Ауруға бейім жануарлар
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ветеринария факультеті
Кафедра: Биологиялық қауіпсіздік.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Індет процесінің қарқындылығы және оның статистикалық көрсеткіші.
Орындаған: ВМ-406 топ студенті
Юсупова Жамила
Қабылдаған: Орынбасар Миадиана
АЛМАТЫ
2021
Кіріспе
Індет процесі деп, оның бұғауланған үш құрама бөлігінің, (инфекция қоздырушысының бастауы, берілу тетіктері, бейім жануарлар) бір-бірімен әрекеттесуі нәтижесінде жануарлар арасында инфекцияның айқын немесе жасырын түрінде пайда болып, таралуын, жайылуын айтады.
Індет процесін зерттеудегі мақсаты-ауру бір малдан екіншісіне қалай жұғады, індет басылып екінші рет қайталанғнша осы аралықта микроб қайда және қалай сақталады, індеттің таралуына және оның тоқтауына қандай факторлар әсер етеді және т.б. анықтау болып табылады .
Індет процесінің үш тұрақты құрылымы .
1. Инфекция қоздырушысының бастауы .
2. Қоздырушысының берілу тетігі .
3. Бейім жануарлар .
Инфекция қоздырушысының бастауы ретінде ауру мал, жасырын микроб алып жүруші жануарлар, олардың өнімдері, көң, топырақ, ағыны жоқ тоқтау су, бөгет саналады.
Ауру қоздырушысы ретінде саналуы үшін оларда микроб өсін-өнуі немесе сақталуы қажет.
Індет процесінің негізгі қозғаушы күштері
Инфекциялық процесс нақтылы бiр жануар организмiнде байқалатын құбылыс болса, iндет процесiнiң ауқымы одан анағұрлым кең. Бұл жұқпалы аурудың жеке организмдi зақымдауы емес, оның ауру малдан сау малға жұғып, тұтас бiр аумақты жайлауы. Яғни індет процесі белгiлi бiр территория шеңберiнде өтедi.
Iндет процесi
Бірінші тарауда инфекция патологиясындағы сұрақтар микрожүйе (антиген, антидене, серологиялық, бактериологиялық диагностика, т.б.), мезожүйе (мал организмі, т.б.) деңгейінде, яғни инфекциялық процесс тұрғысынан қарастырылса, бұл тарауда жұқпалы ауыруларға байланысты құбылыстар макрожүйе (мал табыны, тобы, індеттің таралу қарқынына байланысты белгілі бір кеңістік) шеңберінде қарастырылады. Індет ошағынан басқа аурудан сау емес пункт деген ұғым қалыптасқан. Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық немесе әкімшілік территория есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның мағынасы оншама нақтылы емес. Бұл негізінен әкімшілік территорияға сәйкес ұғым және әрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та әртүрлі. Мысалы, бір үлкен шаруашылықтың 3 мал фермасы болып оның біреуінде аусыл шыға қалса, шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп саналады. Ең дұрысы аурудан сау емес пунктті есепке алмай, індет ошағы бойынша есеп жүргізген дұрыс. Әсіресе Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде бір әкімшілік территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай (Індеттану, Т.Сайдолдаұлы, 1993). Табынды жұқпалы аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лептоспироз, т.б.) сауықтыру, індет ошағынан (топалаң, қарасан, т.б.) арылу шараларын іске асырудың қажетті алғы шарты - індеттанулық балау, ол індет процесі мен індет ошағын толық сипаттайды.
Індет процесінің қарқындылығы дегеніміз
Індет қоздырушысының бастауы. Бұл жұқпалы аурулардың қоздырғыштары сақталып, өсіп-өніп қана қоймай, сонымен қатар сыртқы ортаға бөлініп шығатын немесе басқа ауруға бейім жануарға тікелей берілетін, микроб жұқтырған организм болып табылады.Инфекция қоздырушысының бастауына ауру, аурудан айыққан, микроб алып жүруші жануарлар жатады. Қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне,организмнің икемділігіне және аурулардың патогенетикалық ерекшеліктеріне байланысты, жануар организміне микробтардың ену ұзақтығы әртүрлі болып келеді.Ең күшті, әрі қауіпті қоздырушы бастауы - айқын клиникалық белгілері бар ауру мал.Аурудың өршіген кезінде сыртқы ортаға микроб ең көп мөлшерде шығарылады.Микробтың денеден шығу жолдары: нәжіс, несеп, тері қыртыстары, көз, мұрын және жыныс жолдарынан аққан сора, сілекей, аққан қан мен ірің,түсік тасталған төл,шарана суы, сауылатын малдың сүті, т.б. Ауру әдеттегіден тыс өрбіген жағдайда да ондай жануарлар өте қауіпті инфекция бастауы болып табылады,өйткені ондай малдарды тауып, бөліп алудың өзі қиындыққа соғады.Мұндай бастаулардың қауіптілігінің жоғары болуы, жайлы шаруашылықтарда жұқпалы аурулардың бұрқетпесіне әкеліп соқтыруы мүмкін.Инфекция кезінде ауру жануарлар адам үшін де инфекция қоздырғышысының резервуары болуы мүмкін.Ауру қоздырғышының резервуары деп зардапты агент тіршілігінің табиғи ортасы болып табылатын, белгілі бір жануарлар түрінің жиынтығының организмін айтады.Демек, инфекция қоздырушысының бастауы - жұқпалы аурулардың туындауы мен таралуына мүмкіндік беретін міндетті элемент болып табылады. Дер кезінде анықтау,зарарсыздандыру немесе жою- індетке қарсы шаралардың маңыздыларының бірі болып табылады.
Инфекция қоздырушысының берілу тетігі. Жұқпалы аурудың сау, бірақ ауруға бейім жануарға қоздырушысының бастауынан берілмейінше туындамауы. Берілу тетігі зардапты микробтың бір жануардан екіншісіне ауысуын қамтамасыз етеді.Осындай ауысу арқылы ғана қоздырушы микроб табиғатта сақталады. Өйткені ауруға бейім организмде микробқа қаншама қолайлы жағдай болғанымен инфекциялық процестің нәтижесінде денедегі иммундік тетіктер іске қосылып, микроб үшін жағдай қолайсыз бола бастайды да, иммунитет күшіне енген кезде микробтың тіршілігінің өзі қиындайды. Организмнің иммунитет реакциялары қоздырушы микробты жеңбеген жағдайдың өзінде де аурудың ақыры малдың өлуімен тынса, бұл да микроб үшін қолайсыз болып табылады.Өйткені мал өлсе, оның өлексесі шіриді де, оның нәтижесінде қоздырушы микроб мүлдем қырылады.Сонымен зардапты микробтың табиғатта сақталу үшін иесін ауыстырып отыруы қажет. Жануар организмінен қоздырғыштың бөлінуімен бастылып,содан соң берілу факторы әртүрлі элементтер болатын,сыртқы ортада шоғырланатын, инфекция қоздырғышының берілу тетігі өте әртүрлі.Соңғы сатысында ауру қоздырғышы бейімделген ортасына ,яғни жаңа иесінің организміне енуімен өтеді. Берілу тетігінің сипаттамасы қоздырғыштың органотроптығымен, оның бөліну жолдарымен,инфекция қақпасымен байланысты болып келеді.Ауру кезінде қоздырғыш теріге сыртқы ортаның әртүрлі элементтері арқылы енеді немесе ауру жануарлармен тікелей жанасу арқылы беріледі.
Инфекция қоздырғышының бес көлденең немесе горизонтальді және бір тік немесе вертикальді берілу жолдарын ажыратады.Көлденең немесе горизонтальді берілу - бұл аурудың бір жануардан келесі жануарға жұғуы. Яғни жем-шөп және су арқылы ( алиментарлық ), топырақ арқылы ( топырақтық ), ауа арқылы ( аэрогендік ), тірі тасмалдаушылар арқылы ( жәндіктер,кенелер,тышқандар,құстар ).
Тік немесе вертикальді берілу - бұл ауру қоздырғышының ата-енесінен ұрпағына берілуі. ( планцента,трансвариальді, уыз немесе сүт және т.б.)
Ауруға бейім жануарлар. Жұқпалы аурулардың таралуы үшін қоздырушының бастауы мен оның берілу механизмдерінің болуы жеткіліксіз.Ауру тек қана індет процесінің тағы бір міндетті құрамы, оның үшінші буыны - бейім жануарлар болғанда ғана одан ары тарайды.Індет бұғауының барлық үш буыны түгелденгенде ғана індет процесі тоқтаусыз жалғаса береді.
Жануарлардың ауруға бейімділігі - инфекция процесі организмге түскен микробты мөлшері мен уыттылығына ғана емес,генетикалық бейім жануардың әрқайсысының төзімділігіне де байланысты.Белгілі бір ауруға бейімділік деп әрбір түрдің жұқпалы аурудың қоздырушысымен жанасқанда оны жұқтырып,содан туындайтын ауруға қабілеттілігін айтады.
Мал үйірінің ауруға бейімділігі жұғымталдық көрсеткіші деген нақтылы шамамен бейнеленеді.Жұғымталдық көрсеткіші деп инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан жануарлардың ауруға шалдығу проценті, яғни жүз басқа шаққандағы ауырған малдың саны.Ауруға бейім мал басының иммунологиялық құрылымы көптеген жағдайларға байланысты. Олар телімді және телімсіз факторларға бөлінеді.Жануар организмінің ауруға табиғи төзімділігін қалыптастыратын ең маңызды телімсіз факторларға малдың тұқымы, жасы мен жынысы, физиологиялық жағдайлары, мал шаруашылығындағы технология, стрестік жағдайлар мен қосалқы аурулар жатады.Ал телімді фактор - жасанды иммундеу,соның нәтижесінде пайда болған нақтылы ауру қоздырушы микробқа қарсы иммунитет.Телімді факторлар иммунитетпен қатар шектен тыс сезімталдық немесе керісінше бейтараптық қалыптастыруы мүмкін.Жалпылай әсер ететін телімсіз факторлар мен арнайы әсер ететін телімді факторлардың жиынтық әсерінің нәижесінде нақтылы мал басында топтық иммунитет қалыптасады.
Індеттенудің қозғаушы күштері арасындағы байланыс індет процесінің пайда болуы мен дамуының ғана емес, сонымен бірге оның тежелуінің, тіпті өршуінің де себепкері болып табылады.Осындай ішкі қайшылықтардың нәтижесінде індет процесі біркелкі дамымайды,ол бірнеше сатыларға бөлінеді.Індеттің өрбу динамикасын алты сатыға бөледі.Олар - індетаралық, індеталды, өршу , шегіне жету, өшу, індет соңы кезеңдері деп аталады.Індет процесі үздіксіз өтетін болғандықтан ол кейде күшейіп, кейде бәсеңдеп отырады.Індеттену қарқынының уақыт өткен сайын өзгеруін маусымдылық және кезеңділік деп ажыратылады.Бұндай ауытқулар індет процесіне табиғи және шаруашылыққа байланысты жағдайлардың әсерінен туындайды сонымен қатар індеттенудің маңызды сапалық көрсеткіштеріне жатады.Оларды індетке қарсы шараларды жоспарлау және орындау барысында ескеріп отырады.
Індет процесінің қарқыны аурудың бір малдан басқа малға жұғуы жағынан немесе оның кеңістікте таралу ауқымы тұрғысынан болсын, әр түрлі ауруды былай қойғанда бір ауру кезінің өзінде барлық жағдайда бірдей болмайды.Бір жағдайда бірен-саран ғана мал ауырса, екінші жағдайда ауруға малдар жаппай шалдығады.Індеттің таралған аймағының ауданы да әртүрлі болады.Сондықтан да қарқыны және жайылу ауқымына байланысты індет процесі үш түрлі болып кездеседі: аурудың бірен-саран білінуі (спорадия), індет ( эпизоотия) және лаң ( панзоотия). Індет процесінің қарқындылығынан басқа энзоотия ұғымы қалыптасқан. Энзоотия - індет қарқынының көрсеткіші емес,оның бір ортаға тұрақтануы, жұқпалы аурудың бір жерде үздіксіз қайталанып, сол аймаққа дөп келуі.
Індет процесінің қарқындылығның статистикалық көрсеткіші.
Індет процесінің таралу қарқынына ( интенсивтілік ) салыстырмалы түрде обьективті баға беру үшін әр түрлі статистикалық шамалар пайдаланады: таралу, шығын, басылымдылық және баяулық ( экстенсивтік ) көрсеткіштеріне : аурудың таралуы, жеке аурудың үлес салмағы, індет ахуалының шиеленісі, ошақтану, маусымдылық, ауру жайлаған пункттердің үлесі , індеттілік көрсеткіштері жатады.
Iндеттiк ошақ - деп iндет процесi өтетiн орынның негiзгi үш қозғаушы күштерi: iндет (инфекция) қоздырушысының бастауы, берiлу тетiгi және бейiм жануарлардың өзара бiр-бiрiне әсер ететiн кеңiстiгi.
Басқаша айтқанда iндеттiк ошақ - дегенiмiз ауру қоздырушысының нақты бiр орын тепкен немесе қоздырушының көзі табылған кез-келген қауiптi объект.
Мысалы: микроб не вирус алып жүрушi мал тұрған қора iндет ошағы болып табылады, ал егерде ол жануар, мал қорадан аулаға, жайылымға шықса, онда қорада, аулада тiптi жайылымда iндеттер ошақтары болып есептеледi.
Iндет ошағы ұғымын инфекция ошағымен шатастыруға болмайды. Iндет ошағы территорияға тән ұғым болса, ифекция ошағы деп зардапты ауру қоздырушы микроб жайлаған дертке шалдыққан дене мүшесi немесе ұлпаны айтады.
Iндет ошағын жою - жұқпалы аурулармен күресудiң басты мақсаты және негiзгi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz