Апорттың Юбилейный сорты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

ҚОЖАҚАНОВА ІҢКӘР ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В080100 мамандық - Агрономия

Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Агротехнология факультеті

Агротехнология кафедрасы

Қорғауға жіберілген
2020 жылы ___ _______
Кафедра меңгерушісі ____________ С. К. Абеуов
(қолы)
ДИПЛОМдық жұмыс

Алматы облысының Панфилов ауданында алма
апортын өсірудің ерекшеліктері

5В080100 - Агрономия мамандығы бойынша

Орындады _______________ І. Т. Қожақанова
Агр- тобы (қолы)

Ғылыми жетекшісі
аш.ғ.докторы, профессор _______________ У. Х. Альмишев
(қолы)

Нормобақылаушы _______________ Т. У. Альмишева
(қолы)

Павлодар
2020

Терминдер мен анықтамалар
Белгілеулер мен қысқартулар
Кіріспе
3
4
5
1
Алма ағашы
7
1.1
Алманың Апорт сортының шығу тарихы
8
1.2
Апорттың сорттары
10
1.3
Апортты өсіру туралы ғалымдардың зерттеулеріне сараптама
15
2
Талдықорған өңірінің алмалы аймақтарға ғылыми-зерттеу бөлімі
20
3
Зерттелетін аймаққа жалпы түсінік
22
4
Жаңа өнімді бақтарды отырғызу үшін алманың Апорт сортын Панфилов ауданында отырғызу себебі.

23
5
Ғылыми жұмысты жүргізудің әдістемесі, нобайы
25
6
Ғылыми-зерттеу нәтижелері
27
6.1
Топырақты дайындау және апортты отырғызу
27
6.2
Тәлімде бақтың бірінші егінжайы
27
6.3
Тәлімде бақтың екінші егінжайы
28
6.4
Апорт бағының тамшылатып суару жүйесіндегі ылғалдылық режимі
29
6.5
Алма бағындағы фенологиялық бақылаулар және өнімділік
33

Қорытынды
35

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
36
Мазмұны

Терминдер мен анықтамалар

Фертигация - суда еритін минералдық тыңайтқышты сумен қосып беру әдісі.
Топырақтың су балансы - топырақ қабатының су режимінің көлемдік көрсеткіші.
Топырақтың су сиымдылығы - топырақтың суда сіңіру және ұстап тұра алу мүмкіндігі.
Жиынтық ылғал пайдалану - жиынтық судың өсімдік транспирациясына және топырақтан булануға кететін шығын көлемі.
Қарашірінді (гумус) - жоғары молекуляры қара түске боялған топырақтың органикалық заты.
Қысқа төзімділігі - қысқы мерзімде өсімдіктің ауа райының келеңсіз жағдайларына төзімділігі.
Топырақта суару (ирригация) - топырақты құнарлығын арттыру үшін қолдан суару әдісі.

Белгілеулер мен қысқартулар

Осы дипломдық жұмыста келесі белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:
Абc. биік - абсолютті биік
кг - килограмм
цга - центнер 1-ге гектардан
ҚазЖжЖшҒЗИ - Қазақстанның жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
см - сантиметр
ә.м - әсерлік мөлшері
N - азот
P - фосфор
К - калий
м - метр
г - грамм
лс - литр - сағат
E0 - буланған ылғал көрсеткіші
мм - милиметр

Кіріспе

Алманың Апорт сорты басқа сорттардан өзінің ерекше дәмімен, көздің жауын алуымен, өзіне ғана тән иісімен және жемісінің ірі көлемімен ерекшеленеді. Солай бола тұра апорттың қоршаған ортаға қоятын талабы да жоғары. Апорттың органикалық және минерелдық тыңайтқыштарға сұранысы да жоғары. Суға да көп талап қояды. Аталған сұраныстарды қанағаттандырмау Апорттың сапасын төмендетеді, өнім көлемін азайтып, басқада келеңсіз жағдайларға әкеледі. Апорт сортының басқалардан кемшілігі оның жеміс салу мерзімінің кеш қалыптасуы, жемісті кезеңмен беруі дүниежүзілік нарықтағы бақталастығындағы алатын орнының төмендетуіне әкеліп отыр. Бұл Апорт сортының бұрынғы даңқын қалпына келтіруде әлі де көп еңбек сіңіру қажеттігін кезінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев айтқан болатын.
Қазіргі кездегі агротехникалық шаралардың төмендігі, суару және қоректендірудің нашарлығы, сұрыптан өткен аналық өскіндерінің болмауы тауарлы бақтардағы Апорт сорты өнімінің күрт төмендеуіне, ағаштардағы ауру мен зиянкестер көлемінің артуына әкеледі. Апорт сортының жемістер көлемі кішіриеді, таза тауарлық шығатын өнімі 20 - 25 %-дан аспайтын болды. Осы кезге дейін еліміздің оңтүстік аймақтарында жүргізіліп жатқан атыздық суғару жүйесі көптеген шығынды қажет етеді, топырақты эрозияға ұшыратып, құнарлығын төмендетеді. Бұдан басқа Апорт ағашының айналасындағы шымдық шөптердің көп болуы берілетін су мен қоректік заттардың ағаш тамырына жете бермейтінін көрсетіп отыр.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен.
Ғалымдарымыздың айтуынша, дүние жүзiнде апорт көп елде жерсiнбейдi екен. Адам ағзасы үшiн алпыс түрлi емдiк қасиетi бар апорттың отаны тек Алматы екен. Алматыда ғана алаңсыз өседi екен. Апорт дүние жүзiнде санаулы елдерде ғана бар. Мәселен, Қырғызстанда, Украинада деген сияқты. Соның iшiндегi ең сапалысы - Алматының апорты көрiнедi. Соның арқасында жүктi әйелдер арасында анемия ауруы атымен болмапты. Кезiнде осы Жетiсу бақшаларында алманың 39 түрi өскен екен. Алматы апортының тарихы шамамен 1872 жылдан басталады. Алғаш рет апорт егудi Руденко деген Украинадан келген кiсi қолға ала бастапты. Бұл кiсiнiң еңбегiн 1890 жылы Моисеевтер әулетi дамытқанға ұқсайды.
Апортты өсірудің технологиясын көптеген жылдар бойы ҚазЖжжшҒЗИ ғалымдары зерттеуде. Дегенмен соңғы жылғы институт ғалымдары сараптамалары көрсеткеніндей осы күнге дейін берілген ғылыми ұсыныстар бұрынғы әдіспен (арықпен суару, тыңайтқышты топырақ бетіне шашу) жүргізілуде. Жұмыстарды бұлай жүргізу Апортқа қажетті екі өзекті мәселені шешуді тежеуде. Біріншісі, егер интенсивті алма сорттары өз өнімін отырғызуынан кейін 3 - 4 жылдан бере бастаса, Апорт тек 8 - 10 жылдан кейін ғана береді. Екіншісі, аталған сорттың жеміс беруі жыл сайын емес өнімді мол берген жылдан кейін демалады, өнімін бермейді. Оның себебі жемісі мол жиналған жылы қоректік заттар мен ылғал мөлшері Апорттың ірі жемістерін қалыптастыруға кетеді де, келесі жылға қажетті генеративті мүшелердің қалыптастыруға жетпей қалады.
Біздің жұмыстың мақсаты - Алматы облысының Панфилов ауданы тау бөктерінде алманың Апорт сортын инновациялық технологияларды пайдаланып өсіру жолдары.
Жұмыстың міндетті - Апорт сортын тамшылатып суару әдісіндегі қүнделікті және кезеңді суарудың нормаларын анықтау; суда еритін минералдық тыңайтқыштарды фертигация әдісімен пайдаланып олардың тиімді нормасын анықтау.
Дипломдық жұмысты дайындауда 2020 жылғы Сатпаев оқуларында ғылыми мақала жарияланды. Тақырыбы: Какие природные условия хороши для апорта в Казахстане.

1 Алма ағашы

Алма ағашын Іле Алатауының орталық бөлігінде теңіз деңгейінен 1600 - 1650 м биіктікте, ал среднеруский және мичурин сорттарын (орта кезеңді пісу) одан да биіктікте, 1700 - 1800 м, деңгейінде өседі. Таулы бақтарда, теңіз деңгейінен 1400 - 1500 м биіктікте жазғы және күзгі сорттар қысқы, ал қысқылары қыстың соңында пісетіндерге айналады. Осындай пластикалық, кең ауқымды өсе алатын алма сорттары қатарына Ренет Бурхарда, Бессемянка Мичурина, Милтон, Ренет ландсбергский және қою-қызыл Апорт сорттарын жатқызуға болады [].
Әрбір бақта өсірілетін алма өсірудің тиімділігі оларда отырғызылатын сорт түріне байланысты болады. Ағаштарды отырғызғанда жергілікті жағдайдың экологиясына қарай қажетті алма түрлері мен сорттарын дұрыс таңдай білу қажет (1.1-сурет)

1.1-сурет - Алма ағашы

Алманың мәдени сорттарын ағаштарының биіктігі 3,0 - 3,5 метрден 10 метрге дейін сортына қарай ауытқып отырады. Алма ағашы жылуға, ылғалға және қоректік заттарға талабы жоғары дақыл. Жеміс ағаштары өсе алатын, бірнеше түрлі топырақтарда өседі. Тау етегі және орта деңгейлі аймақтарында, қоңыр және таулы қарашірінді топырақтарында, ыза су мөлшері топырақ бетіне 2 - 3 м деңгейінде жақсы өседі. Қысқа сабақтарыда жеміс салады. Алманың өскін және жеміс салатын бүршіктері бар, олар гүлдеген соң жапырақтары және бүршіктері қалыптасады. Гүл салатын бүршіктері негізінен шілде айында қалыптаса бастайды. Гүлдері қосжарнақты; жәндіктермен тозаңданады (негізінен бал аралары). Жалпы алғанда алма өздігінен тозаңданбайды, қосымша тозаңдануды қажет етеді. Тамыр жүйесі мықты дамыған, топырақтың 4,5 - 8 м тереңдікке жетеді. Тамыр жүйесінің негізгі бөлігі топырақ қабатының 1,0 - 1,5 м тереңдігінде қалыптасады. Ағаштың өсу ұзақтығы 30 - 50 жыл, бірақ ағаш өсуіне ыңғайлы Қырым және Кавказ аймақтарында 100 жылдан асқан алма ағаштары кездеседі.
Мәдени алма жемісінде: қант (глюкоза, фруктоза, сахароза) 5 - 15 %; қышқылдар (алма, лимон) - 0,2 - 1,3 %, пектин, аққуыздық заттар, клечатка, дәрумендер (A, B, C), су, ароматтық заттар, темір тұзы және т.б. бар.

0.1 Алманың Апорт сортының шығу тарихы

Апорт сорты дүниежүзінде бірнеше жүз жылдан бері белгілі. Бұл сорттың Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағына таралуының өз тарихы бар.
Верный өңірін (Верный қазіргі Алматы қаласы) Ресейдің орталық бөлігінен келген көшпенділер игермес бұрын бұл жерде көптеген орыс зерттеушілері болған, оның ішінде Петр Петрович Семенов - Тянь-Шанский. Зерттеушілері Іле Алатауындағы өте әдемі өсіп тұрған жеміс ағаштары таң қалдырған. Олар теңіз деңгейінен 800 - 850 м орналасқан. Ал 1100 - 1400 м биіктікте жабайы алма ағаштары жайқалып өсіп тұрған. Бұл алма ағаштары үшін ең қолайлы жағдай екенін көрсетті [2].
ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басында Жетісу губерниясына көшіп келген көшпенділер өздері үшін жеміс ағаштарының, жидек тұқымдастардың, жүзімнің көптеген түрлерін (өз бақшаларында өсетін) өздерімен бірге ала келді. Дегенмен, көптеген жағдайда әкелген жеміс сорттары жергілікті климаттық жағдайына бейімделе алмай өліп қалып жатты.
Жобамен, 1865 жылы жер ауыстыруға келген Егор Василович Редько (Воронеж губерниясының Острогожек уезінен) Верный қаласына Апорттың бірнеше ағаштарын ала келген. Бұл сорттар өз елінде ешқандай ерекше қасиетімен ерекшеленбеген.
Кішкентай бұташықтар өркендеп, сабақ беріп, бірнеше жылдан соң гүл сала бастаған. Содан бастап Редько көршілері оның ғаламат алмаларын көруге тұрақты түрде келетін болған.
Дегенмен, Апорттың шығу тарихы туралы екі бағыт бар: біріншілері жергілікті сорт десе, екіншілері - шет елдік сорт деп тұжырымдайды [3].
Апорт сортының қайдан шықаннын зерттеген биология ғылымдарының докторы профессор Мағжан Иса көп еңбек етті [4]. Ол ғалым Апортты Жетісудың төл жемісі, Алматының символы оның тостағандай көлеміне, көздің жауын алатын қызылды-жасылды түріне, тілді үйіретін ерекше дәміне, жан сарайыңынды ашатын ғажап иісіне бірде-бір алма сорты тең келмейді. Апорт алмасы жер ұйығы Жетісуға табиғаттың береген сиы - деп көрсеткен еді.
Халықтың біраз бөлігінің арасында Ресейден қоныс аударушылар келгенше, қазақтар бау-бақшамен айналыспайтын деген пікір бар. Тіпті де олай емес, тарихқа үңілетін болсақ, онда қазақтардың мал өсірумен айналысатындығын көреміз. Иә, орта жүз бен кіші жүз қазақтарының мал бақандары да рас. Өйткені олардың табиғаты мен климат жағдайы бау-бақша өсіруге қолайлы болмаған. Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік шығысында тұратын ұлы жүз рулары диқаншылық пен де егіншілікпен, сондай-ақ бағбандықпен айналысқан.
Бұл жөнінде тарихқа жүгінелік, 1996 жылы Санат баспасынан шыққан Қазақстанның тарихында, Археологиялық материалдар мен жазба көздер отырықшылық пен диханшылық және үйсіндерде біздің дәуірімізге дейінгі бірінші ғасырларда және біздің дәуіріміздің ІІІ - ІV ғасырларында анағұрлым кең дамығанын көрсетеді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында, Жетісу өңірінде диханшылық ерте заманнан дамыған, Қытай өкілі Сюань-Цзань 630 ж. Шу аңғарына барғанда былай деп жазған: Қалаларда тұрғындарының жартысы диқаншылықпен айналысса, қалғаны саудамен шұғылданады. Отырықшы, диқаншылық аймақтарда бағбан, жүзім, бақша шаруашылықтары мықтап дамыған.
А. Н. Красновтың еңбектерінде қытай саяхатшысы Юзень-Дзянның сөздері келтіріледі. Ол VII ғасырда Тянь-Шань арқылы Шу және Талас өзендерінің аңғарларына өткенде бұл жерде көп жеміс бақтарын көріпті. ХІХ ғасырда қытай ғалымы Хэцю-Тао көнекөздерге сүйене отырып, былай деп жазған: Ежелгі үйсіндер егістік ұйымдастырмаса да, жеміс ағашын еккен. Бізге дейінгі жеткен тағы да бір мәліметтерге қарағанда, Алатау төскейіндегі баулар және көне дәуірде пайда болған. Ол жайындағы деректер осыдан 14 ғасырдай бұрынғы, атап айтқанда 629 жылғы қытай жазбаларында кездеседі.
VII ғасырда өздерінің керемет бақтарымен атағы шыққан Сайрам (күйреген орны - Шымкент түбінде), Тараз, Мірке (Мерке), Тальгиз (Талғар), Алмалық (Алматы), Есік, Алмалы (күйреген орны - Қорғастан алыс емес) қалалары тарихтан мәлім.
Апорттың шығу тегі мен таралуы жөнінде кеңестік помология ғылымында қарама-қайшы пікірлер көп. Біреулер оны украиндық сорт десе, басқалар орыстікі дейді, поляктікі, түріктікі деушілер де аз емес. Кейбір мәліметтер апорт Украинада ХІІ ғасырда белгілі болғанын көрсетеді, ал поляк тарихшысы Ян Длугош бұл сорт Польшага 1175 жылы әкелінген деп дәл датасын айтады. Апорт АҚШ пен Батыс Еуропада Александр деген атпен ХХ ғасырдың басында пайда болған. Бұл сорт Рим қақпасының түбінен осыдан 600 жыл бұрын табылған деген де айғақ бар. Сондай-ақ апорт Таяу Шығыс елдерінің аборигені, сол жақтан түркияға көшкен. Оттоман билігі тұсында Қырымда, Кавказда, Украинаның оңтүстігінде, Бессарабияда өсірілген дейтін әңгіме тағы бар. Ресейдің оңтүстік шетінен ол бірте-бірте орталық аймағына, оның ішінде Воронеж губерниясының ауысқан Мұсылмандар әлеміне кеңінен тарап кеткен Мың бір түн хикаясында алма туралы жазылған. Оқысаң түрі де, дәмі де, иісі де бізідің апортқа ұқсап тұрады. Әрине, жорамалдың аты - жорамал, сондықтан оларды нақтылы фактілермен дәлелдеу керек. Ол үшін арнаулы зерттеулер қажет. Ал, ондай зерттеулер жоқ болғандықтан, апорттың авторы әлі белгісіз, оның неліктен апорт аталғаны, бастапқы отаны да беймәлім.
Сонымен Апорт Жетісудың аборигені, бұл ел оның атамекені деп айтуға жеткілікті негіздер бар. Апорттың кейінгі тағдыры Жетісу өңірін мекендеген халық тағдырымен тығыз байланысты.
Біріншіден, Орталық Азия оның ішінде Жетісуды (VIII - XI ғғ) арабтар жаулап алады. Ислам дінін таратып олар Шыңғыс ханнан кейін, Темірдің тапсыруымен өздерінің ежелгі мекені Таяу Шығысқа қайтып кетуге мәжбүр болады. Адамдарға тән қасиет қоныс аударғанда өзімен бірге құнды заттарды ала кететіні. Соның ішінде апорт болуы да мүмкін. Сондықтан, апорт Таяу Шығыс елдерінен шыққан деген қағиданың атамекендік тұрғыдан қате болса да, транзист ретінде шындыққа ұқсайды. Орта ғасырларда араб халифаттары мен Оттоман империясының арасында бұл аймаққа үстемдік жүргізу үшін талай қақтығыстар болған. Сондықтан, апорт Таяу Шығыс елдерінің Түркияға әкелінген деген қағиданы жоққа шығарудың негізі жоқ.
Үшінші болжамдарда бар. Кинологтардың (иттерді үйрететін маман) термині бойынша апорт алып кел деген ұғым (Мысалы, итке апрот десе ол лақтырған затты алып келеді). Ал бұл алма сорты, жоғары да айтқандай Жетісудан басқа елдерге таралған, яғни оларға сырттан келген зат. Сондықтан да, мүмкін сорттың аты апорт болды.
Ал енді сортты шығарған кім деген сауалға келейік. Әрине, әр сортың өзінің авторы бар. Бұл жағынан селиокционерлер өте кінәмшіл келеді. Бірақ апорттың авторы жоқ, сондықтан оның авторы Жетісудың қаситетті табиғаты деп жауап бергіміз келеді. Жоғарыда айтылғандай, жабайы алмалардың сан алуан формалары мен түрлерімен табиғат жағдайында орасан көп будандасу, вариациялары арқылы апорт сорты пайда болды.

0.2 Апорттың сорттары

Апорт. Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында кезінде алма сорттарының ішінде ең ауқымды көлемді алған сорт болып саналады. Соңғы жылдары оның көлемі 50 % төмендеп кетті. Бұндай жағдай жаңадан алма сорттары көлемінінің негізсіз артып, Апорттың, керісінше бағының төмендеуіне әкеліп отыр. Өкінішке орай, бұндай жағдайдың қалыптасуына Апорт бақтарындағы баптау технологиясының төмендеуі және Апорт бақтарының ескіруі де өз әсерін келтірді (1.2-сурет).

1.2-сурет - Апорт алмасы

Бұл сорт халық үшін ең сүйкімді, әдемілігі және жеміс көлемі, ерекше иісіне байланысты дүниежүзінде теңдесі жоқ сорт болып саналады.
Қазіргі кезде ғалымдардың және бақшамен айналысатын бағбандарға кезінде атағы жер жарған Апорт сортын қалпына келтіру мақсаты тұр. Бағбаншылар өз бағында Апорттың таза өскіндерін жабайы алма түрін Сиверске қалемшелер арқылы телітіп көбейтуге толық мүмкіндіктері бар. Сиверс алма ағашының тамыры топыраққа терең орналасуына байланысты өзін ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз ете алады (1.3-сурет) [3].

1.3-сурет - Сиверс алма ағашы

Іле Алатауы бақтарында Апорттың 2 түршесі таралған олар, Апорт Александр, қазіргі кезде оны Алматы Апорты деп атайды және қою-қызыл Апорт. Соңғы 15 жыл маңайында жаңа сорт - Юбилейный Апорты (авторы Т. Н. Моисеев) шығарылды, өте әдемі сорт.
Жоғарыда көрсеткеніміздей Алматы Апорты (синонимдері: Александр Апорты; Болотов бойынша Гусевтік, Гатманка, Kaiger Alexandra) Алматыға VII ғасырдың 80-шы жылдары әкелінген. Н. Моисеев өндірістік жеміс беретін питомник ұйымдастырып, осы ерекше сорты Іле Алатауы аумағына отырғыза бастады. Никитов бағындағы Апорт сорты және оның баласы Тихон Моисеевтердің алмалары дүниеге таралып, атағы шыға бастады. Олар көптеген марапатқа ие болды. Моисеевтер сорттың тазалығына аса үлкен мән береді. Апортты көбейту үшін тек ауырмаған, өнімділігі жоғары, жемісі ірі келетін ағаштардан ғана қалемшелерді алды.
Қазіргі кезде Апорт дүниежүзіндегі теңдесі жоқ сорттардың бірі. Басқа елдерде, оның ішінде Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африкада және Қытайда, ал Қазақстанның оңтүстігіндегі таулы аймақтарда Апорт ең үздік жазғы-күзгі сорт болып саналады. Апорт сортының ең үздік қасиеттері таулы аймақтардың теңіз деңгейінен 300 - 1500 м биіктіктері жағдайыларында байқалады.
Таулы жерде өсірілген Апорт сортының түсі ашық қызыл болып келеді, ауру мен зиянкестерден таза, ұзақ мерзімге (сәуірге дейін) дейін сақталады.
Жабайы Сивера ағашына желінген алма ағашы биік, ал төмен өсетін ағашқа телінсе биіктігі орташадан төмен болады. Апорт құрғақшылыққа төзімсіз. Ылғал жетіспесе жемісі ұсақталады, жеміс қабығы қатайып, дәмі нашарлайды.
Сорт бұрыл кене, жеміс жегірі, алма күйе көбелегімен зақымданады, бірақ ақ ұнтақ ауруына төзімді.
Апорт сорты басқаларынан кешірек піседі. Алматы облысындағы тау етегінен 1000 м (теңіз деңгейі) биіктікте гүлденуі сәуірдің соңы - мамырдың басы 1350 м - 12-нен 23 мамыр және 1500 - 1600 м - 20 мамыр және 5 маусым аралығында жүреді. Гүлдері - 2,50С үсікке шыдамды.
Ағаштары 7 - 8 жылдан соң жемісін беруді бастап, 10 жылдан соң толық жеміс беруге ауысады. Жемістері жақсы бекіген, шашылуы орташа. Жас ағаштарының өнімділігі - 57,7. Толық жеміс беретіндері - 120 - 180 кг. Өнімді мол беретін ағаш өнімдері 350 - 500 кг жетеді. Өнімді жинау мерзімі 7 - 25 қыркүйек. Жемістерінің дәмділік көрсеткіші 4 - 4,5 бал.
Апорттың пішіні біркелкі, дөңгелек сопақша келеді. Ортша салмағы 250 г, тәлімді жерлерде өсірілсе - 600 г, суармалы жерлерде 300 - 1000 г жетеді. Қабығы жұқа, жұмсақ. Түсі, негізінен - ашық сары, қою қызыл. Жеміс еті қоңыр нәзік, ірі жемісті, тығыздығы орташа, өте дәмді (қышқыл тәтті). Жемісі өз дәмін наурызға дейін сақтайды.
Сорт өзінен көбейеді, бірақ өнім көлемін арттырады, егер қатарлас Ренетта ландсбергакого, Ренета Будхарда, Кандиль-Синан, Ренета орлеанского сорттары орналасса (сорт тозаңдағыштар).
Апорттың қою - қызыл сорты. Синонимдері: Қызыл Апорт, Қысқы Апорт, Шлопак, Клон Апорт. Жемістері қою - қызыл, жемісінің орташа салмағы 160 - 200 г, максималды - 500 г, дәмі қышқыл тәтті (3,9 бал). Ең жоғарғы дәмділік көрсеткіші 4,6 бал. Жемісін қоймада ақпанға дейін, арнайы қоймаларда наурыз сәуірге дейін сақтауға болады (1.4-сурет).

1.4-сурет - Апорттың қою-қызыл сорты.
Апорттың негізгі мақсаты - оны жиналған күйде пайдалану.
Апорт сортының еркшелігі - ол сабақтарын дер кезінде қырқу, сол арқылы болашақ жеміс салатын сабақ қаңқасын қалыптастыру.
Апорттың қою-қызыл сортының вегетациялық кезеңі қысқа (172 - 175 тәулік), осы себепті таудың 1550 м биіктігінде өседі. Сол жерде солтүтстік беткейінде гүлдеп, жақсы жеміс береді.
Іле және Жоңғар Алатауларының орташа және жоғарғы деңгейлерінде өсіруге ұсынылады.
Апорттың Юбилейный (оригинаторы Тихон Никитович Моисов) сортының ағаш сабақтары тығыз болып келеді. Жеміс пішіні бойынша Алматы Апортына ұқсас келеді, ал түсі әдемірек. Жемісінің негізгі түсі ашық-сары, қою-қызыл таңқурай түсті. Жемісінің ішкі жағы ақшыл (1.5-сурет).

1.5-сурет - Апорттың Юбилейный сорты.

Жеміс жұмсағы ақшыл - қоңыр, борпылдақ, жақсы иісті және дәмді (4,7 - 4,5 бал).
Аталған сорт әсіресе Іле Алатау аймағында орналасқан, бағбандар үшін өте маңызды, себебі ол жерлердің климаты Апорттың биологиялық талаптарына толық жауап береді.
Өнімділігі орташа есеппен бір ағаштан 30 - 35 кг (8 - 10 жылдық ағаш). Жеміс жинау мерзімі 18 - 25 қыркүйек. Сорт өзінен көбейеді, бірақ өнімді мол береді, егер қатарлас тозаңдағыш сорттар - Ренета ландсберского, Голден делишек, Ренета Бурхарда Залийского қатарлас орналасса және бал арасы болса.
Кәдімгі қоймада жемісі қаңтарға дейін сақталады. Бұл сорт Алматы облысының таулы, тау етегі және оңтүстік - шығыс аймақтардың Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысының солтүстік - батыс аудандарында бейімделген.

0.3 Апортты өсіру туралы ғалымдардың зерттеулеріне сараптама

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) ғалымдарының жеміс ағаштары, оның ішінде алма ағаштарын суару және қоректік заттармен қамтамасыз етуге көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізді (Б. А. Шуманов [5]; А. И. Будгаловский [6], А. М. Алпатьев [7,8], Д. А. Штойко [9], Д. П. Семаш [0], А. В. Скрипчинская [1], В. В. Изюмов [2], М. К. Сабиров [3], И. С. Флюрце [4] және шетелдік ғалымдар J. Keller, D. Karmeli, D. S. Horisson, I. S. Norkojima, G. A. Clark, A. Krandt, I. Tsipris, M. Meron, I. Klein, M. Strime және т.б) [5, 16, 17]. Зерттеулер суарудың бірнеше түрімен және минералдық заттармен қоректендірудің бірнеше көлемдері жағдайында жүргізілді. Зерттеулер көрсеткеніндей, шаруашылық жағдайы үшін ең тиімді ылғалдылық және топырақ режимін қорекпен қамтамасыз ететін әдіс - тамшылатып суару әдісі. Бұл әдіс сумен бірге минералдық заттардағы жылдам сіңіруіне байланысты өнімді еселеп арттырып қана қоймай суды пайдалану мөлшерін 2 - 3 есеге төмендетеді.
Тамшылатып суару әдісінің артықшылығы және оның алма жемісін арттыруға келтіретін әсерін Д. П. Семашко Украинаның оңтүстік аудандарда зерттеді [0]. Болгар ғалымдары Б. Джунинаки, В. Василев, Б. Чоков, және тағы басқалары [] тәжірибелік алаңда тексерудегі өніммен салыстырғанда суарусыз тамшылатып суаруда өніммен 28 % жоғары алды.
Ю. Т. Солонина [] Украинаның оңтүстігінде әртүрлі топырақ жағдайында тамшылатып суару әдісін пайдалану арқылы төмендегідей тұжырымға келді. Тамшылатып суару кезінде суару нормасын арттырған сайын топырақтың ылғалдану көлемі артады және онымен қоса судың шығыны топыраққа фильтрациялануына байланысты өсе түседі. Зерттеу жұмыстары судың беру мөлшері 5,0; 10,0 және 20 метрсек мөлшерімен (жалпы көлемі 30 - 120 л) берілді. Бұл ретте топырақтың ылғалдану көлемі 0,35 - 3,0 м2 құраған.
Е. В. Изюмов және А. М. Воробьев Кырымның топырақ жағдайында, егер әрбір гектарға 450 м3 көлемде су берілсе, онда топырақтың ылғалдануы су берілген жерден 45 - 70 см дейін ауытқиды және 70 - 100 см топыраққа сіңеді. Жылжымалы азот, фосфор және калий формаларының таралуы судың сіңіруіне және суда еріген тыңайтқыш элементтерінің топырақ фракцияларымен жүретін қарым-қатынасына байланысты болады. Өсімдікке қажетті элементтердің (NPK) сумен қоса берілуі (оның ішінде топырақ ерекшелігін есепке ала тұра) топырақтағы орналасқан тамыр жүйесін қоректік заттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Топырақ қабатын ылғандандыру жолдарын ғалымдар С. Armstrog және T. Wilson [] да зерттеді. Олардың зерттеулері көрсеткендей тамшылатудың шыңынын 4 және 16 лсағатқа өзгерту топырақ қабатының ылғалдануына келтіретін әсері бір шамада болатынын көрсетті.
Іле және Жоңғар Алатауы жағдайында арнайы тәжірбиелік жүйе бойынша тамшылатып суару әдісін Б. Т. Тусупбаев [] пайдаланды. Ол өз зерттеуін де топырақтың 1 м тереңдігіне ылғалдылықты 80 - 90 % (төменгі ылғалдылық) жеткізу үшін кететін жалпы ылғалдылық көрсеткішін анықтады.
Зерттеулер көрсеткеніндей құрғақшылық жылдары дөңес жерлерде орналасқан бақтар жағдайында жалпы кететін су көлемі шығынның 11,8 - 16,3 % cу, 65,3 - 72,1 % табиғи су қоры және 22,9 - 11,6 пайыз жауын құрайды екен. Ал ылғалды жылдары суару көлемі көрсеткіші 9,0 - 11,8 %, табиғи суды пайдалану 16,0 - 56,6 %, жауын 75,0 - 31,6 % құраған.
Жеміс ағаштарын тамшылатып суару жолдарын көптеген ғалымдар зерттеген. Бірақ олардың зерттеулері негізінен технологиялық кезеңді суаруға арналаған, яғни өсімдіктің шектеулі кезеңі (фазасы) қалыптасқан кезде суарып, одан соң топырақтың ылғалды қорын оптималды мөлшерде тұрақты ұстап тұру. Мысалы И. Н. Панасенко [, ] тұжырымы бойынша Қырым аймағы жағдайында жеміс ағаштарының жақсы өніп, өсуі үшін топырақ ылғалдылығын 70 - 80 % ШК жағдайында ұстау қажет. Егер баққа қажетті ылғалдылдың 75 % жауынмен қамтамасыз етілсе, онда әрбір ағашты 5 - 8 рет суарып отыру керек, бұл ретте бір түпкке кететін су мөлшері 80 - 120 л құрайды. Жалпы суаруға кететін (вегетациялық кезеңінде) су мөлшері әрбір ағашқа 700 л немесе 300 м2га.
Алманың спурлық сорттарын тамшылатып суару әдісін Украинаның оңтүстігінде В. И. Водяницкий, А. Б. Растаргуев және Л. П. Позднякова [] зерттеді. Олар топырақтың ылғандандыру көрсеткішін 80 % шк төмен болмауы жағдайында және топырақтың жекелеген қабаттарының ылғалдануын негізге алды. Зерттеулер нәтижесі көрсеткеніндей ең жақсы өнімділік, жемісінің сапалы көрсеткіші, ең төменгі шаруашылық шығын және алынған таза пайда нәтижесі топырақтың 0,75 см қабатын ылғалдандыру әдісінде болған (1.6-cурет).

1.6-сурет - ГГИ-3000 бақты буландыру қондырғысы

Т. Т. Позднякова, Н. М. Годбан және В. И. Водяницкий [] Мелитопольское тәжірибе шаруашылығында алманың Ранет Семиренко сорты отырғызылған интенсивті бақта булануда зерттейтін ГГИ-3000 қондырғысын пайдалану арқылы суару жұмыстарын жүргізді.
Бұл қондырғы топырақ бетінен буланған ылғал мөлшерін (Е0) анықтайды. Тексеру нәтижесі көрсеткеніндей топырақты суаруды Е0 көрсеткіші 30 % жеткендей етіп ерте көктемнен жемісі піскенге дейін және егер Е0 көрсеткіші 50 % болса вегетацияның соңына дейін сақтау қажеттігін көрсетті. Жалпы вегетацияның кезеңінде 11 рет нормасы 26 - 174 м3га мөлшерде суарылса, жалпы суару нормасы 307 м3га құраған О. Ясониди және т.б. [] В. М. Ростов облысының Азов теңізі аймағында жүргізілген тамшылатып суару нәтижесіне сүйене отырып әрбір ағашқа және әрбір гектар баққа берілетін су көрсеткіш эвапометрмен өлшенген булану көрсеткішіне сәйкестігін көрсетті. Топырақ ылғалдылығын тұрақты 90 - 100 % шк жағдайында ұстап тұру үшін жалпы 38 - 51 рет суаруды қажет еткен. Бір суарудың орташа нормасы 6,5 м3га. Бұл ретте жалпы суару нормасы 297, ал ылғалды пайдалану көрсеткіші 3997 м3га құраған.
Израиль жағдайында зерттеуші Isaak Klein [24] су тамшылатып суаруды ирригациялық коэффициент негізіне реттеп отырған. Бұл көрсеткіш жалпы нәтижесі, вегетациялық кезеңнің ауысуына және ауа райы жағдайын байланысты 0,15 - тен 0,75 - ке дейін ауытқитынын көрсеткен. Ирригациялық коэффициент көрсеткіші тамшылатып суару нормасын реттеу кезінде арнайы тәжірбиелік әдіспен, 35ПА деңгейіндегі теншометр қондырғысын пайдалана отырып бекіткен. Булану (эвапоттранспирация) көрсеткіші А класына жататын қондырғы нәтижесі негізінде алынған.
Ғылыми әдебиетте суару нормасын және күнделікті суаруда реттеу жолдары (әсіресе бау-бақша жағдайында) мүлдем кездеспейді. Осы себепті осы бағытта ғылыми зерттеу жұмыстарын, әсіресе алма ағаштарын тамшылатып суару жағдайында жүргізу өте өзекті тақырыптардың бірі болып саналады.
Топырақты баптап, оған ауылшаруашылығы өсімдігін отырғызу үшін ең алдымен топырақ қабатындағы қоректік заттар қорын білу қажет. Агрохимиктер мектебінің негізін құраушы Д. Н. Пряшников өз еңбектерінде былай деп жазған: Жалпы алғанда ауадан жапырақтары арқылы сіңіретін көмірқышқыл газы күннен келетін жарық және жылудың өсімдікке және топыраққа түсуі, топырақ қабатындағы қоректік элементтердің бірітіндеп шығындалуын ешуақытта қалпына келтіруге болмайды, егер тыңайтқыштарды пайдаланбаса (цитата А. Т. Пономарева, Р. Е. Елешев бойынша, 1991).
Жалпы алғанда ғалымдардың есебі бойынша ауылшаруашлығы дақылдары жыл сайын өз өнімімен бірге (Қазақсатан бойынша) 339 мың.т N, 343 мың.т P2O5 және 877 мың.т K2O қоректік заттарын жер бетіне шығарады екен. Тек қана органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдалана отыра қоректік заттар шығынын қалпына келтіріп, топырақ құнарлығын сақтап, ауылшаруашылығы дақылдарынан жақсы өнім алуға болады.
Топырақ және климаттық жағдайы ауылшаруашылығы үшін тиімді елдерде дақылдың өнімділік көрсеткіші пайдаланатын минералдық тыңайтқыш мөлшеріне тәуелді.
Алма ағаштары өсіп-өну кезеңінде тұрақты қоректік заттардың болуын талап етеді. Жазда отырғызылған бұталарды тыңайтқышпен қоректендіру өсімдіктің қарқынды өсуіне әсер етіп, өнім беру кезеңін қысқартады. Жеміс салатын ағаштар қоректік элементтерді көп қажет етеді, себебі ол заттар жемісін бүршіктерін мерзімді өркендеуіне мүмкіндік береді [25].
А. И. Завражнов [26] зерттеулер бойынша, қазіргі бақтар отырғызылған ағаштардың жоғары тығыздылығымен ерекшеленеді, сол себепті өніммен шығарылатын азот көрсеткіші 40 - 50 кгга, фосфор - 15 - 20 және калий - 60 - 70 кгга жетеді. Бір жылдан 35 жылға дейінгі биологиялық алма өнімін қалыптастыру үшін шығындалатын фосфордың бір бөлігіне калий мен азоттың 3 бөлігі сәйкес келеді.
Келесі бір алма ағашынан мол өнім алудағы агротехологиялық шаралардың бірі - ол төменгі топырақ ылғалдылығының 70 - 80 % көрсеткіші деңгейін де топырақтың беткі қабатын (20 - 60 см) ұстап тұру, ағашты қажетті мөлшерде микро және макро элементтермен қамтамасыз ету. Қазіргі заманғы бақтарда минералдық тыңайтқыш және су арнайы суару модулдері (фертигация) арқылы беріледі. Еуропа елдерінде ағашты минералды қоректендіру үшін суда жылдам еритін комплексті минералды тыңайтықыштарды - кристалонды (топыраққа сіңіру үшін) немесе альбатросты (тамырсыз қоректендіру) пайдаланады Комплексті минералды тыңайтқыштарды фертигация арқылы вегетация кезінде 3 - 4 рет береді. Ол вегетация кезінде әрбір 4, 8, 12 жұма сайын немесе 4, 8, 12 және 16 жұма сайын (жоғары өнімділік жағдайында) беріледі [27].
Balzhauser H. Steinberg [28] зерттеулері бойынша тамшылатып суару кезінде азот тыңайтқышымен қоректендіру пайдалану тиімділігін арттырады Тыңайтқышты суарылатын сумен қоса беру (тамшылатып суару кезінде), әсіресе жаңа қалыптасқан бақ жағдайында қоректік заттардың жылдам сіңуіне әсер етіп, пайдаланатын тыңайтқыш нормасын 25 - 50 % (тыңайтқышты шашып пайдаланумен салыстырғанда) төмендетуге мүмкіндік береді.
Т. Г. Фоменконың [29] Кубанда жүргізген зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, тамшылатып суаруды тыңайтқышты сіңірумен бірге ұштастыру әсіресе ағаш сүйрегінің жылдам өсуіне (сортына байланысты 7 - 45 %) және алманың бір жылдық өркендерінің қарқынды (18 - 41 %) дамуына әкелген 2007 жылғы көрсеткіш бойынша өнімділік көрсеткіші өте құбылмалы болып келеді. Айдоред сортының қосымша өнімі 4 цга болса, флорина сортында 30 цга құраған. Фертигация әдісін пайдалану алмасы ерте шашылатын көлемін 2,9-дан (Флорина сорты) 4,7 (Джонаголд сорты) центнерге дейін (тексерумен салыстырғанда) төмендеткен.
Жалпы ғалымдардың жүргізген ғылыми-зерттеу жұмыстарын сараптасақ, тамшылатып суару қоректік заттардың жылдам сіңіруіне әсер етеді [30, 31]. Оның ішінде тыңайтқыш әрбір ағаш түбіне, немесе шашыраңқы әдіспен ағаштың айналасына берілсе де суару тыңайтқышты пайдалану тиімділігін арттырады.
Апорттық бақтарды қалпына келтіру үшін ең алдымен ең тиімді агротехникалық шараларды пайдалану қажет, оның ішінде ылғалмен және қоректік элементтермен қамтамасыз ету алғашқы орында. Қазіргі кезде ең дамыған технологиялық бағыттардың бірі, алма ағашынан мол өнім алуға қол жеткізетін шаралар қатарына тамшылатып суару жатады. Бұл әдістің инновациялық тұрғыдан тиімділігі - ол ағашты тәулік бойы сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі, қатардағы отырғызылған ағаштарды бір мөлшерде суару реті. Атызбен суару әдісімен салыстырғанда тамшылатып суарудың суды үнемдеу көрсеткіші 3 - 4 есеге дейін артады. Ғалымдардың жобалауы бойынша ағашты қажетті мөлшерде сумен және қоректік заттармен қамтамасыз ету болашақта алманың Апорт сортының жеміс салудағы кезеңдік көрсеткішін қысқартуы мүмкін.
Біздің мақсатымыз осы жобалау тұжырымның растығына Апорт сортына зерттеп көру болды (.7-сурет).

.7-сурет - Апорт бағы

Талдықорған өңірінің алмалы аймақтарға ғылыми-зерттеу бөлімі

Тау етегі аймағының алып жатқан көлемі теңіз деңгейінен 750 - 850 м орналасқан. Вегетациялық кезеңдегі жылу көрсеткіші жоғары - 3300 - 3500 0С және үсіксіз кезеңде жоғары - 145 - 160 тәулік. Орташа жылдық ауа температура плюс 7,7 0С. Шілденің орташа көрсеткіші плюс 23 0С, қаңтардікі - 7,9 - 13,4 0С. Көктемгі үсіктер сәуірдің соңы - мамырдаң басында аяқталады, күзде алғашқы үсіктер қыркүйектің соңында - қазанның басында басталады.
Жауын мөлшері 280 - 550 мм. Абсолютті максималды температура плюс 44 0С, ал абсолютті минимум минус 41 - 46 0С. Алманың суыққа төзімді (среднерусский, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алманың себінді телітушілері
Қазақстандағы тағамдық өсімдіктер (жеміс-жидектер)
Ноқат өзара тозаңданатын өсімдік
Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері
Ноқат өсімдігінің сорттары
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Коньяк өнімдерінің тарихы
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Қантты жүгері
Жасанды жолмен алынған тозаңдағы картоптардың дигаплоидтарын алу әдістерін жетілдіру
Пәндер