Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

мемлекеттік педагогикалық университеті

Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы

5-6 жастағы балабақша бүлдіршіндеріне суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларды қалыптастыру

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

мемлекеттік педагогикалық университеті

Мектепке дейінгі білім беру кафедрасы

«Қорғауға жіберіледі»

МдББ кафедра меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: 5-6 жастағы балабақша бүлдіршіндеріне суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларды қалыптастыру

Мамандық 5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

Орындаған

Ғылыми жетекші:

филолог. ғ. к., доцент

Мазмұны

Кіріспе
Кіріспе: 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері
:
Кіріспе: 1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы
:
Кіріспе: 1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері
:
Кіріспе: 2 Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің анықтау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
:
Кіріспе: 2. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерді еңгізу жолдарын қолдана отырып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды жүргізу
:
Кіріспе: 2. 2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелер
:
Кіріспе: Қорытынды
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер тізімі
:
Кіріспе: Қосымша
:


Кіріспе

Елбасымыз - Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге қоғам қажеттіліктеріне сай келетін осы заманға лайықты азамат, азаматша тәрбиелеу-балабақшадан басталады» деген болатын. [1]

Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпаққа уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық. Балабақшада берілген тәрбие - барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие - үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Демек, бала - біздің болашағымыз болса, баланың болашағы біздің қолымызда.

Бүгінгі қоғам мүлдесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық дәстүр қалыптасқан, инабатты да иалы, мейірімді, адамгершілігі мол, рухани бай азаматты тәрбиелеп өсіру- балабақшаның бірден-бір міндеті. Бұл міндеттің жүзеге асырылуына үлес қосатын тәрбиеші-педогог екені белгілі.

Мектепке дейінгі балалық шақ - бұл жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезеңі. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы күрделі, әрі көпқырлы үдеріс. Оған көптеген қозғаушы күштер, факторлар мен механизмдер қатысады.

Мектепкі дейінгі бала есте сақтау мен қабылдауы жоғары қабілетімен ерекшеленеді. Суреттерді пайдалану әдісі балалардың сөз материалын есте сақтауда қалдыру үшін қолайлы. Мектепке дейіңгілердің жас ерекшеліктеріне қараса, осындай қорытындыға келуге болады, суреттерді пайдалану әңгіме құрастырғанда, өлең, логоритмикалық жаттауда жеңілдетеді және есте сақтау процесін тездетеді. Сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздық қоры мен ауызша сөйлеу тілі дамиды.

Балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-ірекеті үрдісінде суреттерді пайдалану әдістеріне баса көңіл бөліп, тарихи-əдістемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген Б. Б. Баймұратова, А. Меңжанова, М. С. Сәтімбекова, М. Т. Тұрыскелдина, Қ. Меңдаяқова, Ф. Н. Жұмабекова, А. Т. Искакова, А. Х. Казетова, А. Б. Бакраденова т. б. отандық ғалымдар.

Алайда жоғарыдағы аталған ғылыми зерттеулер мен мәселені шешу барысындағы жүргізілген педагогикалық зерделеулер түрлі бағытта қарастырылғанымен мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиіміді әдістерін айқындау арнайы зерттеу нысанасы болмағандығын көрсетеді.

Сонымен, бүгінгі күні мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерін айқындау қажеттілігінің артуы мен оның теориялық және әдістемелік тұрғыдан жеткілікті қарастырылмауы арасында қайшылық орын алып отырғандығы белгілі болды. Осы аталған қайшылықтың шешімін іздестіру, зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «5-6 жастағы балабақша бүлдіршіндеріне суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларды қалыптастыру» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттудің мақсаты: 5-6 жacтағы балабақша бүлдіршіндерінің дағды іс-әрекеттерін қалыптастыру үшін, әртүрлі суреттерді пайдаланып теориялар жинақтау.

Зерттеудің міндеті:

  • мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін анықтау;
  • мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, эксперимент жүргізу арқылы тәжірибеге енгізу.

Зерттеудің нысаны: балалабақшаның ересек тобында өткізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің үрдісі.

Зерттеудің пәні: мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастыру әдістері.

Зерттеудің болжамы: Егер балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті қалыптасып, сөздік қоры мен ауызша сөйлеу тілінің даму деңгейі арта түседі, өйткені суреттерді пайдалану дағдыларды қалыптастырудың тиімді әдісі.

Зерттеу әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге байланысты ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқу-тәрбие процесін бақылау, сауалнама алу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижелерін өңдеу және салыстыру.

Зерттеудің әдіснамалық базасы. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттер, мектепке, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің үлгілік бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешендер, мектепке дейінгі мекемелерге арналған әдістемелік журналдардың мақалалары.

Жұмыстың жаңалығы: мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерди пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістері ұсынылды.

Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі . Зерттеу нәтижелері мен пайымдауларын балалабақшаның ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастыруда, балалардың даму деңгейін арттыруда пайдалануға болады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мектеп жасына дейінгі балалардың суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың теориялық негіздері

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы

Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік - білім беру ұйымдары. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, иновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту ойын, оқу, еңбек іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым алуан түрлі болған сайын, оның төңіректі тануы мен танымдық қабілетінің дамуы жан-жақты болып келеді. Іс-әрекеттің барлық түрінде де ол іскерлік пен дағдыны үйренеді [2, 10-15] .

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық әлеуметтік және эмоционалдық дамуын стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту дамыту ісіне ерекше көңіл бөліп отыр.

Балалар бақшасындағы оқытудың балаларды мектепке дайындауда үлкен маңызы бар. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті үстінде балалар оқу іс-әрекеті дағдыларына, жинақы, ұйымшыл болуға үйренеді. Оларда тұрақты зейін, назарын бір нәрсеге аудару, ерік-күш қабілеті өсіп жетіледі. Жүйелі оқыту үстінде таным құштарлығы қалыптасады.

Мектепке дейінгі оқытуда білім мен дағдыны пысықтау түсіндірумен, көрсетумен тығыз байланысты және тікелей солардың ізімен жүреді, түсіндіру жаттығуға ауысады.

Баланың оқу іс-әрекетінде меңгерген білімі балабақшадағы күн тәртібінің барлық сәттерінде жаттықтырылып, дағдыға айналады.

Жеке тұлғаның дамуында, қабілеттілігін жетілдіруге дағды маңызды рөл атқарады. Іс-әрекет жасауда, білім алып біліктілікті меңгеру үшін алдымен дағдыға үйретудің рөлі ерекше. Адамда білім туа пайда болмайды, бірінші белгілі бір қабілеттіліктің нышаны болады, сонан соң өсе келе ғана білім алуға деген құштарлық пайда болады, - деп атап көрсеткен орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский [3, 23-25] .

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру дағдыларын қалыптастырудың маңызы мен ерекшеліктерін талдамас бұрын «дағды» ұғымына түсінік беруді жөн көрдік. Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде “дағды” ұғымына түрліше анықтамалар беріледі. Енді соларға тоқталып өтейік.

Кесте 1 - Дағды ұғымына берілген анықтамалар

Савин Н. В.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .
Савин Н. В.: Ядешко В. И., Сохин Ф. А.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағдылар - көп қайталау, жаттығу жолымен жоғары деңгейге жетіліп, қажетті әрекеттерді автоматтанған күйде орындай алу мүмкіндіктерінен көрінетін тәжірибелік қызмет бірлігі» [] .
Савин Н. В.: Қоянбаев Р. М.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағды - кез-келген әрекетті орындай білуде жаттығу арқылы бекітілген білік»[] .
Савин Н. В.:

Қоянбаев Р. М.,

Ыбырайымжанов Қ. Т.

«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағды - автоматтандырылған деңгейге жеткен әрекет, көп қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту барысында дағдыларды жасау қажет, әсіресе жалпы оқулық мәнді, пәнаралық: ауызша және жазбаша сөйлеу, есеп шығару, есептеу, өлшеу т. б. » [] .
Савин Н. В.: Сабыров Т. С.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Әрекеттің саналы түрде автоматтану дәрежесіне жетуін дағды деп атайды, яғни дағды - автоматтанған әрекет. Жаттығу нәтижесінде әрекеттер үйреншікті іске айналады да, оны орындау жеңіл, жылдам іске асады»
Савин Н. В.: Мұқанов М. М.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағды - деп автоматтық түрде жүзеге асатын физиологиялық механизмдері жоғары нерв жүйесіне бағынатын шартты рефлекстер жүйесі - динамикалық стереотип» []
Савин Н. В.: Жарықбаев Қ.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағды - алғашқы саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуын дағды деп атайды. Дағдылануда іс-әрекеттің тұтас өзі емес, жеке компоненттері ғана автоматтанады. Мәселен, баланың жазуы әр уақытта саналы әрекет болып есептелінеді, орындаудағы тәсілдерді оның автоматтануы болып табылады» []
Савин Н. В.: Намазбаева Ж. И.
«Дағды - меңгерудің ең жоғарғы екпінімен сипатталатын әрекет. Белгілі бір дағдыны меңгерген адам жұмысты жедеғабыл істейтін сияқты көрінеді және іс-әрекеттің орындалу барысында оның сана сезімін бақылап байқауда аса қиынға түседі. Сондықтан дағды мен біліктің адам өміріне зор маңызы бар» [] .: «Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі»

1 кестенің жалғасы

Алдамұратов Ә.
«Дағды - адамның белгілі іс-әрекетті сан рет қайталап отыру нәтижесінде қалыптасып, автоматты түрде орындалатын ісі. Дағдының қалыптасуында мақсат қою негізгі роль атқарады. » []

Бұл аталған анықтамалардың түпкі мазмұны дағдының автоматты түрде жүзеге асатын адамның қимыл-қозғалыстарын сипаттайтындығын байқауға болады.

Көптеген зерттеушілердің көрсетуіндей, сәйкес дағдыларды игерумен бірігетін білімдер жүйесін игеру «оқытудың негізгі мазмұны және маңызды міндеті» ретінде қарастырылады (С. Л. Рубинштейн) . Сонымен бірге, дағды меңгеру үдерісінде орталық орынның бірін алатыны айқын.

Ғалымдар дағдыны анықтауға түрлі тұрғыдан келеді: қабілетке, ептілік синонимына, автоматтандырылған әрекетке. Неғұрлым кең таралғаны - дағдының көп рет қайталанған, мақсатты жаттығулар нәтижесінде нығайтылған, мүлтіксіздікке жеткізілген әрекетті атқару ретіндегі анықтамасы. Ол сананың бағытталған бақылауының болмауымен, орындаудың қолайлы уақытымен, сапасымен сипатталады. Дағдының күрделі, көп деңгейлі қозғалыстық жүйе ретіндегі неғұрлым толық және сәйкес түсіндірмесін Н. А. Бернштейн ұсынған: «бұл сыртқы рәсімдеуді де, қозғалыстық жаттығудың мәнін де құрастырушы белсенді психомоторлық іс-әрекет . . . Қозғалыстық дағдыны өндіру мәндік қатарлық әрекет, онда жекеленген мағыналық буындарды жіберіп алмау, олардың тәртібін шатастырмау керек . . . Қозғалыстық дағдының өзі-өте күрделі құрылым: оның ішінде әрқашан да жетекші және фондық деңгейлер, жетекші қосымша буындар, сөздің тура мағынасындағы фондар, автоматизмдер мен түрлі рангілердің қайта шифрленуі және т. б. болады. Кем емес мөлшерде сапалы құрылымдық күрделілікпен оның қалыптасу үрдісі де қаныққан». [3, 20-25]

Бернштейн кез-келген дағдының жасалуының екі кезеңін бөледі. Бірінші кезең - дағдыны меңгеру төрт фазаны қамтиды: 1) жетекші деңгейді анықтау; 2) қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылау мен талдау деңгейінде болуы мүмкін; 3) «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау. Бұл фаза бірден, секіріс түрінде келеді және көбінесе өмір бойы сақталып қалады. 4) фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни, автоматтандыру процесі. Дағды өндіру уақытты талап ететіні маңызды, ол барлық қозғалыстардың нақтылыған мен стандарттылығын қамтамасыз ету керек.

Екінші кезең - дағдылардың тұрақтануы, ол да фазаларға таралады: бірінші - түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі; екінші - стандарттау және үшінші - тұрақтану, яғни, түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.

Н. А. Бернштейн айтуынша, «дағдының даму диалектикасы келесіде: даму бар жерде әр келесі орындау алдыңғыдан жақсы болады, яғни оны қайталамайды. Сондықтан да, жаттығу дегеніміз іс жүзінде қайталаусыз қайталау. Мұндай бір қарағанда парадокс болып көрінетін көріністің шешімі жаттығу қайталау емес және қозғалысты қайталау емес, ал оның жасалу жолы. Дұрыс жүргізілген жаттығу бірте бірте берілген қозғалыстық тапсырманың орындалуы үшін пайдаланатын құралды емес, ал осы тапсырманы орындау үрдісін қайталай отырып, біртіндеп құралды өзгертіп, жақсартады» [4, 16-20] .

Н. А. Бернштейн ұсынған дағды қалыптасуының кезеңдерін, Л. Б. Ительсон бойынша, дағды дамуының сатыларымен салыстырса, онда дағды қалыптасуына күрделі қозғалыстық жүйенің құрылуы ретіндегі тәсілдің ортақтығы назар аудартады, алайда, Ительсон осы құрылудың тек психологиялық жағын қарастырған [4, 26-29] .

Әңгіме әрекетте емес, сана қатысынсыз орындалатын қимылдар жөнінде, себебі адамның қалаған қалыпты іс-әрекеті сана басқаруымен болатыны белгілі. Бір міндетке байланысты әрекетті екі немесе одан да көп қайталау барысында адам сол әрекетті орындау әдістерін қолдану үшін ойланып-толғанбай, бүтін іс-әрекет элементтерінің бірінен екіншісіне жеңіл ауысып отырады, яғни кейбір әрекет-қимылдар дағдылық қасиетке айналып, автоматтанған орындалу қалпына түсіп, енді адам жеке қимылдарын реттеп отыру борышынан арылып, өзінің саналы әрекетін күрделірек жүктемелерді атқаруға бағыттайды.

Дағды қалыптасуда адамның жеке басының ерекшеліктері үлкен маңызға ие. Күрделі, бірақ бір типті дағдылар бір адамда жеңіл орнығып, екіншісінде қиындау қалыптасады. Сондықтан да дағдыны қалыптастыру үшін жаттығулыр саналы іріктеліп, әрекеттің тұтастай орындалуы немесе оның күрделі бөліктері арнайы қайталау және бекіту әдістерін пайдалануды талап етеді. Ал, әр жағдайдағы нақты әдістер саны мен бекуі тиіс дағды әрекеті мен сол әрекетті игеруші адамның ерекшеліктеріне байланысты [5] .

Сонымен, белгілі бір іс-әрекет автоматтанғанда ол дағдыға айналады. Мысалы, домбырашы күйлерді орындағанда бастапқыда домбыраның пернелеріне қарап ойнайды, кейін ол пернелерге қарамай орындауға дағдыланады.

Дағдының ерекшелігі оның машықтануы болып табылады. Қалыптасқан дағды оны орындаған кезде сананың қадағалауын қажет етпейді. Әрине бастапқы кезде сана қимылды бақылайды, бірақ дағды қалыптасқан сайын сананың бақылау қажеті азая береді. Жақсы жаттыққан дағды тұсында қимылды санамен бақылау оны жүзеге асыруды қиындататыны байқалады. Мысалы, адам өзінің жүрісінің әрбір қадамын қадағалап, талдау жасауға тырысса, жүрісінен жаңыла беретін болады. Сананың бақылауы дағдыны өзгерту кезінде ғана қажет болады. Алайда, бұл айтылғандардан дағды санасыз әрекет деген қорытындыны жасауға болмайды. Дағдының ерекшелігі оның санасыз түрде істелуінде емес, әрекеттің жоғарғы дәрежеде машықтандыруында деу керек. Мұндайда сана әрекеттің құрамдас бөліктерін жеке-жеке емес, тұтастай өзін бақылайтын болады. Ал сана әрекетті қызмет мақсатында үйлестіріп отырады.

Дағды әрекет мазмұнына қарай әр түрлі болады:

  1. қимыл-әрекеттік дағды;
  2. сезімдік;
  3. интеллектуалды дағдылар.

Бұлардан басқа аралық дағдылар да айырылады: сезімдік-қимыл дағдысы (жазу, сурет салу, сызу) ; сезімдік-ой дағдысы (математикалық ұғымдармен жұмыс істеу) . Жаңа дағды адамда бұрыннан қалыптасқан дағдылар жүйесінде пайда болады. Олардың бір жаңа дағдыға тірек, қолдау көрсетсе, кейбірі кедергі етеді. Осыдан дағды интерференциясы және дағды көшуі деген ұғымдар қалыптасқан . Интерференция - бұл дағдылардың өзара кедергілік әсері, яғни бұрыннан орныққан дағдылар жаңа дағдыларға тежеу береді немесе оның тиімділігін кемітеді. Ал бұрыннан игерілген әрекет дағдыларының енді қалыптасатын қимыл-әрекеттерге ұнамды ықпал жасап, олардың орнығуын жылдамдатуды дағдылардың көшуі деп аталады. Дағды көшуі - бұрынғы әрекеттер мен енді орнығатын қимылдар арасында ортақ ұқсастық болудан. Әрқандай жаңа әрекеттерді игеруде адам бұрынғы тәжірибесіне сүйенеді, сондықтан оның қалыпты ептіліктері жаңа дағдыларды жеңіл әрі жылдам қабылдауына жәрдем береді. Ал егер жаттығу қимылдары ұзақ мерзім қайталанып, орындалып отырмаса, дағдылар бірте-бірте жойыла бастайды [5, 18-20] .

Дағдыланудың негізгі ерекшеліктерін төмендегідай бөліп көрсетуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы қиял мен шығармашылық рөлі
Ересектер тобында сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша бағыттары
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда өлшеу әдістері туралы идеяларды қалыптастыру
Мектепке дейінгі балалардың геометриялық түсініктері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың сөздік қорын дамыту мәселелері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Қызықты математикалық ойын-жаттығулар арқылы балалардың ойы мен таным деңгейлерінің дамуын анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz