Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Атырау энергия және құрылыс колледжі КМҚК
Бекітемін
Колледж директоры
_______Темірташев Н.К.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Құрылыс жинақтау өндірісін ұйымдастыру технологиясы
Тақырыбы: Еліміздегі құрылыс дамуының негізгі кезеңдері мен еңбек ресурстары және еңбекті ұйымдастыру

Мамандығы: 140213- Техник- құрылысшы
Тобы: 18
Орындаған: Аманқос О.І.
Тексерген:

Атырау - 2021 ж
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1. қазақстандағы құрылыс саласы
1.1. Қазақстандағы құрылыс саласының жалпы сипаттамасы
1.2. Құрылыс дамуының негізгі кезеңдері
1.3. Еліміздегі құрылыс дамуының қазіргі жағдайы

2.Құрылыстағы еңбек ресурстары
2.1. Еңбек ресурстары мен еңбек өнімділігінің мәні
2.2. Құрылыстағы еңбек ресурстары

3.Құрылыста еңбекті ұйымдастыру

ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
кіріспе
Еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында құрылыс саласы көптеген қиыншылықтарға ұшыраған. Сол уақытта бұрынғы Кеңес Одағы тұсында қалыптасқан кәсіпорындардың бір-бірімен тікелей байланыстылығы бұзылып, соған сәйкес көптеген құрылыс нысандары тоқтап қалған. Нәтижесінде құрылыс саласы көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Ал, сол қиыншылықтарды артқа тастап еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруымен қатар құрылыс саласы жаңа қарқынмен дами бастады.
Жалпы еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы құрылыс саласында орын алған бұл өзгерістерді сипаты бойынша үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады:
Алғашқы кезең 1991-1995 жылдарды қамтиды, яғни еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы бес жылы. Бұл уақыт аралығы Кеңес Одағы ыдырап көптеген кәсіпорындардың жұмысының тоқтап қалуына байланысты республика бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі едәуір қысқарды.
Екінші кезеңге 1996-1999 жылдар аралығын қарастыруға болады. Бұл жылдар еліміздің экономикалық қиын қыстауды басынан өткеріп, нарықта экономика жолына бет алып қайта қалыптаса бастаған уақытындағы кезең.
Соңғы кезең, 2000 жылдан бастап қазірге дейінгі уақыт аралығы. Бұл аралықты біздің елімізді әлемнің барлық елдері мойындап , экономикамыздың жанданып дамушы елдер қатарына қосыла бастаған кезеңі.
Салынған құрылыс объектісінің жақсы болуы, оның сапасының белгіленген стандарттарға сәйкес келуі осы құрылысты салуға пайдаланылған құрылыс материалдарына тікелей байланысты. Құрылыс саласы қызметінің тиімділігн арттыру үшін құрылыс өндірісіне жұмсалған материалдық қорлар туралы шынайы ақпараттарды уақытылы алудың маңызы өте зор.
Елімізде құрылыс саласы көлемінің күн санап артуына байланысты құрылыс өндірісіне жұмсалатын материалдық шығындарды төмендету, оған сәйкес құрылыс өнімінің бағасын арзандату, тұрғызылатын объектінің сапасын жақсарту шараларын жүзеге асыруда еңбек ресурстары мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру өзекті мәселе болып отыр.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстандағы құрылыс саласын, оның дамуы мен кезеңдерін, еңбек ресурстарын, еңбекті ұйымдастырудың негізгі мәселелерін жан-жақты қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Құрылыс саласына жалпы мәлімет беру;
Еліміздегі құрылыстың дамуы мен оның кезеңдерін бөліп қарастыру;
Қазақстандағы құрылыстың негізгі ерекшеліктерін ашу:
Еңбек ресурстарын талдау;
Еңбекті ұйымдастыруды теориялық жетілдіру.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ

Қазақстандағы құрылыс саласының жалпы сипаттамасы
Құрылыс -- өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады.
Қазақстандағы құрылыс саласы -- құрылыс нысандарын жаңадан салу, ұлғайту, жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу, құрал-жабдықтар орнату, құрастыру жұмыстарын индустриялық әдіспен жүзеге асыратын құрылыс-құрастыру ұйымдарының жиынтығы. Құрылыс индустриясының үздіксіз дамуы шаруашылықтың барлық саласымен, әсіресе күрделі қаржының ұдайы өсуімен тығыз байланысты. Құрылыс индустриясының өніміне құрылысты аяқталған және жабдықтары түгел орнатылып, құрастырылған, іске қосылуға даяр өндірістік орындар мен тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыстық, коммуналдық, т.б. ғимараттар жатады.
Құрылыс индустриясының пайда болуы қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне, өнеркәсіптің, қалалардың, қатынас жолдарының, сауданың дамуына байланысты болды. Неғұрлым күрделі жаңа үйлерді, ғимараттарды салудың қажеттілігі құрылысты мамандандыруды, оны дербес шаруашылық саласына айналдыруды қажет етті. Қазақстанда Құрылыс индустриясы құрылыстың жедел қарқынмен дамуы және үнемі жетілдірілуі нәтижесінде қамтамасыз етілді. Мердігерлік тәсіл құрылысты жүргізудің басты түріне айналып Құрылыс индустриясын дамытуды едәуір жеделдетті. Кеңестік дәуірде сонымен бірге ұжымшар аралық құрылыс ұйымдары да құрылыс-құрастыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуға едәуір септігін тигізді. Қазіргі нарықтық экономика кезеңінде құрылыс-құрастыру ұйымдары түгелдей дерлік жекешелендіріліп, бірқатары ірі холдинг-компанияларға айналдырылды. Олар негізінен құрылысты мердігерлік тәсілмен жүргізеді.
Қазақстандағы құрылыс саласында жұмысшылар кәсіподақтарға бірігеді, сонымен қатар жұмыс берушілер жұмыс берушілер ассоциацияларына бірігеді. Кәсіподақтар және жұмыс берушілер ассоциациясы құрылыс саласындағы еңбек шарттарын реттейді. Мысалы, тарифтер бойынша келіссөздер негізінде еңбек ақы көлемі анықталады. Құрылыс саласы негізгі және қосымша құрылысы жұмыстарына бөлінеді (1-сурет).

1-сурет. Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Еліміздегі құрылыс кешенінде нарықтық қатынастарды іске асыру күрделі құрылыс салаларына жалпы болған ерекшеліктері бар: бір жағынан, жерге байлану, бір уақытта көп сома жұмсалуы және т.б., басқа жағынан - құрылыстық белсенділік спецификалық түрімен (саласымен) байланысты болған ерекшеліктер. Яғни азаматтық-тұрғын үй құрылысымен айналысатын құрылыс-монтаж ұйымдары негізінен аймақтық (жергілікті) нарықта қызмет атқарады, ал өндірістік құрылыспен (әсіресе мұнай-газ өндіретін өнеркәсіпте, көлікте, энергетикада және т.б.) аймақ территориясында да, Республиканың барлық субъектілерінде де қызмет атқарады. Мұндай режим тар ауқымдағы құрылыс-монтаж ұйымдарына тән. Ал құрылыстық материал өнеркәсібіне (жергілікті емес), құрылыс машиналары мен механизмдерінің, технологиялық құрылғылардың өндірісіне келетін болсақ, мұндағы нарық белсенділігінің аймақаралық ареалы бар.
Сонымен бірге, құрылыс нарығының өзінің әжептеуір қиындықтары бар, олар халықшаруашылығының экономикасының жалпы дағдарыстық күйімен байланысты.
Еліміздегі құрылыс нарығы ашық ұйымдық - шаруашылықтық жүйеден тұрады: тауарлық - ақшалық қатынастар іске түскен жағдайда нарық субъектілері (инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалаушы ұйымдар, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары және т.б.) өзара экономикалық қызығушылықтарын жүзеге асырады.
Құрылыстық нарыққа жүйе түрінде өз ішіне келесілерді алады:
а) құрылыс нарығының субъектілері (элементтері);
б) нарықтық қатынастардың объектілері (заттары);
в) құрылыстық кешен нарығының инфрақұрылымы;
г) нарықтық механизм;
д) мемлекеттік бақылау, бағдаржәне нарықтың өзіндік бағдары.
Инвесторлар, тапсырыс берушілер, мердігерлер, жобалаушы ұйымдардың ҒЗИ-ы, құрылыс материалдары өнеркәсібінің кәсіпорындары, бұйым және конструкция өнеркәсібінің кәсіпорындары, құрылыстық, технологиялық, энергетикалық және басқа құрылғылары, тұрғындары құрылыс нарығының субъектілері (элементтері) болып табылады.
Құрылыс өнімі (ғимараттар кешендері, т.б.); құрылыс машиналарын, көлік құралдары, энергетикалық, технологиялық және басқа құрылғылар; материалдар, бұйымдар, конструкциялар, капитал, жұмыс күші, ақпарат және т.б. нарықтық қатынастарының объектілері (заттары) болып табылады.
Нарықтық механизмдерінгің қорғаушы күші сұраныс және ұсыныс болып қала береді. Мемлекет құрылыс нарығының субъектілерінің және оның инфрақұрылымының институальды тәуелділігін салықтық міндеттер, субвенциялар, антимонопольдық өлшемдер, аммортизациялық бөлінулер және т.б. негізінде орнатады және реттейді.
Құрылыс саласының субъектілері және оның инфрақұрылымының элементтері өзара байланыста және өзара қатынаста болады.
Құрылыс саласының ақпараттық жүйесінің негізгі міндеттері:
- тапсырыс беруші (инвестор) орнындағы құрылыс өніміне деген сұранысты білу;
- сәйкес мәліметтер қорын түзу;
- құрылыс - монтаждық ұйымының ағымдық өндірістік мүмкіндіктері, олар орындайтын жұмыстың мәнін, бағасы туралы ақпаратқа ие болу;
- жобалық және ізденушілік ұйымның ағымдық мүмкіндіктері, жобалық жұмысының бағасы туралы ақпаратқа ие болу;
- шығарылатын құрылыс материалының, бұйымының және бөлшектерінің көлемі, номенклатурасы, сапасы және бағасы туралы ақпаратты білу;
- құрылыс машиналары және механиздері бойынша нарық туралы ақпаратқа ие болу;
- құрылыстағы еңбек нарығы туралы ақпаратқа ие болу;
- коммерциялық жағдайға ие инвестициялық жоба туралы ақпаратты білу;
- жылжымайтын мүлік нарығымен өзара байланыс;
- жобалар, қаржылық ресурстар, құрылыс материалдары, машиналар, механизмдер, құрылыс өеімдері бойынша тендерлер өткізу үшін орталықтар құру;
- орталық мекемелермен - экономика министрлігімен, мемлекеттік құрылыммен және жергілікті әкімшіліктік органдармен өзара байланыс.

Құрылыс дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында құрылыс саласы көптеген қиыншылықтарға ұшыраған. Сол уақытта бұрынғы Кеңес Одағы тұсында қалыптасқан кәсіпорындардың бір-бірімен тікелей байланыстылығы бұзылып, соған сәйкес көптеген құрылыс нысандары тоқтап қалған. Нәтижесінде құрылыс саласы көптеген өзгерістерді бастан кешірді. Ал, сол қиыншылықтарды артқа тастап еліміздің экономикалық жағдайының жақсаруымен қатар құрылыс саласы жаңа қарқынмен дами бастады.
Жалпы еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы құрылыс саласында орын алған бұл өзгерістерді сипаты бойынша үш негізгі кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Алғашқы кезең 1991-1995 жылдарды қамтиды, яғни еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы бес жылы. Бұл уақыт аралығы Кеңес Одағы ыдырап көптеген кәсіпорындардың жұмысының тоқтап қалуына байланысты республика бойынша орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі едәуір қысқарды.Басталған жекешелендіру үрдістері құрылыс индустриясы саласындағы алпауыт кәсіпорындардың тарап кетуіне немесе жабылып қалуына, шағын құрылыс ұйымдарының көбеюіне алып келді.
Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің 1994 жылғы 11 наурыз N 258. және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.04.08. N 398 қаулысымен "Архитектура және құрылыс жөнiндегi Қазақ ССР Мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiту туралы" заңын жою туралы шешім қабылданды.Жаңа бекітілген Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi туралы қаулысында келесідей шаралар жоспарланған:
1. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi (Қазақстан Республикасының - Құрылысминi) құрылыс кешенi мен аумақтарда құрылыс салу және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру, тұрғын үйлер қорын пайдалануды жақсарту салаларындағы мемлекеттiк басқарудың орталық салааралық органы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз қызметiнде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн және басқа да нормативтiк актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
3. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өз құзыры аясында мемлекетке тиесiлi болуына, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, республика аумағында жүзеге асырылатын сәулет - қала құрылысы қызметiнiң барлық субъектiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
4. Қазақстан Республикасының Құрылысминi өзiне жүктелген негiзгi мiндеттерге сәйкес:
-сәулет пен қала құрылысы, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы, құрылыс-жол машиналарын жасау салаларында, тұрғын үйлер қорын қайта құруда, жөндеуде және пайдалануда, сондай-ақ құрылыстағы баға құрауда бiрыңғай экономикалық, техникалық және нормативтiк саясат жүргiзудi;
- құрылыс кешенiнде ғылыми-техникалық прогрестiң жетiстiктерiн ендiрудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк және аймақтық бағдарламалар әзiрлеудi және құрылыс кешенiнде инвестицияларды тиiмдi пайдалану мен олардың орындалуын бақылауды;
- Министрлiк құзыры ауқымында Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуына байланысты индикативтiк жоспарларға ұсыныстар енгiзу және қатысуды, күрделi құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнiң, құрылыс индустриясының, құрылыс кешенiне қажеттi машина жасау үрдiстерiн болжауды;
- сәулет, қала құрылысы, құрылыс салу, құрылыс материалдары өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы салаларындағы және жаңа тұрғын үй саясатындағы құқылық, әрi экономикалық тетiктер мәселелерi, сондай-ақ құрылыс кешенiндегi өндiрiстiң басым бағыттары мен маңызды түрлерiн дамытуды ынталандыру жөнiнен Қазақстан Республикасының заң актiлерiн әзiрлеуге қатысуды;
Екінші кезеңге 1996-1999 жылдар аралығын қарастыруға болады. Бұл жылдар еліміздің экономикалық қиын қыстауды басынан өткеріп, нарықта экономика жолына бет алып қайта қалыптаса бастаған уақытындағы кезең.Бұл уақыт аралығын еліміз экономикасының нарықтық жолға бет алып жекешелендіру үдерістері толығымен аяқталған кезең деуге де болады. Сол қиыншылықтар нәтижесінде еліміздегі құрылыс ұйымдарының саны 1991 жылы 3008 болса, 1996 жылы 391-ге жетті, ал 1999 жылы 88-ге дейін қысқарды. Негізгі үлес отандық жекеменшік ұйымдардың үлесіне тиесілі болды. (1996 жылы-69 %, 1999 жылы- 95%).
Сондай-ақ, бұл кезең құрылыс саласы көрсеткіштерінің тұрақтылығымен сипатталады:
Мердігерлік жұмыстар көлемі орташа 900 млн. теңге деңгейінде болды;
Осы кезең аралығында республика территориясында қызмет еткен құрылыс ұйымдар саны шамамен 3000 болды, яғни 1991 жылдың деңгейінде;
Жекешелендіру процесстері аяқталды.
Соңғы кезең, 2000 жылдан бастап қазірге дейінгі уақыт аралығы. Бұл аралықты біздің елімізді әлемнің барлық елдері мойындап , экономикамыздың жанданып дамушы елдер қатарына қосыла бастаған кезеңі.Біздің еліміздегі тұрақтылық пен ауызбіршілік, шикізат базасының үлкен қоры шетелдік инвесторлардың қызығушылығын тудырып ел экономикасының жаңа серпіліс алған кезеңі осы жылдардан бастау алды. Бұған бірден-бір дәлел ретінде еліміздің астанасының Алатау баурайынан Евразияның кіндігі болып табылатын Сарыарқа төріне қоныс аударып, бүкіл әлем халықтары қызығып тамсанатын алып шаһар елордамыз Нұрсұлтанның күн санап көркейуін және оның ХХІ ғасыр талабына сай бой көтеруін, сондай-ақ бизнес орталығына айналған Алматы қаласындағы бой түзеген әсем ғимараттарды атап өте аламыз. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған 2011 жылы өткен қысқы Азия ойындары қарсаңында Астана мен Алматы қалаларында спорттық және басқа да құрылыс кешендері бой көтерген. Сондай-ақ, елбасының халыққа жолдауында айтылған жүз мектеп және жүз аурухана, сонымен қатар соңғы жылдары жол картасы бағдарламасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде бой көтеріп жатқан ғимараттарды көре отырып еліміздің алып құрылыс алаңына айналғанын байқаймыз.Бұл айтылғандар еліміздегі құрылыс саласы өнімінің соңғы жылдары еселеп өскендігін дәлелдейді. Республика бойынша құрылыс ұйымдарының жай-күйін сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді 1-кестеден көруге болады.
Кесте 1
Республикада құрылыс ұйымдарының негізгі көрсеткіштері,
нақты бағамен
Көрсеткіштер
жылдар
Ауытқу (+;-)

2000
2005
2006
2007
2008
2009
2000-2009
2008-2009

сома
%
сома
%
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Мердігерлік келісімшарт бойынша орындалған жұмыстардың көлемі (млрд. теңге)
150,7
1066,3
1441,3
1617,5
1784,9
1821,8
+1671,1
1208,9
+36,9
102,1
1991 жылға сметалық базистік бағада
1496
7668
9864
10425
10619
10285
+8789
687,5
-334
96,85
Өткен жылға пайызбен
178,5
192,2
128,6
105,7
101,9
96,8
-81,7
-
5,1
-
Оның ішінде меншік нысанына қарай орындалған жұмыстардың көлемі (млрд. теңге)
13,8
7,2
8,1
8,4
12,4
14,9
+1,1
107,9
+2,5
120,1
Мердігерлік құрылыс ұйымдарының саны (бірлік)
2967
5624
6278
7087
7383
6709
+3742
226,12
-674
90,9
Оның ішінде меншік нысанына қарай
76
49
49
52
55
55
-21
+72,4
-
100
Құрылыс кәсіпорындарында жұмыс жасаған жұмысшылар саны
105,3
179,6
206,9
219,5
204,8
189,6
+99,5
+180,1
-15,2
92,6

Еліміздегі құрылыс дамуының қазіргі жағдайы
Құрылыс компаниялары соңғы 10 жыл ішінде 983,4 млрд теңгені құрайтын рекордтық соманы табуға мүмкіндік алды -- бұл, 2019 жылы құрылыс жұмыстарының көлемін 14% -ға өсуін қамтамасыз етті. Құрылыстың ЖІӨ-нің қалыптастырудағы үлесі 5,6%-ға дейін жетті. Сонымен қатар, жуықта құрылған инфрақұрылым арқасында елдің инвестициялық белсенділігі айтарлықтай күшейген, оның құрылыс саласындағы экономикалық даму үшін қосқан үлесі 6,2%-ға дейін жете алады.
Құрылыс саласы Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып қана қоймай, инвестицияландырудың да тартымды бағыттарының бірі болып келеді. Құрылыс саласы ЖІӨ құрамының 5,6% құрайды, ал құрылыс жұмыстарының көлемі жыл сайын орта есеппен 10% артып отыр.
2019 жылдың қорытындысы бойынша, 4,4 трлн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары орындалды, бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 14%-ға өсті. Сонымен қатар, қызметтің негізгі түрлерінде даму байқалады -- құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 11,7%-ға (3,8 трлн теңгеге дейін) өсті, күрделі жөндеудің өсуі 20,6%-ға дейін жетті (336,9 млрд теңгеге дейін), және ағымдағы жөндеу 19,6%-ды құрады (319,4 млрд теңгеге дейін).

2-сурет. Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге
Нәтижесінде, құрылыс компаниялары 47,1 мың құрылыс нысанын пайдалануға берді, оның 42,6 мыңы - тұрғын үйлер.
Өте көлемді жобалар ретінде электр жеткізу құрылғыларын (газ құбырлары, мұнай құбырлары және т.б.) салу -- орындалған жұмыстар мен қызметтер көлемі 1 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ, ауқымды жобалар - аэродромдарда автомобиль жолдарын, темір жолдарды және қону белдеулерін салу және жөндеу. Олардың жалпы құны 781,4 млрд. теңгені құрады.
Өз кезегінде, тұрғын үйлер құрылысының көлемі 650,2 млрд теңгені, ал өнеркәсіптік нысандар 579 млрд теңгені құрады.
Құрылыс саласы жұмыстары мен қызметтерін жүзеге асыруға бөлінген қаражаттың 88,3%-ы (немесе 3,9 трлн теңге) кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен бөлінді. Құрылысты қаржыландыруға мемлекеттің қатысу үлесі тек 0,2%-ды (немесе 6,9 млрд теңге) құрады, ал қалған 11,6% (немесе 510,8 млрд теңге) шетелдік кәсіпорындардан алынды.
Соңғы 10 жылда жоғарыда айтылған тенденция сақталып отыр, әрі жыл сайын меншікті капиталдың үлесі артуда. Кәсіпорындар есебінен жобалардың қаржыландыруы. Елдегі құрылыс бизнесін дамуына және компаниялардың қаржылық тұрақтылығын күшейтуіне себеп болатын көрсеткіш ол-кәсіпорындар есебінен жобалардың қаржыландыруы екені мәлім.
Соңғы бес жылдағы Қазақстанның инвестициялық саясаты елдегі инвестициялық ахуалды недәуір нығайтты. Мәселен, 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушы компаниялары Қазақстанға 130 млн. АҚШ долларын инвестициялады. Сонымен қатар, Astana International Exchange арқылы ұлттық экономикаға шамамен 2,5 млрд АҚШ долл. портфельдік инвестициялар тартылды, оның ішінде 2 млрд АҚШ долларынан астам мөлшердегі қарыз капиталы және 216 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі меншікті капитал.
Инвестициялар ағындарды жүзеге асыру даму институттары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, Қазақстанның Даму Банкі, KazakhExport, Kazyna Capital Management, Kazakhstan Project Preparation, Astana Hub, Даму Қоры, Qaztech және т.б, сияқты халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдіктері арқылы жүзеге асырылуда.
Айта келе, қосымша инвестициялық қорларды тарту құрылыс саласын дамытуға түрткі болады. Осылайша, тікелей шетелдік инвестициялар үлесі 1%-ға ұлғайған кезде, ол ЖІӨ қалыптастырушы ретінде, өзіндік үлесін 0,2%-ға дейін көтереді, ал тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялардың өсуі ЖІӨ-нің 0,1%-ға өсуін қамтамасыз етеді. Яғни, бұл салаға инвестициялар ағынының ұлғаюы жағдайында, мысалы, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда, ТШИ 816 млн Долларды құраған кезде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Аралас экономиканың сипаттамасы
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Білікті мамандардың шетелге кету мәселесі туралы сұхбат алу
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Салықтың пайда болу тарихы
Саяси жүйе теориясының авторы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
Инвестиция және қазіргі таңдағы оның жағдайы
Пәндер