Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар


Жоспары:
І. Кіріспе
1. Бітіру жұмысына жалпы сипаттама . . .
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бастауыш сыныпта қолданылатын оқулықтар, олардың білім берудегі маңызы . . .
2. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қосымша оқулықтар, дидактикалық материалдар . . .
3. Оқу дағдысын қалыптастыру барысындағы қосымша материалдар . . .
3. 1. Жаттығу жұмыстарына байланысты оқу-әдістемелік кешендер . . .
3. 2. Тіл дамыту, байланыстырып сөйлеу әдістемелеріне оқулықтан басқа пайдаланылатын қосымша оқулықтар . . .
3. 3. Дидактикалық ойындар, қызықты грамматика ойындарын бастауыш сыныптарда қолдану . . .
ІІІ. Қорытынды бөлім
1. Сауат ашу кезеңдерінде пайдалануға болатын қосымша оқулықтардың маңызы . . .
2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
1. Бітіру жұмысына жалпы сипаттама
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Әрбір жеке тұлғаның бойындағы жетістіктің де, олқылықтың да негізі бала кезде, оның ішінде бастауыш мектепте берілетін дағдыға байланысты болатыны белгілі. Көрнекті орыс психологы Л. С. Выготский баланың жеке тұлға ретінде қалыптасу процесін бірнеше кезеңге бөліп қарастырады. Әр кезеңді, аталған әрбір оқиғаны баланың дамуын, жеке тұлға ретінде қалыптасу жолындағы «шағын секірістерге» балайтын ғалым, әсіресе, алғашқы сөйлеу дағдысын меңгеру мен мектеп табалдырығын аттау оқиғаларына ерекше мән береді.
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды - дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген ұлы Абай өсиеті мен өз ұлының алғаш сөйлеген күнін оның рухани туған күні ретінде атап өткісі келген белгілі неміс педагогы И. Г. Фихтенің пікірі де жеке тұлғаның қалыптасу мәселесін арнайы зерттеген Л. С. Выготскийдің жоғарыдағы ғылыми тұжырымдарымен ұштасып жатыр.
Осы тұрғыдан баланың «мектеп есігін ашқан кезеңінде» оның қолына қалам ұстатып, сауатын ашудың ең күрделі жауапты жұмыс екені белгілі. Ал осы жастағы оқушылардың сауатын ашу кезеңінде жүйелі әрі терең білім беру мақсатында түрлі көрнекіліктер, дидактикалық материалдар және әдістемелік топтамалар қолданылады.
Сауат ашу кезеңінде қолданылатын жоғарыда аталған көмекші құралдардың мазмұндылығын, сабақ бағдарламасы мен байланыстылығын, тиімділігі мен дайындалу деңгейін анықтау тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Зерттеудің міндеттері:
- бастауыш сыныптарда қолданылатын көрнекі құралдарға, дидактикалық материалдармен әдістемелік топтамаларға қатысты әдебиеттерге (педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық) және бұрын жарық көрген оқулықтар мен оқу бағдарламаларына оқушылардың сауатын ашу мәселесі тұрғысынан талдау;
- сауат ашу барысында қолданылатын көрнекіліктер, дидактикалық материалдар мен әдістемелік топтамалардың көлемін, мазмұнын, жүйесін анықтау;
- озат мұғалімдер тәжірибесін зерттеп, қолданылып жүрген тиімді әдіс- тәсілдерді жинақтап, саралау;
- сауат ашу кезеңінде қолданылып келе жатқан көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар мен әдістемелік топтамаларды жетілдіре түсу мақсатымен қазіргі қолданылып жүрген оқу бағдарламасы мен оқулықтарды жетілдіруге ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
- сауат ашу кезеңінде көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар мен әдістемелік топтамаларды қолданудың ғылыми негізделген әдіс-тәсілдер жүйесін жасап, оны тәжірибеде қолдану;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- сауат ашу барысында қолданылатын көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар мен әдістемелік топтамалардың көлемі, мазмұны және жүйесі теориялық тұрғыда негізделді;
- сауат ашу үшін керекті көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар мен әдістемелік топтамалардың түрлері сұрыпталып енгізілді;
- сауат ашу жұмысын жүргізудің тиімді әдістемесі ұсынылды;
Зарттеу жұмысының құрылымы
Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
ІІ. Негізгі бөлім
1. Бастауыш сыныпта қолданылатын оқулықтар, олардың білім берудегі маңызы
Сауат ашу кезеңіндегі ең негізгі басты құрал - «Әліппе» және «Әліппе серігі». Әліппенің бас жағындағы түрлі тақырыптарға салынған суреттер де оқушылармен жүргізілетін дайындық жұмыстары үшін ең қажетті көрнекі құрал болып есептеледі. Әліппеде әрбір жаңа әріпті үйрету барысында жекелеген заттардың суреттері және тақырыптық суреттер де суреттеледі. Сонымен қатар онда балалардың ойы мен тілін дамыту үшін сюжетті суреттер, әңгімелер, жұмбақтар, т. б. бар.
«Әліппе» - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәннің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әр оқуышыны ізденіске жетелейді.
Сауат ашу кезеңінде мектеп оқулықтарына қосымша пайдалануға болатын біршама оқулықтарды тізбектеуге болады. Қосымша оқулықтардың қатарына әр сынып оқулығына берілетін әдістемелік нұсқауларды, әртүрлі дидактикалық материалдарды, мәтіндер жинағын, көрнекіліктерді, дидактикалық ойындарды, жатжазу немесе мазмұндамалар жинағын, тест сұрақтарын т. б. көптеген оқу құралдары мен нұсқаулықтар бастауыш мектеп мұғалімдерінің сенімді серігі болуға тиісті.
Қазіргі оқытудың түпкі мақсаты - пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап, пайдалануға негізделеді. Осы орайда Әліппе, Ана тілі, Қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз болып табылады.
«Әліппе» оқулығы Ш. Әуелбаевтың жетекшілігімен ғылыми қызметкер Р. Ізғұтынова, Ә. Наурызбаева және А. Құлжановалар жазып, 1997 жылы «Атамұра» корпорациясында басылып шықты.
«Әліппеде» психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
«Әліппені» оқыту мынандай кезеңдерден тұрады:
1-кезең: «Әліппеге» дейінгі кезең.
2-кезең: Сауат ашу кезеңі.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
«Әліппенің» алғашқы беті Елбасымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың арнау сөзімен ашылған. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының рәміздері - Елтаңбамыз, Көкбайрағымыз орын алған. Олар егемендігімізді, ұлттық тәуелсіздігімізді дәріптеп, жеткіншектерді елді сүюге үйретеді.
Бұл рәміздерді әрбір оқушы танып, біліп, қадірлеп, қастерлеуге міндетті.
Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, Отанымыздың өмірімен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғандығын ұғынады.
Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын аттағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму үрдістерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы тұрғыдан қарағанда бастауыш сыныптарда қолданылатын оқулықтардың негізгі мақсаты.
- Идеялық-саяси, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру.
- Дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
- Балаларды жас өспірімдер мен үлкендердің үлгілі, ерлік істері мен
еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек етуге, адамгершілікке, бір-бірін сыйласымдылыққа, адалдық пен шыншылдыққа, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
- Еліміздің мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы материалдармен таныстыру арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, теңдесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір тұтып, сүюге тәрбиелеу.
- Бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру.
- Балалардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, шеберліктерін жетілдіру, тілін одан әрі дамыта түсу.
- Еліміздің бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер, т. б. ), балалардың сана-сезімін патриотизм, Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру.
- Саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету.
- Еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.
- Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері оны өмірмен байланыстыру болып табылады. Оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді.
Оқулықтардың білім берудегі маңызы - балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру.
Оқушыларды саналы оқуға үйрету, білімді саналы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру - оқулықтарға қойылатын басты талап. Оқушылар оқулықтағы дүниелерді жақсы түсініп, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге, үрдістер мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді. Осы орайда оқулықтардың алатын маңызы зор. Атап айтсақ, олар оқушыларға төмендегідей оқу-тәрбие жұмысының түрлерін көрсетеді.
1. Оқу сабақтарында, экскурсияларда табиғат құбылыстарын бақылап үйренеді (маусымдық өзгерістерді) . Жылдың әр маусымындағы өзгерістерді салыстырады, жалпылайды және көктемнің, жаздың, күздің, қыстың белгілері жөнінде қорытынды шығарады. Маусымдық өзгерістердің себептерін түсіндіреді. Табиғат күнтізбесін жасайды.
Жыл маусымдарына қарай, адамдардың бау-бақшадағы, егістіктегі, мал шаруасындағы қызметінің өзгерістерін байқайды.
2. Адамдардың тұрмысы мен қызметінде білімнің ролі туралы қарапайым елес қалыптасады. Оқу әрекетінің негізгі ережелерімен танысады, танымдық ойындар ойнайды, жұмбақтар шешеді, тату болу, сәтсіздіктерге күлмеу, оқудағы өздерінің және жолдастарының табыстарына қуану, т. б. үйренеді.
3. Қоғам өмірімен танысады. Отаны туралы, туған жері, елі, халқы туралы, оның кешегісі мен бүгіні және болашағы, салт, дәстүрі туралы біледі.
4. Адамдардың еңбектерін бағалауға үйренеді, ағаштардың бұтақтарын сындырмау, жер бетіне шыққан көгалды таптамау, т. б. әрекеттерге дағдыланады.
5. Мектептегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларымен танысады. Кішіпейілділік, мейірімділік, адалдық, қарапайымдылық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушыға терең де тиянақты білім, жан-жақты тәрбие беруде оқулықтың алатын орны ерекше екені белгілі. Осыған орай оқулықтар оқушылардың оқу дағдыларының негізін қалауға, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту сияқты талап-тілектерінің мүддесінен шығады.
2. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қосымша оқулықтар, дидактикалық материалдар
Сауат ашу - аса күрделі де жауапты үрдіс. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін мұғалімдер атқаратын міндеттер көп те, сан алуан. Олардың негіздерін Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Г. Ізғұттынова, А. Құлжановалар мыналарды атап көрсетеді:
- Балаларды мектептегі оқу жұмысына - сауат ашуға даярлау;
- сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін (фонетикалық естуі) меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету;
- оқушылардың жалпы ой-өрісін дамыту, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
- балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздігін байыту, сөйлемдерді дұрыс құрып, өз ойын айқын да дәл жеткізуге үйрету;
- сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктеп оқымай, түсініп, дұрыс буындап оқуға, одан әрі біртіндеп сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
- дыбыстарды әріптермен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың каллиграфиялық талаптарын орындауға, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі олардың байланысу тәсілдерін сақтап, сөзді тұтастыра жазуға үйрету, жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және есту бойынша жаза білуді үйрету;
- сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ережелерін меңгерту: сөйлемді оқығандағы дауыс ырғағы, соңына дауыс үзілісінің жасалуы, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып, сөйлем соңына нүкте қойылуы, сөйлемдегі бас әріппен жазылатын сөздер. (4, 27)
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негіздері деп Ш. Әуелбаев төмендегілерді көрсетеді:
1. Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай әрі түсінікті болуға тиіс. Алайда бұдан оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек деген қортынды жасауға болмайды. Оқу мазмұнының қиын болмауы дегеніміз - балаға оның шамасы жетпейтін аса қиын материалдарды ұсынуға болмайды деген сөз. Ондай материалдар, әрине, білуді, дамуды тежейді. Сайып келгенде, түсініктілік талабы «жеңілден ауырға», «белгіліден белгісізге», «жақыннан алысқа» деген дидактикалық принцип арқылы айқындалады.
2. Көрнекілік. Ол - бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан, оқытудың мұғалімдер жұртшылығының құрметіне бөленген дәстүрлі де тұрақты әдісі. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық модельдер, жеке заттардың суреттері мен сюжеттік суреттер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар - сабақ сапасын жандандырудың басты құралдары болып табылады.
3. Оқу материалдарының білімдік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарына оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтар мен оларды адамгершілікке, сұлулыққа, еңбекке тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады. Оқулықтағы Отан, Астана, бейбітшілік, ғарыш, Қазақстан халқының қажырлы еңбегі жайында берілген материалдар мен балалар әдебиеті, халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша жүйелі әңгімелер өткізу барысында негізгі сауат ашу міндеттерін шешумен қатар, жалпы білім, тәрбие беру мақсаттары да жүзеге асырылуы тиіс.
4. Жеке - дара жұмыс. Мектепке балалар түрлі-түрлі дайындықпен келеді. Олардың бір бөлімі балабақшада тәрбиеленсе, қалғаны әдетте әртүрлі отбасында тәрбиелеген. Осыған орай, бірінші сынып оқушыларының жалпы физиологиялық - психологиялық ерекшеліктері әртүрлі болып келеді. (10. 78)
Сауат ашу кезеңіндегі сабақтардың тиімділігін арттыру үшін әртүрлі көрнекі құралдар, әдістемелік топтамалар мен дидактикалық материалдар қолданылады.
Бастауыш сыныптағы сабақтарда дидактикалық көрнекі принципін іске асыруда көрнекілік әдістерінің маңызы өте зор.
Бастауыш сыныбының 1-сыныбына келген баланың «Р», «Л», «С», «Т» дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Осындай оқушылар халық үшін жаңылтпаштарды пайдалану орынды.
Мысалы, «Құдық қазып аршыдым, топырағын жаншыдым, аршыдым да малшындым». Мұғалім осыны оқушыға өзімен бірге ілестіре тұрып айтқызады. Сонда «Р» дыбысына баса көңіл бөлгізеді. Бұдан әрі жаңылтпашты күрделендіре түсуге болады.
1-сыныпта балалардың өздеріне өте таныс суреттерден жасалған ребустарды да пайдалануға болады. Ол баланы ұшқыр ойға жетелейді. Бірнеше әріптерді алып тастау, немесе суреттегі сөзге әріп қосып оқу, аралығындағы бір әріптің орнына басқа әріп қойып оқып, ондағы таңбалардың ( «, » ) мәнін түсіну, балаларды ойландырады, шығармашылығын арттырады. Сөзжұмбақтар, анограммалар, т. б. түрлерін қолданудың пайдасы зор.
Дидактикалық материалдың мақсаты - оқушыларға жаңа сабақты білдірту әрі оқыту жұмысының сапасын арттыруда көмектесу. Әдетте жаңа материалды түсіндіріп болған соң оны дұрыс меңгергенін байқау үшін дидактикалық карточкалар арқылы пысықтау жұмысын жүргізеді.
Екінші сыныпта бірінші сыныпта өткен «Дыбыс пен әріп» тақырыбын қайталаудан басталады. Екінші сыныпта сызбалық көрнекілік, схемалық көрнекілік, плакаттық көрнекілік, сурет көрнекілігі, альбомдық, символикалық, диаграммалық көрнекілік, модельдік, диопозитивтік көренкілік, карточкларды пайдалану, зат пен әр нәрсенің өзіне көрсету және тақта көрнекілігі - барлық көрнекілік түрлері пайдаланылады. Алғаш бірінші сыныпта өткенді қайталау сабақтарында бұрынғы көрнекіліктердің кейбіреуін сол күйінде, кейбіреуін күрделендіріп қолданады.
Ары қарай «Сөйлем» тақырыбын өткенде «Сөйлем түрлері», «Хабарлы сөйлем», «Лепті сөйлем» кестелерін пайдаланады. Бірінші сыныптың ІІ жарты жылдығында «Сөз туралы түсінік», «Сөз және оның мағынасы», «Мағынасы қарама-қарсы сөздер», «Жуық мағыналы сөздер», «Бірнеше мағынасы бар сөздер», одан әрі «Сөз құрамы», «Түбір мен қосымша», «Жұрнақ пен жалғау», «Сөз таптары», «Зат есім», «Жалпы есім мен жалқы есім», «Етістік», «Дара және күрделі етістік», «Сын есім», «Сан есім» тақырыптарына арналған кестелер қолданылады. Осы тақырыптардың кейбіреулеріне мысалы, әріптердің (у, и, й, я, ю) емлесіне арналған түрлеріне плакаттық көрнекілікті пайдалануға болады. Осы әріптерді түсіріп тастап, соны табуға арналған сөйлемдер немесе мәтіндерді көрнекі етіп жазып, тақтаға іліп қойып, орындатады. Осы әріптердің емлесі туралы өткенде схемалық көрнекілікті де қолданады.
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Үлкен - кіші биік - аласа
Ұзын - қысқа жуан - жіңішке
Жуық мағыналы сөздер
Батыр, ер, ержүрек
Өжет, қайсар, батыл . . .
Сөз тудыру схемасы
бас басшы бастау
бастық басшылық
басқар басшысыз
басқару басшылықсыз
2 - сыныпта суретті көрнекілікті қолдану. Фонетика бөлімінде әр түрлі заттардың өзін бейнелеген суреттер, жыл мезгілдерін бейнелейтін, белгілі бір сюжеттерге негізделген суреттер, («Бау-бақшаның пайдасы», «Кітапханада» «Шекарашылар» «Ат жарысы» т. б. ) беріледі. Зат танытатын суреттерді пайдаланғанда аттарын атап, сұрақ қоюға, қай сөз табы екенін, оның қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерді қосып айтқызып, сұрақтарын қоюға болады. Оқиғаны мазмұнды қамтыған суреттерде мәтін (әңгіме) құрап, оған ат қойып тақырыпқа байланысты әр түрлі тапсырмаларды орындауға болады. Мысалы, егін даласын бейнелейтін сурет берілсін. Мәтін құрау, оған ат қою, кейбір сөздерге сұрақ қою, қай сөз табы екенін анықтау, сөйлемдегі сөздердің байланысын тапқызу, сөйлем түрлеріне ажыратып, т. б. тапсырмаларды әр тақырыпқа сәйкес орындатады.
Альбомдық көрнекілік. Екінші сыныпта қазақ тіліне арналған альбомдардың бірнеше түрін жасауға болады. «Жемістер», «Көкөністер», «Үй жануарлары», Құстар» («Үй құстары», «Жыл құстары», «Дала құстары», «Орман құстары»), «Киімдер» («Ұлттық киімдер») тағам түрлеріне арналған альбомдар жасауға болады. Белгілі адамдардың (ақын, жазушы, актер, артистер, суретшілер, күйшілер) фотосуреттерін альбом жасауды және оны кейбір мәтіндерді өткенде немесе арнайы мәтін құрату үшін, сөйлемдер құрау үшін пайдалануға болады. Бас әріппен жазылатын сөздер (жалқы есімдер) тақырыбында пайдалаған ыңғайлы. «Менің елім - Қазақстан» (Қазақстан Республикасы немесе «Менің Отаным») деген тақырыптық альбом оқулықтың алғашқы бетіндегі жаттығуларды орындау барысында-ақ пайдаланыла бастайды.
Сурет көрнекілігі.
Бұған фотаға түсірген суреттер, қолдан жасалған суреттер, кітап бетіне салынып, зат танытатын, ғылыми шындығын танытатын суреттер, оқиғаның мазмұнды қамтыған картиналар, картиналық лото, картиналық сөздіктер жатады.
Диаграммалық көрнекілік.
Бұл көрнекілік белгілі бір тақырып төңірегінде оқушыларды іздендіруге, ойландыруға байланысты бір құбылыс пен екінші құбылысты салыстырып көрсету үшін қолданылып отрыратын көрнекіліктің түрі. Мысалы, оқушылар белгілі бір объектіге, экскурсияға барып келгеннен кейін сондағы жиған материалдарын қорытып, диаграмма жасайды. Ондай диаграммаға бірнеше өндіріс не бір өндіріс шаруашылығының дамуы мен өнімін көрсетуге болады. Мал өсімі қанша, оған жиналған жем-шөп, одан алынған жүн, ет, сүт өнімі қанша т. б. Оқушылар осы диаграмма арқылы өздерінің жасаған саяхаты туралы әңгімелеп айтады немесе оларды пайдалана отырып мазмұндама, шығармалар жазады. Бастауыш сыныптарда (3-4 сынып) «сан есім» тақырыбына жоғарыдағы өнімдердің сандық көрсеткіштерін пайдаланып, жаттығулар құрастыруға болады.
Модельдік көрнекілік.
Бұл көрнекіліктің ғылыми тәжірибелік маңызы өте зор. Модельдік көрнекілік арқылы оқушылардың дүниетану өрісі кеңейеді. Өндірістік заттармен танысып, еліміздің мәдениет табыстарын жетік білетін болады, соның нәтижесінде оқушылардың сөз мәдениеті молаяды. Мысалы, белгілі бір машинаның конструкциясына арналған модельдер арқылы оқушылар оны өздері жүргізеді. Сондағы заңдылықтарды түсінеді. Сол сияқты кейбір заттардың модельі арқылы түрін-түсін, өзіндік белгілерін таниды, т. б.
Символикалық көрнекілік.
Бұл қазақ тілінен оқылатын материалдарды оқушыларға алуан түрлі шартты белгілер арқылы түсіндіретін және соны тәжірибе жүзінде талдап, ажыратып беруге үйрететін көрнекіліктің бір түрі. Бұған әртүрлі сызықтармен сызып көрсету, бояумен көрсету, жақшаға алу, тік сызықпен бөлу, геометриялық фигуралар арқылы белгілеу, стрелкамен көрсету, айшықпен белгілеу, қысқарған әріптер арқылы көрсету, т. б. жатады.
Тақта көрнекілігі.
Бұл қазақ тілін оқытуда ерекше қолданылатын және өте өнімді көрнекіліктің бірі.
Тілден өтілетін материалдар, оны дәлелдейтін мысалдардың барлығы да тақта арқылы көрсетіледі. Қазақ тілін оқытуда қолданылатын көрнекі-құралдардың түрлері, әріптер мен сөздерді дұрыс жазу үлгісі тақта арқылы үйретіледі. Сондықтан тақтаны дұрыс пайдаланып отырудың ерекше ғылыми-практикалық маңызы бар. Кескінді әріптермен буынға бөлінген сөздіктер көрнекілігі.
Карточкаларды пайдалану көрнекілігі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz