Фотоаппараттың сапасын бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік-энергетика факультеті
Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәннің атауы: Квалиметрия
Тақырыбы: Фотоаппараттың сапасын бағалау

Тексерген: Тайманова Г.К.

Дайындаған: Айту А. Е.
СиС-33



Нұр-Сұлтан, 2020

Мазмұны
Кіріспе
3
Негізгі бөлім
1 Бастапқы ақпарат

4
2 Жалпы ережелер
9
2.1 Өнімнің жіктелуі
15
3 Фотоаппарат сапасын анықтау
16
3.1 Сапа туралы жалпы мәліметтер
3.2 Фотоаппарттың сапа көрсеткіштері номенклатурасын анықтау
4 Фотоаппараттың сапасын анықтау әдісі
4.1 Фотоаппараттың салмақтылық коэффициенттерін анықтау
4.2 Фотоаппараттың сапасын сараптық бағалау
4.3 Бағалаудың диффернциалдық әдісі
Қорытынды
Пайданылған әдебиеттер тізімі
16
17
20
22
25
27
31
32

Кіріспе

Кез келген кәсіптің табысы тікелей оның сапасына тәуелді. Сапаны басқара отырып, біз қорлар және жобаларды, қызметтерді және маркетингті басқарамыз. Сапа мәселесі барлық халық шаруашылығының өзекті қажеттіліктері үшін оңтайлы. Қазіргі таңда, өнім шығарушылар өздерінің нарықтық ортаға бейімделулері мен орын алуына ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге төзімді, сапалы өнім шығару керек екендігін түсінген кез туды.
Сапаны бағалау - объектінің қойылған талаптарды орындауға қаншалықты мүмкіндігі бар екендігін жүйелі тексеру. [1] Сапаны жақсарту мәселесін кесіпорында тұрақты түрде қолданылатын шаралар жүйесін енгізу арқылы ғана шешуге болады. Қазіргі кезде ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарда белгіленген сапа жүйесі қабылданды. Бұл жүйенің негізгі принципі - сапаны басқаруда өнімнің өмірлік циклінің барлық сатылары мен кезеңдерін қамту. Өнімнің өмірлік циклі - өнімді жобалау, өндіру, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу, жою және кәдеге жарату процестері, яғни өнімді өндіргенде және пайдаланғанда болып отыратын өзгерістерге сай өзара байланыстағы процестер жиынтығы болып табылады.
Таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі қазіргі уақытта сандық камералар нарығы үнемі жаңартылып отыратындығында. Жаңа технологиялардың негізінде неғұрлым жетілдірілген модельдер әзірленуде, осыған байланысты тұтынушылар сандық камераларды пайдалануда белгілі бір қиындықтарға тап болады. Осыған байланысты сандық камералар нарығының дамуын және оларды пайдалану ерекшеліктерін таңдау қажеттілігі туындайды. Тұтынушы белгілі бір өнімді таңдауы үшін өндіруші оны нарықта жақсы көрсетуі керек. Ал тұтынушы негізгі тұлға болып табылады, ол өндірісті дамыту бағыттарын анықтайды.
Фотоаппарат не үшін қажет? Алдымен осы сұраққа өз-өзімізден жауап тапсақ, фотоаппарат таңдауда септігін тигізетіні сөзсіз. Фотоаппарат таңдау - фототехниканың қандай мақсатқа жұмсалатынына негізделеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: фотоаппараттың техникалық деңгейін бағалау, салмақтылық коэффициенттерін есептеу..
Курстық жұмыстың міндеттері:
Нысан бойынша деректер жинау;
Квалиметриялық шкалаларды қолдана отырып,салмақтылық көрсеткішін анықтау;
Обьекттің сапа көрсеткіштеріне зерттеу жүргізу.
Сапаны бағалау әдісін таңдау;
Нәтижелерге талдау жасау;
Қорытынды жасау.
Өнім: Фотоаппарат

Негізгі бөлім
1 Бастапқы ақпарат

ГОСТ 25205-82 Фотокамералар және фотографиялық линзалар стандартына сәйкес тиісті анықтамалары мен қысқартулары бар келесі теминдер қолданылады:
Фотоаппарат(фотографиялық аппарат, фотокамера) - нәрсенің оптикалық кескінін фотопленканың, фотоматериалдың жарық сезгіш қабатына түсіруге арналған оптикалы-механикалық құрылғы. Бұл проекциялық аппарат тәрзіді нәрселердің нақты, кішірейтілген кескіндерін экранда (фотопленкада) алуға көмектесетін аспаптарға жатады [2].
Камера термині латын тілінен аударғанда қараӊғы бөлме деген сөздерден құралған. Себебі бастапқы кезде суреттерді қараӊғы бөлмелерде шығарған. Бұл қозғалмайтын немесе қозғалатын (видео немесе фильм) көрініс болуы мүмкін. Фотокамераныӊ жұмыс істеу принципы адамныӊ көзініӊ көру қызметініӊ механизміне ұқсас [2].
Фотоаппарат құрылымына келер болсақ: ол жарық өткізбейтін камерадан (фотокамерадан) суретке түсіру әйнеккөзінен (объектив), суретке түсірілмекші кеңістіктің шекарасын анықтаушы кескін іздегіштен, фотопленкаға сәттік жарық түсу мөлшерін реттеп тұратын серіппелі жапқы -- шымылдықтан (затвордан) және фотопленка салынатын кассетадан (қазіргі кезде - пленка орнына матрица қолданады) кұралған оптикалык-механикалық құрылғы. Фотоаппараттың негізгі бөлігі - линзалар жүйесінен тұратын объектив. Объективтің көмегімен жарықталынған нәрселер фотопленкаға немесе жарықты сезгіш қабаты бар фотопластинкаға проекцияланады. Фотоаппараттың келесі негізгі бөлігі - диафрагма. Ол нәрсенің жарықтандырылуы мен айқындығын реттеп отырады.
Фотографиялық жапқы - шымылдық (затвор) суретке түсіру кезінде, жарық сәуленің фотопленканың жарық сәуле сезгіш қабатына түсуін қамтамасыз етеді. Бұл жарық сәуле өткізбейтін жапырақшалар, перде, пластиналар, т.б түріндегі қалқалауыштар, жарық сәуле түсіру уақытын қою механизмінен және қалқалауыштардың қозғалысын қамтамасыз ететін жетектен құралады. Механизмнің жасалу ерекшелігіне және фотопленканың жарық сәуле сезгіш қабатын экспозициялау тәсілі бойынша көпшілік фотожапқыларды: саңылаулы (перделі) және орталық саңылаулы фотожапқылар деп 2 топқа бөлуге болады. Әртүрлі аппараттарда механизмдері түрліше жасалғанымен, олардың бәрінің атқарар кызметі бір. Cондықтaн да олардың құрылысын және жұмыс іcтey принципін біле отырып, кез келген фотоаппаратты тез меңгеріп кетуге болады, сонымен қатар әрбір фотоаппаратты пайдалану жөнінде егжей-тегжейлі нұсқаулықтар болады. Фотоаппарат жарық, сәуле өткізбейтін камераның алдыңғы жағында объектив орнататын тeciгi, ал арт жағында фотопленка орналасатын кадр рамасы бар қақпақты қорап түрінде болады. Камера фотопленканы жарық сәуледен қорғайды. Фотопленкаға сәуле тек суретке түcipy кезінде әйнеккөз арқылы өтеді. Сондай-ақ камера фотоаппараттың бүкіл механизмдері орнатылған негізгі корпус болып табылады. Фотопленканы салу ыңғайлы болу үшін фотоаппараттардың барлығының apтқы қақпағы ашылмалы келеді. Жарыққа шағылыспасын деп фотокамераның ішін қара түске бояған. Фотоаппараттың кадрлық рамасы фотопленкаға түсетін кескіннің өлшемдерінің шегін (кадр форматын) анықтайды.
Әйнеккөз (объектив) -- (лат. obiectivus -- оптикалық құралдың бетіндегі әйнек)[3]. Оптикалык көздер жүйесі фотоға түсіргенде шағылысқан жарықты береді. Әйнек көздері фотоаппаратқа, сурет шығаратын кұралға орнатылады. Кассетаға оралған негатив материалдағы көріністі әйнек көзімен анықтайды.
Мақсатына қарай фототоварлар мынадай топтарға жіктеледі: фотографиялық аппараттар мен линзалар; цифрлық фотоаппараттар; фотожабдықтар, зертханалық және монтаждық жабдықтар; жарық сезгіш материалдар мен фотохимикаттар. Фотоаппараттар стандарттардың, әрбір модельге арналған техникалық шарттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Корпустағы ақауларға жол берілмейді, барлық жазулар анық, нақты болуы тиіс. Линзаның оптикалық бөліктерінде шаң, май дақтары, май тамшылары, сызаттар болмауы керек. Ысырма взводы кедергісіз, бірқалыпты жүзеге асырылуы тиіс. Қайырмалы және алмалы-салмалы қақпақтардың құлыптары жеңіл және сенімді ашылуы және жабылуы міндетті.
Фотоаппараттарды түсінікті болу үшін екіге бөліп қарастырайық: біріншісі - қарапайым фотоаппараттар, екіншісі - кәсіби фотоаппараттар. Кәдуілгі тұрмыстағы фотоаппараттардың пішіні де, көлемі де шағын болып келеді, ыңғайлы болғанымен, мүмкіндіктері де шектеулі. Кәсіби аппараттар классикалық компоновкада, өлшемі де үлкен, салмағы да баршылық, соған сәйкес атқаратын функциясы да кең көлемді. Қарапайым фотоаппараттарды тасығанға жеңіл. Кәсіби фотоаппараттарда барлық режимдер қолмен басқарылады. Ал, әуесқой фотоаппаратта барлық режимдер автоматты түрде қойылады. Ол тұтынушыға қарапайым әpi ыңғайлы. Сонымен қатар сандық, айналы және арнайы фотоаппарттар болады.
Сандық фотоаппарат (цифровая) -- сандық фотокамерамен түсірілген суреттер химиялық жарық қолдану арқылы емес сандық электр күшімен цифрланған кодтарымен белгіленіп алынады. Сандық фотоаппаратпен 36 кадрден де көп суреттер түсіру қолайлы. Фотожурналистердің жұмыс жасауына ыңғайлы функциялармен қамтамасыз етілген.
Арнайы фотоаппараттар -- су астында түсіретін, аэрофотосъемка (жер картасын жасауда қолданылады), ғылыми жұмыстарға қолданылатын арнайы фотоаппараттар. Соңғы кезде ұялы телефондарда орнатылған фотоаппараттар да олардың қатарына қосылды.
Айналы фотоаппараттарда (зеркальный) әйнеккөздер суретке түсірілмекші заттың әйнек пластинаның күңгірт бетіндегі немесе айналы кескін іздеуіштің коллективті линзаларындағы кескіні бойынша фокусталады. Бір әйнеккөзді айналы фотоаппараттардағы әлгі кескін суретке түсіру кезінде фотопленкада пайда болатын кескінмен бірдей болады: суретке түсіру әйнеккөзін кескін іздеуіштің қамту аймағында кескін айқын көрінетіндей етіп фокустаған соң, фотопленкадағы кескіннің де анық шығатынына сенімді бола аласыз. Фокустаудың бұл тәсілі ауыстырмалы әйнеккөздермен және макро-микросуреттерге түсіруге арналған қосымшалармен жұмыс істеу кезінде өте қолайлы. Әйнекккөзді қалқа толық ашық тұрғанда,яғни салыстырмалы саңылауы ең үлкен кезде фокустаған дұрыс. Осы жағдайда айқын кескінделетін кеңістік аралығы аз болады,бұл жайт әйнеккөзді фокустауды жеңілдетеді.
Фотоаппарат күрделі оптика, механикалық әpi электрондық құрылғы және ол күтіп ұстауды қажет етеді. Оған шаң-тозаң қондырмау керек. Соққыдан және құбылмалы температурадан, ылғалдан және күшті радиотолқындардан сақтаған жөн. Фотоаппаратты өз қабында, жабық қалыпта сақтау қажет. Суретке түсіру кезіндегі үзілісте объективті қақпағымен жауып қойған дұрыс. Фотожапқы мен автобосатқыш суретке түсipy аралығында босатылған қалыпта болуы қажет. Фотоаппаратты әрқашан сүртіп, тазалап отыру шарт. Бірақ, ешқашан оның механизмдерін майлауға болмайды. Объектив қажет болмаған жағдайда (суретке түсіру кезінде ауыстырмалы объектив пайдаланатын жағдайдан басқа кезде) фотоаппараттан алмаған жөн. Линзалар мен айналарға қол тигізсе, оның ажарлағыш қабаттары бүлінуі мүмкін. Фотоаппаратқа қонған шаң-тозаң, қыл-қыбырды жұмсақ қыл қаламмен немесе резина торсылдақпен үрлеп, тазартқан дұрыс. Қажет болған жағдайда линзаның cыртқы бетін спиртпен, эфирге батырылған жұмсақ шүберекпен немесе мақтамен ғана сүртуге болады. Фотоаппаратты қыстың күні,суық кездері сырт киімнің ішіне асынып алған және тек суретке түсіру кезінде ғана сыртқа шығарған жөн.
Фотоаппаратты әркімнің өзінің ашып, бөлшектей беруіне болмайды. Оны тазалау, оның механизмдерін жөндеу және реттеуді тек маман адамның арнаулы жөндеу шеберханасында ғана орындалғаны жөн.
Фотоаппараттар табиғи немесе жасанды былғарыдан жасалған қаптамаларға салынады, содан кейін картон қораптарға салынып, пломбаланады. Камералардың сапасын сақтау үшін оларды дұрыс сақтау өте маңызды. Олар жылытылатын үй-жайларда 10 +- 4° С температурада және ауаның 70% - ға дейінгі салыстырмалы ылғалдылығында фотохимикаттардан бөлек сақталуы, жылу көздерінен 1 метр қашықтықта орналасуы тиіс[5].
Фотография дүниеге келген ілкі замандарда суретке түсіру үшін фотокамерадан басқа тек жарқылдақ шам (вспышка) және тірек (үштаған) қажет болатын. Бүгінгі таңда әртүрлі жерге, жағдайға байланысты жүзге жуық неше түрлі құрал-жабдықтар қолданылады [5]. Олар:
Штатив (үштаған) -- суретке түсіру кезінде фотоаппаратты қозғалмастай қалыпта ұстайтын тетік. Сәулелеу уақыты 1ЗО секундтан артқанда немесе автобосатқышпен сурет түсіруде пайдаланылады.
Үштағанның 10-нан астам түрі шығарылады, олардың қатарында стубцина -- тірек (қапсырма түріндегі тірек), сүйемел үштаған, жиналмалы үштаған және басқа, сондай-ақ фотоаппаратты панорамалық түсіру кезінде қажетті қалыпта бекітіп ұстайтын әйнеккөзді ұстап тұруға пайдаланылатын тіректік тетік(головка) бар[6]. Фотоаппарат тірекке өзінің астыңғы жағындағы оймалы ұяшығымен бекіту винті арқылы ұстатылады.
Қaзіргі кезеңде фотографтардың көпшілігі компакты (мыльница) камераларды пайдаланғанда 3 аяқты тіректермен түсіреді. Себебі тірексіз түсіргенде камера аздап болса да қозғалады, ол тек суретті үлкейтіп шығарған уақытта байқалады. Бұл әcipece, ұзын фокустық теле объективтермен түсіргенде тіптен, қиындайды, сурет бұлыңғыр шығады. Бұдан шығудың амалы, тіректен басқа жарық күшейткіштер -- жарқылдақ (вспышка), софит лампалар арқылы, не сәулелеу уақытын (выдержканы) көтеру не көзді (диафрагманы) ашу керек.
Босату тросы (фотографиялық трос) -- фотожапқыны icкe қосу үшін босату кнопкасын саусақпен тікелей басу қиындық келтіргенде немесе суретке түсіру шарты бойынша кнопканы тікелей басуға болмайтын (мысалы, сәулелеу уақыты ұзақ кезде тірекпен түcipy кезінде фотоаппаратты қозғалтып алмау үшін) жағдайда пайдаланылатын, фотоаппараттың босату кнопкасының ұясына жалғанатын, сырты иілгіш металл қабықшадан жасалған жіңішке болат сым. Тростар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Ұзын тростардың көмегімен камерадан алшақ тұрған адам өзін еркін сезінеді.
Соңғы кезеңде қашықтық, яки қашықтан басқару пульттары пайда болды. Спорт ойындарында, футболда ол қақпаның артында орналасады, фотограф жанкүйерлермен бірге тек қызу сәттерде пультпен басып отырады.
Қалқалауыш (бленда) -- әйнеккөздің алдыңғы жағына кигізіледі не бұралады. Бөгде сәуле түсуден қалқалайды.
Саптама линзалар жақын нәрсені суретке түсіру кезінде кескіннің масштабын үлкейту үшін пайдаланылады. Фотоаппарат әйнеккөзінің алдыңғы бөлігінде оймалы немесе серіппелі жақтаумен бекітіледі.
Көз қалқан (НД - 2) фотоаппараттардың кескін іздеушінің үстіне орнатылады; ол көзді бөгде сәуле түсуден қалқалайды, әйнеккөзді фокустау жағдайын жақсартады.
Ұзартқыш сақиналар - фотоаппараттың корпусы мен әйнеккөз құрсауының аралығын ұзарту үшін қолданылатын, соның арқасында микросуретке түсіргенде кескін масштабын 1:10-нан 1:1 шегінде өзгерту мүмкіндігі туатын, ені әртүрлі металл сақиналар. Ені 7, 14 және 28мм болатын 3 сақинадан тұратын комплектімен шығарылады, бұларды әртүрлі жағдайда жалғастыру арқылы әйнеккөз жақтауын 7, 14, 21, 28, 35, 42 және 49 мм-ге ұзартуға болады [5]. Жарық сүзгілері (светофильтр)фотоаппарат әйнеккөзінің алдыңғы бөлігіне оңай бекітуге лайықталып құрсаулы түсті әйнектен жасалған, дөңгелек пластинка қақпақ түрінде болады. Жарық сүзгі белгілі бір түсті еркін өткізіп жібереді, ал басқа бір түсті түгелдей немесе жарым-жартылай етіп ұстап қалады, осының нәтижесінде фотопленкаға түсетін жарық сәуленің зияны елеулі түрде кемиді. Жарық сүзгілер жарық сәулені шамалы болса да сіңіріп алады, сондықтан суретке түсіру кезінде экспозицияны жарық сүзгінің еселеу шамасы қанша болса, сонша есе арттыру керек. Мысалы, ультра күлгін сүзгілер екі қызмет атқарады: 1) Біздің көзімізге көрінбегенімен, пленка не пиксельдер байқайтын сәулелер бар (түтін, бу, т.б), соларды жұтып қояды. 2) Әйнеккөзді сызылудан (царапина) немесе қиыршық тастан, т.б қатты заттардан қорғайды. Түрлі түсті сүзгілер (фильтрлер) -- табиғаттың (аспан, құм, ақ қар, т.б) көріністерін түсіргенде пайдаланылады.
Әр түрлі эффекттер беретін сүзгілер -- түнгі қаланың шамдарының не автокөліктің жарықтарын, т.б. жарықтарды ұшқындатып көрсетеді. Жасанды жарықтар -- лампа, фотожарқылдақ, т.б.
Фотоэкспонометрлер -- нақты жағдайдағы сурет түсірудің жарықтану шарты және пайдаланылатын фотоматериалға сәйкес экспозицияны дұрыс анықтау, сапалы фотосурет шығарып алудың маңызды шарты болып табылады. Жеткіліксіз түрдегі экспозициядан (қажетті мөлшерден аз ұстау) ақ-қара негативті кескін өте ақшыл (боз) болып, оның мөлдірбөлігіндегі нысанның бөліктері жақсы көрінбей қалады. Қажеттегіден артық экспозициядан (қажетті мөлшерден артық ұстау) кескін тым күңгірт болып, оның бөліктері көрінбей жоғалып кетеді. Экспонометрлер жеке және камераның ішінде бірге орнатылған болып бөлінеді. Бүгіндері олар кез келген фотоаппараттың ішіне орнатылған және ол жерде көз (диафрагма) не сәулелеу уақытының (выдержка) артықшылығы таңдалынады. Мысалы, қозғалысты түсіргіңіз келсе, сәулелеу уақытының артықшылығына қойсаңыз, соған сәйкес көзді (диафрагманы) автоматты түрде табады [7].

2 Жалпы ережелер

Бүгінде сансыз көп фотоаппарат түрлері мен танымал өндірушілердің сапалы құралдары шығарылып жатыр. Олар типтері бойынша: айналы, екі объективті айналы, ұзақ өлшемді, шкалды, орта форматты, кіші және ірі форматты, сандық және т.б. Ал бүгінде әлемге танымал маркалар қатарына Agfa, Canon, Casio, Eastman Kodak , Fujifilm , Hama, Konica, Konica Minolta, Leica , Minolta, Nikon, Olympus , Panasonic Lumix , Pentax , Polaroid , Ricoh, Samsung, Sigma Corporation, Sony , Tamron, сонымен қатар КСРО-да шығарылған БелОМО, Арсенал, КМЗ, ЛОМО, ФЭД, Киев-Вега, Зоркий, Смена, Зенит, Юность, Кристалл сияқты аппараттар жатады. Олардың кейбіріне тоқталар болсақ:
Зенит - кеңестік кіші форматты бір объективті, одақтағы ең алғашқы айналы фотоаппарат, 1- суретте көрсетілген. 1949 жылы шыққан Зоркий фотоаппараты негізінде дүниеге келген. Ондағы кадр көлемі 24х36 мм. 40-қа жуық үлгілермен шыққан аталмыш фотоқұрал - Красногор механикалық зауытының ең үздік тауары болып есептеледі. Бұл аппараттар үшін Индустар-50 объективтері және оның ішіндегі ірі суреттер түсіруге арналған ұзын сақинасы қолданылған. Бұл үлгілер, яғни Зенит-4, Зенит-5, Зенит-6 135- типті фотопленкаларды пайдалануға арналған, әрі ауыстырмалы объективтерменnжұмыс жасауға негізделген. Көпшілігі фокальды затвордың мата пердешелерімен немесе металды ламельдерімен пайдаланы-
лады. Бұл фотоаппартаттың тағы бір ерекшелігі оның орталық затворы бар болуында. Зенит маркалы фотоаппараттар 1952 жылдан бері шығарылып келеді. Ал соңғы өнімдер қатарына 2001 жылы шыққан Зенит-КМ үлгісі. Ол электронды ламельді затвор арқылы және экспозициясы автоматтандырылған сандық басқарумен жұмыс жасайды.

1 сурет - Зенит фотоаппараты

Киев - Вега - миниатюрлі фотоаппараттар қатарына жататын бұл аппараттың пайда болуына Minolta-16 (en) үлгісі негіз болды (2-суретте көрсетілген). Оның көлемі 10х14 мм-ден аспайды. Бұл фотоқұралмен әртүрлі әуесқойлық сурет түсіруге болады. Камерамен түсірілген негативтен сапалы кіші форматты (6х9 см) фотосурет басып шығара аласыз. Бұл форматқа фокустық қашықтығы 23,1 мм, Индустар М объективі орнатылған. Затвор жылдамдығы 130, 160, 1200 секундына тең. Жарқ етпе импульс лампамен затвордың барлық жылдамдығында сурет түсіруге болады.

2 сурет - Киев-Вега фотоаппараты

Аппаратты түсірілетін жаққа айқындыққа келтіріп жатудың керегі жоқ. Өйткені объектив камераға 5 метрге дейін өте айқын түсіргендей етіп орнатылған. Аппараттың затворы мен пленкалы бұрау тетіктері бір-біріне байланысты. Затворды бұрау үшін объектив аппараттың корпусынан ілгері шығарылады. Осы кезде пленка да алға жылжып сурет түсіретін рамаға келеді. Киев-Вегамен 20 кадрлы сурет түсіруге болады. Диафрагмасы екі жапырақшалы болып келеді. Фотоаппарат қорапшасы металлдан жасалған, ал камера механизмі жарық өтпейтін қораптың ішкі жағында орналасқан.
Смена - 1939-1941 және 1953-1990 жылдар аралығында шығып тұрған, кеңестік кіші форматты 3-суретте көрсетілгендей, шкалды фотоаппарат. 1970 жылдан бастап ЛОМО (Ленинградтық оптика механикалық бірлестік) өндірістік орталығымен бірлесіп шығарылады. Кадр көлемі 24х36 мм объективінің жарық қабылдағыш күші зор, 3 бөліктен тұратын 3 линзалы Триплет Т-43 440.

3 сурет - Смена фотоаппараты
3 сурет - Смена фотоаппараты

Любитель - одақтық орта форматты екі объективті ЛОМО бірлестігі 1950-1956 жылдар аралығында шығарған айналы фотоаппарат (4-суретте көрстілген). Соғысқа дейінгі немістің Voigtländer Brilliant камерасына негізделіп жасалған. Кадрының көлемі 6х6, ал фотоматериал типіне қолданылатын пленка түрі 120 және 12 кадр түсіруге жарайды.
Сырты пластмассадан жасалған, жарық фильтрлерін сақтайтын арнайы ішкі бөлігі бар. Затворы орталық линзааралықта, ұсталым (выдержка) мөлшері 110, 125, 150, 1100, 1200 және В. Ал 1959 жылдан бастап шығарылған аппараттарда -- 115, 130, 160, 1125, 1250 және В. Диафрагмасы f22-ге дейін, ал объективі жарықтандырылған Триплет Т-22 4,575. Диафрагма мен ұсталымды қолмен реттеп отыру керек. Фокустық диапазон 1,3 тен бастап, шексіздікке дейін жалғасып кете барады.
ФЭД - кеңестік терең өлшемді Харьков машина жасау өндірістік бірлестігімен 1934 жылдан 1955 жылға дейінгі аралықта шығарылған. ФЭД фотоаппаратының атауы Феликс Эдмундович Дзержинский есімінің қысқартылған үлгісі. 1933 жылы Ф.Э. Дзержинский атындағы балалар еңбек коммунасы шеберханасында немістің Leica I фотоаппараттарының негізінде алғашқы ФЭД аппараты құрастырылды. 1934 жылдан бастап, ФЭД-тің 1800-і жасалынып шығарылды. Бұл фотоаппараттар өзінің сенімділігі мен сапасы арқасында соғыста корреспонденция жүргізулерге қолайлы болған.

4 сурет - ФЭД фотоаппараты

Аппарат орта форматты, орталықтанған затвордан тұрады. Аппараттар ауыстырылмайтын объективтен тұрады және олардың экспозициясы автоматты түрде басқарылады, мәселен: терең өлшемді ФЭД-Микрон-2 және ФЭД-35, шкалды фотоаппарат ФЭД-50 мен стереоскопты ФЭД-Стерео. Кадр көлемі 6х7, объективі Гелиос-113 5,685.
Canon - ұйым атауы будданың мейірімділік құдайы Каннонның құрметіне қойылған. 1934 жылы алғашқы 35 мм-лік Leica аппаратының затворына негізделген камера дүниеге келді. Көп уақыт өтпей-ақ Asahi Camera журналының маусымдық нөміріне діншіл Ёсида алғаш атаған Кванон фотоаппараты жөніндегі анонс жарияланды. Бірақ он аппараттың біреуі де сауда сөресінен орын алған жоқ. 1935 жылы 26 маусымда Утида фотоаппарат атауын Canon деп тіркеп, айына 10 фотоаппараттан шығарып тұрды. Соғыс жылдарында аппараттар қолдан қолға тимей сатылып жатты.
2010 жылы компания 120 мегапиксельді CMOS матрицалы APS-H өлшемін ойлап тапқанын хабарлады. Бүгінгі таңда Canon әлемнің 198 мемлекетін біріктіреді, жыл сайынғы тауар айналымы 29 млрд. АҚШ долларын құрайды. Оның сауда нарығындағы сатылымы ортақ табыстың 34,1% -ын компьютерлік жабдықтар мен принтерлер құрайды, телекоммуникациялық құралдар сату үлесіне 3,9% -ы тиесілі болса, фото және видеокамералардың сатылымы 20,4% оптикаға 5,1% тиісті. Сандық айналы фотоаппараттарды қарапайым адамның қалтасы көтере алуына компанияның айтарлықтай көмегі болды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Canon маркалы фотоаппараттар әлемдік нарықтың 19%-ын алған, одан кейінгі орындарды Sony 17.9 % және Nikon (12,6 %) алып отыр [10].
Nikon - жапондық оптика мен бейнелерді өңдеудің электоронды қондырғыларын шығаруға негізделген компания. Аталмыш марка Mitsubishi Group-тың құрамына кіреді. Өндіріс оптикалық тауар өндіретін үш компанияның (Seisakusho, Iwaki Glass Co, Fujii Lens) бірігуінен пайда болған. Компанияның негізін қалаушы Когаку Когуо 1917 жылдың 25 шілдесінде Nippon Kogaku деген атау беріп, 1988 жылы қайта өзгерткен. Ұйымның президенті Митио Кария. Алғашында Nikon Жапонияның әскери флотына оптикалық құралдар шығарумен айналысқан.

5 сурет- Nikon фотоаппараты

Фотография 1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келдi. Яғни, сол күнi Париж Ғылым академиясының ғылыми хатшысы Доминик Франсуа Араго осы ғылым академиясының сол күнi өткен кезектi мәжiлiсiнде француз өнертапқышы Луи Жак Манде Дагер ашқан Камера обскура (Қара қобдишаның) iшкi артқы қабырғасына салынған иодталған қалайы табақшаның бетiне Қара қобдишаның алдыңғы саңылауынан жарық түсiру арқылы заттың бет-бейнесiн алуға және оны сынап буына ұстаудың көмегiмен сақтауға болатыны жөнiндегi жаңалығын жария еттi. Соған байланысты бұл күн ресми түрде фотографияның туған күнi болып тарихқа енгiзiлдi [12].

6 сурет - Обскура камерасы, 1646 жыл

Сондай-ақ оның өмiрден өз орнын табуына Дагердiң жерлесi әрi ұстазы Жозеф Нисефор Ньепс пен ағылшын ғалымы Вильям Генри Фокс Тальботтың қосқан үлесi зор болды. Олардың ашқан бұл жаңалығы Жер шарының түкпiр-түкпiрiне лезде таралып кеттi. Тіпті, сол жылы Ресейге де жетiп үлгердi. Қазан айында орыс әскерінің офицерi Теремин Петербургте Қара қобдишаның объективiн 25 минут ашып қойып, Исаакий шiркеуiнiң сыртқы бейнесiн түсiрiп алды.

7 сурет - Ж. Ньепстің тұңғыш фотоаппараты
7 сурет - Ж. Ньепстің тұңғыш фотоаппараты

Фотография Қазақстанға 1841 жылдың 6 желтоқсанында аяқ басты. Тура сол күнi Ордада Жәңгiр мектебiнiң ашылу салтанатына Жәңгiрхан Ресейден арнайы фотограф шақыртып, осы мектепке алғаш қабылданған оқушылардың ортасында отырып түскен фотосуретi тарихтан белгiлi. Алайда, фотографияның сонау Еуропаның қақ төрiнен бастау алып, айналасы бiр-екi жылдың iшiнде кең байтақ Қазақ жерiне жетуi қаншалықты жылдам болғанымен, оның мерзiмдi баспасөз беттерiнен орын табуы соншалықты шабандық танытуы көңiлге қаяу түсiрмей қоймайтыны анық. Оның, әрине, өзiндiк объективтiк себептерi жоқ емес едi. Бiрiншiден, өнеркәсiбi әлi өрге басып үлгермеген бұл өлкеде мерзiмдiк баспасөздi басып шығаратын баспаханалар жоқтың қасы болды. Екiншiден, олардың бәрi де ескi, фотография клишелерiн жасайтын цехтармен қамтамасыз етiлмедi. Анда-санда газет бетiнде көрiнiс тапқан фотосуреттердiң өзi Мәскеуден арнайы дайындалған клишелер арқылы жiберiлiп отырылды. Бұл iспен толығырақ шұғылдануға мүмкiндiк беретiн Республикалық баспахананың өзi де Қазақ АССР-нің астанасымен бiрге Орынбордан Қызылордаға, Қызылордадан Алматыға көшiп отыруына байланысты жаңа техникалық жабдықтармен жарақтандыра алмады. Әйтпесе, фотография өнерiне деген қызығушылық Ресейден Қазақстанға қоныс аударушылар тарапынан да және жергiлiктi ұлт өкiлдерi арасынан да аз болған жоқ. Оның мысалы ретiнде бүкiл саналы ғұмыры, атап айтқанда, 1899 жылмен 1958 жылдың аралығын қамтыған Дмитрий Поликарпович Багаевтың фотографиялық қызметi тек бiр ғана Павлодар облысының өсiп-өркендеу жолына бағытталса, Евсей Ефимович Блехманның шығармашылық қызметi Қазақстан Республикасының алғашқы АССР болып құрылған кезiнен кешегi тың және тыңайған жерлердi игеру кезеңiне дейiнгi тыныс тiршiлiгiн әсте қалт жiбермей, фото-кино аппараттарына арқау еттi [12].
Сондай-ақ 1901 жылы Бөкей ордасының жүз жылдық мерейтойына орай Петерборда өткен салтанатында II Николай патшадан фотоаппарат және оның құрал-саймандарын қоса сыйға алған Шәңгерей Бөкеев, ғасыр басынан бастап қазақтың сол кездегi бетке ұстар белгiлi азаматтарының басым көпшiлiгiнің шежiрелiк фотосуреттерiн түсірсе, жер шарының жартысын жаяу аралағандағы көрген бейтаныс халықтың қиын да күрделi тұрмыс тiршiлiгiн фотообьективке нысана етiп алған сансыз суреттердiң иесi Әлiби Жангелдиннiң де фотография саласындағы баға жетпес бай мұралары туралы сөз етпеуге болмайды. Бiрақ, өкiнiшке қарай, қазақтың танымал ақынының кешегi күнге дейiн танылмай келген өнерiнiң және аты аңызға айналған революционер әрi қоғам қайраткерiнiң артына қалдырған осы еңбектерiнiң бiрен-сараны ғана болмаса, көпшiлiгiнiң қолды болып, ұстағанның қолында, тастағанның жолында шашылып, iз-түссiз жоғалып кетуi өзектi жанның өзегiн өртейтiнi сөзсiз. Оларды жинақтап-сақтап, мұражайларға немесе архивке өткiзiп отырғанда, келешек ұрпақтың игiлiгiне жаратуға, қазiргi тәуелсiздiк алған тұстағы тарихымызды түгендеуге зор септiгiн тигiзер едi[13].
Фотография бастапқы кезде мерзiмдiк баспасөздi безендiру, көркемдеу құралы ретiнде қолданылды. Оның баспасөз беттерiнен тұрақты орын алуы 1932 жылдың 9 мамырынан басталды. Дәл сол күнi Алматыда ВКП (б) Орталық Комитетiнiң партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерiнде жарияланатын фотосуреттердiң клишелерiн жасайтын цех iске қосылды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САНДЫҚ ФОТОАППАРАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қағаздағы ақпаратты енгізу құрылғылары
Проценті бойынша санды табу
Аэрофототүсіріс негіздері
Белгілі суреттің белгісіз тарихы
Оқулық элемент - Adobe Photoshop негіздері
Геометриялық оптика
ФОТОГРАФИЯ ЖАНРЫ ДАМУ ТАРИХЫ
Топографиялық карталар және пландар масштабтар және олардың дәлдігі
МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН 9-10 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер