Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастру



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра Геодезия және құрылыс

Мамандық 5В071100 Геодезия және картография

ПРАКТИКА БОЙЫНША ЕСЕП

Өндірістік практикасы
(практика түрі)

Білім алушы 3 курс ГК-711 ___________ ___________
(курс, топ) (қолы, күні)
(аты – жөні)

Университеттен
практика жетекшісі ___________ ____________
(қолы, күні)
(аты-жөні)

Комиссия мүшелері ____________ _____________
(қолы, күні)
(аты-жөні)

____________
____________
(қолы,
күні) (аты-жөні)

________
(баға)

Семей 2020

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер 4
1.1 Кәсіпорын туралы қысқаша тарихи мәліметтер, оның соңғы
3-5 жылдағы техникалық прогресі 4
1.2 Учаскенің физикалық-географиялық және экономикалық
жағдайын зерттеу 6
2 Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру 8
2.1 Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы 8
2.2 Геодезиялық бөлу негіздерін құру 11
2.3 Құрылысты геодезиялық жұмыстармен қамтамасыз ету кезінде
қолданылатын аспаптар 13
3 Карталарды жобалау, құрастыру және редакциялау 17
3.1 Дизайнымен және картографиясымен танысу. Картография
бағдарламасын оқып үйрену 19
3.2 AUTOKAD, MAPINFO, CorelDraw бағдарламалық
пакеттерімен танысу 19
Қорытынды 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кірісп

Өндірістік тәжірибелер өтудің мерзімнің артына жер пайдаланудан ғылыми
өндірістік орталықтан Семей қаласы ТОО Фирма Азия компаниясының құрылыс
жұмыстармен таныстырды.
Құрылыс-жөндеу жұмыстарындағы ерекше орынды геодезиялық жұмыстар
алатындығын, оларды алдын-ала құрылыс басталмастан орындайтындығын үйрену.
Барлық құрылыс-жөндеу және инженерлік-геодезиялық жұмыстардың жүзеге
асырылуы берілген талаптарға сай нортативті-техникалық акт деген арнайы
құжаттарда тіркеледі.
ТОО Фирма Азия компаниясының жұмыстар реті:

- центрлерді орнату, геодезиялық желілер, түсіруге негіздеме,
маркшейдерлік желілер, құрылыс салуға арналған арнайы мақсаттағы
геодезиялық желілер жасау;

- жер бетіндегі ғимараттар мен іргетастардың және тау жыныстары
қабатының бүлінуін, оның ішінде табиғи және технотабиғи
үдерістердің қауіптілігіне жеке мониторинг жүргізу кезіндегі
геодезиялық стационарлы бақылаулар.

1. Кәсіпорын туралы жалпы мәлімет

1. Кәсіпорын туралы қысқаша тарихи мәліметтер, оның соңғы 3-5 жылдағы
техникалық прогресі

Фирма Азия ЖШС Компанияның құрылыс-монтаж жұмыстарына (жер
жұмыстары, инженерлік желілерді монтаждау, технологиялық жабдықтарды
монтаждау, күрделі жөндеу және қайта құру), жобалау-іздестіру жұмыстарына
және құрылыс материалдарын өндіруге мемлекеттік лицензиясы бар.

1-сурет. Фирма Азия ЖШС Компанияның өндіруге мемлекеттік лицензиясы

Азия фирмасы ЖШС-нің негізгі қызметі құрылыс болып табылады (2001
жылғы 18 мамырдағы № 1057-1917-27-ЖШС мемлекеттік қайта тіркеу туралы
куәлік). Компанияда құрылыс-монтаж жұмыстарына (жер жұмыстары, инженерлік
желілерді монтаждау, монтаждау) мемлекеттік лицензиясы бар. Жобалық-
іздестіру жұмыстарына және құрылыс материалдарын өндіруге арналған
технологиялық жабдық, күрделі жөндеу және қайта жаңарту).

Компания ISO 9001: 2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігіне
сертификатталған. Жалпы алаңы 1,9 га. Пластикалық терезелер шығаратын жеке
шеберхана, шеберхана бар. ағаш өңдеу, жүк көліктері мен автомобильдердің
жеке паркі, арнайы жабдық, темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт.

Компанияның құрамына құрылыс индустриясының жоғары білікті мамандары,
монтажшылар, фиништер және т.б. команда кіреді.

Firmia Asia ЖШС-нің соңғы 2 жылда атқарған жұмыс көлемі 2 миллиард
теңгеден асады.

Қазіргі уақытта Бесқарағай ауылындағы сумен жабдықтау желілерін қайта
құру бойынша ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2010 жылы салынып
біткен мектеп құрылысы сияқты жобалар аяқталды. Жантікей, су тасқынынан
зардап шеккен тұрғын үйлер, Мәдениет үйін күрделі жөндеу және т.б.

Компания жыл сайын қарқынды дамып келеді және аймақтың құрылыс
нарығында жетекші орын алады. Компанияның басты қағидаттарының бірі - бұл
тек сапа ғана емес, сонымен қатар өндіріс жылдамдығы, құрылыс уақытын
қысқарту бойынша тапсырмаларды орындауға деген ұмтылыс.

Дүниежүзілік экономикадағы дағдарыстық жағдайды ескере отырып, табиғи
экономикалық іріктеу жүріп жатқан кезде, көптеген құрылыс ұйымдары
сәтсіздікке ұшыраған кезде, бұл компания Елбасының Дағдарыстан дамуға
жаңару жолында Жолдауын басшылыққа ала отырып, оны даму стратегиясы
ретінде әрі қарай тұрақты және үдемелі өсуге бағытталған!

Бұл компания көп салалы жұмысқа қарамастан, құрылысты сәтті және
сенімді болашақ үшін басымдықты, негізгі сала ретінде таңдайды!

Компанияның ұраны: Біз мәңгілікке саламыз!!!

2. Учаскенің физикалық-географиялық және экономикалық жағдайын зерттеу

Семей ШҚО-дағы аймақтағы 2-ші ірі қала болып есептеледі. Ол Ертістің
екі жақ жағалауында орналасқан. Аумағы – ауылдық округтерді қосқанда 27,5
мың кв км. Облыс орталығы Өскемен қаласына дейінгі аралық 240 км Гринвичтан
шығысқа қарай 40км, Семей қаласының батысынан Дегелен тауларына қарай
қиылысатын сызықтар 500с.к. және 800 ш.ұ. болатын Евразия
суперконтинентінің Географиялық орталығы болып анықталды.
Аймақтың климатына материкке мұхиттан географиялық жағдайдың ерекше
әсері бар. Географиялық жағдайы континеттік және дымқылдану дәрежесінің
айырмашылықтары, жыл мезгілдеріне байланысты температураның өзгеруі,
климаттың әр түрлі көптеген типтері арқылы ерекшеленеді. Климаттың күрт
континеттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудасымен
түсіндіріледі. Қыста -450, ал жазда +450. Қала тұрғындарының саны 300 мың
адамнан асады.

Батыс аймақтық құрылыс материалдар ресурсы жеткілікті. Суықбұлақ
ауылынан Семейдің оңтүстігіне қарай жоғары сапалы мәрмәр шығатын орын,
Ауылдың солтүстігінен гипстің шығатын бай орны бар. Құрылыс және
декаротивтік тастардың, шыны құмдардың, батпақтардың алуан түрлері бар.
Цемент өнімдерінің графит және асбесттің, фарфор фаянс өнімдерінің орындары
бар. Батыс аймақтық жылу энергетикалық ресурстары негізінен Ертіс, Шүлбі
және Тарбағатайдан келетін көптеген ұсақ өзендер энергия ресурстары
негізінде іске асады. Батыс аймағының аумағында химиялық өнімдердің аздаған
орындары кездеседі (ас тұзы, мирабилит т.б.). Көл ресурстарына әр түрлі
дәрежедегі тұзды сулар, балықтар, су қойнауларының маңындағы өсімдіктер,
емдік батпақтар, көл құмдары түріндегі құрылыс материалдары, қиыршық тастар
және т.б. жатады. Аймақ ормандарының маңызы зор, олар мемлекеттік
бақылауда. Қарағайлы орман Ертіс өзенін бойлай Шыңғыстауға дейін созылған,
жабайы алма өскінділері Тарбағатайға дейін. Батыс аймағының жануарлар әлемі
ресурсы спорттық, кәсіптік аулау мен балық аулаудың негізгі көрінісі болып
табылады.
Жер қыртысы ресурсы ауыл шаруашылығының дамуыда үлкен рөл атқарады (Белағаш
даласы). Аймақтың көптеген аумағы әр түрлі мезгілде жайылым ретінде
пайдаланылады. Осылайша Батыс аймағы табиғи табиғат ресурстары және пайдалы
қазбалардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді.

2 Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастру

1. Геодезиялық жұмыстардың түрлері мен құрамы

Құрылыс-жөндеу жұмыстарындағы ерекше орынды геодезиялық жұмыстар
алады. Оларды алдын-ала құрылыс басталмастан орындайды. Ірі өндірістік және
азаматтық бекіністер көп мөлшерде темірбетон және болат
сияқты құрылымды элементтерден тұратын технологиялық құрылғы. Барлық
құрылыс-жөндеу және инженерлік-геодезиялық жұмыстардың жүзеге асырылуы
берілген талаптарға сай нортативті-техникалық акт деген арнайы
құжаттарда тіркеледі. Бұл құжаттардың негізіне құрылыс нормалары және
ережелері, топографиялық-геодезиялық жұмыстардың жасалуы жатады. Негізінен
геодезиялық стандарттар құралдарға және олардың түріне, техникалық
анықтамасына байланысты құрастырылады. Құрылыс-жөндеу өндірісінің құрылымды
басқару жүйесінің сапасы үш жүйеден тұрады: сапа көрсеткішін орнату,
сапаны қамтамасыз ету, сапаны бақылау.
Геодезиялық қызыметтің негізгі тапсырмалары. Қазіргі индустральды
құрылыс әдістері кезінде, құрылыс жүріп жатқан жер монтаждау алаңына
айналып, ондағы істелетін геодезиялық жұмыстар технологиялық үрдістің
айырылмас бір бөлігіне айналады. Сондықтан геодезиялық жұмыстардың
(өлшеулерге) дәлдігіне қойылатын талаптар арта түседі. Бұл талаптар жалпы
құрылыстық, монтаждау және арнаулы жұмыстарға, яғни алаңда істелетін
жұмыстардың барлығына бірдей келісілген графикпен атқарылады. Құрылыс
алаңында үрдісті геодезиялық жұмыстар жүргізіледі, солардың ішінде
геодезиялық жұмыстардың негізгі тапсырмаларын анықтайтын ең маңыздыларын
келтірейік:

- геодезиялық жұмыстарды жобалау, құру және құрылыс салу үшін, оның
орынын қадалау (разбивка) негізін қабылдау;
- -құрылыс салу кезінде геодезиялық қадалау жұмыстарын атқару;
- -құрылыс-монтаждау жұмыстарының дұрыс атқарылуын тұрақты бақылау және
оны орындау техникалық құжаттарын құру және толтырып отыру; -салынып
жатқан ғимараттар мен құрылыстардың ойысуын, жылжуын бақылау.
Құрылыс жұмыстарында геодезиялық істер тобының қатары күрделі өлшемдер
кешенін, өңдеулер мен сызба және табиғи жағдайдағы жайттарға негізделген
дәл әрі дұрыс орналасқан ғимараттар, жобалар, геометриялық сипаттамалары
бар жоспарлармен толықтырылған міндетті құжаттардан құралады. Геодезиялық
жұмыстар құрылыстағы жобалау этапындағы және олардың мазмұны мен
технологиялық жалғастығына негіз болатын жұмыс. Құрылыс алаңында жасалатын
геодезиялық жұмыстар қатарын келесідей топтастыруға болады:
1. Құрылыс алаңын таңдау:
− мәліметтер жинау, сараптау және ескеру.
2. Құрылыстық жобалану:
− топографо-геодезиялық жұмыстар (инженерлік геодезиялық ізденістер)
құрылысқа геонегіз жасау;
− инженерлік ізденіс түрлерін геодезиялық қамтамасыздандыру;
− құрылыс жобаларын қосымша мәліметтермен қамсыздандыру.
3. Құрылыс кұрамының (конструкция) жасалынуы мен әзірленуі:
− құрылыс (конструкция) құрамын бекіту кезіндегі геометриялық
элементтер сипаттамаларының бақылануы;
− құрылыс құрамының геометриялық элементтер сипаттамаларының
статистикалық қадағалануы.
4. Құрылысқа дайындық кезеңі:
− жерді тегістеу немесе жобалық биіктікке келтіру;

− геодезиялық бөлу жұмыстарының негізін жасау;
− аумақты инженерлік дайындау, яғни жобалау жұмыстары, жерасты және
жер бетіндегі жұмыстарға әзерлену;
− негізгі және қосымша осьтерді жер бетіне шығару.
5. Құрылыстың негізгі кезеңі:
− құрылым элементтерніңосьтерін жер бетіне шығару;
− жерасты және жерүсті ғимараттарының бөліктерін салу кезіндегі
құрылыс−монтаждық жұмыстардың геометриялық қамтамасыздануы;
− аяқталған құрылыс элементтерінің тексеру−орындалу жұмыстары,
орындалу құжаттарын толтыру;
− геодезиялық орындалу жұмыстарының жиынын тапсыруға дайындық.
6. Құрылыстың аяқталуы:
− құрылыс барысында болатын толықтай геодезиялық жұмыстардың
нәтижелері туралы техникалық есеп беру;
− тік профиль, қималар, инженерлік пландарға негізделген орындалған
жұмыстардың бас жобасының жасалуы.
Бұл жұмыстар автоматтандырылған комьютерлік бағдарламалар арқылы
атқарылған. Жерді тегістеу топографиялық планын, алаңды құрылыс салуға
инженерлік дайындау; көлік, жаялау жолдарын салуды жеңілдету;алаңды
пайдалануға ыңғайлау;ғимараттардың биіктік мәндерін бір жүйеге келтіру;суды
ағызып жіберу және тағы да басқа мәселелерді шешу үшін сызылады. Жерді
тегістеуге арналған жобаны масштабы 1:5000 немесе 1:2000 топографиялық
планда сызылады. Топографиялық планға еңістік өзгеретін орындарын, бағытын,
ұзындығын, мөлшерін жазады. Планға қоса масштабы 1:100 немесе 1:200
көлденең профильдер сызылады, оны төменде көрсетілген құрылыс обьектісінің
жұмыс сызбаларынан байқауға болады. Жергілікті жердің жер биіктіктерін
жобалық биіктікке келтіру үшін тегістеу жұмыстарының картограммалық сызбасы
тұрғызылып, сол арқылы AutoCad бағдарламасына координаттары мен биіктік
мәліметерін Transform F тасымалдау порты арқылы көрінісін шығарып, сызбасын
аламыз. Содан соң Leica 407аспаптарына LeicaSurvey Office каталогындағы
Tools немесе Combain утилиті арқылы GSI 17 форматында керекті координаттар
мен биіктіктерді электронды тахеометр жадына көшіріп құрылыс алаңына барып
казықтармен бекітіп, казу машиналары мен бригадасына қаншалықты қазу немесе
көму керектігін көрсетіп береді. Ауыр машиналар арқылы қазып, керекті
биіктікке 20-10 см қалғанда қолмен қазатындығын ескертеді.

2. Геодезиялық бөлу негіздерін құру

Ғимараттар мен жасақтарды жерге көшіру геодезиялық бөлу нүктелерінен
басталады. Ол тор тәріздес пункттің жерге бекітілген белгілерінің көмегімен
жасалады және ол сыртқы бөлу торларының құрылуы мен орындаушылық
түсірістерді орындауға қызмет етеді.
Бөлу негіздері ол құрылыстың аумағында орналасқан және бас жоспарда
көрсетілген геодезиялық жиілету торларына байланыстыра отырып жасалады. Ол
1 және 2-ші разрядты немесе бұрын жүргізілген ізденіс пунктері болуы
мүмкін.
Бұрын аумақта жүргізілген ізденіс жұмыстарының пландық немесе биіктік
негіздері, геодезиялық бөлу жұмыстарына негіз бола алмайды, себебі олар 23
дәлдік жағынан сай келмейді және жиілігі, пунктердің орналасуы, ал кейде
олар түпкілікті жоғалып кетуі мүмкін. Сол себептен бөлу негізі жобаны жерге
көшіру кезінде құрылады.
Бұндай негіз түрі мен оны тұрғызу әдісі және оның дәлдігі сол
жергілікті жер рельефі мен аумақтық көлеміне және құрылыс ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Өндірістік ғимараттар мен жасақтар үшін бөлу негіздері болып
құрылыстық тор табылады, ал тұрғын үйлерге – құрылыстың қызыл сызығы
алынады.

Құрылыс торын жерге көшіру мен бекіту екі кезең арқылы жүреді:
- Алдын-ала бөлу және уақытша нүктелерді бекіту;
- Уақытша белгілердің дәл координаттарын анықтау және оларды ауыстыру
мен тұрақты белгілермен бекіту.
Алдын-ала бөлуді тахеометр көмегімен 1:2000 дәлдікпен шамамен алаңның
ортасында орналасқан базистен жүргізеді (2-сурет). Жақын арадағы
триангуляция немесе полигонометрия пунктерінмен байланыстыра отырып,
геодезиялық кері есеп нәтижелері бойынша АВС базис нуктелерін жергілікті
жерге көшіреді. Аралық створлық сызық үшін базисті пикеттерге бөліп
өлшейді. Базис нүктелерінде көлденең AD, BE, CF нүктелерін барлық тор
аумағына бөледі, DEF сызғының ұзындығын өлшейді және таңдалған квадраттар
қабырғалар ұзындығын тексереді. D, E, F нүктелерінде бұрыштық бақылау
өлшемдері жүргізіледі. Одан кейін барлық створлық сызықтар ұзындығын
өлшейді ( суретте олар пунктир түрінде көрсетілген).

2-сурет. Құрылыстың негізгі остерін бөлу жұмысы

Құрылыс торын алдын-ала бөлгеннен соң, оның тор сызынан
полигонометриялық жүріс жүргізеді. Ол арқылы оның пунктерінің дәл
координаттарын анықтайды. Бұл координаттарды жоба координаттарымен
салыстырып, оларға түзетулер енгізеді, түзету әр пунктке жеке жүргізіледі.
Нүктелерді тұрақты белгілермен бекітеді (темір бетонды қазық, рельс
кесінділері ж.т.б). нүктелерді редуцирлеу алдында олардың азимуттарын,
ұзындықтарын көрсетіп оларға арнайы сызбалар сызылады. Дәлдікті бақылау
үшін құрылыс торынының қабырғаларын таңдаумен өлшемдер жүргізеді және
шахматтық кезекпен пунктердегі тік бұрыштарын өлшейді. Торды бөлуді
жүргізгендегі қабырға өлшемдерінің орташа ауытқуы ±10-15мм артпауы керек,
ал тік бұрыштарында ±15-20”.
Биіктіктерді білу үшін құрылыс торының периметрімен III классты
нивелирлік жүріс жүргізеді. III - класс реперлерінің арасында IV - класс
нивелирлік жүріс жүргізеді. Нәтижесінде тордың барлық пунтерінің биіктік
мәндерін алады. Егер торды жиілету қажет болса, онда негізгі створлық
нүктелер арасында қосымша нүктелер қосады. Бұл нүктелерде бұрыштарды
өлшемейді, ал координаттарын сызықтық өлшемдерден алады. Үлкен жобалардағы
құрылыс торларын жергілікті жерге көшіру өте жауапты геодезиялық жұмыстарға
жатады және оларкөбінесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Құрылыста атқарылатын геодезиялық жұмыстар
Астана қаласы Нұрсая ықшам ауданындағы жер асты автокөлік тұрағы бар тұрғын үйді жобалау
Инженерлік геодезиялық ізденістер
Құрылысты геодезиялық сүйемелдеу
Құрылыс торын жобалау
Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы көлік жолын экономикалық негіздеу
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Құрылыс аумағында жүргізілетін инженерлік жұмыстар
Инженерлік геодезия
Пәндер