Радиоактивті қалдықтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Па АруҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Ветеринария» факультеті

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:

Радиоактивті қалдықтарды жинау, аластату және залалсыздандыру

Орындаған:

Тексерген:

Мазмұны

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

а) Радиоактивті қалдықтар классификациясы

ә) Радиоактивті қалдықтарды өңдеу және көму

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Радионуклидтерді әскери мақсатта, электр энергиясы өнеркәсібі үшін және радиоактивті изотоптарды медицинада, ғылыми зерттеу жұмыстарында, сонымен қатар басқа да мақсаттар үшін қолдану радиоактивті қалдықтардың түзілуіне әкеледі.
Радиоактивті қалдықтар - құрамында адамдардың іс-әрекеттері нәтижесінде түзілетін радионуклидтер болатын, қосымша биологиялық немесе техникалық зиянды заттар. Мұндай қалдықтарға уран кендерін өндіру процесінде түзілетін қалдықтар, коммерциялық реакторларда радиоактивті элементтердің бөлінуі және радиоактивті заттарды қолдану арқылы дәрілер дайындау жатады. Радиоактивті қалдықтар құрамындағы радионуклидтер биосферада таралуы және тірі ағзаның, соның ішінде адамдардың, жануарлардың ұлпаларында әр түрлі генетикалық өзгерістер тудыруы мүмкін.
Қоршаған ортаның радиоактивті қалдықтармен ластануының негізгі факторлары төмендегідей:

  1. Ядролық қаруларды атмосферада және су астында сынау;
  2. Ядролық энергетикалық құрылғылардан, жанар-жағармайларды қайта өңдейтін зауыттардан, өндіріс өнеркәсіптерінен, ғылыми зерттеу және медициналық орталықтардан активтілігі төмен қалдықтардың шығарылуы;
  3. Арнайы оралған активтілігі төмен қалдықтардың мұхит түбіне көму;
  4. Радионуклидтердің қоршаған ортаға тікелей түсуіне септігін тигізген Чернобыль апаты;
  5. Ядролық энергетикалық құрылығылармен жабдықталған су асты кемелерінің және қайықтарының апатқа ұшырауы нәтижесінде радионуклидтердің теңіз суларына тікелей түсуі;
  6. Бортында энергияның радиоактивті көздері болатын серіктестердің (спутниктердің), ғарыш корабльдерінің және ракеталардың жұмыс істеу режимдерінің апатқа ұшырауына байланысты жер атмосферасына түсуі.

Республика территориясында тау кендерін және уран өндіру, атом энергетикасының дамуы және жарты ғасыр бойына ядролық жарылыстардың соғыс және бейбіт мақсаттарда жүргізілуі нәтижесінде қоршаған ортаға, адамдар денсаулығына өте қауіпті болып табылатын радиоактивті қалдықтардың өте көп мөлшері жинақталған.

Негізгі бөлім

Жыл сайын экономиканың түрлі салаларында (өнеркәсіпте, медицинада, ғылыми-зерттеу орталықтарында және ауылшаруашылығында) радиоактивті заттарды пайдалану радиоактивті қалдықтардың пайда болуына әкеледі. Тиісінше, олар радиоактивтілік деңгейіне және жартылай ыдырау периодына байланысты оқшаулануы және арнайы түрде сақталуы керек.

Радиоактивті қалдықтарды әр түрлі белгілері: агрегаттық күйі, сәуле құрамының түрі, өмір сүру уақыты (жартылай ыдырау периоды Т 1/2 ) және активтілігі (сәулелену қарқындылығы) бойынша жіктейді.

Радиоактивті қалдықтарды агрегаттық күйі бойынша - газ тәрізді, сұйық және қатты радиоактивті қалдықтар деп үш топқа бөледі.
Өмір сүру уақыты бойынша - аз өмір сүретін (Т 1/2 - 1 жылдан аз), орташа өмір сүретін (Т 1/2 - 1 жылдан 100 жыл аралығында), ұзақ өмір сүретін (Т 1/2 - 100 жылдан көп) болып жіктеледі.
Активтілігі бойынша - активтілігі төмен (0, 1 Ku/м 2 аз), орташа активті (0, 1 - 1000 Ku/м 2 ) және жоғары активті (1000 Ku/м 2 жоғары) болып бөлінеді.

Радиоактивті қалдықтар (РАҚ) дегеніміз радиоактивтілік деңгейі қолда- ныстағы заңнамаға сәйкес оларды еркін қолдануға шектеу қойылған, одан әрі пайдаланылуы көзделмейтін радиоактивті заттар, ядролық материалдар немесе радионуклид көздері. РАҚ әртүрлі сипаттамалары бойынша классификацияланады: агрегаттық күйі (газ, қатты, сұйық), жартылай ыдырау периоды, меншікті белсенділік (удельная активность), сәулелену құрам және т. б. Ядролық отын циклінің барлық кезеңдерінде үлкен көлемде қатты РАҚ жиналады, атап айтанда, электр қауттылығы 1ГВт болатын АЭС жылына 300-500 м 3 қатты РАҚ шығарады, қолданылған ядролық отынды қайтадан өңдеу барысында 10 м 3 жоғарғыактивті РАҚ, 40 м 3 орташа активті, 130 м 3 төменгі активті қалдықтар түзіледі.

Радиоактивті қалдықтар

Агрегаттық күйі бойынша радиоактивті қалдықтар сұйық және қатты болып бөлінеді. Сұйық және қатты радиоактивті қалдықтармен жұмыс жасау жүйесі оларды жинауды, залалсыздандыруды, қайта өңдеуді, сақтау және (немесе) көмуді, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды тасымалдауды қамтиды. Одан әрі қолдануға жарамсыз радионуклидті көздер қатты радиоактивті қалдықтар ретінде қарастырылады және уақтылы есептен шығарылып, көмуге тапсырылады. РАҚ сұрыптау салыстырмалы белсенділігі мен радионуклидтік құрамына (соның ішінде альфа-сәулелендіруші радионуклидтер бойынша), физикалық табиғатына және болжанған қайта өңдеу әдісіне байланысты жүргізіледі. Қайта өңдеу әдісі бойынша қатты радиоактивті қалдықтар (ҚРҚ) сығымдалатын, жағылатын, ұсақталатын және қайта балқытылатын болып бөлінеді. ҚРҚ қайта өңдеу және кондициялау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар. ҚРҚ қайта өңдеу мен кондициялаудың технологиялық операциялары олардың көлемін қысқарту және оларды қауіпсіз сақтауды және (немесе) көмуді қамтамасыз ететін түрге ауыстыру мақсатында жүргізіледі. Металл ҚРҚ көлемін азайту мақсатында оларды қайта балқыту жүргізіледі. ҚРҚ балқыту кезінде радионуклидтерден бөлінетін газдарды гигиеналық нормативтерде белгіленген деңгейге дейін тазарту қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаға шығарылуы санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен регламенттелген химиялық зиянды заттардан тазарту жүргізіледі.

Қатты радиоактивті қалдықтарға - сұйық заттардан түзілген шөгінділер, құрылғы тетіктерінің бөліктерінен аққан радиоактивті сүйықтықтардың қатуы нәтижесінде пайда болатын және істен шыққан немесе қолданылған материалдар (қағаздар, маталар т. б. ) жатады. Қатты радиоактивті қалдықтар АЭС аймағында сақталады. Бұлар негізінен меншікті активтілігі төмен қалдықтар. Активтілігі орташа және жоғары қалдықтарды арнайы орталықтандырылған көму орындарына жібереді.

Газ тәрізді радиоактивті қалдықтарға ауаның иондануы, ауада әр түрлі радиоактивті заттардың таралуынан сәулелену дозасының өсуіне әсер ететін қалдықтар жатады.

Радиоактивті қалдықтардың пайда болу себептері

Сұйық РАҚ (бұдан әрі - СРҚ) үшін - жинағыш-контейнерлер немесе арнайы цистерналар қолданылады. Объектіде радиоактивті қалдықтарды жинауға, сақтауға және тапсыруға жауапты адам тағайындалады. Жұмыс процесінде пайда болатын радиоактивті қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығаруға дайындау бойынша мәліметтер есепке алу журналына енгізіледі. Жинағыш-контейнерлер өлшемдері мен конфигурациясы радиоактивті қалдықтардың типімен және мөлшерімен, радионуклидтердің түрімен, сәуле энергиясымен және белсенділігімен айқындалады. Олар механикалық берік болуы, олардың орнын ауыстыруға және тасымалдауға мүмкіндік беретін берік ілмектері мен құралдары болуы тиіс. Жинағыш-контейнерлердің ішкі беттері бірқалыпты түйіндесуі, тегіс болуы, қышқылдармен және басқа да дезактивациялағыш материалдармен өңдеуге жол беретін нашар сіңіретін материалдан жасалуы тиіс. Жинағыш-контейнерлердің сыртқы бетінде радиациялық қауіптілік белгісі орнатылады және бирка ілінеді, онда объектінің атауы, радиоактивті қалдықтар түрі, радионуклидтер құрамы, олардың белсенділігі және болжамды қайта өңдеу әдісі көрсетіледі. Жинағыш-контейнерден 1 м қашықтықтағы сәуле дозасының қуаты 40 мкЗв/сағ аспауы тиіс. Жинағыш-контейнерлерді радиоактивті қалдықтармен толтыру олардың төгілу немесе шашылу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайларда радиациялық бақылау арқылы жүргізіледі. Қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және көму жөніндегі мамандандырылған ұйымдарда (бұдан әрі - МҰ) немесе РАҚ көму пунктінде (бұдан әрі - РҚКП) өңделуге жататын СРҚ рН=7 дейін бейтараптандырылады. Бейтараптау объектіде жүргізіледі. Жинау кезінде СРҚ жанатын немесе жанбайтын қалдықтар болып бөлінеді. Жанатын СРҚ өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін бөлек ыдыстарға жиналады. РҚКП-ның айналасында радиусы 1000 м болатын санитариялық-қорғаныш аймағы (бұдан кейін - СҚА) орналасуы шарт. СҚА аумағында өнеркәсіп және азаматтық объектілерді, сондай-ақ РҚКП-ға қатысы жоқ объектілер мен құрылыстарды орналастыруға жол берілмейді.

Радиоактивті изотоптардың сұйық қалдықтарын табиғи және минералды сорбенттер арқылы да тазалауға болады. Сұйық радиоактивті қалдықтардың концентрациясы 1 г/л болған жағдайда катионит «КУ- 2» арқылы немесе әлсіз аниониттер «Ан- 2Ф», «АДЭ - 10П» (НРадиоактивті қалдықтардың ішінде агрегаттық күйі бойынша ең көп тараған қатты және сұйық күйдегі радиоактивті қалдықтар. Сұйық радиоактивті қалдықтар негізінен буландырушы аппараттардың ішінде қалып қойған қалдықтар және сүзгішматериалдардың, ионалмастырғыш шайырлардың қалдықтарынан тұрады. Оларды контурлы сумен конденсатор арқылы тазалайды. Олар бетонан жасалған, тот баспайтын болатпен жалатылған сыйымдылықтарда сақталады. Ион алмастырғыш шайырларды + ; ОН - күйіндегі) арқылы залалсыздандырады.

Радиоактивті қалдықтар

РАҚ көму орындарын таңдау гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық және сейсмикалық жағдайларды ескере отырып, жүргізілуі тиіс. Бұл ретте, ұзақ мерзімді болжауды ескере отырып, қалдықтарды оқшаулаудың бүкіл мерзімі ішінде халықтың және қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс. РАҚ жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде халықтың сәулеленуінің тиімді дозасы жылына 10 мкЗв-дан аспауы тиіс.

Радиоактивті қалдықтарды көметін орындарды анықтау үшін:

  • объектінің гидрогеологиялық, тау - кенді жағдайларын толық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек;
  • Жер астының техникалық жағдайларын анықтау керек;
  • Радиоактивті қалдықтардың мемлекеттік кадастрін жасау және оларды көму жағдайларын қарастыру.

Радиоактивті қалдықтарды теңіз және мұхит түбінде көму көптеген елдерде қолданылады. Сонымен қатар, радиоактивті қалдықтарды шөгінді қабаттарда ұзақ уақытқа көму тиімді. Геологиялық көму деген, өңделген жанар-жағармай элементтері бар контейнерлерді тұрақты жер қабаты астында 1 км тереңдікте көмуді білдіреді.

Радиорактивті қалдықтарды көмудің мысалы

Қатты радиоактивті қалдықтарды (РАҚ) беткі радиоактивті ластану деңгейі бойынша санаттау

РАҚ санаты
Беткі радиоактивті ластану деңгейі, бөлш. /(см 2 ×мин)
бета-сәулелендіретін радионуклидтер
альфа-сәулелендіретін радионуклидтер
РАҚ санаты: Белсенділігі төмен
Беткі радиоактивті ластану деңгейі, бөлш. /(см2×мин): 500-ден 10 4 -ге дейін
50-ден 10 3 -ға дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі орташа
Беткі радиоактивті ластану деңгейі, бөлш. /(см2×мин): 10 4 -нан 10 7 -ге дейін
10 3 -нан 10 6 -ға дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі жоғары
Беткі радиоактивті ластану деңгейі, бөлш. /(см2×мин): 10 7 -нан астам
10 6 - нан астам

Қатты және сұйық РАҚ-ты радионуклидтердің меншікті белсенділігі бойынша классификациясы (санаты)

РАҚ санаты
Меншікті белсенділігі, Бк/г
тритий
бета-сәулелендіретін радионуклидтер (тритийді қоспағанда)
альфа- сәулелендіретін радионуклидтер (трансурандыларды қоспағанда)
трансуранды радионуклидтер
РАҚ санаты:

Қатты РАҚ

РАҚ санаты: Белсенділігі төмен
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 7 бастап 10 8 дейін
от 10 3 до 10 4 дейін
от 10 2 до 10 3 дейін
10 1 бастап
10 2 дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі орташа
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 8 бастап 10 11 дейін
от 10 4 до 10 7 дейін
от 10 3 до 10 6 дейін
10 2 бастап 10 5 дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі жоғары
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 11 астам
10 7 астам
10 6 астам
10 5 астам
РАҚ санаты:

Сұйық РАҚ

РАҚ санаты: Белсенділігі төмен
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 4 дейін
10 3 дейін
10 2 дейін
10 1 дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі орташа
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 4 бастап 10 8 дейін
10 3 бастап
10 7 дейін
10 2 бастап
10 6 дейін
10 1 бастап
10 5 дейін
РАҚ санаты: Белсенділігі жоғары
Меншікті белсенділігі, Бк/г: 10 8 астам
10 7 астам
10 6 астам
10 5 астам

РАҚ байланысты кез келген іс-шаралар ережелер, стандарттар мен заңнамалар негізінде жүзеге асады. Мысалы Қазақстан Республикасының заңнамалары: «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары 2019 жылғы 26 маусымдағы № ҚР ДСМ-97 бұйрығы; «Радиоактивтi қалдықтарды және пайдаланылып болған ядролық отынды жинауды, сақтауды және көмудi ұйымдастыру қағидалары» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы №39 бұйрығы; «Радиациялық қауіпті объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 260 бұйрығы. Сонымен қатар РАҚ байланысты іс-шаралар Радиологиялық қорғау жөніндегі халықаралық комиссия (Международной комиссии по радиологической защите МКРЗ), Халықаралық атомэнергиясы агенствосы (Международного агентства по атомной энергии МАГАТЭ) қағидаларына сәйкес жүзеге асады.

Радиоактивті қалдықтардың сыртқа шығуы, оларды тасмалдау, қайта өңдеу және көму жұмыстарының барлық кезеңдерінде болуы мүмкін. Олардың белгілі бір үлесі әр түрлі жолдармен қоршаған ортаға түседі де табиғи радиациялық фонның жоғарлауына әкеледі.
Қазақстан территориясында жалпы активтілігі 15, 5 миллион кюри болатын 237 миллион радиоактивті қалдықтар бар. Ал бір адамға шаққандағы қалыпты табиғи және жасанды сәулеленудің орташа қосынды дозасы 420 миллибэрді құрайды. Бұл әлемдік деңгейден 1, 5 есе жоғары.
Радиоактивті қалдықтармен ластанудың негізгі қаупі қараусыз қалған объектілер болып саналады. Мұндай объектілер Қазақстан территориясында 100-ден асады. Олардағы радиациялық доза қуатының деңгейі іс жүзінде шекті концентрациядан 50 есе артық.
Республиканың радиациялық жағдайы радиоактивті заттармен жұмыс істейтін өнеркәсіптер мен Семей ядролық полигонының әсерлерімен, сонымен қатар табиғи факторлармен анықталады.

Қазіргі кезде Республикамыздың Ұлттық ядролық орталықтарында радиоактивті қалдықтарды ұзақ уақыт сақтау, көму және қайта өңдеу мәселелерін шешу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілген. Анализ жүргізу және зерттеу жұмыстарының нәтижесінде радиоактивті қалдықтарды сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау технологияларын шешу, әртүрлі техникалық жағдайлар тиімді ұйымдастырылған. Бұл кезде барлық радиациялық қауіпсіздік және экологиялық тазалық нормалары мен талаптарын қатаң сақтау қажет.

Радиактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бірімен бірі тығыз байланыста болады. Радиактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай отыр. Қазақстан Республикасы бойынша дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиактивті қалдықтарды сақтайтын бірде бір орындар жоқ екенін ғалымдар мен мамандар жақсы біледі. Бәрімізге белгілі Қазақстан Республикасы уран көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен бірге уран өңдейтін кен- химия өнеркәсіп кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар десеңізші.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивті қалдықтарды көмуді әлемдік тәжірибеде талдау
Сұйық радиобелсенді қалдықтарды қайтара өңдеу әдістері
Радиоэкология туралы түсінік. Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Қошқар Ата қоймасының техногендік қалдықтарының іргелес территориялардағы биотаға әсерін анықтау
Радиоактивті қалдықтардың жер қойнауындағы сақтау орындары мен қорымдарын құрудың қазіргі программалары мен жобалары
Қалдықтар түрлері
Лайды радиациялық өңдеу
Улы қалдықтар. Зиянды және қауіпті қалдықтардың негізгі cипатталары
Радиоактивті ластанудан қорғанудың шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz