Артқы аяқтың массажы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

«Ветеринария» факультеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ:

Иттің обадан кейінгі параличті емдеу

тақырыбына орындалған

Орындаған: ВМ-401(А) топ

студенті Тұрсынханова А. Қ,

Тексерген: ИманбаевА. А.

Алматы, 2020

Мазмұны

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2. 1. Ит обасынан кейінгі салдануға сипаттама

2. 2. Клиникалық көрінісі

2. 3. Емі

ІІІ. Қорытынды

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ит обасы - жіті өтетін контагиозды вирустық ауру. Кілегейлі қабықтардың жіті катарлы қабынуымен, ми мен жұлынның зақымдануымен, теріде бөртпелердің пайда болуымен сипатталады. Бұл ауруға иттер түрлі жасына қарамай бейім келеді, дегенмен 12 айға дейінгі ит күшіктері жиі шалдығады. Ауруды парамиксовирустар тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус қоздырады. Тыныс не азық қорыту мүшелерінің кілегейлі қабықтары арқылы организмнің ішкі ортасына енген вирус көп ұзамай инфекция қақапасынан өңірлік лимфа түйінге жетіп, өсіп өңеді де, одан әрі макрофагтармен бірге бүкіл денені жайлайды. Иммундық жүйе мүшелері, бауыр, бүйрек, ми мен жұдын торшалыр, эндотелиоциттер зақымданады да, организмнің қорғаныс қабілеті төмендейді. Обаның итте өту түрінің 5 формасы бар: 1) Өкпелік 2) Ішектік 3) Терілік 4) Жүйкелік 5) Аралас Жүйкелік форма- иттегі обаның өтуінің ең ауыр формасы. Бұл формада менингит, энцефалит, менингоэнцефалит, миелит, парез және аяқтарының салдануы, соңдай-ақ эпилепсия дамиды. Бұл патологиялар вирус бас миы және оның қабықтарының, жұлынның торшаларына енгенде дамиды. Вирус жұққаннан кейін 2-6 апта өткен ауру белгілері көріне бастайды.

Негізгі бөлім

Иттерде обадан кейін аяқтарының жартылай немесе толық салдануы орын алады.

Салдану - белгілі мүшенің қозғалыс функциясының толығымен бұзылуы. Осының салдарынан орталық немесе жүйке жүйесінің перифериялық бөлімдерінің зақымдалуы дамиды.

Парез ( жартылай салдану) - белгілі мүшенің қозғалыс функциясының жартылай, яғни әлсіз зақымдалуы.

1-сурет. Парез

Перифериялық жүйенің құрамында қимыл қозғалыс және сезім талшықтарынан тұратындықтан, салдану көбінесе гипостезия мен анестезиямен қосарланып жүреді ( гипостезия - сезімталдықтың төмендеуі, анестезия - сезімьалдықтың толығымен жойылуы) .

Жіктелуі:

  • Зақымдалу орнына байланысты салданулар 2- ге бөлінеді:

1) Орталық салдану- орталық жүйке жүйесінің әр түрлі аумақтарының зақымдалуынан дамиды ( ми қабаттары мен жұлын)

2) Перифериялық салдану- перифериялық жүйкелер немесе жұлынның алдыңғы бөлігінің зақымданып, салдануынан дамиды.

Иттерде обадан кейін зақымдалу орнына байланысты орталық салдану және үшкілдік жүйкенің салдануы орын алады. Себебі, вирус бас миы және оның қабықтарының, жұлынның торшаларына еніп, зақымдайды.

Үшкілдік жүйкенің салдануы жақ асты ұлпаларын иннервациялайтын күйіс бұлшық еттер жүйкесі қызметін бұзады. Кей жағдайда бұл ауруды астыңғы жақтың салдануы деп те атайды.

  • Салданудың өту процесіне, оның жайылуына байланысты:

1) Параплегия - екі жақтылы салдану, бұл кезде алдыңғы немесе артқы бөлімдерінің толығымен салдануы байқалады.

2-сурет. Параплегия

2) Гемаплегия- дененің бір бөлігінің салдануы ( оң немесе сол бөлігі) .

3) Моноплегия- белгілі бір бөлімнің немесе бөлек бұлшық ет тобының салдануы мен парезі. Мысалы: тек бір аяқтың салдануы.

4) Тетраплегия- барлық аяқтардың бірден салдануы.

3-сурет. Тетраплегия

Нақтылайтын болсақ иттерде обадан кейін ми мен жұлынның зақымдалуына байланысты аяқтарының толық немесе жартылай салдануы және үшкілдік жүйкенің салдануы орын алады.

Клиникалық белгілері:

Толық және жартылай салдануға дифференциалды болжау жүргізгенде, жартылай салдануда (парез) :

  • әсер етіп жатқан мүшенің ғана қозғалыс функциясының жүйкесі ғана зақымдалады,
  • рефлекстер төмен, бірақ толығымен жойылмайды.

Толық салдануда клиникалық белгілері айқын білінеді:

  • қозғалыс бұлшық еттерінің функциясы толығымен басылып, тез арада атрофияға ұшырайды.
  • тітіркендіргіштерге : инъекцияға ( шаншу), ыстық, суық тағы да басқа факторлар әсер етпейді.

4-сурет. Клиникалық белгілері

Үшкілдік жүйкенің салдануының клиникалық белгілері:

  • Біржақты салдану жиі кездеседі: астыңғы жақ кішкене салбырап, кейіннен күйіс қайтаруы бұзылады.
  • Екіжақты салдану: астыңғы жақтың пассивті салдануы, су ішуінің қиындауы, шайнау бұлшықетінің атрофиясы.

Емі:

Иттердің параличін емдеу кезінде орталық жүйке жүйесін қоздырушы улы препараттар- аналептиктерді пайдаланады. Бұл аналептиктерді көп мөлшерде қолдану уланып өлуге әкеледі.

Аналептиктер: Стрихнин, Секуренин

1. Стрихнин - Strychnos nus-vomica өсімдігінен алынған алколоид.

Стрихнин өте аз дозада орталық жүйке жүйесін ( ми мен жүлын) қоздырады, тітіркендіреді. Бірінші ретте жұлынның рефлекторлы фукнциясын арттырады, одан кейін сопақша ми орталығын тітіркендіреді

Құрамында стрихнин бар препараттар:
Шығарылу формасы
Мөлшері (иттерге)
Енгізу түрі
Құрамында стрихнин бар препараттар:: Стрихнин нитрат (Strychnini nitras)
Шығарылу формасы: 1 мл ампула (0, 1 % ерітінді)
Мөлшері (иттерге): 0, 001 г
Енгізу түрі: тері астына
Құрамында стрихнин бар препараттар:: Чилибуха тұнбашасы
Шығарылу формасы: флакон
Мөлшері (иттерге): 0. 1-0. 3 мл
Енгізу түрі: ішке

Стрихнин

Жартылай және толық салдану кезінде патогенетикалық ( новокаинді тежеу, ұлпалы терапия), медикаментозды, физиотерапия және оперативті емді кешенді қолданылады.

2. Секуренин - Securinega suffruticosa өсімдігінің алколоиды.

Құрамында стрихнин бар препараттар:
Шығарылу формасы
Мөлшері (иттерге)
Енгізу түрі
Құрамында стрихнин бар препараттар:: Секуренин нитраты
Шығарылу формасы: 1 мл ампула (0, 2 % ерітінді)
Мөлшері (иттерге): 0, 002-0, 003 г
Енгізу түрі: тері астына

5-сурет. Кешенді ем

  • Медикаментозды терапия (түрлі дәрі дәрмектермен емдеу түрі) мен қабынуға қарсы препараттарды қолдану.
Дәрі атауы
Мөлшері
Емдеу курсы
Қолданылу уақыты
Енгізу түрі
Дәрі атауы:

Риботан

Мөлшері: 2 мл
Емдеу курсы: 3-5 күн
Қолданылу уақыты: 8-12 сағ сайын
Енгізу түрі: бұлшық етке, тері астына
Дәрі атауы:

Наком

Мөлшері:

min 2 таб

max күніне 8 таб

Емдеу курсы:
Қолданылу уақыты: 24 сағ сайын
Енгізу түрі: перооральды
Дәрі атауы:

Седуксен

Мөлшері:

басы 5-10 мг/кг

аяғы 60-100 мг/кг

Емдеу курсы: 1-2 ай
Қолданылу уақыты: 24 сағ немесе 48 сағ сайын
Енгізу түрі: перооральды
Дәрі атауы:

Церебролизин

Мөлшері:

иньекция:

1-5 мл

Емдеу курсы: 4 апта
Қолданылу уақыты: 24 сағ сайын
Енгізу түрі: көктамырға

Негізінен обадан пайда болған салдануда аурудың этиолгиясымен күрескен нәтижелі болып саналады. Бұны медикаментозды және қабынуға қарсы препараттар арқылы іске асырамыз.

Егерде итте орталық салдану болса, онда плевраалды новокаинды тежеу тағайындаған дұрыс.

6-сурет. Плевраалды новокаинды тежеу

Ит аяқтарының толық салдануының емі:

  • Массаж
  • Тітіркендіретін линименттер мен майлар
  • Парафинді апликация
  • Балшықпен емдеу
  • Ұлпа терапиясы
  • Аутогемотерапия
  • Ине шаншу
  • Лазеротерапия
  • Фарадей тогын қосып емдейді.

7-сурет. Физиотерапия түрлері

Лазерлі терапия - Лазер немесе оптикалық кванттық генератор (ОКГ) ХХ ғасырдың ең көрнекті ғылыми жетістігі. "Лазер" сөзі (laser) ағылшын тілінен аударғанда бес сөздің бастапқы əріптерінен құралған labight Amplification ву Stimulated Emission of Radiation, күштеп сəулелендірудің көмегімен жарықты немесе сəулені ұлғайту. Сайып келгенде, лазер - бұл жарық генерацияланатын не өңделетін физикалық құрал.

Қызыл лазердің кванттық энергиясы əртүрлі ферменттермен жұтылады. Мысалы, каталаза (жұтылуы 0, 63 мкм), цитохром жəне цитохромооксидаза (0, 60 мкм) . Сондай-ақ дегидрогеназа, альдолаза, АТФ-аза, ацетилхлоринастераза, қышқылды жəне сілтілі фосфатаза, периоксидаза, гистидаза, лактат гидрогеназа ферменттері көп көлемде лазерді жұтады. Энергияны жұту кезінде ферменттер молекулаларында электорлық қозу туады, олар белсенді болып қышқылдану, қалпына келу процесстерін жандандырады. [8]

Ветеринарлық акупунктура - операциядан кейінгі және дейінгі кезеңде де негізгі емдеу әдісін толықтыруға және күшейтуге бағытталған физиотерапия әдісі . Оның мәні дененің биологиялық белсенді нүктелеріне жұқа металл инелермен әсер етуде . Шығыс емшілері әр нүкте кез-келген органмен байланысты деп санайды.

Әсер ету механизмі:

  • анестезия ретінде,
  • органдар мен жүйелердегі микроциркуляцияны жақсарту,
  • ми қызметі мен жүрек қызметін қалыпқа келтіру,
  • иммунитеттің жоғарылауы және жұқпалы ауруларға төзімділік, седативті және антидепрессант әсері.

Акупунктураның клиникалық әсері: биохимиялық процестердің өзгеруіне және акупунктура нүктелеріне әсер етуге жауап ретінде ағзаның жергілікті, органикалық және жүйелік деңгейлерінде биологиялық белсенді заттардың пайда болуына байланысты жүзеге асырылады, бұл жасушалардың, тіндердің, органдардың, жүйелердің және бүкіл ағзаның жұмысын қалыпқа келтіруге әкеледі. [8]

Массаж жасау техникасы:

1) Дайындық. Массажды ит тамақтанғаннан кейін 30 минут өткен соң, тұрақты белгілі бір уақытта жасаған дұрыс. Массажға тыныш әрі ыңғайлы орын таңдалғаны дұрыс. Иттің мазасын сыртқы факторлар алмауы тиіс, тіптен релаксацияға арналған әуендерді қойып қойған дұрыс. Иттің астына жастық, көрпелер қоюға болмайды, алдыңда айтқандай орналасқан орны тегіс, кішкене жұмсақ болғаны жақсы.

2) Итті басынан құйрық жағына қарай сипалаймыз. Алақанымыз толығымен ашық, жылы, әрі әрекетіміз жеңіл болуы керек.

8-сурет. 2-3этап

3) Арқаға массаж. Йық белдеуінен бастап құйрық негізіне дейін жалғасады. Әрбір бұлшық етке әсер етуі керек. Омыртқаларға массаж жасау қатаң тиым салынады.

4) Құйымшақты уқалау. Ашық алақанмен, айналдыра уқалау арқылы жүзеге асады.

9-сурет. 4-5 этап

5) Ішті сипау. Бұл жер өте сезімтал орын болып саналады, сондықтан итке ұнамаса бұл процесстен бас тартқан дұрыс.

6) Басқа массаж. Екі алақанмен басты бекітіп ұстаймыз да, өте жай қимылмен алдыға және артқа қозғалта бастаймыз. Егер де иттің көлемі кішірек болса. онда бұл қымылдарды тек саусақтармен де жасаса болады.

10-сурет. 6-7 этап

7) Құйрықпен жұмыс. Бірнеше рет қолымызмен құйрықты жүргізіп шығамыз: құйрық негізінен бастап ұшына дейін, соңында құйрық ұшын қысамыз.

Ескерту! Құйрықты тартуға және қатты қысуға болмайды. Бұл иттің омыртқаларды зақымдауы мүмкін оғаш қымилына әрі иттегі сенімнің бұзылуына әкеледі.

Егер де бұл массаж түрлері итте босаңсу және жақсы эмоциялар туғызатын болса, онда ендігі кезекте артқы аяқтың массажына көшеміз.

1) Иттің бір аяғын қолымызға алып, жоғарыдан- төмен, төменнен- жоғары сипалаймыз.

2) Бүгіп жазамыз. 10 -15 рет

3) Сыртқа, ішке қарай жайлап айналдырамыз.

4) 3 саусақпен бұлшық еттерді 2-3 минут аралығында уқалаймыз.

5) Бақай сүйектерін 20-30 рет қысып ұстаймыз.

11-сурет. Артқы аяқтың массажы

Үшкілдік жүйкенің салдануы кезінде қолданылатын ем:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпақ табан
Шиацу япон массажы
Массажға дайындық
Ауыр инсульт белгілері
Стресс. Дитресс
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
ВОЙТА - ТЕРАПИЯ
Жөргектік кезеңдегі дене дамуы және күтімі
Хирургиялық науқастарға жалпы күтім
Инсульттан кейінгі науқастарды оңалту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz