Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі

Курстық жұмыс
Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Дене тәрбиесі арқылы бала денсаулығын нығайту
ДО-42 тобы

Тобыш Ділда Тобышқызы

Жетекшісі: Райхан А.Т.

Ақтөбе - 2021 ж

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

І. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
1.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері
1.2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
1.3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау

ІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ
2.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері
2.2 Мектептегі дене шынықтыру сабағында қимыл сапалықтарын дамыту негіздері
2.3 Мектепте ұлттық спорттық ойындарды ұйымдастырудың маңызы

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Мектеп жасындағы балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық -- тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Дене тәрбиесі мәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады. Осыған байланысты мектеп жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде асыру маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы мен өзектілігі: Курстық жұмыста мектептегі дене тәрбиесі пәнінің бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызы сөз болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мектептегі оқушылардың мақсатты түрде дене тәрбиесі пәнін ұйымдастырып, дене дамуындағы қозғалғыштық қабілеттерінің оңтайлы іске асырылуын зерделеумен қатар, бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау.
Дене тәрбиесінің мақсаты - денсаулығы мықты, рухы сергек, Отанын қорғауға және ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыру болып табылады. Осы жас ұрпақты дене жетілдіруінің бастауыш сынып дене тәрбиесі сабағындағы жеңіл атлетика, гимнастика, жүзу бөлгінде, қимылды ойындар ерекше орын алады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Дене тәрбиесі мәселелеріне шолу;
- Дене тәрбиесіндегі қозғалмалы ойындардың маңызын анықтау;
- Балалардың қимыл-қозғалыстарын қалыптастыру жолдарын көрсету.

І. МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ

1.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.). Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым.
Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады.
Жүйенің ең басты қызметі -- адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары:
1. дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек;
2. дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек;
З. дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті;
4. санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Сабақта сауықтыру, тәрбие және білім беру міндеттері бірге қарастырылуы керек. Сабақ бағдарламалары гимнастика, жеңіл атлетика (жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, гранат лақтыру, ядро серпу), шаңғымен даярлану және спорт ойындары секілді циклдар кезегі негізінде құрылады. Оқушылардың дене тәрбиесі формалары бойынша әр түрлі. Бұл таңғы гигиеналық гимнастика, сабаққа дейінгі гимнастика, сабақ барысындағы денешынықтыру минуттары мен денешынықтыру үзілістері, ұзартылған күн тобындағы спорт сағаты, сыныптан тыс және мектептен тыс сауықтыру шаралары (серуендер, экскурсиялар, жорықтар), дене жаттығуларымен өздігінше шұғылданулар. Бірақ, сонда да болса, негізгі дене тәрбиесі оның өзіне арналған арнайы сабақтары болып қала береді.
Дене шынықтыру сабақтары ұзақтығы 35 - 45 минуттан аптасына кем дегенде екі рет өткізілуі тиіс. Мамандар оларды оқу кестесіне статикалық және интеллектуальдық ширығуларды қажет ететін сабақтармен кезектестіре отырып дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері ендіруді ұсынады. Сабақтар ашық ауада өткені дұрыс. Дене шынықтыру бойынша екі түрлі сабақты біріктіріп өткізуге (жүзу мен су шаңғысынан басқасын) болмайды. Бұл сабаққа оқушылар спорттық киімдері мен спорттық аяқ киімдері болған жағдайда ғана қатыса алады. Сабақ ашық ауада өтетін кезде үстіге және аяққа киетін киімдер ауа-райының жағдайына сәйкес болуы тиіс.
Сабақтың қимыл-қозғалыстық сипаты - оқушы қимыл-әрекеттерді орындауға жұсайтын уақыт арақатынасы. Сабақтардың жалпы ұзақтығына шаққанда залда өтетіндері 70 %-дан, ашық ауада өтетіндері - 80 %-дан кем мөлшерде болмауы шарт. Дене жаттығулары жүрек соғысының жиілігі орта есеппен минутына 140 - 160 реттік деңгей мөлшерінде болғанда ғана оңды нәтиже береді.
Сабақ өзінің құрылы бойынша 3 бөлімнен тұрады - кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдер. Кіріспе бөлімнің ұзақтығы - 5 - 10 минут, бұл бөлімнен кейін жүрек соғысының жиілігі тиісті деңгейдің 25 - 30 %-ын құрайды. Сабақтың негізгі бөлімі 25 - 30 минутқа созылады, мұнда жүрек соғысы жиілігінің деңгейі 80 - 100 %-ға жетеді. Қорытынды бөлімнің ұзақтығы - 3 - 5 минут. Сабақ аяқталған кезде немесе үзіліс сәтіндегі 3 - 4 минут ішінде жүрек соғысы өзінің бұрынғы қалпына келеді.
Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтары орта есеппен тәуліктік белсенді қимыл-қозғалысты уақытқа шаққанда оның 16 - 37 %-ын құрауы тиіс. Ал қалған дене қызметі түрлері (таңертеңгі гимнастика, мектептен тыс шұғылдану және т. б.) - 49 - 50 % -ын құрауы керек. Бұл гипокинезияның алдын алуға жеткілікті жағдай.
Табиғат аясында табиғи факторлар (күн, ауа) арқылы шынығуды қолдау мақсатында ашық спорт құрылғыларында шұғылдану тәсіліне басым сипат беріледі. Ашық ауада шұғылданған кезде ауа-райының температурасы ескеріліп отыруы шарт. Мәселен, салқын мезгілдері 1 - 2-сыныпта оқитын балалар үшін бұл мөлшер - 8ºС; 3 - 4-сыныптықтар үшін - 10ºС; 5 - 7-сынып балалары үшін - 12ºС; жоғары сынып оқушылары үшін - 15ºС мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Мектеп кестесіндегі дене тәрбиесі сабағын өткізетін уақыттың да белгілі бір өзіндік мәні бар. Зерттеу нәтижелері бойынша бұл сабақтарды дербес тәуліктік биоритмге сәйкес оқушы организмінде биологиялық белсенділік күшейген сәттерде өткізген оңтайлы болады. Бұл бірінші ауысымда оқитын оқушылар үшін - сағат 10 - 12, екінші ауысымдағылар үшін - 15 - 18 мерзімі аралықтары.
Дене шынықтыру сабақтарында қазіргі заманғы талаптарға сай жөндемді ойын жабдықтары мен спорт инвентарларын қолдану керек. Олардың қауіпсіздігі санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен куәландырылуы тиіс. Стационарлық спорт жабдықтары сенімді түрде бекітілген болуы және балалардың жас мөлшері мен бойларына сәйкес келуі қажет.
Сабақта денсаулыққа зиян кетіруі мүмкін деп есептелетін дене жаттығулары қолданылмауы тиіс. Атап айтқанда:
омыртқаның вертикаль осі бойынша басқа қысым түсіру;
бас пен мойынды алға, артқа, екі жанға қарай тым қатты қисайта қимылдау; қолды алға немесе екі жанға қарай соза құлау;
дененің соққы алуы: бастың кез келген тұсынан ұру, қолды бастан асырып ұзақ уақыт жүру және т. б.
Дене шынықтыру сабағы қызықты, оңды эмоциялар тудыратын жағдайда ғана жақсы нәтиже береді, пайдалы болады.

1.2 Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің негіздері
Дене тәрбиесі үрдісі күрделі, әр жақты және мектептің басқа оқу-тәрбие жұмыстарымен өте тығыз байланысты болғандықтан, ол терең ой-толғаныстарын, көлемді білімділікті керек етеді. Дене тәрбиесі міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке оқушылардың таңдап алған спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жетуін ғана емес, барлық оқушылардың денсаулықтарын нығайту, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын қалыптастыру арқылы оларды үлкен өмірге дайындайды. Мұғалім оқушыларды дене жаттығуларымен тұрақты, жүйелі шұғылдануға үйретеді.
Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады.
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл-әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан-жақты, толық дамымайды. Дүниежүзі, Ресей және Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет. Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланыңденсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең - мектеп жасындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады. Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалылығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан мысал іздегіңіз келсе, дене тәрбиесі сабақтары дұрыс өтпеген мектептерді бітірген адамдардың ебедейсіз, орашолақ қимыл-әрекеттерін көресіз, солардан мысал табасыз.
Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минуттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар шылым шекпейді, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады, ондай келеңсіз іс-әрекеттермен айналысатын адамдардың арасында болмайды. Өйткені олардың бос уақыттары аз, адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.
Мектеп жасында балалардың ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене және ақыл-ойжұмыс қабілеттілігі деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әр түрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек. Оны түсінген оқушы өзінің дене және ақыл-ой, жұмысқа қабілеттілігі деңгейін жоғарылатуға тырысады, ұмтылады. Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.
Балалар мен жасөспірімдер 7 жастан 17-18 жас аралығында мектеп қабырғасында білім алады. Осы кезеңде олардың денсаулықтары нығаяды, дене келбеті, түзу тұлғасы, әр түрлі қимыл-қозғалыс шеберліктері қалыптасады, негізгі жан-жақты қасиеттері дамиды.
Ғалымдардың дәлелдеулерінше, осы кезеңдегі негізгі денсаулық белгісі - оқушылардың дене дамуы. Балалардың бойы мен салмағына қарап олардың өмір сүру жағдайы мен сыртқы ортаның бала ағзасына жағымды, жағымсыз әсерін білуге болады. Балалардың бойы мен салмағы олардың денсаулықтарын анықтайтын санитарлы-гигиеналық, дәрігерлік-қоғамдық көрсеткіш болып табылады .
Ғылыми-зеттеулердің нәтижелері бойынша, баланың бойы орташа көрсеткіштерден жоғары болса, оларды тұрақты дәрігерлік бақылаудан өткізіп, ағзасының жүктемеге төзімділігін тексеру қажет болады. Салмағы орта көрсеткіштерден артық болса оның ағзасында функционалдық өзгерістер, жүрек-қан тамыры жүйесі жұмысы нашар болуы мүмкін деп есептеледі. Осы жағдайларды сабақ кездерінде жүктемелер бергенде ескеру қажет.
Орта көрсеткіштерден бойы мен салмағы жоғары балалар мен жасөспірімдердің жүйке жүйелерінің қозу үрдісі тез болады, олар ашуланса көп уақыт сабаларына түсе алмай отырады. Ойын сабақтары, эмоциялық әсерлер көп пайда болатын кездерде, ондай оқушыларды мұғалімдер көбірек тынықтыруға тырысуы керек. Салмақтары өте аз оқушыларға тыныс алу, демалу кеуде бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларды көбірек беру қажет болады және тамақтану рационын, күнделікті режимді тиянақаты түрде орындау арқылы ағзаның функцианалды қалпын сақтап қалу қажет.
Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады. Қозғалыс кезеңдерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек.

1.3 Мектептегі дене тәрбиесі жұмысын жоспарлау
Жалпы білім беретін мектептердегі жоспарлау құжаттары: жалпы дене тәрбиесі және спорт жұмыстары жоспары және дене тәрбиесі сабақтарының жоспары деп екіге бөлінеді. Оны дене тәрбиесі мұғалімі оқу жылының басталуына дейін құрастырады.
Жалпы жылдық жоспар мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1. Ұйымдастыру жұмыстары;
2. Оқу жұмыстары;
3. Күн тәртібіндегі дене тәрбиесі сауықтыру шаралары;
4. Сабақтан тыс уақыттардағы спорттық көпшілік жұмыстары;
5. Үгіт- насихат жұмыстары;
6. Дәрігерлік бақылау және тазалық тексерулер;
7. Шаруашылық жұмыстары;
Осы дене тәрбиесі және спорттық жұмыстардың жылдық жоспарын жалпы білім беру мектептеріндегі дене мәдениеті ұжымының төрағасы мектеп директоры бекітіп, оның жұмыстарын ұжым кеңесі, барлық ұжым мүшелері біріге, жұмыла орындаулары керек.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі. 2. Тоқсандық жоспар кесте. 3. Әрсабақтық жоспар. 4. Жоспар-конспект.
Өзін-өзі бағалауға арналған тапсырмалар:
Дене тәрбиесіндегі жоспарлау.
Мектептің оқу бағарламасы.
Дене тәрбиесі жұмыстарының жалпы жылдық жоспарын құрастыру.
Оқу ағымының жылдық жоспар графигін құрастыру.
Тоқсандық оқу жоспары, оны құрастыру технологиясы.
Әрсабақтық оқу жоспары.
Сабақтың жоспар - конспектісі, оны құрастыру.
Дене тәрбиесі жұмысын дұрыс жақсы ұйымдастыру үшін, жұмысты орнықты орындау үшін, орындаған жұмыстарды бақылау және есепке алуға, тіркеу жүргізуге өте үлкен мән беруіміз қажет. Бақылау, есепке алу, тіркеу оқу және сыныптан тыс жұмыстардың дұрыс орындалғанын білуге, оқу үлгірімін бақылауға көмектеседі. Мектеп тәжірибесінде есепке алу мен бақылау үш кезеңнен тұрады. Олар: алдын - ала есепке алу, ағымдық есепке алу және қорытынды есепке алу. Есепке алу жүйесінде жоғарда айтылған негізгі түрлерінен басқа статистикалық, бухгалтерлік, қолма-қол тексеру түрлері қолданылады. Негізгі есеп алу құжаты мектеп сынып журналы болып есептеледі.
Сыныптан тыс жұмыстарды есепке алу, олардың орындалуын бақылау үшін басқа жұмыс дәптері жүргізіліп, орындалғаны туралы белгілер қойылып отырылады. Есепке алу және бақылау құжаттарында дене тәрбиесі мамандарының саны, разряд орындағандар саны, спорт түрлерінен дайындаған төрешілер тізімі, жоспар орындалуы туралы мәліметтер, құрал-жабдықтар саны мен дұрыстығы, президенттік сынаманы тапсырушылар туралы мәліметтер жазылады. Осы көптеген жұмыстардың құжаттарын сауатты дұрыс жүргізу, толтыру, мектепке келген тексеру комиссияларына толық көрсете білу мақсатында біз барлық мектептегі жоспарлау, бақылау, есепке алу құжаттарын жеті топқа бөліп жүйеледік.
Дене мәдениеті ұжымның мүшелері мектеп мұғалімдері мен оқушылар. Дене тәрбиесі жұмыстарын ұжым мүшелері сайлаған кеңес басқарады. Ұжым кеңесінің төрағасы мектеп директоры. Ұжымның барлық жұмыстарын белгілейтін, ұйытқы болатын, жүргізетін дене тәрбиесі мұғалімдері. Дене мәдениеті ұжымы ең алдымен өзінің жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарларын дұрыс ойластырып, құрастыруы қажет. Әрбір ай сайын өткізілетін ұжым кеңесінің отырыстарында осы жоспарлар, олардың орындалуы, адамдардың жауапершіліктері қатаң бақылануы, жұмыстары дұрыс бағаланулары керек. Мектептің дене мәдениеті ұжымының барлық құжаттарын дайындайтын дене тәрбиесі мұғалімі сауатты, білікті маман болуы қажет.
Дене мәдениеті ұжымының жалпы жиналысында мұғалімдер мен оқушылардың арасынан дене тәрбиесі мен спортқа қатысы бар, белсенді адамдар кеңес мүшелері болып сайланады. Кеңес құрамы 7-10 адам. Кеңес мүшелері арасынан төраға, төраға орынбасары, хатшы сайланады. Дене мәдениеті кеңесі жанынан көпшілік дене тәрбиесі, спорт шаралары, дене тәрбиесі белсенділерін дайындау, насихаттау және шаруашылық жұмыстарының комиссиялары құрылады.

ІІ. ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ РӨЛІ

2.1 Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді. Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Табиғи қозғалыстың түрлері жүгіру, қарғу, жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика өмірге қажетті дағды және іскерліктерді қалыптастырады. Жас адамдардық денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам қабілетін дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады, дене қозғалысын үйлестіреді.
Мектептегі дене тәрбиесі өнегелі әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттерімен бірге көмек көрсету, адалдыққа, өзін қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарауға, еңбекшілдікке ерік сапаларын қалыптастырып тәрбиелеуді қажет етеді. Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің мүмкіндіктерін арттырып өздерінің шығармашылығын дамытуға сезімі мол болып, ертеңге деген сенімі арта түседі. Нәтижесінде ертеңге деген сені мол болашаққа сенімді маман мектеп қабырғасынан өз жолдамасын алады.
Ендігі күрделі мәселе, қосымша білім алып дене тәрбиесі субьектісі ретінде жаңа талапқа сай функцияларын өзгерту мен тиімді амалдарды табу, жалпы дене тәрбиесі жұмыстарының жаңа тәсілдері мен әдістерін оларды ұйымдастыру қағидаларын анықтау шараларын жүзеге асыру міндеттері тұр. Ескере кететін бір жағдай, көпшілік денешынықтыру мен спорттың физиологиялық, моральдық, жалпы денсаулықты қалыптастырудағы пайдалы жақтары бүгінгі таңда терең зерттелуде. Қимыл- денсаулық көзі, ал денсаулық-адам бақытының негізі. Олай болса, үлкен спорт пен қарапайым денешынықтырудың денсаулыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі
Жанұяда орындалатын дене тәрбиесі жаттығулары
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Дене шынықтыру сабақтарындағы дене тәрбиесінің принциптері
Дене тәрбиесінің әдістемесі
Мақсаты, мәселесі, әдістер және зерттеу ұйымдастыру
Дене тәрбиесін өскелең өмір талабы деңгейінде ұйымдастырудың әдістемелік негіздері
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын нығайту
“Педгогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы” пәні бойынша әдістеме
Пәндер