ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М.Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация колледжі

Курстық жұмыс
Дене тәрбиесін оқыту әдістемесі пәні бойынша
Тақырыбы: Жазғы спорттық жаттығулардың маңызы, өткізу орны, жалпы сипаттама беру
ДО-42 тобы

Мендалина Гүлбақыт Сембайқызы

Жетекшісі: Райхан А.Т.

Ақтөбе - 2021 ж

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

І. ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1.1. Жазғы спорттық жаттығулардың жасөспірімдер үшін маңызы
1.2. Мектептен тыс жазғы спорттық-сауықтыру жаттығулары
1.3. Жаздық спорттық жаттығуларды орындау қағидаттары

ІІ. ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРУ
2.1. Жасөспірімдер арасында кең таралған жазғы спорттық жаттығу түрлері
2.2. Жазғы спорттық жаттығулар және олардың өткізу орындары

ІІІ. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
Спорттық жаттығулардың әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕр

КІРІСПЕ

Елдің атын бүкіл әлемге танытумен қатар ұлт денсаулығын нығайтуда, отаншылдық сезімді қалыптастыруда, өскелең ұрпақтың ұлттық рухын оятып, ойы мен бойын қатар дамытып кемел етіп қалыптастыруда және жұртшылықты ортақ мақсатқа жұмылдыруда спорттың алатын орны ерекше. Отандық тарихымызға бойласақ, елімізде спорт өнерінің тамыры тереңде жатқанын аңғарамыз.
Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі - мектепке дейінгі және мектеп жастағы балалардың денсаулығын сақтау, нығайту, интеллектуалдық жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың эмоциялық көңіл-күй жағдайын көтеруге қамқорлық жасау. Оның ішінде мектеп жасына дейінгі баланың барлық жағынан дамуына негіз болатын денсаулығын сақтау, нығайту. Жас өспірімнің дене және рухани күшін жан-жақты дамыту мен тәрбиелеуді құрсақтағы кезеңнен (мектепке дейінгі ұйымда ерте жастан) шақтан бастау маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы шапшаң дамиды. Оның жүйке, сүйек-бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс аппараттары жетіледі. Бұл кезеңде денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады. Мақсатты дене тәрбиесі мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған дене күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: өскелең ұрпаққа, мектеп жасындағы жасөспірімдердің дене және рухани күшін арттыруда дене тәрбиесіндегі жазғы спорттық жаттығулардың негізгі түрлері мен маңызын талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Жазғы спорттық жаттығулардың түрлері мен олардың жасөспірімдерге пайдасын анықтау;
Жазғы спорттық жаттығулардың маңызына жалпылама талдау жасау;
Жаттығу түрлерінің өткізу орындарының әртүрлігіне сипаттама беру;
Жаздық спорттық жаттығулардың орындалуына анықтама беру.

І. ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР

1.2. Жазғы спорттық жаттығулардың жасөспірімдер үшін маңызы
Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан-жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған дене күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз. Мектеп бағдарламасындағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.
Дене тәрбиесіндегі, сондай-ақ, спорттық жаттығулардың жасөпірімдер үшін маңызы өте зор. Жазғы спорт түрлері - бұл тек жылы мезгілде мүмкін болатын спорт түрлері болып табылады. Дәстүр бойынша ең танымал жазғы спорт түрлерінен жарыстар ашық ауада өткізіледі, бірақ басқа да көптеген спорттық жарыстар жылдың кез келген уақытында өткізілуі мүмкін, өйткені спорт залдарында, стадиондарда және бассейндерде қолайлы жағдайлар жасай аласыз.
Жазғы спорттық жаттығулар бойынша жұмыстардың міндеттері:
баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу;
ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудың оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге кемектесу;
балаларды ашық ауада дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру;
жеңіл қозғалыс дағдысына тәрбиелеу.
Жазғы спорттық жаттығулар көбіне жасөспірімдер үшін келесідей сыныптан тыс жұмыстың негізгі формаларында жүзеге асуы мүмкін : секциялар мен үйірмелердегі сабақтар, спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары. Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардың әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр-түрлі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Мектептен тыс дене спорттық жаттығулардың жаздық түрінің міндеттері:
1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.
2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уақыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.
3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру.
Жаздық спорттық жаттығулар оқушылардың бірнеше тобынан біріктіріп жаттықтыруы мүмкін. Осы аты аталған мақсатта жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:
1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді. Ол мекемелер: балалар, жасөспірімдер спорт мектебі. олипиадалық ізбасарлар спорт мектебі, жоғары спорттық шеберлік мектебі, спорттық мектеп интернаттар.
2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалрмен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер: жазғы сауықтыру лагері, еңбек сауықтыру лагері, стадиондар, су станциялары, жас туристер станциялары, мәдениет үйлері мен спорттық сауықтыру кешендері, мәдени демалыс парктері, аула клубтары.

1.2. Мектептен тыс жазғы спорттық-сауықтыру жаттығулары
Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары. Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады. Жас уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.
Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық сақтау басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерлерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады.
Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.
Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педогогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.
Жазғы балалар демалысын қызықты ойындар арқылы тиімді ұйымдастырылуы қажет. Жазда мектептегі дене шынықтыру сабақтары мен спорттық үйірме жұмыстары уақытша тоқтағандықтан, жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыру қиынға соғады. Оның себебі ата-ананың уақыты да, мүмкіншілігі де жетпей жатады. Ата-ана үшін ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаларын жіберу.
Балалардың жазғы тынығу лагерлері әр түрлі болғанмен олардың мақсаты мен міндеттері бірдей: балаларды тынықтыру, қызықтыру, денсаулығын нығайту, білімін кеңейту, тәрбиелеу. Осы мақсат, міндеттерді орындау үшін түрлі жұмыстарды ұйымдастырады. Ол жұмыстардың негізі болып әрқашан түрлі ойындар қала береді.

1.3. Жаздық спорттық жаттығуларды орындау қағидаттары
Жаз мезгілі, негізінен, спорттық жаттығу үшін аса қолайлы емес. Ауа температурасының жоғарылауы, күннің аптап ыстық болуы адамды жылдам шөлдеуге және шаршауға алып келуі мүмкін. Осындай ауа райында шынығу барысында арнай қағидаттарлы сақтау қажет. Жазғы жаттығу барысында қағидалар 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте
Негізгі қағидалар
Сипатама
Жаттығу уақытын дұрыс таңдай білу
Жаз айының басқа мезгілдерден ерекшелігі жаттығу жұмыстарын тек спортзалда ғана емес, табиғат аясында да жүргізуге болады. Ол үшін ағзаны шынықтыруға ыңғайлы уақыт аралығын таңдап алу керек. Себебі, жаз айларында түскі ыстық адам төзгісіз болады. Ал организм шынығу үшін жанға жайлы ауа райы қажет. Сондықтан, ерінбей ерте тұрып жаттығу жұмыстарын жасасаңыз пайдалы болмақ. Жазғы уақытта таңғы және кешкі серуеннің маңызы зор. Бұл мезгілде жүгіру, жай жүру, серуендеумен қатар, жағажайда түрлі спорттық ойындар ойнап, құмға, күнге қыздырынуға болады. Демалыс пен жаттығуды үйлестіре білген адамның шымыр болары сөзсіз.
Жаттығуға ыңғайлы киім таңдау
Кез келген спорт түрімен айналыспас бұрын, соған ыңғайлы спорттық киім таңдап алған абзал. Әсіресе, жаз айында кез келген киіммен жаттығу ыңғайсыздық тудырады. Кең тұратын ашық түсті киімдер - нағыз жаз айына арналған таңдау болмақ. Ашық түсті немесе ақ түсті киімдер күн сәулесін шағылыстыратын қасиетке ие. Ал қара түсті киімдер үнемі сәнде болғанымен, жазда мұндай түстерден аулақ болған дұрыс. Жаттығу барысында барынша терлетпейтін киім түрлерін таңдауға мән беріңіз.
Жеңіл, алайда жабық аяқ киім таңдаңыз. Адамдардың көпшілігі жаз айларында жан-жағы ашық аяқ киімдер кигенді дұрыс санайды. Алайда, ауа кіретін, "тыныс алатын", алайда жабық аяқ киім еңбек өнімділігін арттырады.
Суды көп ішу
Қалыпты жағдайда адам күн сайын 2 литр су ішуі керек. Ал аптап ыстықта сұйықтықтың көлемін көбейткен дүрыс. Себебі, жаттығу барысында адам терлейді. Соның әсерінен ағзадан артық су бөлінеді. Ыстықты жеңудің, жақсы жаттығудың бірден бір жолы - жеткілікті мөлшерде су ішу.
Күн сәулесінен қорғану
Жаз айында жақсы формада болу үшін тек қана жаттығу жеткіліксіз. Күн сәулесінен қорғану үшін күннен қорғайтын кремдерді қолданып, теріңізге күтім көрсету қажет. Күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғану - жаз айында аса маңызды. Ол тек косметикалық кемшілік қана емес, жалпы организмге де зиянын тигізуі мүмкін.

ІІ. ЖАЗҒЫ СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА БЕРУ

2.1. Жасөспірімдер арасында кең таралған жазғы спорттық жаттығу түрлері
Жазғы спорттық жаттығулар- бұл тек жылы мезгілде мүмкін болатын спорт түрлері болып табылады. Дәстүр бойынша ең танымал жазғы спорт түрлерінен жарыстар ашық ауада өткізіледі, бірақ басқа да көптеген спорттық жарыстар жылдың кез келген уақытында өткізілуі мүмкін, өйткені спорт залдарында, стадиондарда және бассейндерде қолайлы жағдайлар жасай аласыз.
Жазғы спорттық ойын түрлеріне келесілерді жатқыза аламыз:
жүзу;
велоспорт;
жеңіл атлетика;
фитнес;
волейбол;
баскетбол;
футбол;
бадминтон;
гимнастика;
теннис;
дзюдо;
гольф және т.б.
Дене тәрбиесі жүйесінің арнайы бөлімі болғандықтан спорт жаттығуларының жаздық түрінде де дене тәрбиесі амалдары қолданылады. Ол амалдардың көлемі мен құрамы спорттық жаттықтыру міндеттеріне байланысты болады.

Дене тәрбиесі жаттығудың негізгі амалдары үш топқа бөлінеді: жарыстық жаттығулар; арнайы дайындық жаттығулары; жалпы дайындық жаттығулары.
Жарыс жаттығулары кезінде орындалатын негізгі жаттығуларды жарыс жаттығулары дейміз.Барлық жарыс жаттығулары жарыс ережесіне сәйкес орындалу керек.
Арнайы дайындық жаттығулары спортшыларды жарыс жаттығуларына дайындау үшін қолданылады. Ол 5 топқа бөлінеді:
1. Жақындататын жаттығулар - негізгі жаттығуларды игеруді жеңілдететін қимыл әрекеттер.
2. Дайындық жаттығулары - негізгі жаттығуларды меңгеруге қажет дене қуаты қасиеттерін ( күш, жылдамдық, төзімділік т.б.) дамытатын жаттығулар.
Жарыс жаттығулардың бір бөлшегі түрінде орындалатын жаттығулар гимнастардың орындайтын көлемді жаттығуларының бөлшектері жүргіштердің жүгіру қашықтықтарының бөлімдері.
Бейнелеу жаттығулары жарыс жаттығуларын кеңістікке бейнелеу түрінде орындалатын жаттығулар (жүзу, жүгіру) т.б.
Жалпы дайындық жаттығулары спорт жаттығуларына көп ұқсамайды, жаттығушының қимыл қозғалыс қорын көбейтуге, жалпы жаттыққандылығын күшейтуге арналады.Дайындық кездеріне байланысты жалпы дайындық және арнайы дайындық жаттығуларының көлемі өзгеріп отырады.
Жазғы спорттық жаттықтыру принциптері. Жаздық спорттық жаттығуларының өзіндік ерекшелігі өзіне тән принциптерді тудырады.
Сапалық принциптері- спортшы саласында жоғарғы спорттық шеберлікке жету мақсатын қалыптастыру.
Біртіндеушілік принципі-жүктемені жоғарғы деңгейге дейін біртіндеп өсіру.
Даралық принципі - спортшының талантына, жаттықтыру әдістемесінің спортшының жеке басына байланысты өзгеруі, өзіндік жаттығу тәсілін орындау мүмкіндігі.
Жүйелік принципі- спортшының организмін шынықтырып, жақсы спорттық жетістіктерге жету үшін, спорттық жаттықтыру процесі бір жылға және көптеген жылдарға арналып құрастырылады.
Спортшы өзінің энергиясын, күшін керек уақытта жинақтап бір мақсатқа пайдалануы үшін психологиялық дайындыққа көп көңіл аудару тиіс.
Циклдік принцип. Жүйелік және біртіндеушілік принциптері жаттықтыру циклдерін құрғанда айқын білінеді. Циклдік дегеніміз - белгілі бір уақыт ішіндегі жаттықтыру процесі бөлімдерінің аяқталған жиынтығы. Әрбір келесі циклде жаттықтыру кезіндегі күш түсіру өсіп отырады.Циклдер: микроциклдер(апталық),мезоциклдер(а йлық) және макроциклдер(жылдық) деп бөлінеді.
Дене қуатына күш түсіру әр түрлі көлемде толқын түрінде өтеді.
Кіші толқындар - микроциклдегі күш түсіру қозғалысының толқын түрінде өзгеру сипаты. Орта толқындар - мезоциклді көлемдегі күш түсіру қозғалысының өзгеру сипаты.
Үлкен толқындар - макроцикл кезеңдеріндегі күш түсіру қозғалыстарының өзгеру сипаты.
Жалпы және арнайы дайындықтардың бірігу принципі. Спорт жаттықтыруының негізгі міндеті адам организмін жан- жақты дамыту болып табылады. Бұл процес жалпы және арнайы дайындықтың өзара байланысу арқылы орындалады.
Жалпы дайындық кезінде жоғары спорт көрсеткіштерін өсіру үшін керек әртүрлі дене қуаты қасиеттері дамытылады, кең көлемде қимыл қозғалыс шеберлігі мен дағдылары игеріледі. Арнайы дайындық кезінде таңдап алған спорт түріне керек дене қуаты қасиеттері дамытылады, қимыл шеберлігі жетілдіріледі. Спортшылардың жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы дайындық кезенге байланысты өзгертіліп отырылады. Дайындық кезеңінде жалпы және арнайы көлемінің проценттік арақатынасы 60-40 , жарыс кезінде 20, 30, - 80,70 процент, өтпелі кезенде 80-20б.к. Бұл спорттық жаттығу түрлеріне, спортшылар квалификациясына байланысты. Жоғары дәрежелі спортшыларға арнайы дайындық көлемі көбірек беріледі.

2.2. Жазғы спорттық жаттығулар және олардың өткізу орындары
Жүзу. Жүзу - бұл олимпиадалық суда орындалатын спорт түрі, ол әр түрлі жүзу қашықтықтарын және ең аз уақытта жеңуден тұрады. Жүзу түріне қарамастан, жүзгішке су астында 15 метрден артық емес (басында немесе бұрылудан кейін) жүзуге рұқсат етіледі.
Археологтардың зерттеулері бойынша адамдар жүзуді ежелден меңгерген дейді. Жүзу жаттығулары алғашқыда тамақ іздеумен және әскери істермен басталған. 1515 жылы Венецияда жүзушілердің алғашқы жарысы өтті. 1869 жылы Англияда алғашқы әуесқой жүзу мектебі ашылған ("Англияның спорттық жүзу Әуесқойлары қауымдастығы"). Біраз уақыттан кейін мұндай мектептер Швеция, Германия, Венгрия, Франция, Нидерланды, АҚШ, Жаңа Зеландия, Ресей, Италия және Австрияда пайда болды. 19 ғасырдың аяғында Су спортының танымалдылығының өсуі байқалды, бұл үшін жасанды бассейндердің пайда болуы қажет болды. 1896 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жүзу Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. 1899 жылы Еуропа елдері арасында "Еуропа біріншілігі"деп аталатын ірі чемпионат өтті. 1908 жылы Халықаралық жүзу Федерациясы (ФИНА) жарыстарды өткізу үшін негізгі қашықтықтарды, сондай-ақ жүзуді өткізу тәртібін әзірледі және тіркеді.
Бассейнде жүзу стилінің негізгі 4 стиль бар:
Кроль - жүзудің ең жылдам түрі, ол қолдар мен аяқтардың ауыспалы және симметриялы қозғалыстарымен сипатталады. Әр қол жүзгіштің денесінің осі бойымен кең соққы жасайды, ал аяқтар кезек-кезек көтеріліп, түседі.
Кроль артпен -жүзу стилі, ол қарапайым крольға өте ұқсас. Спортшы сонымен қатар аяқтарын кезек-кезек көтеру және түсіру арқылы қолдарымен кезек-кезек соққылар жасайды, бірақ артқы жағында жүзіп, тікелей қолымен судан өтеді.
Брасс-спортшының кеудесінде жатқан жүзу түрі, ал қолдары мен аяқтары су бетіне параллель жазықтықта симметриялы қозғалыстар жасайды.
Баттерфляй-жүзудің техникалық жағынан күрделі және шаршататын түрлерінің бірі. Көбелекпен қозғалу кезінде спортшы жүзгіштің денесін судан жоғары көтеріп, аяғы мен жамбас толқын тәрізді қозғалыстар жасайды. Бұл қояннан кейінгі екінші жылдамдық болып саналады.
Жүзу кезінде еркін стиль бар, оны спортшыға кез-келген жолмен жүзуге рұқсат етілген тәртіп деп түсіну әдетке айналған. Қазіргі уақытта барлық спортшылар крольды пайдаланады, өйткені бұл ең жылдам стиль.
Жүзу спортының өткізілетін орны. Жүзу бассейні - су спортымен айналысуға арналған тікбұрышты су алаңы.(1-сурет) Спорттық жүзу үшін бассейннің өлшемдері:
ұзындығы 50 метр және ені 25 метр (ені 2,5 метр жолдар үшін);
ұзындығы 50 метр және ені 21 метр (ені 2 метр 10 жол үшін);
ұзындығы 25 метр және ені 16 метр (ені 1,9 метр 8 жол үшін);
ұзындығы 25 метр және ені 11 метр (ені 1,75 метр 6 жол үшін);
ұзындығы 25 метр және ені 8,5 метр (ені 1,6 метр 5 жол үшін) болуы тиіс.

1-сурет. Жүзу алаңы
Аяқтау ережелеріне сәйкес бассейндер ұзындығы 50 метр және ені 25 метр болуы керек. Бассейн 8 жолға бөлінеді. Жолдардың жолақтары бір-бірінен диаметрі 5-15 см қалқымалардан тұратын бөлгіш гирляндалармен бөлінеді.Олардың әрқайсысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері
Аяқтың ұшымен тұру
КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Спорттық жаттығулардың жалпы сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Дене шынықтыру дамуында жарыстың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Пәндер