Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау


Экономикалық талдау теориясы
Тақырып 1
Экономикалық талдау мазмұны пәні, міндеттері
Мақсаты:
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың мәні және міндетін, экономикалық талдау ғылымына анықтама беру, оның негізгі мазмұнын ашу.
Мазмұны
- Экономикалық талдау және теориялық таным
- Экономикалық талдау және экономикалық теория
- Экономикалық талдау жүйелілігі мен кешенділігі
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік-экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т. б.
Экономикалық талду басқару шешімдерін қабылдайтын ғылыми база болып табылады. Оны негіздеу үшін потенциалды мәселелерді, қаржылық және өндірістік тәуекелділікті көрсету және болжау, шаруашылық субъектінің табыс пен тәуекелділік дәрежесіне қабылданатын шешімдердің әсерін анықтап, шаруашылық қзмет нәтижесіне талдау жүргізу қажет.
Шаруашылық субъектінің статусының жоғарылауы олардың адында өндірістік және қаржылық мәселелердің шешілуіне мүмкіндік ашып, басқарушылар алдына қаржыландыру көзін табу, инвестициялық саясатты оңтайландыру мәселелерін қояды. Ұйымның қаржылық тұрақтылығын бағалау, төлем қабілеттілігін анықтау және объективті, ғылыми негізделген оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржылық талдау қажет.
Табиғат құбылыстары мен қоғамдық өмірді зерттеуді талдаусыз жүргізу мүмкін емес. «Талдау» терминінің өзі гректің «analyzis» деген сөзінен шыққан, аудармасында «бөлшектерге бөлемін» дегенді білдіреді. Демек, талдау шағын мағынада құбылыстар мен заттарды зерттеу үшін оларды құраушы бөлшектерге бөлемін дегенді білдіреді. Мұндай бөлшектеу зерттелетін заттың, құбылыстың, процестің ішіне үңілуге, оның әр бөлшегінің мәнін анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, өнімнің өзіндік құнының мәнін ұғу үшін оның тек қандай элементтерден құралатынын ғана емес, сондай-ақ әр шығын бабы мөлшерінің неге байланыстылығын білу керек. Өнімнің өзіндік құнының құрылымы мен оған әсер ететін факторлар дәлірек қарастырылған сайын, біз бұл экономикалық құбылыс жайында көбірек білетін боламыз және өнімнің өзіндік құнының қалыптасуын анағұрлым жақсы басқара аламыз.
Сонымен қатар, қоршаған ортаның көптеген құбылыстары мен процестері тек анализ көмегімен ғана таныла алады деп айта алмаймыз. Кей кездерде адамның ойлау қабілеттілігіне сай келетін басқа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Бұл мағынада талдауға зерттелетін заттың әртүрлі бөлшектері арасындағы байланысты табатын синтез жақын келеді. Қазіргі кездегі диалектика шындықты зерттеудің ғылыми әдістері ретінде талдау мен синтездің бірлігінен шығады. Тек талдау мен синтез ғана біріккен күйде құбылыстардың жан-жақты диалектикалық байланысының ғылыми зерттелуін қамтамасыз етеді.
Сонымен, талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады.
Ғылым мен тәжірибеде талдаудың әртүрлі түрлері қолданылады: физикалық, химиялық, математикалық, статистикалық, экономикалық және т. б. Олар тәсіл, мақсат және объектілері бойынша ерекшеленеді. Физикалық, химиялық және басқа да талдауларға қарағанда экономикалық талдау экономикалық құбылыстардың абстракті-логикалық зерттеу тәсіліне жатады, мұнда микроскопты да, химиялық реактивтерді де қолдану мүмкін емес, тек абстракция күші ғана қолданыла алады.
Адамның талдау қабілеттілігі қоршаған ортадағы өз іс-әрекеттерін әрқашан бағалап отырудың объективті қажеттілігінен туындады және жетілуде. Бұл еңбек пен ресурстарды анағұрлым эффективті жұмсаудың тәсілін іздестіруге итермелейді.
Тұрғын халықтың санының өсуіне, өндіріс құралдарының жетілуіне, адамзаттың рухани және материалдық қажеттіліктерінің өсуіне байланысты талдау дамыған қоғамның ең алғашқы өмірлік қажеттілігіне айналды. Қазірде талдаусыз адамның саналы қызмет етуі мүмкін емес. Ф. Энгельс талдаудың пайда болуының тарихи шекарасына мінездеме бере отырып, былай деп жазған: «Жаңғақты бөлудің өзі талдаудың бастамасы болады». Адамзаттың дамуына байланысты бөлінген жаңғақтар саны да өсуде, әрі оларды бөлу тәсілдері де жетілуде. Талдау объектілерінің шеңбері ұлғаюда, сонымен қатар талдаудың өзі де жетілуде.
Саналы қызметі нәтижесінде адамдардың табиғи ортамен қарым-қатынастары бірте-бірте кеңейді, соның салдарынан адамдар әртүрлі объектілер мен құбылыстар жайлы өз түсініктерін тереңдетті. Бірте-бірте бұл объектілер мен құбылыстарды зерттеуге байланысты талдаудың тереңдетілген түрі қажет болды. Осылайша, математика, химия, медицина және басқа да ғылымдардағы талдау пайда болды.
Бүгінде, экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін
жалпытеориялық экономикалық талдау
мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын
шаруашылық қызмет талдауы - микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын
айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.
Материалистік диалектика барлық құбылыстар мен процестерді тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыруды қажет деп санайды. Шаруашылық қызметті талдау әдісінің бір сипаттамалық белгісінің қайнар көзі осында - тұрақты салыстырулардың қажеттілігі. Салыстырулар Шаруашылық қызметті талдауда кеңінен қолданылады. Қызметтің нақты нәтижелері өткен жылдардың нәтижелерімен, баса кәсіпорындардың жетістіктерімен, жоспарлы көрсеткіштерімен және т. б. салыстырылады.
Материалистік диалектика әрбір процесс, әрбір құбылысты қарама-қайшылықтардың күресі және бірлік ретінде қарастыру керектігін үйретеді. Осы арадан ішкі қарама-қайшылықтарды, әрбір процестің, әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл да шаруашылық қызметті талдаудың сипаттамалық белгісінің бірі. Мысалы, ҒТП еңбек өнімділігінің артуына, рентабельділік деңгейінің өсуіне және т. б. оң әсерін тигізеді, бірақ қоршаған ортаның ластануы, гиподинамия дамуы және т. б. сияқты оның теріс жақтарын да ескеру қажет.
Талдауда диалектикалық әдісті қолдану кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттеу барлық өзара байланыстарды есепке ала отырып жүргізілуі керек екендігін білдіреді. Ешбір құбылыс дұрыс түсінікті болуы мүмкін емес, егер ол бөлек түрде, басқалармен байланыссыз қарастырылатын болса. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының деңгейіне жаңа техниканы енгізу әсерін зерттей отырып, тікелей байланысты ғана емес, сонымен қатар жанама байланысты да ескеру қажет. Жаңа техниканы енгізу нәтижесінде өндіріс шығындары артатыны, сонымен бірге өнімнің өзіндік құны да артатыны белгілі. Бірақ мұнда өз қатарында еңбекақының үнемделуі мен өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне жағдай жасайтын еңбек өнімділігі өседі. Осыдан шығатын, егер еңбек өнімділігінің өсу деңгейлері жаңа техниканы ұстау мен іске қосуға кететін шығындарының өсу деңгейіне қарағанда жоғары болса, онда өнімнің өзіндік құны төмендейді, және керісінше. Яғни, осы немесе басқа да экономикалық құбылысты түсініп, дұрыс бағалау үшін басқа құбылыстармен барлық байланыстарын және өзара тәуелділікті зерттеп алу қажет. Бұл шаруашылық қызметті талдау әдісінің әдіснамалық белгісінің бірі.
Жүйелі көзқарас - зерттеу әдіснамасындағы бағыт. Ол көптеген ішкі және сыртқы байланыстары бар жеке элементтерден тұратын күрделі жүйелер сияқты оюъектілерді зерттеуге негізделеді. Жүйелі көзқарас объектіні терең зерттеуге, ол туралы неғұрлым көбірек түсінік алуға, осы объекттінің жеке бөліктері арасында себепті-тергеулі байланысынкөрсетуге мүмкіндік береді.
Жүйелі көзқарастың негізгі ерекшеліктері - қозғалмалылық, өзара қарым-қатынас, өзара тәуелділік және жүйе элементтерінің өзара байланысы, кешенділік, толықтылық, бағыныштылық, бастаушы буынның ерекшеленуі. Экономикалық талдауда жүйелі көзқарас неғұрлым мақсатқа сай басқарушылық шешімдерді таңдау үшін негіз болатын беліген нұсқалардан тиімдісін таңдауға, шаруашылық мәселелерді шешудің ғылыми негізделген нұсқаларын құрастыруға мүмкіндік береді.
Жүйелі талдау процесінде бірнеше жүйелі кезеңдерді қарастыруға болады.
Зерттеудің бірінші кезеңінде талдау объектісі анықталған жүйе ретінде көрінеді. Бұл үшін ең басында жүйе элементтері ретінде қарастыруға болатын объектінің жеке бөліктерін бөліп көрсетеді. Нақты жағдайларда жүйе бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін, яғни бірінші деңгейдің әрбір бөлек алынған элементін жеке жүйе (ішкі жүйе) түрінде қарастыруға болады. Бұдан басқа, талдаудың бірінші деңгейінде жүйенің даму мақсаты, оны шешетін мәселелер, басқа жүйелермен байланыс, жеке элементтер арасындағы өзара байланыстар, әрбір элементті және жүйені түгелдей іске асыру құрылуы тиіс
Жүйелі талдаудың екінші кезеңнің негізгі мақсаты - жүйелері бар шарттарға, өзара байланыстарға (ішкі және сыртқы), элементтерге барлығына анағұрлым толық және сапалы баға беруге мүмкіндігі бар көрсеткіштердің іріктелуі.
Үшінші кезеңде зерттелетін жүйенің жалпы схемасы құрастырылады. Графикалық тұрғыда ол әдетте әрбір элементке арнайы блок сәйкес келетін блоктық сурет түрінде көрсетіледі. Бөлек блоктар жүйенің ішкі және сыртқы байланыстарының бары мен бағытын көрсететін бір-бірімен стрелкалар арқылы байланысқан. Мұнда алдыңғы кезеңде таңдалған көрсеткіштер жүйе элементтері мен байланыстары бойынша үлестіріледі, олардың тізімі нақтыланады (бірін-бірі қайталайтын шығарылып тасталады, ақпараты жеткіліксіздері ауыстырылады және т. с. с. ) .
Талдаудың төртінші кезеңі жүйенің экономика-математикалық үлгісі жалпы түрде құрылуына арналады. Мұнда сапалы талдау негізінде жүйенің барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің математикалық нысандары анықталады. Бұл кезеңде әртүрлі әдістер көмегімен барлық теңдеулер мен теңсіздіктердің коэффициенттері, шетеу параметрлері мен мақсат функциялары анықталуы тиіс.
Нәтижесінде істелген жұмыс қорытындысы бойынша таңдалған объектіні экономикалық талдау үшін пайдаланылуы мүмкін экономика-математикалық үлгі алынуы мүмкін.
Ең соңғы
талдаудың бесінші кезеңі
«үлгімен жұмыс» деп аталады. Оны диалог түрінде компьтерде жасаған дұрыс. Өндірістің сол не басқа факторларын сипаттайтын экономика-математикалық үлгісінің (коэффициенттер, шектеулер) бөлек параметрлерін ауыстыру жолымен функция мәнін анықтайды. Осы көрсеткіштерді нақты, жоспарлы және басқалармен салыстыру шаруашылық қорытындысын, нәтижелі көрсеткіштер шамасына факторлар әсерін бағалауға, ішкі шаруашылық резервтердің пайдаланылмаған көлемі мен көздерін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Талдауға суреттелген көзқарас басқалармен салыстырғанда маңызды артықшылықтарға ие: ол зерттеудің кешенділігі мен мақсаттылығын; өндіріс тиімділігінің арту резервтерін табудың әдіснамалық негізделген схемасын; шаруашылық нәтижелерін объективті бағалауды; шапшаңдық, әрекеттілік, негізін, талдау мен оның қорытындыларының дәлділігін қамтамасыз етеді. Алынған экономика-математикалық үлгі талдауда қайта-қайта қолданылуы және басқарушылық шешімдерді негіздеудің жақсы құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Қорытынды
Талдау ұғымы кең көлемде кішкентай бөлшектерге бөлінген және олардың байланыстарының әртүрлілігіне қарамастан табиғат құбылыстары мен заттарын танудың тәсілі ретінде қарастырылады. экономикалық құбылыстар мен процестерді макродеңгейде зерттейтін жалпытеориялық экономикалық талдау мен бөлек кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын шаруашылық қызмет талдауы - микродеңгейдегі нақты-экономикалық талдауын айыра білу керек. Егер, жалпытеориялық экономикалық талдаудың ғылыми тұрғыдағы дамуы алдыңғы ғасыр экономистерінің еңбектерінде көрініс тапса, ал шаруашылық қызмет талдауы ғылым ретінде салыстырмалы түрде жақын арада көрініс тапты.
Тақырып бойынша әдістемелік нұсқаулар
Лекция материалдарын игеру үшін барлық көңілді негізгі ұғымдарды игеруге аудару қажет: экономикалық талдау, макроэкономикалық талдау, микроэкономикалық талдау, бағдарламалық талдау, қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік -экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т. б.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Басовский Л. Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие - Москва: ИНФРА, 2005
- Басовский Л. Е. Экономический анализ (комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности) : УП - Москва: ИНФРА-М, 2005
- Шеремет А. Д. Теория экон. анализа: учебник - Москва: ИНФРА-М, 2003
- Савицкая Г. В. Анализ хоз. деятельн. : УП - Москва: ИНФРА-М, 2005
- Управленческий анализ. С. А. Бороненкова УП - Москва: ФиС, 2004
- Чернов Т. П. Экономический анализ: Торговля, общее питание, тур. бизнес: УП для вузов. Под ред. М. И. Баканова - Москва, 2003
Өзіні өзі тексеру сұрақтары:
- Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?
- Экономикалық талдаудың теориялық танымы?
- Жалпытеориялық экономикалық талдау.
- Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемесі
- Экономикалық талдау категориясы.
Дәріс 2 - Экономикалық талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Мақсаты:
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың пәні мен объектілерін анықтау, экономикалық талдау мақсатын және түрлерін қарастыру.
Мазмұны
- Экономикалық талдау пәні мен объектілері
- Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
- Экономикалық талдау түрлері
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: қаржылық-экономикалық талдау, аудиторлық талдау, техникалық-экономикалық талдау, әлеуметтік -экономикалық талдау, экологилық талдау, маркетингтік талдау, салыстырмалы талдау, акторлық талдау, диагностикалық экспресс талдау, маржиналдық талдау және т. б.
Экономикалық талдау пәнінің зертеу мәні болып экономикалық құбылыстардың және принциптердің себепті-салдарлы қатынастары табылады.
Экономикалық талдау объектілері ретінде шаруашылық қызметінің экономикалық нәтижелері есептелінеді. Өнеркәсіп кәсіпорында талдау объектілерін өнім өндіру мен өткізу, оның өзіндік құны, еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын пайдалану, өндірістің қаржылық нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы және т. б. жатады
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау мазмұны мен міндеттері оның атқаратын функцияларымен айқындалады.
Біріншіден, бұл функциялардың бірі - экономикалық заңдардың іске асу сипатын зерттеу, кәсіпоорын жағдайында экономикалық процестермен құбылыстардың тенденцияларын орнату.
Екіншіден, талдау функциясы болып ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу есептеледі.
Үшіншіден, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтау.
Төртіншіден, жоспарды орындау барысы бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалау.
Бесіншіден, шаруашылық қызмет процесінде айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шаралар белгілеу.
Шаруашылық қызметін талдау жүргізуде келесі принциптерді басшылыққа алған жөн.
- Экономикалық құбылыстар мен процестерді, шаруашылық жүргізудің нәтижелерін бағалауда талдау мемлекеттік әдіске негізделуі керек. Яғни, экономикалық өмірдің белгілі жақтарын бағалай отырып, олардың мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатқа және заңдылыққа сәйкестігін есепке алып отыруымыз қажет.
- Талдау ғылыми сипатта жүргізілуі қажет, яғни өндіріс дамуында экономикалық заңдар талаптары ескерілуі қажет, ғылым-техникалық прогресс жетістіктерін, экономикалық зерттеулердің жаңа әдістерін пайдалану керек.
- Талдау кешенді болуы қажет. Зерттеудің кешенділігі кәсіпорын экономикасында қызметтің барлық тарауларын қамтуды талап етеді.
- Талдау жасауда жүйелілікті қамтамасыз ету керек. Әрбір объектіні зерттеу оның ішкі және сыртқа қарым-қатынастарын ескере отырылып жүргізілуі қажет.
- Шаруашылық қызметті талдау объективті, анық, дәл болуы керек. Ол тексерілген, нақты, объективті шындықты айқындайтын мәліметке негізделуі қажет, ал оның қорытындылары аналитикалық есептермен негізделуі тиіс.
- Талдау кәсіпорын қызметіне, өндіріс нәтижелеріне өз әсерін тигізіп отыру қажет. Бұл жерде уақытылы жұмыстардың кемшіліктерін айқындалып, олармен кәсіпорын басшылығын таныстыру керек.
- Талдау жоспар бойынша жүргізілуі тиіс. Талдау оперативті болуы қажет. Оперативтілік деп отырғанымыз - бұл тез және оның талдау жасау, басқару шешімдерін қабылдау және оларды іске асыру. Талдау нәтижелі болуы тиіс.
Шаруашылық қызметті талдаудың пайда болуы кез келген саланың пайда болуына қажет жалпыға бірдей объективті тәртіппен байланысты.
Біріншіден , бұл тәжірибелік қажеттілікті қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуына, өндірістік күштердің жетілуіне, өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты пайда болды. Кішігірім кәсіпорындарда қолданылған интуитивті талдау, жобалық есептер үлкен өндірістік бірліктер шарттарында жеткіліксіз болып қалды. Жан-жақты жинақталған шаруашылық қызметті экономикалық талдаусыз күрделі экономикалық процестерді басқару мен оптималды шешімдер қабылдау мүмкін емес.
Екіншіден
, бұл экономикалық ғылымның жалпы дамуымен байланысты. Кез келген ғылымның дамуымен оның салаларының дифференциациясы жүргізілетіні бәрімізге мәлім. Шаруашылық қызметтің экономикалық талдауы қоғамдық ғылымдардың дифференциациялануы нәтижесінде пайда болды. Бұрын экономикалық талдау қызметтері балансжүргізу, бухгалтерлік есеп, қаржы, статистика және тағы да басқа ғылымдар шегінде қарастырылатын. Бұл ғылымдар шегінде талдауды зерттеудің алғашқы қарапайым тәсілдері пайда болды. Бірақ, кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуының ағымдағы және бесжылдық жоспарын негіздеу үшін кәсіпорын қызметін жан-жақты жалпы зерттеу қажеттілігі туындады. Жоғарыда аталып өткен ғылымдар тәжірибенің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады. Шаруашылық қызметті талдауды ғылымның бөлек жеке саласы ретінде көрсету қажеттілігі туындады. Осыдан соң, экономикалық талдаудың маңызы шаруашылық қызмет барысындағы қателердің бағасына сай өсіп отырды. Оған деген қызығушылық өсуде. Өндірісті зерттеу жалпылама талдаушылық көрініс тапты. Талдау кәсіпорын экономикасын басқарудағы маңызды құралға айналды, резервтерді тану өндірістік эффективтіліктің жоғарылауына әкеледі.
Шаруашылық қызметті талдаудың ғылым ретінде даму тарихына көңіл аудара отырып екі жағдайды еске сақтау керек: біріншіден, ғылымның теориялық сұрақтарын жетілдіруге, екіншіден, олардың тәжірибедегі қолданылуы. ШҚТ туралы алғаш арнайы кітаптар ХХ ғасырда пайда болды. Олар баланс талдауына арналған еді және методикалық бағытта болды. 30-шы жылдары ШҚТ СССР-дың жоғарғы оқу орындарында оқылатын болды. ШҚТ туралы алғаш кітаптар мен әдістемелер шыға бастады. Олардың авторлары Н. Р. Вейцман, С. К. Татур, М. И. Баканов және т. б. 30-шы жылдары ШҚТ-ның ғылым ретінде қалыптасуы болды, әрі оны тәжірибеде кәсіпорын экономикасын жалпылама зерттеу жүйесі мен өндірістік резерті жоғарылатуды іздеуде қолдана бастады. Соғыс алдындағы жылдары экономикалық талбдау сұрақтары бойынша үш жүзден аса кітаптар мен алты жүздец ғылыми мақалалар жасалды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бухгалтерлік есептің қайтақаралуы, бақылау мен шаруашылық қызметті талдау басқа авторлардың да туындыларында көрініс тапты
Соғыстан кейінгі жылдарды талдаудың теориялық сұрақтарына арналған деп айтуға болады. Осы кезде талдау кәсіпорынның да ұлттық экономиканың деңгейінде басқару тәдірибесінде қолданыла бастады. Экономикалық талдаудың дербес әдістемелік бағыттары жетіле бастады: салыстырмалылық, технико-экономикалық, оперативті, экономика-математикалық, функционалды-бағалық және т. б.
Шаруашылық қызметті талдауды жалпы зерттеу әдістемелігінің дамуында үлкен рөлді М. И. Баканов, А. Д. Шеремет, С. Б. Барнгольц, В. Ф. Дьяченков, А. Ш. Маргулис, А. И. Муравьев, В. И. Самборский, Н. В. Дембинский, Г. М. Таций, Н. Г. Чумаченко, В. И. Стражев, С. Г. Овсянников, Н. А. Русак, Л. Н. Кравченко, Б. И. Майданчик, Р. С. Сайфулин, А. Ф. Аксененко және т. б. экономист ғалымдар.
Талдаудың қазіргі жағдайын теориялық жағынан негізделген ғылым ретінде қарастыруға болады. Ғылым жұмыскерлерімен жасалған бірқатар әдістемелер өндірісті басқаруда әртүрлі дәрежеде болып келеді. Сонымен қатар, ғылым даму қалпында. Басқарушылық шешімдерді оптимизациялайтын математикалық, ЭВМ әдістерді зерттеу кеңінен жүргізілуде. Шетел және отандық теориялық жетістіктердің тәжірибеде қолданылуы жүргізілуде.
Шаруашылық қызметті талдаудың теориялық бағыттары математика, статистика, бухгалтерлік есеп және т. б. ғылымдармен байланысты. Сондай ақ, талдауды дамыту тәжірибелік сұрақтармен байланысты. Басқарудың командалық-административті жүйесінде талдау тәжірибе жүзінде қажетінше дами алмады.
Ал қолданбалы жүйеге келгенде шаруашылық қызметті талдауды басқарудағы жетекші орынды алады. Оған біздің қоғамымыздағы барлық өзгерістер әсер етеді. Нарыққа көшудегі экономикалық механизмнің жетілуі кәсіпорынның бәсекелестігі мен осы ғылымға деген қызығушылықтың өсуіне әкеледі.
Экономикалық талдау түрлері. Экономикалық талдау кәсіпорын қызметінің әртүрлі бағыттары, сала, халықаралық байланыстар бойынша жүргізіледі (сурет 1. )
Рисунок 1
Сурет 1 - Экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау
Экономикалық басқарудың негізгі функциялары:
- басқаруды ұйымдастыру;
- жоспарлау (экономикалық жүйені болашақта және ағымды жоспарлау, болжамдау) ;
- талдау (экономикалық қызмет барысын және нәтижелерін талдау, ғылыми негізделген критерийлер негізінде оның жетілдіру мүмкіндіктерін бағалау) ;
- басқарудың мәліметтік қамсыздандыру (экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерді жинақтау, өңдеу) ;
- бақылау (басқару шешімдері мен бизнес-жоспарлардың орындалу барысын бақылау) .
Талдау бойынша барлық жұмыстар функционалды болып саналады. Оларға келесі функциялар жатады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz