Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ғылым философиясының методологиялық негіздері
Орындаған:Бижанова Н.К
Тексерген:т.ғ.к., доцент Нұрпейіс Т.Ә
Тобы:ПиП + б.б менеджмент
Жоспар
1.Кіріспе
2. Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар
3. Ғылым философиясы
4. Позитивизм, Логикалық позитивизм , Неопозитивизм кезеңдері
5. Ғылым философиясының табиғатының типологиясы
6.Қорытынды
Кіріспе
Ғылым тарихы мен философиясы ғылыми білімнің тарихи дамуы, құрылым мен өзгешелігі, ғылыми танымның жалпы заңдылыгы мен ғылыми білімнің эволюциясы туралы сұрақтарды зерттейді.
Имре Лакатос айтқандай: Ғылым тарихы ғылым философиясынсыз соқыр, ал ғылым философиясы ғылым тарихынсыз бос; Томас Кунның пікірінше, ғылым философиясын ғылымға жақындату үшін оның тарихына назар аудару қажет. Осы мəселені ол үш бағыттың аясында қарастырған:
1) тарих методологиялық жалпылау мəлімет береді;
2) тарих методологияны ғылымға жақындатуға ықпал етеді;
3) тарих методологтардың құрылыстарына коррекция жасап оларды түзетеді.
Ғылым тарихы жалпы адамзат тарихы мен тығыз байланысты болған соң оны келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1) алғашқы қоғамның ғылымы;
2) антика ғылымы;
3) орта ғасыр ғылымы;
4) жаңа заман ғылымы (классикалық);
5) қазіргі ғылым (постклассикалық).
Ғылымның тарихы мен философиясы тығыз байланысты. Ғылым философиясының тарихын өзгертетін əлеуметтік-мəдени астарын да қарастырады жəне олардың тарихи дамуында алынған ғылыми білімдерді, өндіргіш қызмет ретінде заңдылықтарды жəне ғылыми танымның тенденцияларын таныстырады.
Екі мықты ағым - ғылым тарихы мен философиясы - біртұтас жəне бөлінбес. Олар дамудың ұзақ əрі күрделі жолынан өтті.
Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар.
Ғылымның дамуы туралы негізгі концепциялар екі бағытқа əкелді:
Экстернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуына сыртқы əлеуметтік-экономикалық факторлармен жəне əскери істің қажеттіліктері себеп болды. Оның өкілдері: Дж. Бернал, Р. Мертон, А. Кромби, Г. Герлак, Э. Цильзель, О. Шпенглер, Б. Гессен, Ст. Тулмин, Д. Гачев т.б. Яғни, ғылымға əсер ететін - қоғамның сұранысы.
Интернализм - бұл тарихи-ғылыми ағым бойынша ғылымның дамуы ғылыми идеялардың өзіндік заңдылығымен негізделген тарих. Өкілдері: А. Койре, Р. Холл, Дж. Рэнделл, П. Росси, Г. Герлак, К. Поппер т.б. Өзінің нəтижелеріне қарамай, интерналистер ғылымның нəтижелері нақты ғалымның іс-əрекетінен тыс болса да, сол ғалымның ой санасында қалыптасады.
Ғылым тарихының қазіргі кезеңінде бұл ағымдардың мағыналық қайшылығы актуалды емес. Ғылым философиясын философияның бағыты жəне философияның пəні ретінде түсіну қажет.
Философиялық ғылымның өзара əрекеті, ғылымтану жəне ғылыми өлшем (наукометрия) салаларымен салыстыра түсінеміз.
Батыс өркениетінде ХVІІ ғ. бастап ғылым үстемді ролді атқара бастады. Басқа əлемдер үшін қазіргі ғылым əлі де кеш пайда болған феномен. Қазіргі ғылым христиандықтан бастап бəрін жоққа шығара бастады. Сөйтіп, Еуропа өркениетінің болашағын өзгертті.
Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн; сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысын қамтиды.
Пəні: ғылым философиясы келесі сұрақтарға жауап беруге бағытталған: ғылыми білім дегеніміз не? Оның ұйымдастыру мен қызмет атқару принциптері қандай? Ғылым қандай əдістерді қолданады? Білім қалай дамиды? Ғылым мен ғылым еместің айырмашылығы неде? Философия, діндік сана, жалпы əлеуметтік-мəдени тұрғыда ғылыммен қандай өзара байланыс түрлері қалыптасады?
Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған. Ғылым философиясының қалыптасу себептері:
1. Институционалдық революция - профессияландыру (қызметтендіру). Франциядағы политехникалық мектептердің пайда болуы. Германиядағы университет реформалары. Билік табиғаттану ғылымдарында болған соң.
2. Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар ғылыми пəндер түрінде қалыптасты: саяси экономика, əлеуметтану, тарих, жантану. Əдістердің өзгешелігі туралы сұрақтар туылды.
3. Қоғам өмірінде ғылымның маңыздылығы үстемді болды. Ғылым философиясы ХІХ ғ. - ХХ ғ. Бірінші позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер.
Огюст Конт (1798-1857 жж.) өзінің Жағымды философия курсы атты шығармасында қазіргі ғылым философиясының қалыптасуына ықпал ететін аса күрделі идеяларды ұсынған. Мысалы, үш кезең туралы заң. Оны Конт келесі түрде анықтайды: Біздің əр идеямыз, білімнің əр салдары бірізгілікті үш түрлі теориялық кезеңнен өтеді: теологиялық немесе фиктивті (жалған), метафизикалық немесе абстракциялық, ғылыми немесе жағымды. Осы заңмен негізделіп Конт келесі тұжырымды жариялайды: спекулятивті метафизикалық философияның уақыты өтті, енді жағымды философия ғылыми философияга айналуы қажет, яғни ғылым философиясына. Оның рөлі екі мақсатқа жинақталады: біріншісі - нақты ғылымдардың күрделі нəтижелерін синтездеу; екіншісі - ғылыми танымның əдістерін дамыту.
Позитивизм сонша кең танылды, оның негізінде ғылым философиясы өзгеше философиялық пəн ретінде дамиды. Осыған үлес қосқан ағылшын философы-позитивист, Логика жүйесі атты əдіс мəселесіне арналған шығарманың авторы Дж. Стюарт Милль :
- табиғаттанудағы индуктивті əдістер;
- əлеуметтік (моральдық) ғылымдардағы (əсіресе саяси экономия) гипотетикалық-дедуктивтік əдістер;
- позитивизмнің негізгі принциптері неопозитивизмде сақталған;
- методологиялық монизм, немесе ғылыми зерттеу аймақтарының айырмашылығына қарамай ғылыми əдістердің ортақтығы туралы идея;
- нақты табиғаттану ғылымдары, əсіресе физика, методологиялық стандарттың үлгісі (сциентизм);
- метафизика - ескірген ойлау типі болған соң, одан жағымды ғылымды тазарту қажет;
- ғылыми түсініктемелер - ол нақты дара фактілерді жалпы заңдарға келтіру.
ХІХ ғ. аяғында позитивизмнің екінші түрі пайда болды, оны махизм немесе эмпириокритицизм деп атайды (Эрнст Мах, Рихард Авенариус, Пьер Дюгем, Анри Пуанкаре) конвенциализмнің қалаушысы. Оның негізгі себебі физикадағы метологиялық дағдарыс. Дағдарысқа əкелген оқиғаларды келесі жаналықтар құрайды: электронның ашылуы, радиактивтік құбылыстардың ашылуы т.б., түбінде олар материя құрылысы туралы ескі көзқарасты бұзды, кейбір ғалымдар материализімнен бет бұрды.
Екінші позитивизм махизм мен эмпириокритицизмді біріктіреді. Махизмнің салушысы австриялық физик, философ Эрнст Мах, ал эмпириокритицизмді салған - швейцарлық философ Рихард Авенариус. Атаулары ұқсас болғандықтан оларды махизм немесе эмпириокритицизм деп атайды. Махизм нақты түрде материализм көзқарасын жоққа шығарып, Берклидің субъективтік идеализмін жақтайды.
Махтың ұсынған ғылыми танымдағы принцип - ойлау экономиясы депаталады. Осындай қағиданы Авенариус үнемді күш жұмсау деп ұсынған. Осы екі қағидалардың мағынасы - экономды, үнемдеп күш жұмсау ойлау дегеніміз, құбылысты түсіндіру емес, жəй сипаттау.
Сөйтіп, махизм үшін субъективтік идеализм лайық. В.И. Ленин Материализм жəне эмпириокритицизм атты шығармасында осыларды сынға келтірді.
Неопозитивизм - ол позитивизмнің қазіргі түрі болып табылады. Еуропада ХХ ғ. 20-шы ж. қалыптасты. Неопозитивизмде позитивизмнің алғашқы принциптерін қолдайды (философияны терістеу). Неопозитивизм өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Логикалық позитивизм - оның тарихи алғашқы түрі (басқа түрлері осының модификациясы). Логикалық позитивизмнің негіздері екі танымал философ, логиктардың шығармаларында қалыптасқан: ағылшын философ, математик, логик Бертран Рассел мен австриялық философ, логик Людвиг Витгеншейннің Логикалық-философиялық трактаты (1921 ж.).
Неопозитивизмнің келесі кезеңі логиктерден, математиктерден, əлеуметтанушылардан тұратын Вена ұжымының (1923 ж.) қызметімен байланысты. Оның меңгерушісі Мориц Шлик (австриялық философ, физик), өкілдері Р. Карнап, Г. Рейхенбах, А. Айер, Львов-Варшава мектебі (Н. Тарский, К. Айдукевич).
Философияның пəні болуына тек қана тіл мүмкін, себебі, ғылыми тіл - ол білімді жеткізу түрі, тəсілі.
Логикалық позитивизмнің өзгешелігі оның қазіргі формалды логиканы əдіс ретінде ұсынуы. Логика философияның мəні деп Рассел жазған. Карнап Философия - ол логика дейді. Адамдармен айтылатын пікірлерді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz