Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 116 бет
Таңдаулыға:   
АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология және бастауыш білім факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

Педагогикалық шеберлік пәнінен
5В010200- Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы үшін
лекция тезистері

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
Оқу түрі: күндізгі

Құрастырған:п.,ғ.,к.Қ. Оразбекұлы

Педагогикалық шеберлік пәнінен білім алушылар үшін лекция тезистері әдістемелік нұсқаулық ретінде ұсынылды. Әдістемелік нұсқаулық оқу жұмыс бағдарлама негізінде дайындалған. Әдістемелік нұсқаулық Педагогикалық шеберлік бойынша мәліметтер қамтылған.

Әдістемелік нұсқаулық Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітуге ұсынылды.
№__ хаттама, __ тамыз 2019 ж.

Кафедра меңгерушісі ________ ф.ғ.к.доцент Қалыбеков Б.Е

Лекция 1
Педагогикалық шеберлік пәні, мақсаты мен міндеті
1. Педагогикалық шеберлік - педагогика ғылымының бір саласы
2. Педагогика шеберлік пәнінің мақсаты мен міндеттері
3. Педагогикалық шеберлік пәнінің зерттеу обьектісі
4. Педагогикалық шеберлік пәнінің басқа пәндермен байланысы

Педагогикалық шеберлік - педагогика ғылымының бір саласы
Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық. Жұмысқа, ісәрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі; адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі; әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: білікті, жартылай білікті, төмен білікті; кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан білікті орындау болып табылады.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог -- өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Педагогика шеберлік пәнінің мақсаты мен міндеттері
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең сынампаз бөлігі болып табылады, - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал педагогикалық шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз.
Тәуелсіз елге - білікті маман демекші, педагогикалық шеберліктің негізі, өткен пікірімізде айтып кеткеніміздей, білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар - педагогтардың жаңа технологияны меңгере білуінде және оны өз тәжірибесінде қолдана алуында. Педагогикалық көзқарас бойынша, технология ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған педагогикалық өндіріс деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте педагогикалық технологияны оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі - мұғалімнің шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы. Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы қажет.
Педагогикалық шеберлік пәнінің зерттеу обьектісі
Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.
Талант деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын - жазушылырда, әртістерде, өнер адамдарда кездеседі. Ал, мұғалім болу - талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме? -- деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талант болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта - ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік - ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр - сырын меңгермейінше бұған оның оның қолы жетпейтіндігін, - айтады.
Педагогикалық шеберлік - тек қана мұғалімнің жалпы, жан - жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік: 1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі; 2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі; 3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс - тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс - тұрысы, қозғалысы, отырып - тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек.
Педагогикалық шеберліктің негізі - балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу - тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс- әрекеттеке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми - зерттеу пайымдаулар мыналар:
- пеадагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс - әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік - қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі;
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі;
3. Ситуацияларды меңгеру;
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Желдербаева С. Мәнерлеп оқу. А 1992.
2. Елеусізова С. Қарым - қатынас психологиясы. А 1995.
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б.
4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ЭКО ҒӨФ. 2006.

Лекция 2
Тақырыбы: Педагогикалық шеберлік және педагогтың педагогикалық мәдениетінің компоненті ретінде.
1. Педагогикалық шеберлік және оның компоненттері.
2. Педагогикалық қабілет және оның құрылымы.
а) педагогтық қызметке бейімділік
б) педагогикалық қиялдау
в) педагогта болатын тағы басқа қабілеттер.
Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері.Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар,жалпы,әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық,оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Оқушылар өздерінің мұғалімдерінің қаталдығын, талапкершілдігін кешіре алады, бірақ өз ісін нашар білетіндерді ешқашан кешіре алмайды. Олар педагогтың нақты білім, білігін, бойындағы өнерін, шебер қолдарын, жұмысқа деген жігерін, айқын ойын, тәрбие жөнінен біліктілігін өте жоғары бағалайды. Макаренко А. С. былай деген еді: Мен тәжірибе арқылы мынадай шешімге келдім, сұрақты тек біліктілікке негізделген шеберлік арқылы ғана шешуге болады.
Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек.
Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н.В. Кузьмина, В.А.Сластенин, А.И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:
1. диагностикалық;
2. бағдарлы-прогностикалық;
3. конструкторлық-жобалау;
4. ұйымдастырушылық;
5.ақпараттық-түсіндіруші;
6. коммуникативтік-ынталандырушы;
7. талдау-бағалау;
8.зерттеуші-шығармашылық;
Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т.б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері сөрелер бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.
Педагогикалық қызметтің әр қадамын шығармашыл, қайталанбайтын және үнемі жаңа болуын талап етуге болмайды. Бірақ педагогикалық нормативтердің кері әсері де үлкен. Репертуарлық, жанама, педагогикалық теорияға деген жек көрініштілік, педагогикалық ойлаудың догмалылығы, педагогикалық ұстанымға жоғарыдан түскен нұсқау, өзгенің іс-тәжірибесін қабылдау-міне, келеңсіз құбылыстардың толық емес реті, бұл диалектикалық табиғатты білмей нормативтерді игеру деген сөз. Мұғалім қызметінде педагогикалық ғылымнан тартылған жіптер өзара түйіседі, ең соңында, барлық алыңған білімдер іске асады.
Педагогикалық қызметтің дамуының жоғары деңгейін, педагогикалық технологияны игергенін сипаттай отырып, педагогикалық шеберлік педагог тұлғасын, оның тәжірибесін, азаматтық және кәсіптік ұстанымын сипаттайды. Мұғалімнің шеберлігі- бұл тұлғаның тұлғалық- іскерлік сапасы мен ерекшеліктерінің синтезі, ол педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді.
Педагогикалық шеберліктің компоненттері.
Педагогикалық ғылымда педагогикалық шеберліктің мәнін түсіну үшін бірнеше түсініктер қалыптасқан. Бір ғалымдар бұл интуиция мен білімнің, шынайы ғылыми беделді басшылықтың қосындысы деп есептейді, ол педагогикалық қиындықты жеңуге қабілетті, бала жанының жағдайын түсінуге көмектеседі. Педагогикалық шеберлікке педагогикалық білім, интуициялармен қатар, педагогикалық техника саласындағы біліктер жатады, бұл тәрбиешіге энергияны аз жұмсап, үлкен жетістіктерге жетуге көмектеседі. Осы тәсілді басшылыққа алған кезде мұғалім шеберлігі қол жеткен табыстар шеңберінен тыс шығуды ойластырады.
Педагогикалық шеберлік арнайы білімдерден, сол сияқты білік, дағдылардан тұрады, педагог қашанда жеке сұрақтарын шешкенімен, ол үнемі ұйымдастырушы, тәлімгер және педагогикалық әрекеттің шебері болып табылады. Осыдан барып, педагог шеберлігінде төрт жеке бөліктерді атап өтуге болады: балалар қызметін ұжымдық және жекелей ұйымдастыру шеберлігі; сендіру шеберлігі; білімді беру және қызмет тәжірибесін қалыптастыру шеберлігі; ең соңында, педагогикалық техниканы игеру шеберлігі. Шынайы педагогикалық қызметте бұл шеберлік түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, бір-бірімен астасып жатыр және бірін-бірі өзара күшейтеді.
Тұлғаға бағытталған тәсіл тұрғысынан педагогикалық шеберлік жүйе ретінде қарастырылады. Н.Н. Тарасевич педагогикалық шеберлік кәсіптік қызметті өзіндік ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға ерекшелігінің кешені ретінде қарастырылады, маңыздылардың қатарына мұғалім тұлғасының гуманистік бағыттылығын, оның кәсіптік білімін, педагогикалық қабілетін және педагогикалық техникасын жатқызады. Барлық төрт элемент педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өзіндік даму тән (тек сыртқы жағдайдың ықпалынан өсу ғана емес). Педагогикалық шеберліктің өзіндік дамуының негізі ретінде тұлғаның білімі мен бағыттылығының қосындысын атауға болады, оның жетістіктерінің маңызды шарты- қабілеттері, тұтастықты, бағыттылықтың байланысын және нәтижелілікті әкелетін нәрсе педагогикалық техника саласындағы біліктер болып табылады..
Қарастырылған тәсілдердегі кейбір айырмашылықтарға қарамастан педагогикалық шеберліктің құрылымында жалпы педагогикалық техника ерекше орын алады. Бұл білік, дағдылардың жиынтығы, олар жалпы жеке оқушылар мен ұжымға педагогикалық ықпал ету әдістерінің жүйесін тиімді қолдану үшін қажет: тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста дұрыс стильді және бағытты таңдай білу, олардың зейінін басқара білу, аяқ алысын сезіне білу, басқару дағдылары мен оқушылардың іс-әрекетіне деген өз көзқарасыңды көрсете білу және т. б.
Педагогикалық техника негіздерін білу- қарым-қатынас жасау тнхнологиясын игерудің қажетті шарты. А.С. Макаренко: Мен тек бері кел деген сөздерді 15-20 түрлі реңмен айта білгенде, бет әлпетімнің, тұрған тұрысымның, дауысымның 20 түрлі қылып өзгертуді үйренген кезде ғана өзімді нағыз шебер деп есептей бастадым. Бірақ, маған біреу осыдан кейін келмесе де және не керек екенін сезбесе де мен қорыққан жоқпын,- деп жазған болатын. А.С. Макаренконың айтқан бұл ойынан педагогикалық техниканың білі, дағдыларының қатарында ең маңызды тәрбиелеу құралдарының бірі мұғалімнің сөз сөйлеу шеберлігінің дамуы екенін байқаймыз. Егер педагогикалық техниканың көптеген білік, дағдыларын бір топқа біріктіретін болсақ, онда мұғалім шеберлігінің бұл маңызды компонентінің құрылымы төмендегі жалпы біліктерімен сипатталады: сөз саптау білігі, бет әлпетінің өзгеруі және пантомималық өзгеруінің айқындылығы, өзінің психикалық жағдайын басқара білуі және эмоцианалдық-шығармашылық жағдайын қолдай білуі, актерлік-режиссерлік біліктер, осының барлығы тәрбиеленушілердің ойына, сезіміне әсер етуіне, дүниеге деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас тәжірибесін бере білуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық техниканың білік, дағдыларының ерекшіліктері тек тікелей балалар мен әрекет еткенде ғана байқалады. Олардың жекелей-тұлғалық мәні бар және педагогтың жасына, жынысына, темпеаментіне, денсаулығына және анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, мінезіне тікелей тәуелді. Педагогикалық өзара әрекеттесуде бұл біліктер арқылы педагогтың адамгершілік және эстетикалық ұстанымдары тәрбиеленушілерге толық ашылатын болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Бабанский Ю. К. Педагогикалық зерттеулердің тиімділігін арттыру проблемалары.- М., 1982.-151 б.
2. Сластенин В. А., Подымова Л. С. Педагогика: инновациялық қызмет. М., 2007.
Харламов И. Ф. Педагогикалық шеберлік, шығармашылық және жаңашылдық туралы Педагогика
3. Гузова Л. П. Мұғалімнің кәсіптік мәдениетін дамыту-нәтижелі жұмыстың факторы. Л. П. Гузова Әдіскер.-2005. - 2005.-№2.-34-37.
4. Русских Г. А. Педагогикалық шеберхана оқушының бейінді ортасын жобалауға мұғалімді дайындау құралы ретінде . Г. А. Русских Әдіскер.-2004.- №2.-25-28 б.
5. Шығармашылық педагогика журналы.

3 лекция
Қабілеттердің жеке адамныңбасқа қасиеттерімен өзара байланысы
1.Қабілет және наным
2.Сезім және қабілет
3.Ерік сапалары және қабілет
4.Еңбек сүйгіштік және қабілет
5.Өзіңе-өзің талап қою және қабілет
Қабілет және наным
Қабілет. Күнделікті ауызекі сөзде "қабілет" деген атауды біз жиі қолданамыз. Мәселен, мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті күшті екенін айтады.
Қандай да болмасын бірер нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Қабілет, ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді -- дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттерінің бірдейлігін түсіндіреді. Бұдан біз адамдардың тең емес екенін білеміз. Қабілеттіктік өлшем -- белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, кейбір мұғалімдер өз оқушыларының үлгеріміне көңілі онша тән қоймайды. Ол өз оқушысының бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол сабаққа бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде мұғалім қолынан істесе, іс келетінін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бойын жөнде ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.
Қабілет негізінен екіге бөлінеді.
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген адамнан табылатын кабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағыштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті, арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының ақын-жазушының т.б. қабілеттерін жатқызуға болады.Адам қабілеттінің дамуы қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.
Қабілеттің ең жоғарғы дәрежесін - талант деген сөзбен белгілейді. Талант - бір әрекетті творчестволықпен орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысып келуі. Адамның таланты музыкада, әдебиетте, ғылымда, техникада т.б. әрекеттерде көрінеді. Таланттың дамуы еңбек ете білумен, еңбек сүйгіштікпен тығыз байланысты.
Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайда бірге болады. Өйткені адамның белгілі әрекетпен айналысуға бет бұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Сонымен қатар бейімділік әрекеттің бір саласына, әуестенушілікті көрсетеді. Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады. Балалық кезде ерекше көзге түсетін бейімділіктер оның келешек қабілетінің көрсеткіші болып та табылады. Мәселен, екі-үш жасар баланың музыка үніне қулағының елеңдеуі, онда музыкалық кабілетке байланыстн табиғи негіздің бар екендігін көрсетеді.
Жас балаларда әрекеттің әр түрлі байланысты бейімділік жиі ұшырайды. Нағыз бейімділікті айырған дұрыс.
Нағыз бейімділік
Адамның әрекетке тек құштарлығы ғана емес, оны тәжірбелі етіп орындауында. Меселен, бала сабақ үлгеруде, қатарындағы баладан көп ілгері озып кетіп отырады. Ал: алдамшы түрінде әуестенгенмен сол салада жақсы нәтижеге ие бола алмайды. Оның мүмкіндігі орта дәрежеде ғана болады. Мәселен, алты жасар бала, үйіне келген адамдарға тарихи-философиялық терминдерді көп білуімен таңқалдырған екен. Оған шешісі де мәз болады. Бірақ әлгі бала оң қолың қайсы, сол колың қайсы дегенде, бала жауап бере алмай қиналған екен. Бұдан біз балада тек алдамшы бейімділіктің болғанын көреміз.
Бала дүниеге келгенде өзінің табиғи мүмкіндіктерінен, нышандарымен келетіні рас. Бірақ сол нышандар тек оқу-тәрбие процесінің ықпалымен ғана қабілеттікке айналады. Мәселен, бала адам сөзін сөйлемей өмір сүрсе, ондай баланың сөйлеу нышаны да дами алмайды. Сол сияқты сурет салуға үйретпесе,ән салуға нышаны бар адамды ән салуға үйретпесе,оның осындай зор табиғи мүмкіндіктері дамымай қалуы ықтимал.
Адамның қабілет саласындағы айырмашылықтары да сан алуан болып келеді. Мәселен, біреу іске күшті жігермен, қатты мейірмен кіріседі. Мұндай адам жұмысты сапалы да орындай алады. Енді біреу керісінше сол істі баяу, сапасын төмен етіп орындайды. Қабілетті адамдардың бірі -- зеректілігімен, екіншілері -- байқағыштығымен, үшіншілері -материалды еске сақтағыштығымен көзге ерекше түседі.
Адам психикасының басты бір ерекшелігі бір қасиеттік орнын екінші бір қасиетпен толтыра, яғни адамның өзінде жетіспеген бірер қабілетті басқа қабілеттермен алмастыра алатындығы. Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің ерекшеліктеріне де байланысты.
Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың мазмұны мен түрлері сан алуан, бүларды нақты жағдайларға байланысты жүргізе білу әрбір мүғалімнің жеке творчестволық ісі. Мәселен, мұғалімнің осындай жұмыстарының бірі оқушылардың оқу әрекетін тартымды, мазмұнды, қызғылықты етіп ұйымдастыру.
Бастауыш кластарда мұғалім оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең-жол ашады. Мұғалім алғашқы күннен бастап оқушының бейімділігін, оның қолынан не істеу келетіндігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығы қандай екендігін есепке алып, оқу процесін осы негізге ойластыра жүргізгені дұрыс. Баланың практикалық қабілеттерін дамытуда мектептегі қоғамдық ұйымдардың жұмысы, еңбек, дене шынықтыру, айтыс, диспут, ән-күй сабақтары таптырмайтын шаралар болып табылады.
Наным
Наным-адамның идеялық бағытының тұрақтылығы өмір мен іс-әрекеттің қарым-қатынасына ықпал етеді. Жеке адамның не халықтардың бір нәрсеге сиынуы немесе сенуі. Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасынанықтайтын түсінік, білім, елес, идеялар.
Сенім, наным -- адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды, ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында көрінетін психиканың ерекше күйі.
1. діни илану, діншілдік наным;
2. сену, нану.
Сенім -- адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның адалдығына сеніп, оны құрметтей білу -- әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп, іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім -- адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім -- адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.
Сезім және қабілет
Сезім -- адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері -- имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді ..." т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың сезімдерінде әр түрлі көріністерді байқаймыз. Сезім -- адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі -- оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезімінің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық -- күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық -- әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы -- бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.
Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Ерік сапалары және қабілет
Ерік -адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ерік сапаларына: эмоция,сезім және т.б басқаларын жатқызуға болады.
Еріктік әрекеттер табиғатын түсіну үшін бұл жөніндегі ғылыми көзқарастар өрісіне зер салған жөн. Ерік ұғым ретінде де, нақты болмыстық құбылыс ретінде де тарихи сипатқа ие. Ежелгі және орта ғасырлық дүние ерік құбылысын бүгінгі біздің түсінігіміздей танып білмеген. Мысалы, ежелгі қоғамда адам еркі жөнінде тіпті сөз болмаған, оның орнына даналық мұраты ұғымын қолданған. Адамның қылық әрекеттері табиғат пен өмірдің ақыл бастауларына және логика қағидаларына бағынады деп түсінген. Осыдан Аристотельдің пайымдауынша, әрқандай әрекет логикалық қортындылардан туындайды. Ал өзінің Никомахов этикасы еңбегінде дәмдінің бәрін жеу керек және бұл алма дәмді деген пікірлер санада бұл алманы жеу керек деген қорытынды ой пайда етпейді, адамды бірден сол алманы жеп қою әрекетіне келтіреді деп жазған. Ерік табиғатына болған мұндай көзқарас қазіргі күнде де жоқ емес.
Ш.Н Чхарташвили мақсат пен саналы тану интеллектуалды әрекеттер категориясынан туындаған деумен, еріктің өзіндік сипаты барлығына шек қояды, сондықтан ғылымға жаңа бір ерік терминін ендірудің қажеті жоқ екенін дәлелдеуге тырысады.
Жеке адам қасиеті сипатында ерік ортағасырлықтарға да таныс таныс болған. Мұны сол уақытта қоғамда орын алған экзорис - жын-шайтан қуу үрдісінен көруге болады. Бұл үрдісте адам ылғи да енжар астама күйінде танылып, сыртқы әсерлер жинайтын, ұя ретінде бағаланған. Ол заманда ерік дербес жасайтын, нақты қайырымды не жауыз құбыжық күштер түріне енген құбылыс деп есептелген. Бұл тылсым күштер қандай да мақсаттар белгілеуші ақылға ие деп түсінілген. Ол күштерді танудан адамның шын қылық-әрекетінің мәнін түсінуге болады.
Ерік табиғатын бұлай түсіндірудің себебі сол заманда қалыптасқан қоғамның адам әрекет-қылығының негізі оның өзінде екенін мойындамаудан. Әр адам бабалардан жеткен нәсілдіктің ізі ғана деп қабылдаған. Мұндай сипаттан қауымның кейбір мүшелерінің ғана ажыратылуға құқы болған, мысалы, бабалар аруағы және ол дүниемен тілдесетін бақсы-балгер, от пен металды бағындарған темірші, өзін қоғамға қарсы қойған қарақшы - қанішер т.б.
Мүмкін, ерік түсінігінің жаңа Қайта тіктелу заманында жеке адам проблемасымен бірге ғылым аренасына келуі осы адамның қалыпты жағдайдан ауытқуларын мойындаудан болар. Осыдан адам шығармашылыққа қабілетті, тіпті қателер жіберуге де бейім дегендей тұжырымдар жоққа шығарылмады. Қалыптан шығып, тек ортасымен бөлінуімен адам жеке адамдық кемелденуге жетіседі. Мұндай тұлға үшін ең мәнді нәрсе -ерік бостандығы.
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе тіршілік философиясы пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған бұл адамның өмірі мағынасыз қым қиғаш оқиғалар жиынтығы да, адамның өзі - пайдасыз құмарлық. Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік - бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз әлеуметтенуге қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді.
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
Еңбек сүйгіштік және қабілет
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады. Еңбек сүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу баланың күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Қабілет-іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
Өзіңе-өзің талап қою және қабілет
Өзіңе-өзің талап қою - Жеке тұлғаның өзіне талап қоюын айтамыз.
Қабілет -адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады.
Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады.
Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін әсері өте мол.
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оны тәрбие жүзінде пайдалана алуы қажет. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, онық қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Т. Тәжібаев Жалпы психология Алматы 1993
2. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология Алматы 2005.
3. Ә. Алдамұратов Жалпы психология Алматы 1996.
4. Қ. Жарықбаев Психология Алматы 1970.
5. Психология адамзат ақыл-ойының қазынасы Мәдени мұра 2005.
6. В.В. Богословский, А.Г. Ковалев, А.А. Степанов,
С.Н. Шабалин Жалпы психология
7. А.Ш. Намазбаева Психология

Лекция 4
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі кәсіби педагогикалық іс-әрекет
1.Педагогикалық іс-әрекет компоненттері
2.Педагогикалық іс-әрекет құралдары
3.Педагогикалық шеберлік жүйелері

Педагогикалық іс-әрекет компаненттері
Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады.
М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері ұстаздар мен оқушылар жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.
Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.
Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындагы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықгалады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г.Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал -- мақсат) ретінде қарастырады.
Алайда мақсат -идеал немесе іс -- әрекеттің нәтижесінін өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Егер идеал -- мақсатқа жету ақыл -- ой, адамгершілік, еңбек, эстетикалық және дене тәрбиесін (біртүтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат -- міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады.
Кейбір мақсат-идеал мен мақсат -- міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды. Тағыда, оны субъект -- субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықган оқушылармен бірге жасау керек.
Педагогикалық процестің мақсаты мен міндеттері тандап алынатын іс-әрекеттің мазмұнын анықтайды. Қазіргі кезендегі жалпы мәдениеттің теориясы (Кизимов В.В., Маркарян Э.С. және т.б.) іс-әрекеттің мазмұны әлеуметтік тәжірибені меңгеруге адамзаттың жинақталған барлық мәдениеттер байлығына айтылған оқуға (В.И. Ленин) бағытталуы керектігіне сеңдіреді. Маркарян Э.С. өте айқын түрде қоғамдық мәдениет (адамзат жинақтаған мәдениет) адамзат коллективтерінің ұйымшылдығына әкелетін адамдар әрекетін біріктіру мен ұйымдастыру үшін аса маңызы бар болатындығын дәлелдеді. Әрбір адам материалдық, рухани және әлеуметтік реттелуші немесе адамгершілік мәдениеттерді меңгеруі керек. Әрбір көрсетілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық шеберлік негіздері
Педагогикалық техника педагогикалық шеберліктің элементтерінде
Мұғалім функциялары мен біліктіліктері
Жаңа формация мұғалімін кәсіби дайындау моделі
Мұғалімнің өзінің педагогикалық білімін көтеру
Мұғалімдердің кәсіптік бағытын қалыптастыру мәселелері
Педагогикалық шеберлік туралы
Бастауыш сынып мұғалімінің ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастыру
Кәсіби педагогикалық білім
Педагогикалық біліктілік
Пәндер