Отбасылық тәрбие стилдері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы
«Отбасы тәрбиесі және отбасы педагогикасы» пәні бойынша
5В010200 -Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы үшін
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
курс: 3 (4 ж. )
семестр: 6
Қарағанды 2018
Құрастырғандар: Абильдина Салтанат Қуатовна п. ғ. д., бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры
Айдарбекова Күлжан Асетовна - п. ғ. м, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы
«Отбасы тәрбиесі және отбасы педагогикасы» курсы отбасы, оның қызметі мен құрамы; бастауыш мектептің отбасымен жұмысының міндеттері, қызметі, қағидалары, жағдайы; педагогтар, ата-аналар және балалар ынтымақтастығын ұйымдастыру және әдістемесі туралы негізгі түсініктер береді.
Болашақ мұғалімдердің отбасыға деген құндылық көзқарас, бастауыш сынып оқушылары ата-аналарымен жұмыс жасау үшін қажетті білім мен іскерлік жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
«Отбасы тәрбиесі және отбасы педагогикасы» пәні бойынша 5В010200 -Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы студентеріне арналған оқу бағдарламасы /Дайынд. С. К. Абильдина., К. А. Айдарбекова. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2018. - 51 б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2018
1. Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
Сырттай оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
Семинар
сабақтары
2. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Абильдина Салтанат Қуатқызы - п. ғ. д., профессор,
salta-7069@mail. ru,
Айдарбекова Күлжан Асетовна п. ғ. м., аға оқытушы
kuka_aid. 73@mail. ru.
Кафедрада болу уақыты: 09. 00 - 18. 00., №11 оқу ғимараты, 317
3. Пререквизиттері : Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру, Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістемесі
4. Постреквизиттері: Мектептің оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары, Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық сферасын зерттеу.
Оқу нәтижелері:
Білім және түсіну: бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарын ұйымдастыруында алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу; бастауыш мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуінің иноовациялық түрлерін білу.
Білім мен түсінгенін қолдану: пән бойынша білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу; отбасы тәрбиесі бойынша нақты дәйектемелер құрастыру және ата-аналармен серіктестікті жүзеге асыру.
Пікір айтуды қалыптастыру: отбасы тәрбиесінің стилдері мен әдістері туралы; әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру.
Коммуникативтік мүмкіндіктер: отбасында тәрбиелеу мәселелеріне тиісті ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.
Оқу дағдылары: белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуы; оқушылардың және өз кәсіби іс-әрекетіне рефлексия жүргізу.
5. Пәннің қысқаша мазмұны:
«Отбасы тәрбиесі және отбасы педагогикасы» пәнінің мақсаты - отбасы және отбасы тәрбиесінің педагогикалық феноменін түсіну жолын дамыту арқылы, баланы отбасында тәрбиелеумен байланысты педагогикалық міндеттерді шешу іскерлігі арқылы студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- Отбасының педагогикалық негіздері және отбасылық әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері туралы біртұтас ұғым қалыптастыру. Отбасы субъектілері арасындағы отбасылық қарым-қатынастарының ұтымды стильдері туралы ұғым қалыптастыру.
- Қазіргі заман отбасымен жобалық, бағалау, байланыс қарым-қатынасындағы педагогикалық іскерліктерін дамыту.
- Студенттердің ата-аналар педагогикалық мәдениетін жоғарылатуға бағытталған отбасымен қарым-қатынастың қазіргі заман әдістерін пайдалануға қабілеттілігін дамыту.
6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі:
Білімді пайымда, жүйелеу және қорытынды
лау
9,
11-12, 25, 30, 33
8, 22,
42-43
7. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
- \
8. Лекциялық кешен (лекция тезисі)
№1 лекция тақырыбы: Педагогикалық ғылымдар жүйесіндегі отбасы педагогикасы
Көп жылдар бойы «отбасылық мәселелерді» зерделеген А. Г. Харчевтің нақты және ғылыми анықтамасы бойынша отбасы қоғамның халықтың ұдайы өсуінің, рухани дамуының қажеттілігіне байланысты, тұрмыс пен моральдік жауапкершілігі ұштасқан, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, некелік немесе отбасылық қарым-қатынастағы адамдар арасындағы нақты тарихи жүйесі болып есептеледі.
Отбасы қоғамның күрделі қосалқы жүйесі болып саналады және әр түрлі әлеуметтік қызметтер атқарады. Сондықтан отбасы оның дамуы мен қызметінің әр түрлі жақтарын зерделейтін көптеген ғылымдардың зерттеу объектісіне арналған.
Қазіргі заман отбасын философия, әлеуметтану, демография, экономика, заңтану, психология, педагогика, медицина, этнография және т. б. ғылымдар зерделейді. Осы ғылымдардың әрқайсысы отбасының тіршілігін барлық тұрғыда қарастыруына байланысты, бала тәрбиесі мәселелеріне қатысты.
Философия жалпы қағидалар мен таным тәсілдерінің жүйесін құрады, сондықтан отбасылық педагогика үшін отбасылық тәрбиенің, ғылыми зерттеулердің және олардың негізінде педагогикалық тұжырымдама жасаудың теориялық негізі болып есептеледі.
Философия отбасын адамның өзін өзі іске асыру маңызды саласы ретінде қарастырады. Адам үшін отбасы тіршілігі, бала тәрбиесі бұрыңғы заманнан бері қоршаған ортаға деген құндылық көзқарас, өмір, махаббат, сұлулық, ақиқат мағыналарын іздеу, ұғыну және т. б. мәңгі пәлсапалық мәселелермен ұштасады.
Демография және әлеуметтану қазіргі заман отбасының жағдайы мен даму үрдісін зерделейді. Осы ғылымдардың деректері мемлекеттік отбасылық саясатын белгілеу үшін қолданылады. Демография ғылымының аумағында отбасы құрамының мәселелері (жас шамасы, ұлттық және басқа да көрсеткіштер бойынша), оның еңбек етуі, ұрпақ арақатынасы, бала туу, т. б. қарастырылады.
Әлеуметтану отбасын әлеуметтік институт, баланың қоғамға әлеуметтік бейімделуінің әмбебап фактор ретінде қарастырады.
Отбасының түрлері мен қызметі, отбасылық өмірдің ұйымдастырылуы мен кезеңдері оның зерттеу объектісіне айналған.
Экономика отбасының шаруашылық жағын, оның баспанамен, жұмыспен, қамтамасыз етілуін, бала тамағын, киімін, ойыншық өндіру және т. б. жақтарын зерделейді.
Заңтану отбасының, некенің, отбасылық тәрбиенің құқықтық нормаларын белгілейді. Құқықтық нормалар отбасылық өмірдегі ата-ана мен баланың мәртебесі, құқықтары мен міндеттерін реттейді.
Этика үшін адамгершілік, имандылық, ізгілік, салт-дәстүр сияқты отбасылық құндылықтар маңызды.
Тарих отбасылық тәрбие берудің әр тарихи кезеңдердегі дамуын, ата-аналық сезімнің, рөлдерінің және қарым-қатынасының сипаттамасын зерделейді. Отбасылық тәрбиенің эволюциясында тарихшылар кейбір ауқымды үрдістерін байқаған, бірақ бұл салада белгілі бір халық ділінің, ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері басым. Осыған байланысты ұлттық мәдениетті сақтап қалуға, дәстүрлі отбасылық тәрбиенің салттарын қайта жандандыруға үлес қосатын ұлыстану мамандарының зерттеулері өте маңызды
Психология ғылымы отбасын әлеуметтік топ деп зерделейді. Отбасындағы қарым-қатынас, бала мен ата-ана қарым-қатынасы, жеке тұлға қалыптасуға ыңғайлы психологиялық кеңістік ерекшеліктері зерттеледі.
Отбасылық педагогика - отбасылық тәрбие ерекшеліктерін, оның әлеуеттік мүмкіндіктерін зерделейтін, бала тұлғасын қалыптастыру бойынша негізделген ұсыныстарды әзірлейтін, отбасында тәрбие беру туралы ғылым. Ғылым тәрбие берудің көптеген мәселелерін шешуге, қиындықтарды анықтап, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Отбасылық педагогика объектісі - тәрбиелік институты ретінде отбасының жағдайы мен даму жолдары.
Отбасылық педагогиканың сауалы - мәні, отбасылық тәрбиенің құрылымы, баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал жасауы.
Негізгі әдебиеттер : [1, 4-8] .
Қосымша әдебиеттер: 5-9.
№2 лекция тақырыбы: Қоғам дамуының әр кезеңдерінде отбасылық тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері
Кез келген мемлекеттегі тәрбие беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуы оның тарихымен байланысты. Мемлекет дамуының тарихи кезеңдері балаларды оқыту мен тәрбиелеуге деген белгілі бір көзқарастармен, білім беру процесін іске асыру мүмкіндіктеріне, қоғамдағы білімді және тәрбиелі адамдардың қажеттілігіне және мемелекеттік білім беру жүйесінің жағдайына байланысты сипатталады.
Білім беру саласындағы тарихи-мұрағаттық заңнамалық құжаттардың, нормативтік құқықтық, публицистикалық және әдеби көздерінің талдауы отбасылық тәрбиені мемлекеттің қоғамдық, әлеуметтік-мәдениеттік және экономикалық жағдайымен ұштасқан күрделі білім беру процесі деп білуге мүмкіндік береді.
б. з. б. VII-V ғ. Афинада қалыптасқан тәрбие мен білім беру жүйесінде отбасылық тәрбие мен білім беру басым болатын. Мемлекеттік спартандық тәрбие жүйесінде қарағанда, Афинада 7 жасқа дейін балалар отбасылық тәрбие алатын.
Спартандық және афиналық тәрбие беру жүйелерінің қағидалары Римде жалғасады (б. з. б. VI ғ. ) . Римнің білім мен тәрбие беру жүйесінің басты белгісі оның азаматтық сипаты болатын. Оның басты мақсаты; өз руы мен елі үшін құрбан болуға дайын қоғам мүшесін, шет жерліктерді жек коретін ержүрек жауынгерді, өнерлі саясаткер, пайдақор жер иесін дайындау.
Ежелгі орыс халқының тәрбиесінде өмірлік ережелерге көп назар аударылатын. Осы ережелерді меңгеру үшін қажетті болып саналатын мәліметтер, сезім мен дағдылар кодексі «христиандық өмір» ғылымын құрайтын. Бұл кодекс үш ғылымнан тұратын: жан құрылысы - жан міндеті туралы оқу, қоғам құрылысы - азаматтық міндеті туралы, отбасы құрылысы - үй шаруашылығы туралы ғылым. В. О. Ключевский айтуы бойынша, Ежелгі Рустегі білім мен тәрбие берудің міндетін осы үш пәннің меңгерілуі құрайтын.
Отбасылық тәрбие тәжірибесінде алғашқы педагогикалық теориялар пайда болды.
Қоғамдық тәрбие беру пайда болғаннан кейін отбасы мен мектептің қарым-қатынас проблемасы туындайды.
Бұл проблема әртүрлі жолдармен шешілетін - қоғамдық қатынастарға, белгілі бір педагог-практиктің философиялық және әлеуметтік-саясаттық көзқарастарына байланысты.
Қоғамдық және отбасылық тәрбие негізгі үш бағытта дамыды.
- Отбасылық тәрбие басты рөлді атқарады. Отбасында баланың келешек өмірінің негізі салынады.
- Отбасы рөлін жете бағаламау. Әлеуметтік, саясаттық, мәдениеттік жағдайларға байланысты тарихи дамудың әр кезеңінде отбасылық қайшылықтардың шиеленісуі отбасының беделін төмендетеді.
- Қоғамдық және отбасылық тәрбие өз міндетін бірігіп қана жүзеге асырады. Бала тәрбиелеу ата-анасының жеке шаруасы емес, ол азаматтық парызы.
Негізгі әдебиеттер : [1, 4-8] .
Қосымша әдебиеттер: 12, 14
№3 лекция тақырыбы: Отбасы сипаттамасы және оның даму тенденциялары
Отбасы - жеке тұлғаның негізін қалайтын қоғамның бастапқы бірлігі болып есептеледі. Мемлекет отбасының нығайтуын, сақталуын, оң дамуын қалайды.
Отбасы - адамзаттың ең маңызды құндылығы.
Отбасы - мүшелері тұрмыс бірлігі, өзара көмек және моральдық жауапкершілікпен бір бірімен байланысқан, неке немесе туысқандықта негізделген кіші әлеуметтік топ.
Отбасы қоғам мен оның бөлек мүшелерінің мүдделері байланысқан ерекшеленген әлеуметтік институт.
Отбасы «неке» сөзімен ұқсастырады. Бұл бірлескен ұғымдар, бірақ синоним емес.
Неке (ерлi-зайыптылық) - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен тараптардың ерiктi және толық келiсiмiмен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ (Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексi) .
Отбасы тәрбие берудің оң және теріс факторы болуы мүмкін. Отбасындағы адамдар қарым-қатынастары барлық адам қатынастарынан гөрі терең және берік. Олар қарым-қатынастың төрт түрін қамтиды: психофизиологиялық, психологиялық, әлеуметтік және мәдениеттік.
И. В. Гребенниковтың ойы бойынша отбасының негізгі функциялары мыналар: репродуктивтік, экономикалық, тәрбиелік, коммуникативтік.
Отбасы тұрпаттамасы
- Бір ұрпақты отбасы;
- Екі ұрпақты отбасы;
- Көп ұрпақты отбасы;
- Баласыз отбасы;
- Баласы аз отбасы;
- Көпбалалы отбасы.
- Үйлесімді отбасы;
- Ыдырап жатқан отбасы;
- Келеңсіз, қиянқы отбасы.
- Қолайлы отбасы;
- Қолайсыз отбасы;
- Сырттай қолайлы отбасы.
Отбасы түрлері:
- Жоғары адамгершілік қарым-қатынасты отбасы. Моральдік ахуалы дұрыс, балалар өз қабілеттерін дамыта алады. Педагогтың жиі кірісуінің қажеттілігі болмайды, бірақ баланың белгілі бір жасында кеңес беруі артық емес.
- Ата-аналар арасында қарым-қатынасы дұрыс, бірақ бала тәрбиесіне оң ықпал етпейді. Балалар ата-анасының «маңызды» қамқорында болса, баланың «өзімшілдік» қылқы пайда болады. Бұл кезде педагог назар аудару керек.
- Жанжалды отбасы. Мұндай жағдайда ата-анасы балаға назар аударатын уақыты жоқ. Тәрбие беріліп жатқан жоқ, бәрі өз бетімен жіберілген. Педагогтың белсенді қатысуы керек.
- Сырттай қолайлы отбасыларда өнегесіздік өркендеп жатады. Рухани құндылықтар жоқтың қасы, ұрпақ сабақтастығы бұзылған. Кейбір балалар сырттай қолайлы отбасының психолонгиясын жетік меңгерген, сондықтан мұндай отбасымен жұмыс жасау өте қиын.
- Қолайсыз отбасыларға өрескелдік, жанжал, әдепсіздік тән. Мұндай отбасылар педагогтың тұрақты бақылауын, кейбір кезде, бала мүддесін қорғау үшін тіпті белсенді қатысуын талап етеді.
Негізгі әдебиеттер : [1, 3-8] .
Қосымша әдебиеттер: 11, 14.
№4 лекция тақырыбы: Отбасылық тәрбие стилдері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz