Жобаны іске асыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Кәсіпорынның инвестициялық қызметі»

(ЖШС («ULTAI» материалында) »

Мамандық: 0516000 - Қаржы

Тобы: 308 топ

Орындаған: Есиркепова Гүлжайна

Қабылдаған: Серикпаева С. О.

Алматы, 2021

МАЗМҰНЫ
:
МАЗМҰНЫ: КІРІСПЕ
: 4
: 1.
МАЗМҰНЫ: ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР-ДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
: 5
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Инвестицияның мәні және инвестиция түрлерінің экономикалық маңызы
: 5
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Инвестициялық жобалардың мазмұны
: 10
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 2.
МАЗМҰНЫ: ҚР КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯ-СЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
: 15
: 2. 1
МАЗМҰНЫ: ҚР кәсіпорындардың инвестициялық стратегиясының қалыптастыру ерекшеліктері («ULTAI» ЖШС мысалында)
: 15
: 2. 2
МАЗМҰНЫ: Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері («ULTAI» ЖШС мысалында)
: 19
:
МАЗМҰНЫ:
:
: 3
МАЗМҰНЫ: ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ
: 34
: 3. 1
МАЗМҰНЫ: ҚР инвестициялық үрдістерді басқаруды жетілдіру жолдары
: 34
:
МАЗМҰНЫ: ҚОРЫТЫНДЫ
: 37
:
МАЗМҰНЫ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
: 39
:
МАЗМҰНЫ: Қосышалар
: 40

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы инвестициялық әрекеттер бойынша жеткен жетістіктермен тоқталмай, ары қарай басқа да салалармен жұмыс істеу қарқынын дамыту қажеттілігі тақырыптың өзектілігі болып табылады.

Инвестиция бұл - күрделі қаржы тарту. Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етіп қана қоймай, сонымен қатар ұлттық экономиканың көптеген макро - пропорцияларына да әсерін тигізеді. Яғни, бұл Кейнсиандық теорияға негізделеді және жинақ ахуалы әр түрлі үрдістер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағында инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс үрдісін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу т. б. байланысты жаңа жұмыс орындарын құру инвестициялық үрдістерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикасындағы инвестициялық қызметтің рөлін ашып көрсету және инвестициялық үрдістердің басқа экономикалық үрдістермен өзара байланысын анықтау болып табылады.

Қойылған мақсатқа сай келесідей міндеттер анықталады:

- инвестициялық қызметтің сипаттау және оның ел экономикасындағы рөлін айқындау;

- «ULTAI» ЖШС мысалында инвестициялық үрдістерге талдау жасау және инвестициялардың тиімділігін анықтау;

- инвестициялық қызметті басқаруды әрі қарай жетілдіру үшін мемлекет тарапынан жасалатын келісімдерді қарастыру.

Жұмыстың зерттеу объектісі - «ULTAI» ЖШС-гі инвестициялық қызметі. Курстық жұмыста қолданылған негізі жалпы ғылыми зерттеу әдістері: талдау, синтез, диалектикалық жүйелеу.

Курстық жұмысты жазуда негізінен ҚР заңдары, ҚР Президентінің Жарлықтары және инвестиция мәселесін зерттеген И. В. Сергеев, И. И. Веретенникова, М. Н. Чепурин, А. Б. Идрисов, П. И. Вахрин сияқты зерттеушілердің еңбектерін қолданылды.

Бірінші бөлімі үш тараудан тұрады. Бұл бөлімде инвестицияның және инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны және даму ерекшеліктері қарастырылған. Екінші бөлімі үш таруадан тұрады. Бұл бөлімде қарастырылған мәселе: ҚР кәсіпорындарының инвестициялық стратегиясы және инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері.

Үшінші бөлім де үш таруадан тұрады және ҚР инвестициялық саясаттың маңызы мен инвестициялық үрдісстерді басқаруды жетілдіруін қарастырады.

1 ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ

МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Инвестицияның мәні және инвестиция түрлерінің экономикалық маңызы

Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры) қосалқы қорларға, резервтерге сондай ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанға бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т. б., сонымен қатар, ол - ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады [1, 22] .

Өндірістегі жалпы нвестицияны өнім инвестиция деп айтады. Ол - негізгі капиталдың артыруға қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі - амортизация. Ол - негізгі өндіріс құралдарынның ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру үрдісі.

Екіншісі таза инвестиция - бұл капиталдың қаржы жұмсау, негізгі қоларды арттыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, инвестициялардың едәуір бөлігі әлеуметтік - мәдени салаларға, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады [2, 52] .

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егерде кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетін өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және нарықта өзінің орнын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтанда, оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. [2, 24] .

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі құрамдас бөлікпен анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Мәселен, Ресей ғалымдары Г. П. Журавлева және М. Ю. Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары арасындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары т. б. факторлар есепке алынбады.

Инвестициялық қызметтің негізгі объектісі айналым қаражаты деп түсінетін кейбір қазақстандық экономистер де осыған ұқсас пікірді қабылдайды. Егер ағымдағы өндірістің белгілі-бір бөлігі негізгі капитал көлемін көбейту ісінде пайдаланылатын болса, инвестициялау кеңінен орын алады.

Инвестициялық қызметтің объектілерін және инвестициялаудың түрлерін келесі суреттен көруге болады:

1 сурет. Инвестициялық қызмет объектілері

Шет елдерде теория және тәжірибе жүзінде кең танымал болғанындай, инвестиция тиімділігіне баға беру кезінде оның тек қаржылық тиімділігі ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары (мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, ммамандық деңгейін жоғарылату, экологиялық жағдайды жақсарту, халықтың әл-ауқатын көтеру және басқлары), сондай-ақ, қоғамның жалпы ұлттық мақсат-мүдделерін көздеп, ескеріп отыратын тиімділік сияқты маңызды көрсеткіштері де анықталады.

Инвестиция ұғымы күрделі қаржы ұғымына қарағанда анағұрлым терең. Өйткені күрделі қаржы- негізгі капиталды қайта құру мақсатында жұмсалатын шығындар, ал инвестициялар болса, материалдық активтерге, портфельдік инвестицияларға, материалдық емес активтерге салынған қаражат салымдары. Бұл салымдар, біріншіден, жанама түрде қаржылық аспаптар арқылы материалдық байлықтарды молайтады, екіншіден, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың мейлінше өсе түсуіне ықпал етеді.

Шынын айтқанда, тауар-материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығындар қозғалысын түсіндіреді [3, 248] .

Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау үрдісі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқада нәтижеге жетуге тығыз байланысты.

Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжаланған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны.

Еліміздің инвестициялық саясаты ірі салымдарды қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.

Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және тиімді пайдалану болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша бүгінгі таңда Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орындардың бірін иеленді [4, 121] .

Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлармен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

Жалпы инвестициялық шығындардың үш типін бөліп көрсетуге болады.

1. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар: кәсіпорындардың өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат, құрылыс және құрал-жабдықтар саналады.

2. Тұрғын үйлер құрылысы инвестициялары - тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды. Сонымен жіктеу белгілері бойынша инвестиция түрлері А қосымшасында келтірілген.

Сақтандыру қорларының инвестициясы - фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын, оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді қамтиды.

Қазақстан Республикасының «Шетелдік инвестиция туралы» Заңында: «Инвестициялар дегеніміз - мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлікке қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқығы», - деп айтылған [5, 2] .

Инвестициялар нақты және қаржылық инвестициялары болып екіге бөлінеді:

- Нақты инвестициялар - капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т. б. жұмсалуы.

- Қаржылық инвестициялар - мемлекеттің және кәсіпорындардардың инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға жұмсаған қаржысы.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар фомасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың сонымен қатар тәуекелдік (венчурлық), тікелей, портфельдік және аннуитеттік сияқты түрлері де бар.

Венчурлік капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік ұштастырады.

Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.

Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды. Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты (түрлі инвестициялық құндар жиынтығы) және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқада активтер болып есептеледі. Портфельдік инвестиялар пайда табу үшін инвесторлардың кәсіпорындардан акция, облигация, басқадай құнды қағаздар сатып алуларын білдіреді. Олар халық қаржысын қайтадан бөлу ісінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Инвестициялық қорға адамдар пайда алу үмітімен ақша салады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде капиталдың ішкі құрылысында тікелей секілді, портфельдік инвестициялар да белсенді түрде қатысады. Бұл, сонымен бірге, экономика ресурстарындағы негізгі массаның Қазақстанның материалдық өндіріс аясына көшуінің спецификалық жағдайы отандық инвестициялық қордың мәртебесі туралы ойға қалдырады.

Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді [3, 255 ] .

Инвестицияның негізгі түрлері, әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып саналады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Қазақстан Республикасында кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері «нақты инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы», Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «жарлығында өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «салықтар және бюджетке міндетті түрдегі төлемдер туралы», «шетел инвестициялары туралы» заңдармен және де «банкроттық жайлы», «бағалы қағаздар жайлы», «Қазақстандағы инвестициялық қорлар туралы» заңдармен, тағы да басқа нормативтік актілермен реттеледі.

Жоспарланатын, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын құрайды.

Инвестициялық жоба бұл - капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әртүрлі салалары мен сфераларына бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске қосу мынадай кезеңдерден тұрады:

- инвестициялық ұғымды қалыптастыру;

- инвестицияның мүлік иеліктерін зерттеу;

- жобаны техникалық-экономикалық негіздеу;

- жер учаскесін алу немесе жалға алу;

- келісім құжаттарын дайындау;

- құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізіп, іске беру;

- обьектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.

Инвесторлар стратегиялық және портфельдік болып бөлінеді. 50% акциясы бар стратегиялық инвестор қожайын боламын деп үміттенеді. Барлық үміт стратегиялық инвесторда, себебі ол мүдделі, қаржыны салып және ол қауіп-қатерді азайтуға тырысады, мемлекет те оған сенім артады. Портфельдің үміттері де стратегиялық инвесторда болады. Портфельдік инвестор үшін акция - пайданы бөлісуге қатысудың мүмкіндігі болып табылады. Осыған байланысты мемлекет стратегиялық инвесторға тәуелсіз немесе оның атына өз акция пакетін бере алады. Бұл саяси шара.

Портфельдік инвесторға - инвестициялық қорлардың - 51%, жұмыскерлерге 10%, қалғаны стратегиялық инвесторға тиесілі.

Инвестицияны тартпақ болған елде қауіп-қатер қаншалықты жоғары болса, шетелдік инвесторлар соншалықты аз болады.

Шетелдік инвестиция туралы Заңның мақсаты - қауіп-қатерді мейлінше азайту:

- салық салу шарты инвестиция үшін қолайлы болуға тиіс:

- халықаралық стандарттарға сәйкес валюталық реттеу;

- тікелей еріксіз алу қорқынышын тудырмау: қандай да бір кәсіпорынды, материалдық мүліктерді мемлекет арқылы үрейлендірмеу, өтем туралы заң болуға тиіс;

- инвестиция беретін және алатын елдер арасында өзара қарым-қатынас жасау;

- халықаралық және ұлттық заңдар арасындағы қатты айырмашылықтың болмауы қауіп-қатерді азайтады [6, 43] .

Мемлекеттік салық заңнамасының көптеген ережелері капитал жинау үрдісіне ықпал жасайды. Заң шығарушылар кейде инвестициялық сұранымның өзгерісін тудыру үшін және тұтас сұранымға әсер ету мақсатында ол ережелерді өзгертіп отырады. Инвестицияларды жүзеге асыруды ынталандыру барысында салық ықпалы зор болғанымен, мұнда біз корпорацияның табысына салынатын салық және инвестицилық салықтық несиелнрді қараймыз.

Қазақстан Республикасының 1994 жылы 24 желтоқсанда қабылданған «Шетелдік инвестициялар туралы» Заңының жақсы жақтарымен қатар бірсыпыра айтарлықтай кемшіліктері де бар. Ол тікелей әрекеттің актісі болып саналады. Бұл заңды қолданудың тәжірибесі көптеген қосымша заңнамалық және заң күші бар актілерді қабылдауды қажет етеді.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - инвестицияны жүзеге асыру үрдісімен байланысты кәсіпкерлік қызмет.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау мыналардан көрінеді:

- инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заңды кепілділігінен;

- жеңілдіктер мен басымдықтар жүйелерін орнатудан;

- инвесторлар алдында Қазақстан Республикасының өкілеттілігі бар дара мемлекеттік органның болуынан.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты - тауарлар өндіруді жедел дамыту, экономиканың белді секторларында жұмыстар мен қызметтерді атқару үшін қолайлы инвестициялық жағдай тудыру болып табылады.

Қазақстанға шетел инвестициясын кеңінен тарату үшін - тәуекелді азайту қажет. Тәуекел шығыны қаншалықты көбейген сайын, инвестициялар соншалықты азаяды. Тәуекелдердің табиғи, саяси, заң және нормативтік базадағы тәуекелдер сияқты түрлері бар.

Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу өзгерулері екіұштылық пен сенімсіздікті тудырмас үшін:

  • тұрақты құқық кеңістігін жасау;
  • инвестициялық заңнамаға қайшы келмейтін, валюталық реттеуді қамтамассыз ететін макроэкономикалық саясат;
  • республикада шағын және орташа бизнесті қолдау;
  • инвесторларды үркітетін инфляцияны бақылау;
  • инвестиция саласындағы ұлттық және халықаралық заңнама арасындағы

айырмашылықтар сияқты мәселелерге көңіл бөлінуі керек.

Ішкі және сыртқы инвестицияларды ұлғайту үшін тұрақты экономика, ашық либералды монетарлық саясат қажет [7, 316] .

1. 2 Инвестициялық жобалардың мазмұны

Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрамдастырылған сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса, онда ол «инвестициялық жоба» деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады. Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.

Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады. Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды, акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық автоматтандырылған өндіріске көшу) өзгерісін қарастыратын жобаларды жатқызады. Ал, тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлатуымен және қондырғыларды жаңартуымен байланысты болады.

Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа ұғым емес. Бұрынғы уақытта ол кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып табылатын. Қәзіргі экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.

Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол келесі циклдық кезеңдерден тұрады:

1. Жобаның тұжырымдалуы. Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәйекті дәлелдемелер болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғысы кезеңінде олардың ішінен неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық жобалар әзірленеді.

2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес - идеясы бірінші тексерілімнен өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдағанға дейін оны ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық, институционалды және т. б. - оны бірте-бірте нақтылау мен жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау үрдісінде пайда болатын мәліметтерді дұрыс өңдеуге және бастапқы ақпараттардың шынайлығына тәуелді екенін түсіну керек.

3. Жобаны сараптау. Жобаны жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілуі керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді. Мысалы, болашақта жобаны іске асыру үрдісінде қаржысының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз қаржысының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексеру үшін де сараптама қажет.

4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап жобаның іске қосылу мезетіне дейінгі кезеңді толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін қайтарылымдарын қамтамасыздандыру.

5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау үрдісі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың нәтижесінде жобаны қарастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаның қаржылық талдауын және экономикалык талдауын айқындау
Жобаны сараптамалық бағалау
Инвестициялық жоба мәні, мақсаты жүзеге асыру ерекшеліктерін айқындау
Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Жобаны басқару процестері
Инвестициялық жобаны бағалау
Инвестициялық жобалаудың теориялық және ғылыми-практикалық проблемаларын және оның Қазақстан экономикасының экономикалық өсуі жағдайындағы ролін зерттеп, соның негізінде инвестициялық жобалаудың басқару тиімділігін жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау
Бизнес жобаның тиімділігін бағалау
Инвестициялық жоба объектілері
ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ АСПЕКТІЛЕРІН ЖОБАЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz