Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай гуманитарлық колледж мекемесі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Психология пәні
Тақырыбы: Таным процесстерының қалыптастыру жолдары

Мамандық : 0101000 Мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту

Орындады:
Тобы:
Қабылдады:

Қорғауға жіберілді
________________2021 ж.
Жұмысты қабылдау күні ________________2021 ж
Қорғау күні: ________________2021 ж
Бағасы: ________________

Қостанай 2021ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
I. Негізгі 5
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
1. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне
теориялық 5
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.1Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері ... . 5
1.2Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
... ... ... ... ... ... ... .
ІІ.Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.1Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын дамыту 13
негіздері ... ... ... ... .
2.2Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуда білім жүйесінің
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
... ... ... ... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Пайдаланған 30
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының
стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік
білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең
маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына,
көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени
құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына
жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев Жаңа әлемдегі
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері
арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша
қазақстандықтарға қуат беруде.
Егеменді елдің жасұрпақты тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі
күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Себебі, Бізге
баға жетпес білім капиталын дамытып және білім беруді бұрынғыдан да
арттырып, оған заман талабына сай форма беру қажет- делінген. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2030
бағдарламасында.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет
бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы
жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау
қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру
қажетті туындап отыр.
Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім
беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра
біліп, бала-бақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен
сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ
тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен
жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың
әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет
бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы
жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау
қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру
қажетті туындап отыр.
Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология
қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық
технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің
озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби
бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын
қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең
негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек бүгінгі күні технология пәнін оқытуда мектепке дейінгі балаларға
саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында мектеп
жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту арқылы баланың дүниетанымын
қалыптастыруда, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде басты құрал болып саналады.

Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу пәні: мектепке жасына дейінгі балалардың ақыл ойы мен
сенсорлық дамуын зерттеу.
Зерттеудің мақсаты: мектепке жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын
дамытуды жүзеге асыру.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері туралы
түсінік;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой дамыту;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының даму теориясы;
- мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойы мен сенсорлық дамуын зерттеу
- балалардың ақыл-ой белсенділігін жетілдіруде оригамидің
тиімділігі.
Анықталған міндеттерді орындау үшін келесі ғылыми-зерттеу әдістері
пайдаланылды: теориялық әдістер және эмпирикалық әдістер – мектеп жасына
дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық
талдау жасалынды және мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойы мен
сенсорлық дамуы зерттелінді.
Зерттеудің эксперименталдық базасы: Қостанай қаласындағы Балдырған
бала-бақшасы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды жүйелі түрде
талдау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған
тапсырмаларды балабақша тәжірибесіне ендіру.
Зерттеудің теориялық қолданымы: мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының
дамуы алғашында қарым-қатынаста, заттық әрекеттерде, ойындарда, ал сонан
соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс процесінде жүзеге асырылады. Ақыл-ойдың
неғұрлым тиімді дамуы оқыту және тәрбиелеу ықпалымен жүргізіледі.
Зерттеудің практикалық қолданымы: баланың ақыл-ойын дамыту әлеуметтік
ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу процесінде
тілді, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Соның нәтижесінде
мектепке дейінгі бала тілді меңгеріп алатындығы сондай оны қарым-қатынас
құралы ретінде еркін пайдаланады.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық
сипаттама

1.1 Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері

Мектеп жасына дейінгі балалардың анатомиялық, физиологиялық және
психологиялық даму ерекшеліктері Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович,
В.В.Давыдов, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова т.б. көптеген психологтар
еңбектерінде жан-жақты талданған. Өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап
психологиялық және педагогикалық зерттеулерде акселерция туралы ой-пікірлер
кеңінен талдана бастады. Олардың негізгі ғылыми тұжырымдамасы - соңғы кезде
балалардың дамуындағы дене өсуіндегі және интеллектуалдық дамуындағы
нормативтердің өзгеруі.
Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің
карқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы өсумен қатар ұлпалар мен мүшелердің
анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Қаңқаның
сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің
дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі.
Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы
орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу
жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Бала өмірінің бесінші-алтыншы жылдарында үлкен ми сыңарлары
қабықтарының реттегіш рөлі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды
бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып,
әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды. Осы өзгерістер баланың
дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту процесінде коғамдық
тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Дене дамуы баланың дербестігінің арта түсуі үшін, тәрбие мен оқыту
процесінде қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы
жағдайлар жасайды.
Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда
болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар
арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі
айырмашылығы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады.
Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескек іс-әрекет
ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы
белгілі программа бойынша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С.
Выготский- қайтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның
оншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты
болып келеді.
Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен
жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, балалар коғамының
құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға
қатысты өзіндік позициясы өз менін және өз қылықтарының маңызын
аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне, олардың іс-әрекеттері
мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады.
Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері
оған тән іс-әрекет түрлерінің алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп
отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен
іскерліктердің болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы
келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі
балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық
тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды
оқыту программасы жүзеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы
түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген
зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы
дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада
тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады.
Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп
қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын
белгіленген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып
қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің, көбінесе материалмен,
олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тиіс. Мысалы, олар
текшелерден үй құрастырғанда, олардың іс-әрекеттері алдарында қандай (түрі
-түсі) текшелер жатқанына тәуелді болады да, алдын ала ойланған жоспарға
байланыстылығы сирек кездеседі. Мектепке дейінгі шақтың соңына қарай
болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала
бастайды. Алайда бұл барлық балалада бірдей бола бермейді.
Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып
өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі.
Онық жетекші іс-әрекет болуы, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен
алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз немесе мүлдем араласпауына
байланысты емес. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда
мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Балалардың ересек адамдармен бірлесіп өмір сүруге ұмтылуы бірлескен
еңбек негізінде қанағаттандырыла алмайды. Бұл қажеттілігін балалар ойын
үстінде қанағаттандыра бастайды, ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып,
еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты әлеуметтік қарым-қатынасты да
нақтылап көрсетеді. Баланың қоғамдағы осындай ерекше орны оның үлкендер
өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік ойыының пайда
болуының негізіне айналады. Ойын үстінде сәбиге адамдар арасында болатын
объективті қарым-қатынастар тұңғыш рет ашылып, ол әрбір іс-әрекетке араласу
адамнан белгілі міндеттерді орындауды талап ететінін және бір-сыңыра
праволар беретінін біледі. Сатып алушының ролін атқарғанда, мәселен, бала
сатып алуға ниеттенген затын мұқият тексері атқаруға, қызмет көрсетуге
байланысты ескертпе жасауға правосы бар екенін, бірақ дүкеннен шығарда
сатып алған заты үшін ақша төлеуге міндетті екенін аңғарады. Сюжеттік
ойында роль атқару дегеннің өзі рольде көрсетілген міндетті орындау және
ойынның басқа қатысушыларына байланысты правоны жүзеге асыру болып
саналады. Белгілі рольдерді жүйелі орындау ойнаушы балаларды тәртіптендіріп
отырады. Бірлескен іс-әрекет үстінде олар өз іс-әрекетгерін үйлестіруді
үйренеді. Балалар тобының баска мүшелерімен жасалынатын мұндай шынайы
өзара қарым-қатынастар коллективтік сапаларды ғана қалыптастырып
қоймай, сонымен бірге баланың өзіндік санасын қалыптастырып
құрдастарына, туа бастаған коллектив пікір қарап бағдар алу әлеуметтік
сезімдерін: топқа іліесу, басқаға жаны ашу т.б. қабілеттерін
қалыптастырады.
Сонымен егер ойынның сюжеті балаға үлкендердің іс-әрекет және
өзара қарым-катынасымен таныстыруға мүмкіндік немесе шынайы өзара қарым-
қатынас оны балалар ойындарында пайдалатын түрлі жағдайларда өзін ұстап
білуге үйретеді. Мұның негізінде әр бала өзін ойынның жалпы жағдайына,
балалар - осы тобының талаптарына және өзнің жеке-дара қабілет-түріне сай
ұстауға үйренеді. Мінез-құлықты тандау балаларды жалпы құрамына және
өзіндік мүмкіндіктерін бағалауына байланысты. Бұйырып билеп-төстеуді
ұнататын сондай-ақ тасада қалып койғанды дұрыс көретін балалар да болады.
Баланың ойында алатын орның пассивтілігінің дәрежесін анықтамайды.
Мектепке дейінгі шақта балалардың құрбыларымен өзара іс-әрекет
процесінде дамып отырған өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық
балалар үшін маңызды орынға талаптануынан көрініп отырады. Талаптану
әлеуметтік белсенділіктің табиғи түрі жеке адамның дұрыс дамуының шарты
болып есептеледі. Алайда, бұл құбылыс сырттай көріне бермейді, өйткені бала
маңызды орынға талаптануын көбінесе аса бір ерекше, өзі үшін қолайлы
жағдайларда ғана жарыққа шығарады.
Құрбыларымен бірлесіп іс-әрекет жасау жағдайында баланың басқаларға
өзін таныту қажеттілігі байқалады. Өзін таныту қажеттілігі ойындағы
статустық ролге талаптанудан көрінген кезде жеңімпазбен эмоциялық теңесу
(идентификация) күрделенеді. Әлеуметтік және талаптанушы тіршілік иесі
ретінде балаға танылған баламен бірге тебірену, жеңімпаздың шаттығына куану
қиындау болады. Әдетте сезімнің шарықтауы роль бөліскенде және рольдер
бөлінгеннен кейінгі ойынға кіріскен сәтте күшейе түседі. Танылу қажеттілігі
және бірге тебірену қабілеттерінің өзара әсері бірлескен іс-әрекетпен
шүғылданушы құрдастар тобындағы қарым-қатынастардан туындайды. Осы
айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-кұлықтың әлеуметтік түрлері
үнемі жобаланып және нығайып отыратын қайсыбір әлеуметтік қарым-қатынастар
мектебі деп түсінуге мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың
ынтымақтасу қабілетін үйренеді.
Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен
алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала
үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып
қолданады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат,
жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып
жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы
тепловозды жүргізеді әрі өзі теплвоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала
бастайды.
Сонымен ойын бұл кезеңде өзінің манісі жағынан символикалық болады.
Символикалық ойын, баланың символдарды қолдануы — оның психикасының
дамуының елеулі сәті. Символдарды пайдалану, бір объектіні екінші
объектінің көмегі арқылы ауыстыра білу қабілеті кейінірек әлеуметік
таңбаларды игеруді қамтамасыз ететін жетістік болып табылады. Символикалық
функцияның дамуы арқасында баланың жіктеп қабылдауы қалыптасады, ақыл-
ойының мазмұндық жағы және басқа да адамға тән қабілеттері елеулі өзгереді.
Бір заттарды екінші заттардың орынбасарлары ретінде кең қолдану балалар
ойынында бір затты әр түрде қолдануға болады деп дәлелдеуге негіз бермейді.
Бала орынбасар-заттардың қасиеттеріне қарап бағдар алады. Мәселен, дүкен
ойынына материалдар іріктегенде балдырған балмұздақ орнына ақ кірпіш, шұжық
орнына қызыл цилиндр, алма орнына пласмассадан жасалған жасыл дөңгелектер
қолданылса қанағаттануы мүмкін. Ойыншық мылтық, қажет болған жағдайда
адамға, жәшік — үйге айнала салады. Барлық осы және осыған ұқсас ауысулар
формасы, түсі немесе фуикциялық ерекшеліктер ұқсастығынан барып шығады.
Мынадай жайтты да атап өткен маңызды: бала затқа өзі ат қойған соң енді
онымен бастапқы қасиеттеріне сай іс-әрекет жасамай, оның жаңа атына сай
әрекет жасай бастайды. Егер таяқ мылтыққа айналса, ол одан атады, атқа
айналса, оған мініп шабады; пароходқа айналса, ол жүзіп отырып жағаға келуі
тиіс.
Ойын іс-әрекеті ырықты зейін мен ырықты естің дамуына көмектеседі.
Ойын жағдайларында балалар лабораториялық тәжірибелер жағдайларындағыдан
зейінің жақсы жинақтайды және көбірек есте сақтайды. Зейінді жинақтау, есте
сақтау және еске түсіру, яғни саналы мақсат балаға ойын үстінде ертерек
және оңай ажыратылады. Ойынның шарттарының өзі қатысушылардан ойын
ситуациясына өтетін заттарға ойналатын іс-әрекеттер мен сюжет мазмұнына
зейін жинақтауды талап етеді. Егер бала болашақ ойын ситуациясының талабына
зейінді болғысы келмесе, ойынның шарттарын есінде сақтамаса, онда оны
құрдастары ойыннан қуып жібереді. Қарым-қатынас жасауға, эмоциялық
мадақтауға деген кажеттілік балаларды мақсатты түрде зейін жинақтауға және
есте сақтауға мәжбүр етеді.
Тілдің дамуына ойын өте үлкен әсер етеді. Ойын жағдайы оған енген әр
баладан белгілі қатынас жасау қабілетін талап етеді. Егер бала ойын
барысына қатысты өз тілектерін түсінікті етіп айта алмаса, егер ойын
үстіндегі жолдастарының сөздік нұсқауларын ұқпайтын болса, онда құрбылары
оны жақтырмайды. Бұл жағдайдағы эмоциялық қолайсыздық тілдің дамуына
себепкер болады. Психологиялық әдебиетте құрбылармен қарым-қатынас жасау
мүмкіндіктерінен айрылған егіз ұлдардың психилалық нашар даму оқиғасы
суреттелген.
Рольдік ойынның психикалық іс-әрекеттің басқа формаларын дамыту үшін
де үлкен маңызы бар. Мәселен, қиял тек ойын жағдайларында және соның
әсерімен ғана дами бастайды.
Мектепке дейінгі шақтың ішінде ойын мазмұны сапалы өзгеріске түседі.
Мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны үлкендердің шынайы
заттармен жасайтын іс-әрекеттерін ойын заттары аркылы кайта жаңғыртатын іс-
әрекеттерді орындау болып есептеледі. Мәселен, үш жас шамасындағы балалар
столды сүртеді, еденді сыпырады, нан тіледі, аяқ киім тазалайды т.с.с. Іс-
әрекеттерді қайта жаңғырту — мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының
негізгі мазмұны, міне осы. Бұл кезеңде балалар, әдетте, жеке-дара
ойнайтынын атап өту маңызды. Тіпті ойын материалы арқылы немесе үлкендердің
арнайы ұйымдастыруымен біріккеннін өзінде олардың ойыны бәрібір бірлесіп
ойнау емес, қатар ойлау. Балалар бір-бірінің ойынына аз көңіл аударады,
әрқайсысы өз ойыншығымен жайбарақат шұғылданып отырады.
Мектепке дейінгі ересектердің ойыны сәл басқаша өтеді. Егер сәбилер
үлкендерден үйренген кейбір іс-әрекеттерді орындай отырып, осы іс-
әрекеттерге сәйкес рольдерді өзіне алмайтын болса, ересек балалар қайсыбір
рольдерді ойнай бастайды. Мәселен, қуыршақты тербетіп отырған екі-үш жасар
қыз бұл жерде өз мойнына мама ролін алмайды да бұл жағдайда: Сен кімсің?
- деген сұраққа өз атын атап жауап береді. Ал бес-алты қыз болса, өзін
мамамын деп таныстырады. Бұл жерде бала енді сол әрекеттің өзі үшін
жасамайды. Олар рольге кіріседі Енді сіз кең жайылған кайталама іс-
әрекеттерді көре алмайсыз. Балалар жасайтын әрекеттер азды-көпті ықшамдала
бастайды. Ойын дамуының бұл сатысында баланы адамдар арасында болатын қарым-
қатынастар қызықтыра бастайды. Әрекеттер қарым-қатынастарды өрістетудің
құралы ретінде қолданылады. Ойын басталмай тұрып-ақ балалар кімнің кім
болып ойнайтынын келісіп алады. Мұнда бұрын айтылып өтілгендей, әлеуметтік
рольдер игеріледі. Балалар көп жағдайда балалар болып ойнайды. Мұндай
жағдайларда олар адамдар карым-қатынасы жүйесіндегі өз орындарын жақсы
түсініп, өздерінің осалдықтары мен күштерін біледі.
Балалар психологиясы балдырғанды зерттейді. Алайда баланы зерттейтін
басқа ғылымдар да бар. Олардың әрқайсысы өзінше, өзінің ерекше жағынан
зерттейді.
Балалар психологиясы балдырғанның басқа адамдармен қарым-қатынас жасай
алатын, еңбектеңетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан ләззат ала білетін
ересек адамға қалай айналатынына көңіл бөледі.
Жас балдырған үлкен адамға ұқсаңқырамайды. Мәселе оның білімін
үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан да емес.

1.2 Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың
теориялық негіздері

Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен пайдалануды
талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.
Ойында, сурет салуда, құрастыруда, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын
орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қоймайды,
жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін өзгертеді. Балалар саздың
ылғалдық дәрежесі мен оның жапсыруға бейімділігің құрылым формасы мен оның
орнықтылығың допты соққан күш пен оның еденнен жоғары секіру күшшің
дәрежесі арасындағы т. б. байланыстарды табады және пайдаланады. Дамып
отыратын ойлау балаларға өздерінің іс-әрекеттерінің нәтижелерін алдын ала
көріп, жоспарлауға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі жас кезеңінде бала қоршаған ортамен түйсіну арқылы
таныса бастайды. Біртіндеп түйсінген нәрселердің мағнасына түсіне
бастағанда, баланың қабылдауы көрініс береді. Қабылдау дегеніміз - заттар
мен құбылыстардың мида біртұтас бейнеленуі. Қабылдау саналы жүретін таным
процесі. Ол тілмен шешім қабылдаумен байланысты жүреді. Мектепке баратын
баланың қабылдауы бірнеше қасиеттермен сипатталады. Баланың қабылдауы нақты
заттар бейнесі адамға даяр түрде берілмеген. Адам өз тәжиірбесінде әр
заттың өз формасын және ішкі құрылысын меңгереді. Осы тәжірибеге сүйене
отырып әр жаңа заттың мән-мағынасына түсінуіне мүмкіндік туады. Түсінбеген
нәрсе қабылданбайды. Даярлық топтағы балалардың қабылдауы мағыналы және
таңдамалы болуға тиісті.
Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейінді төңіректегі заттарға
және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады.
Бала ешнәрсеге ынтасы өшпей тұрғанда ғана зейін шоғырланады. Жаңа нәрсе
пайда болысымен – ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың
ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Мектепке дейінгі шақта әрекеттің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының
ілгерілуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады.
Өзінің бастамалары жағынан баланың қиялы сәбилік шақтың соңына пайда
бола бастайтын сананың белгілі функциясымен байланысты.
Қиял – белгілер функциясын дамытудың бір желісі заттарды басқа
баламалармен және олардың бейнелеулерімен алмастырудан тілдік,
математикалық және басқа белгілер пайдалануға, ойлаудың логикалық
формаларын меңгеруге әкеледі.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды
қабылдаудан және ойын әрекеттерін орындауынан ажыратылмайтындай.
Қиялсыз шығармашылық кызмет болуы мүмкін емес. Жаңа бір нәрсені жасау
үшін, ең алдымен, материалдық объектіде іске асырылатын нәрсені идеалды
(ойша) түрде көз алдына елестетіп алу қажет.
Оқу мен еңбекте, айналасындағылармен қарым-қатынаста адамның тек өз
есіндегілерге ғана сүйенуі сирек кездеседі. Жаңа жағдайда әрекет жасай
отырып, ол белгілі бір дәрежеде шығармашылық әрекет етеді, яғни қиялға
сүйенеді.
Қиял еңбек әрекетінде пайда болған. Дәл осы еңбек процесінде адамда
алдын ала болжау, кейін еңбек нәтижесінде материалдық затқа айналатын
объектінің идеалдық бейнесін жасау қажеттілігі туады. Қырғын немесе қашау
дайындаған алғашқы қоғам адамдарының ең бастапқы еңбек операцияларының өзі
осы құралдардың сыртқы түрі мен атқаратын қызметін елестетуді қажет етті.
Қазіргі кездегі адамдардың қолынан келетін шығармашылық еңбектік бастауы
арғы аталарымыздың практикалық қызметінде болған.
Психиканың көптеген басқа көріністері тәрізді қиял біртіндеп дамып,
психофизиологиялық механизмі жағынан да, көрініс формалары жағынан да
өзгерістерге түсті. Қиялдың дамуы адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз
байланыста болып отырды. Материалдық жэне рухани кажеттіліктердің
жаңаларының пайда болуы және бұрыннан барының дамуы адамды белсендірек
қызмет етуге итермеледі және оның шығармашылық күшін өмірге келтірді, оған
қойылатын талапты барған сайын ұлғайта түсті.
Ойлаудың әуестілігі, танымдық ынталары дамыған сайын балалар өздерінін
практикалық іс-әрекеттерінен шығатын міндеттердің, аумағынан аспайтын
қоршаған дүниені тану үшін кеңірек пайдаланылады.
Ойлау дегеніміз объективтік болмыстың мида жалпылап жанама түрде
бейнеленуі. Ойлау адамның саналы сезінуіне және іс-әрекетіне байланысты
туады, бірақ онымен шектелмейді. Ойлау тілмен байланысты. Тілге сүйене
отырып, ой ақиқат болмысты талдап, жалпылап, жаңалықты іздейді. Ойлаудың
барлық басқа таным процестерінен айырмашылығы, ол адамның идеяларын,
шығармашылық қабілетін, заттар мен құбылыстардан абстракциялануын
көрсетеді. Ойлау теориялық және тәжиірбелік іс-шаралар нәтижесі. Сондықтан
ойлауды негізгі екі түрге бөлінеді:
I. Теориялық;
II. Тәжірибелік.
Теориялық ойлау процесінің өзін екіге бөледі.
а) Теориялык-ұғымдық ойлау. Оны қолдану нәтижесінде адам заттар мен
құбылыстардан абстракцияланып, олардың байланыс-қатынастарын анықтап, мән-
мағынасына түсінеді. Теориялық ойлау адамның іс-әрекетімен тікелей
байланысты болмауы жиі кездеседі. Ойлаудың бұл түрі арқылы адам алдына
мақсат қойып, оны шешу жолдарын анықтайды. Адам алдында тұрған әр мәселені
шешу үшін бұрынғы меңгерген білімге сүйене отырып жолын табады. Білім-басқа
адамдардың ой тұжырымдамалары. Ғылыми-зерттеулердің негізінде теориялық
ойлау жатады.
Теориялық-ұғымдық ойлау абстракциялану арқылы жүреді. Соған қарамай ол
обьективтік болмысты жалпылаған түрде дәл бейнелеудің негізгі жолы болып
табылады. Әр адамның өзінің ерекшелігі болады. Ойлаудың жеке
ерекшеліктеріне таным процесінің келесі қасиеттері жатады:
- ойлаудың өз беттілігі жаңа сұрақ қойып, жаңа проблеманы анықтап, оны
өз күшімен шеше алу. Осы өзбеттілікте ойлаудың шығармашылықты мінезі айқын
көрінеді.
- ойлаудың икемділігі проблеманы немесе кез келген мәселені шешудің
жоспарын өзгерте алуда көрінеді. Өйткені проблеманы шешкенде алдын – ала
ескермеген жағдайлар шығуы мүмкін. Ойлау жылдамдығы адамға тез арада шешім
қабылдайтын жағдайда керек (төбелес,соғыс, авария). Оқу процесінде де
оқушыларға ойлаудың динамикасы қажет. Кейде жақсы оқитын бастауыш сынып
оқушысы тақтаға жаңа есеп шығаруға шақырғанда сасып қалады. Бұл жағымсыз
эмоциялардың оның ойлау қабілетін бәсеңдетеді, ол қобалжып тұрып өте жәй
және нәтижесіз ойланады, ол үйде немесе орнында отырып, сол есепті шығарса,
өте жылдам есептеп қояды және есеп оңай көрінеді. Осындай
жағдайлардың бала мектепке барғанда болдырмау үшін оның алдын
алу шараларын мектепке дейінгі кезеңде жүргізу қажет.
Ойлаудың негізгі қасиеті - барлық алынған мәліметтерді жалпылау, түп
негізін таба білу. Сондықтан мектепке даярлық барысында балалармен олардың
ұғымдық қорын қалыптастыруға арналған арнайы машықтар жүргізу қажет.
Ойлаумен өте тығыз байланыста жүретін таным процестері қиял мен
сөйлеу. Ойлаудың негізгі қызметі - заттар мен құбылыстардың мәнін, олардың
арасындағы заңды байланыстарды тану. Естің негізгі қызметі - бұрынғы
тәжірибені сақтау. Қиялдың мәні осы тәжірибені құлпыртып қайта құруда,
қиялда жеке тәжірибе немесе адамзат тәжірибесі негізінде субъективті немесе
объективті жаңа нәрсе жасалынады.
Әрине балалардың пайымдаулары үнемі қатесіз больш шыға бермейді. Бұған
олардың білімі мен тәжірибесі жетпейді. Мектеп жасына дейінгі балалар
өздерінің ойда жоқ жерден жасалған теңеулерімен және қорытындыларымен
үлкендердің күлкісін келтіреді.
Мектеп жасына дейінгі балалар заттардың ең қарапайым, көзге анық
көрінетін байланыстары мен қатынастарын ажыратудан біртіндеп анағұрлым
күрделі және жасырын байланыстылықтарды түсіне білуге көшеді. Осындай
байланыстардың басты түрінің бірі — себептер мен салдарлар қатынастары.
Мектепке дейінгі түрлі жастағылар өздерінің көз алдыңда өтіп жатқан
құбылыстардың себептерін қалай анықтайтынын зерттеу үш жасар балалар затқа
тиетін белгілі бір әсердің тек себептерін табатындығын (үстелше қозғағанда,
ол құлап қалды) көрсетті.

ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту мәселелері

2.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын дамыту негіздері

Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы
білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделендіруден тұрады. Қазіргі кезде
көптеген зерттеушілер ең алдымен педагогтар, оқыту мазмұны яғни балаға
берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін өзгерте отырып, баланың
дамуын елеулі өзгертуге болатынын дәлелдеп берді.
Көптеген зерттеулерде Л.А. Венгер оқыту мазмұнына арнайы құралдарды
енгізу ақыл-ой дамуының мүлдем өзгермейтін және абсолюттік деп есептелген
сатыларында принципті өзгеріс туғызатынын көрсететін деректер алынды.
Мысалы Швейцария психологы Ж. Пиаже өзі жүргізген зерттеулер негізінде жеті-
сегіз жасқа дейінгі балалар есеп амалдарын толық мағынасында толық қолдана
алмайды деді. Ж. Пиаже сипаттаған санның сақталынбауы деген тұжырым көпке
мәлім. Оны мынадай тәжірибеден көруге болады. Біркелкі ыдысқа тең мөлшерде
су құяды. Одан кейін бала бір ыдыстағы судың басқа жіңішке биік ыдысқа
ауыстырылып құйылғанын көреді. Судың көтерілу деңгейіне қарай болжамдап
бала су көбейді дейді. Алайда психологтардың зерттеуі көрсеткендей, өлшем
амалдарын пайдалануды үйреткен жағдайда мұндай феномен бес жасар балалар
арасында да болмайды екен.
Ж. Пиаженің есебі бойынша 11-12 жасқа қарай ғана дамиды деген
логикалық операциялардың, егер оларды орындаудың арнаулы құралдарын
енгізсе, мектепке дейінгі жастада мүмкін екендігі анықталады. Мысалы алты-
жеті жасар балаларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін
эталон-үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, бұл балалардың жіктеу
операциясының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсіреді.
Зерттеулерден алынған деректер төменгі сынып тіпті кейде мектеп жасына
дейінгі балалардың оқу пәндерінің ғылыми мазмұнын меңгере алатынын дәлелдеп
отыр. Ғылыми білімдерді игеру балалардың ойының дамуын түбегейлі қайта
құруға себепші болады. Ақыл-ой әрекеттерінің кезеңмен қалыптасу теориясының
негізгі идеясы мыныдан тұрады: білімдер алу оқушылардың іс-әрекеті
процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін олардың орындауы жағдайында
және соның нәтижесінде жүзеге асырылады. Адам ой әрекетін табиғаттан даяр
күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді, ойлау операцияларын игеріп
қорытындылайды.
Бала ақыл-ой дамуының негізгі өлшемі-репродуктивтік тапсырмалардан
шығармашылық тапсырмаларға көше отырып, әр түрлі типтегі тапсырмаларды өз
бетімен шығармашылық тұрғыдан орындай білу.
Әр сыныпта баланың жас ерекшеліктеріне сай жүргізілетін педагогикалық-
психологиялық зерттеу жұмыстары оқушылардың қабілеттеріне қарай,олардың
талап-тілегін қанағаттандыратындай білім, білік, дағдыларын қалыптастыруда
тәрбиешілерге үлкен қозғау салады,оқушылардың белсенділігін арттыруға
жағдай жасайды.
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты
біреу, ол-жас ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу, ой-өрісін, сана - сезімін
кеңейте отырып, өмірге қажетті білім дағдыларға үйрету. Сәбидің тілін
дамыту, ауызекі дұрыс, мәдениетті сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті
өмірде пайдалана білуге бағыттап отыру ісіне назар аударады. Өйткені
баланың айналадағы өмірді танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл. Ал тілдің
дамуы оның сана-сезімінің, ақыл-ойының жетіле түсуіне негіз болады.
Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын, бала айналадағы
адамдармен, өзі қатарлас балалармен белсенді қарым-қатынас жасайды. Өмірде
кездесетін түрлі іс-әрекет жайын білуге құмарта түседі. Өзі түсінген түрлі
жайттар туралы әңгімелейтін болады. Дәл осы жас шамасында баланың сөз
қолдану ерекшелігін терең зерттеп, талдаған балалардың көрнекті жазушысы
К.Чуковский оларды данышпан лингвистер деп атаған болатын.
Ақыл - ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып
ала алмайсың, Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ деген халықтың
даналық сөздерінен - ақ байқауға болады.
Оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми тұжырымдарымен
ұштасып жатыр. Білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Білім
оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. Көзбен көрген, құлақпен
естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген — ақиқат. Мектеп жасына
дейінгі баларда тәрбие, оның бөліктері туралы ұтымдардың анықтамаларының да
ғылым анықтамаларымен сәйкес келетіндігі байқалады. Мектеп жасына дейінгі
баланың ақыл - ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана -
сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогиканың
анықтамасы бойынша ақыл - ой тәрбиесі деп мектепке дейінгі балалардың ақыл
- ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл - ой еңбек мәдениетін
дамытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс - әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ бала өмірінің іс - әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен
шектелмейді. Оған қосымша баланы қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін
еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл - ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, медениеттің жедел дамуының
қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн. Ақыл - ой тәрбиесінсіз
дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез - құлық,
еңбек нәтижесі, білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам
құбылыстарына талғампаздық, дене күш - қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам
өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Ақыл - ой тәрбиесі — адам зиялылығының негізі. Ақыл - ой тәрбиесіне
екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл —ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері,
олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі.
Жалпы айтқанда, ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың
арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық
процесті атайды. Ойлау таным іс - әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным
бұл әр жақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының
адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой — түйсіну, қабылдау,
елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өнделуі,
мәнге айналуы. Ойлау — барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму
процесінде тәрбие міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын
немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін
терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі,
балалардың ақыл - ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу
қажет.
Енді әр бір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны
туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау. Нақты логикалық ойлау затты
біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады.
Нақты логикалык ойлау балалардың ойнау және оқу процесінде, адамдардың
еңбек іс - әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді.
Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой — пікір-
леріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық
ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәнді ұқсастық белгілерінің
негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ
принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың
жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың
үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көз деп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты
әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғьлыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа білімдерді
баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын
қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау
процесімен байланысты.
Сонымен, ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін
сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс - әрекеттеріне, оның алдында
тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр - түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл —ой күштері деп атайды. Ақыл
– ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге
асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгертуге қабілетті етеді.
Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Олар:
- ойлау іс - әрекетінің шарты болатын білім жинау;
- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке - жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Балаға зиялы белсенді іс - әрекетке қажетті ақылдың
бірде бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін
емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын қарастыра
отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен
сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен
білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік
дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен
нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер,
атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер,
ережелер, заңдар, зандылықтар, формулаларда бейнеленетін және аралардағы
байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі
түсініктер кіреді.
Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсіл-дерді
білу, оларды пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
Мектепке дейінгі жастағы баланың эмоционалдық саласын дамыту құралдарын қарастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаға сипаттама
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың өзара қарым-қатынасына сипаттама
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi
Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Пәндер