Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері


Дәріс №1
Тақырып: Жемқорлық дегеніміз не ?
Жемқорлық (лат. corruptio-сатып алу) -мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері . Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар , өзге де мүлік , мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу , туыстық, жерлестік, т. б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық) . 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осы конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң қабылдады.
Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар. Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы және оның қылмыстық-құқықтық көрініс нысандары. Сыбайлас жемқорлық ұғымы. Кез келген құбылысты зерттеуді оның ұғымын анықтаудан бастау қажет. Бұл тек ғылыми ізденісті жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар оның нәтижелерін зерттеушілердің жете түсінуін жеңілдетеді. "Сыбайлас жемқорлық" термині заңдылық, оның ішінде қылмыстық-құқықтық ұғым болып табылмағандықтан, оның құқықтық анықтамасы белгілі бір қиындық туғызады. Сыбайлас жемқорлықтың халықаралық атауы- ''коррупция'' терминінің этимологиясы латынның "corruptіo" (паралап сатып алу) ұғымын білдіреді. Бірақ 1978 жылғы 17-ші желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылдаған кодексте: Коррупция ұғымы, лауазым иелерiнiң құқықтық мiнез құлқы, лауазым иелерiнiң iстеген немесе iстеуге мүмкiн iс-әрекеттерi үшiн заңсыз салық алуы, уәде берулерi ұлттық құқық нормаларымен анықталуы қажет делiнген.
Н. Ф. Кузнецова сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік көлеңкелі құбылыс деп көрсетіп, оның бір тұлғаны екінші бір тұлғаның сатып алуынан тұратынын анықтайды. А. И. Долгова осындай пікірді қолдай отырып, коррупцияны мемлекеттік немесе басқа да қызметкерлердің жеке басының пайдасы үшін ресми қызметтік өкілеттіліктерін және соған байланысты беделдері мен мүмкіндіктерін сатуы немесе сол үшін сатылуы деп атап көрсетеді. Бұл дегеніміз коррупция ұғымы парақорлықпен теңестіру деген сөз. Басқалар коррупцияны шенеуніктердің өз қызмет бабын жеке басының пайда табуы мақсатында қолдануға негізделген басқару аппаратының іріп-шіруі деген анықтама бередi. Бұл жағдайда олар ''cor'' (дене) сөзін негізге алып, коррупция деген сөзге латын тілімен сөзбе сөз ''дененің іруі'' іріп-шіру процесі деп анықтама келтіреді. Б. В. Волженкин ''Сыбайлас жемқорлық дегеніміз ә леуметтік құбылыс болып табылатын биліктің іріп-шіруі, мемлекеттік функцияны атқаруға өкілетті мемлекеттің немесе басқа да соларға теңестірілген адамдардың өз қызмет бабымен қызмет статусы мен беделін жеке басының баюы мақсатында немесе топтық мүдде үшін пайдалануы'' деп анықтама береді. Осы анықтамадан сыбайлас жемқорлықтың парақорлық шегінен шығып кететінін және оның мемлекеттік билікті жеке өзінің, басқаның пайда табуы мақсатында асыра пайдаланудың кез келген түрін айтамыз. Осылайша заң әдебиетінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі түрлі көзқарас қалыптасқан: тар мағынадағы сыбайлас жемқорлық (парақорлық) және кең мағынадағы сыбайлас жемқорлық (мемлекеттік билікті пайдалану пайдакүнемдік мақсатта асыра пайдаланудың кез келген түрі) . Біздің пікіріміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың кең көлемдегі түсінігін қолдану дұрыс сияқты. Сатып алу сыбайлас жемқорлықтың тарихи бірінші көрініс болса да, сыбайлас жемқорлықты парақорлыққа теліп қою дұрыс болмаған болар еді. Осындай мұқият қарауды талап ететін заңдылық мәселені жеңіл шешу позициясын ұстану дұрыс болмайды. Осыған орай шешу сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген мәнді болады. Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін - өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып кеңітеді. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол, мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін- өзі басқару органдары беделіне зор нұқсан келтіріп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.
Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды.
Дәріс№2
Тақырып: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерi.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:
1) Барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;
5) Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;
5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;
6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу; 8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;
9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;
10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;
11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;
12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық «Жемқорлыққа қарсы Заңның принциптері».
Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатын нақтылап, бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді. 2014 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев 2015-2025 жылға бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы маңызы зор құжатқа айналған. Құжаттың мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік ахуалын жасау арқылы қоғамды жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» № 1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiмін нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған. Бұл заңның ерекшелігі сол, билік басындағы лауазым иелерінің қызмет бабын жеке басының мақсаттарына пайдалануына, келеңсіз әрекеттеріне тосқауыл қою болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып белсенділік танытып қарсы тұрыуымыз қажет.
№3 Дәріс
Тақырып: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мақсаттары мен міндеттері.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу дегеніміз - бұл мемлекетте тұрақтылықты қамтамасыз етудің қажетті шарты деп айтқан екен кезінде Арестотель ғұлама. «Кез келген мемлекеттік құрылыстағы басты нәрсе - бұл заңдар өзге де күн тәртібінің жәрдемімен істі лауазым иелері баю жолына түсіп кетпейтіндей етіп ұйымдастыру. Жалпы жұртқа ортақ пайда келуін ойластыратын мемлекеттік құрылыстар ғана әділ, дұрыс болмақ», - деген екен ежелгі ойшыл ғалым.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқасымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидалары мыналар;
1. Заңның және соттың алдында баршаның теңдігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өте маңыздысы қағидалардың орындалуы және іске асырылуы. Өкінішке орай бұл заң біреулерге дұрыс, біреулерге жұмыс жасамайды. Сонымен бірге жеке судьялар, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлері де сыбайластық жемқорлыққа ұшыраған.
2. Мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың мемлекеттік органдардың қызметінің заңға сүйенетін регламентін, заңдылығын және жариялылығын қамтамасыз етуі.
3. Мемлекеттік ақпараттың құрылымы, кадрлік жұмысты жетілдіру және мәселелердің шешімін жеке және заңды тұлғалардың құқық және заңды түрде мүдделеріне қатысты заң құру.
Қабылданған Заңнамалардың басты мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауып қатерден республиканың ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, осыған байланысты құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді тиісті жауапқа тартумен қатар, демократиялық негіздерді, мемлекеттік басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімдерін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталғаны жөнінде атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез-келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда.
Салық төлеушілер мен салық органдарының қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы біріге күрес жасап жоғарыда айтылып кеткен қағидаларды орындап, кемшіліктерді болғызбауы керек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган - өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы орталық атқарушы орган; оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық - бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) ;
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелі - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
13) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің алдын алу шаралары жүйесін әзірлеу және енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, анықтау, шектеу және жою жөніндегі қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
1) заңдылық; 2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы; 3) жариялылық пен ашықтық; 4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану; 6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу; 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері.
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою.
; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды; 6) қаржылық бақылауды; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасының жай-күйіне, сондай-ақ қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін қабылдауы мен бағалауына қатысты ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтап-қорыту, талдау және бағалау жөніндегі қызметі.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы құқық қолдану практикасын бағалау болып табылады.
3 . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің дереккөздері - құқықтық статистика мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері, әлеуметтік сұрау жүргізу деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараларды жетілдіру үшін негіз болып табылуы мүмкін.
5. Осы баптың ережелері арнаулы мемлекеттік органдардың қызметіне қолданылмайды.
Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты-бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз.
Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар. Жемқорлықтың қарапайым түсінігі - лауазымды тұлғалар, қоғамдық және саяси қайраткерлер мен мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сараңдық мен сатқындық танытуы.
№4 Дәріс
Тақырып: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар.
Демократиялық институттар мен құндылықтар сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, сондай-ақ, одан туындайтын қоғамның тұрақты және қауіпсіз дамуына қатер төндіретін проблемалармен сыйыспайтыны даусыз. Тиісінше Қазақстанда іске асырылып жатқан демократиялық қайта құрулар сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне қарсы барлық деңгейлердегі күресте тиімді жұмыс істейтін оны жүйесіз атқару мүмкін емес.
Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы-адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz