Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі
тіркеу нөмірі №____________ Бөлімі: Мұнай және газ
______________2021 жыл Мамандығы: 0809000 - Мұнай және газ
кен орындарын пайдалану
Тобы: 817.41

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Өндірістік экономиканы жоспарлау және өндірісті басқару
Тақырыбы: Еңбек өнімділігі және оны өлшеу әдістерін талдау

Орындаған: ____________________ Мұханбетжанов Н.Б..
Жетекші: ______________________ Құспанова Б.К.
Кафедра меңгерушісі: ___________ Қойшиева А.О.
Бөлім меңгерушісі: _____________ Алтай Қ.А.

Атырау - 2021 ж

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе

1. ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні
1.2. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
1.3. Еңбек өнімділігін жоспарлау

2. Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері
2.1. Еңбек өнімділігін өлшеудің маңызы
2.2. Еңбек өнімділігін өлшеудің негізгі әдістері

3.ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІн АРТТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ ФАКТОРЛАРЫ
3.1. Еңбек өнімділігінің өсуін талдау әдістемесі

ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Еңбекті адамның табиғатқа қатынасы жағынан анықтау ғана жеткіліксіз, сондықтан еңбек үрдісін сипаттайтын, бірақ қоғамдық нысанға қатыссыз категорияларды айқындау керек. Оларға еңбек өнімділігі, интенсивтілігі және еңбек өнімділігінің күші жатады.Осылардың ішіндегісі ең маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі дегеніміз уақыттың бір өлшем бірлігінде (1сағатта, 1күнде, 1айда, 1жылда) шығарылған өнімнің көлемін немесе бір өнімді өңдеуге кеткен еңбек уақытысы. Басқа сөзбен айтқанда берілген еңбек көлемінің тұтынушы құндарының көп немесе аз мөлшеріне айналу қабілеттілігі. Мұнда еңбек көлемі тұрақты, ал өндірілген тұтынушы құндарының мөлшері өзгермелі болады. Еңбек өнімділігі өскен сайын, өнімнің бір бірлігіне кететін еңбек үлесі қысқарады.
Кез-келген кәсіпорында оның мөлшеріне және меншік нысанына қарамастан, еңбек көрсеткіштері мен еңбекақы бойынша бірыңғай жүйе қолданылады. Ол кадрлар мен еңбек күшінің жағдайын және оларды қолдануын сипаттайтын көрсеткіштерден тұрады. Жүйе астылардың ең бір маңыздысы еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өндіріске адам факторының, техника мен технологияның, өндіріс үрдісінің ұйымдастырылуы мен өндіріс құрылымына әсер ететін көрсеткіштермен сипатталады.
Адам факторының әсер етуі жалпы және арнайы білім деңгейінің, біліктілігінің және өндірістік тәжірибесінің өзгерісі арқылы көрсетіледі. Техника мен технология-еңбек өнімділігіне әсер ететін негізгі факторлар, олар еңбек механизациясы, прогрессивті технология, жаңа конструкторлау мен модернизациялау, еңбек құралдарының өзгерісімен және табиғи жағдайлармен бейнеленеді.
Нарық экономикасына көшу жағдайында еңбекті қолданудың тиімділігін бағалау үшін актуалды болып аналитикалық пікірлер табылады. Біріншіден, олар еңбек өнімділігі өсуінің ішкі өндірістік резервтерін қолдану мен іздеу үшін теориялық негіз береді. Екіншіден, олар еңбек өнімділігін жоспарлау мен болжау тәжірибесін жақсартуға жәрдемдеседі. Үшіншіден, өнім өндірісіне және баға құрауға еңбек шығындарын есептеуді жетілдіруге мүмкіндік береді. Төртіншіден, кәсіпорындағы еңбекақыны жоспарлау мен реттеу кезінде еңбекті сақтау көрсеткіштерін толық қолдануға жағдай жасайды.
Қазіргі жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және оның өнімділігін жоғарылатуға көп көңіл бөлу керек, себебі олар экономикалық өсудің және прогрестің жалғыз көзі болып табылады.
Қалыптасқан экономикалық жағдайда еңбек тиімділігінің өсу мәселесі ең қиыны болып отыр, бірақ оны шеше отырып әлеуметтік бағытталған нарық экономикасын тұрғызуда жетістікке жетуге болады. Ол мәселені шешу үшін ұлттық өндіріс дамуына бағытталған қаржы-несиелік және экспортты-импортты саясатты жүргізу керек, мемлекетте жиналған интеллектуалды және еңбек потенциалына қорғанышпен қарау. Сондықтан да еңбек өнімділігінің өсуіне әсер ететін негізгі факторларды оқып білу және оның өсу резевтерін анықтаудың үлкен мәні бар.
Жоғарыда айтып өткендей, курстық жұмыстың мақсаты: кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу. Бұл үшін курстық жұмысқа келесідей міндеттер қойылды:
нарықтық жағдайдағы еңбек өнімділігінің негізін және маңызын анықтау;
еңбек өнімділігін жоғарылатуға әсер ететін негізгі факторларды анықтау;
кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың ұйымдық-экономикалық аспектілерін қарастыру;
кәсіпорынның экономикалық қызметіне сипаттама және еңбек өнімділігін ұйымдастыруын талдау;
кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылатудың басты бағыттарын анықтау.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер көздерінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі айқындалды және курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері анықталды.
Бірінші бөлімде еңбек өнімділігінің теориялық негіздері: еңбек өнімділігі ұғымы, қазақстандық және шетел экономистерінің еңбек өнімділігі терминінің түсіндірмелері, еңбек өнімділігінің көрсеткіштер жүйесі, еңбек өнімділігін бағалау әдістері және әсер ететін негізгі факторлар қарастырылды.
Екінші еңбек өнімділігінің негізгі өлшеу әдістері талданды және нарықтағы орны, артықшылықтары мен кемшіліктері, әсер етуші факторлар анықталды.
Курстық жұмыстың қорытындысында жұмыстың мазмұнын қортындылап, кәсіпорында еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар берілген.

ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні
Еңбек өнімділігі - алынған өнім көлемінің оны дайындауға жұмсалған еңбекке қатынасы (еңбектің өндіріс үдерісіндегі тиімділігі). Уақыт өлшемінде өндірілген өнімнің мөлшерімен (өндіріммен) немесе өнім өлшеміне жұмсалған уақыт шығынымен (еңбек сыйымдылығымен) тұлғаланады. Жеке және қоғамдық еңбек өнімділігі түрлеріне бөлінеді. Біріншісі нақты еңбек шығынын, екіншісі нақты және өткендегі (затандырылған) еңбек шығынын көрсетеді.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Өнімділік -- осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндіргенөнімдерінің
сол мерзімде жасалған, немесе еңдірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы. Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
ЕӨ = Өнім көлеміТірі еңбек шығындары
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет: Өндірістің техникалық дәрежесін көтеру
Кешендік механизация және автоматизация.
Прогресивтік технология енгізу.
Өнімнің конструкциясын, техникалық сипаттамаларын т.б. жетілдіру.
Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту немесе оларды басқалармен алмастыру.
Басқаруда еңбекпен өндірістіңұйымдастырылуын жетілдіру
Басқару құрылымын. Басқарудағы еңбекті механизациялау және рационалдау EFҰ (HOT) енгізу.
Еңбекті мөлшерлеу Өндіріс құрылымындағы өзгерістерге сәйкес еңбек шығындарының өзгерістері
Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес салмағын өсіру немесе төмендету
Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалификацияның өсуі, адамдардың еңбекке қатынасы
Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар -- жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына байланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. Әдетте, материалдық шығындардың үлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда кебінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама-қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді. Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар: тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу; шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі; НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б. Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты.
Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндірісдәрежесінің дамығаны сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының осүіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу -- әр 3 жылда жүріп отырады.
Жеке региондардың (және елдердің) орналасуының табиғи географиялық жөне демографиялық айырмашылықтары өндіріс шығындарының регионалдық (елдераралық) дифференциациясын тудырады. Бұдан көп бұрын А.Смит былай деп жазған: Егер кейбір бөтен ел бізді кейбір тауармен, біздегі бағадан арзан бағамен қамтамасыз ете алса, онда олардан сол тауарларды біздің өндірістің артық өндірген өнеркэсіп өнімдеріне сатып алған жөн. Бұл көзқарас абсолюттік артықшылык теориясы деп аталды. Д.Рикардо өзара пайдалы сауда мен еңбектің халықаралық мамандалуының жалпы принциптерін тұжырымдаған. Дамыған елдер жұмыссыздарға материалдық жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмектер береді. Оны алу үшін негізгі жұмыста істеген мерзімі талап етіледі немесе қоғамдық жұмыс (науқастарды, кәрілерді, мүгедектерді күтіп бағу, қаланы кеңейту т.с.с) істеуі тиіс. Жәрдемақы алу үшін табысқа қарай сақтандыру жарнамасын төлеу қажет. Жәрдемақы төлеу мерзімдері қатаң шектелген. Мәселен, АҚШ-та жәрдемақы алудың ең шекті мерзімі 26-30 апта, Жапонияда - 40 апта, Германияда - 104 апта. Кейбір дамыған елдерде жұмыссыздық жәрдем-ақысымен қатар қосымша жәрдемақылар төленеді, олар "мүқтаждықты" тексергеннен кейін ғана беріледі, яғни отбасы құрамы, еңбек қызметі, жұмыс істеген мерзімі және аясы, мемлекеттік марапаттаулары т.б.
Сонымен, жұмыссыздықтың болуы халықтың әлеуметтік қорғалу мәселелерін тудырады, оған XX ғ. екінші жартысынан бастап бүкіл дүние жүзі айрықша көңіл бөледі. Нарықтық жүйе жұмыс күшінің тұрақты жұмыспен қамтылуына кепілдік бермейді. Сондықтан мемлекет халықтың табыс деңгейінің, олардың жалпы көлемінің 50%-дан асуын қамтамасыз ететін, әлеуметтік корғау жүйесін құрады.
Қоғамдық өндіріс процесінде еңбек кеңістікке және уақытқа бөлінген. Сондықтан да әр жеке кәсіпорындарда өнім бірлігіне еңбектің жиынтық шығындары өткен еңбек шығындары ретінде, материалдық шығындар мен амортизация түрінде ағымдағы шығындарға қосылатын өндіріс құралдары; еңбек ақы және әлеуметтік сақтандыруға аударымдар формасында өндірістің ағымдағы шығындарына қосылатын тірі еңбек шығындары ретінде көрінеді.
К.Маркстың әдістемесі бойынша еңбек өнімділігін көтеру тұтынылған құнның бірлігіне тірі және қоғамдық еңбектің үнемделгенін білдіреді. Осыған байланысты тірі еңбек үлесі азаяды, ал өткен еңбек үлесі артады, бірақ тауардағы еңбектің жалпы сомасы азаяды. Басқаша айтқанда, жұмысшы белгілі бір уақыт аралығында негізгі капиталды өнімге көп айналдырған сайын, соғұрлым оның еңбек өнімділігі жоғарылайды.
Экономиканы басқару практикасында бұл тәсіл өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау үшін (өндіріс шығындары, рентабельділік, пайдалы тиімділік бірлігіне жиынтық шығындар динамикасы) қолданылады.
Еңбек өнімділігінің өсімі шығынның барлық түрлерінің төмендеуіне алып келеді. Бірақта өнімнің еңбек сиымдылығы, материал сиымдылығы және қор сиымдылығы әр түрлі бағытта өзгеруі мүмкін. Мұндай жағдай уақыттың белгілі бір кезеңінде капиталдың жиынтық көлемі ұлғайып, ал жұмысшы күшінің саны тез өседі, осыған байланысты еңбек өнімділігі құлдырап, әр жұмысшының еңбектің қормен қарулануы қысқаруы кезінде болады. Бірақта барлық жағдайда да еңбек өнімділігі өндірістің тиімділігі және интенсификациясы деңгейін сипаттайтын өндірістік қызметтің қорытынды, нәтижелі көрсеткіш болып қала береді. Бұл өндірістің нақты құралдарымен қаруланған және кеңістікте және уақытта белгілі бір сипатта ұйымдастырылған тірі еңбек тиімділігінің интегральды көрсеткіші.

1.2. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Өнімділік - осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы.
Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады.
Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық, немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл келесі 1.1. кестеде көрсетілген.

1.1-кесте

Ресурстардың бір түрі

еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері

Ресурстардың бірнеше түрі

Еңбек өнімділігінің көпфакторлы көрсеткіштері

Ресурстардың барлық түрлері

Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері
Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) - бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы. ЕӨ =Өнімнің көлеміЖанды еңбек шығындары
Бұның көп тараған формалары:
еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;
еңбек еткен бір адамның шығарғаны.
Еңбек өнімділігі көрсеткіштерін есептеу негізі еңбек шығынын (жұмыспен қамтылғандар саны, жұмыспен өтелген адам-сағат толық жұмыспен қамтылғандар эквивалентіндегі жұмыспен қамтылғандар саны) және өндіріс көлемін сипаттайтын (шығарылым және қосылған құн) болып табылады. Аталған бөлімде еңбек өнімділігін есептеу үшін қажеті, бар ақпараттық базаға талдау жүргізілген.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тауар және көрсетілетін қызмет өндірісі бойынша еңбек шығындары көрсеткіштері Халықаралық Еңбек Ұйымы, жұмыспен қамтылу және жұмыссыздық мәселесі бойынша Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясы қабылдаған қарардың негізінде әзірленген және жұмыспен қамтылу мәселесі бойынша халыққа статистикалық зерттеу жүргізуде және олардың нәтижелерін жалпылауда қолданылатын еңбек нарығы көрсеткіштерін әдіснамалық қамтамасыз етуге негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасымен қалыптастырылады.
Барлық қызмет түрлері бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызмет өндірісіндегі еңбек шығынын бағалау төрт көрсеткіш бойынша жүзеге асырылады:
жұмыс орындарының саны;
жұмыспен қамтылғандар саны;
жұмыспен өтелген уақыттың саны;
толық жұмыспен қамтылу эквиваленті
Еңбек өнімділігі көрсеткіштері ретінде ұлттық статистика тәжірибесінде мыналар пайдаланылады:
бір жұмыспен қамтылғанға есептегендегі жалпы қосылған құн (ЖҚҚ);
жұмыспен өтелген уақыт санына есептегендегі жалпы қосылған құн (ЖҚҚ);
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде көрсеткіштерді есептеу қажетті статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілген: жалпы қосылған құн көрсеткіштері туралы ұлттық шоттар статистикасы деректерімен және барлық жұмыс түрлерінде тауарлар мен көрсетілетін қызмет өндірісіндегі еңбек шығынын бағалау деректері.

1.3. Еңбек өнімділігін жоспарлау
Еңбек өнімділігінің артуы өндірілген өнімдегі тірі еңбектің үлесі азайып, өткен еңбектің үлесі артып келе жатқандығында, ал өндіріс бірлігіне тірі және материалдық еңбек шығындарының абсолютті мәні төмендеуде. Еңбек өнімділігін арттыруды жоспарлауда еңбек өнімділігінің деңгейін сипаттайтын абсолютті көрсеткіштер және оның өсу динамикасын анықтайтын салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады.
Мақсат пен объектіге байланысты еңбек өнімділігінің өсуін жоспарлау тәжірибесінде ең көп таралған екі әдіс бар:

өндірістік бағдарламаның еңбек сыйымдылығына (өндірілуіне) негізделген тікелей есептеу әдісі. Бұл әдіс учаскелер, цехтар, жұмыс орындары бойынша еңбек өнімділігін жоспарлау кезінде көбірек қолданылады;
* техникалық-экономикалық факторлар бойынша еңбек өнімділігін жоспарлау әдісі жалпы кәсіпорын (фирма) бойынша қолданылады;
Еңбек өнімділігін тікелей есептеу әдісімен жоспарлау.
Учаскелер, цехтар, жұмыс орындары бойынша тікелей есептеу әдісімен еңбек өнімділігін жоспарлау былайша жүргізіледі.
Өндіру (Ө) немесе еңбек сыйымдылығы (С) көрсеткіштері бойынша белгілі бір кезеңдегі еңбек өнімділігінің өзгеруі мынадай формулалардың көмегімен айқындалады:
ӨИ = Өе Өб ( 1)
немесе
ӨИ = Сб Се, (2)
Мұндағы, ӨИ-еңбек өнімділігінің өсу индексі;
Өе және Өб-есепті және базалық кезеңдерде тиісті өлшем бірліктерінде өнім өндіру;
Сб және Се-есепті және базалық кезеңдердегі өнімнің еңбек сыйымдылығы (норма-, адам-сағат).
ЖМ = (ӨеӨб) x 100 (3)
немесе
ЖМ = (СбСе) x 100, (4)
мұндағы ЖМ-еңбек өнімділігінің өсу қарқыны,%.
ӨҚ = [(Өе-Өб) Өб] x 100 (5)
немесе
ӨҚ = [(Сб - Се) Сб] x 100, (6)
мұндағы ӨҚ-еңбек өнімділігінің өсу қарқыны,%.
Еңбек өнімділігінің өсу пайызы еңбек сыйымдылығының төмендеу пайызымен сәйкес келмейді-біріншісі әрқашан екіншіден үлкен. Көрсетілген көрсеткіштердің арақатынасы мынадай формулалар бойынша айқындалуы мүмкін:
ӨҚ = (ТП x 100) (100 - ТП), (7)
ТП = (ӨҚ x 100) (100 + ӨҚ), (8)
мұндағы ТП-еңбек сыйымдылығының төмендеу пайызы.
Мысалы, егер еңбек сыйымдылығы 10% - ға төмендесе, онда Еңбек өнімділігі артады 11,1%: (10 x 100) (100 - 10) = 11,1.Егер Еңбек өнімділігі 10% - ға артса, онда еңбек сыйымдылығы 9,1%: (10 x 100) (100 + 10) = 9,1 Еңбек өнімділігінің өсуін жұмыс уақытын үнемдеу арқылы да анықтауға болады (Э):
∆ТП = э (ЕС-Э) x 100, (9)
мұндағы Э - еңбекті үнемдеу (адам-сағат);
ЕС-базистік кезеңнің еңбек сыйымдылығы бойынша өнімнің еңбек сыйымдылығы (адам-сағат).
Техникалық-экономикалық факторлар бойынша еңбек өнімділігін жоспарлау әдісімен еңбек өнімділігін жоспарлау.
Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің деңгейі және оны жоғарылату мүмкіндігі оның өсуінің бірқатар факторлары мен резервтерімен анықталады. Еңбек өнімділігінің өсу факторлары оның деңгейінің өзгеруіне себеп болатын себептерді білдіреді. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігінің өсу резервтері деп Еңбек ресурстарын үнемдеудің әлі пайдаланылмаған нақты мүмкіндіктері түсініледі. "Факторлар" және "резервтер" ұғымдарының арақатынасы фактор кез-келген құбылысты жүзеге асыру мүмкіндігінің себебі болып табылады, ал резерв белгілі бір жағдайда іске асырылмаған мүмкіндік болып табылады.
Еңбек өнімділігінің өсу факторлары мен резервтерінің әсері алдағы кезеңдегі жұмысшылар санының әр фактордың жеке-жеке және бірге болуына байланысты өзгеруі мүмкін. Бұл ретте әрбір фактор бойынша базистік және жоспарланған жағдайларда өнімнің жоспарлы көлемін өндіруге арналған еңбек шығындары салыстырылады.
Еңбек өнімділігінің өсу факторлары кәсіпорынның саласына және басқа да бірқатар себептерге байланысты, бірақ факторлардың келесі топтарын бөліп алу әдеттегідей:
* өндірістің техникалық деңгейін арттыру;
* өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
* өндіріс көлемінің өзгеруі және өндірістегі құрылымдық өзгерістер;
* сыртқы, табиғи жағдайлардың өзгеруі;
* басқа факторлар.
Тұтастай алғанда кәсіпорын (фирма) бойынша негізгі техникалық-экономикалық факторлар бойынша еңбек өнімділігін жоспарлау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1.Еңбек өнімділігін арттыру бойынша әрбір нақты I-ші іс-шараны әзірлеуден және енгізуден Еңбек ресурстарын үнемдеу айқындалады (Эі):
ЭІ = ∆Т (ЖҚ x ЖК) (10)
мұндағы DТ-өндірісте жаңа технологияны, жаңа бұйымды, жекелеген нақты іс-шараны және т. б. пайдаланудан өнімнің еңбек сыйымдылығының өзгеруі (нормо-сағат);
ЖҚ-жоспарлы кезеңде бір жұмысшыға жұмыс уақытының жылдық қоры (сағат);
ЖК-осы жұмысшылардың нормаларды орындаудың жоспарлы коэффициенті.
2. Барлық техникалық-экономикалық факторлар мен іс-шаралардың әсерінен еңбек ресурстарының жиынтық үнемделуі анықталады (Э) :
Э = ЅЭі. (11)
3. Барлық факторлар мен іс-шаралардың (DПТ) әсерінен қол жеткізілетін кәсіпорындағы (цехтағы, учаскедегі) еңбек өнімділігінің өсімі айқындалады):
∆ПТ = э x 100 (ЖС-Э) x 100, (12)
мұндағы Жс-базистік кезеңнің өндірілуі сақталған жағдайда жылдық жұмыс көлемін орындау үшін қажетті өндірістік-өндірістік персоналдың есептік саны (адам). Формула бойынша анықталуы мүмкін:
ЖС= ӨК ӨД, (13)

мұндағы ӨК-жоспарланатын кезеңдегі тиісті өлшем бірліктеріндегі өндіріс көлемі;
ДБ-базистік кезеңдегі тиісті өлшем бірліктеріндегі еңбек (өнім) өнімділігінің деңгейі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында шекті Еңбек өнімділігі тұжырымдамасы кеңінен таралуда, оған сәйкес қызметкерлер санының қосымша ұлғаюы шекті өнімнің аз өсуіне әкеледі. Сонымен қатар, шекті еңбек өнімі дегеніміз-бір қосымша қызметкерді жалдау арқылы кәсіпорын алатын қосымша өнім мөлшері.

2.Еңбек өнімділігін өлшеу әдістері

2.1. Еңбек өнімділігін өлшеудің маңызы
Еңбек өнімділігін өлшеу, көбінесе, тауарлар өндірісі нәтижесінің еңбек бірлігіне (өнімділік) қатынасы арқылы немесе кері шама - тауарлар өндірісі нәтижесіне еңбек шығынының (еңбек сыйымдылығы) қатынасымен жүзеге асырылады.
Еңбек өнімділігін өлшеудің тәсілі өте зор маңызға ие.
Экономиканың кез-келген бөлігінде, әрбір шаруашылық жүйеде, өнімділікті өлшеуде, өндірістің іс- әрекетінің нәтижесін, яғни өндірілген тауарлар көлемін мүмкіндігінше дәл өрнектеуді қамтамасыз ету маңызды. Әсіресе сала, кәсіпорын, жекелеген шаруашылық субъект деңгейінде өнім, қызмет, жұмыс көлемін неғұрлым дәл өрнектейтін натуралды көрсеткіштер болып табылады. Өнім түрлері ұқсас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында еңбек өнімділігінің өсу резервтері
Кәсіпорынның еңбек өнімділігін жоғарылату бойынша ұсыныстар әзірлеу
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау
ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері
Еңбек өнімділігінің арттырудың экономикалық бағасы
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Мұнай мен газ өнеркәсібінде еңбек өнімділігі көрсеткіштері және оларды анықтау ерекшеліктері
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі түсінігі
Пәндер