Асан қайғының шығармаларының зерттелуі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК
ПОӘК 042-16. 1. 6/03-2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ:

ПОӘК

« Қазақ хандық дәуіріндегі әдебиет» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар

2013 жылғы

№ 3 басылым

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарына арналған

«Қазақ хандық дәуіріндегі әдебиет»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ

2014

Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс

шеңберіндегі тапсырмалар

5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар

6 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары

7 Емтихан сұрақтары

Глоссарии.

  1. Ақын- поэзиялық туынды, өлең, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.
  2. Арнау- әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.
  3. Арнау өлең- белгілі бір адам бейнесін, мін - сипатын суреттеп мақтап жазу дербес поэзиялық туынды.
  4. Дастан- парсы сөзі - тарихи әңгіме, ертегі, батырлар жыры деген мағынаны береді.
  5. Жылнама- тарихи жыл - жылға бөліп баяндау түрі.
  6. Жыр- қазақ халық поэзиясының бір түрі, жырлап айтатын уақиға, көлемді поэзиялық шығарма.
  7. Жырау- ауыз әдебиетінің ежелгі өкілдерінің бірі, қоғамдық мәелелерді қозғайтын толғау - жырлап айтушы.
  8. Жыршы- ауыз әдебиетінің дәстүрін сақтаушы, батырлық, тарихи, ғашықтық, жырлар айтып таратушы.
  9. Қиса- қазақ әдебиетіндегі кітаби ақындардың Шығыс әдебиеті үлгісіндегі сюжеттік шығармалары, дастандары, өлеңмен жазылған ертегі - хикаялары.
  10. Мадақ өлең- салтанатты оқиғаларды жырлауға арналған, біреуді қошеметтеу сипатындағы мадақ өлеңдер.
  11. Насихат өлең- уағыздар, ақыл-кеңес сарыны басым келетін өлең.
  12. Поэзия- көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.
  13. Поэма- оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр - толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

14. Толғау - күрделі, көлемді лирикалық туынды, сюжетсіз поэма.

15. Түйдек (тирада) - қазақ поэзиясында жырда қолданылатын тармақтарды топтастырудың еркін түрі.

16. Ұйқас - өлең-жырларда тармақтың «өлең жолы» соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі «дыбыс үндестігі. »

17. Шабыт - өнер адамының шығармашылық қуатының шегіне жетіп тасқындауы, зор жігер, күш пайда болып, рухтануы.

18. Шайыр -«арабша ир»- ақын, орындаушы мағынасында.

19. Шешендік сөз -қазақ ауыз әдебиетінің жанры, ғибраттылық мәні, өнегелі ой- тұжырымы бар, айырықша тапқырлық танытатын нақыл сөз.

20. Шумақ - өлең- жырларда, дастан- поэмаларда өлең тармақтарының жолдарының белгілі ретпен топтасуы.

Дәрістердің қысқаша сипаттамасы

Дәріс 1 Жыраулық поэзиясының даму жолдары

Дәрістің мақсаты :Жыраулық поэзияның ғасырлар бойы

қалыптасып, дамыған ұлт әдебиетінің ғажап көркемдік құбылысы екендігін түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1. Жыраулармен қоса ХVIII ғасырдағы ақындар поэзиясы туралы. 2. Поэзияның көрнекті өкілдері Шал мен Көтеш ақын жырларының негізгі

сарыны-дін, этика, мораль тақырыптар екендігі.

3. Жыраулар шығармашылығының көбінің бізге жетпегені, жеткендерінең

өзіде текстологиялық жағынан әлі де дәлелдей түсуді, аша түсуді керек

ететін тұстары бар екендігін түсіндіру.

4. Олардың туындыларын зерттеуші ғалымдар жайында әңгімелеу.

5. Жырау толғауларын бізге жеткізуші ақындар туралы.

Әдебиетімізде өзінің жанрлық белгі-сипаттары арқылы ертеден-ақ жеке сала болып дамыған ақындық және жыраулық поэзияның алатын орны ерекше. Көне дәуірлерден бері фольклорлық туындылармен өзектесе, жарыса дамып келген бұл сала халқымыз бастан кешкен тарихи оқиғалардың көркем шежіресі іспеттес ел тұрмысының сан алуан қырларын қамтып бейнелеуге әр кез елеулі үлес қосып отырған. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды. Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды. Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердің ерекшеліктерін ашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі - толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет дер едік.

Толғау - әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға тонның ішкі бауындай жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған салиқалы да тартымды мазмұнымен де дараланады. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға көп ұқсатады.

Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды.

Әрбір әдеби туындылардың алғаш пайда болуы мен қалыптаса дамуы соның авторларының аренаға шығуымен тікелей байланысты десек, толғау жанрының ең алғашқы өкілдерінің бірі деп, ең алдымен, Сыпыра жырауды атай аламыз. Рас, оған дейін де кейбір деректерге қарағанда Ұлық жыршы, яки Аталық жыраудың (XIII ғ. ) бар екенін білеміз. Тіпті бұдан ілгері, Шоқан Уәлиханов айтқандай: «Өзгелерге жыр жырлау өнерін үйреткен бірінші жыршы - Қорқыт» та бар. Өкінішке орай, Қорқыт атаның жырлары белгісіз бір себептермен бізге жетпей, оның орнына сол туралы тек үзік-үзік аңыздар мен әпсаналар ғана сақталып қалған. Ал, Ұлық жыршы, яки Аталық жырауға (кейде Кетбұға деп те аталады) келсек, оның «Жошы хан өлгенде әкесінің айтқаны» деген жалғыз жоқтау жыры мәлім. Осы Ұлық жыршы «Оғызнаме» дастанында да Оғыз қағанға жыр толғап, болашақты болжайтын керемет толғаулар айтады.

Сыпыра жыраудың аты да, толғауы да белгілі бір себептерге орай эпикалық жырлар («Ер Тарғын», т. б. ) мен ертегілерде («Құбығұл», т. б. ) ғана ұшырасады. Бұларда ол ел-жұртқа қадірлі ақыл иесі, көп жасап, көпті көрген дана, алдын болжағыш абыз, сәуегей кісі болып суреттеледі. Хан да, қара да ақыл таппай қысылып тығырыққа тірелгенде, көпті көрген көне Сыпырадан кеңес сұрайды. Мұның бәрінде де Сыпыра Алтын Орданың белгілі ханы Тоқтамыстың қасындағы көреген биі, кемеңгер ақылшысы ретінде сипатталады. Қазақ жырлары мен ноғай ертегілеріндегі Сыпыра бейнесі бір-біріне табиғи өте ұқсас, көп жасағаннан «адам көрер түсі жоқ, аузында отыз тісі жоқ» сиықсыз да ұсқынсыз қарт болып сипатталады.

Сол аңыз-ертегілер мен батырлық жырларда жиі аталып, «өзінің 180 жасаған өмірінде тоғыз ханды қолынан өткізіп, тоғыз ханды түзеткен» Сыпыра туралы тарихи деректер жоқтың қасы. Алайда, Сыпыра жырау туралы айтқанда, ең алдымен, білікті ғалым Ә. Марғұлан еңбектерін негізге алған жөн. Ол кісі дала эпостарын жасаудағы жалпы жыраулардың, соның ішінде Сыпыраның ролін өте жоғары бағалай отырып, оны «XV-XVIII ғасырлардағы көптеген қазақ ақындарының көшбасшысы және ноғай-қазақ эпостарын («Ноғайлы жыры») бірден-бір жасаушы кісі», - деп көрсеткен еді.

Заман талабына сәйкес жыраулар қашанда хан қасынан табылып отырған десек, бұған Сыпыра жырау өмірі де айқын дәлел. Ол әр алуан жырларда ең әуелі Тоқтамыс хан мен Ер Тарғын батырды татуластырушы, енді бірде Едіге мен Тоқтамыс арасындағы кек-жанжалды басушы, тағы бірде Тоқтамыс ханға қарсы көтерілген халық толқуын кемеңгерлікпен тоқтатушы данышпан ретінде көзге түседі.

Сөйтіп, жыраулар, көбінесе, өзінің көріпкел, болжағыштық, дана-кемеңгерлік қасиеттері арқылы әр кезеңде белгілі бір ханның қысылғанда, кеңес сұрар ақылгөй жыршысы, салауатты биі болғанын көреміз. Бұған дәлел ретінде көне дәуірдегі Қорқыт пен Дерсе, яки Баяндүр хан, Ұлық жыршы мен Оғыз қаған, Ұлық жыршы мен Шыңғыс ханнан бастап, бертінгі Сыпыра мен Тоқтамыс, Асан қайғы мен Жәнібек, Шәлгез бен, Би Темір, Жиембет пен Есім, Бұқар менен Абылай хандардың іс-әрекет, қарым-қатынастарын атай аламыз. Бұл туралы кезінде: «Әрбір хан өз қасында ақылшы болатын биді таңдағанда, ең алдымен, сөз тапқыш, өткір деген суырылған шешеннен, судырлаған ақыннан алатын. Бұлардың саяси салмағы зор болғандықтан, аузынан шыққан сөз де олқы болмауға тиіс. Көлденең кісі мін таба алмайтындай, қоржындай ауыр, оқтай жұмыр, өтімді болу керек. Бұлар қазақтың жоғарғы табынан шығып, ел меңгеру жолындағы саясат адамдары болғандықтан, көпке айтқан сөздерінің бәрі ел мұңына, ел қамына арналған сөздер болады», - деп М. Әуезов айтқандай, жыраулардың әлгіндей өз бастарындағы артық қасиеттерінен тыс, азулы жуан, саны көп рулардан шығуы да, тіпті өзінің ел тағдыры шешілетін ауыр кезеңдерде қол бастайтын әскербасы - батыр болуы да хан қасынан табылуға мәжбүр еткен. Олардың хан қаһарынан қаймықпай қашан да батыл сөйлеп, шындықты тайсалмай бетке басып айтуы да осыдан. Қазақ тағы «Әр ханның тұсында бір сұрқылтай» деген мәтелдің шығу төркіні де осы айтылған оймен терең сабақтас. Бұған ақындар өмірі де айғақ бола алады.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Жыраулық поэзияның алғашқы өкілдері кімдер еді?

2. Қазақ сөз маржанын жинаушы Ш. Уәлиханов қандай пікір айтты?

3. Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын неше кезең

бөлеміз?

Әдебиеттер:

1. М. Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ. ) 3 кітап. Оқулық.

2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. -А., 1993

3. Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір. Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ. ғ. ) Оқулық. -А., 1991

5. Алдаспан. Жинақ. -А., 1971

6. Ж. Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»

7. Абылқасымов Б. Жанр толгау в каз. устной поэзии. -А., 1984

8. Абылай хан (Тарихи жырлар) -А., 1993

9. Әдеби мұра және оны зерттеу. -А., 1961

10. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991

Дәріс 2 Жыраулар мұрасы және қазақ халқының елдік

тарихы

Дәрістің мақсаты :Қазақ халқының 15-18 ші ғасырлар шегіндегі тарихи- әлеуметтік жағдайын таныстыру.

Дәрістің жоспары:

1. Жыраулар мұрасы мен кейінгі ХVIII-ХIХ ғасырлардағы көркемсөз

өкілдерінің шығармашылықтарының өзгешеліктері

2. Хандық үшін күрестің шиеленісуі.

3. Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай

жағдайда болды?

4. Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер кітабы» жайында айту.

5. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасының әдебиетте

Бейнеленуі

6. «Қаратаудың басынан көш келеді» дейтін сөздермен басталатын «Елім

-ай»әніне қатысты әңгіме.

Халықтың ғасырларды көктей жүріп өткен жолы, сөз жоқ, оның тек қай атырапты мекендеп, қандай елдермен айқасып, кімді қол астында ұстағандығынан, болмаса кімге бодан болғандығынан мәлімет беретін жылнамашы мен тарихшының жазбаларымен шектелмейді. Сәулет өнері, ауыз әдебиеті, саз өнері секілді, негізінен, елдің естиярлығын, халықтың жады мен зердесін таразылайтын рухани қазыналарында да ел тарихының ізі сайрап жататыны хақ. Және бұлардың берер мағлұматтары, шынына келгенде, сырттан келген жиһанкез тарихшының сөзінен гөрі шынайы болуы әбден мүмкін. Ал, бұл тұрғыдан келгенде осы ортада өмір сүрген, оның қуанышы мен күйінішіне ең алдымен өкінетін де, күйінетін де, жыраулар мен ақындар шығармасында сөз болар оқиғалар мен тарихи мағлұматтардың қадір-қасиеті тіптен ерекше. Бәлкім, халқының мерейі үстем тұсын бұл адамдар көтеріп айтатын шығар, бақыты қайтқан кезеңін еңсесі түсе отырып баяндайтын болар, бірақ соған қарамастан осы мұралар өзіне айрықша назар аударуды керек етеді. Өйткені, әр дәуір жыршысының өз заманының тарихи кескінін бейнелеуге әрекет еткен шығармасы әрі белгілі бір ұлт әдебиетінің жасын межелеуге, әрі сол әдебиеттегі тарихилық мәселелерінің жүріп өткен жолын бағдарлауға қызмет көрсетіп қана қоймай, сол халықтың ұлт ретінде қалыптасу, ержетіп, есею кезеңдеріне де куәлік етеді.

XX ғасырдың аса көрнекті ақыл-ой иесі, белгілі мемлекет басшысы Джавахарлал Неру өзінің «Взгляд на всемирную историю» атты еңбегінде: «Самые великие и гордые короли и императоры лишь краткий миг выступают на сцене мира. А цивилизации живут долго», -дегеніндей, шындығында да небір есімімен елді тітіренткен атақты билеушілердің дүниеге келіп-кетіп жататын адам ретіндегі өмірінің кысқа, ал өркениет пен мәдениеттің ұлы ескерткіштерінің оларға қарағанда әлдеқайда ғұмырлы болатыны даусыз. Сондай өмірлі мұралардың қатарына адам ақыл-ойының кейінгіге қалдырар елеулі ескерткіші - жыраулар мен ақындардың толғау жырлары да жатады дер едік. Өйткені, осы мұра арқылы қысқа өмірлі, бірақ тірлігінде елеулі істерге мұрындық болған тарихи жандардың атқарған қызметі ел санасында жаңғырығып, ұрпақтан ұрпаққа ұласып, солар көшін бастаған елдің тарихы өзінің орнын басқандарға - олардың қандай қауымның жалғасы екендігін танытып, белгілі географиялық аймақты қоныс еткендігіне, кімдермен қандай қатынаста тірлік кешкендіктеріне куәлік беруде. Ал, иландыру күшінің ересендігінде шек жоқ. Өйткені, ол сөздерге сүлесоқтық, енжарлық жат. Өйткені, ол халқына пана, жеріне қожа бола білген, соны өзгелерден де күтетін мәрт мінез, көшелі ақылға ие сардар ақынның лебізі. Олай болса, осы лебізден ел тарихын, халықтың өткенін табу - сол жұрттың ұрпағы үшін ғана емес, оның рухани мұрасына енжар қарай алмайтындардың бәрін де ділгер ететін мәселе болса керек-ті.

Қазақтың аңыз-әпсаналарында халқымыздың ақылгөй абызы ретінде суреттелетін Асан қайғы, негізінен, қазақ ұлысының атақты билеушілерінің бірі Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген-жасы жеткен қария болып сипатталады. Шығармаларында да солай. Ал, Сыпыра жыраудың Тоқтамыс ханның Едіге бимен араздасып, төңірегіндегілермен кеңескен тұста негізгі тоқтамды пікір айтатын ақылман қарт ретінде былайша жыр толғайтыны белгілі.

Жырау айтқан болжамдардың бәрі тарихта айна қатесіз келеді. Едіге барғаннан кейін Темір әмірші Алтын Орда билеушісі Тоқтамысқа қарсы қалың қол шығарады. Тоқтамыс әскері жеңіледі. Елдің билігі Едігеге көшеді. Тоқтамыстың қызын Едіге тоқалдыққа алады. Бірақ, Тоқтамыс қызының аты Қанікей де, Тінікей де емес, Жанике болатын.

Алтын Орда билеушісі мен Едіге бидің араздасқан уақыты - Тоқтамыстың 1393жылы Ягайлаға Дон бойынан хатқа түсіртіп жібер-ген пәрмен-жарлығында 1391 жыл деп көрсетілген.

Темір әміршімен Тоқтамыс қолының айқасқан мезгілін - осы мәселеге қатынасты қалам тартқан Ш. Уәлиханов, Қ. Сәтбаев, М. Тынышбаев, С. Сейфуллин, Ә. Марғұлан, Р. Бердібаев секілді қазақ ғалымдары әр алуан жазба деректерге, тарихи еңбектерге сүйеніп1391, 1395 жылдардағы қанды жорықтармен байланыстырады. Демек, Сыпыра жырау куә болып отырған оқиғаның тарихта болғаны рас. Атақты «Ер Едіге» атты тарихи жырда ұзақ-сонар толғау айтатын абыз жырау осы туындының дүниеге келуіне қандай үлес қосты, ол өз алдына мәселе. Бірақ, әйтеуір, қалай болғанда да ол сол кездегі тақ иесі Тоқтамысты да, оның ұлысын да, қасында жүрген достары мен дұшпандарын да қапысыз білетін адам. Ал, оның қасында жүргендер кімдер еді? Олар-Қарақыпшақ Қобыланды, Арғын Қарақожа батырлар. Қобыландының кім екендігін тарихшылар да, әдебиетшілер де аз жазған жоқ. Бірақ, Қарақожа атты батыр біздің эпос зерттеушілеріміздің де, тарихшыларымыздың да назары көп түспеген тарихи қаһармандардың қатарына жатады. Әрине, оған бола оны эпос авторының, қиялының, арқасында дүниеге келген кейіпкер деуге болмайды. Өйткені, атақты тарихшымыз Қадырғали Қосымұлы Жалайридың: «Едіге . . . Темір бектің әскерін бастап келіп Тоқтамыс ханды қашырды. Темір бек күшінен (сипатынан) Тоқтамыс хан Солтүстік тарапқа қашты . . . Қарауылға Ятым батырды, одан кейін Тобал батырды, одан кейін Арғын Қарақожаны қойды. Өздері бірнеше нөкерлерімен (дем алуға) жатып еді. Едіге - Кучук ұлы Нураддин әскер қолбасшысы еді. Ол қарауылды, әуелі Ятым батырды, содан соң бәрін қапысын тауып өлтірді. Хан нөкерлерімен бейқам еді, олардағы опат болды»- дейтін, Тоқтамыс ханның тағынан айрылғаннан кейінгі тағдырынан хабардар ететін тұсында аты мен тегі айқын айтылатын адам осы кісі. Демек, бұл мәліметке қарағанда, ол Тоқтамыстың жанында ақырғы демі таусылғанша, яки 1406 жылға дейін, бірге болған сенімді серігі. Және оның билеушісіне беріле қызмет еткен көптің бірі ғана емес екеніне Шереф-ад-дин Иезди Қарақожаның 1405 жылдың қаңтар айында Темір әміршіге Тоқтамыс атынан елші болып келгендігі арқылы куәлік береді. Осыған қарағанда ол өз қандастарының топ бастаған көсемі, сөз бастаған шешені екені күмәнсіз.

Әрине, «Ер Едіге» жырында сипатталатын Қобыланды мен Қарақожа шыққан Қыпшақ пен Арғын руларының бүгінгі қазақ ұлтының негізін құраған қабырғалы қауым екені белгілі. Бұл ретте Сыпыра жырауды қазақ жырауы, жыр кейіпкерлерін қазақ азаматтарының арғы аталары деуге болады. Бірақ, қазіргі қазақ ұлтын құрайтын рулардың жекелеген аталары өзбек, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, татар сияқты өзімізбен туыстас өзге халықтардың да құрамында кездесетіндігі рас. Сондықтан тек осы жырда ғана емес, жалпы сол дәуірлердің әдеби мұраларында ұлыстың аты атала ма, тегінде соған да назар аудару керек сияқты. Өйткені, 1022 жылы орыс князі Мстислав Владимировичпен соғысқан, 1223 жылы монғолдар шапқыншылығы кезінде де «косог» атанып жүрген жеке жұрттың келесі ғасырда жер бетінен мүлдем тегіс сызылып кетуі мүмкін емес қой. Ондай жағдайда оның арада жарты ғасыр өткенде Жәнібек пен Керейді өзіне хан көтеріп, табан астынан іргелі елдікке ие бола қалуының өзі күмәнді болған болар еді.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1. Хандық үшін күрес қай жылы шиеленісе түсті ?

2. Тарихи зерттеулердің айтуы бойынша халықтың сауат ашуы қандай

жағдайда болды?

3. Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер» кітабы қазақ хандығы туралы не

жазды?

Әдебиеттер:

1. М. Мағауин Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет (ХҮ-ХҮІІІ ғ. ) 3 кітап. Оқулық.

2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. -А., 1993

3. Тоқсамбаева А. Қазақ әдебиетінің тарихы. Хандық дәуір. Оқу құралы

-Семей., 2009. «Интеллект».

4. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиеті. (ХҮІІІ-ХІХ ғ. ғ. ) Оқулық. -А., 1991

5. Алдаспан. Жинақ. -А., 1971

6. Ж. Тілепов «Елім деп еңіреген ерлер жыры»

7. Абылқасымов Б. Жанр толгау в каз. устной поэзии. -А., 1984

Дәріс 3 ЖЫРАУЛАР МЕН АҚЫНДАР МҰРАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК

ЕРЕКШЕЛІГІ

Дәрістің мақсаты : Жыраулардың ақын, жыршылардан ерекшелігі неде

деген мәселелер айналасында әдеби теориялық ұғым беру.

Дәрістің жоспары:

1. Жыраулардың ақындардан өзіндік ерекшелігі.

2. Жырау деген кім, жыраулық өнер туралы түсінік беру.

3. Жыраулардың толғаудағы қасиеттері.

4. Садақ оғынан да ұшқыр жырау сөздерінен небір хандар мен дұшпандарын

тұқыртуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Доспамбет жыраудың толғаулары
Жыраушы тұлғалар
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
Қазақ халқы тарихындағы аңыздар мен мифтер
Ортақ заман Зар заман
Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшеліктерін талдау
Зар заман поэзиясының бастау көздері
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Толғау жанры және оның XV-XVII ғасырлардағы даму сипаты
Жыраулар поэзиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz