Фармацевтикалық химияның міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры: Оқу ісінің меңгерушісі:
Р. Жыйынбаева Г. Жылбаева
28.08.2020ж 28.08.2020ж

Қолданбалы курс

Мектеп: № 51 Т.Рысқұлов жом
Тақырыбы: ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ХИМИЯҒА КІРІСПЕ
Мұғалімі: А.Багатова
Мектеп: № 51 Т.Рысқұлов жом
Пәні: Химия
Сыныбы: 10

2019-2020 оқу жылы

БАҒДАРЛАМА
ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ХИМИЯҒА КІРІСПЕ
10-сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат
Пікір жазған:
С.А.Ускенбаева, Химия кафедрасының лекторы, техника ғылымдарының кандидаты, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті;
З.О.Өнербаева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты, Химия кафедрасы;
Н.Н.Несипбаева, техника және технология магистрі, №192 ЖББ мектептің химия пәні мұғалімі

ТҮСІНІК ХАТ

Қолданбалы курс бағдарламасы болашағын химик, фармацевт, провизор және дәрігер мамандықтарымен байланыстырғысы келетін жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сынып оқушыларына арналған. Мектеп жағдайына байланысты курсты аптасына 1 сағаттан 10-шы немесе 11-ші сыныпта жүргізуге болады.
Курстың мақсаты - химияның жаратылыстану саласындағы интеграциялық қолданбалы ғылым ретіндегі маңызын ашып, оқушыларға кәсіптік бағдар берудегі практикалық бағыттылық рөлін арттыру.
Курстың міндеттері:
оқушыларға әрі қарай білім алуын жалғастыруға қажетті кәсіптік бағдарды дұрыс таңдап алуға көмектесу;
оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін, өз бетінше білім алу біліктерін дамыту, сондай-ақ, дәрілік препараттарды өндіру мен қолдануға байланысты химияның практикалық және қолданбалы ғылым ретіндегі маңызын көрсету;
оқушылардың заттар мен материалдардың құрылысы, қасиеттері, қолданылуы және алу әдістері жөніндегі білімдерін кеңейту және тереңдету;
оқушыларға хемофобия мен қазіргі заманғы экологиялық проблемаларға немқұрайды көзқарастың қате екендігін түсіндіріп, ғылымижаратылыстық білімдерін қалыптастыру;
Қазақстан халқының Мәңгілік Ел жалпы ұлттық идеясының жүзеге асуын қамтамасыз ету мақсатындағы рухани құндылықтар: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, сыйластық, бірлесе жұмыс жасау, ұқыптылық, еңбекқорлық және шығармашылық, өмір бойы білім алуға ұмтылушылықты тәрбиелеу;
оқушылардың жалпыбілімдік біліктері мен дағдыларын: негізгіні бөліп алу, жалпылау, жүйелеу, салыстыру, қорытынды жасау, ғылыми-көпшілік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту;
оқушыларды олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатысуға және жоғары оқу орындарына түсуге әзірлеу;
қоршаған ортада, тұрмыста, күнделікті өмірде жиі кездесетін дәрілік заттардың қасиеттерін және оны қауіпсіз пайдалану ережелерін меңгерту;
химия ғылымының адамзат проблемаларын шешудегі маңызын дұрыс түсініп, пәнді меңгеруге қызығушылықтарын арттыру;
курс материалдары арқылы білімді, білікті, химиялық білімін қоршаған ортаны, адам денсаулығын қорғауға тиімді пайдалана алатын, дүниедегі болып жатқан өзгерістерді ғылыми тұрғыда түсіне алатын, соған сәйкес әрекет етіп, проблемаларды шеше алатын жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Бағдарламаның өзектілігі. Жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысында бағдарланған білім беру көзделген. Бұл жағдай мектеп бітіруші түлекке кәсіптік бағдар таңдауына мүмкіндік береді. Міне, осы кезде оқушылардың дұрыс бағыт таңдауына элективті курстар арқылы кәсіпалды даярлық жүргізу көп көмек береді.
Осындай курстардың бірі - "Фармацевтикалық химияға кіріспе" элективті курсы. Бұл курс химияның теориялық негіздері мен медицинадағы химиялық заттардың практикалық қолданылуын қамтиды. Ғылымижаратылыстану пәндері ішінде химия адамның тіршілік әрекеті мен денсаулық сақтау мәселелерін шешуде маңызды орын алады. Сондай-ақ, химия - - - көптеген медициналық және фармацевтикалық жоғары оқу орындарына түсу үшін негізгі пән болып саналады. Қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектер арасында болашағын медициналық мамандықтармен байланыстырғысы келетін оқушылар көптеп саналады. Сондықтан "Фармацевтикалық химияға кіріспе" элективті курсын оқу жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу үшін қажетті химиялық білімді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Фармацевтикалық химия - дәрілік заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, олардың құрамы және құрамы мен ағзаға әсері арасындағы байланысты, дәрілік заттарды алу және олардың сапасын бақылау әдістерін, сақтауды және қолдануын зерттейтін ғылым.
Фармацевтикалық химияның негізгі міндеті - дәрілік заттардың химиялық құрамы мен олардың ағзаға әсері арасындағы байланыстарды, сонымен қатар терапевтік әсері жоғары жаңа дәрілік препараттар әзірленетін биологиялық белсенді табиғи қосылыстарды зерттеу.
Мектепте оқылатын "Фармацевтикалық химияға кіріспе"элективті курсының басты мақсаттарының бірі - - оны болашақ мамандығының негізі деп қарайтын жоғары сынып оқушыларына күнделікті өмірде өте қажет білім, білік және дағдыларды меңгерту, болашақ қоғамның құзыретті, химиялық сауатты, саналы азаматын тәрбиелеу. Өйткені қоғамда химиялық заттардың әсерінен болып жатқан апаттардың барлығына да алдымен адамдардың өздері жауапты. Сондықтан бүгінгі күні әлемде орын алып отырған әртүрлі деңгейдегі биологиялық, эпидемиялық аурулармен күресуде қарапайым санитарлық ережелер мен нормаларды сақтауды дұрыс түсініп, химиялық заттарды дұрыс пайдалана білу үшін күнделікті өмірде қажет химиялық білімді осы курс арқылы меңгере алады.
Курстың теориялық базасы оқушылардың негізгі мектептегі химия курсынан алған білімдеріне сүйенеді. Оқушылар курс барысында білімдерін тереңдете, біліктері мен дағдыларын жетілдіре отырып, фармацевтикалық және медициналық химияның негіздерін меңгереді. Оқушылардың дәрілік заттармен танысуы сол препараттың құрылысына және әртүрлі науқастарды емдеуге қолданылуына теориялық шолу жасау арқылы жүзеге асады. Объект ретінде оқушының базалық химиялық білімі негізінде химиялық құрылысы жеңіл талданатын, көпшілікке белгілі дәрілік заттар таңдап алынады. Элективті курстың оқу материалының мазмұны оқушылардың химиялық заттар жөніндегі көзқарастарын кеңейтіп,таңдаған мамандығын меңгеруге жол ашады.
Химия - тәжірибелік ғылым. Осыған орай элективті курс сабақтарында оқушылар химиялық реактивтер, зертхана жабдықтары және химиялық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері және техникасымен жақынырақ танысады.
Сондай-ақ, бағдарламада қаралған химиялық эксперименттер оқушыларға күнделікті өмірде, қоршаған ортада, тұрмыста химиялық заттарды қалай пайдалану керектігі жөнінде практикалық дағдыларды қалыптастырады.
Бағдарлама құрылымы мына бөлімдерді қамтиды:
Түсініктеме хат
Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі;
Нормативті бөлім;
Ақпараттық-әдістемелік бөлім;
Қолданылатын әдебиеттер тізімі;
Қосымша.
Бағдарламаның тұрақтылау бөлімінде мынадай тақырыптар қамтылған:
Кіріспе. Ұйымдастыру сабағы. Химия зертханасында жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін сақтау;
Химиялық ыдыстар және зертханалық жабдықтармен танысу;
Таза заттар мен қоспалар. Қоспаларды бөлу және заттарды тазарту. Ерітінділер;
Дәрілік заттар және оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеу жөнінде жалпы түсінік. Үй дәрілік қобдишасы.
Фармация, фармацияның пайда болуы. Дәрілердің фармакологиялық маңызы және қолданылуы. Мемлекеттік фармакопея;
Дәрілік заттардың қасиеттерін зерттеу және оларды сәйкестендіру;
Жеке тақырыптары бойынша курстық жұмыстарды қорғау және тақырыбына сәйкес жеке газеттер, бюллетеньдер шығару;
Дәріханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің зертханаларына топсеруенге бару.
Сабақ беретін мұғалім мектеп жағдайына байланысты тақырыптарға бөлінген сағат санын, сабақты жүргізу әдістемесін, химиялық экспериментке пайдаланатын заттарды, әдебиеттерді қалауынша өзгертуіне болады.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҰРАҚТЫЛАУ БӨЛІМІ
Кіріспе. Ұйымдастыру сабағы. Химия зертханасында жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін сақтау (1 сағ.)

Химия кабинеті және кабинеттегі заттармен, оқушыларға қажетті жалпы талаптармен (жұмыс дәптері, халат, тәртіп сақтау және т.б.). таныстыру. Химия кабинетіндегі электр тогын қосқыштар, газ және су құбырлары, өрт сөндіру құралдары, дәрілік қобдишаның орналасуы.
Оқушыларға курстың бағдарламасы, мақсаты, міндеттері және сабақ түрлері жөнінде түсінік беру.
Курс сабақтары кезінде жұмыс істегенде химия кабинетіндегі техника қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқау беру. Аналитикалық зертханаларда зерттеу жүргізу кезіндегі техника қауіпсіздігі ережелері. Зертханалық жұмыстарды орындау кезіндегі типтік ережелер.

І. Химиялық ыдыстар және
зертханалық жабдықтармен танысу (3 сағ.)

Зертханалық тұрғымен жұмыс істеу тәсілдері: сынауықтар, стақандар мен құтыларды қысқыштармен, сақиналармен бекіту.
Қыздырғыш құралдар. Жалынның құрылысы. Сынауықтар мен құтыларда химиялық заттарды қыздыру.
Зертханалық таразылар түрлері. Қатты заттардың салмағын және сұйықтардың көлемін өлшеу. Ерітінділер тығыздығы және оны өлшеу.
Реактивтерді ағзаға әсеріне және тазалық дәрежесіне қарап жіктеу. Реактивтерді сақтау. Этикеткадағы белгілер.
Химиялық тәжірибені және оның нәтижелерін өңдеп жазу.
Практикалық жұмыс. 1. Зертханалық тұрғы және қыздырғыш құралдар, олармен жұмыс істеу. 2. Зертханадағы таразы түрлері және сұйықтардың көлемін өлшейтін құралдармен, ареометрмен жұмыс істеу.

ІІ. Таза заттар мен қоспалар.
Қоспаларды бөлу және заттарды тазарту. Ерітінділер (3 сағ.)

Химия мен медицинадағы заттар тазалығы. Қоспалар туралы түсінік және қоспалардың жіктелуі. Қоспаларды бөлу әдістері және оның мәні.
Ерітінділердің сандық құрамы. Ерітінділер әзірлеу. Индикаторлар мен қосалқы реактивтердің ерітінділерін әзірлеу.
Практикалық жұмыстар. 1. Қоспаларды әртүрлі әдістермен бөлуге тәжірибелер. 2. Берілген концентрациясы бойынша ерітінді әзірлеу. 3. Индикаторлар мен қосалқы реактивтердің ерітінділерін әзірлеу.

ІІІ. Дәрілік заттар жөнінде жалпы түсінік
және оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеу.
Үй дәрілік қобдишасы. (4 сағ.)
"Дәрілік препарат" түсінігінің анықтамасы. Органикалық, бейорганикалық және аралас құрамды препараттар. Дәрілердің түрлері (түйіршіктер, тамшылар, жақпа майлар және т.б.). Уыттылығына байланысты дәрілік препараттарды топтарға жіктеу. Дәрілік препараттарды үй жағдайында сақтау және қолдану ережелері. Дәрілік шөптер.
Практикалық жұмыс. Оқу құралдарымен, анықтамалықтармен және басқа қосымша әдебиеттермен танысу.

IV. Фармация, фармацияның пайда болуы.
Дәрілердің фармакологиялық маңызы және қолданылуы. Мемлекеттік фармакопея (10 сағ.)

Фармацевтикалық химия ғылымы және оның химиямен, медицинамен байланысы. Фармацевтикалық химия мен фармацевтикалық өндірістің Қазақстанда дамуы жөнінде қысқаша тарихи очерк. Дәрілік заттарды іздеу, өндіру, сараптау, әзірлеу, сақтау, қолдану мәселелері.
Қазақстандық ғалымдардың фармацевтикалық өндіріс саласындағы еңбектері.
Фармацевтикалық химияның міндеттері. Фармацевтикалық өндіріске қажет мамандықтар: провизор, фармацевт, химик-аналитик. Дәріханалар мен дәріханалар жүйесіндегі бақылау-аналитикалық зертханалар жұмысы. Дәрілік заттарға сараптама жүргізу. Дәрілік заттардың сапасыз болу себептері.
Мемлекеттік фармакопея.
Бейорганикалық фармацевтикалық препараттардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы (сутек пероксиді, магний оксиді, йод, калий перманганаты, магний сульфаты, кальций хлориді, барий сульфаты, бор қышқылы және натрий тетрабораты).
Органикалық фармацевтикалық препараттардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы (антибиотиктер: левомицетин, тетрациклин, пенициллин).
Дәрумендер: А, Д, Е, С. Антидәрумендер. Олардың ағзаға әсері.
Гетероциклді қосылыстар туындылары: амидопирин мен анальгин, олардың құрылысы, қасиеттері және ағзаға әсері
Сульфаниламидтер: фталазол мен норсульфазол, олардың құрылысы, қасиеттері және қолданылуы.
Жай және күрделі эфирлер: медициналық эфир, нитроглицерин және олардың құрылысы, қасиеттері, ағзаға әсері.
Практикалық сабақ. Күрделі эфирді (сіркеэтил эфирін) алу.

V. Дәрілік заттардың қасиеттерін зерттеу
және оларды сәйкестендіру (6 сағ.)

Дәрілік препараттарды зерттеу әдістері. Зерттеудің физикалық әдістері. Зерттеудің химиялық әдістері. Дәрілік заттарды химиялық жіктеудің негіздері. Дәрі құрамы.
Практикалық жұмыстар. 1. Дәрілер мен дәрілік препараттардың құрамында басқа қоспа компоненттердің бар-жоқтығын (корвалол, глюкозасы бар дәрумен) және түпнұсқа екендігін (кальций глюконаты, этил спирті, гидроперит, парацетамол, стрептоцид, димедрол, аскорбин қышқылы, левомицитин, ляпис, глицерин, уротропин, глюкоза, аспирин, новокаин, ихтиол майы, анальгин, атропин, бор препараттары және т.б.) анықтауға сараптама жасау. 2. Бейорганикалық фармацевтикалық препараттардың құрамына талдау жасау. 3. Органикалық фармацевтикалық препараттардың құрамына талдау жасау.
Әрбір препаратты зерттеу алдында оның құрамын, молекула құрылысын талдап, парақшасын оқып, фармакологиялық мәнімен, химиялық анализ әдістемесімен танысады.

VІ. Жеке тақырыптары бойынша курстық жұмыстарды қорғау
және тақырыбына сәйкес жеке газеттер, бюллетеньдер шығару
(3 сағ.)
Жыл соңында әрбір оқушы өзіне берілген жеке тақырыбы бойынша курстық жұмыс қорғайды, нәтижесі жиынтық бағалау ретінде қабылданады. Курстық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылады.
Жыл бойы медицина жетістіктері мен медицинаның химиямен байланысы жөнінде қабырға газеттерін, слайдтар, бюллетень және т.б. шығарылады.

.

НОРМАТИВТІ БӨЛІМІ

10-шы сыныпта аптасына -1 сағат, барлығы - 34 сағат

РС
Бөлім
Бөлімше
Тақырып
Оқу мақсаты
Сағат саны
Білім өнімі

Бар
лығы
Лекция
Тео
рия

Мерзімі

Кіріспе. (1 сағ.)
1
Ұйымдастыру сабағы. Химия зертханасында жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін сақтау
Оқушыларды курс бағдарламасы, мақсаты және міндеттерімен таныстыру
1
1

Химиялық заттармен жұмыс істеген кездегі техника қауіпсіздігі ережелерін біледі.

І. Химиялық ыдыстар және зертханалық жабдықтармен танысу
(3 сағ.)

2
Практикалық сабақ. Зертханалық тұрғы және қыздырғыш құралдар, олармен жұмыс істеу
Зертханалық жабдықтармен жұмыс істей білуге үйрену
1
1

Тәжірибе.
Зертханалық тұрғы және қыздырғыш құралдармен жұмыс істей алады.
3
Практикалық сабақ. Зертханадағы таразы түрлері және сұйықтардың көлемін өлшейтін құралдармен, ареометрмен жұмыс істеу
Зертханадағы жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру
1
1

Тәжірибе.
Зертханадағы таразы түрлерімен, сұйықтардың көлемін өлшейтін құралдармен, ареометрмен жұмыс істей алады.
4
Химия кабинетіндегі реактивтер және оларды жіктеу.
Реактивтердің ағзаға әсерін білу, қауіпсіздік ережесін сақтау
1
1

Химия кабинетіндегі реактивтер және оларды жіктеу жөніндегі конспект.

ІІ. Таза заттар мен қоспалар.
Қоспаларды бөлу және заттарды тазарту. Ерітінділер (3 сағ.)

5
Қоспалар туралы түсінік және қоспалардың жіктелуі. Практикалық сабақ. Қоспаларды әртүрлі әдістермен бөлуге тәжірибелер.
Қоспалар, құрамы және олардың жіктелуін білу
1
1

Қоспаларды әртүрлі әдістермен бөлу әдістеріне тәжірибе жасайды.
6
Практикалық сабақ. Берілген концентрациясы бойынша ерітінді әзірлеу
Берілген концентрациясы бойынша ерітінді әзірлеуге үйрену
1
1

Берілген концентрациясы бойынша ерітінді әзірлеуге тәжірибе жасайды.
7
Практикалық сабақ. Индикаторлар мен қосалқы реактивтердің ерітінділерін әзірлеу.

Ерітінді әзірлеу дағдыларын жетілдіру
1
1

Берілген концентрациясы бойынша ерітінді әзірлеуге тәжірибе жасайды.
ІІІ. Дәрілік заттар жөнінде жалпы түсінік
және оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеу.
Үй дәрілік қобдишасы. (4 сағ.)

8
Дәрілік препараттар, олардың құрамы, түрлері туралы түсінік
Дәрілік препараттар, олардың құрамы, түрлері туралы білім беру
1
1

Дәрілік препараттар, олардың құрамы, түрлері жөнінде конспект жазады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химиялық талдаудың қолданбалы түрлері
ЖАСЫЛ ХИМИЯ
Физиологиялық белсенді табиғи және синтетикалық қосылыстар
Фармация және химиядағы даңқты жаңалықтар ашқан ғалымдар мен фармацевттер
Фармацевтикалық терминдер
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
Дәрілік заттарды жіктеу
Дәрілер технологиясының міндеттері
Тривиалды атаулар
Химиялық талдау химия әдісі ретінде
Пәндер