Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I. Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы . . . 5

1. 1. ежелгі қытай халқының мәдениет і . . . 5

1. 2. Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы -конфуций ілімі . . . 6

1. 3. Мәдени мұралар . . . 12

1. 4. Поэзия мәдениеті . . . 13

1. 5. Қайта жаңғыру мәдениет . . . 17

II. Қытай халқының ғылымы . . . 19

2. 1. Жаратылыстану және техникалық ғылымдар. Қытай философиясы . . . 19

2. 2. Тарих ғылымы . . . 22

2. 3. Экономика ғылымы . . . … . . . 23

2. 4. Заң ғылымы . . . . . . 24

2. 5. Ғылыми мекемелері . . . . . . . 25

2. 6. Оқу ағарту ісі және әдебиеті . . . 26

III. Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі : Мен қытайлықтарды француздардан, немістерден, ағылшындардан артық сүймеймін. Олардың тілі мен әдебиетін орыстардікінен, немістердікінен, ағылшындардікінен артық көрмеймін. Бірақ, көзімді жүгіртіп, қарап отырған нәрселерден « Қытай» деген сөзді көрген кезде, маған бұл сөз ерекше үлкен, қызыл шрифтпен жазылған сияқты болып көрінеді. Қолым қарандаш пен параққа созылады. Қарандаш бірде тағатсыз, бірде шаттана жазады.

В. М. Алексеев ( атақты Қытайтанушы) .

Мен В. М. Алексеевтің ойымен келісемін, тек менің қолым қарандашқа емес, кітапқа, журналға, газетке, фильмге Қытай және оның мәдениеті туралы басқа да ақпараттарға жүгіреді. Бұл таңқаларлық ел туралы оның мәдениетін атап өтпей, сөйлеу немесе ойлау мүмкін емес. Өйткені ол ежелгі, қызықты әлем мәдениеттерінің бірі.

Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетті парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән мағынасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Жер бетіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі - ежелгі Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір-біріне қарама-қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының нәтижесінде әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырады деп санады. Көне заманда қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т. б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады. Солардың ішінде барлық рухтар мен о дүниедегі адамдардың жандарын өз ырқында ұстайтын «жоғарғы құдай» ерекше бағаланды.
Кейіннен қоғамдық өмірде болған өзгерістерге байланысты патша билігін дәріптеушілік пайда болды. Патша «аспанның ұлы» деп танылып, ол -

құдайдың жер бетіндегі өкілі ретінде мойындалды. Б. з. б. Х111 ғ. бастап - ақ бұрын тек қана «жоғарғы құдайды» белгілеуге арналған иероглифтермен жаңа патшаларды да белгілей бастады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда ата-баба рухына табынуға үлкен мән берген. Бұл дәстүрлі наным - сенімінің негізінде адам өлгеннен кейін де оның жаны өмір сүруін жалғастыра береді, тіпті ол тірілердің істеріне араласа береді деген ұғым жатыр. Қытайлықтардың бұл қағидаларға кәміл сенгендігі соншалық, олар өлген уақытта адамдар мен құлиеленушілердің қызметшілерін, құлдарын, тіршілікте пайдаланған заттарын (қару - жарақтарын, әсемдік бұйымдарын және т. б. ) қоса көмдірген. Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты ұғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне байланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б. з. б. II ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.

3

Зерттеу мақсаты :Қытай халқының мәдениеті мен ғылымының қалыптасуы мен дамуын зерттеу.

Зерттеу нысаны :қытай халқының мәдениеті мен ғылымы

Зерттеу пәні :Екінші шет тілі

4

I. Қытай халқының мәдениетінің қалыптасуы.

1. 1. Көне қытай халқының мәдениеті

Ежелгі Қытай тұрғындары өзіндік материалдық және рухани мәдениет құрды. Олар өмірді құдай жаратқанына, дүниеде барлығы қозғалыста болып, екі қарама-қарсы космостық күштер - Жарық пен Түнек қақтығысқанда өзгеретіндігіне сенді. Осы кезеңде (б. з. дейінгі ІІ мыңжылдық) қытайлықтарға табиғатқа табыну тән болды, олар тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел рухтарына табынды. Сәл кейінірек патша билігіне бас иді. Патша аспанның ұлы болып саналды, яғни Құдайдың жердегі өкілі болып табылды. Қытайда ата-бабаларға табыну күшті болды. Ежелгі Қытай этносы типінің ерекшелігі рухани өмірде әлеуметтік этика мен әкімшілік практика басты роль атқарғандығы болды. Дұрыс пікірдегі қытай өмір мен өлім проблемалары туралы ойланған жоқ, о дүниедегі шатты өмір немесе қайғы-қасіреттен құтылу үшін емес, өмір үшін тіршілік етті. Дін емес, салттық этика дәстүрлі қытай мәдениетінің бейнесін қалыптастырды.
Басқару жүйесі мен қоғамдық салттық нормаларда іске асырылған рухани мәдениет типі дүниеге көзқарас жиынтығының жалпы ұтымды бөлігі болды, әлеуметтік және табиғи тәртіп бірлігі, тұрмыс толықтығы мен жеткіліктілігі, табиғи өзі жетілетін тәртіп ретінде табиғи тәртіпті мойындау негіз болды. Ақыл-парасат міндеті оны өзгерту және бұзу емес, жалпы Жолмен (Дао) жүру болып табылады. Бұл идея ұлы қытай данасы, мыңдаған жылдар өтсе де құнын жоймаған діни-мифологиялық жүйені жасаушы Конфуций еңбегінде көрсетілген (Кун-Фу-Цзы, б. з. дейінгі 551-479 ж. ж. ) . «Билеуші билеуші болады, бодан бодан болып қалады, әке - әке, ұл - ұл болады». Конфуций негізгі рақымшылдар адалдық, тыңдау, ата-ана мен үлкенді құрметтеу деп санады. Ата бабаға табыну, ежелгі дәстүрлерді, жораларды сақтау (қытай рәсімі) Конфуций бойынша - идеал қоғамды қалыптастыру негізі. Осы қоғамды құру үшін әрбір адам өзіне талап қойып, барлық ережелер мен канондарды сақтау керек. Сонымен конфуцийлік дін емес, моральдық-саяси доктрина болып табылады. Ол қытай мәдениетін бейнелеп, қытай тұрмыс салтының негізі бола отырып, әкімшілік жүйе мен әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеу функциясын атқарады.
Даосизмді жасаушы Лао-Цзы - «Қарт дана» (аңыз бойынша ол 200 жыл өмір сүрген) болып саналады. Оның пікірінше барлығы әбігершілік. Даоның ізімен жүру керек (сөзбе-сөз аударғанда жол), адам Жердің ізімен жүреді, Жер Аспанның, Аспан Даоның, ал Дао табиғидың ізімен жүреді. Философиялық даосизм адам заттардың табиғи тәртібін өзгерте алмайды деп санайды, сондықтан адамның еншісі - оқиғалардың табиғи барысын сырттан бақылап, Даоға қол жеткізу. Даосизмді жақтаушылар белсенді әрекеттен бас тартуды насихаттап, «әрекетсіздік» теориясын ұсынады. Олар әлем адам сияқты тоқтаусыз өзгерістер процесі деп санады, сондықтан тану мүмкін емес. Басты шарты - жолды бұзбау, әлемдік ырғақпен қарама-қайшылыққа келмеу, дүниегеқосылу, онытыңдайбілу.

Қытайдың барлық діни жүйелерінің ортақтығы бар: барлығына үлкендер мен ата бабаларды құрметтеу, отбасыны тыңдау, «әрекетсіздік» идеясы,

5

шындыққа сырттан қарау қатынасы тән болды. Адамның тұлға ретінде өзіндік құндылығы болған жоқ, қоғам «тұлға - мемлекеттік пен ұжымдық алдында ештеңе емес» деген принцип бойынша өмір сүрді.
Ежелгі Қытайдың рухани өмірі туралы қазіргі түсініктер жазба көздерге негізделген. Б. з. дейінгі XV ғасырда Қытайда 2000 аса иероглифтен тұратын иероглифтік жазудың дамыған жүйесі болды, б. з. ІІІ ғасырында олар 18 мыңға жетті. Б. з. дейінгі І мыңжылдықтың басына жататын «Әндер кітабы» мен «Өзгерістер кітабы» әдебиеттің ежелгі ескерткіші болып саналады.
Қытайлар ұзақ уақыт жібекке табиғи бояулармен жазды, біздің заманымызда тушь пен қағазды ойлап тапты. Қолданбалы өнер де дамыды: қола айналарды жасау, нефрит пен сүйекке ою жасау, керамика, б. з. IV ғ. Қытайдан шет жерлерге де белгілі болған фарфор ойлап шығарылды, алуан лакты бұйымдар пайда болды. Қытай сәулеті қызықты да ерекше. Ел біртұтас орталықтандырылған мемлекетке біріккен уақыт (б. з. дейінгі 221-207 ж. ж. ) Ұлы қытай қабырғасының негізгі бөлігін салумен есте қалды, ол біздің заманымызға дейін жартылай сақталып қалды. Сәулеттегі табыстарға математиканың дамуы себепкер болды. Б. з. дейінгі V ғасырда қытайлықтар тікбұрышты үшбұрыштың қасиеттерін білді. Олар тарихта бірінші рет теріс сандар ұғымын енгізді, б. з. дейінгі ІІІ ғасырда магнитті аспап, компостың алғашқы түрін, су диірменін ойлап тапты, астрономия дамыды. Олар жылды 12 айға, айды 4 аптаға бөлді. Б. з. дейінгі V ғ. 800 шыраққа жұлдыздар гороскопы жасалды, олар аспан күмбезін 28 шоқжұлдызға бөлді. Б. з. дейінгі 28 жылы қытайлықтар адамзат тарихында бірінші рет күндегі дақтарды суреттеп берді, астроном Чжан Хэн әлемдегі алғашқы айналатын жұлдыз глобусын жасады. Медицина едәуір табысқа жетті. Б. з. дейінгі ІІ мыңжылдықта қытайлықтарға екі ондық музыкалық аспаптар белгілі болды: барабан, дабыл, сыбызғы, металл қоңыраулар, ішекті шертпелі аспаптар, үрмелі - бамбуктер балшықтан жасалған және басқалар. Б. з. дейінгі бірінші мыңжылдықта арнайы сарай маңындағы музыкалық қызмет құрылады, сонымен мәдениеттің барлық сфералары реттеуге бағынып, мемлекеттің билігінде болды.

1. 2. Қытай мәдениетінің қайнар бұлағы-конфуций ілімі

Біздің жыл санауымызға дейінгі VI ғасырда Қытайда жаңа философиялық - дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесіне көтерілді. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы (Европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б. э. д 551 жылы туылып, 407 жылы қайтыс болған. Конфуцидің тоғыз кітап аталатын жинағының барлығы бірдей оның туындылары емес. Оның ішінде ғұламалардың шәкірттерінің де қосқан үлестері бар. Бұл аса көлемді еңбектердің бірінші сериясы бес кітаптан турады:
Конфуций ел басқарудың басты мақсаты - халықтың мүддесі деп жариялады. Оның әрбір қағидасын ескере отырып, ұлы уағызгердің

ізбасарлары мемлекеттің үш ең басты элементтерін атап көрсетті, олар: біріншісі-халық, екіншісі-құдай, үшіншісі - әмірші-патша. Бірақ, халықты бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер қарапайым халықтың мүдделері өздеріне де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре алмайды депсанады. Конфуцийдің әлеуметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі - үлкендерді сыйлау, оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай болса, олардың айтқандарын мүлтіксіз орындалуға тиісті ережелер болып есептеледі. Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты болды. Сондықтан да болар, Конфуцийдің мемлекет дегеніміз-үлкен отбасы, ал отбасы-кіші мемлекет деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып, өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты нәтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың ата-анасын және үлкендерді сыйлап-құрметтеуді ұлттық дәстүрге айналдырғандығы болып табылады. Отбасылық мемлекеттік бағыныштылық принциптерінің өміршендігін 1989 жылы Таньаньмэнь алаңындағы (Пекинде) студенттер қозғалысының жеңілісінің қорытындыларынан айқын аңғаруға болады. Ғасырлар бойы үлкендер мен ата-анасын сыйлауды дәріптеген қытай қоғамы саяси билікте мемлекеттік даналықты бойына жинақтаған ел басшысына қарсылықты батыл айыптады. Ата-бабаларға табыну - ежелгі Қытайда кеңінен орын алғаны тарихтан белгілі. Осы бір ежелден қалыптасқан дәстүрдің мазмұны мен түрін ғана өзгерткен Конфуций оған ерекше мән бере отырып, бұл табынушылықты әрбір қытай азаматының қоғамдағы басты міндетіне, тәртіп

6

нормасына айналдырды. Сөйтіп, осындай мақсатты жүзеге асыруға негізделген сяо - яғни балалар құрметі ілімі өмірге келді, Конфуцийдің пайымдауынша, сяо - адамгершіліктің негізі болып саналады. Сяо ережелері - ата-анаға қалтқысыз құрмет көрсетуді, оларды ли дәстүрімен жерлеуді және дәл осы тәртіппен ата-аналар құрметіне құрбандықтар шалып отыруды қатаң талап етеді. Сяо тәртіптері бойынша қандай жағдай болса да тіпті әкесі ұры немесе кісі өлтірсе де балалары әке-шеше алдындағы борышын адал атқаруы шарт. Уақыт өткен сайын сяоның ата-ананы құрметтеу туралы өмірлік қағидалары қытай қоғамында тамырын терең жайып, халықтың шексіз құрметіне бөленді. Айтылған пікіріміз дәлелді болу үшін баланың ата-анаға қарым-қатынасын көрсететін бірнеше мысалдар келтірейік. Бірінші мысал: сегіз жасар бала маса өзін қанша шақса да әке-шешесін мазаламайын деген оймен оларды ешбір қақпай осы бір азапқа төзіп, шыдамдылық танытады. Екінші мысал: аштық жылында әбден әлсіреген әкесінің өмірін сақтап қалу үшін үлгілі бала өз етінен ет кесіп әкесіне сорпа пісіріп береді. Бұл мысал-әңгімелерден қытайлықтардың өз балаларын жас кезінен бастап-ақ, әке-шеше үшін қандай құрбандықтарға болса да дайын болуға тәрбиелейтіндіктерін байқауға болады. Осы орайда, қытайлықтардың бүкіл өмірі ата-бабалардың қатал да талапшыл қазылардың алдында ұдайы есеп берумен өтті ме екен деген ойға да қаламыз. Қытайлықтар, тіпті өлілер де тірілердің іс-әрекеттерін бақылайды деп түсінген. Конфуцийдің ата-бабаларды құрметтеу және сяо ережелері қытайлықтарды отбасын ыдыратпай тату тәрбиеге тәрбиеленеді. Отбасы-қоғамның негізгі тірегі деп саналды, отбасылық мүдделер жеке адамдардың мүддесінен жоғары қойылды. Сондықтан да болар, олар махаббатты жәй ғана сезімдік құбылысдеп санап, оны отбасы мүддесінен төмен алып қарады. Жас жұбайлар арасында махаббат болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдай отбасының тату-тәтті өмір сүруіне ешбір нұқсан келтірмеуі және ерлі-зайыптылардың қоғам алдындағы әлеуметтік-отбасылық парыздарын ойдағыдай өтеуіне ешбір кедергі жасамауы керек болды. Ұрпақты жалғастыру мәселесіне дәл осындай мемлекеттік дәрежеде мән берілуінің арқасында Қытайда отбасыларының саны өсіп, ал өз кезегінде, бұл жағдай халық санының күрт өсуіне себепкер болған. Бір атап өтетін жәйт, Қытайда үлкен отбасылар өте көп болған. Олардың құрамында ағайындылардың отбасыларымен қатар ағайынды адамдардың туған туысқандары, немелері де болған. Мұндай отбасылардың іргесі, әдетте, әкесі қайтыс болған жағдайда ғана бөлінетін болған. Отбасылар топтары көп жағдайларда үлкен ауылдар тұрғындарының басым көпшілігін құрған. Олардың күші мен беделінің жоғары болғандығы соншалық, туысқандар топтарының пікірлерімен өкімет орындары да санасып отыруға мәжбүр болған. Ағайындар тобының өздері жеке меншіктерінде рулық храмдары және жерлері болған. Оларды өкімет тарапынан озбырлық жасап, татып алуға қатаң тыйым салынған. Рулық храмдарда мейрам күндері жүздеген ағайын туысқандар бас қосып, мәжіліс құрған. Бұл бас қосуларда тұрмыс-тіршілікке қатысты көптеген мәселелер шешіліп отырған. Қытайдағы түрлі мәдени дәстүрлер тоғысында конфуцийлік ағым даосизм мен буддизмнен де басым болып, өзінің өміршеңдігін танытты. Бірақ, Конфуций ілімі оларды мүлде ығыстырған екен деген ұғым туып қалмауы керек. Қалай болғанда да, император У-дидің билігі кезінде Конфуций ілімі жұлдызы жанып үш діннен (сянь цязо) де мерейі үстем болып, қытай қоғамында ерекше орынға ие болды. Конфуций ілімінің үстемдігін кездейсоқ жағдай деп қарастыруға мүлде болмайды, олай болатын себебі бұл жүйе осы бір ұлан-байтақ империяны басқаруға өте қолайлы болса, екінші жағынан, қарапайым халықты бағыныштылықта ұстаудың басты кепілі болды. Оның үстіне шенеуліктер аппараты осы діннің қағидаларына сүйене отырып, кей кездерде императорларға да ықпал ете алатындай дәрежеге жетті. Өйткені, императорға елді басқаруда шексіз билік берілгеніне қарамастан, император Конфуций қағидаларынан ауытқыса, немесе шектен тыс астамшылық жасап өз билігін дұрыс жүргізбесе, қоғамда экономикалық және әлеуметтік тоқырауларға жол берсе, сөйтіп өзінің сүреңсіз іс-әрекеттерімен халық наразылығын тудырса өз құқықтарынан мүлде айырылатын еді. Міне, сондықтан да бұл тезис Конфуций ережелерінен ауытқыған императорларға үлкен ескерту сияқты болатын. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, Конфуций ілімі саясатқа да, әкімшілік жүйенің қалыптасуына да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл ілім қытай қоғамының сан-саласын жан-жақты қамтып қана қоймай, бүкіл қытай халқының ұлттық мәдениетінің қалыптасуына орасан зор ықпал жасады. Сонымен қатар бұл ілім дінге қарағанда мемлекеттік адамгершілік заңдар жүйесіне өте жақын екендігін ерекше атап өткеніміз де дұрыс. Қытай мәдениеті, қытай өнері даналық өмірлік қағидалар мен терең философиялық идеяларды өз бойына сіңіре білген өзіндік бет-бейнесін бар ерекше мәдениеттің бірі болып келеді. Қытай халқының мәдени туындыларында адамзатты қоршаған дүние әсемдігі мен табиғат үйлесімділігі

7

8

тамаша көрініс тапқан болатын. Адамзат баласы мен табиғаттың біртұтастығы, олардың өзара үйлесімділік жағдайында болуы - қытай өнерінің негізгі арнасы болған. Басқаны былай қойғанда, қытайлықтардың жазу өнерінің өзі де өте әдемі болып келеді және бұл өнерді игеру басқа мәдениет өкілдерінің қолынан келе бермейді. Орта ғасырларда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Мәдениет ғылымының қалыптасып, дамуы
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Көне Қытайдың мәдениеті
Ежелгі Үнді мәдениеті. Ежелгі Шығыс мәдениеті
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Саяси мәдениеттің негізгі қызметтеріне жататындар
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz