию/зәр, нәжіс, тер, қақырық, құсық т. б/
- он екі елі ішек және асқазанға фракциялы зондтау;
- шұғыл көмекті қажет етуші жағдайларда көрсете білу;
- жүрекке сырттай массаж жүргізу;
- жасанды дем беру.
Бөлімшелердегі мейірбике ауыр науқастың жағдайын үздіксіз қадағалаушы автомат- аппаратурамен /мониторлар/, компьютермен жұмыс жүргізе білгені шарт.
Мейірбике мейірбикелік күзеттің үлгілі жағдайына жауапты.
Сонымен қатар, әр күзеттің мейірбикесі өз күзетіне бекітіліп берілген палаталардың санитарлық жағдайын, медициналық, шаруашылық құрал-саймандардың жұмыс істеп тұруын қадағалап, дәрілерді сақтау ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етіп, қажетті дәрілерге, таңғыш материалдарға, бала күтіміне керекті заттарға сұраныс толтырады. Мейірбике дәрігердің тағайындауларына сәйкес ауру балаларды рентгенологиялық, эндоскопиялық, радиологиялық және өзге тексерістерге ертіп апарып, олардың уақытылы палаталарында болуларын қадағалайды.
Мейірбике бөлімшеге жаңадан түсуші науқас баланы қабылдап, оның тері қабатын, шашын тексеріп / инфекцияның, педикулездің алдын алу мақсатында/ тиісті палатасына жатқызғаннан кейін дәрігерге баяндайды.
Мейірбике бөлімшеге алғаш түскен науқас баланы бөлімшенің ішкі тәртіп- ережелерімен, жеке бас гигиенасы ережелерімен таныстырады.
Мейірбике күнделікті дәрігердің бөлімшедегі науқастарды аралап көруі сәтінде бірге болып, науқас балалардың жағдайларын баяндайды, дәрігер-
дің жаңа тағайындауларын тіркеп алып, оларды орындайды. Сонымен қатар, мейірбикенің міндеттеріне балалар қабылдайтын тағамдардың сапалылығын қадағалап отыру да кіреді. Мейірбике қажет етілсе, ауыр науқастарды, ерте жастағы балаларды тамақтандыруды өз мойнына алады.
Балаларға ата-аналары әкелген тамақтардың да сапасын, түрін бақылап отырады.
Бөлімшедегі мейірбикенің жұмысы бөлімше меңгерушісі бекіткен кестеге сәйкес ұйымдастырылады. Кезекшілік кезінде дәрігердің рұқсатынсыз мейірбике жұмыс орнын тастап кете алдмайды.
Аурухананың негізгі құжаты болып - №003/у формасы - «ауру тарихы» картасы табылады. Бұл заңды құжат болғандықтан, оған түсірілетін жазулар белгілі тәртіппен жазылады. Картадағы жазуларды сызып, қайта жазып, өшіруге немесе толықтырулар жасауға болмайды. Мейірбике «ауру тарихының» жоғалып кетпеуіне жауапты. Карта ата-аналардың, балалардың қолына түспейтін, құлыпқа жабылатын жерде сақтауы тиіс.
«Ауру тарихына» науқас жайлы деректер, бақылаулар мен тағайындалған емнің нәтижелері енгізіледі. Арнайы парағына лабораторялық, инструменталдық тағы басқа зертеулердің нәтижелері, күнделікті таңертеңгісін, кешкісін өлшегенде белгілі болған дене қызуы, тамыр соғысы, қан қысымы және тыныс жиілігі, қажет болса тәуліктік диурездің көрсеткіштері тіркеледі. Мейірбике «ауру тарихына» науқастың бөлімшеге түскен уақытын көрсетіп, педикулезге тексерілгендігі жайлы белгі қояды, тағайындаулар парағына дәрінің берілген кезін көрсетіп, температура парағына науқастың ауруханаға түскендегі салмағы, бойы, күнделікті нәжісінің болуын және оның сипатын, 5-7 күн сайын ванна қабылдап, іш киімі мен төсек орнының алмасуы жайлы мәлімет енгізеді.
Мейірбике лабораторияға жолдамалар толтырып, кезекшілік тапсыру,
науқастардың алмасуы, инфекцияны тіркеп есепке алу журналдарын толтырады. Дәрігердің тағайындауына сәйкес порционниктер толтырып, оны асханаға жеткізіп, қажеттілігіне қарай №058/у форма- «шұғыл хабар» парағын толтырып, оны дереу санитарлық-эпидемиялық бақылау орталығына жөнелтеді.
Егу /процедура/ бөлмесінде жұмыс жүргізуші мейірбике иньекциялар жасаумен қатар, күрделі медициналық манипуляцияларды да орындайды. Ол
дәрігер жүргізетін күрделі процедураларды орындауда /қан құю, пункция жасау, контрасты зат енгізу/ көмектеседі.
Бөлімшедегі аға мейірбикенің жұмысының орны да ерекше болып табылады. Ол орта және кіші буын медицина қызметкелерінің жұмысын ұйымдастырушы болып табылады. Аға мейірбике бөлімшедегі санитарлық-эпидемиялогиялық режимге жауапты. Ол өз қарамағындағы қызметкерлерінің жүктемелерін есептеп, жұмыс кестелерін, еңбек демалысы кестесін құрастырып, бөлімше меңгерушісімен бірге есеп-қисап мәліметтерін даярлайды. «Жас нәрестелер» бөлімшесінің аға мейірбикесі күнделікті таңертеңгісін жұмыс алдында қызметкелердің, аналардың денсаулығын қадағалап тексереді/ дене қызуы, жұтқыншақ және тері жабдығы жағдайы/
Мамандандырылған орталықтар. Диспансерлер. Кейбір аурулармен балалар арнайы диспансерлерден медициналық көмек алады. Диспансерлер
келесі түрлерге бөлінеді: туберкулезге қарсы, онкологиялық, психоневрологиялық т. б . Осы тектес медициналық көмекті кейбір аурухана жанында ораласқан мамандандырылған орталықтар да атқарады: кардиоревматологиялық, гастроэнтерологиялық, пульмонологиялық, нефрологиялық, гематологиялық т. б.
Балалар санаторийлері. Балалар санаторийлері курортты зоналарда немесе жергілікті қала маңы қолайлы жерлерде ұйымдастырылады. Қазіргі таңда, балалардың ата-аналарымен бірге дем алуларына бағытталып жасалған пансионаттарға, санаторий - профилактрийлерге сұраныс арта түсуде.
Мейірбикелерге оқу-тәрбе беруші балалар мекемелерінде де жұмыс жеткілікті болып табылады: бала-бақша, мектеп, сауықтыру лагерлері, балалар үйі, интернаттар. Бұл мекемелерде дәрігер мен мейірбике балалардың дұрыс дамып жетілуіне, рационалды тамақтанып, екпе жұмыстарына жұмылдыруларына қатаң бақылау жүргізіп, жауапты болып табылады.
Мейірбике ұдайы науқас бала және оның ата-анасымен тығыз қатынаста болғандықтан емнің тиімді болуына ықпал ете алады. Медицина қызметкерлері өздерінің қызмет барысында медициналық деонтология принциптерін/дәрігер мен пациенттің қарым-қатынасындағы/қатаң ұстанады.
Дәрігерлік деонтологияның халықаралық кодексі медицина қызметкелеріне қойылатын екі стратегиялық талапты айқындайды олар:
1/ білімділік
2/адамдарға деген мейрімділік қарым-қатынас.
Сонымен қатар, қызмет барысында медицина қызметкерлері арасындағы субординацияның сақталуы қажеттілік болып табылады, яғни кіші лауазымды қызметкердің өзінен жоғары тұрған қызметкерге бағынуы :
кіші мейірбике- күзетші мейірбике - процедура бөлмесі мейірбикесі - аға мейірбике - дәрігер - бөлімше меңгерушісі - бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары - бас дәрігер.
Бақылау сұрақтары.
- Балаларға қандай емдеу - профилактикалық мекемелерде медициналық көмек көрсетіледі ?
- Аймақтық медициналық көмек көрсету принципі дегенді қалай түсінесің ?
- Болашақ мамандығыңда байланысты медициналық деонтология принципін қалай түсінесің ?
Балалық шақ кезеңдері.
Бада ағзасы дамып - жетілуіндегі басты ерекшелік болып, оның үздіксіз
дамып, интенсивті жетілуі табылады. Бала ағзасында өтіп жатқан өзгерістерге байланысты оның жетілуі бірнеше кезеңдермен сипатталады:
1/ Құрсақтағы даму кезеңі;
2/ Жас нәресте кезеңі;
3/ Емізулі кезең;
4/ Сүт тістерінің шығу кезеңі;
а/ мектеп алды кезеңінің ерте кезі / 3-жасқа дейінгі- сәбилік /;
б/ мектеп алды кезі /3-6 жас/;
5/ мектептегі төменгі сыныптардағы кезең;
6/ мектептегі жоғары сыныптағы кезең /жыныстық жетілуі/.
Балалық шақ бала туылғаннан бастап 14 жас 11 ай 29 күнге созылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz