Ішкі саудада ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

“Биологиялық қауіпсіздік ” КАФЕДРАСЫ

Ішкі сауда обьектілерінде ветеринариялық қызметті ұйымдастыру

РЕФЕРАТ ЖҰМЫС

Орындаған: 6В09102-«Ветеринариялық санитария»

мамандығының 4 курс 414 топ студенті

Боранбаева Аружан

Тексерген:Абдуалиева Асем

АЛМАТЫ 2021

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

2. 1 Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

2. 2 Мал шаруашылық нысандары құрылысы кезінде ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру

2. 3 Ішкі саудада ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Кіріспе

Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық менеджмент - арнайы ғылыми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет-сүт, мал текті өнімдер, шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында малдәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалык тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруының негізгі формалары мен әдістерін зерттеу. Сонымен қатар мемлекеттік, ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған. Ветеринариялық менеджментті нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және әр түрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Республикадағы ветеринарлық менеджменттің жағдайы әлеуметтік- экономикалық факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта ветеринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлык мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық- техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Нарықтық экономика киыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық менеджментті жақсарту барысында әр түрлі жұмыстар жүргізілуде.

Пән құрамында ветеринарлық зандылық жинағының негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы, ветеринарлық-санитарлық бақылау ұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздар жүргізу және тағы басқа тараулар бар.

Пән тарауының әрқайсысында өзіне тән ветеринарияның ұйымдастыру-экономикалық іс-әрекеті мәнісі, қыры, сипаты қаралады.

Ветеринарлық менеджмент пәні ветеринарлық зандылық қағидаларына сәйкес мал шаруашылығында ветеринарлық қызмет көрсетуді; ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын, ветеринария мамандары мен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара карым-қатынасын; сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін, мемлекеттік және ведомстволық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбекақы төлеуді зерттейді.

Ветеринариялық менеджмент деп, малды аурудан сақтандыру, емдеу, одан санитарлық тұрғыдан сапалы өнім алу, адамды зооантропоноздардан сақтау сияқты мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық шаралар кешенін айтады.

2. 1 Базарда сатылатын мал өнімдері мен шикізаттарына ветсансарап жасау - арнаулы ветсансарап лабораториясының міндеті. Лаборатория, сонымен қатар, мал өнімдерін сату жөне сақтау орындарының санитарлық жағдайын қадағалайды. Ол қалалық ветеринарлық станцияның немесе аудандық ветеринарлық лаборатория қарамағында болады.

Ветсансарап лабораториясы арнайы ережелерге сүйеніп, өнімдер мен шикізаттарға байқау жасайды, қажет болғанда, бактериологиялық, биохимиялық зерттеулер жүргізеді және шошқа ұшалары мен шпиктерін бірін қалдырмай, трихинеллезге тексереді. Мұндағы қызметкер саны күнделікті жасалатын сараптар санына байланысты тағайындалады. Оның ет және ет, сүт және сүт өнімдерін сараптайтын бөлімдері болуға тиісті.

Лаборатория меңгерушісі базарда сатуға рұқсат берілген мал текті өнімдердің санитарлык. сапасы жақсы болуына тікелей жаапты. Соған орай, оның жарамсыз өнімдерді сұрыптауға, оларды сатуға тиым салуға, сату орындарының, тоңазытқыштың, қойманың санитариялық жағдайы таларқа сай болмаса, оларды жабуға, базардың жауапты кызметкерлеріне, азаматтарға санитарлық талаптарды бұзғаны үшін айып салуға құқығы бар.

Сараптан өткен ұшаларға, етке, лаборатория таңба басы сатуға рұксат береді. Жарамдылығы күдікті деп танылған етгі залалсыздандырады, жарамсыз деп танылған етке акт жасалып утильдеуге немесе жоюға жіберіледі. Базарда жарамдылығы күдікті өнімдерді сақтауға тоңазытқыш, ал тәркіленген өнімдерді жинауға арнайы контейнерлер болуға тиісті.

Базарда дені сау сиыр сүті сатылуы тиісті. Ондай сүтке мемлекеттік ветеринарияның жергілікті мекемесі ай сайын бір рет арнайы куәлік беріп отырады. Тағамдық сүтке және сүт өнімдеріне лабораторияның сатуға рұксат бергені туралы күжаты беріледі.

Ветеринарлық мүлікті дұрыс пайдалану мақсатында жыл сайын оның жай-күйін, барын-жоғын анықтап, түгендеу актісін жасайды. Жарамсыз болған мүлікті есептен шығарады. Дәріханада бір тоқсан бойы жеткілікті болатын дәрі-дәрмек биопрепараттар және т. б. бұйымдарды жинақтап отыру қалыпты жағдай деп есептеледі. Бұл күнделікті мұқтаждықты өтеуге арналған арнайы қор болып саналады.

Ветеринариялық менеджментке қорғаныстық мағына да береді. Мәселен, шекарадағы экспорттық-импорттық тауар алмасу кезінде елімізді шет елдерден қауіпті жүқпалы мал аурулары

Ветеринария мекемелеріне келіп түскен барлық ветеринарлық тауарлар есепке алынып, материалдық бөлімге жауапты амага тапсырылады. Дәрі-дәрмектердің кірісі мен шығысы арнайы тіркеу кітабында белгіленіп отырады. Улы және әсері күшті дәрілерді тіркеу, босату, сақтау ерекше талаптарға сәйкес жүргізіледі

2. 2 Ветеринаринариялық мекемелер құрылысын жүргізу ісін ұйымдастыруға құрылысты жобалау, құрылысқа жер телімдерін бөлу, жобалау-сметалық құжаттар толтыру, құрылысты қаржыландыру, құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарын бақылау және құрылысы салынған ветеринариялық мекемелерді қабылдап алу жұмыстары кіреді. Мемлекеттік ветеринариялық мекемелердің құрылысын республикалық ветеринарияны басқару органдары мен облыстық ветеринариялық басқару органдары мемлекеттік ветеринариялық мекемеге келіп түсетін күрделі қаржыландыру және өзге қорлар есебінен жоспарлауы керек. Шаруашлықтарда ветеринариялық нысандар құрылысын жүргізуді тиісті ведомстволар мен шаруашылықтардың өздері өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жоспарлауы керек. Жеке кәсіпкерлік ветеринариялық нысандар қажеттілігі бойынша жеке кәсіпкерлердің қорлары есебінен және жеке кәсіпкерлікті лицензиялау шарттарының талаптарына сәйкес жоспарланып, салынады. Құрылыс жоспарлары атқарушы билік органдарында қарастырылады. Бекітілген жоспарға және қолданыстағы заңдарға сәйкес жергілікті атқарушы билік органдары жер телімдерін бөледі. Жер телімін таңдау және бөлу ісіне ауданның жерге орналастырушысы немесе қала архитекторы, тиісті мемлекеттік ветеринариялық басқару органының басшысы, өрт қауіпсіздігі инспекциясының өкілдері мен экологиядық қызмет өкілдері қатысады. Жер телімі атқарушы билік органы («әкімшілік) шешімімен бөлінеді. Ветеринариялық мекемелер құрылысын типтік жобалар бойынша салады, мұнда кешенді өндірістік және тұрғын үй ғимараттары қарастырылады. Жекелеген жағдайларда құрылыс жеке жобалар бойынша жүргізіліне алады. Жобаны таңдау кезінде оның арналымын, климаттық жағдайларға сәйкесуін, құрылымдық ерекшеліктерін, құрылыс алаңы ауданын, құрылыс көлемін және экономикалық көрсеткіштерді ескеру керек. Таңдалынған типтік жоба нақты құрылыс алаңына сәйкестірілуі керек. Бұл жұмысты келісім бойынша жобалау ұйымы орындайды. Жобалау ұйымы жобаға қатысты келесі жұмыстарды орындауы керек:

- іргетас пен жерасты шаруашылығының көлемін, орналасу тереңдігін анықтайды;

- сумен қамту, канализация, жылумен қамту, энергоқамтылу және байланыс желілеріне қосылу түйіндері мен жолдарын құрастырады;

- сыртқы қабырғалар қалыңдығы мен жылыту қабатының, қоршау құрылымдарының қалыңдықтарын нақтылайды, жылыту және желдету құрылғыларының типтерін климаттық жағдайларға сәйкес анықтайды;

- жобаның жұмыс сызбаларына қажетті өзгертулер енгізеді. Жобалау ұйымы сметалық құжаттар да толтырады.

Типтік смета негізінде жергілікті бағаларды ескере отырып толтырылып, дайындалатын жайттар:

- ветери­нариялық мекеме құрылысының техникалық жобасына мәлімдемелік смета;

- жекелеген нысандар құрылысына сметалық есептеулер;

- әр нысан үшін құрал-жабдықтар алуға қатысты сметалар мен оны өткізу жұмыстарына қажетті құны.

Құрылыс жұмыстары сапасын техникалық бақылауға алу ісін тапсырыс-беруші тарап мамандары өткізеді. Орындалған жұмыстар сапасы мен сызбаларға сәйкесуі жермен жасалатын жұмыстардан бастап құрылыстың әр кезеңдерінде тексеріліп отырады. Пайдаланымға жаңадан салынған ветеринариялық нысандарды қабылдап алу кезінде арнайы ережелер басшылыққа алынады. Қабылдап алу үшін жұмыс комиссиясы құрылады, оның құрамына ветеринариялық мекеме басшысы, бас мердігер, қосалқы мердігерлік ұйым өкілдері, бас жобалаушы ұйым өкілі, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, өрт қауіпсіздігін қадағалау органдары, аудандық кәсіподақ ұйымының техникалық инспекциясы ұйымының өкілдері кіреді. Жұмыс комиссиясы орындалған құрылыс және монтаждау жұмыстарының сапасы мен сәйкестілігін, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, жарылыс қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау шараларын орындалуын тексереді. Комиссия сонымен қатар жекелеген құрылымдарды, ғимараттар мен құрылымдардың түйіндерін тексеріп, нысанды мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін қабылдап алады.

Малдәрігерлік ұйым жұмыс комиссиясына барлық қажетті құжаттарды ұсынады, ол мына құжаттар:

- шын мәнінде орындалған жұмыстардың сәйкесуі жайында белгілер салынған құрылыстың жұмыс сызбаларының жинақтары;

- ветеринариялық мекеме құрылысындағы материалдардың, құрылымдардың, бұйымдардың сапасын куәлендіретін техникалық паспорттар мен өзге құжаттар;

- жабық жұмыстарды растайтын акттер мен жекелеген құрылымдарды аралық қабылдау акттері;

- монтаждалған жабдықтарды, ішкі суық және ыстық сумен қамту, канализация, газбен қамту, жылыту, желдету, электржабдықталуы мен электржелілері, телефонизация және радиофикациялау жүйелерін сынақтан өткізу акттері;

- жұмыс өткізілуін бақылау журналдары мен жобалау ұйымдарының авторлық қадағалау журналдары.

Осы аталған құжаттардың барлығы ветеринариялық мекеме басшысында қалады. Жұмыс комиссиясы атап көрсеткен кемшіліктерді жойған соң құрамында тапсырыс беруші өкілі, бас ветеринар дәрігері, бас мердігер өкілі, аудандық атқарушы орган өкілі, бас жобалаушы, санитарлық және өрт қауіпсіздігі органдарының өкілдері бар мемлекеттік комиссия тағайындалады. Мемлекеттік комиссия тексерістен кейін ветеринариялық мекемені пайдаланымға қабылдау жөнінде акт толтырады.

Ветеринариялық шаралар малдан неғұрлым мол және сапалы өнім алуға бағытталады. Олардың мал шаоуашылық өнімдерін өндіруге ықпалын зерттейтін ғылым саласын ветеринариялық шаралар эконмикасы деп атайды. Малдардың ауруларға, өлім-жітімге ұшырауын төмендететін, олардың өнімдері сапасын жақсартатын ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігі барынша жоғары болатын шараларды анытап, өндірісте қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мәселенің шешімдерін табу нарықтық экономика жағдайында арта түсіп отыр. Осыған орай, шаралардың тиімділігін арттырудың әлі ашылмаған, тың мүмкіндіктерін табу; аурулар келтіретін экономикалық зиянды зерттеу; ветеринарлық шараларды өндіріске енгізудің экономикалық тиімділігін бағалау; емдеу мен алдын алу шараларының жаңа әдістерін әзірлеуге қолғабыс ету, вет жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау тәсілдерін жетілдіру, бұл ғылвым саласындағы шешімін табатын негізгі мәселелерге жатады.

Елімізде малдәрігерлігі мемлекет тарапынан құрылады. Сондықтан барлық вет органдар, мекемелер сай келгенде мемлекеттік вет/ға жатады. Олардың барлығы АШм-нің жүйесіне кіреді. Мемлекеттік вет/ға ерекше міндеттер жүктелген, арнайы құқықтар берілген. Сондықтан ол ветшараларды жоспарлауда, ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Ол жалпы мемлекеттік ведомства аралық қызмет ретінде вет саласында мемлекет саясатын жүргізіп, оның мүддесін қорғайды. Өз жұмысын атқару барысында ол ведомстволар мен министрліктерге тәулді емес, құзыры жүретін аймақта эпизоотиялық жағдайды обьективті түрде бағалап, мал шаруашылығының ветеринариялық сәттілігін қамтамасыз ететін шешімдерді өз билігімен қабылдайды. Мемл/қ вет/ң, мамандарды сұрыптап, тиісті орындарға тағайындауға, қаражат қорларын шоғырландырып, эпизоотиялармен күрестің шешуші бағыттарына жұмсауға құқы бар. Сауықтыру шараларын нәтижелі жүргізу үшін және вет препараттарды өндіру, жарамдылығы мен сапасын анықтауға ол ғылыми мүмкіншілікті пайдаланып, білікті ғылым қызметкерлерін тартуға құқықты.

Елімізде жекеменшік кәсіпкерлік ветеринария нарыққа өтпелі кезеңде заман талабы бойынша туындады. Ветеринариялық қызметтің бұл түріне жекеменшік әдісімен қызмет етуші дәрігерлер, ветфельдшерлер, препараттар мен мүліктер өндіруші шағын кәсіпорындар, кооперативтер, серіктестіктер, бірлестіктер, сондай ақ лабораториялар және т. б. жатады.

Ветеринариялық қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл ауыл шаруашылығы Министрлігінің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. Ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру, басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылған, оны «қаззооветжабдықтау» деп атайды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикада азық - түлік проблемасын шешуде шошқа шаруашылығының алатын орны
Азықты беруге әзірлеу
Өнімдердің сапасы және қасиеттері
Тауарларға және көлікке тиесілі құжаттардың дұрыс рәсімделуін
Арнайы кедендік режим
Ешкілерді импорттауға қойылатын ветеринариялық - санитариялық талаптар
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы
Азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру және оны қамтамасыз ету
Тейлериоз індетімен күресуі
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz