Дипломалды практика бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
ПРАКТИКА БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ БАРЫСЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
6В01606, 5В011400 «Тарих» білім бағдарламасы негізінде
Нұр - Сұлтан, 2020 ж
6В01606, 5В011400 «Тарих» мамандығы бойынша практика бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауы 21. 11. 2019 ж. Еуразия гуманитарлық институтының «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидалары және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидалары негізінде құрастырылды.
Құрастырғандар: Шокатова А. Қ - аға оқытушы
Педагогика кафедрасының отырысында мақұлданды, Хаттама № 4 « 10 » қазан 2020 ж.
Институтттың Ғылыми-әдістемелік кеңесінде мақұлданды, Хаттама №1 «25» қыркүйек 2020 ж.
МАЗМҰНЫ
- НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңның 5-бабының 46-11) тармақшасы (өзгертулерімен және толықтыруларымен) .
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары, 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрық.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары, 2018 жылғы 12 қазандағы № 563 бұйрық.
«Педагог» кәсіптік стандарты, 2017 жылғы 8 маусымдағы №133.
- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Кәсіптік практика білім беру бағдарламасының міндетті компоненті болып табылады. Кәсіптік практика оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды деген түрлерге бөлінеді.
Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаттары, міндеттері мен бағдарламасы бар, олардың негізінде кәсіптік практиканың тиісті базасы анықталады.
Еуразия гуманитарлық институты (бұдан әрі - ЕАГИ) студенттерінің кәсіптік практикасы студенттерге кәсіптік жұмыс дағдыларын игеру, теориялық оқыту процесінде алған білімдерін тереңдету және бекіту мақсатында бекітілген жұмыс оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Білім алушыларды практиканың барлық түрлеріне жіберу практикадан өту мерзімі, практика базасы мен жетекшілері көрсетіліп, бұйрықпен ресімделеді. Практика жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, кәсіптің ерекшеліктері мен практика базаларының қызметін жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.
- ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСПрактиканы өткізу барысын ұйымдастыру
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, сырттай және күндізгі бөлімде оқитын студенттер білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істеген жағдайда оқу және өндірістік ("білім беру" білім беру бағдарламаларының тобы үшін - педагогикалық) практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар кафедраға жұмыс орнынан анықтама және олардың кәсіби қызметін көрсететін мінездеме ұсынады.
Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім беру бағдарламасының бейіні бойынша жұмыс істемейтін күндізгі нысанда білім алушылар белгіленген тәртіппен практикаға жіберіледі
Кәсіптік практиканың қорытындысы бойынша одан сәтті өткен білім алушылар кафедраға есептік құжаттаманы (есеп, күнделік, пікірлер және практика бағдарламасында көрсетілген басқа да құжаттама) ұсынады, оны кафедраның практика жетекшісі тексереді және қорғауға рұқсат береді.
3. 2. Студенттің міндеттері
Студент практикадан өту барысында:
- практика бағдарламасын толық орындау, институт белгілеген нысан бойынша практика күнделігін жүргізу;
- тиісті практика базасында қолданылатын ішкі тәртіп ережелеріне бағыну;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін білу және қатаң сақтау;
- практика аяқталғаннан кейін бір апта ішінде практика жетекшісіне жазбаша есеп, практика базасының барлық тапсырмаларды орындағанын растау барысында жетекшісі қол қойған күнделікті ұсыну.
3. 3. Есеп беруге қойылатын талаптар
1 Практика аяқталғаннан кейін студент практика жетекшісіне есеп береді. Студентті практика бойынша аттестаттауға жіберу үшін толық және ұқыпты (түзетусіз) ресімделген құжаттама негіз болып табылады:
2 Студент қол қойған практика туралы есеп (қосымша) .
3 Практика күнделігі (қосымша)
4 Оқу процесінің күнтізбелік кестесіне сәйкес ұсынылған құжаттардың негізінде студентті аттестаттау жүргізіледі. Бағалау кезінде тәжірибе орнынан шолу - мінездеме, мазмұны және студенттің практика туралы есепті дұрыс дайындауы ескеріледі, күнделік жүргізу сауаттылығы ескеріледі.
5 Практика есебінде практика кезеңіндегі тыңдаушының барлық жұмысы көрсетілуі керек:
- функциялары мен кәсіби міндеттері;
- практикалық психологиялық-педагогикалық іс-шаралардың атауы, олардың мазмұны;
- практиканың оң және теріс жақтары;
- тәжірибені ұйымдастыруды жақсарту бойынша студенттердің тілектері;
6 Практика күнделігі, онда тыңдаушының күнделікті жұмысы көрсетілуі керек.
7 Сыналушылардың жұмыстарын қоса бере отырып, пилотаждық зерттеу хаттамалары.
8 Практика базасының педагог-психолог маманының пікірі / мінездемесі (ұйымның бірінші басшысының қолымен және мөрімен расталуы тиіс) .
3. 4. Практиканы өту нәтижелері бойынша студентті аттестаттау барысы
Практика бойынша есептерді қорғауды кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия жүзеге асырады. Практикадан өту нәтижелері 4 балдық (100 балдық) жүйе бойынша бағаланады және студенттің курстан курсқа ауысуы кезінде GPA есептеу кезінде ескеріледі.
Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қосымша семестр кезеңінде қайта практикаға жіберіледі немесе институттан шығарылады.
Дәлелді себеппен практикаға келмеген жағдайда студент практиканы келесі академиялық кезеңде ақысыз өтеді және тапсырады. Дәлелді себептерсіз практикаға келмеген немесе келесі академиялық семестрге немесе курсқа ауысу үшін қажетті практика бойынша балл жинамаған, яғни қорытынды бақылау бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған студент қосымша (жазғы) семестр немесе келесі академиялық кезең ішінде ақылы негізде практикадан өтуге және оны тапсыруға құқылы.
Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге және есептің ресімделуіне сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.
Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде үлес салмағы қорытынды бағаның 40% - ын құрайтын практика базасындағы жетекшінің бағасын және үлес салмағы қорытынды бағаның 60% - ын құрайтын институт басшысы ұсынған есепті қорғау жөніндегі бағаны ескере отырып, қорытынды баға қойылады.
Практиканың қорытындылары мен талдауы қорытынды конференцияда шығарылады, ол бітіртуші кафедра отырысында практика нәтижелері талқыланғаннан кейін 1 аптадан кешіктірілмей өткізіледі.
Тәжірибе нәтижелерін бағалау кезінде келесі факторлар ескеріледі:
Студенттің теориялық дайындық деңгейі (мамандық және аралас пәндер бойынша білімді меңгеру) .
Тәжірибе нәтижелерін талдау келесі өлшемдер бойынша жүргізіледі:
1) атқарылған жұмыс көлемі;
2) талдамалық есептің, қорытындылар мен ұсыныстардың сапасы;
3) жұмысты белгіленген мерзімде орындау;
4) дербестік, бастамашылдық, жұмысқа шығармашылық көзқарас;
5) есеп беру құжаттамасының уақтылы және сапалы ұсынылуы.
3. 5. Практика барысын бағалау өлшемдері
Әріптік жүйе бойынша бағалар Сандық эквивалент. Балл (%-мазмұны)
Дәстүрлі жүйедегі бағалау
Құзыреттіліктің қалыптасу дәржесін бағалау өлшемдері
А 4. 0
95-100
А 3. 67
90-94
Өте жақсы
Студент мерзімінде, толық көлемде және жоғары деңгейде практика бағдарламасын орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есептік құжаттама мерзімінде толық көлемде ұсынылды, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша ескертулер жоқ.
Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы, практика бағдарламасын жетілдіру, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практика бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды.
В+ 3. 33
85-89
В 3. 0
80-84
В- 2. 67
75-79
С+ 2. 33
70-74
Жақсы
Студент практика бағдарламасын мерзімінде, толық көлемде орындады, бұл ретте дербестік, бастамашылдық, шығармашылық көзқарас танытты. Есеп практиканың мақсаттары мен міндеттерін ашуды, практика орындарының жалпы сипаттамасын, практиканың мазмұны мен ұйымдастырылуы бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қамтиды. Фактілерді психологиялық талдауда, құжаттаманы рәсімдеу мен тапсыруда кемшіліктер бар.
С 2. 0
65-69
С- 1. 67
60-64
D+ 1. 33
55-59
D- 1. 0
50-54
Қанағаттанарлық
Студент практика бағдарламасын толық көлемде орындамады. Есеп беру құжаттамасы толық емес мерзімде ұсынылған, оның ресімделуі мен мазмұны бойынша пысықтауды талап еткен елеулі ескертулер бар.
FX 0. 5
25-49
F 0
0-24
Қанағаттанарлықсыз
Ол тәжірибе бағдарламасын орындамаған және есептік құжаттама ұсынылмаған студентке қойылады.
3. 6. 5В011400 «Тарих» білім бағдарламасы негізінде студенттерге арналған практика түрлері
Практикалардың ұзақтығы 30 сағатқа (5 күндік жұмыс аптасы кезінде күніне 6 сағат) тең апта ішінде практикада білім алушының нормативтік жұмыс уақытына сүйене отырып аптамен айқындалады.
1 кредит практиканың барлық түрлерінің 1 аптасына тең.
Практика оқудың барлық кезеңінде өткізіледі және өзіне мыналарды қамтиды:
- оқу-тәрбие практикасы (2 курстың 4 семестрі, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат) ;
-Археологиялык практика (2 курстың 4 семестрі, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат) ;
- оқу -тәрбие педагогикалық практика (3 курс, 3 кредит көлемінде 3 аптадан кем емес, 90 сағат) ;
- өндірістік-педагогикалық практика (4 курстың 8 семестрі, 12 кредит көлемінде 90 сағат) ;
- диплом алдындағы практика (4 курстың 8 семестрі, 5 аптадан кем емес) .
4. ОҚУ ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ
4. 1. АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ПРАКТИКА
Археологиялы іс-тәжірибенінің басты мақсаты : студенттер іс-тәжірибе барысында теориялық білімдерін нақты тәжірбиемен ұштастырады. Студенттер археологиялық зерттеулерге тікелей далалық археология барысында қатысады және археологиялық барлау мен қазба жұмыстарының әдістемелік негіздерін игереді.
Студенттер далалалық археология негізінде археологиялық деректердің негізін құрайтын архологиялық ескерткіштердің түрлерімен танысады, яғни іс-жүзінде тарихи құндылықтармен танысады және өздерінің теориялық білімдерін нақтылы мысалдар негізінде толықтыруына толық мүмкіндік алады.
Археологиялық іс-тәжірибенінің міндеттері: археологиялық қазба жұмыстарына қатысу арқылы студент тарих ғылымының басқа да салаларымен тарихи процестерді салыстыру мүмкіндігіне көңіл бөлуі тиіс:
- археологиялық барлау әдістерін жетік меңгерулері тиіс;
- археологиялық қазба жұмыстары әдістерін іс-жүзінде игерулері қажет;
- археологиялық зерттеу әдістерін жете игеру қажет;
- археологиялық ұғымдар мен түсініктерді меңгерулері қажет;
- археологиялық объектілерді дәуірнамалық кезеңдер бойынша ажырата білуі және сыртқы белгілері бойынша анықтау қасиетін меңгеру қажет;
- археологиялық ескеткіштерді түрлері бойынша ажыратуды игеруді және археологиялық мәдениеттерді негізде сипаттауды меңгеруді білу қажет;
- археологиялық практика барысында қолданыста болатын еңбек құралдарын іс-жүзінде қолдануды игеру қажет;
- археологиялық практика талаптарын нақтылы орындау қажет;
- археология ғылымының орны;
- археологиялық зерттеу тесілдерін меңгеру;
- археология «тілін» үйрену;
- археологиялық ескерткіш түрлерін ажырату;
- археология ғылымының даму жолдарының қазба жұмыстарымен тығыз байланыста болатының жете түсіну;
- археология-экология, өркениет мәселелеріне қатысты теориялық білім тәжірибелерін бекіту;
- археологиялық ескерткіштерді далалық археология барысында сипаттау және жіктеу
- ғылыми тұрғында қалпына келтіру және уақытнамалық әдістемесін анықтауды үйренуді меңгеру;
- ескерткіштердің далалық зерттеу барысында орнын анықтауды үйрену;
- далалық жазба жұмысын (күнделік пен қорытынды есеп) маңызын білу және он іс-жүзінде іске асыруигеру;
- заттардың алғашқы белгілері, сақталуы мен сандық құрылымын білу;
- түрлердің тізімін жасауда ыждағаттылқ қатеттігін ескеру;
- ескерткіштерге және заттарға зерттеу барысында белгі қоюды үйрену;
- археологиялық заттарды жіктеуді меңгеру;
- жер бетіде көріне бермейтін ескерткіштердің белгілерін анықтауды игеру;
- фотография және аэроархеология негіздерін үйрену;
- су асты археология негізін игеру;
- эксперименттік археология негізін білу;
Студентке қойылатын талптар жиынтығы:
- Археологиялық іс-тәжірибеге қатысушы студенттер міндетті түрде дәрігерлік және қауіпсіздік ережелермен таныстығы жөінде анықтама қағаздарын экспедиция жетекшісіне тапсырулары қажет;
- Археологиялық практикаға қажет арнаулы киім-кешек және тиісті материалдар ескерілуі қажет;
- Археологиялық практикаға қажет бұйымдар мен заттарды және оларды тиімді пайдалануды ескеру қажет;
- Студент-практикант археологиялық практика жетекшісі мен арнайы мекеме тарапынан қойылатын практика талаптарын қатаң орындауы қажет;
- Студент-практикант практика барысында жетекшілер және арнайы мекеме тарапына қойылатын барлық талптарды қатан түрде ескеруі қажет;
Археологиялық практика оқу процессінің құрамдас саласын ретінде болып келетін практика басталар алдында және барысында қатаң турде ескерулі міндетті болып табылады.
Археологиялық практика қорытындысы жаңа оқу жылы басталған шақта шығарылады. Содан сәйкес тиісті қорытынды бағалау болады.
Жалпы археологиялық қорытынды есеп кешенді негізде жасалынады және ол практика жетекшісінің тікелей басшылығымен іске асырылады. Қорытынды кешенді есеп тиісті орындарға тапсырылады.
1 кезең: Ұйымдастырушылық
Іс-тәжірибе басталар алдында археологиялық экспедицияға шығатын студенттердің жалпы тізімі алынады. Практика алдында конференция өткізіледі. Студенттерге практиканың мақсаты және міндеттері, жұмыс мазмуны және көлемі мен танысады. Экспедицияға қай елді мекендерге баратыны, қалай деректерді жинау барысы жөнінде бағыт-бағдарламалар беріледі. Практика қай орында, қай елді мекенде өтетіні анықталып студенттер бөлінеді. Бақылаудық түрі және әдістері, есеп беретін қужаттарды қурастыруға және оны қорғауға қойылатын талаптар айтылады.
2 кезең: Икемдеу
Практиканың бірінші күні әкімшілік қатысуымен мекеме ұжымының өндірістік жиналысы өткізіледі. Практиканттар экспедиция жүргізетін елді мекендер мен танысады. Экспедицияның жалпы барысы, өздерінің міндеттерімен танысады.
Әр бір практикант қандай дректерді жинайды, жинау барысында кімдермен сухбаттасады және фото, видео аппараттарын даярлайды.
Практикант жұмыстары жеке дара жоспарлары белгілі бір күн тәртібіне сой ұйымдастырылады. Бірінші аптада практиканттар ғылыми, материалдық базамен, қужаттарды өңдеу әдісімен танысады. Апта соңында практикант жекедара жоспарларын жасайды (оны топ жетекшісі бекітеді) . Бір апта өткен соң практикант топ жетекшісіне есеп береді.
3 кезең: Негізгі кезең
Үшінші кезеңнің мазмұны тарихи деректермен және құжаттармен жұмыс, этнографиялық материалдарды жинау және өңдеу.
- Ғылыми турғыдан және сұрау арқылы.
- Зерттеу кезіндегі белгілі бір халықтың әдет-ғурпын, дәстүрін бейнелейтін материалдар жинау.
- Шежірлік материалдар жинау
- Фольклордың материалдар жинау.
- Көнекөз қариялармен халықтың тарихын, дәстурін, әдебиетін, мәдениетін жақсы білетін адамдармен сухбаттасу.
- Археологиялық экспедициялардың материалдарыме танысу.
- Суретке түсіру, таспаға жазыпалу, видеоға түсіру, схема, чертеж жасау.
А) Далалық практикаға шығуға дайындық, зерттеу орнын іздеу, экспедицияға алып кететін заттарды дайындау. Практикаға өтетін жерге жету. Студенттердің күшімен далалық қос тігу, күндік кестесін белгілеу.
Ә) Археологиялық барлау Д. А. Авдусиннің (Д. А. Авдусин «Полевая археология СССР М. 1980) нұсқау әдісі бойынша жүргізіліп, жағдайлық карта, суретке түсіріледі, ескерткіштерді қорғау мақсатындағы құжаттар толтырылынады.
ІІІ. Ғылыми ақпар жасау
А) зерттеу мақсаттары, ескерткішті сипаттау (топографиясы, стратиграфиясы, қимасы), мерзімін анықтау, типтеу, қазіргі әдебиеттермен салыстырып, іздестіріп, тарихи тұжырымдау.
4 кезең: Қортынды кезең
Жиналған археологиялық деректерді
- Жазба және заттай деректерді толық жинақтау және өңдеуді аяқтау.
- Есеп құжаттары мен реферат дайындайды
- Археологиялық экспедиция жөнінде кунделік
- Практиканы өткені туралы есеп
- Экспедиция жөнінде фото сүреттер, бейне және таспаға түсірілген материалдар.
- Студенттік практикасына баға қойылған топ жетекшісінің мінездемесі
Іс-тәжірибе қорытындысы
- Есеп құжаттарды дайындауды уйымдастыру
- Құжаттарды уақытында тапсыруды бақылап отыру.
- Қорытынды мәжіліске қатысу.
- Факультеттегі қорытынды конференцияға қатысу (студенттердің есеп, баяндамасы бойынша этнографиялық және археологиялық көрме ұйымдастыру)
- Баға қою, болашақ экспедиция жөнінде талап-тілектерін айту және жоспарын дайындау
- Есептерді тапсыру
4. 2. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА
1 Практиканың мақсаты мен тапсырмалары
1. 1 Кіріспе
Психологиялық-педагогикалық тәжірибе білім беру процесі болып табылады және мақсатты түрде кәсіби дағдыларын қалыптастыру, психологиялық негізгі ппәндерді оқыту («Психология», «өзін-өзі тану» және т. б. ), теориялық және тәжірибелік білімді қолдану, кейбір қажетті ойларды педогогикалық тәжірибеде қолдану.
Психологиялық - педагогикалық тәжірибедегі тапсырмалар:
- болашақ педагогтың жеке тұлға қалаптасуы: әділеттік, батылдылық, қаталдылық, өзіне есеп беру, объективтілік, жұмысқа және адамждарға адалдылық, түсінушілік пен сыйластық, шыдамдылық пен ұстамдылық. т. б.
- шығармашылық мүмкіндігін ашу, педагогикалық іс-әрекетіндегі зерттеу бағыты;
- теориялық білім алу кезіндегі, студенттердің білімін бекіту мен тереңдеу;
- мектеп психологтың функционалды міндеттері мен кәсіби-педагогикалық іс-әрекетімен таныстыру;
- мектептегі негізгі тәрбие жұмыстарымен және сынып жетекшінің жұмысымен таныстыру
2. Оқыту мен білім берудің педагогикалық тәжірибесінің мазмұны даму деңгейінде
Мамандығы бойынша біліктілігі сәйкес студент келесі негізгі педагогикалық дағдыларына ие болуы тиіс :
- казіргі кездегі мектепте оқытудың жүйесі, тәжірибені пайдалану мүмкіндігі.
- білім беру процесінің заңдар мен принциптері туралы өзінің жұмысында ппайдалана алу.
- білім беру заңдары мен білім беру жүйесін кәсіби қызметін жекелей және топпта көрсете алу;
- қатысушылардың құқықтары мен еркіндіктерін қадағалау;
- қатысушылардың сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға қабілетті болу.
- Психологиялық-педагогикалық тәжірибенің мазмұны
Студенттің жұмысының мазмұны мен мінездемесі педагогикалық тәжірибеде 3 топқа бөлінеді:
I топ - нұсқаушы . Оның тәжірибедегі мақсаты теориялық дайындалу. Барлық сұрақтарға нұсқаушы конференцияға жауап қарастырады- тәжірибедегі тапсырмалармен танысу, программамен, есеп беру құжаттары, тәжірибедегі бақылау уақыты.
II топ -негізгі. Ол екі бөліктен тұрады: сынақтар және кәсіби қызметі. Бірінші аптада студен оқыту барысымен, өзіне берілген сынып оқушыларын зерттеп барлық сабақтарға қатысады, өзінің мектеп психологімен құрастырған жосппары және сынып жетекшімен ұйымдастырған мерекелік тәрбие жоспарларын құрады. Алғашқы екі күн ішінде студент өзінің жеке жоспарын құрады, күнделікке жазып отырады, дәлел ретінде оны жетекшіге береді.
Күнделіктегі жеке жоспар күіге толтырылып отырылады.
Жұмыс барысы келесі 2, 5 аптада, студенттер негізгі тапсырмаларын, педагогикалық психологиялық тапсырмаларын орындайды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, қажетті материалдарды дайындайды.
III топ - тексеру және бағалау. Тәжірибені аяқтауға, есеп беруге дайындалу. Тәжірибені қоытындылау. жабылу кеңесіне қатысу.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz