Дене тәрбиесінің әдістемесі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі
Курстық жұмыс
Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Дене шынықтыру сабағының жалпы сипаттамасы, міндеттері, құрылымы, маңызы
ДО-42 тобы
Исмагулова Гүлдана
Жетекшісі: Райхан А.Т.
Ақтөбе - 2021 ж
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Дене шынықтыру пәнінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Дене шынықтыру сабағының міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .10
ІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... .16
2.1. Оқушылар үшін дене тәрбиесі пәнінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...16
2.2. Пәннің негізгі құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
ІІІ. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Денсаулық адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.
Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет. Мектептегі дене тәрбиесі жүйесінің негізгі мақсаты - жасөспірімдердің денсаулығын дұрыс қалыптастыру мен салауатты өмір салтының қажеттіліктерін тәрбиелеу болып табылады. Үйрету міндеті денсаулықты нығайтуға, дене мүшелерін жетілдіруге, адам ағзасын бірқалыпты дамытуға бағытталады. Негізгі көрсеткіші тән сұлулығы мен оны қалыптастыру, әрі денсаулығын жақсарту.
- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- әеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру
Дене тәрбиесінің маңызы : саналық және белсенділік, жүйелілік, біртіндеушілік, реттілік, даралық.
Курстық жұмыстың мақсаты: дене шынықтыру сабағына жалпы сипаттама бере отырып, оның міндеттерін, оқушылар үшін маңызын, негізгі құрылымын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Дене шынықтыру пәніне жалпы сипаттама беру;
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнін анықтау;
Дене шынықтыру сабағының міндеттерін игеру;
Оқушылар үшін дене тәрбиесі пәнінің маңызын зерттеу;
Пәннің негізгі құрылымын сипаттау;
Дене шынықтыру сабағы үрдісінде оқушылардың денсаулығын нығайтуды талқылау.
І. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
Дене шынықтыру пәнінің жалпы сипаттамасы
"Шынықтыру" деген сөздің негізгі мазмұны мен мағынасы адам ағзасының өзін қоршаған ортаның кейбір тиімсіз, әсіресе денсаулығына әсер
ететін жағымсыз құбылыстардың зардабына қарсы тұра білетін дененің сарқылмас күш-қуаты. "Шынықтыру" - дене жаттығуларымен айналысудағы сауықтыру жұмыстарының ең алғашқы бастамасы - күнделікті өткізілетін бой жазу жаттығулары. Шынықтыру дегеніміз - аз күш жұмсай отырып күшқуатымызды жан-жақты арттыруымыздың негізгі құралы. Балалық шақта бұл нәрестенің үйлесімді дамуына жақсы әсерін тигізетін, болашақта тәрбиелі және үйлесімді дамыған адам болып жетілуіне жол ашатын құдіретті күш. Жаттығуларды орындаудың мақсаты - бала ағзасын алдынала жұмысқа дайындау, ынтасы мен қабілетін арттыру.
Дене шынықтыру пәні - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б. тәрбиелермен тығыз байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғымның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс.
Дене тәрбиесі атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттерді шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ, біріншіден, бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды (әдет) козғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Сонымен, дене тәрбиесі дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсарту мен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. Дене тәрбиесі ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - дене қасиеттерінің тәрбиесі.
Дене шынықтыру сабақтары - балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын игеруін, дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жанжақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті оқу іс-әрекеті (сабақ) процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, дене шынықтыру мен спорт саласының кейбір қарапайым білімдерін хабарлау, дұрыс қимылқозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі, Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған. Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі. Сөйтіп, алға қойылған барлық міндеттерді сабақ процесінде жүйелі түрде орындау балалардың рухани және дене күшін қалыптастырады, оларды мектепке, спортпен және одан әрі қоғамдық пайдалы қызметпен айналысуға дайындайды.
Мектеп жасына дейінгі дене шынықтыру - бала денесін жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене шынықтыру - жалпы педагогикалык жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстармен, мысалы, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.
Оқушылар дене тәрбиесі - мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстарды қамтиды. Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индивидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. Дененің дамуы термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің
ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла бой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады.
Дене дамуы терминін кең түсінікте қолданғанда, оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді. Дене дамуы адам организмі - функцияларының және тұлға көлемдерінің бір қалыпта өзгеруінің, сонымен қатар бірге дамуының (қалыптасуының) табиғи процесі. Жалпы адам тұлғасының дамуының: 1) биіктеу деңгейі; 2) бір деңгейде қалыптасуы; 3) адамның дене мүмкіншілігін төмендету сияқты 3 сатысы болады.
1.2. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні
Бұл пән - дене тәрбиесі маманының кәсіптік білімінің деңгейін көрсететін негізгі пән. Ғылымдық және тәжірибелік мәліметтерді жинақтай отырып бұл ілім адамның дене тәрбиесі үрдісін басқару заңдылықтарын белгілейді, мамандарға дене тәрбиесі мен спорт саласында керекті білім береді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні үш бөлімнен тұрады.(1-кесте)
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәні
1-кесте
Спорт теориясы мен әдістемесі
Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері
Дене тәрбиесінің әдістемесі
1. Дене тәрбиесі теориясының жалпы негіздері - дене тәрбиесі мен спорт жүйесіндегі дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесінің алатын орнын зерттейді. Дене тәрбиесінде жиі кездесетін терминдерге, ұғымдарға теориялық түсініктер береді. Қазақстан дене тәрбиесі жүйесіне, дене тәрбиесі амалдарына, әдістеріне, дене қуаты қасиеттеріне, қағидаларына, қозғалысқа үйретуге т. б дене тәрбиесінде кездесетін әртүрлі мәселелерге терең ғылыми теориялық түсінік береді, олардың заңдылықтарын анықтайды, дене тәрбиесі тәжірибесінде қалай пайдалану керек екенін оқытады.
2. Дене тәрбиесінің әдістемесі- әртүрлі жастағы адамдардың дене тәрбиесінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын белгілейді, талқылайды. Жүргізілетін сабақтардың мазмұнын, құрылымын, түрлерін, жоспарлауды, ұйымдастыру әдістерін, әдістемелерін оқытады. Педагогикалық талдау, сабақ тығыздығын анықтау, жүктемені мөлшерлеу жолдарын үйретеді.
3. Спорт теориясы мен әдістемесі - жаттықтыру өткізу әдістемесін, кезеңдерін, әртүрлі ерекшеліктерді оқытады. Балалармен, жасөспірімдермен, ересек жастағы спортшылармен жаттықтыру сабақтарын жоспарлау, жүктеме беру, әртүрлі амалдарды, әдістерді, қағидаларды, әдістемелерді қолдану секілді спорттық жаттықтыруға, спортшылар дайындығына, оларды жоғарғы көрсеткішке жеткізу жолына бағытталған жұмыстарды жүргізуді үйретеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі пәнін оқу барысында біз мынандай ұғымдарды танып, түсіне білеміз: Дене тәрбиесі, Спорт, Дене қуатының реабилитациясы, Дене қуатының рекреациясы, Дене қуаты дайындығы, Дене қуатының жетілуі, Дене қуаты білімі, Дене дамуы.
Дене мәдениеті жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті жүйесінің негіздері. Дене мәдениеті жүйесінің негізгі бағыттары.
Қазақстан мемлекетінің дене мәдениеті жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, нормативтік-бағдарламалалық негіздердің жиынтығы және республикада дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер.
Дене мәдениеті жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан - тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан - жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту.
3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.
Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимал мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып-біле және ескере отырып дене тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік-білім беру кешені (қимыл - қозғалыс жасай білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір қарапайым білім) ғылыми негізделген
бағдарламаның талаптарын перспективалы қарастырады. Мұны игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі жан-жақты тәрбие берудің маңызды бөлігі болуымен бірге өз процесінде ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
1.3. Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Дене шынықтыру пәнінің жан-жақты тәрбие берудің маңызды бөлігі болуымен бірге процесінде ақыл - ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек т.б.тәрбиенің міндеттерін кешенді түрде жүзеге асырады. Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ, қозғалыс ойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б) тәрбиешінің назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай саналы әрекет ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
2-кесте
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Сауықтыру міндеттері. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің міндеттері-өмір қорғау және денсаулық нығайту балалардың организмін шынықтыру болып табылады. Жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организімінің даму ерекшеліктерінен туа отырып, әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде анықталады:
дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иілістерінің қалыптасуына, табан үзінділігінің дамуына, байланыс буындық аппараттың нығаюына көмектесетін, дене бөліктерінің дұрыс арақатыста дамуына, сүйектердің өсуі мен салмағын реттеуге себепші болып;
бұлшық еттердің барлық топтарын кеуде, арқа, аяқ-қол, алақан, табан, мойын, ішкі органдар, оның ішінде жүрек, қан тамырлары, бұлшық еттерін дамыту, нашар дамыған иіп жазғыш бұлшық ет топтарына айрықша көңіл бөлу;
қанның жүрекке қарай ағуының күшеюіне, оның жиырылу жиілігінің және тұтқиылдан өзгерген жүкке бейімделу қабілетін жақсарта жәрдемдесу;
тыныс жолдары еттерін нығайту, кеуде клеткасының қозғалғыштығын дамыту, тыныс алудың тереңдеуіне ауаны үнемді жұмсауға, тыныс ырғағының тұрақталуына, өкпенің ауа сыйымдылығын арттыруға себепші болу, мұрын арқылы дем алуды үйрету;
ішкі органдардың дұрыс қызмет етуіне көмектесу, теріні зақымданудан сақтау және оның дұрыс қызмет етуіне жәрдемдесу; қозу және тежелу процестерінің тең қалыптылығына, олардың қозғалмалығына, белсенді тежелістің дамуына, сондай-ақ қимыл-қозғалыстық анализатордың, сезім мүшелерінің жетілуіне себепші болу.
Білім беру міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру міндеттерін шешудің де маңызы аз емес. Қимылқозғалыс дағдыларын қалыптастыру, денені түзеу ұстау, гигиена дағдыларын бойға сіңіру, дене тәрбиесі туралы білімді игеру. Жүйке (нерв) жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл-қозғалыс дағдылары басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін балалар күнделікті өмірде пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді және оны танып білуге көмектеседі: мәселен, еңбектеуді үйренген бала оны қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі, жүзу кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады. Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, бунақтардың, сүйек жүйесінің жетілуіне тиімді әсер етеді. Мысалы қолды артқа сілтей құлаштап лақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды кеуде, аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай жасайды. Қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары баланың күш үнемдеуіне мүмкіндік береді. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады. Нық қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл-қозғалыс және ойын ісәрекетінің күтпеген жерден туатын міндеттерін ойластыруға мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді үйренген бала, мысалы, Жар астында қасқыр бар ойынын ойнап жүргенде қалай секіру керек екендігін жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын ойластырады. Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қимыл-қозғалыс дағдылары мектепте оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар (И.ТерОвенесян, В.Брумль т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды балалық шақтан бастаған. Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар-жүру жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу, жер бауырлап қозғалу, асып түсу, лақтыру, секіру), спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки, велосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис, бадминтон, городки, волейбол, баскетбол, хоккей, футбол т.б.). Жас мөлшеріне қарай бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимыл-қозғалыс дағдыларының көлемі Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасында берілген. Балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы күндерден бастап, дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік, тепе-теңдік сақтау т. б.) дамыту қажет.
Мұндай қасиеттерді дамытуға мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің, шашаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру алыстығы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай жасауға, ұзақ жол жүруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жүргенде, жүгіргенде бағдар сақтау -- балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді. Дене қасиеттерін дамытпайынша бала аса қарапайым жаттығуларды да орындау, қимыл-қозғалысты тілейтін іс-әрекетің алуан түрлерін жетілдіре алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге тәрбиелеудің маңызы зор.
Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның дұрыстығы дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды. Бұл жаста жеке және қоғамдық гигиенаның бастапқы дағдыларын бойға сіңірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет сындыру, костюмді, аяқ киімді күту, ойыншықтарды, дене шынықтыру құралдарын, бөлмені таза ұстау т. б.) үлкен маңызы бар. Балалардың денсаулығы көбіне, осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым білімді хабарлаудың маңызы бар. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде айналысуға және балабақша мен отбасында дене тәрбиесі құралдарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz