Омыртқа жотасы


БӨЖ №12
МЕЕББМ ҚАЗАҚСТАН- НУО КАЗАХСТАНСКО
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТІ УНИВЕРСИТЕТ
"Омыртқа бағанасының иілімдерінің айқындылық дәрежесіне байланысты қаңқа бітімінің түрлерін анықтау"
МАЗМҰНЫОрындаған : Кенжебек Ә.
Курс: 1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Тобы: 107 Б
Қабылдаған: Жунусова А. Ж.
Алматы, 2021
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Ⅰ. Омыртқа бағанасы 5
ІІ. Омыртқа бағанасының иілімдерінің айқындылық дәрежесіне байланысты қаңқа бітімінің түрлерін анықтау . . . 7
ҚОРЫТЫНДЫ 9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 10
КІРІСПЕАдамның жүріп - тұруына белгілі бір салмақ көтеруіне, бұрылуына кеңістіктегі қозғалысты қамтамасыз етуге тырысатын омыртқа жотасы болып саналады.
Омыртқа бағанасы (лат. Columna vertebralіs) - адам мен омыртқалы жануарлардың тұлға тірек қаңқасы.
Адамда Омыртқа бағанасы бір-бірімен өзара омыртқааралық шеміршектер (дисктер), байламдар және бұлшық еттер арқылы байланысқан 32 - 34 омыртқалардан түзілген. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының пішіні адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Омыртқа бағанасының атқаратын қызметіне байланысты әрбір омыртқаның өзіне тән құрамдық бөлімдері болады. Омыртқа қуыстарының жиынтығынан Омыртқа бағанасының өзегі пайда болады (жұлынды қорғайды) ; доғада омыртқаның қозғалысы үшін қажетті - өсінділер орналасқан. Буындық өсінділер омыртқааралық буындарды түзеді, көлденең және қанатты өсінділерге бұлшық еттер мен байламдар бекиді, олар омырқаларды қозғалысқа келтіреді. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 - 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 - 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке - сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.
Омыртқа жотасы - бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 қуйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және өсінділері болады. Омыртқаның тығыз жері - денесі. Омыртқалардың доғалары жүлын орналасатын омыртқа жотасының каналын (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылыс ы үқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Ⅰ. Омыртқа. Омыртқа жотасыОмыртқа бағанасы (columna vertebralis) өзінің дамуы бойынша жұлынды айнала орналасып, оған сүйектік орын түзеді (10 сурет) . Омыртқа бағанасы дененің тірегі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғап, дене мен бассүйектің қимыл қозғалысьша қатысады. Омыртқа бағанасы 32-34 омыртқалардан тұрады. Олар 7 мойын (vertebrae cervicales), 12 кеуде (vertebrae thoracicae), 5 бел (vertebrae lumbales), бір сегізкөз сүйегіне (os sacrum) біріккен 5 сегізкөз омыртқасы (vertebrae sacrales) және құйымшақ түзетін 3-5 құйымшақ (vertebrae coccygeae) омыртқаларынан тұрады. Егер омыртқаның алдынан қарасақ (сурет 10, А), оның ені әр бөлімдерінде бірдей болмайды. Мойын және кеуде омыртқаларының шекараларында, сонымен бірге сегізкөз аймағында омыртқалар ортаңғы кеуде және мойын бөліміне қарағанда жалпақтау болып келеді. Омыртқалар салмағы жоғарыдан төмен қарай көбейеді. Бұл жоғары жатқан бөлімдердің қысымының өсуімен түсіндіріледі. Адамның омыртқа бағанасының өз жолында бірнеше иілімдері болады. Алға қарай дөңес бағытталған қисық лордоз (lordosis), ал алға ойылған қисық кифоз (kyphosis) деп аталады. Мойын және бел лордоздарын (lordosis cervicalis, lordosis lumbalis), кеуде және сегізкөз кифоздарын (kyphosis thoracalis, kyphosis sacralis) ажыратады. Кифоздар мен лордоздардың осылай алмасып орналасуы тек адам омыртқа бағанасына тән түзіліс және тік жүруіне байланысты. Кифоздар мен лордоздар омыртқааралық дискілермен бірігіп омыртқа бағанасына серпімділік қасиетін береді. Омыртқаның ортасынан кесіндісінде омыртқа өзегі (canalis vertebralis), омыртқааралық тесіктер (for. intervertebralia) және шығыңқы омыртқа (vertebra prominens) көрінеді. Нәрестенің омыртқа бағанасында (10, В сурет) кеуде қуысы жақсы көрінеді, лордозы нәрестеде басын өзі ұстауды және отыруды үйренген соң ғана пайда болады. Бел лордозы жүру қабілетімен бірге қалыптасып, 6-7 жаста толық қалыптасады. Нәрестенің омыртқа бағанасы денесі мен доғалардың сүйекгі нүктелерінің бірігіп өскен омыртқаларынан тұрады. Бірақ, бұл нүктелер әлі бірікпеген және әр омыртқа өзінше сипатталады. Омыртқалар денесі сопақша пішінді. Жас үлкейе келе олар тікбұрыш пішінді болады, оларда сүйекті шығыңқылар пайда болады. Омыртқалар арасындағы кеңістік омыртқааралық дискілермен толтырылған.
Ⅱ. Омыртқа бағанасының иілімдерінің айқындылық дәрежесіне байланысты қаңқа бітімінің түрлерін анықтауБіз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі.
Мəселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Жаңа туған бала əрбір бес секунд сайын өседі. Сондықтан ол үшін қозғалыстың маңызы зор. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы əлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Омыртқа жотасы біздің денесіндегі негізгі тірек жүйесі. Егер омыртқа жотасы болмаса адам жүре де алмайды, денесін тік ұстай да алмайды. Омыртқа жотасының тағы бір маңызды қызметі жұлынды қорғау. Сондықтан, адамның денесі сау болуы үшін омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет.
Лордоз (грекше lordos - иілген) - омыртқа бағанасының патологиялық майысуының (қисаюының) бір түрі. Адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай иілім жасап орналасуы. Ол нәрестенің жатыр ішінде даму ақаулықтарынан, әр түрлі аурулардың (туберкулез, мешел, полиомиелит, т. б. ) салдарынан пайда болады. Лордоздың патологиялық майысуы кейде туа пайда болса, кейде жүре пайда болуы да мүмкін. Бұл, көбіне бір жасқа дейінгі сәбилерде байқалады. Лордоз омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады. Физиологиялық Лордоз омыртқа бағанасының мойын және бел бөліктерінде орналасады, ал патологиялық Лордоз тек бел омыртқаларда байқалады. Ауру адамдар арнайы күн кестесін сақтауы, емдеу гимнастикасымен шұғылдануы, массаж қабылдауы қажет. Кейбір жағдайларда хирургиялық операция жасалуы мүмкін.
Бүкірлік, кифоз (kyphosіs) - омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы. Бір не бірнеше омыртқалардың зақымдануынан (туберкулез, организмнің жарақаттануынан) пайда болады. Бүкірлік кейбір тірек-қимыл органдарының ауруларының (лордоз, сколиоз) сыртқы көрінісі болып табылады. Омыртқа біртіндеп, артқа қарай дөңестеніп майысқан жағдайды доға тәрізді Бүкірлік, ал бірнеше омыртқалар аймағында өткір бұрыш жасап қисайғанды бұрышты (қырлы) Бүкірлік деп атайды. Бүкірліктің іштей туа біткен және туғаннан кейін пайда болатын екі түрі бар. Іштей туа біткен Бүкірлік омыртқа бағанасында сына тәрізді немесе жарты омыртқалардың кездесуі және оларда әр түрлі ауытқулардың болуы (мыс., омыртқалардың бір-бірімен тұтасып кетуі) салдарынан пайда болады. Туғаннан кейінгі Бүкірліктуберкулез, бруцеллез, рахит, остеомиелит, мерез, әр түрлі ісік ауруларының әсерінен болады. Басқа ауруларға қарағанда омыртқалардың туберкулезге шалдығуы Б-тің пайда болуына жиі себеп болады. Бүкірлікті емдеу әуелі оны тудырған ауруды (туберкулез, рахит және т. б. ) емдеуден басталады. Қозғалмалы бүкірлікті емдік дене шынықтыру, физиотерапия, массаж, жайпақ төсек, корсет арқылы емдеу жақсы нәтиже береді. Қозғалыссыз Бүкірлікті әуелі керу және түзетуші жаттығулар арқылы қозғалмалы түрге келтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен емдейді.
Жалпы, адам баласының дене қозғалысының сымбаты да түзу болуы оның денсаулығын білдіреді. Өз денесін емін-еркін ұстап жүретін адам қашан да көз тартарлық көрікті болып жүреді. Негізінде адам баласы іштен сымбатты болып тумайды. Адам өсіп-жетілу, еңбек ету процестерінде, сондай-ақ, дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану барысында қалыптасады.
Адам денесінің сымбаты жас кезден бастап қалыптаса бастайды. Бұл тек сұлулық жағынан ғана емес, анатомия және физиологиялық тұрғыдан қаралады. Демек, дене құрылысы сұлу да сымбатты келген адамдардың ішкі мүшелері дұрыс жұмыс істейді деген сөз. Әсіресе, жүрек, өкпе, бауыр мүшелері дұрыс, қалыпты жағдайда жұмыс істегенде адамның жүріс-тұрысы, әрбір қозғалыстар артық жүктеме түсірмей еркін орындалады. Ал мүсін келбеті бұзылған кезде, басын салбыратып еңкейіп жүреді. Мұндай адамның жүріс-тұрысы епсіз, қозғалысы сылбыр болады. Бұлай болатын себебі, ішкі органдардың функциялың қызметінің бұзылуынан бала өзінің қозғалысын және аяқ-қолдарының қимылын үйлестіре алмайды.
Адамның сымбаттылығы негізінен алғанда омыртқаға байланысты болады, өйткені ол бүкіл қаңқа сүйекті біріктіріп тұрған негізгі буын.
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене. Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялың қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден - омыртқаның бүгіліп-жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Омыртқа жотасының қисаюы (сколиоз)
Ең әуелі, омыртқа жотасының бір жағына қисаюы -иықтың ассиметриялық жағдайы, яғни, екі иықтың бір деңгейде тең тұрмауы. Бұл белгі - омыртқалар жотасының майысып кетуі.
Омыртқа жотасының қисаюы ауыру дәрежесіне қарай үш түрлі болады. Бірінші түрінде - омыртқаның бір жағына қарай қисаюы бірден көзге түсіп байқала бермейді. Бұлшық еттерге жүктеме түскенде түзеліп кетеді. Бұл тез жазылып кететін кезеңі.
Екінші түрінде - омыртқа жотасының бір жаққа қарай қисаюы қалыптасып кеткен кезеңі. Омыртқаның бұл ауытқуы да емделу жаттығуларымен шұғылданып жазылуы мүмкін. Бұл екінші түрінде иықтың бір жағына салбырап тұрғаны бірден көзге түседі.
Үшінші түрінде омыртқаның ауытқығаны өте айқын көрінеді. Ауытқудың бұл түрінде қабырғалар шодырайып тұрады. Дене сымбатындағы бұл кемшілікті түзету өте қиындыққа соқтырады. Тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы бұл аурудың одан ары асқынуын тоқтатуға болады.
Негізгі ескеретін жағдай, омыртқаның қисықтығын, тек емделу жаттығуларымен шұғылдану арқылы ғана қалыпқа келтіруге болады. Сондықтан адам баласы өмірінің қай кезеңінде болса да өзінің денсаулығына бақылау жасап отыруы керек.
Дене сымбаттылығын дұрыс қалыптастыру үшін дене шынықтыру жаттығулары арнайы іріктеліп алынады. Адамның сымбаты бұзылған кезде спорттың жекелеген түрімен шұғылдануға болмайды. Тек қана үзбей, тұрақты түрде жалпы дамыту жаттығуларымен ғана шұғылдануға болады.
Егде және қарт жастағы адамдарда тірек-қимыл аппараты ауруларының ішіндегі омыртқа остеохондрозы негізгі өзекті мәселесі болып табылады.
Қазіргі заманда өмірдің жағдайының өзгеруіне (аз қимылдау, тамақтану тәртібінің сапасының өзгеруіне) байланысты жер шары тұрғындарының 40-80% остеохондрозбен ауырады. Бұл ауру қарттарда кең тараған 60 және одан үлкен жастарда тұрғындар популяциясында остеохондроз жиілігі 95-100%-ды құрайды. Остеохондрозбен ерлерге қарағанда әйелдер жиі ауырады, бірақ ерлерде жиі өршу болып көп жағдайда ота жасалынып мүгедектікпен зейнетке шығады. Жыл өткен сайын ауыратын науқастар саны көбеюде. Остеохондроз тек медицинаның ғана емес әлеуметтік мәселе болып табылады. Омыртқа остеохондрозы омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері жиі 30 жастан асқанда дамиды. Соңғы жылдағы зерттеулер нәтижесі бойынша остеохондроз жасаруда. Аурудың рентгенологиялық және клиникалық белгілері қазіргі кезде 12-15 жастағы балаларда да кездеседі. Омыртқа жотасының дегенеративті-дистрофиялық өзгерісінің идеологиясында эндогенді (дизэмбриогенез, омыртқаның аномальды дамуы, тұқым қуалаушылық, жастық өзгерістер) және экзогенді (омыртқаның жарақаты, интоксикациялар және т. б. ) өзгерістер болып табылады. Омыртқаның ең жиі зақымданушы бөлігі омыртқааралық дискі болып табылады, өйткені олардың қанмен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан регенерацияланбайды. 35-40 жаста дисктің барлық элементтерінде - ядро, фиброзды сақина, гиалинді пластинкасында біртіндеп кебуі мен тығыздалуы байқалады. Содан кейін екіншілік спондилез - омыртқаның денесінің шеттерінен сүйекті өсінділер (остеофиттер) дамиды. Остеохондроз кезінде остеофиттермен шығыңқы дискілердің жұлынды және өсінділерін, жұлын тамырларын қысуынан неврологиялық бұзылыстар болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz