Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҒЫЛЫМИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: М.Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің тарихи-поэтикалық құндылығы

М А З М Ұ Н Ы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

І тарау Мағжан Жұмабаев өмірі мен поэзиясындағы ұлт-азаттық рух негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-8

ІІ тарау Түркістан өлеңінің тарихи және рухани тағылымы ... ... ... ... 9-13

ІІІ тарау Түркістан өлеңінің көркемдігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 14-16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Кіріспе

Зерттеудің тақырыбы: М.Жұмабаевтың Түркістан өлеңінің құндылығы
Тақырыптың өзектілігі: Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі - Мағжан Жұмабаев, қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыптарының бірі ғана емес, бірегейі де. Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын.
Мағжан - түрікшіл, санашыл, дарашыл, уайымшыл, өзімшіл ақын.
Мағжан Абай үлгісімен өзінің шығармашылық ортасында ақындық шеберлігін шыңдады. Ақындық өнерін де, азаматтық өмірін де тек қана туған халқының азаттық туының астына өрбітіп, еркіндік-теңдік жолына бағыштайды. Мұның өзі Мағжанның талғамай талпыну, оқу, үйрену арқылы жеткен білім деңгейі, кеңіген ой-өрісі, сезім, сыр қалыптастырған көзқарас көкжиегі болатын. Оның өз ортасынан оза шабуы да осындай білімдарлығына байланысты. Сөз өнері арқылы рухани мол мұра қалдырған М. Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын зерттеу, зерделеу, бүгінгі күн тұрғысынан баға беру қазіргі әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. 2013 жылы қазақ өлеңінің Абайдан кейінгі алыбы, алтын діңгекті азамат ақын, алаш қайраткері- Мағжан Жұмабаевтың дүниеге келгеніне 120 жыл толды. Жарық дүниеге адам боп туғанымен, азаматқа лайық өмір сүру билігі өзіне тимей, қысқа ғұмырында көп қуғын-сүргін, бұғау, айдауда өтіп, ақыры темір торда атылып өлген Мағжан ақын туралы талай ғылыми жұмыстар жазылып жатыр. Оның шығармашылығы ерекше сырлылығымен, сұлулығымен ерекшеленеді. Мектеп қабырғасында оқитын біз сияқты балғын оқырмандар Мағжан ақынның тамаша өлеңдерін оқып, жаттап, тұшынып өсіп келе жатырмыз. Бүгінгі ұсынып отырған ғылыми жұмысымызда ақынның Түркістан өлеңін оқи отырып, өзімізше зерделеуге талпыныс жасадық. Өлеңде тек қазақ қана емес, жалпы түркі халқы - арғы ата-бабаларымыздың тұтас тарихы сөз болған. Міне, осы өлеңнің әрбір сөзіндегі ғибратты түсіну үшін оны талдау қажет. Тақырыптың өзектілігі осыған сай анықталады.
Зерттеу нысанасы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Зерттеудің мақсат-міндеті: Біз бүгінгі зерттеуде алдымызға ақын шығармашылығында аса көп айтыла бермейтін бір ғана тақырыпты айтуды мақсат етіп қойдық. Ол ақын шығармаларындағы түрікшілдік тақырыбы. Шынында да, Мағжан ақын жырларындағы Тұран, Түркістан, түрікшілдік мәселесі аса күрделі және қызықты, ыждағаттап зерттеуді қажет ететін тақырып. Зерттеуіміздің негізгі мақсаты - М. Жұмабаевтың Түркістанөлеңін талдау
Зерттеу жұмысының осы мақсатынан туындайтын мынадай негізгі міндеттер жүйелі түрде қарастырылады:
::Ақын шығармашылығын жүйелеу, саралау;
:: Мағжан өлеңінің көркемдік қуатын анықтау;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысын жазу барысында жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды..
Ғылыми дерек көздері: Мағжан Жұмабаевтың шығармалар жинағы, профессор Ш.Елеукенов, пофессор М.Мырзахметов, профессор Б.Қанарбаевалардың зерттеулері негізгі дерек көздері ретінде пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Зерттеу барысында артына өшпес рухани мол мұра, өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың Түркістан өлеңіне талдау жасалынған.

І тарау Мағжан Жұмабаев өмірі мен поэзиясындағы ұлт-азаттық рух
негізі

Ақын есімі жарты ғасырға жуық уақыт сарғая сағынған қазаққа тәуелсіздік алар қарсаңында ғана қайта оралды. Қазақ ұлттық поэзиясының падишасы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылық өнері жайында айту тым жауапты. Ол өз тегін де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөздің асыл маржанын төгілткен, сұлу жырымен оқырманын егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай соры арылмаған халқының зарлы перзенті [1.4], -- деп ғалым Мүсілім Базарбаев атап көрсеткендей тағдыры тым аянынышты аяулы жан.
Біз бүгінгі зерттеуде алдымызға ақын шығармашылығында аса көп айтыла бермейтін бір ғана тақырыпты айтуды мақсат етіп қойдық. Шынында да, Мағжан ақын жырларындағы Тұран, Түркістан, түрікшілдік мәселесі аса күрделі және қызықты, ыждағаттап зерттеуді қажет ететін тақырып. Оның бірнеше себептері бар. Басты себеп ел тарихындағы көне Тұран, Мағжан атамыз дәуіріндегі түрікшілдік рухтың бәрі кеңес дәуірінде теріс саясаттың нәтижесінде жадымыздан өшіріліп, тарих ақтаңдағына айналған құбылыстың бірі болды. Бұл туралы ғалым Шериаздан Елеукенов: Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі - Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді дейді [2.12].
Жарты ғасыр бойы қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармалары қамауда болды, тек өткен ХХ ғасырдың 80-шi жылдарының соңында ғана халқымен қайта табысты. Ақынның есiмiн атауға тыйым салынған жылдардың өзiнде халқы оны ұмытпады. Мағжан ақынның атын да айтуға болмайтын кезеңдерде ел iшiндегі үлкендер жан-жақтарына қарап алып, Шiркiн, Мағжанның өлеңдерi-ай! - деп, ақырын оның өлеңдерiн жатқа айтып отырады екен. Осының өзi Мағжанның тек қатардағы ақын емес, есiмi, өлеңдерi халық жүрегiнде мәңгi сақталатын ұлы ақын екенiн бiлдiрмей ме?!
Ақын, жазушы, журналист, фольклорист, тарихшы, философ, аудармашы, ұстаз, қоғам қайраткерi, саясаткер - Мағжан Жұмабаев артында мол мұра, мол iз қалдырды. Ол қазақ әдебиетi мен мәдениетiнiң өзге елдер әдебиетiмен, мәдениетiмен тең болуын қалады. Қазақ елiнiң мәдениетi мешеу, тарихы белгiсiз артта қалған бұратана ел атануына намыстана қарады. Мұның өзi халқымыздың тарихын бiлмегендiктен екенiн аңғарды. Сөйтiп, халқымыздың тарихы мен мәдениетiн терең зерделеп зерттеуiне кiрiстi. Өткен тарихымызға терең бойлаған ақын, орыстың және әлем әдебиетi мен ғылымын меңгеруге тырысты. Елiнiң тарихы мен мәдени мұраларына қызығушылығы мен сүйiспеншiлiгiн өмiрiнiң соңына дейiн сақтады. Ол қазақ халқының асыл мұраларын келешек ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажет деп санады. Сондықтан да өзiнiң шығармаларында ел тарихын, халықтан шыққан ұлы тұлғалардың (Абылай, Кенесары, Сыздық...), ел қорғаған батырлардың ерен еңбегi мен ерлiгiн көрсетуге ұмтылды. Оның шығармашылығын шола отырып, осылай ой түйеміз.
Ақын өзiнiң қысқа өмiрiнде көп қалада болған. Ол өзiнiң Сасықкөл жағасындағы туған ауылынан бастап Қызылжар, Уфа, Қазан, Омбы, Орынбор, Ташкент, Мәскеу қалаларында болған. Сол қалалардың қайсысында болса да, туған халқын ұмытқан жоқ, соған қызмет етуге тырысты, тамаша өлеңдер, поэмалар, ғылыми еңбектер жазып, өз iзiн қалдырып отырды. Осы жолдарында ақын Алаш партиясының басшылары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатовтан бастап көптеген зиялы азаматтармен танысып жолдас болды. Оның ақындығын, бiлiмдiлiгiн, отансүйгiштiгiн Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов, Жүсiпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов жоғары бағалады.
Қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді.
ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі -- ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
Ол 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас ақынды онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан атамыз білім жолында іздене түседі. Жан -- жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен Шолпан атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел - жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! - деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, "Қазақ"(1923-18жж А.Байтұрсынов шығарып тұрған газет) газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.
Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт -- азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 -- 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Мағжан ақынның шығармаларын сынап, өзiне ұлтшылсың, байшылсың, түрiкшiлсiң, менменсiң деген сияқты кiнә тағу көбейiп кеткеннің өзiнде ол мойымады, өзiнiң бағасын бiлдi:
Күннен туған баламын,
Жарқыраймын, жанамын,
Күнге ғана бағынам.
Өзiм - күнмiн, өзiм - от,
Сөзiм, қысық көзiм де - от.
Өзiме - өзiм табынам, - деп қыр көрсеттi.
Ұлы ақын қандай қыспақ көрсе де, халқына сыйлы екенiн, өзi өлсе де, есiмi, шығармалары өлмейтiнiн, халық жадында сақталатынын сездi.
Мен өлмеймiн, менiкi де өлмейдi,
Надан адам өлiм жоғын бiлмейдi.
Өзiм - патша, өзiм - қазы, өзiм - би,
Қандай ессiз не қылдың деп тергейдi? - деуi де сондықтан.
50 жылдан астам сергелдеңi мол үзiлiстен кейiн Мағжандай ұлы ақынымыздың азаматтық келбетiмен халқымен қайта табысып, ақындық өр дауысының жаңадан жаңғыра естiлген үнiн бүгiнгi ұрпақ зор қуанышпен қарсы алды. Ақын ақталып, шығармалары жарыққа шығуы елiмiздiң талай ақындарының шабытын оятып, оған арналған көптеген өлеңдер, поэмалар туды.
Мағжанның ақындығы туралы оның әрі замандасы, қазақ әдебиетінің тағы бір ұлы тұлғасы, бес арысымыздың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың өзі 1923 жылы мынадай пікір айтқан екен: Мағжан - сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті, маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұнды зарымен күшті. Мағжан - алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шерте бiледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелдi жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма - бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңiлінің кiрбеңі көрініп тұрады. Қай өлеңін оқысаң да, не ақынмен, не өз жүрегіңмен, не ел жүрегімен сырласқаңдай боласың. Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңыз да, еріқсіз, бір сезім туғызады. Әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде аятқызады, әлде есіркетедi, әлде жігер береді [3.112]. Расымен де, ақын атамыздың әр өлеңін оқи отырып, осы сөздердің растығын мойындаймыз.
Мағжан атамыз бір ұлттың, тек өз халқының мүддесін ойлаумен ғана қалып қоймайды. Оның азаматтық парасатынан туындаған арман-мақсаттар бұдан әлдеқайда биік. Туған халқы туралы айтқанда, оның кешегі өткен жолын еске алады, оны бүгінгі жағдайымен салыстырады. Онымен де шектелмей, ақын жалпы түріктік идея көтереді. Түркі тектес халықтардың бәрінің болашағынан үміт күтеді, жалпы Шығысты пір тұтады. Бұл қатарда ақынның "Пайғамбар", "Күншығыс", "Түркістан", От", т.б. тәрізді бірсыпыра өлеңдерінде түптің түбінде жақсылық атаулының бәрі де Шығыстан келмек, Батыстан торлаған қою қара бұлтты Шығыстың жарық сәулесі ғана талқандамақ. Бұл өлеңдерінде ақынның туған жерге, өз топырағына, Шығысына деген ғажайып сүйіспеншілігі, перзенттік патриотизмі айқын көрінеді. Күншығыс өлеңінде:
Қисық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс?
Серпіл енді, алыбым! - деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырып, өз ойларын әйгілі "Пайғамбар өлеңінде былайша жалғайды :
Күншығыстан таң келеді - мен келем,
Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем.
Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,
Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем!
Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры!
Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.
Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:
Мен келемін, мен - пайғамбар, Күн ұлы.
Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап көрінеді.
Мағжан атамыздың бұл тақырыптағы өлеңдерінде заман шындығы халықтың басынан өткен тарихи белестерді ойға алу арқылы түсіндіріледі. Ол Шығыстың, оның ішінде түркі елдерінің кешегі тарихына көз жібереді. Бір кезде жайлаған мекенін еске алады. "Түркістан" өлеңі соның айқын айғағы.

ІІ тарау Түркістан өлеңінің тарихи және рухани тағылымы

Біз бүгінгі зерттеуде алдымызға ақын шығармашылығында аса көп айтыла бермейтін бір ғана тақырыпты айтуды мақсат етіп қойдық. Шынында да Мағжан атамыздың жырларындағы Тұран, Түркістан, түрікшілдік мәселесі аса күрделі және қызықты тақырып. Оның бірнеше себептері бар. Басты себеп еліміздің тарихындағы көне Тұран, Мағжан дәуіріндегі түрікшілдік рухтың бәрі кеңес дәуірінде жадыдан өшіріліп, айтуға болмайтын тақырыпқа айналды. Ғалымдар бұл тақырыпты Мағжан поэзиясында тым ерте, дәлірек айтқанда медресе Ғалияда оқып жүргенінде басталған дейді. 1912 жылы жарық көрген Шолпан жинағына енгізілген Орал тауы өлеңі бұл пікірдің растығын көрсетеді. Бұдан кейінгі уақытта бұл тақырып сан жағынан да, сапа жапа жағынан да дами түскен. Олар - Алыстағы бауырыма, Жер жүзіне, Қазақ тілі, Тез барам!, Түркістан, Тұранның бір бауында, Орал өлеңдері болып жалғаса береді. Өз ұлтын және бүкіл түркі әлемін жанындай жақсы көріп жырға қосатын ақынның аталған тақырыпты өте ерекше жырлау себебін белгілі мағжантанушы ғалым Ш.Елеукенов былай деп атап көрсетеді: Мағжан поэзиясында түрік өлеңдерінің өрістеуінің әлденеше себептері бар. Ең бастысы - отаршылдыққа қарсылық, дүние жүзіндегі ұлт-азаттығы қозғалысының күрескерлерімен бірлесу, тізе қосу. Қазақ сол ынтымақ бірлікті ту етіп ұстаса, ежелгі туыстығын бекіте түсе деген ақын тілегі Түркістан өлеңінде былай көрінеді:
Тұранда түрік ойнаған ұсап отқа,
Түріктен басқа от боп жан туып па!
Көп түрік енші алып тарасқанда,
Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па!
Бүгін біз Мағжан түрікшілдігін мақтан тұтқанда оның мән-мағынасын кеңірек пайымдаймыз. Әдебиетімізде ол тұңғыш рет жеке-дара көтерген түрік тақырыбының халықаралық маңызы зор дейміз [2.31]. Өкініштісі сол, алғаш көтерілген халықаралық тақырып та, сол тақырыпқа жүк болып, биік идея ретінде насихатталған Тұран, түрік, Түркістан тақырыбына сол отызыншы жылдары-ақ тыйым салынған.
Түркі әлемі, соның ішінде Түркістан тарихын терең білетін ақынның араға көптеген жылдар салып, халқымен қайта қауышқан отты жырлары ұмытылған тарихымызбен қайтадан қауыштырды. Мағжанның Түркістан деген өлеңі тарихты білсең, Мағжанша біл деп тұр. Айналдырған 25 шумақ өлең. Соған бүкіл Тұран елінің тарихын сыйдырып жібергеніне сенесіз бе?! Тарих тақырыбындағы жиында Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин мемлекет басшысының Тарих толқынында атты кітабынан мынадай жолдарды келтіреді: Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді. Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен көшпелілер Еуразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті. Мағжанның Түркістанында дәл осы жағдай суреттелген. Екі мың жыл бойы жаһанда елеулі рөл атқарған Тұранның тарихы Мағжан өлеңдерінде сонау Афрасияб патшадан басталады. Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері, - деп жазады. Тұранның топырағында тыныш тапқан, Алаштың арыстаны Абылай ері, - дейді. Біздің екі мың жылдық тарихымыз Мағжан Жұмабаев шығармашылығында сайрап жатыр. Мағжан өзі өмір сүрген кезеңнің ғана емес, қазақтың екі мың жылдық тарихының тамыршысы бола білді. Міне, Мағжан қандай ақын болған! [4.51] деген ғалым пікірін өлеңнің өзін оқып отырып көз жеткіздік. Мағжан атамыз қазақ тарихын былай бастайды:
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан не тамаша күндер кешкен, -- деп [1.11], ертедегі түркілердің біртұтас мемлекет болып, оның кейін әр түрлі қанды шапқыншылықтарды бастан кешіру салдарынан әуелгі атын да, атағын да жоғалтып алған тарихын баяндап береді. Соның ішінде көне Тұранның тарихтан өшуінде үлкен рөл атқарған - Араб халифатының шапқыншылығын есімізге түсіре отырып, дін мен тілден, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден айырып қана қоймай, сондай ғажайып құндылықтардың жойылуына барынша күш салған жаулап алушылардың пиғылын әшкерелейді. Осы аралықта Араб халифаты түрік елінің ата ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Мағжан Жұмабаев еңбектері
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Мағжан Жұмабаевтың педагогика туралы ой-пікірлеріндегі тәрбиелік идесының тәжірибеде қолдану маңызы
Мағжан алдымен сыршыл ақын
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
Пәндер