Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі



Уақыт талабы оқу.тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру. оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту. оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс.тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге асады.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс.әрекеттің нәтижесінде танып біледі. Ол іс.әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенемен жас жеткіншектер үшін ойын. ең маңызды іс.әрекеттің бірі.
«Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған үрдіс.»
Ойын. бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін «ойын». өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс.әрекеттерін, қарым.қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны А.С.Макаренко жақсы көрсете білген. «Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,. деп жазды ол,. балалар өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін,

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Оқушының ойы мен белсенділігін дамытудағы ойынның рөлі.
(баяндама)
Уақыт талабы оқу-тәрбие үрдісін батыл интенсивтендіру- оқушылардың
білім жүйесін сапалық жаңа деңгейге көтеру үшін ұстаздан терең
білімділікті, кәсіптік шеберлікті, ыждағаттылықты талап етеді. Осы
талаптарға сай мұғалім қызметіндегі шығармашылық негіздерді нығайту-
оқушыларға білімді игертуде бар мүмкіншілікті тиімді пайдалану, барлық әдіс-
тәсілдерді жетілдіріп отырғанда ғана сапалы білім, дұрыс тәрбие беру жүзеге
асады.
Адам баласы қоршаған орта туралы шындықты белсенді іс-әрекеттің
нәтижесінде танып біледі. Ол іс-әрекеттер: ойын, оқу және еңбек. Дегенемен
жас жеткіншектер үшін ойын- ең маңызды іс-әрекеттің бірі.
Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтуге байланысты белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған үрдіс.
Ойын- бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын- өмір
сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-
әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі,
адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады. Мұны
А.С.Макаренко жақсы көрсете білген. Үлкендер өмірі үшін жұмыс, қызмет
істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса,- деп жазды ол,- балалар
өмірінде ойын да сондай үлкен маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен
кейін, көбінесе, сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу
бәрінен бұрын ойын арқылы болады.
Дидактикалық ойындар баланың таным үрдісін және тілін дамытады. Бала
еліктеу, қабылдау арқылы әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын
түсінеді. Оын әрекеті- психикалық қабілеттерін жетілдіріп, баланың жеке
басын қалыптастырып, әлеуметтік өмірмен жанастыратын әрекеттің бірі.
Баланың ойын тәжірибесінде ұжымдық өмір дағдылары қалыптасады. Бала қылығын
ережеге бағындыруға, керексіз амал-әрекетті тоқтатып, кедергіні ығыстыруға
үйренеді. Рөлді ойында баланың ойлауы, тілі дамып жетіледі.
Дидактикалық ойын баланың дүние танитын қабілетін, іс-әрекетін
жетілдіреді. Ойынның әдісін, мақсатты мазмұнын, ережелерін мектепте
педагогтер дайындап отырады. Оның үстінде баланың эмоциялық күйі және
көңілі көтеріңкі болады. Манипуляция жасайтын жасқа толғанмен балалар
нәрселердің ойын үстіндегі жаңа көріністеріне мәз болады. Рөлді ойындарда
ойын ережесіне сай атқарған рөлі баланы көңілдендіреді. Қимыл ойындарында
бала өзінің ептілік істеріне масайрайды. Дидактикалық ойындарда жаңалап
өнер үйренгеніне бала рақаттанады.
Ойын үстінде баланың сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзінің іс-
әрекетімен салыстыру қасиеттері жетіледі. Сондай-ақ зейін, ес, қиял сияқты
психикалық үдрістері қалыптасып, сөйлеу тілі дамиды.
Қозғалыс ойындары арқылы баланың зейіні қалыптасады. Зейін деп- адам
санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты
айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен
керектісін бөліп алып соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы қиын. Зейін туралы орыс педагогы К.Д.Ушинский былайша
көрсеткен еді: Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды
аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл
есікке ілімнің бірден-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе,
онда баланың санасында ештеңе қалмайды.
Ес – күрделі психикалық үрдістердің бірі. Ес дегеніміз сыртқы дүние
заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып,
танылып, ұмтылуын бейнелейтін үрдіс. Ес адамның басқа жан құбылыстарымен де
тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте
дұрыс сақталмаса, бұл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж.Аймауытов: Еске
түсіру өнері дегеніміз ойлац өнері, байланыстардың мәнісі- ойлау деген
сөз,- дейді.
Жанның өзінде бұрыннан бар суреттеулерден жаңа суреттеулер жасай
алуы қиял деп аталады. Қиял еңбек әрекетінде пайда болған. Қиялдың дамуы
адамның қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланыста болып отырады. Баланың
қиялы, әсіресе, ойында жарыққа шығады. Ойын- балаға кәдімгідей бір жұмыс.
Ойнағанда бала жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан
нені көрсе соны істейді.
Адамның ең жарқын ерекшеліктерінің бірі- оның сөйлеу қабілеттігі.
Сөз-адамның психикасының өмір сүруінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта тіл дамыту жұмыстары
Ойын-оқушылардың танымдық үрдістерін қалыптастыру және дамыту құралы
Жоғары оқу орындарында шетел тілін үйренудің теориялық негіздері
Ойын технологиясын ұйымдастыру арқылы өзін өзі дамыту жолдары
Ерік әрекеттерінің дамудағы бағыттар
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Жаңа ақпараттық - коммуникативтік технология
Ағартушы ғұламалардың бала ойын дамытудағы көзқарастары
Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту жолдары
Оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуда ұлттық ойынның маңызы
Пәндер