Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
мемлекеттік педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
мемлекеттік педагогикалық университеті
Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы
«Қорғауға жіберіледі»
МдББ кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі
Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»
Орындаған
Ғылыми жетекші:
филолог. ғ. к., профессор
Мазмұны
Кіріспе
Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге қоғам қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға лайықты азамат, азаматша тәрбиелеу-балабақшадан басталады» деген болатын. [1]
Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Демек, бала - біздің болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда.
Бүгінгі қоғам мүлдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да иалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру- балабақшаның бірден-бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші-педогог екені белгілі.
Мектепке дейінгі балалық шақ - бұл жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы күрделі, әрі көпқырлы үдеріс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар мен механизмдер қатысады.
Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Ертегілерді пайдалану әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, ертегілерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді, қиял мен шығармашылықты және есте сақтау процесін тездетеді. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздық қоры мен ауызша сөйлеу тілі дамиды.
Балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-ірекеті үрдісінде қиял мен шығармашылықты пайдалану әдістеріне баса көңіл бөліп, тарихи-əдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген Б. Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, М. Т. Тұрыскелдина, Қ. Меңдаяқова, Ф. Н. Жұмабекова, А. Т. Искакова, А. Х. Казетова, А. Б. Бакраденова т. б. отандық ғалымдар.
Алайда жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен мәселені шешу барысындағы жүргізілген педагогикалық зерделеулер түрлі бағытта қарастырылғанымен мектеп жасына дейінгі балалардың қиял мен шығармашылық рөліне байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиіміді әдістерін айқындау арнайы зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетеді.
Сонымен, бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі қиял мен шығармашылық рөліне байланысты қалыптастырудың тиімді әдістерін айқындау қажеттілігінің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлін қалыптастыру үшін, әртүрлі ертегілерді пайдаланып теориялар жинақтау.
Зерттеудің міндеті:
- мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің нысаны: балалабақшаның ересек тобында өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үрдісі.
Зерттеудің пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастыру әдістері.
Зерттеудің болжамы: Егер балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мектеп жасына дейінгі балалардың ертегілерді пайдалануымен қиял мен шығармашылық рөлін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың қиял мен шығармашылық қабілеті қалыптасып, сөздік қоры мен ауызша сөйлеу тілінің даму деңгейі арта түседі, өйткені ертегілерді пайдалану дағдыларды қалыптастырудың тиімді әдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және салыстыру.
Зерттеудің әдіснамалық базасы. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер, мектепке, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешендер, мектепке дейінгі мекемелерге арналған әдістемелік журналдардың мақалалары.
Жұмыстың жаңалығы: мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі . Зерттеу нәтижелері мен пайымдауларын балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыруда, балалардың даму деңгейін арттыруда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылықтың дамуының ерекшелектерінің теориялық негіздері
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылықтың дамуының ерекшелектерін қалыптастырудың маңызы
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру ұйымдары. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның төңіректі тануы мен танымдық қабілетінің дамуы жан-жақты болып келеді. Іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлік пен дағдыны үйренеді [2, 10-15] .
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық әлеуметтік және эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту дамыту ісіне ерекше көңіл бөліп отыр.
Балалар бақшасындағы оқытудың балаларды мектепке дайындауда үлкен маңызы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде балалар оқу іс-әрекеті дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным құштарлығы қалыптасады.
Мектепке дейінгі оқытуда білім мен дағдыны пысықтау түсіндірумен, көрсетумен тығыз байланысты және тікелей солардың ізімен жүреді, түсіндіру жаттығуға ауысады.
Баланың оқу іс-әрекетінде меңгерген білімі балабақшадағы күн тәртібінің барлық сәттерінде жаттықтырылып, дағдыға айналады.
Жеке тұлғаның дамуында, қабілеттілігін жетілдіруге дағды маңызды рөл атқарады. Іс-әрекет жасауда, білім алып біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің рөлі ерекше. Адамда білім туа пайда болмайды, бірінші белгілі бір қабілеттіліктің нышаны болады, сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық пайда болады, - деп атап көрсеткен орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский [3, 23-25] .
Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен ерекшеліктерін талдамас бұрын «дағды» ұғымына түсінік беруді жөн көрдік. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде “дағды” ұғымына түрліше анықтамалар беріледі. Енді соларға тоқталып өтейік.
Кесте 1 - Дағды ұғымына берілген анықтамалар
Қоянбаев Р. М.,
Ыбырайымжанов Қ. Т.
1 кестенің жалғасы
Бұл аталған анықтамалардың түпкі мазмұны дағдының автоматты түрде жүзеге асатын адамның қимыл-қозғалыстарын сипаттайтындығын байқауға болады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт.
Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет. Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата - анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды.
Үшіншіден, балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса.
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең - қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралықта) :
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір заттан басқа бір затты көре бастауы) ;
2. Екінші кезең - қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы;
3. Үшінші кезең - ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі;
4. Төртінші кезең - бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы) .
О. М. Дьяченко мен А. И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизмі болады. Е. Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенімен де, баланың өмірден көрген - білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі». С. Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.
Атақты психолог Л. С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.
Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып - білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В. С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т. б ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады:
1) әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің қиялын салыстырып көруге болады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz