Декадты қадамдық АТС


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» МКК

КУРСТЫҚ ЖОБА

ТАҚЫРЫБЫ:

«Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтауды жобалау»

КЖ. 1311000. 09

(мамандық шифры, нұсқа нөмері)

Орындаған 3ЭТС-217

тобының студенті Ермеков Р. Қ.

Жоба жетекшісі Барат А. Е.

Нұр-Сұлтан, 2020

НҰР-СУЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ШЖҚ «ЖОҒАРЫ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯ КОЛЛЕДЖІ» МКК

Тапсырма «Электр байланыс» кафедра отырысында қаралды

№2хаттама «28» қазан 2019ж.

Кафедра меңгерушісі:Осташова Л. А

Жетекшісі: Барат А. Е.

Тапсырманың берілген мерзімі: «17» ақпан 2020ж.

Тапсырманың орындалу мерзімі: «16» мамыр 2020ж.

Курстық жобаға тапсырма

1311000- «Темір жол көлігінің жедел техникалық байланыс құрылғыларын пайдалану» мамандығының 3 курс студенті

Ермеков Рауан Құрманұлы

Жобаның тақырыбы : «Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтауды жобалау»

Берілген шамалар

Нұсқа №
Станция түрлері
Елді-мекен
Нұсқа №: 09
Станция түрлері:
  • Жарық станциясының вокзалы - Сандық АТС Panasonic KX-TDA100RU
  • Жарық станциясының ПТО бөлімі - Сандық IP-АТС Grandstream UCM6202
  • «8 дом» есімді ӘТЖК-нің бас объектісі - Гибридті сандық IP-АТС Yeastar MyPBX U100
Елді-мекен: Қарағанды облысы Шет ауданы С. Сейфуллин(Жарық) кенті

Курстық жобаны жоспарлау

Кіріспе

1. АТС-тің түрлері

2. Қолданылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы

3. Станция түрін және АТС-тің орнатылу аумағын таңдау

4. Қызмет ететін тізбектермен бағыттардын сипаттамасы.

5. Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтаудың

құрылымдық сұлбасы .

6. Телефондық жүктемесімен станциялық құрылғынын көлемін есептеу.

7. Құрылғыларды орналастыру сұлбасы.

8. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы .

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Мазмұны

Кіріспе

I Бөлім. АТС-тің түрлері . . .

II Бөлім. Қолданылатын құрал жабдықтардың сипаттамасы. .

III Бөлім. Станция түрін және АТС-тің орнатылу аумағын таңдау.

IV Бөлім. Қызмет ететін тізбектермен бағыттардын сипаттамасы.

V Бөлім. Телефондық желілердегі цифрлық АТС-ті коммутациялық жабдықтардың құрылымдық сұлбасы .

VI Бөлім. Телефондық жүктемесімен станциялық құрылғының көлемін есептеу

VII Бөлім. Құрылғыларды орналастыру сұлбасы.

VIII Бөлім. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы

IX Бөлім. Қорытынды. .

Пайдаланылған әдебиеттер.


КІРІСПЕ


XX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы байланыс жүйесі порменді дамыды. Телеграф және телефон сияқты едәуір ескі байланыс құралдары жетілдіріліп қана қойылған жоқ, сонымен қатар фототелеграф, радиохабар, телевидение, автоматты телефон станциялары, халықаралық байланыс және ғарыштық байланыс жүйелері күрт дами бастады. Бұрынырақ калааралық телефон байланысы бағандарға ілінген сымдар арқылы орындалатын. Сырткы ортаның әсері байланыстың тұрақтылығына кедергі келтіретін. Сондықтан байланыстың кабельді және радиорелелі желілері бойынша жүзеге асатын түрлері кеңінен колданыла бастады.

Еліміз егемендік алғаннан кейін, 1994 жылы телекоммуникацияға инвестиция тартып, заман талабына сай жаңа технологиялар енгізу қажеттігі туындады. Телекоммуникация саласында бірегей ұлттық саясат жасау қажет болды. Осы мақсатта “Қазақтелеком” Ұлттық акционерлік қоғамы құрылды. Еліміздің телекоммуникация саласының жоғары технологиялы сала ретінде қарқынды дамуы­ның бастамасы осы шешім десек, артық айтқандық емес.

Ол кезде көптеген ірі облыс орталығында АТСК-7 және ПСК-2 координаталық стансасы, АТС-3, АТС-4 декадалық-жылжымалы стансалар пайдаланылатын. Қалалық телефон стансасында небәрі 20 мыңға жуық ғана нөмір болды.

Еліміздiң байланыс саласын қарқынды дамытуға қолайлы жағдай­ларды жасау мақсатында Көлiк және коммуникациялар министр­лiгi 1996 жылы «Қазақ­телеком» ҰАК көптеген қыз­мет­тердi ұсыну құқығына, соның ішін­де халықаралық және қалааралық байланыс қызметiне эксклюзивтiк лицензия берді. Қалааралық байланыстың сапасын әлемдік стандарт деңгейінде қамтамасыз ету үшiн 1996 жылдан бастап Қазақстан бойынша 10 мың шақырымға созылатын облыс орталықтарындағы қалааралық стансаларды байланы­стыратын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құры­лысының жобасын салу жүзеге асырыла бастады.

«2010-2015 жылдарға арналған кеңжолақты желіні құрастыру» бағдар­ламасы бойынша атқарыл­ған жұмыстар да көп болды. Мәселен, бағдарламаның мақсаты тұтынылатын КЖҚ трафигін өсіру ғана емес, интернет-ресурстарына кіру орташа жылдамдығы 2009 жылы 1 Мбит/с болса, 2015 жылға дейін 12 Мбит/с дейiн жеткізуді болжап отырмыз. Сонымен қатар, мыс желісі бойынша ADSL техноло­гиясын дамыту жүктелімдерімен қатар GPON технологиясын да қоса дамытып, оптикалық желі арқы­лы 100 Мбит/с жылдамдықпен қосылуды қамтамасыз етуге ерекше мән беріледі.

Аса маңызды жобалардың бірі GPON оптикалық желісін ірі қалалық округтерінде тарту болып табы­лады. Мысал ретінде Байқоныр қаласына дәл осындай GPON оптикалық желісін таратуын қарастырсақ. Қазіргі кезде «Ситилан» ЖШҚ мекемелермен бірге франчайзинг талаптарымен қала тұрғындарына жоғары жылдамдықты интернет ұсынылады. Ресей тарапы клиенттердің пәтерлеріне дейінгі оптикалық желі құрылысы бойынша шығындарды және қызметтерді сатуды өзіне алды. ОТД OLT стансалық жабдығын орнатуы және күтім жасау жағын ұйымдастырды. Қазіргі кезде Байқоңыр қаласында 1400-ден аса абонент GPON технологиясына қосылды.

Әлемдік байланыс саласы даму алған сайын Қазақстанда дамушы мемлекет ретінде басқа мемлекеттерден қалыс қалмай ілесіп келуде. Мойындау қажет қалалық жерлерден алшақ орналасқан ауылдық жерлерде әліде байланыс саласы әлемдік деңгейдегі сияқты дамымаған. Бірақ сондада жылдар өткен сайын ауылдық жерлердегі байланыс салалары даму тенденсиясында келе жатыр. Дәл осындай қарқындағы даму болашақта Қазақстандағы байланысты барлық өңірлерінде жоғары сапалы болуына алып келе алады.

I Бөлім. АТС-тің түрлері

Автоматты телефон станциясы (АТС) (Автоматическая телефонная станция (АТС) - бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы. АТС-ке алғашқы патент 1889 жылы американ өнертапқышы Элмон Строуджерге берілді. АТС жұмыс істеу принципі мынадай: құралдардың жұмыс істеуі абоненттің бақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. АТС-тегі әрбір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі барлық іс-әрекеттер, тығыз байланысқан процестердің күрделі жиынынан тұрады. АТС құрылғысы жалғаушы құралдардан, сигнал беруші құралдардан, басқарушы құралдардан тұрады. АТС құрылғысының негізгі жалғаушы құралдарына іздегіштер мен жалғағыштар жатады.

Түрлері және қызметтері

Электронды АТС деп, басқару құрылғылары мен коммутация жүйелері электронды құралдарды қолдану негізінде жұмыс істейтін АТС-терді айтады.

Қазіргі АТС-тердің арасындағы станция аралық байланыс физикалық желі арқылы ұйымдастырылған. Қаланың көліктік желісі заман талабына сай. Олардың көбісі нығыздалған оптикалық кәбіл арқылы құрылған. құралдардың жұмыс істеуі абоненттің бақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. Электронды АТС басқару жүйесінің түрлері :

- машиналық

- электромеханикалық (декадты-қадамды және координатты, квазиэлектронды) ;

- электронды

- цифрлық (дәстүрлі және IP) .

Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді.

Тарихы

Бір нұсқа бойынша, АТС өнертабысына Элмон Строужерді әділетсіз бәсекелестікті қоздырды. Строуджер Канзас-Сити (Миссури штаты) қаласында жерлеу үйінің иесі болды және телефон арқылы тапсырыс алған кезде шығындарға ұшырады, өйткені оның тікелей бәсекелесі, басқа жерлеу компаниясының иесі, станцияда телефон операторы ретінде жұмыс істеді. Телефон операторы жерлеу компаниясына арнаған барлық қоңырауларын өзіне жберген. Элмон Строуджер қоғамды телефон операторларынан үнемі құтқаруға уәде берді және АТС ойлап тапқан.

Әр АТС түріне қысқа-нұсқа тоқталып өтсек:

  • Машиналық АТС

Машиналық АТС-та іздегіштер тобы үшін тұрақты айналатын бірнеше біліктерден тұратын жалпы машиналық жетек көзделеді. Іздегіштің жылжымалы бөлігі оның айналмалы білікпен уақытша ілінуі кезінде қозғалысқа келтіріледі. Сонымен қатар, Машина жүйесінің автоматты стансаларының негізгі ерекшеліктері байланыс өрісін он күндік құру емес және осыған байланысты тіркелімнің болуы, яғни тікелей емес, іздеуді басқарудың айналма принципін пайдалану болып табылады. Сондай-ақ іздегіштің конструкциясы мен оның жұмыс істеу принципі де ерекше. Көтеру-айналмалы сияқты, машиналық ұшқыштың екі түрі қозғалады, бірақ онда екі жылжымалы бөлік бар - базалық блок және онда щеткалы рейка орналасқан. Базалық блок (мәжбүрлі қозғалыс), рейка базалық блоктың мәжбүрлі қозғалысы кезінде таңдалған бағыт сызықтары қосылған байланыс өрісінің бірқатар шектеріне қарсы болатын бұрышқа бұрылады. Содан кейін рейка қатардың ішектері бойында еркін үдемелі қозғалысты бастайды және оның щеткалары сол сәтте бос сызық қосылған сол шектердің тобымен жанасқан кезде тоқтайды. Рейка еркін шығу таба алмай, кері қозғалыс жасап, сызықтардың қайсыбірі босағанша алға қарай қозғала алатын кезде іздеудің мұндай нұсқасы өте жиі пайдаланылды. Бұл нұсқа берді әсіресе қыңыр абоненттерге мүмкіндік қосылысы қатты перегруженном бағытта емес, жинай отырып, бірнеше рет бір-бір нөмірі ғана ұстап түтікке құлақ жанында өзгеруін күтпей-ақ сәтке керегін біріктіруге болады ақыр соңында, орнатылды. Машиналық іздегіштің ең күрделі және қымбат бөлігі механикалық. Іздеушінің байланыс өрісі оның құнының аз бөлігін құрайды. Айқын экономикалық пайымдаулар байланыс өрісінің сыйымдылығы үлкен іздегіш конструкциясын таңдауды тудырды, бұл АТС-да іздегіштердің жалпы санын азайтуға мүмкіндік берді.

  • Декадты қадамдық АТС

Декадты қадамдық АТС - Екінші Дүниежүзілік соғыс(Ұлы Отан соғысы) аяқталғаннан кейін бірақ пайда болды. Бұл АТС түрінің негізгі элементі ретінде декадты қадамдық іздеуіш қолданылады.

Декадты қадамдық іздеуіш

Декадты қадамдық іздеуіш - өте күрделі электро-механилық қондырғы болып табылады. Бұл қондырғы тізбектей қозғала алатын контактілерден тұрады және де сол контактілер арқылы жұмыс істейді. Контактілер арасында тотығу химиялық реакция арқылы олардың кедергілері өзгеріске ұшырау арқылы жоғарылайды және де электромагниттер тоқтаусыз вибрация туындауына әкеліп соғады, осылардың арқасында құрылғының кедергісі айнымалы арқылы жұмыс жасайды. Мұндай жұмыс істеу принципі линия бойында бөгеуілдер пайда болуына алып келеді. Соның кесірінен линия бойындағы каналдар арқылы сандық мәліметтерді жіберу мүмкіндігі қиындыққа ұшырайды.

  • Координаталық АТС

Координаталық АТС-те коммутациялық қондырғы ретінде - көпретті кондинатты қосқыштар(многократные координатные соединители(МКС) ) қолданылады. МКС - паралельді қызмет ететін электромагнитті қондырғы. Координаталық АТС-тің коммутациялық приборларында жекелей басқарушы қондырғылардың болмауы Декадты қадамдық АТС-тен басты айырмашылығы ретінде қарастыруға болады. Оның орнына регистр және маркер деп аталатын функциялар қолданылады. Регистр - ақпаратты қабылдап және жадына сақтаса, маркер регистр қабылдаған ақпаратты жекелеу іздеу сатыларын орындайды. Сонымен қатар маркер бірнеше топ МКС-ке дәл сол саты кезінде қызмет көрсете алады және де тек қана қажетті іздеумен байланыс орнату уақытында ғана қолданылады.

коор.jpg

  • Квазиэлектронды АТС

Коммутация Квазиэлектронды АТС-те герметикалық контактілер арқылы жүзеге асады, ал басқару электронды және микропроцесорлы болады. Квазиэлектронды АТС-ті электронды басқарылатын Координаталық АТС деп те атасақ қате болмайды. Себебі соңғы кездері Координаталық АТС-тер жоғары қарқында релейлі басқарушыларды электронды схемалар айыстыру арқылы даму алып жатыр, дәл осы өзгерістен туындаған станцияны Квазиэлектронды АТС деген атау алған. Байланыс бұл тұрғыда өте жақсы бірақта Квантта төмен кернеу әсер ететін абонеттік комплектті линия жиі кездеседі, соның салдарынан модемдер мен кнопкалы телефондарда көптеген қиындықтар туындайды.

  • Электронды АТС

Аналогтық сигналдардың коммутациясы жартылай өткізгіш аспаптармен, басқару - микропроцессорлық жүзеге асырылады . Тек қана өте аз сыйымдылықтағы шағын АТС ретінде тұрып, электронды цифрлармен ығыстырылды. Қалалық АТС-да кедергіден қорғалуының төмендігінен қолдану мүмкін емес.

  • Цифрлық АТС

Цифрлық (атс) - ерекшеліктері э л ектрэнергиясын аз тұтуы, өлшемінің кіші болуы, жоғары сапалығы, Сенімділігінің жоғары болуы, Байланысты орнатуд- ың жылдамдылығы Сыйымдылығының жоғары болуы ДВО - қосымша қыз- мет көрсетуі. Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы абоненттік блок- ана-логты және цифрлық абоненттік желілерді станцияның коммутация өрісімен келістіруге арналған. Абоненттік блоктың атқаратын негізгі функциялары ; Аналогты - цифрлық және цифрлық - аналогты түрлендіру - BORSCHT функ-циясының орындалуы - абоненттік жүктемені мультиплексрлеу немесе концентрациялау - ISDN негізгі мүмкінділігінің цифрлық абоненттік желісін желі қон-дырғыларымен келістіру АБ құрамына МААЛ және МЦАЛ кіреді. Әртүрлі қо-сылыстарды коммутациялау функциясын орындайды цифрлық түрде сөйлесу-лерді коммутациялайды - процессор аралық байланыстарды коммутациялай - ды ЛБ - желі блогы - станцияға жалғағыш желілерді және ISDN желісін қосу үшін қолданылады. - қызметтік және тұтынушы ақпараттарды тарату функциясын атқарады.

Цифрлық коммутация жүйесінің құрылымы ЛБ құрамына келесі блоктар кіреді; МЦСЛ- цифрлық жалғағыш желі модулі - ОС -сигнализация қондырғысы БЛС -желілік сигнализация блогы - 16 - каналдық интервалмен берілетін барлық желілік сигналдарды қабылдау және тарату үшін қолданыла-ды. БМЧС - көпжиілікті сигнализациялау
: блогы - регистрлық сигналдарды қа-былдау үшін қолданылады. МАС - акустикалық сигналдар модулі - цифрлық тональдік сигналдар генераторының көмегімен абоненттерге акустикалық сигналды жібереді.


II Бөлім. Қолданылатын құрал жабдықтардың сипаттамасы


Кез келген АТС-ті орнату үшін негізінде қажетті құралдар кабель түрлері, интерфейстер, компьютер, телефон аппараттары, тестер мен өлшеу құралдары, т. б. болып табылады.

Кабель туралы түсінік Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP - Unshielded Twisted Pair) және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді. Соңғысы екіге бөлінеді:әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP - Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP - Foiled Twisted Pair) . Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді. Сонымен қатар олар эксплуатация үшін экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде. Кабельдер категориясы бойынша 6. 1 кестесіндегідей жіктеледі. Кабельдердің жіктелуі олар арқылы жіберілетін сигналдардың максималды жиіліктеріне негізделген.

Без названия.jpg

Без названия (1).jpg
Телефон аппараттары ретінде күнделікті үй тұрмысында қолданып жүрген сымды телефон аппараттарын аламыз. Оның ішінде хабарласушының номері немесе есімі көрінетін моделі біз
: үшін ыңғайлы болмақ. Сол себепті төменгі суреттегі Panasonic компаниесінің осы бір моделін аламыз.

Тестер

5029915274-600x600.jpg
Және коммутациялық қондырғылардың, жалпы АТС-тің жұмысын тексеру үшін қажетті Electronika ETT 10 модельді тестерін қолданамыз. Elektron ETT 10 - телефон станцияларына, абоненттік желілерге және терминалды жабдықтарға арналған әмбебап сынаушы. Оның үш
: жұмыс режимі бар:TEL MODE (телефон режимі) - абоненттік желілер мен телефон қондырғыларының параметрлерін өлшеуге арналған; EXCH MODE (станция режимі) - абоненттік желілер мен автоматты телефон станцияларының параметрлерін өлшеуге арналған; LINE MODE (сызық режимі) - желінің кернеуін өлшеуге және желідегі DTMF, MP және дыбыстық сигналдарды бақылауға арналған.

III Бөлім. Станция түрін және АТС-тің орнатылу аумағын таңдау

Мен бұл курстық жобада АТС-ті орнату аймағы ретінде Орталық Қазақстан аумағында орналасқан Қарағанды облысы, Шет ауданы С. Сейфуллин(Жарық) кентін қарастырамын. Біріншіден таңдап алынған аумақ туралы ақпарат беріп өтсек: Сәкен Сейфуллин (бұрынғы атауы - Жарық) - Қарағанды облысы Шет ауданындағы кент, темір жол стансасы, Сәкен Сейфуллин кенттік әкімдігі орталығы. Ауданы орталығы - Ақсу-Аюлы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 71 км жерде орналасқан. Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 3641адам (1794 еркек және 1847 әйел) болса, 2009 жылы 3696 адамды (1864 еркек және 1832 әйел) құрады. Ал қазіргі таңда ауыл округінді 5000-ға жуық адам мекендеуде.

Курстық жобаның басты міндеттерінің бірі темір жол саласына байланысты болғандықтан таңдап алынған С. Сейфуллин кентінен АТС орнататын 3 мекеме ретінде төмендегі мекемелерді қарастырамын:

  • Жарық станциясының вокзалы
  • Жарық станциясының ПТО бөлімі
  • «8 дом» есімді ӘТЖК-нің бас объектісі
XXLю.jpg
Вокзал - барлығымызға белгілі бұл кез келген елді мекенде темір жол қозғалысында басты рөлді атқарушы объект. Қазіргі таңда көпшілігімізге вокзал ұғымы тек қана аялдама ретінде көрінеді, бірақ бұл өте қате тұжырым. Вокзал арқылы жұмыскерлер өз жұмысын бастау үшін қажетті
:

ақпаратты ала алады немесе басқаша айтқанда жоғарыдан яғни ҚТЖ бөлімшелерінен бұйрықтарды осы пунктер арқылы қабылдайды. Сол себепті де бұл жерде байланыстың болуы өте маңызды.

Жарық станциясының ПТО бөлімі

images.jpg
Ал қабылданған бұйрықты негізгі темір жол қызметкерлеріне, мысал СЦБ қызметкері, составительдер, т. б., жіберу мүмкіндігі туындау үшін олардың негізгі жұмыс базасы ретінде қарастырылатын Вокзалдан 1, 5 км жерде орналасқан ПТО бөліміне АТС
: орнату қажет болып табылады. Себебі жұмыскерлер жұмыс барысы туралы ақпаратты жылдам алатын болмаса онда ол поезд жүрісіне үлкен кедергі жасауы, тіптен ЧП жағдай туындатуы мүмкін. Өйткені темір жол саласында әр жұмыскердің қызметі жолаушылардың денсаулығына және жүк поезддерінің жүрісіне де тікелей байланысты.

«8 дом» есімді ӘТЖК-нің бас объектісі

images.jpg
«8 дом» объектісі - вокзалдан 3 км жерде орналасқан әскерилендірілген темір жол күзетінің бас объектісі болып табылады. Дәл осы объекті арқылы басқа да вокзалдан тыс жолдарда орналасқан вагондарды
: күзету паркілеріне басқару жасайды. Сол себепті әр түрлі ауыл округтерінде орналасқан күзету паркілерімен байланыста болу үшін бұл объектіге де АТС орнату қажет.

Таңдап алынған 3 мекемеге оның көлеміне және ауқымына байланысты төменде көрсетілген 3 түрлі АТС-ті қолданамын:

Сандық АТС Panasonic KX-TDA100RU Сандық IP-АТС Grandstream UCM6202 Гибридті сандық IP-АТС Yeastar MyPBX U100

«Неліктен бұл АТС станцияларын таңдап алдым?» - деген сұраққа толығырақ төменде жауап берсем:

Сандық АТС Panasonic KX-TDA100RU
kx_tda100ru3.jpg
Panasonic KX-TDA100RU IP телефония қолдауымен көп функциялы цифрлық телефон станциясы. Күнделікті жұмыста ыңғайлы телефон станциясы бола алатындықтан бұл станция түрін Жарық станциясының вокзалына ортану жөн. Мини-автоматтындырылған телефон станциясы тәуелсіз телефон
: станциясы ретінде жұмыс істей алады, сонымен қатар QSIG немесе IP арналары арқылы бір желіге біріктірілген бірнеше автоматты телефон станцияларынан тұратын корпоративті желінің құрамдас бөлігін құрастыруға мүмкіндік береді. Бұл АТС станциясының құны 360 400 тг-ні құрайды. Panasonic KX-TDA100RU маркалы АТС түрінің вокзал бөліміне таңдап алу себебім абонент сандары көп, қажет болған жағдайда 64 абонентке дейін арттыру мүмкіндігі бар және де Жарық станциясының вокзал бөлімі осы станциядағы темір жол қозғалысының жүрегі болып табылғаннан кейін ол үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін арнайы «S» типті қуаттау блогы орналасқан.
Сандық IP-АТС Grandstream UCM6202
grandstream_ucm6202_images_1850494628._S.jpg
Grandstream UCM6202 - бұл жоғары сапалы IP-PBX. Ол жиілігі 1 ГГц және оперативті жады 1 ГБ екі ядролы процессормен жабдықталған. АТС бір уақытта 500 пайдаланушы арасында 30-ға дейін сөйлесу жолын қолдайды.
: Станцияда құрылғы туралы қажетті деректерді көрсететін шағын дисплейі бар қара түсті қысқа корпус бар. Бұл АТС-тің құны 170 900 тг құрайды. Және де бұл АТС түрін Жарық станциясының ПТО бөліміне қолдануды жөн көрдім
Гибридті сандық IP-АТС Yeastar MyPBX U100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕРГІЛІКТІ ТЕЛЕФОН ЖЕЛІЛЕРІ
Ауылдық және қалалық байланыс желілері
Байланыс желілері және коммутация жүйелері
Сандық технология негізінде жергілікті қалалық байланыс жүйелерін жүзеге асырудың мүмкіндіктерін зерттеу
Телекоммуникация желілері және электрлі байланыс жүйелері
Телефон аппараттары туралы жалпы түсінік
Радиобайланыс технологияларының қазіргі заманға сай жағдайы
Коммутация жүйесін жобалау
Сандық коммутациялық жүйе neax61∑
Деректерді тасымалдау жылдамдығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz