Отбасы тәрбиесінің құралдары
Болашақ Университетінің жоғарғы колледжі

Біліктілігі:0111000 Негізгі орта білім
Мамандығы:0111083-ағылшын пәні мұғалімі
Пәні:Педагогика
Тақырыбы:отбасы және отбасы тәрбиесі туралы түсінік
Орындаған:Серекеева Назым
Жетекші:Мырзашова Құралай

Курстық жұмыс
Мазмұны
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1-тарау.Отбасы туралы жалпы түсінік
1.1.Отбасы алғашқы институттың негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2.Отбасы құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .12
1.4.Отбасының кәзіргі кездегі әлеуметтік мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...16
II. Негізгі бөлім
2-тарау.Отбасы тәрбиесі түсінігі мен маңызы
2.1.Отбасы тәрбиесінің құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2.Отбасы тәрбиесінде имандылыққа тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3. .Отбасындағы адамгершілік -- рухани тәрбиенің маңыздылығы ... ... ... ... ..25
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе
Зерттеу көкейтестілігі: 20-шы ғасырдың ортасынан бастап отбасы институты елеулі және қайталанбас өзгерістерге ұшырады. Отбасында болған өзгерістер барлық авторлармен әдеттегі отбасы тірегінің дағдарысы ретінде суреттеледі. Ғұмырлық некеге тұрақтылықтан бас тарту, айырылысу мен некенің бұзылуы, ұрпақты тәрбиелеудегі риясыз қарым-қатынастан бас тарту, толық емес отбасы мен өгей ата-аналы отбасы санының артуы, баланы алдырып тастау мен некесіз бала туу үдеп бара жатқаны байқалады. Міне, осындай келеңсіз мәселерді қарастыру менің курстық жұмысымның мақсаты болып таюбылады.
Зерттеудің мақсаты: Қазіргі кезде отбасы өмірінің барлық кезеңі, отбасының құрылуынан бастап бүтін отбасы ретінде өмір сүруі аяқталғанға дейін: некеге дейінгі кезеңі, бүкіл отбасылық өмір кезеңі, отбасының ажырауы кезеңі өзгеріске ұшырағанын атап өтуге болады. Отбасы - адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын - тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-ана да өздері жанұя құрған кезде бір-біріне шексіз сүйіспеншілікпен, махабббатық сезімдері табысқан кезде қалыптасады. Әке мен ананың арсындағы сыйластық, өз ара түсінушілік, олардың бір-бірін ұғынысуы, сыйласуы, қандай мәселер болсын, материалдық, әлеуметтік, қоғамдық және әкономикалық мәселерді шешуде пайымды шешімдер тауып жатса, бұл отбасының берекесі мен берері де мол болатны мәлім. осы мәселе қазіргі кезде еуропалық дәстүрге көбірек бой ұрып барады. Яғни қазақ болмыстан айырылып, бала тәрбиесі, отбасы берекесі келесіз жәйттерге бой ұрыа бастады. Ата-аналардың татулығы отбасының күре тамыры болып табылады. Өйткені ол балаға берілетін тәрбие және әлеуметтік мәселелердің тууына әкеп соқтыратын осыдан туындап жатады. Ал олардың атқаратын міндеттері шексіз де шетсіз де. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр.
Зерттеудің міндеттері: бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қальштасады, сезімдік күйлер орнығады.
Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың дегендей бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Бала өскен сайын, оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі. Ақыл-ойының дамуы, ұнамды мінез-құлқын қалыптастыру ең негізгі міндетке айналады. Оның негізі отбасында мектепке дейінгі жаста қаланады.
Зерттеу пәні:ПЕДАГОГИКА
Менің бұл курсық жұмысты жазудағы болжамым - отбасы тәрбиесі бойынша әлеуметтік педагогикалық тұрғыда ата-аналардың мақсат міндеттері туралы баяндай отырып, отбасында қолданылып жүрген салт-дәстүрлер мен ырымдарды, ағартушылардың көзқарастары тәрбие туралы, әлеуметтік мәселерді шешудің қазіргі заманда қалыптасқан тәрбиелік құралдарды қолдана білу ретінде қолданудың мүмкіндігін көрсету болып табылады.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауда отбасы тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелетінін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата-анаға және туған туыстарға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, Отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке деген құрмет тағы сол сияқты қасиеттер баланың кішкентай кезінен отбасында және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан отбасындағы, мектептегі және айналадағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды.
1-тарау.Отбасы туралы жалпы түсінік
1.1.Отбасы алғашқы институттың негізі
Зерттеуші отбасын әлеуметтік тұрғыдан зерттеу кезінде, ең алдымен, отбасындағы адамдардың тәртіп үлгілеріне, ондағы адамдардың атқаратын қызметіне, рөліне баса назар аударады. Осыған сәйкес отбасының қалыптасуы, ондағы ережелрдің, жыныстық тәртіптің, болашақ ерлі-зайыптылар өздерінің туыстарымен қатынасының жиынтығы ретінде қаралады.
Ережелер мен салт-дәстүрлер отбасының дамуына, өзгеруіне байланысты әрбір кезеңде әр түрлі сипатта көрінуі мүмкін. Отбасы қатынастарындағы мәнді құндылықтар мен ережелердің бөлініп отыруы, сонымен қатар ресмилікке жатпайтын ережелерді бұзушылыққа еліміздің түпкір-түпкірлерінде, әрбір аймағында кездесіп қалады. Бұлардың көбі салт-дәстүрлерге, олардың кейбірі, мысалы, діни наным айырмашылықтарына, көзқарастарға байланысты болып келеді.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттеудегі талдау оның қандай мәселелеріне көңіл аударуды анықтап береді: қоғамның некелік қатынастарға, тұрмыс - салтына қалай әсер ететінін, әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық жағдайларда отбасы ережелрі мен бағалы құндылықтары қалай ерекшеленіп отырады, отбасындағы тәртіп, қатынастар әлеуметтік тұрғыдан қалай реттеліп отыратынын, т.б. айтуға болады. Қоғамдық қажеттілік пен талап-тілекке отбасындағы тәртіп типтерінің (түрлері) қайсысы сәйкес, қайсысы сәйкес еместігі, т.б. жатады.
Отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттегенде мынандай жалпы ұғымдар қолданылады: 1) некелік қатынастардағы қоғамдық қажеттілік, талап-тілекткр, мұқтаждықтар; 2) отбасының әлеуметтік қызметі; 3) отбасы қатынастарындағы ережелер мен бағалық құндылықтар; 4) әр түрлі типтегі (түрдегі) отбасындағы тәртіп үлгілері, т.б.
Отбасын кіші топ ретінде зерттеу - өзінің құрылымы жағынан азғана адамдар тобының, оның мүшелерінің жалпы әлеуметтік іс-қызметінде бір-бірімен тікелей араласуынан, бірыңғай эмоциялық қарым-қатынастың, топтық ереже және топтық процестің қалай пайда болатынын анықтау.
Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастарды зерттеу барысында отбасы кішігірім топ ретінде қаралады. Мұндай зерттеу,ең алдымен,ерлі-зайыпты ададамдардың арасындағы қатынастардың серпінін зерттеуден басталады. Бұл тәсіл олардың, туыстардың арасындағы қатынастарды. Некенің бұзылуын және ерлі-зайыптылардың айырылысу себептерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу барысында адамдар арасындағы қарым-қатынастардың қоғамдақ ережелер мен тәртіп үлгісімен құнды нәрселермен тығыз байланысты болатынын естен шығармау қажет.
Отбасын кішігірім әлеуметтік топ ретінде зерттегенде 3 негізгі сипаттамалық тұрпатын бөліп қарау қажет.
1) Топты жалпы сипаттау. Бұған кіретін мәселелер - отбасы тобының мақсаты мен міндеті, отбасының құрылымы мен мүшелері, отбасының өзара іс-әрекетінің сипаттамасы, биліктің құрылымы, т.б.
2)Қоғамның әлеуметтік құрылымы тұрғысынан отбасы тобының басқа өзінен үлкен топтармен байланыс,қатынас түрлерінің сипаты. Қоғамдық қатынастардағы отбасының атқаратын қызметі.
3)отбасының жеке мүшелеріне байланысты мақсаты, міндеті, атқаратын қызметі, отбасындағы индивидтердің өзара іс-әрекеті, қызметі, топтық тәртіп, топтық бақылау, т.б. Индивидтің топқа енуі,оның отбасына енуіне қанағаттануы, ондағы тұрақтылық.Отбасын зерттеудегі бағыттардың әрбіреуінің өзінше ерекшелігі бар. Мысалы, отбасын әлеуметтік институт (ұйым) ретінде қарағанда әңгіме етілсе, ал,отбасының ішкі байланыс-қатынастарында оны кішігірім топ ретінде зерттеуге итермелейді. Бірінші бағыт, яғни отбасын әлеуметтік институт ретінде қарау - бұл әлеуметтанудың мәселелерінде тығыз байланысты, ал, екінше\і бағытта, яғни отбасы кішігірім топ ретінде қаралғанда, көбінесе оның әлеуметтік - психологиялық мәселелері сөз болады.
Жоғарыда көрсетілгендерді қорыта келе отбасына жалпы сипаттама берейік.
Ерлі-зайыптылық екі негізгі қарым-қатынасқа негізделген: 1) ерлі-зайыптылық; 2) бала туу немесе бала асырап алу.
Отбасы мүшелері бір шатырдың астында, яғни бір үйде тұрады, олар отбасының шаруашылығын жүргізеді. Бұл 2-3 адам ұрпағын жалғастырады. Отбасының жалпы шаруашылығы оның өзінен үлкен бірліктерде болу шеңберіндегі экономикалық іс-қызметпен анықталады. Бұл отбасының шаруашылық қызметі адамдық тұрақты тәртіп үлгеріне және олардың арасындағы өзара әрекетке байланысты өрбиді.
Отбасы мүшелерінің атқаратын рөлі тек қана өзара эмоциялық сезімдерімен ғана емес, сонымен бірге, адамдардың үлкен топтары - мемлекет, мешіт, шіркеу, т.б. институттардың қызметімен байланысты болады.
Сонымен, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар олардың сезімімен (махаббат, сыйласу, құрметтеу), салт-ғұрыппен, ұрпақтан - ұрпаққа берілген тәрбие, ереже, т.б. өлшемдер арқылы анықталады. Осы сыртқы бақылау түрлері отбасының бірлігін сырттан қолдаушы, әрі типі, факторы болып есептеледі. Бірақ, қандай да бір отбасының іштей даму күштері болады.олар жеке қажеттілік, мұқтаждық, талап-тілек, бейімділік, алға ұмтылу, т.б. негізінде пайда болады. Бұлар, яғни ішкі даму күштері сыртқы қысымдарға айтарлықтай қарсы тұра алмайды.
1.2.Отбасы құрылымы
Тұлғаның дамуына, әрбір ерлі-зайыпты адамдардың бақытты өмір сүруіне,балаларды ізгілікке тәрбиелеуге, ата-аналар мен балалардың арасындағы қатынастарды жақсартуға қажетті жағдай жасау қажет. Бұл қоғамның әрбір отбасына қойған негізгі талабы мен міндеті. Бұл талап пен міндетті орындау қоғамға да, отбасына да бірдей тиімді. Бұларды орындау: біріншіден, қоғамдық қажеттілікті, талап- тілекті орындауға, қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады, басқаша айтқанда, отбасы жас ұрпақты әлеуметтік процеске қатыстыруын іске асырады, бірлесіп өмір сүру ережелерін және қоғамдық өмірдің конформистік (яғни, келісушілік) тетігін енгізеді.отбасы мүшелерінің арасындағы барлық қатынастардың, атап айтқанда, рухани, адамгершілік, билік, бедел (авторитет), т.б. қатынастардың жиынтығы отбасы құрылымы деп аталады. Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.
Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім - орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты. Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек.Отбасы құрылымы және оның іштей ұйымдастырылуы көптеген факторларға байланысты. Отбасы құрылымы, ең алдымен, ерлі-зайыптылардың типіне (яғни, үлгілі түріне) байланысты болады. Тарихта ерлі- зайыптылықтың моногамдық (біркелкілік) және полимамдық (көпнекелік) түрлері болған.Ерлі - зайыптыларды сұрыптау тұрғысынан қарағанда - некелік эндогенді(яғни, белгілі бір топтың, әсіресе, кастаның ішінен болуы. Бұл алғашқы қауымдық қоғамға тән. Қазіргі уақытта тек қана өз ұлтында немесе діни қауымда болатын некелік) және экзогомдық (бұл, керісінше, некелікті белгілі бір топ немесе кастаның ішінен сұрыптап алуға тиым салу, мұнда некелік әрбір топтан серіктестік негізіндеқұралады) сияқты категорияларда болды.Отбасындағы билік құрылымы демократикалық немесе авторитарлық деп екіге бөлінеді.Отбасындағы авторитарлық билік әйелдің еркекке қатаң бағынуын,осыдан барып, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастар қатаң тәртіп арқылы сипатталады. Отбасындағы демократикалық билік ерлі-зайыпты адамдардың қабілеттеріне қарай басшылық рөлдерді бөлуге негізделген. Мұнда әрбір отбасы мүшесі шешім қабылдауға қатысады, балаларды сендіру, нандыру, көз жеткізу негізінде тәрбиелейді, мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды. Отбасындағы билікті зерттеу ондағы адамдардың арасындағы функцияларды белгілеуге, ал, әрбір отбасы мүшесінің осы рөлдерді қалай орындап жатқанына, сонымен бірге ерлі-зайыпты адамдардың арасындағы түсінбеушілікті анықтауға әсер етеді.
Отбасының рөлдік(атқаратын қызметі) құрылымы деп, ондағы жеке мүшелердің белгілі бір қоғамдағы ереже - нұсқауларға, әдет-ғұрыптарға, т.б. негізделген өзара іс-әрекет, қатынастардың жиынтығын айтады.
әдет - ғұрып, салт бойынша отбасында әйел адам үй шаруашылығын жүргізу, бала табу және баланы тәрбиелеу қызметін атқарса, ер адам үй және шаруашылық иесі, отбасының тұрақты тіршілігін экономикалық тұрғыдан қамтамасыз етеді. Сөйтсе де еркек пен әйел функциялары өзгеріп отыруы мүмкін. Бүгінгі күні көптеген әйел адамдар өндірісте жұмыс істейді және жалпы отбасылық шешімді қабылдауға қатынасады. Мұның өзі отбасының атқартын қызметінің барлық жағына әсерін тигізеді, әсіресе, демографиялық (туу) тәртібіне зор ықпалын тигізіп, жаңа сәбилердің дүниеге келуін азайтты, некелік айырылысу көбейіп кетті. Отбасы өзіне тән жалпы шеңбер (ұлт, мемлекет, мешіт, шіркеу) көлемінде мәдени ортаны жасайды. Осы орта сәби баланың адамдық тұлғасын қалыптастырады. Мұнымен бірге отбасы белгілі бір деңгейде жеке тәртіп тәсілдерін құрып, оған ерекше қасиеттер дарытуы мүмкін. Отбасы типтері қоғамның және өркениеттің әр түрлі, белгілі бір тарихи кезеңінде өмір сүріп отырды.
Жоғарыда көрсетілгендей, отбасы ерекшеліктері қоғамның барлық салалрында, әсіресе, саясатта, экономикада, мәдениетте елеулі өзгерістер тудырады.сондықтан отбасы қоғамдағы барлық институттардың тұрақты назар аударатын мәселесі, мұнсыз, яғни отбасынсыз ешқандай қоғам болуы мүмкін емес.
1.3.Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
Отбасының функциясы, яғни атқаратын қызметі әруақытта оның тіршілік ету тәсілінің көрінісі ретінде түсіндіріледі. Осы ретте қоғамның отбасына жасайтын қызметін, ал, отбасының тұлғаға, тұлғаның отбасына жасайтын қызметін бөліп қарауға болады.
Отбасының атқаратын қызиеті қоғамның әлеуметтік-экономикалық іс-қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір тарихи кезеңдерде отбасы функциясы, оның сатылы қызметі де өзгеріп отырады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқада нысандарына орай, пайда болатын яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүлітік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейтін пәнін құруды мүмкін. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндетттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осында жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірден құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С. Иофоде атап көрсеткенде, жеке отбасы қатынастырына жататын заңды тұрғыда нормалаудың обьектік мүмкіндіктері белгісі бір дәрәжеде шектеулі болады да, сырттан бақылаудың ырқынына шығып кетеді.
Сондай-ақ олардың бір-біріне деген жеке сенім сипатында неке отбасы қатынастарнының ерекшелігі болып табылады. Мәселен, бала асырап алу, бала асырап алушы мен асырап алунышының арасында өзара сенім қатынастары орныққан жағдайда ғана өз мақсатына жетеді.
Бұл ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың, қорғаншылар мен қамқоршылардың және қамқорлыққа алынғандардың арасындағы қатынасқа да тән нәрсе. Отбасылық қатынасқа қатысушылардың өзара қарым-қатынасында жеке сенім болмаған жағдайда немесе оны жоғалтқан жағдайда мұндай қатынастарды неке және отбасы туралы заң нормаларымен құқықтық реттеу тиімсіз немесе тиімділігі шамалы болады.
Отбасы құқығын зертттеуші кеңес ғалымы Е.Н. Вороженкин, өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқталуы тиіс немесе ол басқа жолымен реттелді деп жазды.
Отбасы құқығының қайнар көздері. Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жыллғы 6-тамызда Республиканың Жоғарғы Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды. Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан 213-баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың Құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Қорғаншылық және қамқоршылық деген 4-бөлімде қорған болу мен қамқоршылықтың міндеттері белгіленеді, сол бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жасаушы, қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері, олардың өкілеттіктері анықталады, қорғаншылық пен қамқоршылықты тоқтату қарастырылады.
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналарын бағып күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алиманттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
Азаматтық хал актілері деп аталатын 6-бөлімде азаматтық хал актілерін тіркеу, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға байланысты дауларды шешу тәртібін анықтау, акті кітаптарын жүргізу ережесі, әр түрлі акті жазбаларын жүзеге асыру сөз болады.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығының бастауларына басқа да нормативтік актілер жатады. Неке және отбасы туралы Заңның 4-бабында көрсетілгендей, неке және отбасы туралы заңға отбасы құқығының нормалары кіретін Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері жатады. Мұндай актілерге, атап айтқанда, Үкімет немесе республиканың Әділет министірлігі бекіткен түрлі ережелер мен нұсқаулар мысалы, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы Нұсқаулық жатады. Сонымен бірге осы Заңда кейбір басқа актілер де атап көрсетілген.
Неке-отбасы заңдарының дұрыс қолданылуына Республика Жоғарғы Соты Пленумының басшылыққа алатын түсіндірмелері де ықпал етеді.
Отбасы құқығының бастаулары жайлы айтқанда аталған сала құқығының азаматтық құқыққа жақындығын атап өткен жөн. Осыдан шығатын қорытынды, заң неке-отбасы заңдарымен реттелмеген отбасы мүшелері арасындағы мүліктік мүліктік емес өзіндік қатынастарға азаматтық заңдар қолданылатын (5-бап) арнайы атап көрсетеді. Азаматтық кодексті қолдану заң ретінде немесе құқық ретінде де жүзеге асырылуы мүмкін, мұның өзі оның жалпы бастаулары мен мәнінен туындайтын жәйт.
Неке және отбасы туралы Заңның, 3-бабы Қазақстан Республикасының, неке-отбасы заңдары мынадай принциптерге негізделетінін белгілейді:
еркек пен әйелдің некелік одағының еріктілігі;
ерлі-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдігі;
отбасының ісіне кімнің болса да өз бетінше араласуына жол бермеушілік;
отбасы ішіндегі мәселелерді өзара келісіммен шешу;
балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсіп-жетілуі мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау;
отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелері мен мүдделерін қорғауға басымдық беру;
отбасы мүшелерінің өз құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкіндіктері.
1.4.Отбасының кәзіргі кездегі әлеуметтік мәселелері
Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, көптеген отбасы толық бақытты бола бермейді. Отбасында ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды, бірақ, ерлі-зайыптылардың аоасындағы түсінбеушіліктер біржола жоғалып та кетпейді немесе бейбіт түрде толық шешіліп те қоймайды. Отбасы қатынастарындағы дау - жанжалдардың күшеюі - бұл тұрақтылығымен қатерлі сипат алған, толық шешілмейтін дау-жанжал. Ал, тұрақты шиеленістің арты-ұрыс - керіс жинақтала келе отбасында агрессиялық көңіл күй қалыптастырып - ақыры отбасын ыдыратуға әкеп соғады.
Дау- жанжалдар, олардың күшеюі ата-аналар арасында ғана емес, олардың балаларымен қарым-қатынастарында да болып отырады, бұлардың көшілігі,әсіресе,мәдени, өркениет жетістіктерін пайдалану кезінде жиі кездеседі. Оның себебі, жас ұрпақтар мәдениет пен өркениеттің даму кезеңінің жаңа сатысында өмір сүріп отыр ал,ата-аналармәдениет пен өркениеттің бұрынғы жетістіктері кезеңінде тәрбие алған. Жас ұрпақты өткен мәдениет және өркениеттің құндылықтары мен жетістіктері аса қызықтырмайды. Сондықтан ата-аналар жастардың жаңа мәдениет пен өркениеттің жетістіктеріне ұмтылуына, пайдалануына кедергі жасамай, бұл мәселеде ата-аналар белгііл бір келісімге келуі керек. Отбасында шиеленіс асқынған жағдайда отбасының дағдарысына ұласады. Бұл дағдарыстар алуан түрлі болады. Бұлар: некедегі үшбұрыштылық (яғни, бір махаббатта 3адамның кездесуі),мінез-құлықтардың, психикалық сипаттамаларының әр түрлілігі,отбасы мүшелерінің талап-тілектерінің, сұраныстарының сәйкес келмеушілігі, жыныстық қатынастарға қанағаттанбауы, ерлі-зайыпты адамдардың біреуінің әлеуметтік азғынға (яғни, маскүнемдікке салыну, қылмыстық істерге ұрынуы, заңсыз, некесіз бала таптыру, т.б.) ұшырауы. Мұның бәрі отбасы бұзуға, берекесін кетіруге, кесел әкелуге себеп болады, бұл жағымсыз факторлардың ақыры ерле-зайыптылардың өз балаларына деген ата-аналық борыш, міндеттерін орындамауға әкеледі.
Отбасының даму циклдері(кезеңдер). Бұл отбасының өзгеру серпінін-оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең - некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.
Екінші кезең - ең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктің ұйғаруымен жас отбасы мынандай белгілен\рмен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі - зайыпты адамдар бірінші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекшелеп көрсетеді.Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдардың отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.
Қазіргідей өркениеттің аса дамыған кезеңінде отбасы өзінің негізгі атқаратын әлеуметтік қызметі - өмірге ұрпақ әкелуді қойды, бұл құбылысты отбасын ыдыратушы, құлдыратушы институтқа (ұйым) айналдырды деп даурығады. Дегенмен, әрбір елде неке қидырғандар саны көбейіп келеді. Отбасының іштей байланыс-қатынастары күшеюде, мұның өзі сырт күштердің отбасын белгілі бір әлеуметтік
институт ретінде жоюға шамасы жоқ деп батыл болжау жасауға, тұжырымдауға дәләл бола алады.
2-ТАРАУ. Отбасы тәрбиесі түсінігі мен маңызы
2.1.Отбасы тәрбиесінің құралдары
Қазақ отбасы тәрбиесінің құралдары дегенде халық ауыз әдебиетін, ұлттық ойындар, айтыс, және шешендік сөздерді, ойын-сауықтарды т.б. айтамыз. Қазақ отбасында жоғарыда аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудағы ежелден қолданып келе жатқан өзіндік әдіс-тәсілдері бар. Олар: балаларға қайрымды, ізгі қатынас жасау, сыйлау адамгершілік сезімдеріне әсер ету, жанама ықпал жасау, құлықтық қолдау, өзіне деген сенімін нығайту, сенім арту, реңіш, наразылық білдіру, тыю, айыптау, бұйыру, еркелікте кінәсін мойындату, түсіндіру, мысал келтіру, үлгі-өнеге, ғибрат айтуды есептейміз.
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілікке арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген.
Қазақ отбасы тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді - сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды .
Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.
Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.
Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата тегін, руын , ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. Жеті атасын білу заң болған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz