Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . .

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың

жалпы сипаттамасы . . .

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс түрлері . . .

  1. Бейбітшілікке ќарсы ќылмыстар . . .
  2. Әскери қылмыстың түсінігі, сипаттамасы. Әскери қылмыстың түрлері . . .
  3. Бейбітшілік пен адамзат ќауіпсіздігіне ќол сұғатын ќылмыстар . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Берілген дипломдық жұмыс қазіргі таңдағы ең актуальді және маңызды ғаламдық проблемалардың бірі - бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарға арналған. Өйткені бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі өркениетті қоғам дамуының және жекелеген адамдардың тыныштығының бірден бір міндетті шарты болып табылады. Мемлекет пен халықтардың, әлеуметтік, этникалық, діни топтардың тыныш тіршілігіне қол сұғу, агрессивті соғыс, геноцид нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіру халықаралық құқықпен ауыр қалмыстар қатарына жатқызылады. Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады. Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

Құқықтық мемлекетті құра отырып және ұлттық қауіпсіздікті нығайта отырып, Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастық мүшесі ретінде жоғарыда аталған қылмыстармен күресу үшін көптеген халықаралық конвенцияларға қосылуы тиіс. Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексіне бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін сақтау бойынша баптар қосылған.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды сипаттау және олардың түрлеріне тоқталу.

Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылып отыр:

  • бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасын жасау;
  • бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс түрлеріне тоқталу;
  • бейбітшілікке қарсы қылмыстарды сипаттау;
  • әскери қылмыстың түсінігін ашу;
  • әскери қылмыстың түрлеріне тоқталу;
  • адамзатқа қарсы ќылмыстар;
  • бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстарға тоқталу.

І тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі - жалпы қоғамның және жеке адамның дамуының міндетті және басымда шарты боп табылатын ќазіргі өркениеттің маңызды әлеуметтік құндылықтарының бірі. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде заңшығарушы бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды алғаш рет жеке тарауға бөліп шығаруы ұлттық қылмыстық заңдылықты халықаралық конвенцияларға сәйкес сипатқа келтіруі болып танылады. Бұл тарауға 15 қылмыс құрамы енгізілген. Соның ішінде жетеуі ҚР ҚК 160, 162, 168-169, 170, 173-174 баптар жаңалық болып табылады. Үш қылмыстың құрамы бұрыннан ҚазССР Қылмыстық кодексінде белгілі болған.

Соғысты насихаттау, жалдамалылық, ұлттық және нәсілдік тек құқықты бұзу құрамдары жаңа редакцияда енгізілген. Бұл тараудың бөліну негізі ретінде бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігі, яғни, халықаралық құқық нормаларын сақтау нәтижесінде қалыптасатын және мемлекет пен халықтардың өмір сүру негізін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар сонымен қатар халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін негізгі қағидалар құрайтын қол сұғушылықтың жалпы топтың объектісі болып табылады. Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың құрамдарының барлығы формальды. Олардың объективтік жағы міндетті белгі ретінде тек қана қоғамға қауіпті әрекетті жасауды жатқызады. Ал қоғамға қауіпті зардаптардың туындауы құрамның шегінен тыс.

Жалдамалылық (ҚК 170 б) халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 173 б) жєне әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК 174 б) құрамдарының сараланған түрлері ерекше.

Араласқан конструкциясы бар қылмыс құрамы экоцид (ҚК 169 б), онда заң шығарушы қылмыстың объективтік жағын сипаттай отыра, егер әрекеттің нәтижесінде экологиялық апат туғызылған немесе туғызылуы мүмкін жағдайда жазаланушылық шартын бекіткен.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы жасалатын барлық қылмыстар кінәлінің белсенді әрекеттері арқылы жасалынады. Кейбір құрамдардың объективтік жағының (мысалы, соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары, мен әдістерін қолдану) міндетті белгісі ретінде қылмыстық жасалуының ерекше жағдайы әскери кикілжің немесе әскери әрекеттер жағдайы және қылмыстың жасалу орны басып алынған аумақ жатады. қылмыстың жасалу тәсілі соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 163 б), геноцид (ҚК 168 б) айқындалған. ҚК-нің ерекше бөлімінің 4 тарауындағы Қылмыстардың экоцидтен басқасы субъективтік жағынан кінәнің тікелей қасақаналығымен сипатталады. Кейбір қылмыстар үшін заң шығарушы субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде қылмыстың жасаулының арнайы мақсатын (мысалы), геноцид үшін ұлттық этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жою мақсаты, халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау үшін соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленістіру мақсаты көздейді.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар субъектісі есі дұрыс 16 жасқа толған адам. Кейбір қылмыстар арнайы субъектіні таниды, мысалы, мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам (ҚК 161 б 2 б), қоғамдық бірлестіктің жетекшісі немесе дінің қызмет жағдайын пайдаланатын адам (ҚК 164 б 2 б) .

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды төмендейдей сараптауға болады:

  1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар (ҚК 160-162 б)
  2. Әскери қылмыстар (ҚК 163 б)
  3. Адамзатқа қарсы қылмыстар (ҚК 168, 169 б)
  4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қол сұғатын қылмыстар (ҚК 170-174 б)

Бейбітшілікке қарсы қылмыстарға басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу, басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу жєне жария түрде шақыру, жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату. Басқыншылық немесе агрессия (латыннан аударғанда «шабуыл жасау») халықаралық құқық көзқарасы бойынша бір мемлкеттің екіншісіне қарсы заңсыз күш қолдануы, әсіресе, басқа мемлекетке оның аумағын тартып алу, тәуелсіздігін жою, саяси және қоғамдық құрылысын өзгерту мақсатында әскери шабуыл жасау.

ҚК 160 б 1 б көзделген қылмыстың объективтік жағы 3 балама қоғамға қауіпті әрекеттерден тұрады:

1. басқыншылық соғысты жоспарлау, басқыншылық соғысқа дайындалу, басқыншылық соғысты тұтандыру.

ҚК 160 б 2 б осы қылмыстың сараланған құрамы басқыншылық соғысты жүргізу үшін қылмыстық жауапкершілік тағайындайды. Сонымен қатар басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру үшін қылмыстық жауапкершілік ҚК 161 б 1 б көрсетілген. Бұл қылмыстық сараланған белгісі деп бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасаған немесе мемлкеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған әрекет танылады. ҚК 162 б. көзделген қылмыстың заты химиялық, биологиялық және ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруы табылады.

Қарастырылып отырған қылмыстың объективтік жағы:

а) жаппай қырып-жою қаруын өндіру, яғни кез-келген тәсілмен дайындау (қолдан, лаборанториялық жолмен заводта дайындау) ;

б) жаппай қырып-жою қаруын табу (сатып алу, айырбастау, сыйға алу, ұрлау) ;

в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, яғни ќылмыс затын қайтарымды немесе қайтарымсыз өзінің иелігінен басқаға беру, сату, айырбастау, сыйлау т. б.

Келесі қылмыс құрамы соғыс жүргізудің тиым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК 163 б) . Әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұрғындарға қатал қарау, әскери емес тұрғындарды күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, ҚР-ның халықаралық шартымен тиым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалда қолдану қол сұғушылықтың объективтік жағын құрайды. ҚР-ның халықырылық шартымен тиым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану ҚР ҚК 163 б 2 б бойынша сараланады.

Адамзатқа қарсы қылмыстар тобын геноцид (ҚК 168 б) және экоцид (ҚК 169 б) құрайды. Геноцидтің қоғамға қауіптілігі оны құрайтын қылмыстық әрекетті жасау нәтижесінде белгілі бір ұлттық, этникалық, нәсілдік және діни топтың адамдары толық немесе ішінара құртылады немесе құртылып кетуі мүмкін қаупінде. Бұл қылмыстың құрамы Нюрнберг және Токио әскери трибуналдарының жарлығы мен 1948 жылғы геноцид қылмысын алдын-алу және ол үшін жазалау жөніндегі Конвенциясы негізінде қалыптасқан.

Аталған топтардың мүшелерін өлтіру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бреуге беру осы топ мүшелерін қырып-жоюға бағытталған басқа да тіршілік жағдайларын туғызу. Субъективтік жағы тікелей қасақаналық жєне ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың толық немесе ішінара жойылуын көздейтін арнайы мақсаттан тұрады. Аталған мақсатты анықтау геноцидті соғыс жүргізудің тиым салынған құрамдары мен қдістерін қолданудың кейбір нысандары және кейбір жалпы қылмыстардан (кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ажыратуға мүмкіндік береді.

Экоцид (ҚР ҚК 169 б) адамның өзінің өмір сүруі, қоршаған ортаға қайтарымсыз зиян келтіретін адамның табиғат ортасына қылмыстық әсері. Бұл қылмыстың заты- өсімдік және жануарлар өлемі, ауа, жер, су ресурстары.

Халықаралық қылмыстардың объективтік жағы заңда көзделген нысандар:

а) өсімдік немесе жануарлар өлемін жаппай жою

б) ауа, жер, су ресурстарын улау

в) экологиялыќ апат туғызатын әрі туғызу қаупі бар өз ге де әрекеттер және көрсетілген әрекеттер мен зардаптар арасындағы себептік байланыс.

Бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне қарсы өзге де қылмыстар: жалдамалылық (ҚК 170 б) ; халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК 173 б) ; әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, діни араздықты қоздыру (ҚК 174 б) .

Жалдамалалақтың объективтік жағы ҚК 170 б 1 б диспозициясында көзделген әрекеттердің бірі:

а) азғырып көндіру;

б) оқытып-үйрету;

в) жалдамалыны қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету;

г) оны қарулы жанжалда немесе соғыс әрекеттерінде пайдалануды жүзеге асырудан тұрады.

ҚР ҚК 170 б 1 б бойынша қылмыс субъектісі кез-келген есі дұрыс, 16 жасқа жеткен адам, 2 б бойынша өзінің қызметтік жағдайын пайдаланатын адам. Сараланған түрі кәмелетке толмағанға қатысты жасалған осы әрекеттер.

Қарастырылып отырған баптың 3 б жалдамалының әскери жанжал немесе соғыс әрекеттеріне жеке қатысуын сипаттайды. Ерекше саранған белгісі жалдамалының әрекеттері адам қазасы немесе өзге де ауыр зардап туындатса деп танылады. Халықаралық қорғау аясындағы адам немесе ұйымға жабуыл жасау (ҚР ҚК 173 б) келесі әрекеттер:

  1. Шет елдік мемлекет өкіліне немесе халықаралық қорғау алсындағы халықарылық ұйым қызметкеріне немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелеріне шабуыл жасау;
  2. Аталған адамдардың қызметтік не тұрғын үй-жайларына, көлік құралдарына шабуыл жасау;
  3. Осы адамдарды ұрлау немесе күштеу арқылы бостандығынан айыру.

Бұл қылмыстың аяқталу уақыты-заңда келтірілген әрекеттердің бірін жүзеге асыру, бірақ соғысты ушықтыру немесе халықаралық қатынастарды құлдырату мақсатына жету ниеті жүзеге асса болғаны.

Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚР ҚК 174 б) қылмысы құрамы 1965 ж. «Нәсілдік шектетудің барлыќө нысандарын жою туралы» Халықаралық Конвенция негізінде құрастырылған.

Қылмыстың объективтік жағы:

а) әлеуметтік, нәсілдік, рулық, ұлттық және діни араздық немесе өшпенділікті өршіктіруге;

б) ұлттық ар-ождан, қадір-қасиетті немесе азаматтардың діни сезімін қорлауға;

в) азаматтардың дінге қатыстылығы, әлеуметтік, ұлттық, рулық немесе нәсілдік қатынастылығы белгісі бойынша азаматтың басымдылығы, артықшылығы, кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер құрайды.

Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау. Шетелдiк мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сондай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, егер осы әрекеттер соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiстiру мақсатында жасалса - мүлiктерi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бiрнеше рет не қару қолдану не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан, абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекеттер - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк немесе дiни араздықты қоздыру. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса - бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған нақ сол iс-әрекеттер - бес жүзден үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бір жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап кетiру, бала тууға күш пен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Экоцид. Өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау - он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады

ІІ тарау. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың түрлері

2. 1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар

Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу, тұтандыру немесе жүргiзу. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру - жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Басқыншылық соғысты жүргiзу - он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандағынан айыруға жазаланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мемлекеттiк жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет -белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Химиялық, биологиялық, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруының басқа да түрiн өндiру, сатып алу немесе өткiзу - бес жылдан он жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Соңғы кезде қылмыстардың аталған түрлерінің саны едәуір артуда. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғашқы рет геноцидпен байланысты, соғыс жүргізу ережелерін бұзумен байланысты қылмыстар пайда болды. Халықаралық қылмыстармен күресуде мемлекет қызметінің құқықтық негізі болып халықаралық қылмыстық құқық табылады.

Қазіргі таңда әлемде үш жүзден аса халықаралық қылмыстар және олардың жазалануы туралы халықаралық шарттар жасалған.

Бейбітшілікке қарсы қылымыстың ең ауыры соғыс қылымыстары.

Соғыс жүргізуді реттейтін бірсыпыра заңдылық күші бар халықаралық актілер мен конвеньциялар бар. Оларға:

1856 жылы 16-сәуірде Парижде қабылданған теңіздегі соғыс туралы деклорация;

1868 жылы 11 желтоқсанда Санкт-Петербургте қабылданған жарылатын немесе күйдіретін қаруды қолдануды жою жөніндегі деклорация;

1899 және1907 жылдары Гаагада қабылданған деклорацмялар;

1949 жылы Женева коньвенциясы (соғыс құрбандарын қорғау туралы) ;

1954 жылы 14-мамырдағы Гаага коньвенциясы(соғыс жағдайындағы мәдени құндылықтарын қорғау туралы) және т. б.

Қылмыстың тікелей обьектісі халықаралық құқық нормаларымен белгіленген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар.

Қылмыс обьективтік жағынан әскери тұтқындарға немесе әскери емес тұтқындарға қатігездікпен қарау, әскери емес тұрғындарын күштеп көшіру, басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен тыйым салынған құралдар мен әдістерді әскери жанжалды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Әскери тұтқындарға соғысушы жақтың қарулы күштерінің қатарына жататын адамдар, партизандар, әскери жасақтардың мүшелері, қарсыласу қозғалысының қатысушылары, сондай-ақ қолға түскен әскери журналистер, әскери-медициналық, әскери-заңгер қызметкерлер, интенданттық қызмет немесе басқадай қызмет көрсететін адамдар жатады. 1949 жылы «соғыс тұтқындармен қатынас жөніндегі» Женева коньвенциясына сәйкес соғыс тұтқындарына ізгілікпен қарау белгіленген, оларға қатыгездікті қолдануға тыйым салынған.

Әскери емес тұтқындарға - соғысқа қатыспаған, бірақ жау қолына түскен бейбіт тұрғындар жатады.

Басып алынған аумақта ұлттық мүлікті тонауға- соғысушы жақтың өзі басып алған мемлекеттің мүлкін жою, қирату, талан-таражға салу, өз мемлекетінің меншігіне алу әрекеттері жатады. Ұлттық мүлікке - материалдық және рухани игіліктер жатады. Қазақстан Республикасының халықаралық щартымен тыйым салынған құралдар мен әдістарді, әскери жан-жалды қолдануға адамзатқа қасірет әкелетін және қоршаған ортаны мақсатты түрде ұзақ уақытқа залалдандыратын шараларды жүзеге асырулар жатады.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға сәйкес күйдіретін, жарылыс жасайтын заттарды, зиянды газдарды, уландыратын не т. б бактереологиялық зжаппай қырып-жоятын қаруларды, химиялық, биологиялық қаруларды соғыс жағдайында қолданбауға міндетті.

ҚР халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады (163-баптың 2-тармағы) .

Қылмыс құрамы формалдық, сондықтан да ол осы баптың диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Қылмыстың субьектісі 16-ға толған кез келген асі дұрыс адам. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Қылмыстың түсінігіне маңызды ережелерін одан әрі дамыту жөніндегі ғылыми-теориялық негіздер ұсыну
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Қылмыс құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі
Әскери қызметті өту тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Жазаның белгілері
Қылмыс құрамы материалдық
Мемлекеттің конституциялық құрылысы мен қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz