Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық жағдайы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 1Қазақстан
Республикасындағы адвокатура институтының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
1.1Қазақстан Республикасындағы адвокатураның дамуының тарихи-құқықтық
қырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...11
1.2Адвокаттық қызметті реттейтің зандар: түсінігі, мән-
мағынасы ... ... ... ... 24
2Адвокаттар алқасының қызметінің ұйымдық-құқықтық нысандары ... ... ... 30
2.1Адвокаттар алқасы және олардың құрылу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2Адвокаттар алқасының органдары және олардың
өкілеттігі ... ... ... ... ... ...40
2.3Заң консультациясы және адвокатгық қызметті ұйымдастырудың өзге
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
3Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
3.1Қазақстан Республикасыңдағы адвокаттардың түсінігі, құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
3.2Адвокаттар алқасына мүшелікке қабылдау тәртібі және адвокатура
әдебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65
3.3Адвокаттар алқасы мүшелерінің құқықтары мен
міндеттер ... ... ... ... ... ..75
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..86
КІРІСПЕ
Магистірлік диссертациялық жалпы сипаттамасы ҚР Адвокаттардың құқықтық
мәртебесі тақырыбына жазылған. Конституциялық кепілдіктерді толық жүзеге
асыру үшін құқық қорғау органдары жұмысының нышаны мен тәсілдерін
демократия ағымына икемдеу, болашақ заңгерлерді оқыту мен тәрбиелеудің
сапасын көтеру қажет. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен
бостаңдықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен
ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің
негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты қоғами-құқықтық
институтпен де тығыз байланысты.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл адвокаттардың құқықтық жағдайы
мәселесі бүгінгі күні құқық жүйесіндегі өзекті тақырыптың бірі болып отыр.
Адамды, оның өмірін, қүқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық деп
жариялаған 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасы Конституциясы
талаптарына сәйкес 1997 жылы 5-желтоқсаңда Қазақстан Республикасының
"Адвокаттық қызмет туралы" Заңы қабылданды. Осы заң адвокатура институтының
рөлін айтарлыктай көтерді, азаматтар мен ұйымдардың қүқықтарын және заңды
мүдделерін корғауға жәрдемдесті, сол аркылы жалпы заңдылықтың сақталу мен
нығаюына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл жаңа заң демократиялық, қүқықтық
мемлекетті құру және нарықты экономиканың тереңдеу жағдайында адвокатураның
ұйымдастырылуы мен кызметін реттеуге орайластырылды.
Осы заңдарға сәйкес адвокаттар алқасы әртүрлі тәсілдермен кез келген қол
сұғушылық пен тәртіп бұзушылықтан азаматтар құқығын қорғау жөніндегі
міңдеттерді, атап айтқанда, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер
бойынша білікті заң көмегін көрсету, ұйымдар тапсырысымен сотта өкілдік
ету, заң тұрғысынан ақыл-кеңес беру, азаматтық істердің сот талқысына
айыпкердің, талапкердің және іске қатысушы басқа түлганың өкілі ретінде
қатысу және де басқадай заң көмегін көрсету арқылы жүзеге асырады.
Адвокаттар алқасының және оның мүшелерінің жұмысымен соттардың,
прокурорлардың, тергеушілердің қызметі тығыз байланыста. Азаматтар мен
ұйымдардың құқығын қорғау айтарлықтай дәрежеде солардың іс-әрекетіне
байланысты. Құқық қорғау оргаңдары жүйесінде жұмыс істейтін кейбір лауазым
иелері адвокатураның маңызын бағаламайды, ал кейбір жағдайларда адвокатура,
адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету тәртібі туралы түсініктері
шамалы болып келеді.
Адвокатура қызметінің міндеттері мен қызметі туралы қажетті білімнің
жоқтығы, түптің түбінде, зандылық пен құқық тэртібін нығайтуға септігін
тигізбейді, осы тұлғалар мен адвокаттар арасыңда жанжалдың шығуына алып
келуі, азаматтар мен қоғам үшін жағымсыз салдарды. тудыруы мүмкін.
Адвокаттың қызметі қолданыстағы заңнаманың теориясы мен тәжірибесін
терең білуге негізделуге тиіс. Осыған байланысты кәсіби адвокаттық қызмет
азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, азаматтық, кылмыстық, әкімшілік құқық
сияқты пәндер мен соттағы дәлелдеу теориясын және таға басқаларды жетік
және дәйекті игеруді талап етеді.
Заңдардың бұзылуына байланысты заңды өкіл ретінде адвокаттың қызметін
құқықтық тұрғыдан дамыту, адвокат ісіндегі кәсіпқойлықты, тәуелсіздікті
баянды ете отырып, адвокатура ісін жетілдірудің тиімділігін жоғарғы
дәрежеге жеткізу диссертациялық жұмысымыздың өзекті мәселесі болып
табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында:
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам
және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп жазылған. Осы тұрғыдан
алғанда құқықтық мемлекеттің алғашқы белгісі болып адам мен азаматтың
құқықтары мен бостандықтарының мемлекеттік және өзге де мүдделердің
алдындағы басымдылығы танылатындығын ескергеніміз жөн. Сондықтан еліміз
өркениетті қоғамға тән белгі ретінде адам мен азаматтың өмірі, құқықтары
мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп таныды. Оның мәні - мемлекеттік
саясат адам мен азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын ендігі жерде
мемлекет мүддесінен жоғары қоюды және әрбір жеке адамның лайықты өмірі мен
еркін жетілуін қамтамасыз етуді мақсат етеді.
Зерттеу жұмысымызда адам мен азаматтың құқығына мемлекет тарапынан
жаңаша көзқарас орнығуы және заңдардың бұзылуына байланысты қылмыстық істер
бойынша жәбірленушінің құқығы мен заңды мүддесін қалпына келтіру негізінде
адвокат арқылы өкілдік ету тетіктерінің қалыптасуына байланысты мән-
жайлардан туындайтын сан-сапа жөніндегі мәселелер түбегейлі қарастырылып,
сындарлы ғылыми тұжырымдамалар жасалған.
Еліміз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін дербес мемлекет ретінде
орнығып, оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқық актілері
қайта қаралып, жаңалап құру қажеттілігі туындады. Осы жолда қыруар ғылыми
зерттеу-зерделеу жұмыстары жазылуда. Адам мен азаматтың құқықтары,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды
реттейтін нормативтік құқықтық актілер қабылданып, іске асуда. Заңдарды
тиянақты және қолайлы жасауға заңгер-ғалымдар мен заңгер-практиктер
қатысып, бұл заң актілері халықаралық ұйымдар мен шетел мамандарының
белсенді сараптауларынан өткен болатын. Қазақстан Республикасының
Конституциясы - Ата заңы бұған дәлел.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабына сәйкес,
адам мен азаматтың мемлекетпен танылған келесідей негізгі әлеуметтік-
экономикалық құқықтары анықталды ...әлдекімнің еңбек ету бостандығына;
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауында қауіпсіздік пен тазалық талаптарына
сай еңбек жағдайына; жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға; ереуіл жасау
құқығын қоса алғанда, заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке
және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығына; тынығуға және т.б. құқықтарымен
иемденеді - делінген [1,9]. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: Біз мүлде жаңа
экономикалық жүйенің, демократиялық құқықтық мемлекеттің іргетасын нық
қалап, осы заманғы қоғамдық институттарды нығайтып, өмірдің сапасын өзгерте
білдік - деп атап көрсетілген болатын.
Э.П.Кенжибекова: Қазақстан Республикасының Конституциясында
көрсетілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын,
өмірі мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етуге заңның үстемдігінің
қосар үлесі мол - деп дұрыс жазды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабына сәйкес: адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылуына және олардың құқықтық
тұрғыда қорғалуына кепілдік берілсе, онда осы баптың 2-тармағында адам мен
азаматтың құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар
абсолютті деп танылады және олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де
нормативтік құқықтық актілер мазмұны мен қолданылуы осыған қарай
анықталады - деп бекітілді. Осы нормаға сәйкес, заң қолданудың басты
өлшемі адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтарына және заңды
мүдделеріне сәйкестігі болып табылады.
Өкінішке орай, адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген
құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері жиі бұзылып жататындығы
белгілі жағдай. Өмір сүріп отырған қоғамымыз адам мен азаматтың
Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғау қызметін жетілдіруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасында Қылмыстық
сот ісін жүргізудегі қылмыстық саясат ізгілігі үрдісінің көрінісі мыналар
болып табылатындығы белгіленген (өзгелердің арасында) жәбірленушінің, соның
ішінде мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін кеңейту іс жүргізуге
қылмыстық процестің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс. Осы мақсатта
адвокаттар мен азаматтардың сот төрелігінің тиісті сатыларына қатысуының
нақты тетігін қамтамасыз ететін нормаларды қарастыру қажет делінген
болатын. Осы бағытта елімізде біршама іс-әрекеттер жасалып жатыр, бірақ
көңіл толарлықтай емес.
Процессуалист-ғалым К.Х.Халиқов: Құқық қорғау органдары мен ұйымдар
жүйесінде адвокатура маңызды орын алады. Қазақстан Республикасында
адвокатура азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын және заңды мүдделерін
қорғауға, сот әділдігін жүзеге асыруға, заңдылықтың сақталуы мен нығаюына,
азаматтарды, заңдарды әділ және әрі мүлтіксіз орындау, халық игілігіне
ұқыпты қарау, еңбек тәртібін сақтау, басқа адамдардың құқықтарын, ар-намысы
мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге
жәрдемдеседі - деп жазған болатын. Ғалымның адвокатураны құқық қорғау
органдары жүйесіне кіргізгені құлаққа қонымды және біз де аталмыш ой-
пікірді қолдаймыз.
Қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін көздеп адвокаттың қатысатындығы жөнінде адвокатура ғылымы
саласының өкілдері өздерінің ой-түйіндерін білдірген болатын. Айталық Л.Д.
Кокорев пен Г.Д. Побегайло: Адвокат іс жүргізуге жәбірленушінің өкілі
ретінде қатысады... - деп дұрыс жазды. Себебі қылмыстық істер бойынша
адвокат жәбірленушінің қорғаушысы ретінде емес, тиісінше өкілі ретінде
танылады.
Ғалым С.Тыныбеков: Адвокат жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық іс
жүргізудің тең және тәуелсіз қатысушысы болып табылады - деп дұрыс
қарастырды. Автормен берілген ой-пікір заңнамаларымызда көрініс тапқанымен,
тәжірибеде басқаша, керісінше, адвокаттың қылмыстық іс жүргізуде өзге
қатысушылармен тең дәрежеде және тәуелсіз деп айта алмаймыз. Кейде судья
прокурордың көзқарасымен санасып, адвокаттың ой-пікірі ескерілмей қалатын
жәйттер де кездеседі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысы қазіргі таңда демократиялық
және құқықтық мемлекетті нығайту жағдайындағы адам мен азаматтың
Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды мүдделері үшін өкілдік ету
жөніндегі ғылыми ізденіс-зерттеулер мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау
тауып отырғаны белгілі.
Зерттеу жұмысына қатысты кеңінен теориялық зерттеуге айтарлықтай мол
үлес қосқан С. Тыныбековтың Қазақстан Республикасындағы адвокатура және
адвокаттық қызмет оқулығы (Алматы: Данекер, 2003) және оның Институт
адвокатуры в правовой системе Республики Казахстан атты тақырыптағы
докторлық диссертациясы (Алматы, 2005); С.М. Жалыбиннің Организационно-
правовые формы участия профессионального защитника в уголовном
судопроизводстве атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясы (Алматы, 1998)
және Защита граждан в уголовном судопроизводстве атты монографиясы
(Алматы: Жеті-жарғы, 2002); Ж.М. Абаева Роль института адвокатуры в
обеспечении прав и свобод граждан в Республике Казахстан атты тақырыптағы
кандидаттық диссертациясы (Алматы, 2006). Сондай-ақ, зерттеу жұмысымызға
тікелей қатысы бар Б.З. Ашитовтың Проблемы предупреждения преступных
нарушений правил охраны труда атты монографиясы (Алматы: Жеті-жарғы,
2007).
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігіне арқау болатын бір
жағдай демократиялық және құқықтық мемлекеттің өз болмысының негізі адам
мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің басқа (оның ішінде
мемлекеттік) мүдделер алдындағы басымдылығы және оны қорғау жөніндегі
шаралар болып табылады, сондай-ақ бұл мәселелерді тыңғылықты шешуге
айтарлықтай атсалысатын қызмет адвокатура құзырының аясында болып отыр.
Заңдардың бұзылуына байланысты қылмыстық, азаматтық істердің
қозғалуында, алдын-ала тергелуінде, басты сот талқылауында адвокаттың
қатысуы адам мен азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен заңды
мүдделері үшін өкілдік етуге кепіл болуы тиіс және мұндай қатынастарды шешу
барысында адвокаттың рөлі нормативтік құқықтық актілермен тиісінше көрініс
табуы керек. Соңғы кездері қылмыстық іс жүргізуге адвокаттың қатысуы керек
екендігі жөніндегі қызығушылық пен қажеттілік өте күшейген.
Жалпы халықтың сауаттылығының және мәдениетінің көтерілуі, олардың
әлеуметтік-саяси тәжірибеге ие болуы, демократияның дамуы, оның негізгі
принциптерінің насихатталуы, соның ішінде адам мен азаматтың құқықтары мен
заңды мүдделері үшін өкілдік ету, осы аталғандар адвокатура сияқты құқық
қорғау институтының пайда болуына себеп болды. Адвокатураның
ұйымдастырушылық құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы, ал оның мүшелері -
адвокаттар болып табылады.
Дамыған шет мемлекеттерде адвокат қызметі аса жоғары бағаланады, себебі
оған адам тағдырына араша түсу міндеті жүктелген. Қазір уақыттың талабына
орай Қазақстан Республикасының адвокатура қызметінің қажеттілігі арта
түсуде. Шындығын айтсақ, бұрындары адвокат сотта істі қарау барысында
ешнәрсе шешпейтін және өзінің жеке көзқарастарын білдіре алмайтын. Өз
деңгейінде адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін
білдіруге дәрменсіз болатын.
1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Адвокаттық қызмет
туралы Заңы адвокаттық қызметті толық деңгейде жүзеге асыруға жол беріп,
тынысын ашты. Заңда адвокаттың қызметі жан-жақты, толық және объективті
түрде қорғалады. Уақыт үрдісіне сай адвокатура қызметі күш алып келеді.
Бұл - бұлтартпас ақиқат. Адам мен азаматтың құқығы, бостандығы және заңды
мүдделері үшін өкілдік ету кепілі - адвокат қызметінде.
1994 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық реформа туралы
мемлекеттік бағдарламасында сот жүйесі дұрыс жұмыс істеу үшін күшті және
білікті адвокатура қажет делінген. Соған сәйкес адвокаттық қызмет туралы
заңнаманы қайта қарап, адвокатураны реформалау көзделген болатын.
Осы мемлекеттік бағдарламаның принципті талаптары мен басым бағыттарын
орындау нәтижесінде 1997 жылы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
Адвокаттық қызмет туралы Заңы қабылданды. Бұл заң еліміздегі адвокатура
қызметі мен оның ұйымдастырылуына байланысты барлық мәселелерді реттейтін
негізгі акт болып табылады.
Қазіргі кезде өзінің орны мен рөліне байланысты адвокатура, соның
ішінде адвокаттардың құқықтық мәртебесі қоғам мен мемлекет тарапынан
кеңінен назар аударуды талап етеді. Себебі, заңның өзі адвокаттан заң
көмегін көрсетуді сұрап, жүгінген тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін
заңда көрсетілген құралдар мен барлық әдістерді пайдаланып, жан-жақты,
толық, объективті және білікті (кәсіби) заң көмегін көрсетуді талап етеді.
Осы талаптарды орындау үшін мемлекет өз тарапынан барынша жағдай жасағаны
жөн.
Зерттеу жұмысының объектісі: Адвокат-қорғаушының қылмыстық іс
жүргізуде сезіктіге, айыпталушыға және сотталушыға білікті заң көмегін
көрсету барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастардағы құқықтық мәртебесі
дипломдық зерттеудің объектісі болып табылады.
Зерттеу пәні: Қылмыстық іс жүргізудегі адвокат-қорғаушының құқықтық
мәртебесі. Сезіктінің, айыпталушының және сотталушының қорғану құқығын
қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық процесс қызметінің мәні мен мазмұны және
де сезіктіні, айыпталушыны және сотталушыны қорғау жөніндегі адвокат-
қорғаушының қылмыстық процесс қызметінің мәні мен мазмұны, сол қызметті
реттейтін конституциялық және қылмыстық процесс нормаларының жиынтығы
дипломдық зерттеудің пәні болады.
Диссертациялық зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - адвокатураның мәні
мен мақсаттары және 1917 жылға дейінгі кезеңде, кеңес заманында және
қазіргі уақытта Қазақстанда адвокатураның қалыптасуы, даму кезеңдері
туралы, адвокаттар алқасы мен оның органдарының заңды тұрпаты, олардың
мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы, адвокаттардың құқықтары мен
міндеттері туралы мәселелердің мән-мағынасын ашу. Сонымен қатар, адвокаттық
қызметтің негізгі бағыттары туралы айтылып, қылмыстық істерде корғаушы,
азаматтық істерде өкіл ретіңдегі адвокат қызметінің ерекшеліктеріне аса
назар аудару.
Заңдардың бұзылуына байланысты қылмыстық іс жүргізуде жәбірленушінің
өкілі ретінде адвокаттың қатысуы қажеттілігінің басым бағыттары мен негізгі
міндеттерін айқындап, мүмкіндігінше нақты белгілеу.
Диссертациялық зерттеу жұмысын жазудағы басты міндеттер:
- Заңдардың бұзылуына байланысты адвокаттың адам мен азаматтың
Конституцияда баянды етілген құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерін, олардың атынан жүзеге асыру кезінде өкілдік ету жөніндегі
қызметті атқаратын жалғыз кәсіби тұлға екендігін нақтылап көрсету;
- Заңдардың бұзылуына байланысты қаралатын қылмыстық істерге
адвокаттың қатысуының алғышарттарын анықтау;
- адвокат-қорғаушы қорғалушының қатысуымен тергеу әрекеттеріне
қатысуға рұқсат беруге өтініш білдіру жолдарын қарастыру,
- қылмыстық іс бойынша сезікті мен айыпталушыны тергеу кезінде
қорғаушылардың неғұрлым жоғары белсенділігін қарастыру;
- Адвокат-қорғаушылардың алдын-ала тергеуде сараптамалық
қортындылар беру үрдісіндегі рөлін арттыру;
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Осы мәселені зерттеудегі тәсілдің
өзін жатқыза отырып, жалпы адвокаттың құқық қорғау қызметінде құқықтары
мен міндеттерін кеңейтуге мән беретін өзінше дербес зерттеу болып табылады.
Адвокат-қорғаушының екінші деңгейдегі қызметкер болып көрінетіні жалпыға
мәлім. Диссертациялық зерттеуде алынған нәтижелер мен қорытындылар жалпы
алғанда жүйелілігі және логикалық қисынды құрылымымен сипатталады. Сонымен
қатар көп көлемдегі нормативтік құқықтық актілер талданған. Қылмыстық
процесте екі жақ та сотқа айыптау және ақтау дәлелдемелер жиынтығымен, тең
болып келуі керек. Қолданыстағы заңға сәйкес қорғаушы тарапына қарағанда,
сотқа дейінгі сатыда дәлелдемелер жинаған айыптаушының қолында көбірек
материал болады. Нәтижесінде сотта қорғаушының рөлі көбінесе тергеушінің
жұмысындағы кемшіліктерді іздеумен ғана болады. Көп уақытты сол алады.
Квалификациялық құқықтық көмек мәселелері бойынша заң жобасында,
дәлелдемелер жинау жөніндегі адвокаттың өкілеттігіне қатысты бірқатар
өзгертулер енгізілу қажет.
Диссертациялық зерттеу бойынша қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1.Адвокат-қорғаушының тұлғаның мүддесін қорғай отыра дәлелдеудің еркін
субъектісі ретінде сөйлейді, десек те, қорғалушыға зиян келтіруге
бағытталмаған және істің қорытындысы айыпталу үшін оның қызметіне кері
әсер бермеуі керек. Адвокаттан басқа тұлғаның қорғаушысы ретінде сотқа
дейінгі тергеу сатысына қатысу құқығын шектеу біліктілікке баға беретін
заңды комектің бір жолы болып табылады. Адвокат-қорғаушының алдын-ала
тергеуде дәлелдемелерді жинауға қатысуы қылмыстың ашылуына емес, тұлғаның
құқығын қорғауымен негізделеді.
2. ҚР ҚІЖК 124-бабында қылмыстық істі қозғауға себептер мен негіздер
жөнінде айтылған. Қылмыстық істі қозғауға негіздер мен себептер құрамына
жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық істі адвокаттың арызы бойынша қозғау
туралы ереже енгізу қажет.
3. Адвокат азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты
өкілдікті жүзеге асырмайды, ол бұзылған құқықтарды қорғауға байланысты
туындайтын өкілдікті ғана жүзеге асырады. Ондағы өкілдіктің басты функциясы
– құқықтарды қорғау болып табылады. Адвокаттың өзге өкілдерден басты
ерекшеліктерінің бірі осы. Адвокаттық қызмет туралы заңның 14-бабының 3-
тармағында адвокаттың өкіл немесе қорғаушы ретінде әрекет жасайтындығы
көрсетілген. Демек, азаматтық заңдарда берілген өкілдіктен, сотта өкілдік
етуді бөліп қарастыруымыз қажет. Азаматтық кодекстің 163-1-бабында
өкілдіктің мазмұны толық ашылмаған және өкілдік - өкілдің өкілдік берушінің
атынан азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызуға, өзгертуге және тоқтатуға
бағытталған мәмілелер жасасуы ретінде түсіндірілген. Сондықтан, ҚІЖК-де
соттағы өкілдікке тиісті анықтама берілуі тиіс.
4. Адвокат-қорғаушылар қорғау мүмкіндіктері кең болып тұрса да,
сараптау қорытындысын шығаруға мүлдем қатыспайтындығы көрсетілген. Адвокат-
қорғаушылардың селқостығының бір белгісі – сараптау мүмкіндіктері мен
әдістерінің маңыздылығының әлсіздігі анықталып, тиісті ұсыныстар
тұжырымдалды.
5. Егер адвокат-қорғаушы қорғалушының қатысуымен тергеу әрекеттеріне
қатысуға рұқсат беруге өтініш білдіреді, ал тергеуші оны алдағы тергеу
әрекеттері туралы хабардар етпейді, соған байланысты қорғаушы оған
қатыспайды, бұл бұзушылықты елеулі қорғау құқығын бұзушылық деп санаған
жөн.
6. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша мәліметтер және қайнар көздерін
жинақтау амалдарының толық тізімі, сондай-ақ жинақталған мәліметтерді
тергеушіге құжат түрінде ұсыну тұжырымдалады.
Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызына мыналар жатады:
1. Еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және адвокаттық қызметті
реттейтін заңдарды шығару, басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
және оларды жетілдіру, сондай-ақ еңбек, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу
және адвокатура саласын қалыптастыру кезінде пайдаланылады және аталмыш
заңдарда орын алуы әбден мүмкін ақтаңдақтарды болдырмауға атсалысады.
2. Заң шығару процесінде заңдардың бұзылуына байланысты қылмыстық,
азаматтық іс жүргізуде жәбірленушінің өкілі ретінде адвокаттың қатысуы
жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жаңалап құрастырып, жетілдіруге
айтарлықтай мүмкіндік береді.
3. Зерттеліп отырған жұмыс қазіргі заман қажеттілігінен туындаған
болып саналады. Диссертациялық зерттеу жұмысы адвокатура институтын дамыту
және жетілдіру туралы білімді кеңейтеді. Оның үстіне бұл мәселенің
төңірегінде отандық заң ғылымында бұрын-соңды арнайы ғылыми ізденістер
болмаған және қазақ тілінде түбегейлі қарастырылмаған. Яғни алғашқы рет
аталмыш ғылыми еңбектердің нәтижелері осы мәселелердің төңірегіндегі
жазылатын болашақтағы ғылыми жұмыстарға әдістемелік негіз бола алады.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі.
Диссертациялық жұмыстың басты қағидалары мен ой-түйіндері келесідей
халықаралық және Республикалық ғылыми-теориялық және тәжірибелік
конференцияларда көрініс тапты. Олар: .“Адвокаттардың азаматтық, қылымыстық
және әкімшілік істер бойынша заң көмегін корсетуі“ атты мақала, Правовой
статус и основания обязательного участия адвоката-защитника в деле по
законодательству РК атты мақалалар.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Жұмыстың құрылымы ізденіс-
зерттеу жүргізу сипатына, зерттеу мәселелері мен қисындылығына және
деңгейіне байланысты кіріспеден, сегіз бөлімнен құралатын үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дисертацилық жұмыстың құрылымы - дисертациылық жұмыс кіріспе және үш
тарау бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Әр тарау жеке-жеке тақырыптары бар бөліктерге бөлінген, сегіз
парагрофтан тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДВОКАТУРА ИНСТИТУТЫНЫҢ
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1Қазақстан Республикасындағы адвокатураның тарихи-құқықтық қырлары
Кеңестік саяси жүйе орныққанан кейін адвокатура ай тарлықтай өзгеріске
үшырады. 1864-жылға реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке
адвокатураның қызметі олар жаңа социалистік мемлекетті құру принципіне
қайшы болғандықтан, Кеңес үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды.
Адвокатура біртіндеп кеңестік сот төрелігіндеі қосымша қызмет атқара
бастады. Құқық қорғау институтын ұйымдастыру мен сотка қатысушылардың
қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды жоққа шығара, ал
екіншісін еңгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық режим талаптары мен
нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар қызметінің ұжымдық нысанын
орнықтыра бастады.
Солай болса да, азаматтык істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша
қорғаудың жаңа ұйымының көп жыл бойы ізденуі нәтижесінде адвокатура дамуын
жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақталды.
Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның күқықтық нормативтық
базасы және т.б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуілсіз мемлекеттер
күрылғаннан кеңестік кезенде жинақталған жақсы тәжірибе ұлттық
адвокатуралар қызметіне негіз болып қаланды.
Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны сондай-ақ мемлекет
тарапынан оған деген көзқарас бойынша революцияға дейінгі адвокатурамен
көптеген ортақ тұстарының болғаңдығын атап өткен жөн. "Екі адвокатура да
жергілікті деңгейде ұйымдастырылды, оларда орталық аппарат пен идеялық
тұғырнама болған жоқ, соның салдарынан олар патшалықтың немесе Кеңес
өкіметі саясатының жетегінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері
үшін Әділет министрлігінің кырағы қадағалауына, судьялардың немкүрайлы
қарауына, өздерінің сотқа дейінгі сатыдағы ролінің төмендеуіне мойынсынуға
тиіс болды. Қос адвокатура да өз кұқықтары мен міндеттерін анықтауда
бәрібір мемлекетке тәуелді болды".
РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің (СНК) 1917 жылғы 24-қарашадағы N1 сот
туралы декретімен присяжной және жеке адвокатура институты таратылды.
"Алдын ала тергеу сатысында жіберілетін айытаушылар мен қорғаушылар ролін
азаматтық қүқықтарды пайдаланатын, кінәраттары жоқ барлық азаматтар мен
азаматшалар аткара алады. Алайда, азаматтардың құқығын қорғауға тиіс арнайы
орган Декретпен құрылған жоқ".
1918-жылғы 7-науырыздағы N2 сот туралы Бүкілодақтық Орталық Аткару
Комитетінің (ВЦИК) декретімен жұмысшы, солдат, шаруа және қазақ депутаттары
Кеңестері жанынан қоғамдық айыптаушы, қоғамдық қорғаушы ретінде құқықтық
делдал болғысы келген тұлғалар алқасының құрылуы қарастырылды. Бұл алқаға
жоғарыда аталған Кеңесдар сайлайтын және кері шақыратын тұлғалар керді. Тек
осы тұлғалардың ғана сотта еңбегін төлету арқылы сөз сөйлеу қүкығы болды.
1922-жылғы 26-мамырдаға Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің (ВЦИК)
Қаулысымен бекітілген адвокатура туралы Ереже адвокаттық қызметті тікелей
реттейтін алғашқы норматиктік қүқықтық акті бола отыра, адвокатураны
алғатықы рет еңбекшілерге азаматтық дауларды шешу кезінде заң көмегін және
қылмыстық сотта қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған, өзін-өзі
басқаратын ұйым ретінде анықтады.
Әділеттің губерниялық бөлімдері жанынан қылмыстық және азаматтық істер
бойынша қорғаушылар алқасы құрылды. Алғашқы құрамдағы қорғаушылар алқасының
мүшелерін Әділеттің губерниялық бөлемдерінің ұсынысы бойынша губерниялық
атқару комитеттері бекітті. Бұдан әрі алқаға мүше қабылдауды алқа төралқасы
жүргізді, олар алқаға жаңа мүшелерді қабылдаудан бас тарту қүқығы берілген
губерниялық атқару комитетінің төралқасына қабылдау туралы хабарлап отырды.
Қорғаушы алқасының мүшелері мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда
қызмет жасай алмайтын. Тек мыналарға ғана рұқсат етілді:
1) сайлау бойынша мемлекеттік лауазында отырған тұлғалар үшін;
2) заң ғылымының профессорлары мен оқытушылары ушін. Губерниялық
қорғаушылар алкасы мүшелерінің жалпы жиналысы өз құрамынан төралқа
сайлады.
Қорғауға қорғаушы алқасының мүшелерінен басқа айыпталушының немесе
жәбірленушінің жақын туысқандары, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың
және олармен тең дәрежеде Бүкілресейлік Кәсіптік Одақтар Орталық Кеңесінің
(ВЦСПС), Бүкілресейлік Түтанушылар Қоғамы Орталық Одағы мен басқа кәсіптік
және қоғамдық үйымдардың өкілетті өкілдері жіберілді. Басқа түлғалар
өндірісінде осы іс жатқан соттың ерекше рүқсатымен ғана жіберілді
Қазақстандағы кеңестік адвокатураның қалыптасу процесі обьективтік және
субъективтік қиыншылықтарға тап болды. Ең алдымен, білікті және даярланған
қадрлар жоқ болатын. Екіншіден, көптеген сот қызметшілері, Әділет халық
коммиссиариаты мен өзге қүқық қорғау органдарының басшылары адвокатураға
жатырқай қарады. Олар кеңестік сот өзінің пролетарлық табиғатынан
қателеспейді және кез келген істі өз бетінше шешуге қабылетті деп санады.
Ең соңында, қоғамда адвокатураны патша билігінен қалған мүра, күні еткен
институт ретінде және т.б. санаған пікір қалыптасты.
Қырғыз (Қазақ) АССР Кеңестерінің алғатыкы қүрылтай съезінде 1920 жылға 6-
қазанда "ҚАССР еңбекшілері қүқығының Декларациясы" қабылданды, онда былай
делінді: "Халықтық әділетті Кеңестік Ресейдің Халықтық Революциялық Сотының
тәжірибесімен дәлме-дәл сәйкестендіре, қырғыз халқының түрмыстық
ерекшеліктерінің осы декларациямен белгіленген еңбекшілер қүқығының негізгі
қағидаларына қайшы келмейтін түстарымен санаса отыра құру қажет". Съезд
"Кеңестік әділетті үйымдастыру туралы" қарарында әділет органдарын
жергілікті жерлерде консультациялар және соттык қорғау түрінде халыққа
тегін заң көмегін үйымдастыруға міндеттеді Қүқық көмегін жүзеге асыру үшін
съезд партия, кәсіподақ және қоғамдық үйымдардың жауапты қызметкерлерін
тартуды үсынды, Әділет кадрларын даярлау үшін заң курстары ашылды.
Қорғауды үйымдастыру мәселесіне 1921 жылғы 8-сәуірдегі ҚАССР Орталық
Атқару Комитеті (ЦИК) Декретімен бекітілген Қырғыз автономиялы Социалистік
Республиқасының халық соты туралы Ережесінің арнайы бөлімі арналды. Онда
1920 жылғы 21-қазандағы РСФСР халық соты туралы Ереженің кейбір баптары сол
қалпында қайталанды. Мысалы, 43-49-баптарда сот органдары қорғаушылар
ретінде осы міндетті атқаруға кабылетті азамматтарды тарта алатындығы
көрсетілді. Бүл үшін губерния әділет бөлімдері ерекші тізімдер жасады.
Қорғауға жіберу туралы мәселені халық соты (өкімдік және соттық отырысында)
іс пен айыпталушы тұлғаның сипатына байланысты шешті және қассациялық
шағымнан бөлек шағым жасалуға жатқан жоқ. Алайда халық соты айыптпаушы іс
бойынша сөйлеген кезде немесе бұл туралы қамауда отырған айыпталушы өтінсе,
қорғаушыны жіберуге немесе тағайындауға міндетті болды. Халық соты
айыпталушы тұрған ұйымның (кәсіп-одақтьщ, зауыт комитетінің және т.б.) осы
максат үшін іс сапармен келген мүшелерін, сондай-ақ айыптталушының жақын
туыскандарын қорғауға жіберетін. ҚАССР Әділет халық комиссариатының
жанынан үш адамнан тұратын халықа заң көмегін көрсету жөніндегі бюро
құрылды.
Қазақстандағы адвокатураның бүгінгі қызметі мен жәй-күйін оның
қалыптасу, құрылу және даму тарихын мейлінше түсіну және қарастыру мүмкін
емес. Өйткені бұларсыз осы маңызды қоғамдық-құқықтық, институттың алдында
тұрған міндеттердің мәнін түсінуге болмайды. Ақыр аяғында бұл бізге
құқықтық және демократиялық мемлекетті құруда адвокатураның орнын, ролі мен
маңызын анықтауға мүмкіңдік береді.
Адвокатураға жүктелген міндеттердің орындалу ерекшеліктеріне және
құқықтық қатынастар жүйесіндегі оның жағдайына орай тарихтың әр кезеңінде
оған деген көзқарас қоғамның саяси жүйесіне, оның экономикалық денгейіне,
азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасына және көптеген басқа
жәйттарға байланысты өзгеріп отырды.
Адвокатураның қалыптасу жолы қиын болды және қоғам дамуының жекелеген
кезеңінде адвокатура ұйымдары қызметінің нысанын, тәсілдері мен әдістерін
жетілдірудің сан түрлі жолдары іздестірілді.
1917 жылға дейінгі мерзімде кәсіби адвокатураның өмірге келуі Ресей
империяеындағы (құрамына Қазақстан кірген) зандылықтың қалыптасу және даму
тарихымен және 1864 жылгы озық сот реформасының жүргізілуімен тығыз
байланысты.
Сол дәуірдегі заң терминологиясында "адвокат" ұғымы 1864 жылы пайда
болды, алайда тінпі кеңестік дәуірдің өзінде 1939 жылға дейін қолданыстағы
заңнамада пайдаланылған жоқ. Адвокаттар алқасы сияқты адвокатура қызметінің
ұйымдық-құқықтық нысанына келсек, ол еш уақытта да дамыған демократиялық
елдегідей (АҚШ, Германия, Франция және т.б.) қоғамдық-құқықтық маңыз бен
корпоративтік бірлікке еш уақытта да және бүгінгі күнге дейін ие болған
жоқ.
1864-жылғы сот жарғыларымен (Сот ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы;
Азаматтық сот ісінің Жарғысы; Татуластырушы судьялар қолданатын жазалар
туралы Жарғы.) төлтума және тиімді сот төрелігі жүйесі құрылды.
1864-жылғы 20-қарашада Билік етуші сенаттың Жарлығымен бекітілген Сот
ұйғарымдарын белгілеу туралы Жарғы адвокатураны Ресейдің жаңа заң мекемесі
етті.
Патша самодержавиясы кезінде адвокаттық қызметтің дамуы мемлекеттің
азаматтық қоғамының жаңа тәуелсіз институттарын — кәсіби адвокаттық
бірлестіктерді құруға рұқсат ету ниетінің жоқтығымен тежелді, I Петрден
бастап (ол оларды "өсекші, ұрылармен және суайттармен ымыра-лас" деп атады,
"өздерінің қажетсіз бос дәлелдерімен судьяның басын қатырады және істі тез
бітірудің орнына оны боссөзділікпен ұзаққа созады") I Николайға дейінгі
барлық императорлар ("Францияны адвокаттар емей, құртқан кім? Мирабо,
Марат, Робеспьер дейтіндер қайдан шыққан?!" Жоқ... Ресейді мен билеп
тұрғанда адвокаттар қажет емес -оларсыз да өмір сүреміз") батыстық үлгідегі
адвокаттық корпорацияны Ресей империясында құруға табандылықпен қарсы
күресті.
Сот жүйесінің реформасына дейін қорғау институты нақты міндеті, мақсаты
мен мүддесі бар қандай да бір ресімделген және ұйымдасқан қоғамдық топ бола
алмады. Бұның үстіне олардың өкілдерінің тиісті кәсіби білімі, өзінің
ұйымдық құрылымы мен атауы болған жоқ. Бірнеше ғасыр бойында адвокаттардың
міндетін жеке адамдар - делдалдар (стряпчий) немесе істі қузаушылар
(ходатаи) атқарды. Олардың міндеті заңмен реттелмеді, соған орай оларға
қомақты талап қойылмады (арнайы білімнің болуы және т.б.) Әдеттегідей,
олардың міндеті кейбір құжаттарды (қағаздар-ды) жазып-тасумен шектелді,
тіпті 1832 жылы присяжной делдалдар (стряпчий) институтының құрылуы да өз
қызметінің жіктік сипатына орай Ресейдің сан алуан әлеуметтік жіктерінің
өкілдеріне сот пен басқа мекемелерде олардың мүддесін қорғауға кепілдік
бере алмады.
Сот ұйғарымдары мекемесі адвокатура ұйымдарының негізіне қарама-қайшы
ереже енгізді, оның мәнісі бүгінгі түсінік тұрғысынан олар өзінің қызмет
міндеті мен саласы бойынша қисынға келмейтін құқықтық делдал, шешен және өз
клиентінің сенімді өкілі құзіреттерін қоса атқарды. Осы құқықтық
телінушілік қазіргі ҚР заңнамасында сақталған, біздінше олай етудің ешбір
орайы жоқ. Еуропаның көптеген елдерінде құқықтық делдал мен соттағы өкілдік
екі дербес институт ретінде дамыды.
Адвокаттар екі саннатқа бөлінді: присяжной (алқа) сенімділері-адвокаттар
- кәсіби ант беретін корпорация және адвокаттық қызметпен жеке дара
айналысатын жеке сенімділер. Сот палатасы жанынан присяжной сенімділері
мүшелерінен сайланатын присяжной сенімділерінің кеңесі құрылды. Олардың
міндетіне жекелеген адвокаттар қызметіне бақылау және басқа да іс-әрекеттер
кірді. Присяжной сенімділері кеңесінің қызметіне жоғарғы қадағалау Сот
палатасы мен Билік етуші сенатқа жүктелді [8, 167 ].
Присяжной сенімділері корпорациясының өзін-өзі басқаруы ретінде сот
палатасы жанынан присяжной сенімділері кеңесі жұмыс істеді (алайда барлық
губернияда емес). Олар лауазымдары сайланбалы төрағадан, жолдастар
төрағасынан және кеңес мүшелерінен тұрды. Кеңеске сайлау жәй көпшілік
дауыспен әрбір лауазымға жеке жүргізілді. Кеңес бұрынғы құрам есебінен
кейін жыл сайын присяжной сенімділерінің жалпы жиналысында қайта сайланды.
Кеңес өз қызметін әртүрлі бағыттар бойынша жүргізді. Ол присяжнойлық
сенімділерді қабылдады және босатты, тәртіптік практика жүргізді, присяжной
сенімділер арасында "тегін" істер бөлді, олардың арасыңдағы дау-дамайды
реттеді, ол өз шешімін жай көпшілік дауыспен қабылдады.
Сөйтіп, присяжнойлық адвокатура сайланбалы органдар түріндегі және
жоғарғы сот орындарының сырттай қадағалауындағы ішкі өз-өзін басқаруға
біріккен присяжнойлық сенімділер сословиясы дейтін - ерікті кәсіп
адамдарының корпорациясы - присяжнойлық сенімділер кеңесі. Қылмыстық істер
бойынша қорғаумен, азаматтық процесте тараптарға өкілдік етумен қатар (оның
ішінде сот тағайындауы бойынша) адвокаттарға, кедейлер үшін тегін
консультация беруді қоса алғанда, халыққа заң кемегін көрсету жүктелді.
Сот ұйғарымдары мекемесі туралы Жарғымен жаңа қоғамдық-құқықтық
институтқа қатаң талаптар қойылды. Онда присяжной сенімділердің құқықтары,
міндеттемелері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді. Бұл үшін қажетті
шарттарға сай келген және белгіленген тәртіппен адвокаттар корпорациясына
қабылданған адамдар ғана присяжной сенімділері бола алды.
Осы нормативтік құқықтық талаптар екі санатқа бөлінді - оң (бола алатын)
және жағымсыз (бола алмайтын).
Сот ұйғарымдары мекемесінің 354-бабына сәйкес 25 жасқа толған, жоғары
заң білімі және сот ведомствосының шенеунігі немесе присяжной сенімдісінің
көмекшісі ретінде бес жыл сот тәжірибесі бар адам ғана присяжной сенімдісі
бола алатын.
355-бапта кімдердің присяжной сенімдісі бола алмайтындығы ашық
көрсетілді: 1) 25 жасқа толмағандар; 2) шетелдіктер; 3) қарызын төлей
алмайды деп жарияланғандар; 4) жалақысыз құрметті немесе қоғамдық
лауазымдағы адамдарды қоспағанда, үкіметте немесе сайлау бойынша қызметте
тұрғандар; 5) сот үкімі бойынша дәулет құқығынан айыруға немесе шектеуге
ұшырағандар, сондай-ақ дін сотының үкімі бойынша діни мәртебеден айырылған
дін қызметшілері; 6) дәулет жағдайының құқығынан айыруға немесе шектеуге
әкеп соққан қылмыстары мен теріс әрекеттері үшін тергеуде тұрғандар және
осындай қылмыстары мен теріс әрекеттері үшін сот үкімімен ақталмағандар; 7)
қызметтен сот бойынша немесе діни мекемеден әшкереленгендігі үшін я болмаса
қоғам арасынан және дворян жиналысынан өздері жұмыс істеген қоғамдардың
үкімдері бойынша шығарылғандар; 8) сот бойынша басқа істер жөнінде жүріп-
тұруына тиым салынғандар, сондай-ақ присяжной сенімділері қатарынан
шығарылғандар.
Бұл арада присяжной сенімділері кеңесінің сол уақыттың өзінде-ақ
қабылдау туралы мәселені шешкен кезде бұл адам туралы барлық мүмкін
мәліметтер негізінде үміткердің адамгершілік қасиетгері туралы дәйектерді
басшылыққа алғандығын атап өту қажет.
Сот ұйғарымдары мекемесінде присяжнойлық сенімдінің қызмет атқаруға кіру
тәртібі анықталды, оган төмендегі талаптар кіреді: қабылдау және тіркеу.
Присяжнойлық сенімділерді қабылдау кеңеске тәуелді болды; оның шешімі
-присяжной сенімділері корпорациясына негізгі тіркеу актісі. Кеңестердің
бірі өтініш берушіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда, бұл тұлғаны сол
мәліметтерімен басқа кеңес қабылдай алатын. Формалды құқық қабілеті
шарттарына негізделген қабылдаудан бас тарту туралы кеңес анықтамасы үшін
сот палатасына, бұдан кейін Билік етуші сенатқа шағым жасауға болатын.
Алайда тұлғаның адамгершілік тұрғыдан бағалануына негізделген қабылдамау
туралы кеңес анықтамасы шағымдануға жатқан жоқ. Жазу формалды сипатта
болды, оны присяжной сенімділері қатарына осы тұлғаны қабылдау туралы кеңес
анықтамасының негізіңде сот палатасы жүргізді, жазу процесіне округ
присяжной сенімдісінің тізіміне қабылданған адамның тегін енгізу, кеңес
берген куәлікке қол қою және оны қабылдау туралы жарияланым кірді[8,332].
Присяжной сенімдісі ие маңызды құқықтардың бірі сот палатасы әрбір
округы сенімділерінің өз мүшелерінен кеңесті сайлайтындығы еді, бұл
институттың корпоративтігінің көрінісі болып табылды. 1874-жылғы
контрреформа кейіннен адвокатураны едәуір әлсіретті және соған орай ерекше
қоғамдық қызмет атқаратын заңгерлер бірлестігін білдіретін "сословие"
термині қолданыла бастады. Заңмен тәртіптелмеген сословия мүшелерінің
құқығы мен міндеті Жарғыларда көрсетілді, алайда олардың саны азшылық
болатын.
Присяжнойлық сенімдіні оның еңбегі үшін көтермелеу оның сенімдісінің
және клиентінің жазбаша келісімімен анықталды; осындай келісім болмаған
кезде көтермелеу әділет министрі белгілеген арнайы бағамен анықталды (тек
азаматтық істер үшін). Көтермелеу көлемін анықтау кезінде негізгі өлшем
ретінде талап бағасы қызмет етті, алайда бұл жағдайда талап бағасының
өсуімен пайыз азайды: талапкер сенімдісі өзіне тиесілі төлемнің төрттен
бірін, ал сенімді жауапкер үштен бірін алды.
Присяжной сенімдісі қабылдаған анттарда кәсіптік міндеттемелер
көрсетілді, антта ол заң мен адвокаттың абыройын қатаң сақтауға
міндеттенді, ал кеңестер оның дәл орындауын бақылауға тиіс болды (Сот
ұйғарымдарының мекемесі 367-бап, 2-тармақ).
Присяжнойлық сенімділер қызметі тек бір округте жүргізілді, өйткені Сот
ұйғарымдары мекемесінің 356-бабы бойынша өздері тіркелген сот палатасыңдағы
округтегі қалалардың бірінде тұрақжай таңдауға тиіс болатын.
Кеңестің өз мүшелерін бақылауы, егер олардың қызметі кеңес іс әрекетінің
аясында, яғни осы сот округінің шегінде болған жағдайда ғана жүргізілді.
Заң бір жеңілдікке жол берді: егер, бір округте басталған іс екінші округке
көшірілсе, мысалы, кассациялық шешім салдарынан, онда адвокат іс
жүргізілген жердегі присяжной сенімділері кеңесіне бағынды. Егер ол іс
бойынша талап қою үшін басқа қалаға кетуге тиіс болса, онда жоқ кезіндегі
іске тиесілі қолында бар барлық істі басқа присяжной сенімдісіне
(сенімдінің келісімімен) беруге міңдетті.
Присяжнойлық сенімдінің міндетіне өзіне тапсырылған істің тізімін жасау
(бағам қолданысына жататындар, сондай-ақ жатпайтындар) және оны присяжной
сенімділері кеңесіне талап еткен бойда тапсыру кірді.
Бұл уақытта присяжной сенімділері көмекшілершің институты тарала
бастады. Сот ұйғарымдары мекемесінің 354-бабына сәйкес оған "бес жыл
бойында көмекші ретінде присяжной сенімділері басшылығымен сот
практикасынан өткен" тұлғалар жатқызылды. 354-бапқа түсініктемеде
"присяжной сенімділері сословиесінің құрылыуымен оларда заң ғылымы курсын
бітірген, алайда еш жерде қызмет етпегсн көмекшілер болатындығы
(практикалық сабақтар бойынша), олардың мәліметтер мен сот практикасын ала
алатындығы" туралы түсініктеме берілген. 1874 жылғы 6-маусымда присяжнойлық
сенімділермен қатар жеке сенімділер институтын құрған заң шықты. Жеке
сенімдіні лауазымға бекіту және татуластырушы судьялардан және жалпы сот
ұйғарымдарымен азаматтық істер жургізуге қатысу құқы-ғын алу үшін іс
бойынша жеке сенімді қолдаухат жасаған округтегі соттар берген ерекше
куәлік негіздеме болды. Кез-келген сотқа қатысу құқығы бар присяжной
сенімділерімен салыстырғанда жеке сенімділер өздеріне осындай рұқсат берген
соттарға ғана қатыса алатын.
Қазақстанда патшалық жүргізген жоғарыда аталған сот реформасының
отаршылдық сот органдарында қарастырылған сот істері үшін мәні болды.
Ал қазақ қоғамында қорғау институтының белгілі бір тарихи дәстүрлері
болды. Бүгінгі күндері қазақ құқығының белгілі қайнарларында (Л.И
Баллюзектің, Н.А. Гродековтің, Қ. Ә. Жиреншиннің, С.А. Сабатаевтың, С.С.
Фукстың және басқалардың еңбектері) қазақтардың сот төрелігі рәсіміне
қорғаушылардың тікелей қатынасатындығы ашық көрсетілмесе де, Ресей
империясы отарлағанға дейін бүгінгі Қазақстан аумағында айрықша қорғау
институтының (немесе осындай тегершіктердің) болғандығы туралы тұжырым
жасауға болады. Олардың кейбірі XX ғасырдын 20-жылдарына дейін сақталды.
Осылайша, қазақтың ғұрыптық құқығындағы айыптау бағытымен қатар оңда
"іздестірушілік бастау" орын алды, бұл құқық бұзушылықтың жәй-жапсарын
шынайы талқылауға мүмкіндік берді және сол арқылы айыпталушыны негізсіз
жаладан қорғауға ықпал етті. Қылмыстық істі жедел қарауға істі мұқият
тергеу мен қарау және қоғамдық пікірдің кепілдігі кедергі болып табылды.
Көп жағдайда билер сотының шешімдерімен қатар мүліктік дау-дамайды сот
билігі емес, адамгершілік беделі бар ақсақалдар анықтады.
Осы ойды С.А. Сабатаев дамыта отыра, ақсақалдар сотының көне дәстүрлер
мен ғұрыптар бойынша билік еткен таза халықтық сот ретінде болғандығын нақ
көрсетеді [9,18-20 ]. Заңгер-ғалымдар Қ.Ә. Жиреншин, А.Н. Тәуекелов және
басқалар өз еңбектерінде қазақтардың ғұрыптық құқығында қорғау
элементерінің болғандығы туралы ашып айтпайды, алайда, біздің ойымызша,
"судьялар бөлу институты", "істі қарауға келісім беру", "анттар институты''
сияқты тегершіктер олардың болғандығы туралы айтуға негіз болып отыр [10,80-
81]. Солай болса да қазақ қоғамына Ресей империясының басқа заңдары
сияқты присяжной сенімділері институтының кіруі өте баяу жүрді. Бұл 1867-
1868 жылдардағы реформалар барысында өзінің ұлттық және жергілікті
ерекшеліктерін ескере отырып, нақты мәселелерді шешкен билер соты мен
қазылар сотының сақталғандығымен жәнеішінара отаршылдық міндеттер мен
мақсаттарға бейімделгендігімен түсіндіріледі. Дау-дамайды шешу кезінде
билер соты әдет-ғұрып құқығы пен шариғат қағидаларын, ал қазылар соты тек
шариғат тәртіптерін басшылыққа алды, алайда соңғысы қазақтарда исламның
жеткіліксіз ықпалынан және басқа да белгілі жайттардан (қазақтардың
шаруашылық және әлеуметтік салтының ерекшелігі, әдет-ғұрып құқығының үстем
болуы, Ресей мемлекетінің саясаты және т.б.) қанат жая алмады.
Облыстық басқармалар соғыс және уездік соттарға жатпайтын барлық
азаматтық және қылмыстық істерді қарады. Сонымен қатар жоғарыда келтірілген
актілермен негізі қаланған адвокаттық қызмет негіздері белгілі бір деңгейде
заң күшіне ие болды және ара-тұра қазақ қоғамының сот төрелігіне енгізілді.
XIX ғасырдың аяғындағы Қазақстандағы сот құрылысы 1886 және 1891 жылдары
Түркістан және Дала өлкелерінің басқармалары туралы қайта бекітілген
Ережелерге сәйкес жүзеге асырылды. 1898 жылғы сот реформасы адвокатура
қызметін реттеуді және қызметінің құқықтық негізін қарастырды. Мысалы, 1898
жылғы 2 маусымдағы Уақытша ережелердің 24-бабында адвокаттық қызметті
жүргізуге куәлікті округтік соттардың беретіндігі қарастырылды. Осы куәлік
адвокаттық тәжірибені бітімгершілік соттарда да жүргізуге құқық берді. Осы
куәлікті алған тұлғалар 75 рубль көлемінде алым төлеуге тиіс болды. Бұл
соманың жартысы мемлекет қазынасына, ал қалған жартысы жергілікті
земстволық қаражатқа айналды
Сөйтіп аталған Ережелермен отаршылдық соттар құрылды, олар қазақтың
әдет-ғұрып құқығының қолданылу аясын тарылтты. Ресей империясының сот
билігі бүкіл Қазақстан халқына қолданылды және тиісінше сот ісіне присяжной
сенімділері белсенді тартылды. Присяжной және жеке сенімділер институты
осындай күйінде 1917 жылға дейін өмір сүрді.
Заңгер-ғалымдар Қ.Ә. Жиреншин, А.Н. Тәуекелов және басқалар өз
еңбектерінде қазақтардың ғұрыптық құқығында қорғау элементерінің болғандығы
туралы ашып айтпайды, алайда, біздің ойымызша, "судьялар бөлу институты",
"істі қарауға келісім беру", "анттар институты'' сияқты тегершіктер олардың
болғандығы туралы айтуға негіз болып отыр [10]. Кеңестік саяси жүйе
рныққанан кейін адвокатура айтарлықтай өзгеріске ұшырады. 1864-жылғы
реформа бойынша құрылған присяжнойлық және жеке адвокатураның қызметі олар
жаңа социалистік мемлекетті құру иринципіне қайшы болғандықтан, Кеңес
үкіметінің алғашқы декреттерімен жойылды. Адвокатура біртіндеп кеңестік сот
төрелігінде қосымша қызмет атқара бастады. Қорғау институтын ұйымдастыру
мен сотқа қатысушылардың қатысуына көзқарас талай рет өзгерді. Бір нысанды
жоққа шығара, ал екіншісін еңгізе отыра, кеңестік заңнама тоталитарлық
режим талаптары мен нығайту мақсаттарына жауап беретін қорғаушылар
қызметінің ұжымдық нысанын орнықтыра бастады.
Солай болса да, азаматтық істер, қылмыстық істер мен өкілдік бойынша

жалғастырды. Белгілі практикалық және теориялық тәжірибе жинақтаады.
Адвокаттық қызметтің жаңа нысандары пайда болды, оның құқықтық нормативтік
базасы және т.б. нығайды. КСРО ыдырап, жаңа тәуілсіз мемлекетер құрылғаннан
кейін кеңестік кезеңде жинақталған жақсы тәжірибе ұлттық адвокатуралар
қызметіне негіз болып қаланды.
Кеңестік дәуірдегі адвокатураның ұйымдық нысаны, сондай-ақ мемлекет

көптеген ортақ тұстарының болғандығын атап өткен жөн. "Екі адвокатура да

өкіметі саясатының жететінде кете беретін. Екі адвокатура да өз әрекеттері
үшін Әділет министрлігінің қырағы қадағалауына, судьялардың немқұрайлы

тиіс болды. Қос адвокатура да өз құқықтары мен міндеттерін анықтауда
бәрібір мемлекетке тәуелді болды" [11, 113].
Адвокатураны ұйымдастырудағы киындықтарға қарамастан республикада
мүмкіңдік шегінде адвокат кадрларын даярлау жүргізілді. Осылайша, 1936-жылы
адвокаттар алқасында 141 адам болды. Сол жылы алка қызметкерлерінің
алғатықы бүкілқазақстандық съезі шақырылды, онда халыққа заң көмегін
жақсарту жөніндегі адвокатура міндеттері анықталды. 30-40-шы жылдары
қылмыстык істер бойынша (әсіресе саяси істер бойынша) қорғау қызметінің
үтымдылығы бірқатар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz