Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Мазмұны
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның мазмұны 13
2 Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру 21
2.1.1 Тірі табиғат бұрышындағы еңбек және оған балаларды жұмылдыру 22
2.1.2 Тәжірибе үлескісіндегі еңбек және оған балаларды қамту жолдары 24
2.2 Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және ұйымдастыру әдістемесі 29
Қорытынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер 37
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі - жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.
Зерттеудің міндеті: Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу және педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу және оның педагогикалық ерекшеліктерін қарастыру.
- Жас ерекшеліктеріне сәйкес табиғаттағы еңбек түрлері және оның мазмұнын ашу;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілдеріне байланысты табиғаттағы еңбегін ұйымдастыру;
- Тірі табиғат бұрышындағы еңбек және оған балаларды жұмылдыру;
- Тәжірибе үлескісіндегі еңбек және оған балаларды қамту;
- Табиғатқа топсаяхат пен серуен кезіндегі еңбек түрлері және оны ұйымдастыру.
Зертттеудің пәні: Дүниетануды оқытудың теориясы мен әдістемесі.
Зерттеудің обьектісі: Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі.
1 Балабақша жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
1.1 Балабақша жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеу және оның педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың іс - әрекетінің бір түрі - еңбек. Еңбек әрекеттерінің мазмұны мен оған қойылатып талаптар балалардың жас шамасына қарай күрделене түседі. Мәселен, ересектер тобындағы балаларға эстетикалық тәрбие беруде балалар еңбегін ұйымдастыруға төмендегідей міндеттер қойылады:
- үлкендер еңбегіне ынта - ықылас қойып қарау, анасының үйдегі, әкесінің даладағы еңбек нәтижелерінің әсімдігінен эстетикалық ләззат алу;
- асқа, шайға өздігінен дастарқан әзірлеп, оның таза, ұқыпты болуына көңіл аудару;
- топ бөлмесінде, ойыншықтар бұрышында, өз үйінде тазалық сақтау, заттарды үйлесімді, әдемі орналастыра білуге дағдылану;
- жеке басының тазалығы мен ұқыптылығына көңіл аудару, мәдени-гигиеналық дағдыларды бойында қалыптастыру.
Мектепке даярлық тобындагы балалар еңбегін ұйымдастыруға қойыла-тын бағдарламалық талаптар:
- үлкендер еңбегімен бірге, ұжымдық еңбектің нәтижелеріне қуана білуге және оны бағалауға үйрету;
- өздігінен дастарқан әзірлеумен бірге, оны жинауға көмектесу, тазалық сақтауға дағдыландыру;
- көркемдік сабақтарға (он, бейнелеу өнері) арналған ойыншықтар мен құралдардың әрдайым ретті, әрі таза болуын қадағалау;
- үлкендердің көмегімен балабақша ауласын жинастырып, тазалауға қатысу, өз еңбегінің нәтижесін көріп қуануға, еңбекке қызығушылыққа тәрбиелеу.
Бұл міндеттер ертегі, жұмбақ мақал - мәтелдерді орынды, жүйелі пайдаланса мақсатына жетіп, балалардын еңбек әрекеті барысында эстетикалық тәрбие жүйесі қалыптасады.
Мысалы: Түлкі мен торғай, Қотыр торғай, Жеті өнерпаз, Жігіт пен өнерлі қыз, Аяз би, Көрқула атты Кендебай, Кун астындағы Күнекей қыз т.б. ертегілер мен Еңбексіз өмір -- сөнген көмір. Ердің атын еңбек шығарады, Еңбек түбі береке, Енбексіз іс біттейлі, Еңбектің наны ләтті, Еріншек - екі істейді, Жұмыстың жаманы жоқ т.б. мақал - мәтелдерді еңбекке деген эстетикалық көзқарас қалыптастыру мақсатында пайдалануға болады. Ертегіні кейіптендіру үшін оған қажетті құралдар мен қуыршақтарды қол еңбегінде даярлайды.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді қолданылған фольклор жанрлары балалардың еңбекке деген эстетикалық қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қаскеттерін дамытады.
Балаларды еңбекті сүюге, адамның тек еңбек арқылы көп жетістіктерге жететінің зерек, ұқыпты, білімді болу әркімнің өзіне байланысты екенін ұғындыру мақсатын көздеген бұл сабақта осыған дейінгі алған білімдерінің деңгейін сұрау арқылы бақылап, байланыстыра сөйлеуге ептілікке баулу іске асырылады. Сабаққа орман көрінісі, Балапан бейнесі, Менің аулам қорапшадағы көрініс көрнеліктер ретінде пайдаланылады.
Егер еңбекті сүйсең, жалқау болмай, айтқан тілді алсаң, көп оқысаң, білімді, зерек болсақ бәрін үйренуге болады ғой балалар. Мен сендерге Жалқау балапан әңгімесін айтып беремін. Оның аянышты халіне кім кінәлі екенін соңында айтасыңдар.
Халқымызда Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей деген мақал бар. Сол сияқты ерінбей, жалқауланбай еңбек еткеннің қарны тоқ, көйлегі көк болатынын сендер білесіңдер. Сонымен қатар адамның қалай өмір сүруі тек өзіне байланысты екенін түсінген боларсыңдар.
Балалардың еңбек тәрбиесі балабақшада, кәсіптік-техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек; топтан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне -өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы жөне өнімді еңбек.
Оқу барысындагы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды.
Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда балалар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтарың барысында балалар жалпы және техникалақ білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында балалар алған өмір төжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді.
Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру балалардың еңбекке зерттеу және шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Балалардың өндірістік бригада базасында, балалардың еңбек және демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтары туралы жағымды мысалдар аз емес. Балалар балабақшада алған білімдерін пайдаланып, әр түрлі өсімдіктерді өсіреді, тәжірибелер жасайды, практикалық дағдылармен іскерлікті игереді, кейбір мамандықтардың түрлерін меңгереді.
Осындай шығармашылық жұмыстың барысында химия, биология және өндіріс негіздері пәндері бойынша балалардың білімі байымды, тереңдейді ғылыми-зерттеу ісіне машықтанады, ауыл шаруашылық және өнеркәсіп еңбекк дағдыларына ие болады, олардың кәсіптік бағдары тәбиеленеді. Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық, тиімділігі, олардың білім жәие тәрбие беруі мәнділігінде.
Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзак, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдыңт кемелдслуін талап ететін сң ауыр еңбек екенін К.Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, балаларға әрдайым коріне бермеуінде.
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеітері еңбек пәні са-бақтарында шешіледі. Балабақшаға дейінгі балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш, пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, балабақша жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Ортаңғы топтарда арнайы бөлінген оқу-тәжірибелік үлесті жер бөлігіндегі, оқу шеберханасындғы еңбек, жоғары топтардағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылық практикумдағы балаларды жалпы еңбектің білік, дағдыларымен қаруландырып, политехникалық ой-өрісін кеңейтеді, кәсіптік ниетін және өмір жолын қалыптастыруға икемдейді.
Балабақшадан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор.
Жас натуралистер, Жас техниктер, Жас тәжірибешілер және пән үйірмелеріндегі сабақтар балаларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір баланың үйірме сабақтарында еңбекке шыгармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Балабақшаті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село балабақшадарінде Жас механизаторлар, Жас малшылар, Жас өсімдік өсірушілер, т.б. үйірмелер құрылған. Бүл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда балаларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сүйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай тәрбиешідер мен ата-ана-лар баланарға үнемі, бірізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандықты таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұжымдық еңбекке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегі және оның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың топсаяхат кезіндегі еңбегін ұйымдастыру формасы
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбек тәрбиесі жүйесінде еңбек іскерліктерін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу түрлері және педагогикалық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбекке бейімдеудің педагогикалық шарттары
Бала тәрбиесінің педагогикалық негіздері және еңбек тәрбиесінің зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды бейнелеу өнері арқылы еңбек тәрбиесіне баулу
Мектепке дейінгі балалар еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Пәндер