Төлдің күтімі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«Ветеринария» факультеті

«Акушерлік, хирургия, өсіп-өну биотехнологиясы» кафедрасы

СӨЖ-2

Тақырыбы: Жаңа туған төл ауруларын балау және емдеу шаралары

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2020

Реферат құрылымы:

І. Кіріспе бөлім:

1. 1. Төлдің күтімі

ІІ. Әдебиеттерге, еңбектерге шолу:

2. 1 Төлдің тұншығуы - асфиксия

2. 2. Алғашкы тонғақтың қатып калуы

2. 3. Кіндіктен қан ағу

2. 4 Урахус фистуласы

2. 5. Кіндіктің қабынуы

2. 6. Артқы тесігінің болмауы

2. 7. Бронхопневмония

2. 8. Ақтышқақ

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе бөлім:

Дені сау, жақсы төл алу үшін малдың буаздық кезіндегі күтіміне, дұрыс азықтануына, жем-шөбінің кұнарлығына, уақтылы суалтуына баса назар аудару керек. Олай өтпеген күнде іштегі төлдің өсіп-дамуы бұзылып, әлсіз төл туады да, сыртқы ортаның әсеріне төзе алмай, әртүрлі ауруға шалдығады, көбінесе, өліп қалады немесе өспей қалады (инфантилизм) .

Төлдің күтімі. Жаңа туған төлдің аузы-мұрнын кілегейлі шырыштан тазартып сүртеді, кіндігін 5-7 см қалдырып байлап кеседі де, ұшын карбол кышкылына, не болмаса, йодқа салып күйдіреді. Содан кейін төлді 1-2 күнге анасымен бірге қалдырған дұрыс, бұл кезде анасы оның үстін жалап кептіреді. Бұл төлдің денесін ширақтырады, кан айналу жүйесінің тез қалыптасуына әсер етеді. Бұл кезде төл аяктанып, өздігінен анасының емшегіне жармасып сора бастайды.

Кейбір шаруашылыктарда сиырдың бұзауын енесінің бауырында қалдырмай бөлек қораға (профилакторияға) алып кетеді. Осындай жағдайда бұзаудын үстін кұрғатып сүртіп, жылы жерге орналастырып, бір сағаттың ішінде енесінің уызымен ауыздандыру керек. Уыз жылы болғаны дұрыс. Уызды неғұрлым кешіктірмей ертерек ішкізсе, соғұрлым оның төл организміне пайдасы көп. Себебі, туғаннан кейінгі алғашкы уыздың сапасы өте жоғары болады да, уакыт өткен сайын ол өзінің қасиеттерін жоя береді. Жана туған төлдің ішек-қарнында алғашкы кезде ешқандай сөл болмайды, яғни уыз сол қалпында ешкандай өзгеріске ұшырамай организмге сіңе береді. Сөйтіп төл организмін дайын гамма- глобулиндермен камтамасыз етіп, оны әртүрлі инфекцияға төзімді етеді де және жас төлдің ішін жүргізіп тоңғақтан ажыратады. Жас төлге уызды арнайы резина емізікпен ішкізеді. Әрине емізіктің де, уыз кұйылған шөлмектің де таза болуын мұқият кадағалап отыру керек. Бұзауларды үстін кұрғатып, уызбен тойдырған соң жеке үйшіктерге орналастырады. Астында құрғақ калың төсеніш болады.

Құлындар туғаннан кейін 2 сағаттан соң ғана аяғына тұруға талпынады, оған анасының емшегін табуға көмектесу керек. Егер де құлын анасының уызына (сүтіне) жарымаса оны су араластырып сиыр сүтімен бағады (0, 5л сиыр сүті 0, 5л қайнаған су + 1-2 тауық жұмыртқасы + 2 ас қасық қант пен 10 гр тұз ) .

Боталар өте әлсіз болады, күні бойы аяқтана алмайды, енесі басқа мал сияқты ботаның үстін жаламайды да, сондықтан оның үстін, аузы-мұрнын құрғатып сүрту керек, асты жылы, күрғақ болғаны дұрыс. Аязды күндері ботаның үстін жылы орап жауып қояды, 15 күн толғанда ботаны енесімен бірге қалдыруға болады, жалпы 1, 5 жасқа дейін бірге жүре береді, егер енесі қайтадан буаз болмаса. Буаз түйелердің ботасын 8-10 айлық кезінде ажыратып бөледі.

Торайларды алғашқы 1-2 күндей енесінен бөлек жылы жерде ұстайды, тек әрбір 1, 5-2 сағат сайын әкеліп емізіп тұрады. Торайлары көп болса, енесінің бауырында емшек санына қарай 10-12- сін қалдырып, артығын басқа мегежіндерге телиді. Торайларға 5 күннен бастап қосымша 50 мл су араластырған сиырдың сүтін бере бастайды. Су, қуырылған дән, минеральді қоспаларды беріп үйрете береді. Торайлар, әсіресе, темір тұздарына өте мұқтаж келеді. Астауға ұнтақталған бор, ағаш күйіктерін, сүйек ұнын керегінше салып қою керек.

Қозылар туғаннан кейін жарты сағаттың ішінде емшекке ұмтылмаса, оның аузын ашып, емшекті сауып ішкізеді. Қозысын алмаған жас саулықтарды әбден үйренгенше баласымен бөлек клеткаға қамап қояды. Қозыны басқа саулыққа телігенде, оның үстіне сол саулықтың сүтін жағады.

ІІ. Әдебиеттерге, еңбектерге шолу:

2. 1. Төлдің тұншығуы - асфиксия . (Asphyxia neonatorum) Жаңа туған төлдің тыныс алу органдарының қызметі бұзылған (жетіспейді, немесе тоқтап қалады) . Оның себебі :

  • малдың қиналып тууынан ;
  • буаз малды алыс жолға қуалап айдап шаршатқаннан буаз малдың ыстығы көтеріліп ауырып, қаны бұзылғандықтан.

Қиналып туғанда төлдің кіндік тамыры қысылып қалып, ана организміне оттегі келмей қалады, жатырдың қан тамырлары қысылып төл организміне қан бармай қалады. Төлдің тілі көгеріп аузынан шығып жатады, тыныс алуы өте нашар, сырыл естіледі, аузы-мұрны кілегей-шырышқа толған, тамыр соғуы әрең білінеді, артқы тесігі тоңғақпен былғанған, кірпігі қимылдамай жатады. Асфиксия кейіннен бронхопневмонияға ауысып асқынып кетеді.

Емі. Тездетіп төлдің аузы-мұрнын тазалап сүртіп, басын төмен салбыратып койып, алдыңғы аяғын созып, кеудесін қысып, қолдан тыныстандыруға кіріседі. Торайларды, қозыларды арткы аяғынан ұстап сілкілейді. Кеудесіне мүсәтір спиртін жағып ыскылайды, тілін бірнеше рет шығарып, қайтып жіберіп отырады. Денесіне салкын су бүркіп, ысқылап сүртеді, жүрек кызметін күшейтуге тері астына 4-5 мл коффеин (0, 5-1 гр) жібереді. [4, 5]

2. 2Алғашкы тонғақтың қатып қалуы. Барлық мал түліктерінде кездеседі, әсіресе кұлындарда жиі кездеседі. Әдетте, төлдің тоңғағы ( меконий ) емшек емгеннен кейін-ақ, уыздың әсерінен 2-3 сағаттың ішінде бөлініп шыға бастайды. Тоңғақтың дер кезінде бөлінбеуі, негізінен уызды кешіктіріп бергеннен немесе мүлдем бермегендіктен.

Төлдің нәжісі (тоңғағы) шыкпай, ішек-карынның атониясы салдарынан оның ішіндегі заттар шіріп, интоксикация басталады. Алғашкы кезде төл мазасызданып, тыпыршып, бүйіріне қарай береді. Бір-екі күн өткен соң, төл әлсіреп жатып қалады да, көп кешікпей өледі. Тік ішекке саусак салып, онда катып қалған нәжістің жиналып тұрғанын байқаймыз.

Емі . Тездетіп тік ішекті катқан нәжістен босатамыз. Ол үшін сабынды сумен немесе майлы ерітінділермен терең клизма жасайды: аузынан кастор майын кұяды, карнының сыртынан уқалап жеңіл массаж жасайды. [4, 5]

2. 3 Кіндіктен қан ағу. ( Omphalorrhagia) Көбінесе, төлдің өкпесі өз қызметін толық аткара алмай отырғанда (ателектаз) немесе жүректің клапандары дұрыс жабылмай, қан айналу процестерінің бұзылуынан болады. Төлдің кіндік тамырларынан (венадан тамшылап, артериялардан шапшып) қан ағып тұрады.

Емі . Кіндікті мықты байлап, йод ерітіндісімен күйдіреді, төлдің өзіне қолдан тыныстандыру әрекеттерін жасайды. [4, 5]

2. 4 Урахус фистуласы. (Urachus patens ) Әдетте, төлдің кіндігі үзілген соң, оның құрамындағы қуықпен жалғасып жатқан зәр жүретін түтік жабылып калады. Кейде осы түтік жабылмай төлдің кіндігінен зәр бөлініп шығып тұрады, кіндік құрғамай, ылғи ылғалданып тұрғандықтан жараға айналып кетеді.

Емі . Мұндай жағдайда кіндіктің калған бөлігіне жібек жіп салып байлап тастайды да, карбол қышқылына немесе йод ерітіндісіне салып күйдіреді, кіндіктің айналасына дезинфекциялық май дәрілерді жағады. [4, 5]

2. 5 Кіндіктің қабынуы. (Omphalitis) Жаңа туған төлдің кіндігін дезинфекциялық ерітіндімен күйдірмесе, төлдің тұрған жері лас болса, кіндікке патогенді микробтар еніп кетіп, қабыну процесі басталады. Ауру төл көп жатады, емшек ембейді, дене қызуы көтерілген, кіндігі қызарып ісінген, ұстағанда қатты ауырсынады, қысқанда ішінен ірің шығады. Төл сепсистен өліп кетуі мүмкін.

Емі . Тездетіп кіндікті дезинфекциялық ерітінділермен жуып тазалайды, абсцесс болса, оны жарып іріңнен тазартқан соң стрептоцид ұнтағын сеуіп қояды. Кіндік айналасына 1 млн ә. б. антибиотик ерітілген новокаиннің 20-40 мл 0, 5 ерітіндісін бірнеше жерден жібереді. [4, 5]

2. 6 Артқы тесігінің болмауы . (Atresia ani) Тік ішек сыртқа ашылмай тері астына немесе одан да тереңірек жамбас қуысында бітеу қалып қояды. Уызға тойған төлдің іші кеуіп, төл мазасыздана бастайды, ішін теуіп тыпырлайды, байқап қарағанда төлдің құйрығының асты, артқы тесіктің орны томпайып, түртіп тұрғанын көреміз.

Емі. Мұндай жағдайда шұғыл операцияға кіріседі. Асептика, антисептика қағидаларын сақтай отырып, терінің том- пайып тұрған жерін тіліп тік ішектің бітеу аяқталған ұшын тауып алып, терінің сыртына тартып шығарады да, оны да тіліп, ішіндегі жиналып қалған тоңғақты алып тастаған соң, тік ішектің тілінген шеттерін терінің тілінген жеріне тігіп, артқы тесікті қолдан жасап шығарады. Тек тігілген жерлері толық жазылғанша, жараны дезинфекциялық маймен майлап тұрады. [4, 5]

2. 8 Бронхопневмония- деп жас төлдің өкпесінің қабынуын айтады. Аурудың негізгі себебі төл организмінің резистенттігінің төмендігі. Ондай төлге сыртқы ортаның әсері (өкпек жел, төменгі температура, қапырық ылғалды ауа, шаң-тозаң, микробтар) өте зиянды, тез арада қабыну процесі басталады.

Төл жөтеледі, танауынан көкшіл-сарғылт түсті қоймалжың ағады. Дене қызуы қалыпты жағдайда, кейде 40-41°-қа дейін көтеріледі. Тыңдап көргенде кеудесінен сырыл естіледі.

Емі жан-жақты болғаны дұрыс. Атап айтканда, бұлшық етке А және Д витаминдерін, тәулігіне 3-4 рет пенициллинді немесе стрептомицинді 7000-10 000 ЕД \кг мөлшерінде жібереді, әсіресе, бициллин-3, немесе бициллин-5 препараттары тиімді. Пенициллинді новокаинмен ерітіп кеңірдектен жіберуге де болады. Венаға окситетрациклин гидрохлорид немесе биомицинді 1кг салмағына 0, 002 гр мөлшерінде жібереді. Бірнеше бұзауды бір жабық бөлмеге қамап, новансенолдың 1 пайызды ерітіндісімен аэрозольді әдіспен емдеуге де болады. Жүрек қан тамырларының қызметін реттеу үшін тері астына коффеин салады, новокаин блокадасын қолданады. Ауру бұзауға сульфаниламидті препараттарды (фталозол, сульфафиметоксид, стрептоцид) аузынан да ішкізеді. [4, 5]

Ауру мал жай айларында көлеңке жерде, қыста, күзде жылы, таза қорада ұсталып, құнарлы азықпен азықтандырылады. Төлдер сүт емуден шыққан болса, оларға міндетті түрде( 7-10 күн бойына) қаймағы алынбаған сүт(3-4 литр бұзауларға) беріледі. Төлдердің күйін, құндылығын арттыру үшін витаминдер (А, Д, С, В ), гидролизин Л-103, аминопентид-2, гаммоглобулин немесе енесінің қаны (тері астына, етіне ) егіледі. Тыныс жолын кілегей сұйықтан тазарту үшін хлорлы аммоний, ас содасы, карбонат тұзы беріледі және скипидар, ихтиол, ас содасы буларымен емдеу әдісі қолданылады. Аурудың жіті түрінде сульфаниламид (норсульфазол, сульфадимезин, сульфазол, сульфадимегоксин) және антибиотиктер (пенициллин түрлеріне) қолданылады, кофеин, глюкоза ерітінділері жіберіледі. Аурудың созылмалы түрінде тетракциклин қатарына жататын антибиотиктерді ( дибиомицин, дитетрациклин, окситетрациклин, биоветин, т. б. ) қолданады. Антибиотиктерді кеңірдектен жіберу не аэрозоль түрінде қолдану жақсы нәтиже береді. [1, 2, 3]

Балау . Бронхопневмония көп себепті ауру болғандықтам оны дәл анықтау үшін жан-жақты тұрғыдан келіп, жалпы және арнайы зерттеу әдістерін пайдаланады. Ауру жайындағы жиналған мәліметтері, ауруға тән клиникалық белгілері және өлекседегі болатын өзгерістері арқылы бронхопневмонияны еш қателеспей дәл анықтауға болады. Аурудың қанын тексергенде лейкоциттердің солға қарай ығыскан нейтрофил түрінің көбейгені, лимфоциттердің, эозинофилдің азайғаны, моноциттердің көбейгені, эритроциттердің шегу жылдамдығының артқаны, сілті қорының азайғаны және каталаза белсенділігінің бәсеңдегені, альбуминдердің азайып, глобулиндер фракцияларының көбейгені, артериялық қандағы гемогло-булиннің оттегімен қанығуының азайғамы байқалады.

Обьективті дәл анықтайтын әдіске рентгенмен зерттеу әдісі жатады. Стационарда емдегенде рентгеноскопия (қарау), рентгенография (суретке түсіру) не флюорография (экраннан кішірейтіліп түсірілген сурет) әдістерін қолданады, ал арнайы кешендер және отарларда диспансерлеу кезінде флюорография әдісін пайдаланады. Рентген сәулесін қолданатын әдістермен тек ауруды жалпы түрде анықтап қана қоймай, өкпенің нақтылы зақымдалынған жерін, оның көлемін ажыратып, емдеу барысындағы өзгерістерді де бақылауға болады .

Бронхопневмонияны бастапқы кезінде рентгенмен тексергенде өкпенің алдыңғы және жүрек тұсы бөліктерінде орташа дәрежелі қоюлықты, біркелкі қарауытқан ошақтар, бұлынғырланған өкпе жиектері, жүректің бұлдыраған алдыңғы шегі, айқындалынбаған бронх тармақшаларының кескіні көрінеді. Бірақ осындай көрініс жағдайларда жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері айқын көрінеді, қабынған ошақтардың тұсында қабырғалар кескіні жақсы көрінеді. Ауру созылмалы түрде өтіп, зақымдалған ошақтар тұрақтыланған кезінде өкпенің жоғарғы, жүрек тұсы және диафрагма бөліктерінде қою қарауытқан айқын ошақтар көрінеді, көпшілік жағдайда, жүректің алдыңғы шегі онша байқалынбайды, жүрек-диафрагма үшбұрышының шектері және зақымдалынған жерлердегі қабырғалар кескіндері анық көрінбей көмескіленеді. Ауру созылмалы түрде еткенде, өкпе жайылмалы, үдемелі түрде зақымдалынған кезінде, рентгентексеріс өкпелердің алдыңғы және астыңғы жақ бөліктерінде үлкен көлемді, жайылмалы, қою қарауытқан көріністі көрсетеді. Зақымдалынған жерлерде жүрек шектерінің, жүрек-диафрагмалық үшбұрышының және қабырғалардың кескіндері жақсы ажыратылмайды. Омыртқалар қырына жақын орналасқан өкпенің үстіңгі жақ бөліктерінде эмфизема ошақтары және бронх кескіндерінің пішіндері айқын байқалады. [1, 2, 3]

Алдын алу шаралары. Шаруашылықтарда, комплекстерде малды, әсіресе төлдерді, бронхопневманияға шалдықтыратын себептерден сақтау шараларын күн ілгері жоспарлап, оны іске асырып отыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Буаздық физиологиясы
Жас төлдерді өсіру технологиясы
Диплококтық септицемия ауруының патолого - анатомиялық өзгерістері
Аналық ұрық безі
Жаңа туған төлдің аурулары
«Төл мацерациясы, этиологиясы және профилактикасы»
Алғашқы ветеринариялық көмек
Колибактериозға қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Төлді бөлшектеп кесу
Қозының диплококкоз ауруының індеттік ерекшеліктері мен алдын алу шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz